Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет125/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   219
§31.
 
ЕрКіН жәНЕ ЕріКСіЗ тЕрБЕЛіСтЕр.
рЕЗОНАНС
1.
Еркін тербелістер
деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылған 
соң сыртқы күштің әрекетінсіз тек ішкі күштердің әрекетімен 
орындалатын тербелістерді айтады
.
Алдыңғы тақырыпта қарастырған тербеліс периодтарының формула-
лары осы еркін тербелістерді сипаттайды. Еркін тербелістердің жиілі-
гін жүйенің 
меншікті тербеліс жиілігі
немесе 
меншікті жиілік
деп те 
атайды.
Серіппелі және математикалық маятниктер еркін тербелгенде жүйеде-
гі үйкеліс мейлінше аз болуы керек, олай болмаған жағдайда тербеліс тез 
өшіп қалады. Себебі үйкеліс күші қозғалысқа қарсы бағытталғандықтан, 
оның әрекетінен істелген жұмыс механикалық энергияны 

Е
шамасына 
кемітеді (
А=

Е
). Энергияның азаюымен амплитуда кемиді де тербеліс 
өшеді. Өшетін тербелістерді (сурет 5.17) гармоникалық тербелістер деп 
есептеуге болмайды, өйткені гармони-
калық еркін тербелістерде амплитуда 
тұрақты сақталады. Ал өшетін тербе-
лістерде амплитуда мен период және 
жиілік тұрақты сақталмайды. Сон-
дықтан өшетін тербелістер үшін гар-
моникалық еркін тербелістердің заң-
дары мен формулаларын қолдануға 
болмайды.
2.
Еріксіз тербелістер.
Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңу-
ге кететін энергияны толықтырып отыру қажет. Тербелмелі жүйенің 
энергиясын оған сыртқы периодты түрде өзгеріп отыратын күшпен әре-
кет ету арқылы толықтыруға болады. Жүйенің энергиясы осы сыртқы 
күш жұмысының есебінен толығып отырады. Тербелістерді тудырушы 
периодты түрде өзгеріп отыратын сыртқы күшті 
мәжбүр етуші
күш деп 
атайды да, оның туғызған тербелісін 
еріксіз тербеліс
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет