232
Кен орнын пайдалану және оның маңайында құрылыстарды тұрғызу жо-
басы мұнай немесе газдың бағаланған қорына, кен орнына, теңіз тереңдігіне,
қоршаған орта жағдайлары және т.б. факторлармен байланысты жасалынады.
Серпімді құрылмалар бекіту тәсілі бойынша үшке бөлінеді:
1. Тартқыш мұнаралар – 16 тартқышы және зәкірлік тұрақтандырғыш
жүйесі бар. Құрылма өзінің орнықтылығын тартқыштар жүйесі,
қалытқылы понтондар және қарсы салмақтар арқылы қамтамасыз етеді.
2. Жүзбелі мұнаралар – қозғалмалы маятникке ұқсас, олар тепе-теңдік
жағдайларында, құрылмалардың жоғары жағына орналасқан, жүзбелі
понтондар арқылы келеді.
3. Иілгіш мұнаралар – тік жағдайдан толқындардың әсерінен ауытқиды,
олар бұл жағдайда қысылған серіппеге ұқсас, тепе-теңдік қалпына
қайта келуге тырысады.
Серпімді теңіз тұрақты платформаларының 13%-ы жүзбелі мұнараларға,
8%-ы тартқышты мұнараларға, 3%-ы иілгіш мұнараларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: