-ғысы кел, -сам екен, -уге бол т.б.
Бір сүмдық болмаса игі еді (М ұқанов). Осы сөйлемдегі
-са игі еді үш
морфемалы жалаң аналитикалық формантқа жа-
тады.
Күрделенген аналитикалық формантқа төрт
морфемалы аналитикалық форманттар жатады.
Олар екі морфемалы аналитикалық форманттар-
дың бірігуінен жасалған. Екі морфемалы формант-
тардың ұзақ уақыт сөзде бірге, қатар қолданылу-
ының нәтижесінде олардың мағыналары кірігіп,
біртұтас м ағы наға көш кен. Олар:
-п келе жатыр (өсіп келе жатыр),
-п бара жатыр (көбейіп бара
жатыр),
-п қоя бер (жылап қөя берді),
-п кеп кет (сөғып кеп кетті),
-п кеп қал (итеріп кеп қалды),
-п кеп жібер (шыңғырып кеп жіберді),
-п сала бер (әрленіп сала берді),
-п жүре бер (бөйы жылып
жүре берді),
-п болыи қал (жазып болып қалды).
Күрделенген аналитикалық форманттың бел-
гілері:
1. Күрделенген аналитикалық формант бір ма-
ғына береді, бір формантгың қызметін атқарады.
2. Күрделенген аналитикалық форманттың
құрамындағы морфемалардың орны тұрақты, олар-
дың арасына бөтен морфема қосыла алмайды.
3. Күрделенген аналитикалы қ форманттың
бәрі - қимылдың өту сипаты категөриясының
көрсеткіштері.
4. Күрделенген аналитикалық форманттар тек
қана етістікпен қолданылады.
Аналитикалық форманттардың мағыналары
алуан түрлі, түрлі категорияларға қатысты.
Көпшілік аналитикалық форманттар қимыл-
дың өту сипаты категориясы ны ң м ағы насы н
білдіреді. Олар қимылдың тәсілін білдіреді және
қимылдың даму сатысын білдіреді.
Қимылдың жасалу тәсілі негізінен аналити-
калық форманттар арқылы білдіріледі:
1. Қимылдың жасалу тәсіліне ж алған, жа-
санды қимыл мәнін білдіреді. -