ОқУ ҚҰралы қостанай, 2022 удк ббк рецензенттер



бет14/40
Дата25.11.2023
өлшемі249,5 Kb.
#126734
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Туршинский З. Многоликая адаптация / З. Туршинский // Биология в школе. – 1996. – № 5. – С. 77-80.
2. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік–психологиялық бейімделу мәселелері / М.Шайхова // Ұлағат. – 2004. – № 1. – 49-51 б.
3. Соляренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997.
4. Чичулин А.А. Социальная психология / А.А. Чичулин. – Новосибирск: Наука, 1992.
5. Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. - СПб.: Питер, 2002.
6. Агаджанян Н.А. Адаптация и резервы организма / Н.А.Агаджанян. – М.: Физкультура и спорт, 1983.
7. Ямбург Е.А. Школа для всех / Е.А. Ямбург. - М.: Новая школа, 1997.
8. Караленко Ц.П. Вселенная внутри себя / Ц.П. Караленко; Отв. ред. А.Н.Кочергин. – Новосибирск: Наука, 1979.
9. Кучер Т.В. Медицинская география / Т.В. Кучер, И.Ф. Колпашикова. - М.: Просвещение, 1996.
10. Жайтапова А. Әлеуметтік–педагогикалық бейімделу / А. Жайтапова // Ұлағат. – 2001. - № 1. – 12-16 б.
ТАҚЫРЫП № 4 ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДЕФОРМАЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің эмоционалды күйіну синдромының кәсіби деформацияға әсерін анықтау
2. Эмоционалдық күйіну синдромының алдын-алудың мүмкін болатын шаралары.


1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің эмоционалды күйіну синдромының кәсіби деформацияға әсерін анықтау

Қазіргі таңда, яғни қарқыны өте жылдамдық арқылы болып жатқан қоршаған ортаның түрлі жағдайларына адам баласының бейімделуі қиынға соғады, əрі адам бейімделе отырып эмоциялық тұрақтылықты сақтауы қажет болады. Адам ағзасы бойындағы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Əрине, мұндай жағдай жүйке жүйесінің əлсіреуі мен қажуына жеткізеді жəне психосоматикалық аурулардың пайда болуының алғышарты болады.


Нағыз өз ісінің кəсіби маманы еңбек əрекеттерінде көрінуі керек. Кəсібіне бейімделгеннен, қажетті білім мен білікті меңгергеннен кейін көптеген қызметкерлер өздерінің жеткен деңгейлеріне қанағаттанып, өздерінің кəсіби өмірін, өзін-өзі жетілдіру жұмысымен ары қарай айналыспайды.
Кəсіптің тұлғаға əсер ету мəселесі зерттеушілер көкейінде жүргенімен, қазіргі таңда өзекті жəне əлі де ары қарай қарастыруды қажет ететін мəселелердің брі болып отыр.
Адамның кəсібі санасына жəне өмір барысына өз əсерін тигізетіндігі жайлы аксиоманы ешкім жоққа шығармайды. Адам іс-əрекетінің барлық түрі таңдамалы жəне ол тұлғаның үйлесімді дамуына əсер етеді. Бірақ, белгілі бір жағдайларда кəсіби іс-əрекет тұлға құрылымында негативті құбылыстардың дамуына əкеліп, оны деформациялайды. С.П Безносовтың айтуынша кəсіби деформацияға бейімділік, билік өкілеттігімен айналысатын адамдарда, өмірде маңызды шешімдерді талап ететін мамандық иелерінде жиі кездеседі [1].
Деформацияның аспектілерін қарастырғандар: С.П Безносов, А.К Маркова, Г.А. Зорин, Н.И. Порубов жəне Г.Г. Шиханцов. Сонымен қатар, шет ел ғалымдары: Ю.В. Александров, В.В. Куличенко, В.П. Столбова, В.Е. Коновалова, А.Ф. Гранин, сондай-ақ Р.Конечный, М.Боцхал, Д. Джонсон, Р. Грегори, Э.Ф Зеер жəне т.б.
Кəсіби деформация дегеніміз не? Оның жұмыс нəтижелігіне əсер етуі қандай? Кəсіби деформация – белгілі бір іс-əрекет түрімен айналысу жəне меңгерудің психологиялық феноменімен өзара байланысқан, үздіксіз үрдіс болып табылады.
А.К. Маркованың айтуы бойынша, «деформация» – кəсіби маманның бір тұтастылығын бұзады, бейімділігін, тұрақтылығын төмендетіп, іс-əрекетінің өнімділігіне теріс əсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қызметкерлердің деформацияларын анықтап, оны жеңудің психотехнологиялық жолдарын қарастырып, кəсіби деформацияның алдын алып коррекция жасау өзекті мəселелердің бірі болып отыр .
Кəсіби деформацияны бақылау барысында адамның іс-əрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы анықтауға болады. Деформация кəсіптің əсері арқылы адамның физикалық жəне психикалық күйіне əсер етеді. Бұл əсер теріс сипатқа ие.
Кəсіби деформацияның пайда болу механизмі аса күрделі. Алғашында еңбектің жағымсыз шарттары кəсіби іс-əрекетте, жүріс-тұрысында негативті өзгерістер тудырады. Содан кейін, қиын жағдайлардың қайталануына байланысты теріс өзгерістер жиналып қарым-қатынаста, күнделікті өмір барысында көріне бастайды. Алдын ала, уақытша негативті психикалық жағдай мен бағдар пайда болса, одан кейін жағымды қасиеттер жоғала бастайды. Кейін, жағымды қасиеттер орнына жұмысшының жеке бас профилін өзгеріске əкелетін негативті психикалық қасиеттер пайда болады
Кəсіби деформация адамның еңбек іс-əрекетінде туындауы өте күрделі жəне психиканың түрлі қырларына (мотивациялық, когнитивті, тұлғалық), қасиеттеріне əсер етеді.
Кəсіби деформация себептерінің бірі қоршаған ортаның ерекшелігі, себебі қоршаған ортамен адам да, атқаратын жұмысы да тікелей байланысқа түседі. Кейбір кəсіптер мысалы, басқару деңгейіндегі түрлі менеджерлер, дəрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, əскери қызметкерлерде кəсіби деформация болуының ықтималдылығы жоғары болса, екінші біреулерінде төмен деңгейді көрсетеді.
Мотивациялық сферадағы кəсіби деформация қандайда бір кəсіпке деген қызығушылық болып, өзгелеріне деген қызығушылығы төмендейді. Мысал ретінде, «еңбекқорлықты» алуға болады, яғни адам уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді де, өмірінің жеке жəне т.б сферасына аз қызығушылық тудырады. Бұл жерде Л.Н. Толстойдың пікірі бойынша еңбек «өмірдің дұрыс еместігін өзіңнен жасыру құралы». Еңбек адамның өмірінде пайда болған мəселелерден құтылудың, қорғанудың жолы болады.
Кəсіби деформация қалай көрінеді? Қызметтік деформация басшылық жасау өкілеттігін шектемеген жағдайда, өзгенің пікірін елемеген кезде, өз қателіктерін көрмеген жағдайда, өзінің пікірі ғана дұрыс көріну кезінде көрінеді.
Бұл жерде кəсіби деформация түсінігі «күйіп пісу синдромы» түсінігінен бөліп қарастырылмайды. Бұл, екі жағдайда көптеген қызметкерлерінің жұмысына тəн қасиет. «Күйіп пісу синдромы» кəсіби іс-əрекет контексті жайлы сөз қозғаса, кəсіби деформация негізінен оның жұмыстан тыс өмірінде қарастырылады. «Маман адам» оппозициясын шартты түрде қарастырсақ, екі феномен арасындағы ерекшелікті көрнекі түрде көрсетеді. «Мен маман ретінде» – тұлғаның кəсіби міндеттерді орындауға жауаптылығы: яғни қажетті білімі, этикалық бағдары мен принципі болу керек жəне кəсіби іс-əрекеті өзін жоғары деңгейде көрсетеді. «Мен адам ретінде» тұлғаның орталық бөлігі, өмірі жайлы не ойлайтындығы, өмірлік принциптері мен бағдарын қарастырады. Осы анықтамаға сүйене отырып «Күйіп-пісу синдромы», «Кəсіби мені» бақылаушы рөлін жоғалтып, «мен адам» кəсіби компетенция аймағына енуі қажет.
Жұмыс барысында көптеген мамандар қатты шаршағандықтан олардың клиенттері жағымсыз күй туғызады. Кəсіби деформация, керісінше «кəсіби мені» «мен адам» аймағына қарай кеңейіп, ұлғайып жайылады. Үйге оралғаннан кейін де ол өзін сол маман ретінде ұстайды.
Кəсіби деформацияның екі компонентін көрсетуге болады: кəсіби деформацияға бейімділік, бұл адамдардың мінезінде жəне тұлғалық ерекшеліктерінде осы кəсіпке тəн қасиеттері болады. Олар оны ашық түрде қолданады немесе жасырып қалады. Кəсіби іс-əрекет тұлғаның ерекшеліктерін дамытады. Кейде кəсіби іс-əрекет оларды ақтап, олардың жүзеге асуына жəне көрінуіне жағдай жасайды. Бейімділік сəйкесінше кəсіпті таңдауға əсер етеді. Олар өздеріне қолайлы орынды сезінген соң кейін өзінің кəсібінің іс-əрекетін бұрмалайды.
Стресс, шаршау, депрессия жəне эмоционалды күйіну кəсіби деформацияның ең бастапқы формалары болып түрады. Бұл жерде бір ізділік бар: бастапқы кезең шаршау, стреске əкелуі мүмкін. Ұзаққа созылған стресс депрессияға айналады. Ал бұндай жағдайдағы қызметкер жаман жұмысшы болады. Осыдан барып кəсіби деформацияға ауысады.
Кəсіби деформация түсінігі «эмоционалды күйіну», «стресс», «депрессия» категорияларымен байланысты.
Психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау негізінде «burnout», яғни эмоционалды күйіну көптеген кəсіби қызметкерлердің ісəрекетіне тəн. Шет елдің ғылыми əдебиеттерінде күйіну синдромы «burnout» терминімен сипатталады. Қазақша нұсқасы «жану», «күю» деген мағынаны береді. Рессейлік авторлар Т.С. Ященко, 1989; Т.В. Форманюк, 1994 жылдары ағылшын тілінен əртүрлі аударып оны «эмоциялық жану» десе, Д.Д.Вид, Е.И.Лозинская 1998 жылы «эмоциялық күйіну» деп алды. Сондай-ақ 2000 жылы Н.Е. Водопьянова «психикалық күйіну» десе, Т.И. Ронгинская 2002 жылы «кəсіби күйіну» деген терминді қолданды.
Алғаш күйіну феноменін X.Фреденбергер сипаттады. Көптеген шетел зерттеушілері Селье 1936 жылы, К. Маслач 1976 жылы күйінуді кəсіби стреспен байланыстырды. Сондай-ақ күйіну уақыт бойынша дамып отыратын динамикалық үрдіс жəне көріну деңгейі біртіндеп өсіп отырады.
Ресей ғалымдары Н.А. Аминов, А.А. Баранов, М.В. Борисова, Н.Е. Водопьянова, Н.В. Гришина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, В.Е. Орел, А.А. Реан, А.А. Руковишников, Е.С. Старченкова, Т.В. Форманюк эмоциялық күйінуді кешенді түрде қарастыруды ұсынып, бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда В.В. Бойко, М.В. Борисова, В.Е. Орел жəне т.б күйіну синдромын физикалық, эмоциялық, ақыл-ойлық деформация деп анықтайды. Бұл синдром өзіне үш негізгі құрамды қамтиды: эмоциялық деформация, деперсонализация, кəсіби жетістіктердің редукциясы.
Эмоциялық күйіну дегеніміз адамның психикалық жəне психологиялық көңіл-күйіне əсер ететін жүріс-тұрыстық жəне психикалық уайымдардың кешенді жиынтығы. Эмоциялық күйіну синдромы – үздіксіз стрестің жұмыс барысында пайда болатын тұлғаралық қарым-қатынасқа жауап реакциясы болып табылады. Соның салдарынан «кəсіби күйіну синдромы» пайда болған.
Стреске деген тұрақтылық немесе төзімділік термині – бірнеше тұлғалық қасиеттердің жиынтығын қамтиды, яғни кəсіби іс-əрекет негізінде пайда болған эмоциялық, интеллектуалды, еріктік қысым түсуді қоршағандарына жəне өзінің денсаулығына еш зиянын тигізбей бастан кешіру болып табылады.
Эмоциялық күйіну тұлға мен жұмыс ісінің аралығындағы сəйкестіктің болмауы. Ол ең алдымен қызметкерге қойылатын ұсыныстар мен талаптардың оның мүмкіншіліктеріне сəйкес келмеуі. Басшылықтың оның тұлғасына деген аса жоғары талап қоюы. Егер қызметкер үшін басшының үкімі парыз болса, ал оны іске асыра алмаудың өзі жұмыс сапасын төмендетуіне əкеп, соның салдарынан стресс пайда болады.
Кəсіби күйіну синдромын құрайтын симптомдарды шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады: психофизикалық, əлеуметтік-психологиялық жəне жүріс-тұрыстық.
1.Сотталушылардың кері әсері, яғни сотталушылар мен қызметкерлер арасындағы психологиялық барьер байқалады.
2 Эмоционалды қажудың жоғарлығы.
3. Бейімделе алмауға байланысты стресстік жағдайлар
4. «Тұйықталудың» жоғарғы деңгейі
5. Қарым-қатынас депривациясы
6. Жұмыс түріне байланысты психологиялық өзгерістер ережелерді сақтамаумен, эмоционалдық күйінумен, кәсіби деформация түрінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет