Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тұрақты теңіз платформалары дамуының негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет106/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274
10.2 Тұрақты теңіз платформалары дамуының негізгі кезеңдері 
мен бағыттары
Бұрыңғы КСРО-да бірінші металдан жасалған қадалық тұғырнама кон-
струкциясын инженер Н. С. Тимофеев ұсынған. Тұғырнаманың қадалары 
қазу тәсілімен түсіріліп, теңіз түбіне цементтелінеді. Сонан кейін, аралық 
құрылымдар жиналып, құрылыс орнына түсіріледі.
1940 жылы инженер Б. А. Рачинский теңіз тұғырнамасының жоғарғы 
құрылымының ірі блокты конструкциясын ұсынды. Мұндай блоктар це-
менттелген қадалар үстіне монтаждалады. Зауытта дайындалатын ірі блокты 
элементтерді қолдану кұрылыс уақытын шұғыл қысқартты.
Теңіз кеніштерін игеру үдерістері, әр теңіздің тұрақты тұғырнамалары 
орналасқан бөлек объектілері арасында сенімді байланыс болуды талап етті. 
Ұңғыларға қажет материалдарды (жүктерді) 4 баллдан жоғары толқында және 5 
баллдан жоғары желде кемемен тасымалдау қиыншылық туғызды. Сонымен ка-
тар, кейбір тайыз акваторияларда кеменің жүзуге мүмкіншілігі болмағанда (мы-
салы, Нефтяные Камни аймағы), мұндай объектілерді байланыстыру үшін эста-
кадалар тұрғызуға тура келді. Металдан жасалған тұрақты тұғырнамалардың 
дамуының келесі кезеңі өндіріске ЛАМ, МОС конструкцияларының ендірілуімен 
байланысты. 1976 жылы 28-сәуір атындағы кеніште 84 м теңіз тереңдігінде 
теңіздің тұрақты платформасы (ТТП) орнатылды.
Шетел тәжірибесінде теңіз мұнай кеніштерін игеру ағаш қадалы тұрақты 
тұғырнамаларды қолданудан басталды. Шетелдерде ұңғыларды бұрғылау және 
олардан мұнай өндіру үшін металдан жасалған тұрақты теңіз тұғырнамаларын 
қолдану, 6 м тереңдікке арналған қарапайым конструкцияны қолданудан бастап, 
305 м және одан да терең акваторияларға пайдаланылатын күрделі конструкция-
ларды жетілдіру жүргізілуде.
Ұңғыларды бұрғылау және мұнай өнімін өндіру үшін теңіздің 
гидротехникалық құрылымдарының дамуының екінші кезеңі – теңіздің тұрақты 
платформаларының жасалуына байланысты. Теңіз тұрақты платформалары – 
тірек бөлімінен, массивті (салмақты) моноблоктан және алынатын көп палуба-
лы жоғарғы құрылымнан тұрады.


230
Бұл конструкциялардың ерекшелігі – зауытта дайындалған массивті блоктар-
ды (модульдерді) тұрақты платформаның көп палубалы жоғарғы құрылымында 
әртүрлі биіктікте орналасқан арнайы технологиялық жабдықтарды қолдану. Бұл 
жағдай бұрғылау жұмыстары мен мұнай өнімін өндіруді бір мезгілде жүргізуді 
қамтамасыз етеді.
Теңіз тұрақты платформалары конструкцияларының ең жедел дамуы 
Солтүстік теңіздегі мұнай және газ кеніштерін игерумен тығыз байланысты.
Солтүстік теңізде массивті, теңіз түбіне қадалармен бекітілген метал-
дан жасалған теңіз тұрақты платформаларымен қатар, гравитациялы, түрлі 
массивті темірбетонды платформалар қеңінен қолданылады. Сонымен қатар, 
құрастырылған конструкциялар да қолданылады: конструкцияның төменгі 
бөлігі темірбетоннан, ал жоғарғысы – металдан жасалған.
Қазіргі кезде кейбір терең акваторияларды өндіру үшін, тартылатын тіректері 
бар платформалар теңіз мұнай және газ кеніштерін игеру үшін жүзбелі жүйе 
қолданылуда. Жүзбелі жүйені аз өнімді кеніштерді игеру үшін, сонымен қатар, 
өндірілетін мол қорлары бар кеніштерді игерудің бірінші кезеңінде қолданады.
Қатаң металл қонструкцияларын жетілдіру мақсатында бірнеше жобалар 
орындалды. Сонымен қатар серпімді платформалар конструкцияларын (300 
м-ден 1000 м су тереңдігіне арналған) зерттеу және жобаларын жасау жұмыстары 
жүргізілуде. Мұздық жағдайларда жұмыс жасауға арналған бірқатар платфор-
малар конструкциялары орындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет