Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ХІІІ ТАРАУ СПОРТТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет212/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   258
ХІІІ ТАРАУ
СПОРТТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ ЖƏНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жаттықтыру тиімділігі сол адам үшін дене жаттығуларының
оның туа біткен жəне жүре пайда болған ерекшіліктерімен бара-
бар келуімен айтарлықтай анықталады. Мұны спорттық іріктеу 
үдерісінде ескеру қажет. 
Жаттығу үдерісінде спортшы организмінің түрлі мүшелері 
мен жүйелерінің күйін зерттейтін əртүрлі бақылаудың түрлерін 
қолданады:
1. Оперативті (жедел) немесе ағымдағы бақылау – жүректің 
жиы-рылу жиілігі (ЖЖЖ), «Өзін-өзі сезіну-Белсенділік-Көңіл күй» 
(ӨБК) тесті, тактикалық тапсырмаларды шешу қабілеті, зейін күйі 
жəне т.б. барынша вариативті көрсеткіштер бойынша орындалатын 
дене жүктемелеріне спортшы организмінің күнделікті реакциясын 
көрсетеді; 
2. Сатылы бақылау – оттегіні максималды пайдалану (ОМП), 
максималды анаэробты қуаттылық, Гарвард степ-тест индексі 
(ГСТИ), уақыт интервалдарын бағалау жəне т.б. азырақ динамикалы 
көрсеткіштерді қолдана отырып, жылына 5-6 рет өткізіледі;
3. Тереңдетілген медициналық тексеру – тұлғалық сипатта-
маларын тестілеу, психологиялық-физиологиялық көрсеткіштер
жоғары жүйке қызметінің жеке дара-типологиялық ерекшеліктері 
сынды жеткілікті консервативті көрсеткіштер мен бірнеше күрделі 
медициналық тексеру арқылы жылына 1 рет өткізіледі.
Спорттық іріктеу мəселесінің физиологиялық жəне 
генетикалық қырлары
Халықтың дене тəрбиесі бойынша атқарылатын шаралардың ара-
сында спорттық іріктеу мен спорттық бағдарлаудың маңызы зор. Бұл 
үдерістердің өзіндік айырмашылықтары бар. Спорттық бағдарлау 
үдерісінде адамның туа біткен қасиеттері ескеріледі де, соған ба-
рабар дене жаттығулары мен спорт түрлері таңдалып алынады. Ал 


416
спорттық іріктеу кезінде айтулы спортшылардың жарыстардағы 
модельді сипаттамалары мен аталмыш спорт түріне тəн спорттық 
маңызды сапалары анықталады да, одан соң туа пайда болған жəне 
тіршілік барысында дамитын морфологиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне сəйкес келетін адамдар таңдау мен іздеу іске асы-
рылады. 
Адамның 
жеке 
дара 
ерекшеліктерін 
педагогикалық, 
психологиялық жəне əлеуметтік зерттеу əдістерімен қатар 
генетикалық жəне морфологиялық-физиологиялық əдістер де 
қолданылады. Бұл əдіс адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерін 
ғана емес, тұлғаның қабілетін анықтайтын өмір барысында дамып 
отыратын оның жеке дара ерекшеліктері кешенін де сипаттауға 
мүмкіндік береді. Алынған сипаттамалар спортшыны дайындаудың 
түрлі сатыларында əртүрлі болу қажет, себебі көп жылдық жаттығу 
барысында адам организміне қойылатын талаптардың да өзгеріп 
отыруына орай, спорттық іріктеу көп сатылы үдерістен тұрады. 
Мұнда тек бастапқы көрсеткіштерді ғана емес, басқа да көптеген 
көрсеткіштерді:
1. Берілген жүктемеге спортшы организмінің жеке дара 
реакцияларының динамикасын;
2. Түрлі дене сапаларын дамыту үшін жаттықтырушы əсердің 
барынша тиімді келетін жас кезеңдерін;
3. Белгілі бағыттылықта дене жаттығуларына бейімделудің жеке 
дара типін;
4. Зерттелуші организмнің қызметтік қорларының мобилдену 
жылдамдығы мен қуаттылығын;
5. Барлық спорттық шынықтыру кешеніне жедел жəне ұзақ 
мерзімдік бейімделудің көрінуі мен темпін ескеру қажет;
6. Қазіргі зерттеу нəтижелері көрсеткендей, спорттық маман-
дандыру немесе жарыс стилінің барабар таңдалмауы спорттық 
шеберліктің өсуін шұғыл баяулатады жəне спорттық жетістіктер 
деңгейін шектейді, сонымен қатар спортшы денсаулығына қатер ту-
дыратын фактор болып табылады. 
Соңғы уақытта жылдан-жылға адам организмі құрылысы мен 
қызметінің көптеген көрсеткіштеріне, сонымен бірге оның түрлі 
дене сапаларының даму дəрежесіне тұқым қуалау ықпалының 
маңызы одан əрі айқындалып келеді. Оларды жаттығу үдерісін 
ұйымдастыру мен спорттық іріктеуде ескеру аса қажет болып бара-


417
ды. Американдық ғалымдардың Ұлттық баскетбол қауымдастығы 
(ҰБҚ), Ұлттық футбол лига (ҰФЛ) спортшылары мен АҚШ 
тұрғындарының орташа бой көрсеткіштеріне жүргізген зерттеулері 
бұл көрсеткіш эволюциясының ХХ ғасырдың соңына таман 
шыңына жеткендігін көрсететеді (75-сурет). Сонымен қатар бой 
ұзындығының шұғылданатын спорт түрімен тығыз байланысты 
екендігі белгілі. 
Тұқымқуалаушылық – ата тектерге тəн белгілерді сақтаудағы 
тірі организмдердің ортақ қасиеті, яғни организмдердің өздерінің 
белгілерін келесі ұрпаққа беру қабілеті болып табылады. Бұл 
құбылысқа қарама-қарсы өзгергіштік – организм мен сыртқы орта-
ның қарым-қатынасын көрсететін күрделі үдеріс; тірі организмдердің 
өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта əсеріне байланысты жаңа 
белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін 
жоғалтуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет