Зерттеу əдістері. Статикалық қалыптағы төзімділікті стабило-
графия, треморография жəне Ромберг сынамасы жəне т.б. əдістері
көмегімен зерттеуге болады.
Ромберг сынамасы – статикалық тепе-теңдік тұрақтылығын
бағалау. Неміс дəрігері М. Ромберг ұсынаған бұл сынама арқылы
тік тұрған кезде тепе-теңдіктің бұзылуын анықтауға болады.
Қозғалыстың қалыпты координациясын ұстап тұру ОЖЖ бірнеше
бөлімдерінің (мишық, вестибулярлық аппарат, терең-бұлшық
еттік сезімталдық өткізгіштері, ми қыртысының маңдай жəне са-
май бөлімдері) бірлесе қызмет атқаруымен қатар жүреді. Атал-
мыш қызмет дене шынықтыру мен спорт жаттығулары ықпалынан
жақсара түседі. Вестибулярлық сезім жүйелері каналдары арқылы
түскен ақпарат – адамның қозғалысты мүлтіксіз орындауы үшін
қажет жағдай. Координацияның орталық мүшесі мишық болып та-
былады. Алайда, қажу, шамадан тыс шыныққандық, жүйке жүйесі
аурулары кезінде немесе дене шынықтырумен шұғылданудың ұзақ
мерзімдік үзілістерінде қозғалыс координациясы мен тепе-теңдіктің
бұзылуы байқалады.
Ромберг сынамасы тірек ауданын біртіндеп азайта отырып, төрт
режимде жүргізіледі. Бірінші режимде екі аяқ бірге, қолдар алдығы
қарай созылады, екінші режимде де дəл осындай қалыпта болады,
тек бір аяқ бір адым алда тұрады, үшінші режимде бір аяқтың таба-
ны екінші аяқтың тізесіне тіреледі, ал төртінші режим «қарлығаш»
деген атаумен таныс. Барлық жағдайда зерттелушінің қолы жоғары
көтерілген, саусақтары ашық жəне көздері жұмулы болады.
Көбіне спортшыларды тексеруде үшінші режим қолданылады.
Зерттелуші кез келген оң немесе сол аяғымен тұрады. Ал екінші
аяғы алдыға қарай бүгіліп, табанымен тірек аяғының тізе бөліміне
тіреледі. Команда берілгенде зерттелуші осы қалыпта тік тұрады.
Секундомер қосылып, тепе-теңдік бұзылған (шайқалған, тірек аяғын
қозғап қойған, бүгілген аяғын еденге тигізіп алған, құлаған) мезетке
дейінгіуақыт секундпен белгіленеді. Спортшы үш рет тексеріліп, ең
жоғары нəтижелері тіркеледі.
Егер əр қалыпта спортшыда 15 секунд ішінде тепе-теңдігі сақтала
отырып, дененің теңселуі, қол немесе қабақтың дірілдеуі (тремор)
байқалмаса «өте жақсы» деген баға қойылады. Егер тремор пайда
137
болса, сынама «қанағаттанарлықтай», ал 15 секундта тепе-теңдік
бұзылса, «қанағаттанарлықтай емес» деп бағаланады.
Дені сау жаттықпаған адамдарда, көбіне тұрақтылық уақыты
30 секундтан жоғары болады жəне оларда қол мен қабақтың дірілдеуі
(тремор) байқалмайды.
Бұл сынаманың (тест) координацияның маңызы орасан акробати-
ка, спорттық гимнастика, керме серіппеде (батутта) секіру, мəнерлеп
сырғанау, жүзу, т.б. спорт түрлері үшін тəжірибелік құндылығы
жоғары. Аталмыш спорт түрлерімен шұғылданатын спортшыларда
тұрақтылық уақыты 100-120 сек. жəне одан да асуы мүмкін.
Яроцкий сынамасы вестибулярлық талдағыштардың сезімтал-
дық табалдырығын анықтауға мүмкіндік береді. Тест бастапқы
жағдайда көз жұмулы тұрған кезде орындалады. Команда бойынша
спортшы басын бір бағытта (оңға немесе солға) секундына 2 айналым
жасап, жылдам темпте айналдыра қозғалады. Спортшының тепе-
теңдігі жойылғанға дейінгі басты айналдыру уақыты белгіленеді.
Дені сау адамдарда тепе-теңдікті сақтау уақыты шамамен, 25-28 се-
кунд, жаттыққан спортшыларда 40-90 секунд жəне одан жоғары бо-
лады.
Вестибулярлық
талдағыштың
сезімталдық
деңгейінің
табалдырығы негізінен тұқымқуалаушылыққа байланысты. Деген-
мен, оны жаттықтыру ықпалымен жоғарылатуға болады.
Саусақ – мұрын сынамасы. Зерттелуші алдымен көзі ашық, содан
соң көзі жұмулы тұрғанда сұқ саусағын мұрнының ұшына жеткізеді.
Қалыпты жағдайда саусақ мұрнының ұшына тиеді. Ми зақымдары,
невроз жəне т.б. функциялық күйлерде сұқ саусақтың немесе қол
басының дірілдеуі, оның мұрынға дəл тимеуі байқалады.
Теппинг-тест психомоторлық көреткіштер арқылы жүйке
жүйесінің қасиеттерін экспресс-диагностикалау əдісі. Бұл əдіс
арқылыспорт физиологиясында қол басы қозғалысының макси-
малды жиілігі анықталады. Əдіс жүйке жүйесінің функциялық
мүмкіндіктерімен анықталатын лабилділік (қозу мен тежелу өту
жылдамдығын), төзімділік (қандай да бір əрекетті ұзақ уақыт
өнімділігін төмендетіп алмай орындау қабілетін) қасиеттерін зерт-
теуге бағытталған. Төзімділікке (төзімділікке) қозғалыс коорди-
нациясы даму деңгейі, психикалық үдерістер мен ерік күші ықпал
етеді.
Сынақ өткізу үшін секундомер, қарындаш жəне екі сызық
138
арқылы бірдей 4 бөлікке бөлінген ақ қағаз қажет. Кейбір ғалымдар
жұмыс қабілеттілігін бағалау айқынырақ болар деген мақсатпен
ақ қағазды 6 (3 сызық арқылы) немесе 8 (4 сызық арқылы) бөлікке
бөлуді ұсынады. 10 сек. (немесе 5 сек.) ішінде бірінші шаршыға
максималды жылдамдықта нүктелер қойылады. 10 секунд дема-
лыстан соң екінші, үшінші жəне төртінші шаршыларда процедура
қайталанады. 2-шаршы 1-шаршының, 4-шаршы 3-шаршының асты-
на орналасады. Əр шаршылардағы нүктелер саналады.
Нəтижелер бойынша 5 тип анықталады. Олар:
1. Күшті тип – жұмыстың алғашқы 10-15 секундтарында темп
максималды мəнге дейін артады. Келесі 25-30 сек.-та ол бастапқы
(яғни, жұмыс басталған 5 сек.-та байқалған) деңгейге дейін
төмендейді. Бұл қисық сызық типі зертелушіге күшті жүйке жүйесі
тəн екендігін көрсетеді;
2. Тұрақты тип – жұмыс бойы максималды темп шамамен бір
деңгейде сақталады. Аталмыш тип зерттелуші жүйке жүйесінің ор-
таша күшіне ие екендігін аңғартады;
3. Əлсіз тип – максималды қарқын екінші 5 сек.-та ақ азайып,
бүкіл жұмыс бойы төмен деңгейде қалады. Бұл типке əлсіз жүйке
жүйесі тəн;
4. Орташа əліз тип – жұмыс темпі алғашқы 10-15 сек.-та
бəсеңдейді. Тип орташа мен күшті жүйке жүйесі арасындағы – орта-
ша əлсіз жүйке жүйесі ретінде бағаланады;
5. Орташа күшті тип – бас кезінде төмендеген максималды
қарқын қысқа уақытта бастапқы деңгейге дейін артуға ұласады.
Қысқа мерзімде мобильденуге қабілетті бұл зерттелушілер орташа
күшті жүйке жүйесі тəн тұлғалар қатарына жатқызылады.
Сондай-ақ зерттелушілерге тапсырманы оң (сағат стрелкасы
бойымен) жəне сол қолдарымен (сағат стрелкасына қарсы) орында-
та отырып, функциялық ассиметрия коэффициентін (KFa) де фор-
мула бойынша анықтауға болады: KFa = ((оң қол қойған нүктелер
жиынтығы – сол қол қойған нүктелер жиынтығы) / (оң қол қойған
нүктелер жиынтығы + сол қол қойған нүктелер жиынтығы)) * 100%;
Жаттыққан спортшыларда қол басы қозғалысының максимал-
ды жиілігі 10 секундта 70-тен асады. Шаршыдан шаршыға өткенде
нүктелер санының төмендеуі қозғалыс сферасының жəне жүйке
жүйесінің жеткіліксіз төзімділігін көрсетеді. Жүйке үдерістері
лабилділігінің (мүмкіндігінің) саты тəріздес (екінші немесе үшінші
139
шаршыларда қозғалыс жиілігінің артуы) төмендеуі бабына ену
үдерістерінің баяулығын дəлелдейді. Бұл тест акробатика, семсер-
лесу, спорттық ойындар мен басқа спорт түрлерінде қолданылады.
Дағдының тұрақтылығы жəне оның сақталу ұзақтығы.
Қозғалыс дағдылары басқа да уақытша байланыстың көріністері
сияқты басында тұрақтылығы жеткіліксіз болып, кейін біртіндеп
неғұрлым тұрақты бола бастайды. Олар неғұрлым өздерінің
құрылымы бойынша қарапайым болған сайын берік болады.
Күрделі үйлесімділіктен тұратын дағдылар соғұрлым тұрақсыздау
болып келеді. Осы себепті тіпті, жоғары білікті спортшыға күрделі
қозғалыстарды қайталау кезінде өзінің жоғары нəтижелерін əр рет
сайын көрсету оңайға түспейді. Егер жаттығудың сапалы орын-
далуына себепші қандай да бір фактордың толықтау болмаған
жағдайының өзінде нəтиже төмендейді. Дағдының тұрақтылығын
төмендететін факторларға жүйке жүйесінің жалпы күйінің нашарла-
уы (мысалы, қажу кезінде), гипоксия, белдеу сағатының айтарлықтай
өзгерістеріне бейімделудің жеткіліксіздігі, күшті қарсыласының ал-
дында өзіне деген сенімсіздігі, т.б. жатады. Бұл ретте жүйке жүйесі
типтерінің айтарлықтай мəні бар.
Жүйелі жаттықтыру тоқталған соң дағды жоғала бастайды. Бірақ
бұл оның түрлі бөлімдерінде əртүрлі көрінеді. Неғұрлым күрделі
қозғалыс бөлімдері тіпті, бірнеше күндік үзілістің өзінде де нашар-
лай бастауы мүмкін. Ал ұзақ уақыттық үзілістер (апта, ай) кезінде
соғұрлым дағды тез жоғала бастайды. Сондықтан жоғары нəтижелі
жетістіктерге жету үшін жаттықтыру жүйелі əрі ұзақ уақыттық ин-
тервалсыз жүргізілуі қажет. Дағдының күрделі емес бөлімдері ай-
лар, жылдар жəне ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Мысалы,
жүзумен айналысқан, коньки немесе велосипед теуіп үйренген адам-
дарда осы қарапайым түрдегі дағдылар тіпті, ұзақ уақыттық интер-
валдардан кейін де сақталатыны белгілі.
Қан айналу, тыныс алу жəне т.б. қызметтердің реттелуімен байла-
нысты дағдының вегетативтік бөлімдерінің қозғалыс бөлімдерінен
көптеген айырмашылықтары бар. Бір жұмыс түрін басқа əрекет
түріне қысқа мерзімде ауыстыру кезінде қозғалыс бөлімдеріне
қарағанда вегетативтік бөлімдер баялау құрылады. Ұзақ үзілістер
(айлар, əсіресе, жылдар) кезінде дағдының вегетативтік бөлімдері
қозғалыс бөлімдеріне қарағанда толығымен өшуі мүмкін.
140
Қозғалыс дағдыларының қалыптасуындағы бұлшық ет
қызметінің сипаттамасы. Қозғалыс дағдысының қалыптасуы
кезіндегі бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерін бірнеше бұлшық ет
биопотенциалдарын бір уақытта тіркей отырып жазылатын электро-
миография мəліметтері бойынша бақылауға болады (35-сурет).
Спорттық дағдының қалыптасуының бастапқы сатыларын-
да биопотенциалдардың тек сол қозғалыс əрекетін жүзеге асыруға
қажетті бұлшық еттермен бірге «артық» бұлшық еттерде де
тіркелетіні айтылып өткен болатын. Бұл жүйке орталықтарындағы
иррадиация құбылыстарымен байланысты. Дағдының бекуіне бай-
ланысты иррадиацияның шектелуі жүреді, ал дағдының толығымен
қалыптасуы кезінде ол тек үйреншікті емес жағдайларда ғана, мы-
салы, бөтен күшті тітіркендіргіштердің əсер етуі мен қажу кезінде
байқалады.
Циклдік қозғалыстарда дағдының жетілуі нəтижесінде бұлшық
ет белсенділігі кезеңдерінің ұзақтығы өзгереді. Дағдының
қалыптасуының алғашқы сатыларында тиісті бұлшық еттердің
электрлік белсенділігі тек қозғалыстың белсенді фазалары уақытында
ғана емес, олардың арасындағы интервалдар да байқалады. Əрі
қарай электромиографиялық секірмелер қысқа болады.
35-сурет. Антагонист бұлшық еттердің электромиограммасы
(Р. С. Персон бойынша):
1 – иықтың үшбасты бұлшық еті;
2 – иықтың екібасты бұлшық еті;
А – жаттықпаған адамдарда;
Ə – жаттыққан адамдарда
Дағдының қалыптасу үдерісінде антагонист-бұлшық еттер
арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруі көрініс береді.
Үйретудің бастапқы кезінде олардың биоэлектрлік белсенділігі
141
бір уақытта көрініс берсе, салыстырмалы баяу қозғалыстарда
олардың арасында реципроктылық (ілеспелілік) байқалады жəне
биоэлектрлік белсенділік кезекпен туындай бастайды. Деген-
мен, тіпті, қалыптасқан дағдының кезінде де реципроктылық аго-
нист жиырылуы кезінде антагонист белсенділігінің төмендеуінде
ғана көрініп толық айқындалмауы мүмкін. Мұнда қозғалыс темпі
неғұрлым жылдам болған сайын, соғұрлым агонисттің биоэлектрлік
белсенділігі бір мезгілдегі антагонист белсенділігімен үйлеседі.
Кейбір жағдайларда антагонист-бұлшық еттердің бір мезгілдегі
əрекеті сол қозғалыс дағдысы жетілуінің жоғары дəрежесі кезінде
байқалатын координацияның ерекше түрі ретінде көрінеді. Соның
ішінде бұл дене буындарының бірқалыпты ауысуын қажет ететін
баяу қозғалыстарда, мысалы, атқыштардағы шүріппені басу кезінде
орын алған.
Əртүрлі тұлғаларда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезінде
түрлі бұлшық ет қозғалысына қатысу дəрежесін айғақтайтын
биоэлектрлік белсенділік бірдей жүрмейді. Бұл тура сол қозғалыстың
жұмыс атқарушы бұлшық еттер қызметтерінің бірнеше ерекше
үйлесімде орындалуымен түсіндіріледі.
Осыған
орай
біліктіліктері
бірдей
спортшылардың
биоэлектрлік белсенділіктерінің ортақ қасиеттерімен бірге мəнді
айырмашылықтарының да болуы мүмкін.
Афференттіліктің қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен
сақталуындағы маңызы
Қозғалыс актілері қалыптасуының жəне оны басқарудағы күрделі
жүйкелік механизмінде сыртқы ортадан жəне организм жүйелері
мен түрлі дене бөлімдерінен алынған ақпараттың орны зор.
Кері байланыс жəне оның қозғалыс техникасының
қалыптасуы мен жетілуіндегі маңызы. Жүйке жүйесі қандай да
бір əрекетті қозғалыс жəне вегетативтік жүйкелер арқылы туды-
ра отырып, кері байланыстың болуының арқасында басқарылған
мүшелерден (бұлшық ет, жүрек-тамыр жүйесі жəне т.б.), сонымен
қатар сыртқы ортадан атқарылған əсер туралы ақпаратты сол сəтте-
ақ ала бастайды. Н. А. Бернштейн бойынша кері байланыс сигнал-
дары қозғалыс корреляциясының маңызды факторы болып табыла-
142
ды. Оларды орталық жүйке жүйесіне сезім мүшелері арқылы келетін
болғандықтан сенсорлық (сезгіш) коррекция деп атайды.
Кері байланыс ішкі жəне сыртқы болып ажыратылады. Ішкі кері
байланыс бұлшық ет, жүрек жəне организмнің басқа жүйелерінің
жұмысы сипаты туралы, ал сыртқы кері байланыс сыртқы ортадан
əрекет туралы (лақтыру дəлдігі, футболдағы доптың қозғалу бағыты,
күресте қарсыластың дене күйінің өзгерісі, т.б. сияқты) хабар беріп
отырады.
Дене жаттығуларын орындау кезінде ішкі кері байланыстар
қозғалыс (пропиоцептивтік), вестибулярлық жəне интероцептивтік
сенсорлы жүйелер арқылы, ал сыртқы кері байланыс көру, есту жəне
тактильді (жанасу) сезім мүшелері арқылы орындалады.
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жаттығуды бақылап
тұрған жаттықтырушы немесе басқа тұлғалардан алынған қосымша
ақпараттың айтарлықтай мəні бар. Қазіргі кезде бақылаудан
басқа қозғалыс актісінің кеңістіктік жəне уақыттық параметрлерін
бағалауға мүмкіндік беретін түрлі аспаптық техника, гензометрия,
электромиография, кино, бейнежазбалар, т.б. кең қолданылады.
В. С. Фарфель бойынша алынған мəліметтер «жедел» болса, яғни
қозғалыс техникасын арттыру үшін тікелей жаттығуларды орындау
барысында немесе оны келесі қайталау кезінде қолданылса, осы
мəліметтер ерекше құндылыққа ие.
Жоғарыда қарастырылған қозғалыс дағдысының қалыптасу
ерекшеліктері ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын жоққа
шығармайды. И. М. Сеченов негізін салғаннан кейін И. П. Пав-
лов пен оның шəкірттері дəлелдеген рефлекстік теорияның негізгі
заңдылықтары өз күшін жоймаумен қатар жəне автоматты (дағдылы
əрекеттенген) ерікті қозғалыстар кезіндегі орталық жəне орындау-
шы мүшелер арасында өзара байланысты зерттеу жұмыстарында да
расталып дəлелдене түсуде.
Орталық жүйке жүйесіндегі қозғалысты бағдарламалаудағы
афференттік жəне басқа факторлардың интеграциясы. Қозғалыс
актісі даярлықтың жəне орындалудың барлық кезеңдерінде орталық
жүйке жүйесіндегі афферентті жəне т.б. факторлардың интеграция-
сымен байланысты болады.
Бұл тұрғыда П. К. Анохин:
1. Мотивация;
2. Ес (Зерде);
143
3. Жағдайлық афферентация;
4. Қозғағыш афферентация сияқты 4 негізгі факторларды атап
көрсетеді (36-сурет).
Адамдардың еңбек жəне спорттық əрекеттерінде, əсіресе
түрлі əлеуметік мотивациялардың маңызы зор. Жүйке жүйесінде
қалдырған іздерінің (ес) салдарынан бұрынғы тəжірибе кез келген
жағдайды бағалауда күшті ықпал жасайды. Интеграция үдерісінде
орта жағдайы туралы ақпараттың (жағдайлық афферентацияның)
маңызы зор. Қоршаған ортадан жəне организм қызметінің əртүрлі
күйі туралы түсетін ақпараттардың ОЖЖ-де түрлі əсерлерді дұрыс
бағдарламалаудың маңызды бөлімі болып табылатындығы күмəн
келтірмейді.
36-сурет. Гомеостаз рецепторлары арқылы ішкі қажеттілік өзгерістері
туралы сигнал беру мен афференттік синтез негізінде мінез-құлықтық ре-
акциясы қалыптасуы сызбанұсқасы (П. К. Анохин бойынша):
ҚА – Қозғағыш афференттік сигнал;
ЖА – Жағдай афференттік сигналы;
1 – шешім қабылдау;
2 – эфференттік қозу;
3 – мінез-құлық нəтижесі;
4 – нəтиже көрсеткіштері;
5 – əрекет нəтижесін салыстырушы – акцептор;
6 – метаболизмдік өзгерістер;
7 – гомеостаз өзгерістері;
8 – гомеостаз рецепторлары
144
Сондай-ақ спорт түрлеріне байланысты жарысты бастайтын
(қозғағыш афферентацияның) ату, ысқырық дауысы, жалаушаның
түсуі, команда, т.б. сигналдардың маңызы зор. Дегенмен, жауап
беретін қозғалыс актілерін талап ететін көптеген жарыстың баста-
луын білдіретін тітіркендіргіштер күрделі болып келеді. Олар тек
жалғыз сигнал ғана емес, белгілі бір сипаттағы жағдайды да білдіреді.
Бұл əрқашан афференттік синтезді өте қиындатады. Мысалы, жекпе-
жектің жəне спорттық ойындардың əртүрлерінде жаңа əрекетті
бірнеше рет бастау керек. Сан алуан дене жаттығуларын орындау
кезінде кері байланыс көмегімен ішкі жəне сыртқы ортадан алынған
ақпараттардың өзіне тəн ерекшеліктері болады. Қозғалыс əрекетін
баяу орындау кезінде кері байланыстар сол қозғалыстың немесе
қандай да бір оның фазасын түзетуге мүмкіндік береді. Тез орын-
далатын күрделі көп фазалы қозғалыстар (мысалы, гимнастикалық
жаттығулар) кезінде кері байланыс уақыт тапшылығына байланыс-
ты ағымдағы түзетуде көп рөл атқармайды. Өте қысқа уақыттық
қозғалыстарда (соның ішінде лақтыру, тастау сияқты баллистикалық
қозғалыстарда) кері байланыс арқылы тек оны қайталау кезінде ғана
қозғалыс актісінің түзетілуі мүмкін.
Қозғалыс актісін орындаушы мүшелердің күйіне байланыс-
ты бағдарламалау. Ес, орта жағдайы жəне жарыстың басталуы
туралы қозғағыш ақпараттар сияқты факторлардың интеграциясы
мен орталық жəне шеткі орындаушы мүшелердің функциялық күйі
күрделі қозғалыстарды бағдарламалаудың негізі болып табылады.
Эксперименттік зерттеулер шартсыз қимыл рефлекстерінің
тіпті, кері байланыстар болмаса да толық жүзеге асыралатынын
көрсетті. Сонымен қатар берік қалыптасқан қарапайым шартты-
рефлекстік қозғалыстар қимыл сенсорлық жүйелермен іске асы-
рылатын кері байланыстар қатыспаса да орындалуы мүмкін. Де-
мек, бұрын жақсы бекітілген бағдарламалар бұл қозғалыстарды
сенсорлық коррекциясыз іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы
жағдайларда жаңа қозғалыстардың түзілуі төтенше қиын болып
келеді. Күрделілігі жəне дəлдігі жоғары дəрежемен сипатталатын
қозғалыс бағдарламаларының (бұған көптеген спорттық жаттығулар
кіреді) коррекциясыз кері байланыс жолымен толығымен іске асы-
рылуы мүмкін емес. Яғни, фазалардың үнемі алмасуымен сипатта-
латын күрделі қозғалыстарды бағдарламалау қозғалыс аппараты мен
түрлі вегетативтік жүйелердің күйі туралы ОЖЖ-не міндетті сигнал
беруді талап етеді.
145
Қозғалыстарды өзінің қиындығы бойынша бағдарламалау əр
спорт түрінде біркелкі емес. Бұл алдымен, қозғалыс əрекетінің
күрделілігі дəрежесімен, екіншіден, оның жаңалық дəрежесімен,
үшіншіден, бағдарламалаудағы уақыт ұзақтығымен байланыс-
ты. Егер қозғалыс бұрын көп рет орындалса жəне дағды жақсы
меңгерілсе, онда тіпті, күрделі актілерді (мысалы, гимнастикада,
лақтыру кезінде) қайталама бағдарламалау салыстырмалы жеңіл
өтеді. Жаңа қозғалыстар кезінде, мысалы, спорттық ойындар мен
жекпе-жектерде бағдарламалау үдерісі неғұрлым қиын болады.
Қозғалысты орындау тиімділігі бұлшық еттер мен олардың
қызметін қамтамасыз ететін вегетативтік мүшелердің қызметтік
мүмкіндіктерімен қозғалыс бағдарламасының сəйкес келуін та-
лап етеді. Бағдарлама мен қозғалыстардың іс жүзінде орындалуы
арасындағы келісімсіздік əсіресе, шеткі орындаушы мүшелердің
(бұлшық ет, бездер, кардиореспираторлық жəне т.б. организм
жүйелері) күйінің өзгерістері кезінде күшейе түседі. Шеткі
мүшелердің, соның ішінде бұлшық еттің қызметтік мүмкіндіктері
үнемі өзгерісте болады. Бұл жүйке орталықтарына лайықты
қажетті ақпараттардың өз уақытында түсіп отыруын талап етеді.
Сонда ғана жүйке жүйесі қозғалыс міндеттерінің тиімді орын-
далуын қамтамасыз ететін толық бағдарлама құра алады. Кейбір
жағдайларда жаттығулардың орындалуының жеткіліксіз тиімділігі
шеткі ақпараттардың, соның ішінде бұлшық ет күйі туралы ОЖЖ-
де бағдарламалаудың сəйкес келмеуінен де болуы мүмкін.
Биіктен секіру, сырықпен секіру, ауырлық көтеру сияқты
жаттығуларда жоғары нəтижелерге бірінші ретте емес, бірнеше рет
қайталап орындаған соң жетеді. Бұл бір жағынан, бастапқы жеңілдеу
міндеттерді шешу уақытында (төмен биіктікте, аз салмақта) жүйке
жүйесінің шеткі бұлшық ет аппаратының іс жүзіндегі күйі туралы
нақты ақпарат алуымен байланысты. Сондықтан кез келген күрделі
координациялы жаттығуларды орындау алдында арнайы бой жазу
жүйке орталықтарының орындаушы қозғалыс аппаратының күйі ту-
ралы қосымша ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |