213
тереңдігін анықтауға арналған майда торлы батиметриялық суреттер алынады.
Өлшеу сызықтары бір-бірінен 100 метр арақашықтықта орналасады.
ЖБҚ-ның орналасу аймағын қамтитын
гидролокатордың көмегімен
түсіру немесе сүңгуірлер көмегімен суасты кедергілерінің бар-жоғын анықтау
мақсатымен инспекция жүргізу ұсынылады.
Кернді тіректердің жоспарлы топыраққа отырғызу тереңдігінен асатын
тереңдіктерден алынады, ал таяз сулы сейсмикалық түсірулер тіректердің оты-
ру тереңдігінен 50% тереңірек жүргізіледі. Егер де тіректерді отырғызу жерінде
құбыржелілер немесе басқа да заттар болуы мүмкін болса, онда металды
анықтауға арналған магнитометриялық бақылау жүргізген жөн. Егер айтылған
кедергілер анықталса, онда қондырғының орналасу орны қажетті қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында түзетіледі. Зерттеу нәтижелерінен кейін ЖБҚ-ны
орнатуға жарамды деген нүктеге якорленген буй орнатылады.
ЖБҚ келгенше орнату нүктесіне
зәкірлер дайындалады, якор кешеніне
якорлық шынжырлар және рейдті бочкалар кіреді. Белгі қойылған жерлерге да-
йын кешенмен кранды монтажды кемелер келеді, олар ЖБҚ-ны осы аймаққа тән
желдердің бағыттарына байланысты орнатылады. Тікұшақты кедергілерге алып
кетуден сақтау үшін ЖБҚ-ның диаметрлі жазықтығы жел бағытына 45
0
градус-
пен орнатылады. Орнату уақытын азайту үшін ЖБҚ-ны орнату нүктесіне тірек
колонналарын толқу кезінде теңіз түбіне тимейтін тереңдікке түсірілген күйінде
жеткізіледі. Тірек колонналарын теңіз түбіне түсіру және топыраққа енгізу
кезінде өз салмағынан қондырғының шөгуі артады. Теңіз түбінің біртексіздігіне
және топырақтың тығыздығына байланысты пайда болатын крен 1-1,5
0
градус-
тан артпауы қажет. Тіректерді топыраққа енгізу
және ЖБҚ-ның суда тұрған
кезінде тұрқыға толқындар тарпынан әсер ететін жүктеулер колонналарға
беріледі.
Тірек колонналарының салмағы топырақпен түгелдей қабылданғаннан кейін
және ЖБҚ суда жүзу күйінде болғанда, жоғарыда айтылып кеткен жүктеулерге
толқу кезінде қондырғы түбіне толқындар әсер еткендегі тік тербелуден пай-
да болатын жүктеулер қосылады. Осыған байланысты ЖБҚ орнатудағы бұл
кезеңінен мейлінше тез өту қажет.
Қондырғыны түбіне толқындар соққылары әсері тоқтағанша көтереміз.
Цилиндрлердегі қысым максималды мәнге жеткеннен кейін көтерілу тоқтатылып,
20-30 минут ұстайды. Егер
көтергіштердегі қысым артпаса, тіректерді енгізу
тоқтатылды деп саналады. Содан соң көтергіштердің цилиндрлеріндегі
қысымдар теңестіріліп, қондырғыны теңіз деңгейінен
белгіленген деңгейге
көтереді. Деңгейін түзетіп, тоқтату қондырғыларына бекітіледі.