П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет559/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

434
МОРФОЛОГИЯ
тастасақ та, сақталып тұрады. Ол грамматикалық 
мағынаны білдіріп тұрған 
-ім, -ің, -ім із , -ы ңы з,
-ым
деген парадигмалық сипаттағы тәуелдік жал- 
ғауы. С онды қтан да бұл - қазақ тілінде (жалпы 
түркі тілдерінде) жеке бір грамматикалық катего- 
рия, тәуелдік категориясы болып табылады.
Тілдегі грамматикалық категориялар айнала- 
дағы объективтік құбылыстың, қоғамдық өмірдегі 
болмы стың, ш ы нды қты ң тілдегі бейнесі деуге 
болады.
Ж оғары да көрсетілгендей, грамм атикалы қ 
категориялардың негізінде белгілі бір объективтік 
болмыс, ш ы нды қ жатады. А йталық, тек (род), 
тәуелділік ұғымдары мен жекелеген тілде сондай 
грамматикалық категориялардың болуын былай 
қойғанда, тілдегі етістікке байланысты шақ кате- 
гориясын алайық. Ең алдымен, етістік қимылды, 
іс-әрекетті, процесті, құбылысты білдіреді. Бұл - 
қандай тілге болса да тән. Екіншіден, қандай тілде 
болса да, етістік, я ғн и іс-әрекет, процесс, құбы- 
лыс белгілі бір мезгілде, сәтте, уақытта ж әне 
белгілі бір кеңістікте, мекенде өтеді, я өтуге тиіс. 
Бұл - объективтік шындық. Ешбір кеңістікке бай- 
ланы ссы з, еш бір мезгілге қаты ссы з қим ы л, іс- 
әрекеттің болуы м үмкін емес. Енді қи м ы л-әре- 
кеттің өту мезгілін (уақыты н) белгілі бір сәтпен 
байланысты анықтау, яғн и айтушы тұрғы сы нан 
сөйлеп тұрған сәтте өлш ем ету қалыптасты да, 
с о ғ а н б а й л а н ы с т ы ә р б ір қ и м ы л , іс -ә р е к е т
мезгілінің (ш ағы ны ң) грамматикалық мағынасы 
туып, тұрақтап, олар белгілі грамматикалық амал- 
тәсілдер арқылы жүзеге асу нәтижесінде грамма- 
ти к ал ы қш ақ 
категориясы 
пайда болды. Қимыл, 
іс-әрекетке байланы сты кеңістік, мекендік мән 
грамм атикалы қ сипат ала алмай, бұл сияқты
қалыптасу процесі болмағандықтан, грамматика- 
л ы қ категорияға айнала алмады. Немесе ж оға- 
рыда кәрсетілгендей, тек (род) категориясы бар 
гілдердің өзінде олардың (тектің) сипаты, түрлері 
бірдей, біркелкі бола да бермейді. Орыс, неміс 
тілдерінде зат есімдер еркек тек (мужской род), 
аралық тек (средний род), ұрғаш ы тек (женский 
род) түрлеріне бөлінсе, араб, француз тілдерінде 
зат есімдерді тек еркек тек, ұрғаш ы текке бөлу 
дәстүрі бар. С о н д ай -ақ бұл тілдерде жекелеген 
создердің (зат атауларының) тектік сипаты, ерек- 
шеліктері біркелкі емес: бір сөз бір тілде тек ка- 
тегориясы ны ң бір түріне жатса, екінші тілде ол 
сөз тектің екінші біреуіне жатуы мүмкін. М ыса- 
лы, орыс тіліндегі 
лож ка
(қасы қ), 
голова
(бас) 
деген сөздер ұрғаш ы текке (женский род) жата- 
тын болса, неміс тілінде олар 
дерЛеффель
(қасық),
дер Кепф
(бас) түрінде еркек текке жатады. Тіпті 
бір тілдің өз ішінде тектес, ж ақы н сөздер әр тек- 
ке де жатуы мүмкін. Орыс тіліндегі мына сездер 
қатарына назар аударайық: 
изба-здание-дом, иіко-
ла-училище-техникум-институт, речь-слово-го-
лос, вывод-заключение
т.б. Осындағы үйге байла- 
нысты, оқу орнына байланысты, сөз сөйлеуге бай- 
ланысты, қорытындыға байланысты создер қата- 
рының әрбір сыңары бір-бірінің соңғы тұлғалық 
формасы арқылы ғана әр түрлі текке (род) жата- 
ды. Әйтпесе бұлар мәндері ж ағы н ан бір-біріне 
оте ж ақы н емес пе?
Бұдан тілдегі грам м атикалы қ к атего ри ял ар
о баста қоғам ды қ ©мірдегі болмыс объективтік 
шындық негізінде пайда болып қалыптасып, тіддің 
даму барысында ол категориялардың абстракция- 
лану дәрежесіне сай алғаш қы мәнін сақтап, я 
одан алшақтап кететінін кореміз. Сөйтіп, ол осы 
қасиеттері арқылы белгілі бір соз табының грам- 
матикалық немесе лексика-грамматикалық сипат- 
тағы түрлену жүйесі болып табылады да, сол соз 
табын басқа соз таптары нан аж ыратарлық мор- 
ф ологиялы қ белгісі болып есептеледі.
1.11. ГРА М М А ТИ К А Л Ы Қ К А Т Е Г О Р И Я Н Ы Ң
Т Ү Р Л Е Р І
Жоғарьщағы таддаудан байқалатындай, грам- 
матикалық категориялар ф ам м атикалы қ сипаты 
ж ағы нан, жасалу жолы мен тұлғалы қ жүйесі жа- 
ғы нан біркелкі емес. Қ айткен күнде де грамма- 
тикалық категориялар белгілі фамматикалық топ- 
тағы создердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, 
соған лайы қ олардың грам м атикалы қ мэнім ен, 
сойлеу процесінде ол сөздердің атқараты н қы з- 
метімен, басқа сөздермен қары м -қаты насы м ен 
байланы сты болғанды қтан да, грамматикалық 
категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты 
түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет