Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет157/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   258
60-суретЖазық тұрғындарының оксигемоглобин диссоциация қисық 
сызығы (Я. М. Коц бойынша) 
Стрелкалар əртүрлі биіктікте гемоглобиннің оттегімен қанығу пайызын
көрсетеді
Бұл өкпе капиллярларында қанның оттегімен оксигемоглобин 
түрінде гемоглобиннің 90%-дан аса, яғни салыстырмалы жоғары 
қанығуына кепіл болады. Үлкен биіктікте О
2
альвеолалық қысымы 
оксигемоглобин диссоциация қисық сызығының «құлдилай» бастай-


314
тын, ортаңғы бөліміне келіп жетеді. Сондықтан жоғары биіктікте 
қанмен О
2
байланыстыру мен тасымалдау қабілеті дереу төмендейді. 
Артериялық қанның оттегімен қанығуының қалыпты шама-
дан 80%-ға дейін төмендеуі «биіктік ауруы» атауымен белгілі 
ауыр гипоксиялық симптомдар кешенін: бас ауруы, шаршау күйі, 
ұйқының, ас қорытудың бұзылуы, т.б. тудырады.
Жоғары гипоксия жағдайындағы бұлшық ет жұмысы уақытында 
артериялық қандағы О
2
мөлшері жəне парциалдық кернеуі 
төмендеген, ал веналық қанда шамамен, кəдімгі жағдайдағыдай 
болған. Сондықтан оттегі бойынша жүйелік артерия-веналық айыр-
ма бірдей жұмыс орындау кезінде жазыққа қарағанда тау жағдайында 
азырақ. 
Неғұрлым биіктік жоғары (гипоксия дəрежесі күштірек) жəне 
неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым артериялық 
қандағы О
2
қанығу мен кернеуі айтарлықтай төмендейді. 
Биіктікте бұлшық ет жұмысын орындау кезіндегі бұлшық ет пен 
қандағы сүт қышқылы концентрациясының артуы теңіз деңгейіне 
қарағанда неғұрлым төмен жүктемелер кезінде жүреді (анаэробтық 
табалдырық төмендеуі). Бірдей жүктеменің əсер етуі кезінде теңіз 
деңгейіне қарағанда биіктік жағдайында бұлшық еттер мен қанда 
сүт қышқылы концентрациясы жоғары, ал қандағы рН мəні төмен 
болады. Субмаксималды аэробтық жүктемені орындау кезінде 
биіктікте жоғарылаған лактацидемия өкпе вентиляциясы күшеюі 
үшін қосымша стимул болып табылады. 
Биіктікте жұмыс істеудің алғашқы күндері қандағы лактаттың 
максималды концентрациясы мəні теңіз деңгейінде қаншалықты 
болса, соншалықты болады. Сəйкесінше, максималды анаэробтық 
қуаттылық, тіпті, болмағанда лактацидті (гликолиздік) жүйемен 
анықталатын бөлігі биіктікте төмендемейді. Бұл туралы сол сияқты 
максималды оттектік қарыздылықтың биіктікте болудың алғашқы 
күндері теңіз деңгейіндегідей болатыны да куəландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет