"Құдаймен" басып тастау аркылы, яғни жоғары аполлонизм жолымен жүргендігін көрсетеді. Осылайша, адамзаттың табиғи калпы, философтың пікірінше, христиандык жагынан бұрмалауға ұшырады, адам болмысының нағыз көздері Қүдайдың көлеңкесінде жасырын калды. Ал кейінірек, жаңа заманда Қүдай бейнесі әлемді заңды тэртіпке келтіруге тырыскан интеллектгің, ғылыми акикаггың бейнесімен алмасты. Өмір интеллект ойынының ережелерімен реттелетін болды, онда өзін-өзі аныктауға орын калмады, тіршілік апофеозы калыптасты. Мүның бәрі адамды өмір сүрудің көзі - өмірден арасын алшактатты. Ф.Ницше өмірмен көбірек байланысты иллюзиянын түрі ретінде - өнердің рөлін ерекше бағалайды: "мәдениет - бұл бейберекетсіз хаостың сыртындағы жұка ғана алманың кабыкшасы". Ол адамзатты күйреуден сактауы тиіс және еркіндік пен шығармашылыкты бағалайтын адамгершілікті жэне дені сау адамды калыптастыруы кажет. Бүл күрамында дионистік (өмірлік күштердің еркін ойыны) жэне аполлондык (өлшемділік, шектеулік) бастаулар өз тұтастығы мен тепе- тең қайшылығында көрінетін өнер болуы керек. М.Вебердің "идеалды типі" элеуметтік-мәдени теорияның әдіснамасы ретінде. Макс Вебер (1864-1920) - XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы ең ірі әлеуметтанушылардың бірі. М.Вебердің айналыскан ғылыми салалары өте кең: ол антикалык заман, ортағасырлар мен жаңа заманның діні мен өнері, кұқығы мен шаруашылығының тарихын зертгеді. Урбанизация мәселесіне байланысты