П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет511/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

сакырып ал, аип кет, килеп кер(
баш қ.); 
алып гет,
токьтап
/сбал(құм.); 
секирип тюс, услап кер, барып
кер, кьыдырып шыкь, айналып шыкь, апарып бер
(қарқ.); 
айып бер, чабып
&7/?(қараш-балқ.); 
бориб
кел, кириб чик, ут иб кет
(өзб.); 
туктап кал, укып
чык, кайтып кит, йөреп кит, алыип бир, алып чыг
(тат.); 
сатып бер, алып бер, айта бар, ала бар
(қырғ.); 
барып кел, сатып ал
(ноғ.) т.б. Бұдан күрделі 
етістіктің сы ңарлары ны ң л екси кал ы қ м ағы н а 
беруші тілдік бірліктер екенін, күрделі етістіктің 
сөзжасамға жататынын көруге болады.
^ Олай болса, күрделі етістіктердің құрамы да, 
жасалу жолы да жалпы күрделі сәздің барлы қ 
принципіне сай. Сондықтан күрделі етістіктердің 
өзіндік белгілері мынадай:
Күрделі етістік біртұтас лексикалы қ м ағы на 
береді. Бұлардың білдіретін күрделі қим ы л ұғы - 
мы күрделі етістіктердің құ р ам ы н д ағы ж еке 
қимылдардың мағы налы қ қосындысынан туады. 
Күрделі етістіктегі күрделі қимылдың м ағы насы
әрбір сы ңарды ң Ькеке м ағы налары на тең емес, 
ейткені ол күрделі етістік жасаушы сыңарлардың 
бәрінің мағынасынан жасалып, олардың мағына- 
сы тұтас мағы наға кошіп, күрделі қимылдьің аты- 
на айналған. Мысалы,
Адам екен демеңіз!
Түсіріп саумал бермеңіз!
Қайтып кетсін
еліне!
Бірің ш ы ғы п ермеңіз! (Ер Сайын).
Осындағы 
кайтып кетсін
сияқты күрделі 
қимыл үғымы бірнеше жеке қимылдың кірігуінен


қалы птасқан. Бұл - бір күннің нәтижесі емес, 
ғасырлар бойы тілдің сөзжасам қабілетінің да- 
муының жемісі.^Күрделі етістіктердің білдіретін 
м ағы насы санам ы зда біртұтас қим ы л ретінде 
қалыптасқан, сыңарлары бір-біріне сәйкестеніп, 
ы ңғайласы п құралады . Содан бір лекси калы қ 
м ағы на шығады. Солай қабылдаймыз да. М ыса- 
лы: А ғам тұры п, ш айы н ішіп болды ма екен, 
біліп кел,
деп жіберген жолдас жігіті Әлмағанбет 
ж аңа 
қайтып келген
(Әуезов). Ж ақы нда Тәмбай 
мырзаның кіресімен қалаға барып қайтып едім. 
Бір ж ақсы сыбыс 
естіп келдім
(Есенберлин). 
О сы нда қолданы лған 
біліп кел, кайтып келген,
барып қайтып, естіп келдім
си яқты күрделі 
етістіктер ә р қ а й с ы с ы бір күрделі қи м ы лд ы
білдіреді. ^ұлард ы ң сөйлемде атқарған қызметі 
тілімізде қолданы лы п жүрген жалаң етістіктер 
секілді. Осы сөйлемдерде күрделі етістіктердің 
бәрі де сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарып, 
бір сөздің қы зметінде тұр. Ал олар бір лекси ка- 
лы қ мағы на беретін^соз болғандықтан, сөйлемде 
бір ғана сұраққа жауап беріп тұр. Дара етістіктер 
қалай бір сұраққа жауап берсе, күрделі етістіктер 
де сондай бір сұраққа жауап беріп, бір сөздің 
қызметін атқарады. Өйткені күрделі етістіктердің 
құрам ы нда неш е сөз болса да, олар - бір сөз 
жасап тұрған морфемалар. Бір сөзде бір ғана лек- 
сикалы қ м ағы на болуға тиіс. Бұл жалпы заңды- 
лы қ. Күрделі етістік біртұтас лексикалы қ м ағы - 
на берсе ғана, күрделі етістік болып танылады. 
Ал күрделі етістіктің бір лексикалы қ м ағы насы
болмаса, оның сыңарларының әрқайсысы өзінше 
дербес м ағы на беріп, ж еке-ж еке сұраққа жауап 
берсе, ол күрделі етістік емес, сөз тіркесі болар 
еді. М ысалы: Ол 
қарқы лдап к ү лді
дегендегі 
қарқылдап күлді
деген соз тіркесінің әр сыңары 
қалай күлді? ол не істеді? деген сияқты әр түрлі 
сұр ақтарға жауап беріп тұр. С онды қтан бұл 
күрделі етісікке жатпайды, сөз тіркесі ғана.
Күрделі етістіктер білдіретін күрделі қимыл 
ішкі м ағы налы қ құрамы жағынан:
а) 
бірінен кейін бірі жасалатын екі қимылдан 
тұрады: 
біліп кет, кіріп иіык, біліп шық, әкеп бер.
ә) бір мезгілде жасалатын қимылдан тұрады. 
шаба жөнелісті, жетіп келді.
Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер си яқ- 
ты м ағы налы етістіктерден жасалады. С онды қ- 
тан оны ң құрамындағы сыңарлары м ағы на жа- 
ғынан тең болады. Ұлпан сары жез самауырынды 
көтеріп, далаға 
шығып
/сетя//'(Мүсірепов). Үйіне 
қайтып келді
де, қасқы р көрпені айқара жамы- 
лып жатып қалды (Сонда).
Осы мысалдардағы 
шығып кетті, қайтып
келді
деген күрделі етістіктердің құрамындағы 
сыңарлары - мағыналары тең етістіктер. Сондық- 
тан да оларды ң әр қай сы сы біртұтас күрделі 
қимылдың белгілі бір бөлігін білдіреді.
Күрделі қимыл мағынасы күрделі етістіктердің 
құрам ы ндағы сыңарлар білдіретін жеке қим ы л- 
дан тұрады. Бірақ күрделі етістіктің құрамындағы 
жеке сыңарлар өзінің дербестігінен айыры лған. 
Олардың м ағы насы біртұтас м ағы н аға көш іп, 
күрделі қимылдың атын жасаған. Күрделі қимыл 
біртұтас ұғым, бір қим ы л дәрежесіне жеткен. 
Күрделі етістіктердің білдіретін м ағы насы адам 
санасы н да біртұтас қи м ы л ретінде таны лы п, 
біртұтас қимыл ретінде қалыптасқан. Сондықтан 
ол неше сыңардан ж асалса да, бір лексикалы қ 
мағы на деп түсініледі, бір қим ы л ретінде қабыл- 
данады. Мысалы: Кәлен болыс аулына 
қашып
келген
жылқыш ы жігіттен Еламан мен Райды ке- 
м ем ен Қ азал ы ға 
ж өнелт іп жібергенін
есітті 
(Нұрпейісов).
Күрделі қимылды бір қимыл деп тану керек, 
оны ң мәні бөлшектеуге келмейді. Сондықтан да 
күрделі етістік білдіретін м ағы на біртұтас лекси- 
калы қ м ағы на болады. Ал осы біртұтас лексика- 
лы қ м ағы на оның құрамындағы алғаш қы дербес 
мағыналы етістіктердің мағынасының кірігіп жым- 
дасуынан, абстракцияланып біртұтас лексикалық 
м ағы наға көшуінен жасалған.
Күрделі етістік дербес сөз болғанды қтан, ол 
барлы қ дербес сөздер си яқты сөйлем нің бір 
м ү ш е с ін ің
қ ы з м е т ін
а т қ а р а д ы . 
О н ы ң
қ ұ р а м ы н д а ғ ы с ы ң а р л а р ы сө й л ем д егі б асқ а 
сөздермен синтаксистік байланы сқа түспейді, 
жеке-ж еке сөйлем мүш есі болмайды, біртұтас 
бірлік ретінде бір сөйлем мүшесі болады. Өйткені 
ол - бір сөз. Мысалы: Әзімбай жауап айтпай, үнде- 
мей тұрды да, 
атына мініп кетті
(Әуезов). Мен 
Кенжснің нақсүйері едім ғой, азын-аулақ еншімді 
бөліп берсін
(Сонда).
Ағаның қарлығашы інісіне, Ақ қанат періште 
боп 
үшып жеткен
(М ақатаев). Дайы р түні бойы 
қаш қындарды 
алып кеткен
қайықш ыны тосумен 
болды (Әуезов).
Жоғарыдағы мысалдардан күрделі етістікгердің 
сөйлемнің барлық мүшесі бола алатындығын бай- 
қаймыз. Бұл қасиет жалпы күрделі сөзге тән, олай 
болса, бұл күрделі етістіктің де соған жататынын 
дәлелдей түседі.
Күрделі етістіктер сойлемде дара создер сияқ- 
ты түрленеді, соз түрлендіруш і көрсеткіш тер 
күрделі етістік біткен соң, оның соңғы сыңарына




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   507   508   509   510   511   512   513   514   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет