Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет99/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274
Бақылау сұрақтары:
1. Жерүсті жабдықтарына не жатады?
2. Штанга айналдырғыш дегеніміз не?
3. Жерасты жабдықтарға не жатады? 
4. Салынатын сораптар салынбайтын сораптардан қандай айырмашылығы бар?
5. Сораптың плунжері дегеніміз не?
6. Диаметрі және ұзындығы бойынша қандай штангалар болады ?
7. ССҚ не үшін тағайындалған?
8. ССҚ-ның қандай түрлерін білесіз? 
9. Бірблокты ССҚ-ның ерекшелігі неде?
10. Бірблокты ССҚ-ны қандай тереңдікте қолданады?


208
11. 
 
Теңіз тұрағы деген не? 
12. Суүсті пайдалану деп нені атайды?
13. Суасты пайдаланудың негізгі жетістіктері?
14. Суасты жабдықтың сенімділігі неде?
15. «Закум» суасты өндіру жобасын жүзеге асырудың маңызы неде?
16. Суасты жабдықтарға қызмет көрсетудің мәселелері.
17. Мұнай ұңғыларын меңгерудің қандай әдістерін білесіз?
18. Осы әдістердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?


209
9-ТАрАу
 ЖҮЗБЕЛІ БҰрҒЫЛАу ҚОНДЫрҒЫЛАрЫН ҚОЛДАНу 
ТҮрЛЕрІ ЖӘНЕ ОЛАрДЫ ҰсТАу ЖҮЙЕЛЕрІ
9.1 Жүзбелі бұрғылау қондырғыларының кластары, түрлері және 
оларды қолдану
Теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау.
Дүниежүзілік мұхиттың кон-
тиненталды қайраңында бұрғылау жұмыстары әртүрлі теңіз жағдайларында 
жүргізіледі, барлық аудандарда жұмыс жүргізуге орналған жүзбелі бұрғылау 
қондырғыларын (ЖБҚ) құру шексіз күрделілікке және айтарлықтай 
ақталмайтын қымбаттылыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан теңізде бұрғылау 
жұмыстарын жүргізудің дүнижүзілік тәжерибесінде ЖБҚ құру аймағындағы 
бағыттары анықталады, ЖБҚ таңдауда нақты жағдайлар (теңіз табанындағы 
грунт жағдайы, судың толқуы, мұздың жабыны, бұрғылау мақсаты) ескеріледі. 
Әлемдік тәжірибеде қайраңда геологиялық барлау жұмыстарында бұрғылауды 
жүзбелі қондырғыларда – бұрғылау кемелерінде (БК); өздігінен көтерілетін 
жүзбелі бұрғылау қондырғыларында (ӨК ЖБҚ) және жартылай батпалы жүзбелі 
бұрғылау қондырғыларында (ЖБ ЖБҚ) жүргізледі. 
Жүзбелі бұрғылау қондырғысын таңдауда әсер ететін негізгі факторлардың 
бірі – бұрғылау орындағы теңіз тереңдігі. Сонымен бірге ол тәжірибенің 
жинақталуына, бұрғылау техникасы мен технологиясының дамуына, бұрғылау 
аудандардың кеңеюіне және тереңдікке тәуелді. Егер 1970 жылға дейін ӨК 
ЖБҚ-мен 15-75 м тереңдікте бұрғыланса, қазіргі уақытта 120 м және одан да 
терең акваторияларда қолданылады. ЖБҚ геологиялық барлау жұмыстары үшін 
200-300 м тереңдіктегі акваторияларда, бұрғылау сағасында зәкірлік жүйемен 
ұсталып тұрады.
Бұрғылау кемелері жүру жылдамдығының, икемділігінің, автономдығының 
арқасында теңіз тереңдігі 1500 м болғанда іздеу-барлау жұмыстары үшін 
қолданылады. Мұнай қорның молдығы (100 жұмыс күніне) бірнеше ұңғыманы 
бұрғылауды қамтамасыз етеді, ал оның жүрісінің жылдамдығы жаңа нүктеге 
тез жеткізуге мүмкіндік береді. Бұрғылау кемелерінің кемшілігі оның жарты-
лай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғымен салыстырғандағы теңіз толқынына 
тәуелділігінің шектеулілігі, БК тік 3,6 м шайқала алады, ал ЖБ ЖБҚ 5 м дейін 
шайқалады. ЖБ ЖБҚ тұрақтылығы жоғары, сондықтан ЖБ ЖБҚ тік шайқалуы 
толқын биіктігінің 20-30%-н құрайды. Осылайша ЖБ ЖБҚ-нан ұңғыманы 
бұрғылау жұмыстары айтарлықтай теңіздің үлкен толқуларында жүргізілуді 
қамтамасыз етеді. ЖБ ЖБҚ-ң кемшілігі – оның жылдамдығының аздығы. 


210
ӨК ЖБҚ-ң тұлғасы өте үлкен, оның жүргіштік қоры жұмыс орнына қажетті 
технологиялық жабдықтарды, құралдарды және материалдарды жеткізуді толық 
қамтамасыз етеді. Оны бір орнынан келесі орынға тасымалдауда оның тіректері 
көтеріліп, ал бұрғылау нүктесінде тіректері теңіз түбіне түсіріліп грунтқа 
қағылып тұрады, ал тұлға тіректері бойымен талап етілетін есептік биіктікте 
теңіз деңгейінен жоғары көтеріледі.
Қондырғыны теңізге батыру суы терең емес жерлерде қолданылады. Төменгі 
су сыйымдылықтары бар тұлғалардың немесе тұрақтандырғыш колонналардың 
сумен толтыруының нәтижесінде қондырғы теңіз түбіне қондырылады. 
Жұмысшы платформа бұрғылау үдерісінде де, тасымалдауда да, су бетінде бо-
лады. ЖБ ЖБҚ және БК жұмыс жағдайында қалқып тұрады және оны зәкірлік 
жүйемен немесе динамикалық тұрақтандыру жүйесі көмегімен ұстап тұрады.
ЖБҚ негізінен тереңдігі 30-120 м болатын акваториялардағы мұнай-газ 
кен орындарындағы барлау жұмыстарында қолданылады. ЖБҚ тұрқы рөлін 
атқаратын жүзбелі понтоннан, үш немесе одан да көп сырғымалы тірек ко-
лонналарынан тұрады. Калонналардың саны 3-5 болғанда олар тұрқының 
бұрыштарында орналасады, ал тұрқының ұзын жақтарында 6 немесе одан да 
көп колонналар болады.
Тұрғыда технологиялық, энергетикалық, көмекші қондырғылар, техно-
логиялық материалдардың қоры, отын, ауыз және технологиялық сулар, құрал-
жабдықтар, құбырлар, тұрғын үй және жұмыс орындары, қоймалар және т.б. 
орналастырылады.
Бұрғылау нүктесіне қондырғыны тасымалдағанда, тіректерін көтеріліп 
бекітілген күйінде жеткізіледі. Бұрғылау нүктесінде тіректерін көтеріп 
түсіру құрылғысының көмегімен түсіріледі. Осыдан кейін қондырғы арнайы 
көтергіштермен тірек колонналар бойымен түбін толқын ұрмайтын биіктікке 
дейін көтеріледі.
ЖБҚ-ның конструкциясына және типіне байланысты бірнеше түрі бар. 
Тұрқы тірек коллонналарының конструкциясына және санына байланысты 
бөлінеді. Тіректерінің санын анықтауға бірнеше факторлар әсер етеді: теңіз 
тереңдігі, гидрометерологиялық жағдайлар, тірек колонналарын топыраққа 
отырғызу және шығару әдісі, теңіз табаны, көтерілетін тұрқының жалпы 
салмағы, дайындаудың технологиясы қиындығы және т.б.
Үлкен тереңдіктерде әр колоннаға толқын тарапынан түсетін жүктеулер 
өседі. Ұзын колонналарының майысуына қарсы беріктігін арттыру мақсатында, 
колонналардың қима ауданын ұлғайту қажет. Осыған байланысты 60 метрден 
астам тереңдіктерде төрт тіректі қондырғылар қолданады, бірақ көбінесе үш 
тіректілері басым болып келеді. 90 метр тереңдіктен бастап тек үш тіректілер 
қолданылады.
Цилиндірлік тіректер 45 м дейінгі тереңдікте (65-70%) және 45-75 м 
тереңдікте цилиндірлі және фермалы тіректер, ал 75 м артық тереңдіктерде 
тек фермалы тіректері бар қондырғылар қолданылады. Фермалық тіректердің 


211
конструкциясы тік төртбұрыш, шаршы және үшбұрыш пішінді болып жобала-
нады. Тіректердің ең сәттісі, ол қимасы үшбұрышты тірек. Үшбұрышты тірек 
тұрқының үшбұрыш пішініне сәйкес және салыстырмалы түрде толқын әсеріне 
ұшырайтын элементтер саны азырақ. Колонналардың түп жақтары башмакпен 
немесе колонналарды өзара біріктіріп тұратын плитадан тұрады.
Көтергіш құрылғылардың механизмдері механикалық немесе гидрав-
ликалық болып келеді. Дүние жүзілік тәжірибеде механикалық механизмдер 
көп қолданылады. Бұл механизмнің конструкциясының қарапайымдылығы 
және басқа да факторларға байланысты. Механикалық көтеру құрылғысы 
тіректердің конструкциясына енгізілген тісті доңғалақ механизмінің тұрқысына 
орнатылған тісті рейкадан тұрады, оның тісті доңғалағы үнемі рейкамен 
іліністе тұрады. Механизмнің жетегі редукторлы электроқозғалтқышпен не-
месе гидроқозғалтқышпен іске асырылады. Екі тісті рейкамен іліністе тұратын 
жұпта жетек дөңгелекті қондырғылары болады. Жетек дөңгелектерінің жұп 
саны ЖБҚ-ның көтеру жүйесінің жүк көтергіштігіне байланысты екіден алтыға 
дейін болуы мүмкін.
Бұл құрылғылардың ерекшелігі – тұрқын үздіксіз көтеру және ЖБҚ-ны 
көтеру үдерісі кезіне үзілістер болмайды. Тіректерді көтеру және түсіру үдерісі 
бір уақытта немесе бөлек іске асырылуы мүмкін. Тісті доңғалақ жетегінде ре-
дукторлы сенімді дискілі тежегіші және бұру мезанизмі бар, бұл өз кезегінде 
платформаның 0,4-0,9 м/мин жылдамдықпен көтерілуін және түсуін қамтамасыз 
етеді. Платформаларды 0,46-1,37 м/мин жылдамдықпен түсіріп, көтеретін 
қондырғылар да бар.
Гидравликалық көтеруде екі жүйе қолданады: Де Лонга және Ле Турно. 
Де Лонга жүйесі негізінен цилиндірлік тіректерде қолданылады. Ол тіректе 
орналасқан шеңберлі ұядан және осы ұяға керетін гидроцилиндірлі жетекті 
қазықтан тұрады.
Ле Турно жүйесі тіректердің фермалық конструкциясында қолданылады 
және саңылаулы рейкадан, осы рейдағы саңылауларға кіретін ұстағыштардан 
тұрады.
Теңіз акваторияларында жүргізілген бұрғалау жұмыстарынан алған 
тәжірибелер жүзбелі бұрғылау қондарғыларының талаптарын анықтайды. 
Негізінен теңіздегі жұмыстардың өзіндігіне байланысты:
• ұңғыманы бұрғылау кезіндегі қондырғы құрлысының жоғары өнімділігі;
• бұрғыланған ұңғымадан ЖБҚ-ын жаңа нүктеге орын ауыстыруының 
жылдамдығының жоғарылығы;
• алыс және қысқа арақашытықтарға орын ауыстырғанда қондырғының 
жүзгіштігін қамтамысыз ету;
• аса қауіпті жұмыстар кезінде өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• автаномдылық, бұрғылауды материалдырмен және персоналды тиісті 
тұрғын жағдайларымен, азық түліктермен қалыпты қамтамасыз етілуі 
керек сияқты талаптар қойылады.


212
Дүние жүзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып қоғамдар мен 
ұйымдар бірқатар классификациялық ережелер, басқару және нормативтік 
құжаттар ұсынады. Бұл ережелер жалпы кемелік және технологиялық 
жабдықтарды және жүйелерді қолдануды, олардың жұмыстағы қауіпсіздігі мен 
сенімділігін қамтамасыз етуге негізделген.
Технологиялық жабдықтардың кешенін мыналар құрайды:
• ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы;
• бұрғылау сұйықтығын дайындауға, жіберуге, ауырлатуға, регенера-
циялауға, сақтауға және оны бұрғыланған жыныстардан тазалауға 
арналған қондырғылар;
• бұрғылау және цемент сұйықтықтарын дайындауға арналған порошок 
тәрізді материалдарды сақтау және қабылдау қондырғылары;
• ұңғыманы шегендегенде цемент сұйықтығын дайындайтын және ай-
дайтын қондырғылар;
• ұңғымаға электрометриялық және каротаждық жұмыстар жүргізуге 
арналған қондырғылар;
• суасты саға қондырғылары;
• ұңғыманы меңгеруге арналған қондырғылар;
• көмекші қондырғылар (жүк көтергіш крандар, тельферлер, кіші механи-
зация қондырғылары және т.б.);
• теңіз суын ластанудан сақтайтын қондырғылар;
• ұңғыманы бұрғылау кезінде технологиялық үдерістерді бақылайтын 
және басқаратын жүйелер.
Бұрғылау жұмыстарының жауапкершілігі және қауіптілігі дәрежесіне бай-
ланысты өндіріс учаскілері ұңғыманың бұрғылау аймағын құрайтын аймақтарға 
бөлінеді: ұңғыма сағасы, бұрғылау сұйығының резервуары, бұрғылау сұйығының 
циркуляция жүйесі, бұрғылау сораптары, виброторша, құм және лай бөлгіштер, 
дегазаторлар және басқа да механизмдер және қондырғылар мен механизмдердің 
класы және аймағына байланысты олардың орналасуына байланысты талаптар 
қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет