Əдебиеттер тізімі
1. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Қазақстан халқына Жолдауы, 2014
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей (ілгері) Екінші басылым, «Назарбаев
зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014
95
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЭВАЛЮАЦИЯЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
Айтпукешев А. Т.
Атырау қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»
филиалының директоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада қазақстандық білім беруді басқару тəжірибесіндегі жаңа ұғым – эвалюация
мəселесі қарастырылған. Автор мектепті басқару жағдайында эвалюациялау үдерісін
жоспарлаудың ерекшеліктерін сипаттаған.
Аннотация
В данной статье рассматривается эвалюация как новое понятие в практике управления
казахстанской школой. Автором описаны особенности планирования процесса эвалюации в
условиях управления школой.
Abstract
This article discusses the emergence of self-evaluation as new concept in Kazakhstani school
leadeship and management. It describes the specifics of planning the evaluation process in schools.
ХХІ ғасырда əлемдік білім беру жүйесінде білім сапасы мəселесі өзектілігін көтеру,
барлық білім жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын іздену қарқынды сипат
алуда. Қазіргі реформалар білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін, ең алдымен білімді
дамытуға бағытталған білім сапасын өзгертудегі тенденцияларын терең талдауды көздейді.
Отандық білім сапасын халықаралық талаптарына сəйкестендіруге бағытталған жұмыс
барысында шетел мемлекеттерінің бағалау үдерісінің озық тəжірибесін зерделеу іске
асырылуда. Еуропа мен АҚШ елдерінде осы бағыттағы басты қызмет білім сапасын талдау
мен бағалау үрдісін сапалы жаңа деңгейге шығаратын білім эвалюациясымен тығыз
байланысты.
«Эвалюация» (ағылшын тілінде – evaluation) термині отандық педагогикада кең
тарамағанымен, алайда шетелдің жоғары деңгейде дамыған білім беру сапасын басқарудың
жүйелерінде жиі қолданылып келеді. Ресей авторлары 2011 жылы шыққан «Педагогическое
образование в университете: контекстно-биографический подход» атты еңбегінде неміс
ғалымдары мен педагогтерінің еңбектеріне сүйене отырып бұл ұғымды талдауға тырысты [1].
Қазіргі заманғы терминге түсініктеме оны тек бағалау үдерісі ретінде қарастырмай (evaluation
– баға, бағалау), эвалюацияны білім берудің сапасын басқару бойынша түрлі жобалардың
бағалау-талдамалық əрекетінің кіріктірілген санаты ретінде қарастырады [2].
Шетелде «эвалюация» ғылыми термині ХХ ғасырдың 60-70 жж. кеңінен тарады.
Алғашқысында əлеуметтік ғылымдарда мəліметтерді зерттеу негізінде эксперименталды
əрекеттерді талдау барысында пайдаланылса, уақыт өте келе «эвалюация» ұғымына түрлі
анықтамалар беріле басталды. Кейде эвалюация деп қойылған мақсатқа сай атқарылған
əрекеттердің тиімділігін бағалау деп қарастырса, кейде сапаны бағалаудың үдерісі ретінде
96
де қолданылып келді. Сонымен қатар эвалюацияны оқыту мен тəрбиелеудің барлық
аспектерін жүйелі бағалау жəне білім берудің сапасын арттыруға бағытталған түзету
əдістерінің жиынтығы ретінде де қарастырылды. Сонымен қатар бұл ұғымды білім беру
мекемелерінің даму үдерісімен, соның ішінде мектепті дамыту бағдарламаларымен тығыз
байланыстырды. Бұл өз кезегінде эвалюацияны мектеп қызметіндегі өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру, жобалау жəне дамытудың құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Демек, егерде бұл анықтамаға сүйенер болсақ, эвалюация мəліметтері мұғалімдерге - кəсіби
əрекеттерінің рефлексиясын жасауға, мектеп əкімшілігіне - білім беру мекемесінің қызметін
бақылау мен талдауға, ата-аналарға - мектеп имиджінің объективті жəне субъективті
индикаторларын анықтауға, білім беру органдарына - басқарушылық шешімдер қабылдауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін
арттыру бағдарламасының глоссарииінде «эвалюация» ұғымына төмендегідей анықтама
берілген:
Эвалюация /Эвалюация/ Evaluation – білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тəрбиелеу
жəне даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды жəне іс-əрекеттерді
жүйелі зерттеу жəне бағалау.
Бақылаушы жəне қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық жинақтау
жəне талдау негізінде, белгіленген мақсаттармен, критерийлермен жəне құндылықтармен
жүйелі түрде салыстыру негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау жəне жетілдіру
мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі.
Эвалюацияның өзіне тəн ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның
қолданылмауы. Эвалюация мұғалімді «тексеруге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына
көмектесуге бағытталған.
Эвалюацияның келесі түрлері ажыратылады:
Сыртқы эвалюация /Эвалюация внешняя/ External еvaluation – басшылық ету сапасын,
сондай-ақ зерттелетін объектінің оқыту мен тəрбиелеудің жоғарғы стандарттарына
сəйкестік дəрежесін жүйелі түрде зерттеу жəне бағалау. Сыртқы эвалюацияны сырттан
келген тұлға, ұйым немесе орган жүзеге асырады, сонымен қатар ол ішкі факторларды
талдауға да бағытталуы мүмкін (мысалы, мектептің оқу бағдарламасы, қолданылатын
оқыту əдістері, ішкі эвалюация нəтижелері).
Ішкі эвалюация /Эвалюация внутренняя/ Internal evaluation – мектеп директоры
педагогикалық ұжыммен ынтымақтастықта жүргізетін жəне мұғалімнің тəжірибелік
қызметін қолдауға жəне кəсіби дамытуға бағытталған мониторинг негізінде басшылық
ету сапасын жүйелі түрде зерттеу жəне бағалау. Ішкі эвалюацияны білім беру ұйымының
қызметкерлері жүзеге асырады жəне оған сыртқы эвалюация белгілері тəн болуы мүмкін:
білім беру ұйымы өз бастамасы бойынша белгілі критерийлер бойынша сабақты
қадағалау үшін мектептің «сыншы досын» (педагог-ғалым немесе басқа мектептің
мұғалімі) шақыруы мүмкін [3].
Олай болса біз эвалюация ұғымын басшысының қызметінде мектептің оқу-тəрбие
үрдісіне енгізіліп жатырған өзгерістер бойынша ақпаратты жинақтау, оны жан-жақты
талдау, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу жəне оған уақытылы баға беру үдерісі
97
ретінде қарастырмақпыз. Демек оны мектептің ішкі эвалюациясы деп қарастыруға болады
(сурет1).
Сурет 1. Мектеп жағдайындағы эвалюациялау үдерісі
Əрине автордың осындай тұжырымға келуіне бірнеше себептер бар. Атап айтқанда:
1. Деңгейлік бағдарламалар бойынша оқып шыққан мұғалімдердің мектеп
жағдайында енгізіп жатырған түрлі өзгерістеріне басқарушылық əрекет жасау
қажет. Бұл жерде басқару деп тұрғанымыз тек бақылаушылық сипат емес, ол
өзгерістерді қолдау мақсатында эвалюация үдерісін жасақтау. Белгілі бір
проблема аясында ақпарат жинақтау – бұл ақпаратты жан-жақты талдау – қажетті
түзетулер енгізу – тиісті баға беру.
2. Сонымен қатар эвалюациялау үдерісі мектептің даму жоспарымен тығыз
байланысты. Өйткені мектепте атқарылып жатқан қандай да болмасын
өзгерістердің бір мақсаты бар – оқушылардың білім алуына сапалы жағдай жасау.
3. Эвалюация үдерісі білім беру мекемелерінің жалпы білім беру ұйымдары
басшыларының кəсіби стандартының талаптарымен тығыз байланысты. Өйткені
Бағдарламаның үш басымдығы: директордың өзін-өзі дамытуы - мектепті
дамыту - əлеуметтік жəне кəсіби серіктестіктің орындалуы да эвалюация
үдерісі арқылы іске асады. Мектеп басшысының күнделікті мектеп қызметіндегі
алауан түрлі жағдайларға баға беріп отыруы, бірінші кезекте, оның кəсіби
біліктілігін шыңдауға түрткі болу арқылы өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай
жасайды. Мектеп қызметіне жүйелі түрде эвалюация жүргізіп отыру жалпы
мектептің дамуына ықпал жасап жəне əлеуметтік жəне кəсіби серікткестікті
жетілдіруге қолайлы жағдай туғызады.
Демек мектеп басшысының эвалюациялау үдересін басқару үшін осы қызметті сапалы
ұйымдастыру қажет. Ал ұйымдастыру жұмыстарының алғашқы қадамы – жоспарлау.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тəрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген
шараларды белгілеу.
Эвалюациялау үдерісін жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта
факторларының əсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды
белгілеу жəне сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді əдіс-жолдарын таңдап алу болып
табылады.
Мектеп қызметіндегі эвалюациялауды жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді:
-
біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
-
болашақта біз қандай болуымыз қажет?
-
осы жолда нендей кедергілер орын алған?
-
мақсатқа жетуге қандай əрекеттер жасағанымыз орынды?
Ақпаратты
жинау
Талдау
Түзетулер
енгізу
Баға беру
98
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төменгідей
міндеттерді атап өтуге болады:
-
нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-əрекеттер;
-
қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
-
басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру жəне ақпараттар тасқынын
реттеу;
-
сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Əр эвалюандумда үш параметрді бөліп көрсетуге болады, олардың арасындағы қарым-
қатынас эвалюацияның базисті жүйелі моделін құрайды, суретте көрсетілген сұлбадағыдай.
Сурет 2. Эвалюацияның жүйелі моделі
Берілген логикалық модель орнықты болып саналмайды, ол өндірістік функциялау
ретінде оқу үдерісін көрсетеді, мұнда оқытудың кіріс мағлұматтары соңғы қорытындысында
оқу нəтижелеріне ауысады. Ашық көрсеткен кезде эвалюация түрлерінің əрбірі үшін берілген
блоктардың мазмұны түрленеді, бірақ та көп жағдайда зерттеулер стратегиялық басқару
міндеттеріне байланысты ұзақ мерзімді нəтижелерді бағдарлайды.
Жоғарыда көрсетілген моделдің жүзеге асырылуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
1) эвалюацияның мақсаттарын қою. Эвалюация обьектілерін, критерийлері мен
стандарттарын анықтау. Жинақтау жоспарын жасау жəне ақпаратты талдау. Мынаны
атап кеткен жөн, яғни көп жағдайда бастапқы кезеңде эвалюацияның обьектілері,
критерийлері мен стандарттары соңына дейін анықталмай қалады, дегенмен олардың
нақты жəне бір мағыналылығы өте маңызды, осыған орай кей жағдайда
эвалюацияның нəтижелері нақты болмауы мүмкін, бұл басқа құбылысты сипаттауы
ықтимал;
2) зерттеудің əдіснамасын əзірлеу, ақпаратты алу үшін сандық жəне сапалық əдістерді
іріктеу, математикалық моделдер мен валидтік бағалау құралдарын жасау;
3) эмпирикалық ақпаратты жинақтау;
4) ақпаратты өңдеу жəне талдау;
5) оқу үдерісі сапасын арттыру мақсатында басқару шешімдерін қабылдау үшін
эвалюация мағлұматтарын өз бетінше түсіндіру жəне нəтижелерді пайдалану.
Қазақстандық мектептерде эвалюация жүргізу жаңа сипаттағы, кей жағдайларда
түсініксіздеу болғанымен, алдағы уақытта мұғалімдерге өзгерістерді өзінен бастап, үнемі
зерттеулер жүргізіп отыруға, соның арқасында үнемі кəсіби өсуге мол мүмкіндіктер беретін
қажетті құбылыс.
Өйткені эвалюациялау үдерісінің нəтижесінде,біздің ойымызша, жалпы орта білім
беретін мектептердің сапа саясаты мен мақсаттары, миссиясы жасалынып, төмендегі басым-
бағыттары жұмыс жасайды:
Оқу ортасы
Бастапқы (кіріс)
деректер
Үдеріс: сынып деңгейі,
мектеп деңгейі
Нәтижелер: ұзақ және
қысқа мерзімді
99
-
заңнамалық талаптар мен жалпы белгіленген стандарттар негізінде білім беру
қызметінің сапа менеджменті жүйесі қалыптасады;
-
мектептердің кадрлық потенциалы дамиды;
-
педагогтердің біліктілігін арттыру сапасының мониторинг жүйесі дамиды;
-
жауапкершілігі зор, азаматтық сана-сезімі қалыптасқан, өмір бойы үздіксіз білім
алу қажеттілігін түсінген жеке тұлғаның өз шығармашылығын жүзеге асыруына мүмкіндік
беретін ынтымақтасқан орта дамиды.
Əдебиеттер тізімі
1. Гавриков A.A., Зайченко О.М. и др. Педагогическое образование в университете.
Контекстно-биографический подход. Великий Новгород, 2001.
2. Звонников В.И. Измерения и качество образования. М.: Логос, 2006.
3. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін
арттыру курсының бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.
100
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТƏЖІРИБЕСІНЕ БАҒДАРЛАМА ИДЕЯЛАРЫН
ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Аккожина Р. М.
№34 жалпы орта мектеп, Семей қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Баяндамада оқу мен оқыту тəжірибесіндегі проблемаларды шешудің бірден-бір жолы
мұғалімдердің тəжірибесіне бағдарлама идеяларын ең алдағы уақыттарда көшбасшы
мұғалімдерді мектептің даму жоспарына үлестерін қосуға талпындыру жəне кəсіби желілік
қоғамдастықта қаланың басқа мектептерінің мұғалімдерімен, жоғары оқу орнының білікті
ұстаздарымен тəжірибе алмасуға ынталандыру болып табылатыны туралы айтылады.
Аннотация
В данной статье говорится о путях решения проблем в обучении учащихся, о внедрении
в практику учителей-лидеров и в план развития школы идей программы. Вовлечение в работу
профессионального сетевого сообщества и привлечения к обмену опытом учителей других
школ города и преподавателей вузов.
Abstract
This report tells you about one of the way of solving problems in learning and teaching
is to use ideas in the developing programmes of school in future ,to invite advanced teachers to
share with their experiences and to attract attention to teachers of other schools, universities , and
to change with their experiences.
ХХI ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себепті де мектептегі əр мұғалім - мамандығы
бойынша өз пəнін жетік білетін, оқушысының шығармашылығы мен дарындылығының
дамуына жағдай жасай алатын, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен
атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген жəне білімдік
мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық жəне
шетелдік тəжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалім болуы шарт. Осы орайда,
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген
Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. Ал заңға сүйенетін болсақ, бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап
көрсеткен. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу,
оның одан əрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы
ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып
кетеді. Сондықтан əрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. Міне, сол үшін де
педагогтардың кəсіби біліктілік деңгейлерін көтеру қажеттілігі туындады.
Қазақстандық əр мұғалімнің кəсіби біліктілігін көтеру мəселесі қолға алынғанда Кембридж
университеті мен Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп құрған деңгейлі бағдарлама
тамаша бастама болды. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға
арналған бағдарлама қазақстандық білім берудің стратегиялық даму жоспарына сай, əрі
педагогтың кəсіби дамуына, оқытудың инновациялық тəжірибесі мен заманауи ғылыми
101
зерттеулердің дəлелді нəтижелерін сəтті ұштастырып, ықпалдастыруға бағытталған.
Біліктілікті арттыру курстарынан өту барысында педагог, ең алдымен тұлға жəне шебер маман
ретінде дамытуға арналған өзіндік жоспарын құрады, өз кезегінде бұл мұғалім мамандығының
беделін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Бұл курсты аяқтап, қолдарына сертификат алған əр
мұғалім өз мектебінде өзгерістер енгізуде. Солардың бірі ретінде мен де өзімді көшбасшы деп
сезінгендіктен жұмыс жоспарымды Синектің көшбасшылықтың конустық метафорасына
негіздеуді ұйғардым. Яғни, НЕГЕ мектепте өзгеріс енгізуім керек? Себебі, тəжірибе
барысында өзім анықтаған мектеп тəжірибесіндегі олқылықтарды жойып, проблемаларды
шешу үшін керек. Ол үшін əріптестеріме ҚАЛАЙ көмектесе аламын? Тəлімгерлік пен
коучингтер өткізу арқылы, бағдарламаның түйінді идеяларын түсіндіру арқылы. Ал
мұғалімдер НЕ істейді? Мұғалімдер ең алдымен басқа əріптестерімен ынтымақтастықта,
бірлесіп жұмыс істеуге, проблемаларды бірлесіп шешуге үйренеді, мектебіміздің даму
жоспарына бірлесіп өзгеріс енгіземіз, мектепте кəсіби қоғамдастық құрып, қалалық басқа
желілік қоғамдастықтармен байланысқа шығамыз. Бұл ретте мен тағы "Мұғалімге арналған
нұсқаулыққа" жүгіндім. "Бағдарлама əлемдік білім беру практикасында орын алған мұғалімді
мектептерге инновациялық қызметті "əкелуші" деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған
оқушылардың бойында қалыптасатын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі
өзгеруі себеп болып отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай əсер етеді.
Ал, оқушыларда XXI ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері
де ол дағдыларды меңгеруге тиіс". (МАН, 1-деңгей, 64-б.). Яғни, мен қазіргі жағдайда
"инновациялық қызметті əкелуші" бола білуім керек. Əйтсе де, мектептегі мұғалімдердің
барлығы бірдей деңгейлі бағдарламаның модульдерін ұнатты, түсінді жəне бірден тəжірибеге
енгізуге асықты деп айта алмайтын шығармын. Тек, екінші жəне үшінші деңгейді бітірген
əріптестерім ғана осы маңызды мəселеде өздерінің тек фасилитатор екендігін жақсы түсінеді.
Бірақ, олардың соңдарынан еріп, осы бағытты ұстанған əріптестерімнің көп еместігі маған
тағы бір жауапкершілікті арта түскендей болды. Мен өзім ғана көшбасшы болып қоймай,
мұғалімдер арасынан көшбасшылар дайындап, солармен бірлесіп басқа мұғалімдерге ой
салуымыз керек. Алдында отырған əрбір оқушының эмоционалдық ахуалын, көңіл-күйін
үнемі назарға ала отырып, олардың сыныптан тыс өміріне де қызығушылық танытулары тиіс
екенін, оқушыларды ынталандырып отырғанда ғана олардан кері байланыс ала алатындарын
түсінулері керек. Оқытудың дəстүрлі бағытын ұстайтын аса мол тəжірибесі бар мұғалімдердің
кейбірі бірден қабылдай қоймаса да, жұмыс барысында өздері келіп, бағдарламаның берері
көп, болашағы зор екенін мойындағандары да болды.
Деңгейлік курстың мектептегі тəжірибе кезеңінде менің өз мектебім жайлы жинаған
деректерім өз мектебімнің дамуын жəне оқу мен оқыту тəжірибесіндегі проблемаларды
анықтауға көмектесті. Ол: білім сапасының төмендігі, мұғалімдердің еңбек тəжірибесіндегі
жаңаша əдіс-тəсілдердің жүйелі пайдаланылмауы, АҚТ-ны қолданудың біржақтылығы,
топтық жұмыстың жеткілікті дəрежеде қолданылмауы. Осы деректердің барлығын сараптай
келе, анықталған проблемаларды шешу үшін мен іс-əрекеттегі зерттеуімнің, жалпы практика
кезіндегі жұмысымның тақырыбын "Мұғалімдердің тəжірибесіне бағдарлама идеяларын
енгізудің тиімділігі" деп алуды ұйғарған едім. Жəне де мектептің педагогикалық ұжымының
əдістемелік-ізденіс тақырыбын өзгертудің уақыты дөп келгендіктен, алдағы 5 жылға
мектептің тақырыбы таңдалды. Сөйтіп, педагогикалық ұжым 2013/2014 оқу жылындағы оқу-
тəрбие жұмысында «Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы білім беру үдерісінің
тиімділігін арттыру» атты əдістемелік-түйінді тақырыбы бойынша жұмыс бастады. Тақырып
2013-2018 жылдарды қамти отырып, 3 кезеңге бөлінді. Мұның бəрі - мектептегі көшбасшы
мұғалімдердің мектеп əкімшілігімен бірлесе отырып жасаған жұмысы, өз жемісін беруде. Осы
102
арада мұғалімдердің АКТ-ны меңгеру деңгейлеріне көңіл бөлуге тура келді. Себебі, желілік
қоғамдастықта ақпараттар алмасу үшін əр ұстаз технологиялық білімді - оқытудың қосалқы
құралдарын əбден меңгерулері тиіс. Бұл білімдер сандық технологияларға қатысты
операциялық жүйелер мен компьютерлік аппараттық құралдарды білу дағдысын, электронды
поштаны пайдалана алу қабілеті болуды қажет етеді. Əріптестерімнің басым көпшілігі бұл
дағдыларды меңгерген деп айта аламын. Тек Мишра мен Келер айтқандай, "технологиялық,
педагогикалық жəне мазмұндық білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға
қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кəсіпқой болып саналатынын" ескерсек (Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 1-деңгей, 32-б.), бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші
болып табылатынын да басты назарда ұстауымыз керек деп ойлаймын.
Осы деңгейлі бағдарлама менің мектебіме не берді? деген заңды сұраққа келсек, бергені
де, əлі де берері де көп дер едім.
1.
Барлық оқушылар білім деңгейі мен қабылдауына əр түрлілігіне қарамастан бір сыныпта
оқиды. Бұл инклюзивті оқытуды мен əбден қолдаймын.
2. Ата-аналар мектеп қызметі туралы өздерінің пікірлерін білдіріп, өз баласының білім
сапасын бағалау жөнінде үш жақты (ата-ана, мектеп жəне оқушы) əңгімеге қатыса алады.
3. ҰБТ-дан орта балдың көтерілуі.
4. Соңғы 3 оқу жылының үлгерімін қарастыра отырып байқағаным, жалпы мектеп бойынша
оқушылардың білім сапасы 1,6 %-ға артқан.
5. Көшбасшылық модуліне көп басымдылық берілді. Мектепте 12 əдістемелік бірлестікпен
қоса 5 шығармашылық топ жұмыс жасауда. Оның ішінде Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
жəне мұғалімдер мен оқушылар арасында жан-жақты қолдану мақсатында арнайы
шығармашылық топ құрылып, жұмысын жалғастыруда.
6. Сондай-ақ, мектепте "Өркен" кəсіби қоғамдастығы жұмыс атқаруда. Бұл менің мектеп
аясындағы құрған кəсіби қоғамдастығым болып табылады. Қоғамдастықтың жоспары
бойынша Lesson study топтары құрылып, ол үшін сыныптар таңдалынып алынды. Оған оқу
үлгерімі төмен жəне орташа сыныптар таңдалды. Lesson study бізге көп жағдайды анықтап
берді. Атап айтқанда, оқушылардың сабаққа енжарлығы не себепті, қызығушылықтары неге
төмен, оларды қандай жұмыс қызықтырады? деген сияқты сұрақтарға жауап алдық.
Оқушылар топтық жұмыстар түрлерін аса үлкен қызығушылықпен игеріп, қандай пəн
екеніне қарамастан, сабақтарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ал, ұлттық мектеп
көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта "Білім беру желісіне"
мынадай анықтама берілген: "Оқушылар жоғары нəтижелерге жету үшін бір мектептің
шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған
көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру жəне мониторингін жүргізу мақсатында
бірігетін мектептер немесе əріптестер". Менің директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі мақсатым
- алдағы уақыттарда көшбасшы мұғалімдерді мектептің даму жоспарына үлестерін қосуға
талпындыру жəне кəсіби қоғамдастық аясында бір-бірімен жəне желілік қоғамдастықта
қаланың басқа мектептерінің мұғалімдерімен жəне жоғары оқу орнының білікті ұстаздарымен
тəжірибе алмасуға ынталандыру болды. Осы мақсат аясында "Ізденіс" шығармашылық
тобының ұйымдастыруымен 2014 жылдың қаңтар айында Шəкəрім атындағы Семей
мемлекеттік университетінің оқытушыларымен бірлесе отырып, "Жаһандану жағдайында
қазақ тілі мен əдебиетін оқытудың өзекті мəселелері" тақырыбында семинар өткіздік. Онда
осы 7 модульді біздің мұғалімдеріміз өз тəжірибесінде қалай пайдаланып жүргендерін
көрсетсе, университет оқытушылары студенттерді дайындау барысындағы жұмыстарымен
бөлісті. Орта мектеп пен жоғары оқу орнының мұғалімдері бірлесе жұмыс жасағанда ғана
жақсы маман даярлап шығуға болатынын тағы да дəлелдей түсті. Себебі, мен оқып жатқан
103
бағдарламаның авторлары ұсынып отырған оқытуды басқару жəне көшбасшылық
тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор əлеуеті бар, оларды өзгеріс енгізу
тəжірибесіне қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады деген ұстанымға негізделеді.
"Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес əрине, өйткені оның барысында жұмыста əртүрлі
қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы да ықтимал" (МАН, 1-деңгей, 69-б.). Менің
өз тəлім алушымның кəсіби дамуының өскенін жəне екеуміз бірлесіп жасаған еңбегіміздің
нəтижесін көргім келеді. Сол үшін де мен мектебімде көшбасшылықты дамытатын боламын.
Себебі, тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады.
Көшбасшы мұғалімнің мынадай негізгі функцияларын үнемі есімде ұстаймын: "өзінің
мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру; мектеп тəжірибесіне шолу жасауды ұйымдастыру
жəне жүргізу; оқу бағдарламасын əзірлеу/ дамыту жөніндегі біліммен қамтамасыз ету;
мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға қатысу; мектеп ішінде əріптестерінің
біліктілігін арттыру; басқа мұғалімдердің тиімділігін бағалауға қатысу" (МАН, 1-деңгей, 66-
б.).
Осы жұмыстар барысында үлкен көмек көрсетіп келе жатқан Семей қаласының
Педагогикалық шеберлік орталығы машықкерлерінің елеулі еңбектерін айтқым келеді. Білікті
де білгір машықкерлер деңгейлі бағдарламаның 7 модулі аясында теориялық біліммен қоса,
практика түрінде көрсетіп, түрлі дөңгелек үстелдер мен тренингтерде басымыз қосылып,
тəжірибеде кездесіп жатқан кедергілер мен кемшіліктерді бірге талдап, тығырықтан шығудың
жолын іздейміз.
Ежелгі грек философы Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында
жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері
үстем болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |