Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет102/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  (вебсайттар,  жарнамалық  аңдатпалар,  ақпараттық 

бюллетеньдер,  хабарландыру  тақталары)  маңызды  рөл  атқарады,  бірақ  олардың  көпшілігі, 

əсіресе,бастапқы  кезеңде  диалог  орнатуға  арналған  уақыт  пен  кеңістікке  тəуелді  келеді. 

Диалогті: 

• жергілікті тұрғындар;

• топтарды конференцияларға тарту (оның ішінде бірлескен сапарлар);

• оқыту мақсатындағы сапарды ұйымдастыру;

• түскі семинарлар;

• əріптестермен (əріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастыру/өткізу арқылы

құруға болады. 

Бұл орайда біліктілікті арттырудан өту күндерін белгілеу арқылы аталған шараларды 

қызметкерлер  мен  директор  арасындағы  кездесулер  сияқты  шаралардың  орнына 

өткізуге болады. 

Басқа ұсыныстар: 

• электрондық  жарнамалық  аңдатпаларды  тарату  мен  электрондық  хат  алмасуды

ынталандыру; 

• телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру;

• бейнеконференцияларды кеңінен пайдалану.

Егер  Сіз  жаңа  коммуникациялық  жүйе  құрумен  айналысып  жүрсеңіз,  оны  кері 

байланыс  тізбектері  түрінде  құруға  тырысыңыз.  Егер  жүйеде  жауап  беру  тетігі  болса,  Сіз 

хабарламаларды жақсырақ қарап, оларды бағалап отыруға мүмкіндік аласыз. Кейбір идеялар 

мен  үдерістер  өте  күрделі  болып  келеді.  Модельдер  мен  графикалық  кескіндерді  жасау 

884


арқылы Сізде ақпаратты түсінікті, қолдануға ыңғайлы тұрде ұсынуға, идеяларды зерделеуге 

жəне қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік туады.

 

[2, 57-б] 



Кəсіби  желілік  қоғамдастық  əртүрлі  болуы  мүмкін,  соның  ең  бастыларына  келер 

болсақ: 


 біртұтас ақпараттық кеңістік құру;

 тəжірибе алмасу, қолдау жəне бірлескен əрекет;



 ұтымды, озық  педагогикалық тəжірибелерді тарату;

 кəсіби  тақырыптарға  формальды  жəне  формальды  емес    қарым-қатынасты



ұйымдастыру; 

 ғаламтордан  тыс  келесі  өзара  əрекетке  арналған    виртуалды  өзара  əрекетті



инициациялау; 

 кəсіби деңгейді арттыру;



 жаңа білім беру бастамаларды қолдау.

Кəсіби желілік қоғамдастық келесі мүмкіндіктерге ие:   

 өз  файлдарын  салу  жəне  кəсіби  желілік  қоғамдастықтағы  ағарту  жəне



тəжірибелік материалдарды қолдану мүмкіндігі; 

 қарым-қатынас мүмкіндігі (форум, чат, түсіндірме);



 қашықтан оқу;

 байқау, акция, жоба, талқылауға қатысу;



 өзінің жеке электронды бетін жасау.

Бүгінде  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  білім  беру  мектептерінде 87 Жетекші  қолдау 

мектептері  құрылды.  Осы  аталған  мектептерде  кəсіби  желілік  қоғамдастықтың  жұмысы 

жүргізілуде.  Өзінің  тəжірибесін  көрсету  мен  өзге  əріптесінің  озық  тəжірибесін  саралау 

дағдылары  қалыптаса  бастады.  Педагогтар  ақпараттық  коммуникациялық  технологияның 

маңызын  айқындай  түсті.  Сонымен  қатар  кəсіби  тұрғыда  басқа  педагогтардың  көмегімен 

өзінің  педагогикалық  шеберлігін  арттыруға  ықпал  жасауда.  Кəсіби  желілік  қоғамдастық 

коммуникацияның  жаңа  түрлерін  ұсынып,  ол  арқылы  педагогтар  тəжірибе  алмасуда, 

сұрақтар  қойып,  түсіндірме  беруде,  қашықтыққа  қарамай  педагогтардың  озық  тəжірибесін 

виртуалды  шеберлік  сабақтарды  бақылауда.  Ақпараттық  коммуникациялық  біліктілік 

деңгейін  арттыруды  бастады.  Кəсіби  желілік  қоғамдастықтағы  мұғалімнің  өз  үлесі  бірізді 

көрініс табуда, өзін дамыту бойынша белгілі бір материалдар қоры жиналды. Əр мұғалімнің 

кəсіби деңгейі, қызығушылығы, алға қойған мақсаты айқындала түскенін байқады. Өйткені 

бір мұғалім екінші мұғалімге ықпал етіп отыр.  Кəсіби желілік қоғамдастық оқыту семинар, 

виртуальды  конференция,  байқау,  жоба,  акция,  шеберлік  сабақтар,  чатта  талқылау,  жоба 

фестивалі, телеконференция сияқты формаларды ұйымдастыруға мүмкіндік беруде.  Кəсіби 

желілік  қоғамдастықтағы  шараларды  ұйымдастыруда  мүшелер  өзара  белсенді  қолдау 

көрсетуде.  

Кəсіби  желілік  қоғамдастықтың  жұмысын  тұрақты  сақтап  тұру  үшін  төмендегі 

тиімділік критерийлерін ескерген жөн: 

1. Белсенді қатысушылардың саны.

2. Кəсіби желілік қоғамдастық қызметінің ұзақтығы.

3. Кəсіби желілік қоғамдастықтың динамикасы.

3.1. Белсенді  қатысушылардың санының өсуі.  

3.2.Талқыланатын тақырыптардың саны мен оның саналуандығы. 

3.2.Талқылаудың қызу жүруі 

4. Белгілі бір мақсат пен міндетке бағытталғандығы

885


5. Кəсіби желілік қоғамдастық  бетінің безендірілуі.

6. Өзара əрекеттің əлеуметтік мəдени бағыттылығы .

7. Бірлескен əрекет, ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталуы.

8. Порталдың мақсаты мен міндетіне сəйкес іс-əрекет түрлерінің сан түрлілігі

8.1.Ақпараттық  

8.2 Əдістемелік 

8.3.Эксперттік-аналитикалық 

8.4.Консультациялық 

8.5.Оқу  (қоғамдастық тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру) 

8.6.Оқу (АКТ біліктілігін арттыру) 

8.7.Олимпиадалық жəне жобалық іс-əрекет  

9. Өзара əрекеттің əдістемелік бағыттылығы:

9.1.Əдістемелік материалдарды баспадан шығару 

9.2.Білім беру ресурстарын жасау мақсатындағы педагогтардың өзара əрекеті  

9.3.Сандық білім беру ресурстарының кітапханасы  

9.4.Қоғамдық экспертиза 

9.5.Педагогтардың кəсіби бейімделуі, өзін бекітуі, өзін іске асыруы жəне өзін дамытуы  

10. Қоғамдастықтың  ақпараттық  коммуникациялық  іс-əрекеті: (педагогикалық

ақпаратты талқылау: форум, чат, коучингтер ұйымдастыруға арналған сервистер) 

10.1. 


Форум 

арқылы 


үнемі 

ақпараттық 

іс-əрекетті 

ұйымдастыру

10.2.  Ақпараттық  іс-əрекеттің  түрлі  формаларын  қолдану    (ғаламтор-семинарлар, 

конференциялар, желілік кездесулер жəне т.б.) 

10.3. 

Кəсіби 


желілік 

қоғамдастық

жайында 

ақпараттандыру 

10.4. Кəсіби желілік қоғамдастық тақырыбы бойынша сыртқы жағдайлармен таныстыру    

10.5 Ақпараттық кеңес беру  

Аталған  кəсіби  желілік  қоғамдастықтың  жұмысын  тұрақты  сақтап  тұрудағы  тиімділік 

критерийлерін  ұстануда  кедергілер  кездесіп  отыр,  олар:  белсенділік  танытпау,  салғырттық, 

ақпаратты алуға ғана мəн беріп, өзінің ақпаратын ұсынбау.  

Неліктен  мұғалімдер  кəсіби  желілік  қоғамдастықта  белсенді  əрекет  етпейді?  Осыған 

орай тыңдаушылардан курс барысында  сауалнама алынды.  

886


Жауаптарында  ақпараттық  коммуникациялық  құралдармен  жұмыс  істеу  дағдысының 

аздығын,  уақыттың  жеткіліксіздігін,  өзінің  материалын  ұсынбай,  өзгенің  материалын 

қолданатындығын  алға  тартты.  Осы  аталған  келеңсіз  жайттарды  болдырмаудың  бірден  бір 

жолы  педагогтарға  арналған  кəсіби  желілік  қоғамдастықтың  жұмыс  жасап  отыр.  Қазақстан 

Республикасы  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  деңгейлік  біліктілікті 

арттыру курстарынан өткен сертификатталған мұғалімдерге арналған 

http://cpm.kz

 сайтының 

алатын  орны  ерекше.  Бұл  сайт  мұғалімдер  үшін  кəсіби  дамудың  қуатты  құралы  ретінде 

қолдануда.  Жетекші  мектептердегі  кəсіби  желілік  қоғамдастық  мүшелерінің  белсенділігін 

арттыру  жəне  оларға  қолдау  көрсету  жолдарын  қарастыру  болып  отыр.  Бұл  алдағы  уақыт 

еншісіндегі кəсіби желілік қоғамдастық аясындағы жұмыстар. 



Əдебиеттер тізімі 

1. Н.Е. Орлихина,  Педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жүйесіндегі

желілік 

өзара 


əрекет, 2009 жылы 

Н.С. Бугрова 

зерттеген. 

http://www.dissercat.com/content/povyshenie-professionalnoi-kompetentnosti-slushatelei-v-

mezhkursovoi-period-pri-ispolzovanii, Гололобова, Надежда Леонидовна/.  

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей (2 басылым ) [ 57-б]

0%

10%


20%

30%


40%

50%


60%

70%


80%

90%


Қоғамдастықта 

жұмыс істеу 

дағдысы 

жеткіліксіз

АКТ 

құзыреттілігінің 



жеткіліксіздігі

Жүктеменің 

көптігінен, 

уақыттың  

жеткіліксіздігі

Өзінің 


материалын 

ұсынбай, 

өзгенің 

материалын 

қолданады 

Ряд 1


53%

44%


73%

82%


Сауалнама мониторингі

887


ХХІ ҒАСЫР МЕКТЕБІ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

Камалова С. Т. 

Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   

Аңдатпа 

Мақала білім беру ұйымдарында  көшбасшылық əлеуетті дамыту   туралы көрсетілген. 

Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  мектеп  тəжірибесіне  енгізілетін  жаңа 

бастамалардың    табысты  болуы  мектептің  көшбасшылық  мəдениеті  деңгейіне  байланысты 

болады.  Көшбасшылықтың  мектеп,  мұғалім  жəне  оқушыға  ықпал  ету  əсерін  қарастыру 

негізінде  оқытудағы  құндылықтар  айқындалады.  Педагогтардың  əлеуметтік  серіктестік 

негіздеөзара  əрекеттесуі  жəне  кəсіби  қауымдастықтардың  құрылуы  бүгінгі  мектептердің 

сұранысына ие болып отыр.  



Аннотация 

В  статье  рассматриваются  вопросы  развития  лидерства  в  образовательных 

организациях. В условиях обновления содержания образования введение новых подходов в 

школьную  практику  тесно  связано  с  уровнем  культуры  лидерства.  Определяются  ценности 

процесса  преподавания  на  основе  влияния  лидерства  на  школу,  учителя  и    учащихся. 

Партнерство    педагогов    в  профессиональном  развитии  и  создание  на  этой  основе 

профессиональных сообществ является на данный момент требованием времени. 

Abstract 

The article considers the issues of leadership development in education. In terms of updating 

the content of education the introduction of new approaches in school practice is closely linked to the 

cultural level of leadership. Defines the value of the teaching process on the basis of the impact of 

leadership on school, teachers and students. Partnership of teachers in professional development and 

establishment of professional networks are currently a requirement of the time. 

Мұғалім  педагогикалық  ұжымның  бір  бөлігі  ғана  емес,  көшбасшылық  қасиеттерге  ие 

кəсіби  білім  беру  қоғамдастығының  бір  бөлігі  болуы  бүгінгі  қажеттілік.  Еліміздегі  білім 

жүйесінің жаңаша білім беру мазмұнына көшуі   қазіргі мектептердің əлемді кешенді суреттей 

алатын  оқушыны  дайындауын  көздейді.  Сол  себептен  заманауи  мұғалімдер  оқушылардың 

жетістік деңгейін арттыру мақсатында ортақ құндылықтар мен келешек болжамдарды құру 

үшін    ұжыммен  бірге  өзінің  практикалық  қызметін  жаңғыртып,  үздіксіз  өзін  өзі    жетілдіру 

керек.  Мектептің  табыстылығы  педагогикалық  ұжымның    өзін  өзі  дамыту  қажеттіліктерін, 

ойлау тəсілдері мен  көшбасшылық мəдениетінің қалыптасу деңгейіне байланысты.  

Бүгінгі күні көшбасшылықтың өзекті болуы тек менеджмент саласына қатысты емес,  ол 

білім  беру  салаларына  да  тікелей  қатысты.  Білім  саласындағы  көшбасшылық  мəселесі 

бойынша жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулердің  нəтижелері көшбасшылық механизмнің  

қажеттілігін көрсетті жəне бұл білім саласындағы субектілер арасындағы қарым-қатынастарда 

маңызды орын алады. Білім берудегі көшбасшылық əлеуметтік жүйелердің дамуы мен жұмыс 

істеу  тиімділігін  арттыру  механизмі  ретінде  қарастырылады.  Көшбасшылық  механизм 

көшбасшы, оның ізбасарлары жəне əлеуметтік орта факторлары сияқты бір-біріне байланысты 

құрылымдық элементтердің  өзара əрекеттесу нəтижесінде іске қосылады.    Көшбасшылық 

шығармашылық,  қуат  пен  біліктілік  деген  ұғымға  жақын.  Білім  берудегі  көшбасшылық 

ұғымын үш жақты қарастыруға болады: 

888


1)«Көшбасшы  білім  беру  ұйымы»  оқушыларға  білім  беру  міндеттерін  сапалы

орындайтын  мекеме  ғана  емес,  сонымен  қатар    білім  берудегі  қолайсыз  жағдайларды 

өзгертуші  субьект  ретінде  қызмет  етеді.  Көшбасшылық  мəдениеті  жоғары  дəрежеде  

қалыптасқан  мектептерде  мəселелерді  ұжым  ішінде  кəсіби  серіктестік  негізде    шешуде 

басымдық  көрсетеді.  Мектеп  мұғалімдері  барынша  кəсіптік  білім  алу  мүмкіндіктерімен 

қамтамасыз  етіледі.  Мұндай  мектептерге  ұжымды  алға  тарту  үшін    шығармашыл 

мұғалімдерден  құралған  көшбасшы  топ  құру  тиімді.  Олар  басқа  мұғалімдерді    идеяларын 

ұсыну,  тəжірибе  алмасу,  өздерінің  əлсіз  тұстарын  айқындау  үшін  мектепте  жəне  мектептен 

тыс жерде кəсіби қоғамдастықтар құруға ынталандырады жəне жаңа мақсаттарға қол жеткізу 

үшін мектеп тəжірибесіне түрлі өзгерістерді енгізуге бастамалар жасайды. Бірлескен жұмыс 

мұғалімдерге оқу үдерісінің үлгісін модельдеуге, жобалауға жəне проблемаларды əр қырынан 

шешуге  мүмкіндік  береді.  Олар  білім  алудың  барлық  мүмкіндіктерін  іздейтін,  рефлексия 

жүргізуге  қабілетті  əріптестермен    мықты    команда  құрып,  оң  тəжірибелерін  қолданады. 

Көшбасшы білім беру ұйымдарында мұғалімдер шынайы жағдаяттарға бейімделеді. Сонымен 

қатар,  сəтсіздіктерді  құнды  тəжірибе  деп  қабылдауға  үйренеді,  себебі  сəтсіздік  өздерінің 

командадағы жұмысы мен сыныпта оқытуын  қайта қарауға  жəне талдауға түрткі болады деп 

түсінеді.  

2) «Көшбасшы мұғалім»-бұл педагогикалық үдерісте орындаушы емес, өздігінен əрекет

етуші субьект. Белгілі бір кəсіби жағдаяттарда көшбасшы мұғалімнің  ресми мəртебесі емес, 

тұлғалық  ықпалы  шешуші  роль  атқарады.  Мұғалім  көшбасшылығы  проблеманы 

инновациялық тəсілдермен шеше білуімен ғана емес, сондай-ақ ізбасарларының ішкі əлеуетіне 

түрткі  болатын  жəне  тиімді  қарым-қатынас  орнату  негізінде  оларға  қолдау  көрсететін 

дағдылардың  болуымен  анықталады.  Қазіргі  мектепке  оқушымен    серіктестік  құра  отырып 

кірікітірілген  оқуды  жүргізе    алатын  жан-жақты  дамыған  көшбасшы  мұғалім  қажет. 

Көшбасшы  мұғалім  білім  үдерісіне    өзіндік  көзқарасы,  серіктестікте  жұмыс  істеу  стилі 

қалыптасқан мұғалім. Ол білім алушыларды əрекет етуге оқыта отырып, өзінің кəсіби өсуіне 

де мүмкіндік алады, сондай-ақ бір уақытта:  

• коуч-тəлімгер ролін атқарады (қоғамдық бастамалар ),

• көшбасшылық негізде серіктестік құрады,

• білім  алушылардың  құнды  ерекшеліктерін,  өнімді  мотивацияларын  жəне  қоғамға

қажетті сапа мен қабілеттерді дамытады; 

3) 


«Көшбасшы білім алушы» қоғамда «іске асырылатын» фундаментальды білім алуды

көздейтін  субьект.  Индивид  меңгерген  білімін  əр-түрлі  адами  қарым-қатынастарда  жəне 

кəсіби  қызметінде  өзіне – өзі  сенімділікпен  жүзеге  асырады.  Мектеп  мұғалімдері  білім 

алушылардың  көшбасшылық,  ұйымдастырушылық  жəне  интеллектуалды-шығармашылық 

дағдыларды  тəжірибе  жүзінде  үйренуі  үшін  педагогикалық  жағдайлар  жасау  керек. 

Көшбасшылық əлеуетін дамыту əдістемесі білім алушылардың ойындар мен шығармашылық 

тапсырмаларды орындау  барысында  жағдаяттарды талдау жəне моделін құру, сұрақтар мен 

проблемаларды  ұқсату  жəне  жіктеу,  əр  түрлі  нұсқаларды  қарастыру,  жеке  көзқарасын  айту 

жəне қорғау,  пікірталастар мен талқылауларға қатысу, тұжырым жасау жəне шешім қабылдау 

сияқты  дағдылар  жүйесін  құрайды.  Білім  алушылар  көшбасшылығын  дамыту  сабақ 

барысында топтық, ұжымдық жұмыстарды  ұйымдастыру шегінде ғана емес, арнайы курстар 

немесе бағдарламалық жобалар құру  арқылы ұйымдастырылса  оң нəтижелер беретіні анық. 

Оқу  үдерісінде    педагогикалық  инновацияларды  қолдану,   білім  алушылардың  жеке 

дамуын диагностикалау жəне түзету жұмыстарын іске асыра білу қабілеттері барлық уақытта 

білім саласының  үлкен сұранысы болып табылады. Бұл ретте мұғалімдердің интеллектуалдық 

потенциалы,  жаңа  білім  беру  стратегиялары  мен  қазіргі  мектеп  проблемаларын  білу 

889


дағдылары, топты басқару біліктілігі жоғары бағаланады. Мүндай жүйелі жұмыстар əсіресе 

еліміздегі зияткерлік мектептерде, дарынды балаларға арналған мектептер мен дəстүрлі емес 

білім  беру  ұйымдарында  кеңінен  қолданылуда.  Дəстүрлі  білім  беру  ұйымдарында  да  бұл 

жүйелерге аса мəн беріледі, дегенмен көп жағдайда көшбасшылық ұстаным дəстүрлі оқыту 

шегінде  ғана  қаралған.  Бүгінгі  мектеп  мұғалімдерінің  бойында  көшбасшылық  əлеуеті  бар 

болғанымен, ол барынша іске асырылмайтындығы анық. Дəстүрлі білім беретін  мұғалімдер 

көп жағдайда доминантты көшбасшылыққа бейім, олар басқару, ұйымдастыру жұмыстарын 

топпен  емес, «топты  жарып  шығып»  жауапкешіліктерді  жеке  өз  міндеттеріне  алып,  дара 

жұмыс жасайды.  

Көшбасшылық  дағдылар 21 ғасырдың  білікті  мамандарына  тəн    қажеттілік.  Табысты 

көшбасшылар  адамның    эмоциялық  зиятының  жоғары  болуымен  ерекшеленуі  тиіс,  оған 

өзіндік  саналылық,  өзін  өзі  реттеу,  уəж,  эмпатия  жəне  əлеуметтік  дағдылар  кіреді. 

Көшбасшылық  əлеуеті  бар  адамдар  өздері  де,  айналасындағылар  да  күтпеген  табысқа  қол 

жеткізуге ұмтылуға ынталы. Ола үшін маңызды сөз – жетістікке қол жеткізу.  

Жұмыс  істеуге  қызығушылықтың  бірінші  белгісі – бұл  энтуазиазм,  мұндай  адам 

шығармашылық  тапсырмаларды  іздейді,  бірдеңені  үйренгенді  жақсы  көреді  жəне  жұмысы 

жақсы орындалса, үлкен мақтаныш сезінеді. Олар сондай-ақ істі бұрынғыдан да жақсы істеуге 

ұмтылудан 

шаршамайды. 

Осындай 


қуатты 

адамдар 


бұрыннан 

қалыптасқанға 

қанағаттанбаушылық сезімін жиі танытады. Олар өз жұмысында жаңа тəсілдерді тексеріп көру 

жəне мақсатқа жету үшін ортақ қызығушылықтары бар адамдармен команда құрады. 

Бірлескен жұмыс əдістемесін меңгерген жағдайда  команда мүшелеріне сабақты бірлесе 

жоспарлау, маңызды əңгімелесулерді жүргізу оңай болады. Командалық жұмыс мұғалімдерге 

оқытудың  жаңа  тəсілдерін  қолдану  аясын  кеңейтуге  көмектеседі.  Көшбасшы,  жаңашыл 

мұғалімдер  негізгі  пəндерді  тəжірибелерге  сүйене  отырып  үйретеді.  Оқушыларға  өмірлік 

дағдыларды сіңіру арқылы оларды шешім қабылдауға жəне проблемалармен жұмыс жасауға 

тəрбиелейді.  Командамен  жұмыс  педагогикалық  шеберліктің  барлық  жақтарын  көруге 

көмектеседі.  Мұғалім  тиімді  жəне  тартымды  педагогикалық  тəсілдермен    оқушылардың 

əрқайсысының білім қажеттіліктеріне қарай оқытуға дағдыланады. Командада жұмыс жасау 

мұғалімдерге  креативті  болуға  ықпал  етеді  жəне  олардың  шеберлігін  арттырады.  Тиімді 

қарым-қатынас  олардың  барлық  жағдаяттарда  икемділігін    жəне  бейімділігін  арттырады. 

Шығармашыл мұғалімдер  өзгерістерді оңай қабылдайды,  бірлесіп  шешім қабылдайды, сыни 

рефлексия жасайды.  

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен 

Кембридж  университеті  Білім  беру  факультеті  бірлесе  əзірлеген  көпдеңгейлік  бағдарлама 

бойынша  педагог  қызметкерлерге  арналған  біліктілік  арттыру  курс  барысында  мұғалімдер 

оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мəселелері аясында көптеген идеяларын ортаға салды, 

тəжірибелерімен алмасты. Бүгінгі күнге дейін мектептегі «көшбасшылық мəдениеті» ұғымына 

мəн бермеген кейбір мұғалімдер, курстан кейінгі тəжірибеде өз мектептеріндегі көшбасшылық 

əрекеттерге  талдау  жасады.  Шығармашыл  мұғалімдердің  мектепте  жəне  кəсіби 

қауымдастықтарда жүргізген тəжірибелері: 

 көшбасшылық жəне кəсіби қауымдастық мүмкіндіктері,

 кəсіби қауымдастықтағы жұмыстың табыстылығы,

 мұғалімердің 21 ғасыр технологияларын оқыту мен оқу үдерісінде қолдануы туралы

тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік берді. 

Көшбасшылық  мектеп  жұмысын  жетілдіруге,  мұғалімдердің    кəсіби  қанағаттануына 

көмектеседі.  Мұғалімдердің  рефлексивтік  жазбаларынан  командамен  жұмыс  жəне  кəсіби 

890


қауымдастықтар құру негізінде мектептерде орын алған оң өзгерістер мен олардың тиімділігі 

туралы оң пікірлер қалыптасты. 

Олар бір-біріне көрсеткен іждағатты жақсы бағалады жəне соны мойындады: «Біздер оқу 

үдерісіне басқаша қарадық. Курстан кейін сынды дұрыс қабылдауға жəне түсінбеушіліктерді 

басқара алуға дағдылана бастадық. Біз өзіміздің білмейтін нəрселерімізді оңай мойындайтын 

болдық.  Осының  есебінен  əріптестерімізді  де  оқушыларды  да  жаңа  үдеріске  тарттық  жəне 

олар  даөз  тəжірибелеріне  өзгеріс  енгізуге  құлшыныспен  кірісті.  Өзіміздің  кəсіби  өсіп 

жатқанымызды  сезіндік.  Себебі  командалық  көшбасшылық  мектеп  əдістемесін  нығайтты». 

Мектеп тəжірибесін жүргізу барысында  мұғалімдер ортақ мақсатқа жету жолында кездескен 

кедергілерді  жеңуге  немесе    əдістемелерді  меңгеруде  бірлесіп  жұмыс  жасайды.  Мұндай 

жағдайда  мұғалімдер бір -біріне сенуді, проблемалық ситуацияларда өздерін дұрыс ұстауды, 

əр  түрлі  пікірлерге    құрметпен  қарауды  үйренеді.  Бұл  мұғалімдер  əрқашан  өзгерістерді 

қолдайды,  көтермелейді,  басқалардың  кəсіби  дамуына  көмектеседі.  Олар    бүгінгі 

оқушылардың  қажеттіліктерін  дара  немесе  оқшауланған  түрде    жұмыс  жасау  арқылы 

қанағаттандыра  алмайтынына  көз  жеткізді.  Командамен    жұмыс  кəсіби  қоғамдастықтың 

құраушы бөлігі ретінде басқа мұғалімдерге табысты қарым-қатынас жасау үлгісін көрсетеді. 

Шығармашыл  мұғалімдер  «мұғалімдер  оқушыларға  олардан  да  білім  алғысы  келетінінін 

көрсеткен  жағдайда  жəне  «оқушы  үніне»  мəн  берген  жағдайда  оларды  оқуға  тарта  алады, 

бірлесе түрлі оқыту модельдерін құрастыра алады» деген тұжырымға келді.  

Оқу  үдерісіндегі    педагогикалық  инновацияларды  қолдана  білу,  неғұрлым  тиімді 

əдістермен  жұмыс  жасау,  білім  алушылардың  жеке  дамуын  диагностикалау  жəне  түзету 

жұмыстарын  іске  асыра  білу  қабілеттері  барлық  уақытта  білім  саласының  үлкен  сұранысы 

болып  табылады.  Педагогикалық  тəжірибеде  қай  кезде  болса  да  мұғалімдердің 

интеллектуалдық потенциалы, топты басқару біліктілігі, жаңа білім беру стратегиялары мен 

қазіргі мектеп проблемаларын білу дағдылары жоғары бағаланады.  Мектептегі көшбасшылық 

мəдениет  21 ғасыр  талаптарына    сəйкес  оқушылардың  кең  ауқымды  дағдыларын  дамыту 

мақсатында оқу мен оқыту үдерістерін жаңаша жоспарлау  жəне жетілдіруде маңызды роль 

атқарады. 

Қорыта  келе  көшбасшылық  мұғалімдердің  кəсіби  позициясын  дамыту  жəне  білім 

саласындағы  реформаны  қолдауды  қажет  ететін  шешуші  кілт  ретінде.  Бұл    сапалы  білім 

берудегі ең маңызды мəселе. Көптеген мектептерде өзара əрекеттестіктің авторитарлық стилі 

басымдық  береді.  Білім  беруді  дамытудың  жаңа  стратегияларына  сəйкес,  қазіргі  мақсат - 

көшбасшы мұғалімдерді тарту, оларға қолдау көрсету жəне кез келген педагогикалық ұжымда 

«өзара  сенімділік»  принципімен  серіктестік  орнату.  Басты  міндет - көшбасшы  əлеуетін 

арттыру. Себебі көшбасшылық мектеп жұмысын жетілдіруге, оқу көрсеткіштерін арттыруға 

жəне мұғалімдердің кəсіби қанағаттануына зор ықпалын тигізеді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет