Қырғыздардың ауылына тиісті жерлерге поселкелер салуға рұқсат етілмеуі керек.
Мешітке таяу маңайда қоныс аударып келген шаруалардың елді мекендер салуына жер берілмеуі тиіс.
Жер телімдерінің шекараларын межелеп бөлу қырғыздардың өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен ғана жүргізілетін болсын».
1907 жылғы 20 мамырда Дала генерал-губернаторының Дала өлкесі қырғыздарының мұқтаж мәселелері бойынша өткізген кеңесінің материалдары. Омбы, 1908, 12-13-беттер.
Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 -1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттың және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым ретінде де белгілі болды. Әлихан Бөкейханның жастық шағы. Ол 1866 жылы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының Қызыларай мекенінде (қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) дүниеге келген.
Оның әкесі Нұрмұхаммед Шыңғыс тұқымы Бөкейден тараған, ал Бөкей қазақ даласындағы атақты сұлтан Көкжал Барақтың ұрпағы. Бөкей Орта жүздің ресми түрде сайланған соңғы ханы. Бөкейден - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхаммед - Әлихан. Нұрмұхаммед дала тұрғындары арасында беделді де өте білімді адам еді. Ол барлық қаржы-қаражатын балаларын оқытуға жұмсады. Етікшілік кәсібі- мен шұғылданды, диірмені мен малы, орташа дәулеті болды. Аңшылықпен айналысты, қыран құстар мен алғыр тазы ұстады.
Әлиханның анасы Бегім ханымтобықты руының атақты батыры Мамайдың қызы еді. Өте сауатты анасы өңірдегі бүкіл жетім балаларға тегін сабақ беріп, сауатын ашқан. Қолөнер ісінің шебері, ісмер адам болатын. Нұрмұхаммедтің отбасы Құнанбай қажыға туыс саналатын.
Әлихан отбасындағы алты баланың тұңғышы еді. Ол қайратты, батыл да жігерлі болатын. Өз құрдастарынан ақылымен, қызықты әңгімелер айта білуімен, тапқырлығымен және өткірлігімен ерекшеленетін.
Оқуды Қарқаралы медресесінен бастайды, кейін қаладағы төрт сыныптық бастауыш орыс-қазақ мектебіне ауысады. 1886-1890 жылдары Сібір теміржолына мамандар дайындайтын Омбыдағы техникалық училищеде оқыды. Осы училище директорының кеңесімен 1890 жылы Санкт-Петербургтегі Орман институтына түседі. Институтпен қатар Әлихан Санкт-Петербург университетіне өз бетінше емтихан тапсырып, заң факультетін бітіріп шығады. 1894 жылы екі — орманшы-ғалым және заңгер дипломын алады.