П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет858/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   854   855   856   857   858   859   860   861   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

612
СИНТАКСИС
онша қиындық болмағанымен, күрделі түрлерінің 
өзіндік ерекшеліктері де баршылық.
Күрделі сын есімдердің өзі іштей бірыңғай 
сапалық сын есім мен сын есім: 
қызыл ала
сияқ- 
ты түйдекті тіркесті сын есім болып болінеді.
Сапалық сын есімді сөз тіркестері. 
Сын есімдер 
заттармен дара және күрделі түрде де жүмсала 
береді.
Сын есімнің таза күрделі түрлері тілімізде 
көп қолданылады. Бірақ қолданылу жағынан олар 
дара сын есімдерден көп те емес. Ондай форма- 
лы күрделі сын есім дердің ж асалуы ны ң өзін
2 топқа бөліп қарастырмыз:
1) Бірыңғай мағыналы сапалық сын есім мен 
сапалық сын есімнің тіркесі.
2) Әр түрлі мағыналы сапалық сын есімдердің 
сапалық сын есімдермен тіркесі.
Бірыңғай мағыналы сапалық сын есімдер:
аппақ
пен 
сүр, қара
мен 
бурыл, көк
пен 
ала,
торы
мен 
ала, қара
мен 
қоңыр, ақ
пен 
сүр, қара
мен 
торы, қызыл
мен 
қоңыр, ала
мен 
шүбар, қызыл
мен 
ала
сияқты түйдекті тіркесті сын есімдердің 
әрбір сыңары мен түсті білдіретін бірыңғай сапа- 
лы қ сын есімдер болып, олар сол тобымен зат- 
тың түсін жеке сын есімдерге қарағанда күрделі 
формада береді. Егер 
қызыл
сын есімі 
орамал
зат 
есімімен тіркесіп, заттың тек ғана түсін көрсет- 
се, 
жақсы
сын есімі оқушы зат есімімен тіркесіп, 
оның бір жақты сапасын көрсетеді. Яғни дара 
сапалық сын есімдер сол өзі анықтайтын заты- 
ның 
түсін, колемін, ішкі сырын, дәмі
мен 
салма-
гын
т.б. белгілерін даралық қатынаста білдіреді.
Күрделі сын есімдерде, біріншіден, сөз саны 
кемінде екі немесе одан да көп бола отырып, 
екіншіден, ондағы сындар тек қана бір сынның 
қайталап келуі арқылы емес, бір мағынадағы сын- 
дардың өзара мағыналық жағынан топ қүрап, сол 
тобымен заттың күрделі сыны есебінде жүмсала- 
ды. Мүндай күрделене жүмсалу тіл фактілеріне 
қарағанда көбіне түсті білдіретін сын есімдерге 
тән сияқты. Ондай топтағы сын есімдердің ба- 
сы ңқы сыңары біры ңғай заттар болғаны мен, 
көбіне дара түрдегі зат есімдер ғана болады. Олар 
дара сындардың тіркесіне қарағанда сиректеу. 
Сапалық сын есім мен сапалық сын есімдердің 
тіркесі арқылы жасалған күрделі сөз тіркестерінің 
озі затқа қатыстылығы жағынан алғанда әр түрлі.
Қызыл қоңыр сақалы бар Сабырбай Абайга аса
бір келісті кісі көрінді
(Әуезов). 
Қара бурыл
Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойганы болмаса,
Қүнанбайга тесіле қарамайды
(С онда) деген 
сойлемдерде 
қара бурыл, қызыл қоңыр
күрделі сын 
есімдері 
сақал, Сүйіндік
сөздерімен тіркесіп зат- 
тың түсін білдіріп түр.
Сонымен, екі сын есім өзара тығыз мағына- 
лы қ бірлікте кез келген заттардың өр түрлі бояу- 
лық рендерін көрсетеді.
Сол си яқты екі сап алы қ сын есім өзара 
түйдекті топ қүрап, заттардың әр түрлі табиғи 
түрлерін - заттың көлемі мен түсін айқындайды. 
Мысалы: 
Көк ала кілем жайылгандай белес көзге
түседі
(Сейфуллин). Кейде екі сын есім сол то- 
бымен бірлікте заттың көлемін де білдіреді. 
Үзақ
кең өлкенің бойы жапырлаган ауылдар
(Әуезов). 
Сөйтіп, ондай бірлікте жүмсалған әр түрлі сын- 
дар заттың сапасын күшейту үшін қолданылады. 
Үркімтайдың үлкен қоңыр үйінде бірталай еркек-
тер отыр еді
(Сонда) деген сөйлемде 
үй
сөзінің 
үлкен
және 
қоңыр
деген анықтауыштары бар. Олар 
негізінде 
қоңыр үй
деп түсін, 
үлкен үй
деп оның 
көлем ін білдіріп, ж еке-ж еке де қолданы луы
мүмкін. Ол кезде бірі 
үй
сөзінің көлемін, бірі 
түрін білдіріп түр. Тілдік фактіде екеуі бірлікте 
жүмсалып, 
үлкен қоңыр үй
деп те жүмсала береді. 
Мүнда екі сапалық сын есім 
үй
сөзіне бірдей 
анықтауыштық әр түрлі сапа жагынан келгенімен, 
екеуі бірігіп оның әр түрлі қасиетін бірлікте ай- 
қындаған. Осы сияқты фактілер тілде жиі кезде- 
се отырып, күрделі сөз тіркесін қүраудың мате- 
риалы болады да, олар әр түрлі заттардың көлемін, 
сапасы н, қасиетін білдіреді. Мысалы: 
Үлжан
өзінің үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалы-
на салды. Екіншісі - және де толық биік келген,
үлкен ақ сүр жүзді, қара қас, қара сақалды, үлкен
қара көзді Мүса
(Әуезов). 
Биік қыраттан үлкен
ақ шар секілденіп, доңгелене ай көтеріліп келе
жатты
(Сарғасқаев). 
Ақбота - әдемі ақ келіншек
(Мүсірепов).
Сонымен күрделі (сапалық) сын есімдері де 
күрделі сөз тіркесін қүрай келіп, сол тобымен 
тек заттың анықтауышы қызметінде жүмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   854   855   856   857   858   859   860   861   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет