Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет230/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   258
Шаңғы туризмі
Таза ауа мен қозғалыс денсаулыққа қолайлы, жағымды ықпал 
етеді. Орманда, бақта шаңғымен серуендеу адамдарға денсаулық 
пен сергектік əкеледі. Жаздағы туристік жорықтарға қарағанда 
шаңғымен серуендеу көбірек құндырақ болып келеді. 
Қысқа аялдамалар кезінде жол дорбаны шешудің қажеттілігі 
жоқ, ал шаңғылар шешіледі. Балалармен бірге жорықтарда жылы 
жерлерде, бөлмелерде дем алу керек. 
Таяу туризм
Көбіне, бұл жаяу серуендеу 1-3 жəне одан көп күндерге созыла-
ды, олар тұтас организмді жаттықтыру əдісі ретінде қарастырылады. 
Жақын (таяу) туризм санаторий-курорттық емдеуде, сонымен қатар 
туристік базаларда қолданылады. Серуендеу қайықпен, велосипед-
пен, атпен жəне т.б. жүргізіледі. Жер бедерінің ауысымы, күн мен 
ауа ванналары (ауада желпіну) барлығы организмнің физиологиялық 
жүйесі мен психикасына жағымды əсер етеді. 
Терренкур арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойымен 
уақыты мен қашықтығы мөлшерленген жаяу жүріспен емдеу. Тегіс 
жерлерде серуендеуден айырмашылығы терренкур маршрутына 
санаторий-курорттық аймақтар, бақтар, ормандар жəне т.б. жерлерді 
басып өту кіреді. Дене жүктемесінің көлемі маршрут ұзындығына 
(көбіне, 500, 1500, 2000, 3000 м), жер бедеріне, темп (қарқынға), аял-
дама санына байланысты. Терренкур кардиореспираторлық жүйелер 
ауруларында, неврозда, эндокриндік ауруларда, семіздікте, егде 
жастағы адамдарға жəне салауатты өмір салтын ұстанатындардың 
барлығына ұсынылады. 
Спорт жарысумен байланысты болғандықтан, жоғары спорттық 
жетістіктерге жету барысында организмді жүйелі дайындауды 
қажет етеді. Жаппай спортпен шұғылданудың айтарлықтай шама-
да сауықтыру əсері бар, ал оған өз кезегінде спорттық жаттығуды 
тиімді ұйымдастырғанда, жаттығу сабақтары мен тынығу режимі 
дұрыс таңдалып алынғанда, дене жүктемелерін жеке даралауда (ин-
дивидуализациялауда) ғана қол жеткізе аламыз. 
Еліміздің тəуелсіздік алуымен байланысты соңғы уақытта 
сауықтыру мақсатында қазақтың ұлттық спорт түрлері кең наси-
хатталып келеді. Мəселен, асық, ат спорты (көкпар, бəйге, қыз қуу), 
саятшылық, қазақша күрес жастар арасында зор қызығушылық 
тудыруда. 
Қазақтардың 
тəрбиелік 
дəстүрлі 
мəдениетінің 


458
қайта жаңғыртылуының бір шарты болып табылатын ұлттық 
спорт түрлерінің, ұлттық қимыл-қозғалысты ойындарының, 
дене жаттығулары мен сайыстарының қалпына келтірілуі 
мен жүйелендірілуіне басым көңіл бөлу қажет деп санайтын
Е. Қ. Төлегенов, Х. Қ. Унтаев (2010) еңбектерінде қазақ ұлттық дене 
шынықтыруының педагогикалық мəні мен оның дене дайындығы 
дағдыларын қалыптастырудағы рөлі зерттелінген. 
Қазақ ұлттық ойындары түріндегі төзімділік, шапшаңдық, 
жылдамдық-күш жəне күш сияқты дене сапаларын дамытуға 
бағытталған дене жаттығулары бойынша дене жүктемелері жəне 
олардың балалар организмдеріне ықпалы зерттелінген. 
Зерттеу нəтижелері шапшаңдық-жылдамдықты дамытуға 
арналған жаттығуларды орындағаннан кейін жүрек қан-тамырлары 
жүйесінің көрсеткіштерінің тез қалпына келетіндіген көрсеткен. 
Сонымен қатар 3 минутта жүрек жиырылуының жиілігі 72%, ал 
пульстік қысым 76% төмендеген. Əрі қарай қалыпқа келу үдерісі на-
шарлап, 15 минутта дегенде жүрек жиырылуының жиілігі 8% ғана 
көтерілді, ал артериялық қан қысымы толығымен қалыпқа келген. 
Бір орнында 10 секунд жүгіруді бірнеше рет қайталағанда, ер ба-
лалар арасында алғашқы төрт рет қайталануында бұлшық еттерінің 
жұмысқа қабілеттілігі тұрақтылықты көрсеткен. Төртіншіден кейін 
ғана қимылдың жиілігіне сəл ауытқушылық (максималдыдан 5%) 
байқалған, ал бесіншіден кейін айтарлықтай өзгеріс байқалып, бұл 
көрсеткіштердің төмендеп кеткенін байқалған. 9 рет қайталағанда 
максималды жиілілікпен əрекет жасағанда нəтиже 19%-ға 
төмендеген.
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің бұл жүктемеге реакция-
сы алғашқы төрт серияда ЖЖЖ 93% артқанымен анықталса, ал 
төртіншіден жетіншіге дейін оның 112% артқаны, тек тоғызыншыдан 
кейін ғана ЖЖЖ кейбір өзгерістері байқалған (5% төмендеуі).
Бұлшық еттерінің жұмыс қабілетінің PWC
170 
төмендеу кезеңінде 
ЖЖЖ кенеттен арта түсуі орын алған. Дəл осындай өзгеріс 
артериялық қан қысымынан да көрінген. Мəселен, бесінші рет 
қайталанғаннан кейін пульстік қысым 62% артқан, ал бесіншіден 
жетіншіге дейін алғашқыға қарағанда 90% артқан. 
Ғалымдар алынған нəтижелерді физиология салаларындағы 
жетекші мамандармен кеңесе талдай отырып, тəжірибеге алынған 
топтардағы ер балалардың қазақ ұлттық дене жаттығулары 


459
енгізілгенсабақтардың əсерінен жүрек ырғақтарында да жағымды 
өзгерістер көрсеткен. Бұндай өзгерістер Р. М. Баевский мен
Р. Е. Мотылянская (1986) пікірлері бойынша симпатикалық үдеріс-
тің төмендегенін жəне жүрекке парасимпатикалық əсердің артқанын 
көрсетіп, организмнің өсіп келе жатқан бұлшық ет жүктемелеріне 
тез бейімделуіне себеп бола алады. Ал бақылауға алынған ер бала-
ларда бұндай өзгерістер байқалмаған (Е. Қ. Төлегенов, 2010). 
Жоғарыдағы ғалымдар жүргізген зерттеу нəтижелері қимыл-
əрекетті дамытуға бағытталған өз бетінше жүргізілетін сабақтардағы 
қазақ ұлттық дене жаттығуларын жəне ойындарын ұтымды пайдала-
ну өте жақсы нəтиже беріп, жалпы өсіп келе жатқан жас организмнің 
дұрыс дамуына тиімді əсер ететіндігін дəлелдеп көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет