Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет30/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

0

, А


1

, А


2

- Нb болады. 

Сақа малдың қанында гемоглобиннің 17 түрі болатын көрінеді. 

7-сурет. Сали гемометрі 



41

Олар бір-бірінен негізінен глобиннің α жəне β тізбектеріндегі 

ақырғы амин қышқылдарының байланысымен ерекшеленеді. 

Нb-Ғ құрамында Нb-А-мен салыстырғанда треонин, серин, гисти-

дин қышқылдары көбірек болады.

6-кесте. Əртүрлі жануарлар қанындағы гемоглобин мөлшері

Жануарлар

Сали көрсеткішімен

(пайыз)


Қанның 1 л 

мөлшерінде (г)

Жылқы 

Сиыр 


Түйе 

Қой 


Ешкі 

Шошқа 


Қоян 

Тауық 


Ит 

50-100


56-74

66-114


54-80

45-81


51-99

51-87


51-99

65-95


13,6

11,0


15,2

11,6


10,7

10,6


11,7

17,7


13,7

Қалыпты жағдайда организмде гемоглобин толассыз түзі-

ліп жəне жойылып отырады. Тəулігіне шамамен қандағы гемо-

глобиннің бір пайызы жаңарады. Ал жаңа гемоглобин сүйек 

кемігіндегі эритробласт торшаларында түзіліп, ескірген гемогло-

бин торлы эндотелий жүйесінде, негізінен бауыр мен көкбауырда 

жойылады.

Қаңқа мен жүрек еттерінде гемоглобиннің ерекше түрі - 

миог лобин кездеседі. Ол гемоглобиннен өзінің химиялық құры-

лысымен, физикалық-химиялық қасиеттерімен жəне биологиялық 

маңызымен ерекшеленеді. Миоглобиннің құрамында да глобин 

мен гем болады, бірақ миоглобиннің глобині амин қышқыл-

дарының 153 қалдықтарынан құрылған бір ғана полипептид 

тізбегінен тұрады. Миоглобин құрамында жалғыз гем болады да, 

оның молекулалық массасы 20 мың құрайды (8-сурет).

8-сурет. Миоглобин молекуласы



42

Миоглобин көмір қышқыл газымен қосылыс түзбейді, бірақ 

оттегімен жеңіл қосылып, жеңіл ажырасады. Ортаның əрекетшіл 

реакциясы оксимиоглобиннің диссоциациялану жылдамдығына 

көп əсер ете қоймайды. Оттегінің үлес қысымы сынап бағына-

сымен 40 мм-ге жеткеннің өзінде миоглобиннің 95 пайызы от-

тегімен қанығып үлгіреді. Ал оттегінің үлес қысымы сынап 

ба ғынасымен 5 мм-ге дейін төмендегеннің өзінде (торшадағы 

жағ дай) миоглобинмен байланысқан оттегінің тек 40 пайызы ғана 

пай даланылады. Миоглобин бұлшық еттерде жүретін процестер-

де, атап айтқанда, оттегі қорын жинақтауда, жиырылған еттерді 

от тегімен қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет