Оқу құралы Шымкент -2022


Тақырып . Педагогикалық деонтологияның пәні (2 сағат. 5-6 апта) Мақсаты



бет3/43
Дата27.01.2023
өлшемі182,05 Kb.
#63378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
МОЛДАБЕК Қ дентология

3 Тақырып . Педагогикалық деонтологияның пәні (2 сағат. 5-6 апта)
МақсатыПедагогикалық деонтология - қарым-қатынас психо гиги
енасын білім, тәлiм-тәрбие беру мекемелерiнде қолдануды зерттейтін педагог мамандардың әдебі туралы ғылым. 
Жоспар:

  1. Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым.

  2. Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы

  3. Ұстаздың оқушылар қауымымен қарым-қатынасы

  4. Ұстаздың әріптестерімен қарым-қатынасы

  5. Ұстаздың жалпы ұжыммен қарым-қатынас сипат

Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым.
Бұл – ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес сана-сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн сақтай білу қабілет-қасиеттері жатады. Осыдан педагогикалық деонтологияның пәніне педагог іс-әрекетінің, кәсіби мінез-құлқы мен тәртібінің ресми және бейресми нормалар кешенін зерттеу жатады. 
Педагогтың мінез-құлқы кәсіби ойлау мәдениетімен, өз қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра алу қабілеттілігімен, өз іс-әрекетін сыни тұрғыда бағалауымен, өз мүмкіндіктеріне талдау жасауымен, дұрыс шешім қабылдауымен, ұжымда жағымды психологиялық жағдай жасай білуімен және т.б. көрінеді. 
Педагогтың кәсіби мінез-құлқы оның өз-өзімен, оқушылармен, әріптестерімен, жалпы ұжымменқарым-қатынас жасау сипатында көрініс табады.
Педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы туралы мағлұматты ұлы Абайдың 15 қара сөзінен бастағанды жөн көрдік: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?».
Ұстаздың әлеуметтiк ортамен тәрбиеленуi және өзін-өзі тәрбиелеуiмен қалыптасатын маңызды қасиеттерiнiң бiрi – оның жеке тұлғасының дүниетаным сипаты. Жеке тұлғаның дүниетанымы белгiлi мөлшерде оның бағыттылығын, әлеуметтiк бағалы шешiмдерi мен қылықтарының ерекшелiктерiн алдын ала анықтайды. Мұғалiм тұлғасын деонтологиялық негiзде қалыптастыру үрдісінде бағыттылық пен белсенділік маңызды рөл атқарады. Психология гуманистік белсенділіктің маңызды факторы деп жеке тұлғаның болашаққа ұмтылуын, өзін-өзі жігерлендіруін атайды
Қазіргі кездегі педагогқа көп тапсырмалар жүктеледі, сондықтан бір мезгіл тыныстап, өз ісіне есеп беру үшін оның уақыты да жеткіліксіз. Алайда ұстаз өз бойында келесі әдет-дағдыларды қалыптастыруы тиіс: көрген-білгендерін, оқып-тоқығандарын елеп-екшеп, өз іс-әрекеттерімен қылықтарына талдау жасап, ой елегінен өткізу қажет. Бұл жүйедегі қарым-қатынасты дұрыс орнату үшін ұстаз кәсіби мінез-құлқының жеке дара қалпын өзін-өзі сынау қажеттілігін ескеру керек. Өзін-өзі сынауды жақсы қалыптастырған адам ғана өзіне, өзінің қылықтарына басқа қырынан қарай алады, өзіне әділ баға бере алады. «Дос жылатып айтады» деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек. Өзіне өзі дос болып, өзіне өзі қатал төреші болу – ұстаздың ең қажетті міндеттерінің бірі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді халық. Оның жақсылығы сыртқы көрінісінде ғана емес, ішкі дүниесінде, істеген ісінде көрініс табуы керек. Л. Н. Толстой былай деген екен: «Адам математикалық бөлшек сияқты. Онда бөлімінде – адамның өзі жөніндегі пікірі, алымында – адамның құндылығы. Бөлімі өскен сайын бөлшектің мәні азая береді». Бұдан мұғалімнің өзі туралы өзіндік пікірі, өзіндік бағасы әділ болу керектігі туындайды. Өзімшіл, өркөкірек мұғалім қарым-қатынаста демократияшыл стиль ұстанымдарына өзін-өзі бағындыра алмайды. «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» дейді Ыбырай Алтынсарин. Міне, педагогтың өз-өзімен қарым-қатынасы дегенге осының бәрі саяды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет