жүктемелер кезінде жүректің минуттық қан көлемі жақсы
жаттыққан спортшыларда орта есеппен жаттықпаған адамдардағы
сияқты болады. Тек біраз зерттеушілер ғана оның өте кішкене
төмендеуін жоғары жаттықтыру күйіндегі («спорттық формадағы»)
спортшыларда байқаған.
Спортшыларда жүректің жиырылу жиілігі жаттықпаған
адамдардағы сияқты жүктеменің немесе оттегі пайдалану
жылдамдығының артуымен сызықтық түрде жоғарылайды. Бірдей
абсолютті (оттегі пайдалану жылдамдығы бірдей) жүктеме кезінде
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
ЖЖЖ төмен, ал сəйкесінше, систолалық көлем жоғары болады.
Неғұрлым спортшының жаттықтырылу дəрежесі мен оның аэробтық
мүмкіндіктері (ОМП) жоғары болған сайын кез келген максималды
емес аэробтық жүктемені орындау кезінде ЖЖЖ соғұрлым төмен
болады.
Кез келген максималды емес аэробтық жүктемені орындау кезін-
де ЖЖЖ төмендеуі төзімділікке жаттықтырумен байланысты жүрек
қызметінің ең тұрақты жəне ең айқындалған функциялық өзгерістері
болып табылады. Салыстырмалы үлкен систолалық көлем кезінде
салыстырмалы төмен ЖЖЖ жүректің тиімді жұмысын көрсетеді.
Жаттыққан адамдардағы тыныштық күйдегі брадикардия негізінен
парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежелудің күшеюінің нəтижесі
болып табылса, ал салыстырмалы жұмыс брадикардиясы жүрекке
симпатикалық қоздырғыш ықпалдың азаюымен байланысты болуы
ықтимал.
Аэробтық мүмкіндіктері əртүрлі деңгейдегі спортшылар
мен жаттықпаған адамдар арасындағы үлкен айырмашылықтар
204
тек бірдей абсолютті жүктемелер, яғни л/мин. айқындалатын
бірдей оттегі пайдалану жылдамдығы кезінде ЖЖЖ (екп/мин)
абсолютті көрсеткіштерін салыстырғанда ғана айқындалады.
Бұл айырмашылықтар салыстырмалы аэробтық жүктемелерге
тең, яғни жеке-дара «оттектік төбеден» (ОМП %) пайызбен
айқындалатын бірдей салыстырмалы оттегі пайдалану жылдамдығы
кезіндегі ЖЖЖ салыстырғанда күшті азаяды. Бұл жағдайды егер
бұлшық ет жұмысы кезіндегі нейроэндокриндік, соның ішінде
симпатикалық-адреналдық ықпал қарқындылығының ОМП % бо-
йынша анықталатын оттегі тасымалдау жүйесіне абсолюттік емес,
салыстырмалы жұмыс жүктемесіне пропорциялы екендігін ескерсе
түсінуге болады.
Жаттықтырылу деңгейі əртүрлі адамдарда жүктемеге пульстік
реакция айырмашылығы, егер тек жүктеме ғана емес, сонымен бірге
ЖЖЖ салыстырмалы мөлшерде айқындалса толығымен жоғалады.
Басқаша айтқанда, жаттықтырылу дəрежесі əртүрлі (ОМП əр түрлі)
адамдарда бірдей салыстырмалы аэробтық (ОМП % бірдей) жүктеме
кезінде салыстырмалы жұмыстық пульстік реакциясы (максималды
ЖЖЖ %-ы) орта есеппен бірдей болады.
Спорттық жүрек өлшемі, жұмыс тиімділігі жəне метаболизм.
Жүрек қызметінің (жүректің минуттық қан көлемінің) ұлғаюын
қамтамасыз ететін маңызды механизмдерге жүрек өлшемінің артуы
(дилятация), миокард жиырылғыштығының жоғарылауы, сонымен
қатар жүрек жұмысы тиімділігінің өсуі жататыны айтылып өткен бо-
латын. Барлық бұл механизмдер өзара байланысты.
«Үлкен (спорттық) жүрек». Төзімділіктің көрінуін талап ететін
спорт түрлері өкілдерінде басқа спорт түрлері өкілдері мен спорт-
пен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда рентгенограммамен
анықталған жүректің жалпы көлемі орта есеппен айтарлықтай үлкен
болады.
Төзімді спортшыларда жүректің жалпы көлемі 1000 см³-ден
(максималды 1700 см³-ге дейін) асады, ал басқа спортшылар-
да жаттықпаған адамдарға қарағанда біраз жоғары, 800 см³-ге
жуық болады. Жүректің жалпы көлемінің дене салмағына қатысы,
яғни жүректің салыстырмалы көлемі бойынша тағы да үлкен
айырмашылықтар айқындалады. Төзімділікке жаттығатын спорт-
шыларда жүректің салыстырмалы көлемі орта есеппен, 15 см³/кг-
ға (максималды 20 см³/кг-ға дейін) тең, ал жаттықпаған адамдарда
205
11 см³/кг-ға жуық болады. Төзімділікке жаттығатын спортшылар-
да бір жағынан, жүректің жалпы жəне салыстырмалы көлемдері
мен екінші жағынан, ОМП арасында оң корреляциялық байланыс
көрінеді. Мамандануы бір спортшыларда орта есеппен неғұрлым
спорттық біліктілігі (спорттық нəтиже) жоғары болған сайын,
соғұрлым жүректің көлемі үлкенірек болады.
Жүректің жалпы өлшемі оның қуысының көлеміне жəне олар-
дың қабырғасының жуандығына байланысты. Сондықтан ол диля-
тация (қуыс өлшемінің кеңеюі) есебінен сияқты миокард гипертро-
фиясы (қуыс қабырғасының жуандауы) есебінен де өзгеруі мүмкін.
Төзімділікке жаттығатын спортшылар жүрегіне қарыншалардың
үлкен дилятациясы мен олардың қабырғасының қалыпты неме-
се біраз ұлғайған жуандығы тəн. Дилятацияланған (кеңейген)
қарыншалар диастола кезеңінде өздеріне қанның көп мөлшерін сый-
дыра алады, бұл ұлғайған систолалық көлем үшін алғы шарт болады.
Жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдеріне керісінше,
көбіне жүрек қарыншалары қуысы өлшемінің қалыпты немесе
біраз ғана ұлғаюы, ал бірақ оның қабырғасының елеулі гипертро-
фиясы тəн. Бұл спортшылар жүрегінің жалпы көлемі спортпен
шұғылданбайтын адамдардан жоғары болуы мүмкін, бірақ екі топ
өкілдерінде де систолалық көлемді арттыру қабілеті бірдей десе де
болады.
Сонымен, жүрек гипертрофиясы арнайы болады, яғни оның типі
жаттықтыру əрекетінің ерекшеліктерімен анықталады. Төзімділік
жаттығулары көп реттік болып сипатталады, бірақ көптеген қаңқа
бұлшық еттерінің жиырылу күші бойынша салыстырмалы аз жəне
жүректің минуттық қан көлемінің көп мөлшерін ұстауды талап етеді.
Мұндай «көлемдік стрессорлар» деп атауға болатын жаттықтыру сти-
мулдары əсеріне жауап ретінде қанның көп мөлшерімен толығатын
жəне соңғы-диастолалық қысымның жоғарылауына əкелетін жүрек
қуысының дилятациясы туындайды. Сондықтан гипертрофияның
бұл түрін тоногендік дилятация (тонос – қысым) деп атайды.
Жылдамдықты-күштік жаттығуларды орындау кезінде артериялық
қан қысымының күшті қысқа мерзімдік жоғарылауы («абыр-
жу стрессоры») қажет. Бұл стимулға жауап ретінде қарыншалар
қабырғасының жуандауымен жүретін жүрек гипертрофиясы дами-
ды.
Миокард
гипертрофиясы
негізінде
миокардиалдық
206
талшықтардағы белок синтезінің күшеюі жатыр. Мұнда төзімділікке
жаттықтыру кезінде жүректе тек контрактильді белоктардың (актин,
миозин жəне т.б.) синтезі күшейіп ғана қоймай, сонымен бірге оның
тотығу метаболизмімен байланысты белоктардың, атап айтқанда,
митохондриялық белоктар мен ферменттердің синтезі де күшейеді.
Жүрек бұлшық етінің қанмен жабдықталуын жəне аэробтық
метаболизмін жақсартатын капиллярлар саны да параллельді қатар
артады.
Дилятацияланған жүрек жұмысының тиімділігі. Жүрек ди-
лятациясы оған бірнеше энергиялық артықшылықтар береді.
Спортшының дилятацияланған жүрегі салыстырмалы төмен ЖЖЖ
кезінде систолалық көлемнің артуы есебінен жүректің минуттық
қан көлемінің көп дəрежеде жоғарылауына мүмкіндік береді. Бұл
жүректің энергия жұмсауын төмендетеді жəне неғұрлым жоғары
ЖЖЖ есебінен осындай жүректің минуттық қан көлемін қамтамасыз
ететін жаттықпаған жүрекпен салыстырғанда оның механикалық
тиімділігін жоғарылатады. Бұдан басқа дилятацияланған жүректің
ұзын миокардиалдық талшықтары кəдімгі өлшемдегі жүрек
талшықтарына қарағанда (Франк-Старлинг механизмі) аз қысқаруы
кезінде көп ширығудыдамытады (Старлингтің «жүрек заңы»
ережесі: жүректің жиырылу күші ет талшықтарының диастола
кезіндегі ұзындығына байланысты немесе жүректің жиырылу күші
– ет талшықтары ұзындығының қызметі, жүрек диастола кезінде
қанға толып қатты керілсе, соғұрлым жиырылу күшін күшейтіп
жүректен шығатын қан мөлшері көбейеді). Нəтижесінде жүрек
қуысының көлемі үлкен спортшылар тіпті, жоғары ЖЖЖ кезінде де
үлкен систолалық көлемді ұстап тұруға қабілетті келеді.
Жүрек метаболизмі аэробтық жол арқылы ғана өтетіні белгілі.
Сондықтан да жүрек жұмысы тұтасымен оттегімен жəне энергиялық
заттармен (глюкоза, май қышқылдары жəне лактатпен) тұрақты жəне
жеткілікті жабдықталуына тəуелді болады. Төзімді спортшылар-
да жаттыққан жүрек метаболизмінің ең маңызды ерекшеліктеріне
келесілерді атаған орынды:
1. Жаттықпаған жүрекке қарағанда молынан капиллярлану мен
митохондрия жəне митохондриялық тотығу ферменттері мөлшері
көп болуының арқасында жаттыққан жүрекке оттегі жеткізілу мен
утилденуінің максималды жылдамдығы жоғары болады.
2. Бірдей субмаксималды аэробтық жұмыс кезінде жаттыққан
207
жүректе жаттықпаған жүрекке қарағанда қанмен жабдықталу жəне
оттегі пайдалану аз болады. Жаттыққан жүректен шығатын веналық
қандағы неғұрлым оттегінің жоғары парциалдық кернеуі барлық
миокардиалдық жасушалардың оттегімен жабдықталуы үшін
қолайлы жағдай тудыратынын көрсетеді.
3. Жаттыққан жүрек лактатты қаннан экстракциялау мен
утилдеудің жоғары қабілетіне ие. Артериялық қандағы лактаттың
бірдей концентрациясы кезінде төзімді спортшының жүрегі
жаттықпаған жүрекке қарағанда лактатты көбірек экстракциялай-
ды. Егер максималды аэробтық жұмыс кезінде барлық тотығатын
энергиялық заттар ішінде лактат үлесі жаттықпаған адамдар-
да шамамен, 60%-ға жетсе, ал өте төзімді спортшыларда 80%-дан
жоғары болады, Басқаша айтқанда, жаттыққан жүректің тотығу
метаболизмінің көпшілік бөлігі лактатты пайдалану есебінен жабы-
лады.
Жүректің минуттық қан көлемінің таратылуы, бұлшық
ет қан айналымы жəне АВА-О
2
. Жаттыққан спортшылардың
аэробтық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейі тек жүректің минуттық
қан көлемінің көп болуына ғана емес оны неғұрлым тиімді пай-
далану қабілетіне де байланысты. Бұл қабілет жүйелік АВА-О
2
өлшемімен, яғни оң жақ жүрек арқылы өтетін аралас веналық қан
мен артериялық қандағы оттегі мөлшерінің айырмашылығымен
бағаланады. Неғұрлым жүйелік АВА-О
2
көп болса, соғұрлым ор-
ганизм жүректің минуттық қан көлемін тиімді пайдаланады жəне
соғұрлым оның оттегі тасымалдау жүйесі үнемді жұмыс атқарады.
Жаттыққан спортшылардағы артериялық қандағы оттегі мөлшері
тыныштық күйде де, кез келген қуаттылықты аэробтық жүктеме
кезінде де спортпен шұғылданбайтын адамдардағы мөлшерден
ерекшеленбейді. Сондықтан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде
жүйелік АВА-О
2
ұлғаюы аралас веналық қандағы оттегі мөлшерінің
төмендеуі есебінен, яғни қанмен тасымалданатын оттегінің
соншалықты толық пайдалануы есебінен болуы мүмкін.
Қалыпты жаттыққан жəне жаттықпаған ер адамдарда ара-
лас веналық қандағы оттегі мөлшерінің орындалатын жүктеме
қуаттылығы өлшемі бойынша шамамен бірдей төмендеуі байқалады.
Максималды аэробтық жұмыс кезінде аралас веналық қанның əр
литріне ол орта есеппен 55 мл О
2
жуық болады. Бұл жағдайларда
жүйелік АВА-О
2
шамамен, 140 мл О
2
/л болады. Өте төзімді спорт-
208
шыларда жаттықпаған адамдармен бірдей (оттегі пайдалануы тең)
жұмыс орындау кезінде аралас веналық қандағы оттегі мөлшері
төмен. Мұндай спортшыларда аралас веналық қандағы оттегінің ми-
нималды мөлшері орта есеппен 25 мл О
2
/л жуық болады. Сондықтан
оларда АВА-О
2
максималды жүйесі жаттықпаған адамдарға
қарағанда жоғары, орта есеппен 150-155 мл О
2
/л тең келеді
(10-кестені қараңыз).
Сəйкесінше төзімділікті жаттықтыратын спортшылар өздерінің
оттегі тасымалдау жүйесі мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді жүзеге
асырады, себебі жаттықпаған адамдарға қарағанда жүректен айдала-
тын қан көлемінің əр бірлігінен оттегіні көбірек алады.
Жаттықтыру үдерісінде белсенді жəне белсенді емес мүшелер
арасында қан айналымының қайта таратылуы жетілдіріледі,
сондықтан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда жұмыс
атқарушы бұлшық еттерге бағытталған жүректің минуттық қан
көлемінің максималды үлесі көбірек болады.
Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде жаттықтырылған бұлшық
еттердегі капиллярлар саны артады. Жаттықтырылған бұлшық
еттердің молынан капиллярлануы – олардың жұмыс қабілеттілігін
жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі. Капиллярлық
тор көлемінің ұлғаюы арқасында спортшыларда спортпен
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды мүмкін бо-
латын бұлшық еттік қан айналымы жоғары болады. Төзімділікті
жаттықтыратын спортшыларда капиллярлық қабырғалар арқылы
түрлі заттардың, соның ішінде оттегі диффузиясының жалпы
жылдамдығы да жоғары болады, сəйкесінше жаттықпаған бұлшық
етке қарағанда жаттыққан бұлшық ет ала алатын оттегінің макси-
малды мөлшері көп болады.
Жаттықтырылған бұлшық еттер қаннан оттегіні экстракциялау-
дың (жəне утилдеудің) жоғары қабілеттілігіне ие. Жаттықтырылған
бұлшық еттердің көлем бірлігіне максималды оттегіні пайдалану
жылдамдығы жаттықтырылмаған бұлшық еттерге қарағанда шама-
мен, 1,5 есе жоғары болады. Бұл жаттықтырылмаған бұлшық еттер-
ге қарағанда жаттықтырылған бұлшық еттерге осындай мөлшерде
оттегіні алу үшін қанның аз көлемінің қажет екенін білдіреді.
Сондықтан бірдей жұмыстарды орындау кезінде жұмыс атқаратын
бұлшық ет арқылы өтетін қан айналымы жаттықтыруға дейінгіге
қарағанда жаттықтырудан кейін төмен болады. Бірдей субмаксимал-
209
ды жұмыс кезінде спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда
жұмыс атқаратын бұлшық ет массасының 1 кг-на қан айналымы
төмен болып келеді.
Бірдей субмаксималды аэробты жұмысты орындау кезінде
(оттегі пайдалануы тең) спортшылармен спортпен шұғылданбайтын
адамдарда жүректің минуттық қан көлемі шамалас мəнге тең.
Сəйкесінше, спортшыларда жұмыс атқарушы бұлшық еттерге
бағытталған жүректің минуттық қан көлемінің үлесі (абсолюттік
л/мин. жəне салыстырмалы %-бен) азырақ келеді. Сонымен, олар-
да жұмыс кезінде дененің басқа мүшелері мен ұлпаларына, соның
ішінде жатыр бөлімі мен тері торларына көп қан бағытталуы мүмкін.
Сондықтан спорттық жаттығуларды орындау кезінде жаттықпаған
адамдарға қарағанда спортшылардың маңызды ішкі мүшелері
неғұрлым қанмен жабдықталудың қолайлы жағдайында болады.
Жүректің минуттық қан көлемінің тері қан айналым жүйесіне
неғұрлым айтарлықтай бөлігінің бағытталу мүмкіндігі спортшылар-
да жылу шығарудың күшеюі үшін жақсы жағдай жасалғанын жəне
осылайша дене температурасының қажетсіз жоғарылауының алдын
алуын көрсетеді. Бұл бірдей жұмысты орындау кезінде жаттықпаған
адамға қарағанда жаттыққан тұлғаның дене температурасының
төмен болып келуінің басты себептерінің бірі болып табылады.
Максималды аэробтық жұмыс кезінде іс басқаша белгілі
жағдайда болады. Ең əуелі мұндай жүктемелер қуаттылығы мен
шекті ұзақтығы бойынша спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары жəне екіншілерге бұл қол
жеткісіз болады. Спортшылардың оларды орындау мүмкіндіктері,
атап айтқанда, жұмыс атқарушы бұлшық еттерге бағытталған
жүректің минуттық қан көлемінің көптігімен жəне оның ұлғайған
үлесімен (%) қамтамасыз етілетін жұмысшы бұлшық еттерге
уақыт бірлігінде оттегінің көп мөлшерін жеткізетін оттегі тасымал-
дау жүйесінің жоғары қабілеттілігімен анықталады. Максималды
аэробтық жүктеме кезінде спортпен шұғылданбайтын адамдардың
жаттықпаған бұлшық еттеріне қарағанда спортшының жұмыс
атқарушы бұлшық еттері уақыт бірлігінде қанның айтарлықтай
көп бөлігін алады жəне сонымен қатар одан оттегіні көбірек экс-
тракциялайды. Бұл жағдайларда жүректің минуттық қан көлемінің
өте көп үлесі (85-90%-ға дейін жұмыс атқаратын бұлшық еттер-
210
ге бағытталса да жаттықпаған адамдарға қарағанда спортшыларда
өмірлік маңызды («белсенді емес») дене мүшелері мен ұлпаларының
қанмен қамтамасыз етілу жағдайы жақсырақ болады.
Сонымен қатар максималды аэробтық жұмысты орындау кезінде
спортшыларда рН айтарлықтай төмендейтінін жəне жұмыс атқа-
рушы бұлшық еттер арқылы өтетін веналық қан температурасының
жоғарылайтынын атап өткен жөн. Нəтижесінде оксигемоглобин
диссоциация қисығының оңға ығысуы (Бор əсері) жүреді, бұл ұлпа
капиллярларында қандағы гемоглобиннің оттегіден босауын жəне
оның бұлшық ет жасушаларына диффузиясын жеңілдетеді. Осы-
мен қатар диссоциация қисығының ығысуы маңызды «қорғаныс»
қызметін атқарады: жаттыққан бұлшық еттердің оттегіні күшті экс-
тракциялауына жəне оттегімен гемоглобиннің қанығу пайызының
өте төмендеуіне қарамастан, спортшылардың бұлшық еттік веналық
қанындағы оттегі парциалдық кернеуі орта есеппен жаттықпаған
адамдардан ерекшеленбейді жəне 10-20 мм сынап бағанасынан төмен
түспейді. Бұл оттегі кернеуінің жеткілікті градиентін ұстап тұруды
қамтамасыз етеді, сондықтан тіпті, капиллярдың вена ұшына тақау
орналасқан бұлшық ет жасушалары да қаннан оттегінің жеткілікті
мөлшерін алуын жалғастырады.
Сонымен, жүрек-тамыр жүйесіне қатысты төзімділікке
жаттықтырудың басты əсерлері:
А) жүрек қызметінің жоғарылауынан, яғни максималды жүректің
минуттық қан көлемінің (систолалық көлем есебінен) артуынан;
Ə) систолалық көлемнің ұлғаюынан;
Б) тыныштық күйдегі сияқты стандартты жұмыс кезінде де
ЖЖЖ төмендеуінен (брадикардия);
В)
жүрек
жұмысының
тиімділігінің
(үнемділігінің)
жоғарылауынан;
Г) дененің белсенді жəне белсенді емес мүшелері мен ұлпалары
арасында қан айналымының неғұрлым жетілдірілген қайта тараты-
луынан;
Ғ) жаттыққан бұлшық ет жəне басқа дененің белсенді мүшелері
мен ұлпалары (соның ішінде жүректің) капиллярлануының
күшеюінен тұрады.
211
Бұлшық ет аппараты жəне төзімділік
Спортшының төзімділігі өз кезегінде бұлшық ет талшықтары-
ның арнайы құрылымдық жəне биохимиялық қасиеттерімен
анықталатын оның бұлшық ет аппаратының физиологиялық
ерекшеліктеріне едəуір мөлшерде тəуелді болады.
Бұлшық ет композициялары. Адамның бұлшық ет талшық-
тары екі негізгі баяу (І) жəне жылдам (ІІ) типтерге жататыны белгілі
(осы тараудағы 41-суретті қараңыз).
Жылдам талшықтардың: жылдам тотығу-гликолиздік (ІІ-А) жəне
жылдам гликолиздік (ІІ-В) сияқты 2 түрі бар. Баяу талшықтар жыл-
дам талшықтарға қарағанда төзімділік жаттығуларын орындауға тəн
энергия өнімділіктің аэробтық типі басым келетін ұзақ, салыстырма-
лы күшті емес қайталап жиырылуға жақсырақ бейімделген.
Төзімділіктің көрінуімен қатар жүретін спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде бұлшық ет композицияларының ажыратылатын
ерекшелігі олардың бұлшық еттерін құрайтын баяу талшықтардың
салыстырмалы жоғары пайызы болып табылады. Мұнда баяу
талшықтар пайызы мен ОМП арасында тура байланыс бар. Осымен
қатар спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда спортшылар-
да баяу талшықтардың бірдей пайызы кезінде ОМП жоғары болады.
Кейбір мəліметтер бойынша ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде
(стайер) жаттықпаған адамдарға қарағанда, орта есеппен шамамен,
1,5 есе көп болатын баяу талшықтар барлық зерттелген бұлшық
ет талшықтарының 80%-ға жуығын құрайды. Мұның теориялық
жағынан екі себебі бар. Бірінші себеп, бұлшық еттердегі баяу
талшықтардың басым түсуі туа пайда болған, генетикалық алдын
ала анықталған болуы мүмкін. Бұлшық ет аппаратының мұндай
ерекшеліктері бар адам атап айтқанда, неғұрлым баяу («төзімді»)
талшықтардың белсенді қатысуын қажет ететін спорт түрлерінде
жоғары нəтижелерге жетуде зор мүмкіндіктерге ие. Екінші себеп,
баяу талшықтар пайызының артуы төзімділікке жаттықтыру сал-
дары болып табылады жəне жылдам талшықтар санының сəйкесін-
ше, азаюы есебінен жүреді. Қазіргі уақыттағы бар мəліметтер
бірінші жорамалды растайды.
Біріншіден, баяу талшықтардың өте жоғары пайызы ешқашан
спортпен айналыспаған адамдарда да байқалады. Бұл жағдайда олар
жақсы ұзақ қашықтыққа жүгіруші (стайер) болуға табиғат берген
мүмкіндікті пайдаланбаған деп болжау орынды.
212
Екіншіден,
тіпті,
көптеген
айлар
бойы
төзімділікке
жаттықтырудың өзі дегенмен төзімділікке қатысты айқын əсерлерді
тудыра отырып, яғни спорттық нəтижені, ОМП, баяу талшықтардың
жуандығын жəне тотығу метаболизмі ферменттерінің белсенділігін
жоғарылатса да, бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың
қатынасын өзгертпейді.
Үшіншіден, қарқынды жаттықтырылған бұлшық еттерде тотығу
потенциалы жəне т.б. биохимиялық сипаттамасы жоғары болса да
осы жəне аз жаттықтырылған бұлшық еттердегі баяу жəне жылдам
талшықтардың пайызы бір маманданған спортшыларда мөлшермен
бірдей болады. Аяқ бұлшық еттеріне көп жүктеме түсе орындалатын
жаттығушыларда бұл бұлшық еттердегі баяу талшықтардың пайызы
қол бұлшық еттердегі шамасындай болады.
Төртіншіден, монозиготалы (генетикалық идентивті) жəне дизи-
готалы (генетикалық идентивті емес) егіздерді зерттеу нəтижелері
біріншілерде бұлшық еттердегі талшықтардың екі типі қатынасының
(тіпті, егер екеуінің бірі спортпен белсенді шұғылданып, ал
екіншісі шұғылданбаса да) өте таяу, ал екіншілерде бұлшық ет
композицияларының көп вариациялы болуының мүмкін екендігін
көрсетеді.
Сонымен бірге төзімділікке жаттықтыру кезінде жаттықтырыл-
ған бұлшық ет композициясында бəрібір де белгілі арнайы қайта
құрылулар жүреді. Спортшының жүктеме түскен бұлшық еттерінде
жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ-В) жоқ десе де болады жəне жыл-
дам талшықтардың негізгі массасын жылдам тотығатын талшықтар
(ІІ-А) құрайды. Осылайша төзімділікке жаттықтыру баяу жəне жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының өзгеріссіз қатынасы кезінде жылдам
талшықтардың басым бөлігінің (немесе бəрін) жылдам тотығатын
талшықтарға (ІІ-А) айналуына себепші болады. Бұл ұзақ төзімділік
жаттығуларын орындауға неғұрлым бейімделген жəне негізінен
аэробтық метаболизмге қабілетті талшықтардың жалпы пайызын
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |