Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Маршруттардың ұзақтығы жəне қозғалыс жылдамдығы



Pdf көрінісі
бет229/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   258
Маршруттардың ұзақтығы жəне қозғалыс жылдамдығы
Жас, жылмен
Біркүндік 
жорық, км
Көпкүндік 
жорық, км/
күн
Жылдамдық, 
км/сағ
Жүк, кг
10-12
10-12
8-10
3
3
12-14
12-18
10-15
3-4
4
15-18
15-25
12-20
4
5-7
18 жастан 
жоғары
20-40
15-30
4-5
6-10
18 жастан 
жоғары спорт-
шы-туристер
20-60
15-30
5-7
6-10
Жүрістің ең үнемді темпі 4 км/сағ.-қа тең. Ұзақ жүктемелер 
кезінде темп мүмкіндігінше тұрақты болып қалу керек, себебі 
темп алмастыру мен жиі аялдау тез қажуды тудырады. Көп күндік 
жорықтарда əрбір 3 немесе 4-күндер тынығу күні болу қажет. 
Велотуризм үшін кез келген жол велосипеді жарайды. 
Велосипедшінің кеудесі тек сəл алдыға еңкейіңкі болады, ал егер 
иық белдеуінде ауырсыну сезімдері туындаса, бұл дене қалпының 
дұрыс болмауымен байланысты. Мұндай жағдайларда рөлді біраз 
жоғарылатып орнату керек. 
Жол қалыпты жағдайда болған кезде, яғни өрге көтерілмейтін 
тегіс 
жолдарда 
кəдімгі 
велосипедпен 
велосипедші-турист 
15-18 км/сағ. орташа жылдамдықпен жүре алады.
Су туризмі
Турист өзенмен жорыққа шығарда қайықты басқара жəне жүзе 
алуы керек. Қатерге толы туристік саяхат тау суларымен сал немесе 
қайық ағызу болып табылады. 
Жиналмалы байдаркада (жіңішке əрі жеңіл жарыс қайығында) 
немесе еспелі шлюпкада (кішкентай қайықта) маршрут ұзақтығы 
30-40 км болады. Үлкен көлдер мен су жағасында көбіне, оқу 
қайықтарын қолданады. 
Жолай соғылған жел кезінде туристер желкенді қайықтарды 
қолданғанды жөн санайды. Желкенді қайықтармен туристік 
жорықтардың басым бөлігі үлкен көлдер немесе теңіздерде өтеді. 


457


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет