2.Мұғалім тарапынан тапсырмалар – берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар.Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда да бар.
2.Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет тететін тапсырмалар.
3.Оқушы – нысан. Ол- орындаушы. Мұғалім жетекшілігі, басшылығы үстем болады.
3.Оқушы – субьект.Ол дербес ізденуші.Еш нәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі,зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талаптанады. Мұғалім – ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы, бағыт беруші.
4.Сыныптағы барлық оқушыларға арналған тапсырмалар.
4.Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.
Проблемалық оқыту технологиясы арқылы өтілген сабақ оқушыға келесідей мүмкіндіктер береді:
Еркін ойлауға
Ұжымдық іс-әрекет жасауға.
Проблемалық оқыту әдісі оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалмен ұштастыра білуге үйретеді. Ойлануға жетелемеген білім бойға дарымайды. Дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер баланың алдына мақсат қойып, нәтижеге жетуіне жетелейді. Әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кез келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қойылғанпроблеманың шешуін өзі табуы, ізденуі білімнің санаға сіңіп, ұңым-түсінікке ұйытқы болады. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқудың арнасы ашылады. Танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды. Ал қабілет ұғымның мәнін терең түсініп алуға жетелейді.