Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қатты тұрақты теңіз платформалары



Pdf көрінісі
бет105/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Қатты тұрақты теңіз платформалары
Свайлармен бекітілген тұрақты теңіз платформалары
– свайлар арқылы 
теңіз түбіне бекітілген тіректі бөліктен және технологиялық қондырғылармен 
қамтылған жоғарғы жабдықтардан тұратын гидротехнологиялық құрылым.
Тіректі бөлік немесе бірнеше блоктардан пирамида түрінде неме-
се тікбұрышты паралелепипед сияқты болып орындалады. Решеткалардың 
стержендері (сырықтары) металл құбырлы элементтерден жасалады. Тіректер 
блоктарының саны белгілі ауданда жұмыстың сенімділігі және қауіпсіздігімен, 
техникалық-экономикалық негіздермен және зауыттағы жүккөтергіш, транс-
портты құрылғылармен (Тұрақты теңіз платформасының тіректі бөлігін 
дайындағыш) болуымен анықталады. Свайларды платформа тіректерін бекіту 
бетондау аппаратымен орындалады.
10.2
а,б,в
-суреттерде
 
Каспий теңізінде қолданатын тұрақты теңіз плат-
формалар сұлбалары келтірілген. Төменде теңіз стационарлы платформаның 
қысқаша техникалық берілгендері көрсетілген. Мұнда платформа бір-бірінен 
31 м арақашықтықта орналасатын екі тіректі блоктардан, үшпалубты жоғарғы 
құрылымдардан, оның ішіне кіретін 14 модулдардан: екі мұнара астындағы, 
әрқайсысы 450 т болатын пайдалану қондырғысы бар алты төменгі палубалар 
әрқайсысы 600 т бұрғылау қондырғысы бар жоғарғы палубаның алты модулі.
Осы платформа ұңғымаларды екі бұрғылау қондырғыларымен бұрғылауды 
қамтамасыз ететін технологиялық және қосымша жабдықтар, жүйелер, инстру-
менттер және материалдардан тұрады. Сонымен қатар, платформа блоктын 
тұрғын орындарымен, тікұшақ алаңымен, арнайы крандармен қамтылған.


228
Платформадан 12 ұңғымаларды бұрғылау қарастырылған. 
Жобадағы өлшем, мм:
өндірістік алаңның.......................................71х50
тіректі блоктың............................................16х49
Салмағы, мың.т:
платформаның ..............................................12,1
тіректі блоктың..............................................2,04
Тіректі блоктар теңіз түбіне свайлармен бекітіледі. Тіректі блоктарда мо-
дульдары сәйкес технологиялық, қосымша жабдықтармен және жүйелермен 
қамтылған үшпалубты құрылым орнатылады.
Теңіз мұнай-газ кен орындарын құрылымдармен қамтуға кететін шығын 
жалпы барлық күрделі қаржының 50% құрайтыны белгілі. Сонда жеке мұнай-
газ кәсіптік платформалардың құны 1-2 млрд долларды құрайды деп санауға 
болады.
Мысалы, қазіргі кезде Солтүстік теңіздің Троллькен орнында пайдалана-
тын тереңсулы гравитациялық платформа 1 млрд доллармен бағаланады. Ал 
тереңсулы магистралды құбырды орналастыруға кететін шығын бір километрге 
2-3 млн долларды құрайды.
10.4 сурет. Бір тіректі колонналы платформаның сызбанұсқасы


229
Қайраңды меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды 
шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді. Қайраңды меңгерудің 
тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген, оны таңдау технологиялық
геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық, саясат жағдайларының 
жиынтығымен анықталады.
Жаңа техниканы және теңіз мұнай газ құрылымдарды құру аумағында 
жұмыс істейтін инженерлік компаниялардан «Браун энд Рут», «Мак-Дермот», 
«Кверенр», «Аккер» және т.б. жоғарғы орындарды алуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет