Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


«Математикамен айналысу - бұл жақсы ой гимнастикасы»



Pdf көрінісі
бет11/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   113

«Математикамен айналысу - бұл жақсы ой гимнастикасы» деп аталатын қанатты сөзді 

əр  оқушы  санасына  берік  орнықтырады.  Осы  кешті  өткізу  барысында  дарынды  балалар 

жұмыстары іске қосылды. Яғни үш өлшемді модельдеу (3d MAX) бағдарламасы арқылы 

жұмыс  жасайтын,  қызығушылығы  жоғары  оқушылар  өз  үлестерін  қоса  отырып,  əрбір 

фигураға  жан  бітіріп  сөйлете  алды.  Өздерінің  жасаған  дүниелері  арқылы  басқа 

оқушылардың да қызығушылығын арттыра түсті. Осы оқушылардың еңбегіне қызыққан 

оқушылардың екеуі: 10-сынып оқушылары Төлебай Бағлан мен Байділда Мағжан биылғы 

жылы  осы  бағдарлама  бойынша    ғылыми  жоба  қорғап  грант  иегері  атанды.  Сондықтан 

оқушының пəнге деген қызығушылығын оятып арттыру үшін жаңа технологияның қыры 

мен сырын тереңірек меңгеріп, дəстүрлі емес бағдарламалар бойынша оқушының өзіндік 

83


жұмыс жасауына бағыт бағдар беру керек. Əрбір осындай пəндік кештер оқушы жүрегіне 

жол тапса,онда мақсатқа жеткеніміз .Ендігі жолы осы жасаған анимацияларына жан ғана 

емес дыбысты қоса шығарып, жетілдіру үшін одан əрі жұмыстарын жалғастыруда. Сөйтіп, 

бұл жұмыс өз жалғасын тапқан оңтайлы іс болды деп ой түйдім.  

Қорыта келе, қазақ халқының соңғы ғасырдан бері тəрбие жөніндегі өнегелі істері мен 

сөздері, тұрмысы, мəдениеті, өнері, өмір тəжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы 

болып келеді. Қай заманда болмасын ұрпақ тəрбиесі адамзаттың парызы болды. Əрбір халық 

өзінің тарихы мен тəжірибесін  жалғастыратын  жас  түлектерді  ғасырлар  бойы  тəрбие 

əдістері  мен  тəсілдерін  қолданып,  өмір  тəжірибесі  сынынан  өткен  əдептілік,  сыпайылық, 

адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейрімділік, қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, 

оған  ілтипат  көрсету  сияқты  қаблеттерді  олардың  бойына  екті.  Осылардың  бəрі 

адамзат тəрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді. 

Əрине  жастарға  тəлім-тəрбие  беруде  тек  ұлттық  дəстүрлер  мен  шектелуге  болмайды. 

Сондықтан  тəрбие  ісі  тиімді  жəне  нəтижелі  болу  үшін  халық  педагогикасына  кешенді 

караған жөн. 

Сондықтан  да  мектепте  баларға  білім  беруде  ұлттық  тəрбие  дəстүрлерін 

басшылыққа  алу-  басты  талап.  Бұл  міндетті  шешудегі  шаралардың қайнар бұлағы, 

сарқымас көзі халықтық педагогика. 

Қорыта келе: 

1. Халықтық 

педагогика 

элементтерін 

оқыту

оқушыларды 



ұлтын, 

халқын, Отанын қастерлеп қалтқысыз еңбек етуге тəрбиелейді.

2. Халықтық    педагогиканың    құрамды    бөліктері      қазақтың  ұлттық

ойындары,  мақал-мəтелдері,  жұмбақтар,  ертегі  есептер,  санамақтар

т.б. 

ерте 


заманнан 

бастап, 


жас 

өспірімдердің 

ой-өрісін, 

зеректігін

дамыту, тапқырлығы мен шешендікке тəрбиелейді.

3. Халықтық 

педагогика 

элементтерін 

оқыту 

оқушыларды 



ұлттық 

сана


сезім  оянған,  рухани    ойлау  дəрежесі  биік,  этикадық  талғамы

жоғары, ар - ожданы мол, еңбекқор етіп тəрбиелейді.

4. Халықтық  педагогика  элементтерін  оқыту  балалардың  ғасырлар

бойы          өмір          тəжірбиесінен          өткен          əдептілік,     сыпайылық,

қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ілтипаттыққа тəрбиелейді.

Əдебиеттер тізімі 

1. Т.Р.Əлімбай «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мен халық есептері.»

2. «МВШ» журналы 1984 ж.

3. Үш өлшемді модельдеу (3d MAX) бағдарламасы

84


ЖЕРДІҢ МАГНИТ ӨРІСІ  ТАҚЫРЫБЫН ОҚУШЫЛАРДЫҢ  

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРА  ОТЫРЫП  ОҚЫТУ 

Айназарова К. Ж., Жүгініс А. С. 

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік  мектебі  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  



Аңдатпа 

        Мақала  оқу  процесіндегі    білім  ресурсы  секциясы  бойынша  дайындалды.  Топтық 

оқытуды  тиімді    пайдалану  нəтижесінде    оқушылардың  өз  бетінше  ізденіп,  білімге 

қызығушылығы артады. 



Аннотация 

       Статья подготовлена секцией образовательных ресурсов учебного процесса. Эффективное 

использование  группового  обучения  позволяет  повысить  интерес  учащихся  к  предмету  и 

самостоятельному поиску. 



Abstract 

The article was prepared by the Section of educational resources of the educational process. 

An effective use of group learning can improve students' interest in the subject and search some 

information themselves.

 

      8 сыныпта  жердің  магнит  өрісі  тақырыбы  бір сағатқа  берілген. Дегенмен  Жердің магнит  



өрісі, жалпы магнит өрісі  ұғымы туралы  білімін арттыру  үшін оқушыларға  презентация, 

эссе,  əңгіме    т.б.  дайындауға    бағыт    берілген  дұрыс.  Бұл  жерде    география  пəнінен  алған  

білімді    тиімді    пайдалану    керек.  Мысалы,  Жердің    географиялық    полюстерін  картадан 

көрсету.  

        Мақсаты:  Жердің  магнит    өрісі,  аспан    денелерінің  магнит  өрісі  туралы  түсінік  беру. 

Жердің магнит өрісінің əсерінен болатын  құбылыстарды түсіндіру. 

         Күтілетін    нəтиже:  Жердің  магнит  полюстерінің  оның  географиялық  полюстерімен 

сəйкес  келмейтінін  біледі.  Жердің  магнит    өрісіне  байланысты  құбылыстардың  –магниттік 

аномалияның,  магниттік    дауылдар,  табиғаттағы  əдемі  көрініс - солтүстік  шұғыласының  

себебін біледі,  Айда, Шолпанда  магнит  өрісінің  болмайтындығын  біледі.  

        Сабақты төмендегі проблемалық  сұрақтарға жауаптан бастаймыз. 

Тақырыпты ашу  үшін  қойылатын  сұрақтар: 

1) Жер  ток  өткізе  ме?

2) Жер өткізгіш  болып есептеле ме?

3) Жердің  магниттік  қасиеті  бар ма?

4) Жердің магниттік қасиетін қалай байқауға  болады?

5) Жерді  магнит  деп  есептеуге  болса, онда  оның  полюстері  болу  керек  қой, полюстер

туралы не  айтуға  болады? 

6) Жердің    магнит    өрісінің  əсерінен  болатын  қандай    табиғи  құбылыстарды  білесіздер?

Солтүстік шұғыласының əдемі көрінісі көрсетіледі.  5  

Əдеттегідей топпен жұмыс жасаған  тиімді. 

1-топ: Кітаптағы  мəтінмен жұмыс; 

85


2-топ: Жердің  магнит  өрісі  қалай  пайда болды?  

3-топ: Магнит өрісінің медицинада  қолданылуы. 

1-топтың    қорғауы  бойынша  оқушылар  Жердің  магнит  өрісінің  бар  екенін  біледі  жəне  

тəжірибе  жасап  көреді. Штативке жолақ магнитті жіп арқылы  бекітеді. Магнит жолағы əрі-

бері  тербелген  соң  оның  солтүстікті  көрсететін N полюсі  жердің  географиялық  солтүстік  

полюсі  жағына  бұрылады.  Өткен  сабақта  қарастырғандай    магниттің    солтүстік  полюсі  

магниттің  оңтүстік  полюсіне тартылады, ендеше  географиялық солтүстік полюсте магниттік 

оңтүстік полюс орналасқан. Осы  тəжірибені  магнит  тілшелерімен де  жасап көз  жеткізуге  

болады.  Магниттік    қасиеттер    тек  Жерге  ғана  емес,  басқа  да  аспан    денелеріне  тəн.  

Зерттеулердің  нəтижесінде  Күнде  магнит  өрісінің бар екені ал, Ай мен  Шолпанда магнит 

өрісінің  жоқ  екені белгілі. Марста Жердің магнит  өрісімен  салыстырғанда 500 еседей əлсіз  

магнит  өрісі  бар  екен.  

     Оқушылар    жердегі    магнит    өрісінің    қалай    пайда    болуын  2-топтың    оқушыларына  

берілген  қосымша  ақпараттан  біледі.  

     Ағылшын физигі  XIV ғ. Уильям Герберт шар тəрізді магнит дайындап, магнит тілшесімен 

зерттеулер жасап мынадай  қорытындыға келді:  Жер – өте  үлкен ғарыштық магнит болып  

табылады.      

     Жердің  магнит  өрісінің  бар екенін жəне   сəйкесінше  магнит  полюстері  болатынын  

компас –құлабызбен  жасап көрсетеді. 

Компас – бағытты  анықтау  үшін  қолданатын  құрал. 

Əдетте құлабыздың  тілшесі үнемі бір бағытты ұстайды, оның солтүстікті көрсететін тілшесі 

солтүстікке  тартылуы  нəтижесінде  «көрсетеді»,  демек  солтүстік  географиялық  полюске  

Жердің  оңтүстік  магнит  полюсі  сəйкес  келеді  деген  сөз.  Сəйкесінше,  Жердің  оңтүстік 

географиялық полюсінде  Жердің  солтүстік  магнит полюсі   орналасады. Бұл тұжырымдарды  

оқушылар  глобустан  көрсетеді. 

     Жердің  оңтүстік  магнит  полюсі  Канаданың  солтүстігінде,  ал Жердің  солтүстік  полюсі  

Антарктида шетіне  қарай  орналасқан.  

    Жердің  магнит өрісі қалай пайда болды? 

Магнит өрісінің пайда  болуы əлі күнге дейін жұмбақ болып келеді. Ғалымдар бұл құбылысты  

түсіндіру үшін бірнеше гипотеза ұсынды. Көптеген зерттеулердің  нəтижесінде   магнит өрісі 

мынадай физикалық құбылыстардың əсерінен болуы керек    деп түсіндіріледі: 

1) Жер  бетін  сансыз қиятын   «құйынды» өрістердің тогы əсерінен;

2) Сыртқы  космостық    (Жермен   байланыссыз)  əрекеттерден;

3) Жердің  өзінің  ішкі динамикалық    күйінің əсерінен.

Жердегі  магнит  өрісінің  пайда  болуына  соңғы  себептің  мүмкіндігіне  көптеген  гипотезалар  

айтылды. Енді осы гипотезаны түсіндіріп көрелік. 

    Жердің  ішкі  динамикасы     

     2900  км  тереңдігіне  дейін  Жердің  қатты  екені  белгілі.  Одан 5120 км  тереңдікке  дейінгі 

бөлігі    сұйықтық  қасиетке  ие,  яғни  бұл  қабаттан  көлденең  сейсмикалық  толқындар    өте 

алмайды. Сыртқы ядроның да сұйықтық  зат екені, ал 5120 км бастап центрге дейін  қатты зат 

болып  табылатыны  анықталды.  Жердің  балқымалы  ішкі  қабаттары,  Жер  ядросы  үнемі 

қозғалыста  болады,   осы  алмасулар  Жердің  өз  осінен  айналуының  əсерінен  магнит  өрісін 

тудырады деп түсіндіріледі.  3 2  

     «Жердің магнитосферасы жəне оның биосфера дамуындағы ролі»    тақырыбында шағын  

мəтін    оқылады.  Оқушылар    мəтіннің    негізгі    жерлерін    «түртіп  отыру  керектігі»  

ескертіледі.«Автордың  столы» əдісімен  бір оқушы жазған мəтінін оқып немесе  айтып  береді.  

     Магниттік дауылдар 

86


    Күннің күшті  жарқырауы белсенді  болған кезде,  Күн бетінен  магнит өрісі Жердің  магнит  

өрісін  өзгертетін    жəне    магнит    дауылдарын    тудыратын  зарядталған    бөлшектер  ағыны  

шығарылады.  Мұндай    магниттік    дауылдар    зиянды  болып  келеді:  олар  радиобайланысты  

бұзады,  электробайланысқа кесел келтіреді,  көптеген өлшеуіш  құралдар дұрыс  көрсетпей 

қалады.Жердің  магнит  өрісі  Жердегі  тіршілік  иелеріне зиян келтіретін  ғарыш сəулелерін  

ұстап  қалады. 

Жердің    магнит    өрісінің  адамға    əсері.Табиғат  факторларының  адам  организміне    əсерін  

биометрология деп аталатын  медицинаның бір саласы қарастырады. Магнит дауылы адамның 

жүрек, жүйке жəне дем алу  жүйелеріне  кері əсерін  тигізеді,  қан құрамы өзгерісіне  əкеледі: 

атеросклероз  жəне  тромбофлебит  ауруларымен  ауыратындардың  қан  құрамы  қоюланып 

кетеді. 

3-топтың  оқушылары магнит өрісінің  медицинада  қолдануы  туралы айтады. 



    Магнит  өрісінің медицинада  қолданылуы  

    Негізінен    магнит  өрісіне    атап  айтқанда  электромагниттік  өрісті  қолданып  біршама  

ауруларды  емдейтін  құрылғылар    көптеп  саналады.  Біз  бүгін  солардың  ішінен  «Радиус-

Магнит» аппараты  туралы айтамыз. «Радиус-Магнит» аппараты  қазіргі заманға сай шағын 

процессорлық  басқаруы  мен  меншік  бағдарламалық  қамтамасыз  етуі  бар  медициналық 

техниканың бұйымы болып табылады. (Ғаламтордан суреті көрсетіледі) 

Аппарат зақымдалған жерге, соның ішінде қуыс ішіндегі оқшауланған жерге ауыспалы магнит 

өрісімен  (МӨ)  əсерін  тигізетін  магнитотерапия  шаралардың  жүргізу  үшін  арналған,  ол 

урология,  гинекология,  травматология  ауруларын,  спорттық  медицинада,  науқастардың 

вертеброгендік  жүйке  жүйесінің  ауруларын,  буын  ауруларын,  демалу  органдарының,  ас 

қорыту  органдарының,  құлақ,  тамақ,  мұрын,  хирургиялық  жəне  тері  ауруларын  емдеуге 

пайдалану  мүмкін.  Жиілігі  төмен  магнитотерапияның  белгілі  əдістері  бойынша  іс  жүзінде 

процедурлардың  барлық  түрлерін  жүргізуге  мүмкіндік  беретін  аппарат  «Радиус-Магнит» 

өрісінің  арнайы  сəуле  шығарғыш  жиынтығымен  қоса  жеткізіледі.  Науқастың  денесімен 

байланысты  болатын  аппараттың  сəуле  шығарғыштары  денсаулық  сақтау  Министрлігімен 

рұқсат етілген жəне тазалау мен дезинфекцияға қолайлы зиянсыз материалдардан орындалған. 

«Радиус-Магнит»  клиникалық  сынақтан  ойдағыдай  өтті  жəне  УЗ «9- қалалық  клиникалық 

ауруханасы»,  УЗ  «Минск  облысының  перзентханасы», «Неврология  жəне  нейрохирургия 

РҒӨО» жетекші мамандардың оң пікірлерін алған. № ИМ-7.96575. ТУ BY 100172712.004-2010 

Беларусьтің денсаулық сақтау Министрлігінің тіркеу куəлігі. Аппаратпен стационарлық жəне 

амбулаторлық  емдеу-профилактикалық  медициналық  мекемелерінде,  санаториялық  жəне 

спорттық-сауықтыру  мекемелерінде,  сонымен  қатар,  физиотерапия  кабинетінде,  палаталар 

немесе бөлімшелерде, сондай-ақ үй жағдайында əр түрлі аурулары бар науқастарды емдеуге 

тиімді қолдануға болады.  8  



    Плазмозаврлар  туралы əңгіме (Жердің магнит өрісін зерттеу кезіндегі тылсым құбылыс)           

     Бұл  əңгімені  өткен  ғасырдың      50  жылдары,  яғни 1950 жылы  совет    поляршысы  Юрий 

Коршунов  өзінің Антарктидаға жасаған   зерттеу  сапары  туралы көп жылдан кейін  жазған 

болатын.  Сол сапарға  шыққан  алты  адамның екеуі  ғана тірі  оралған екен.  Ресми деректер  

бойынша    бұл  адамдар    қатты  жел  мен  аяздан    өлген  деп    есептеледі.  Бірақ  Юрий  

Ефремовичтің  айтуы бойынша басқаша.  Оның  əңгімесін   «Өлтіргіш шарлар» деп атауға  

болады. Оның  əңгімесінің  қысқаша  түрі:   

     Күнделікті  жұмыс күндерінің бірінде  өзіміздің  алдын-ала  есептеулер  бойынша  Оңтүстік 

магнит  полюсі деп  есептелетін  жерге  келген  кезде  келеңсіз  оқиғалар  басталды.  Сол күні  

барлығымыз  ерте  жаттық,  бірақ  ұйқымыз    келген  жоқ,  мен  өзімді    онша  сезінбедім  де 

палаткадан  шықтым. Біздің  «вездеходттан»   300 м –дей  жерде  бір жарқыраған шар тұрғанын 

87


көрдім. Ол  футбол  добы сияқты  секіріп  тұрды,  бірақ одан 100 еседей  үлкен еді. Бұны көрген 

мен    қатты    айқайлап    жібердім.  Барлығы    сыртқа    атып    шықты.  Бір  кезде  шар  секіргенін  

қойып бізге  қарай  жайлап жақындай  бастады, жəне  оның  формасы  колбаса сияқты  өзгере  

бастады.  Түсі қарая бастады,   көзі  жоқ  бас сияқты  жағында үлкен  тесік пайда болды,   «құдай 

ақы»  ол бірнəрсе деп сөйлеген сияқты  болды,  шардың астындағы  қар  сықырлайды.Осы 

жерде фотограф Саша  суретке  түсіргісі  келіп жақындады.  Сол уақытта шар  отты лента 

сияқты Сашаның  жан-жағынан орап алады. Сол кезде  ол қатты айқайлап жіберді,  қолынан 

аппарты  түсіп қалды. Осы кезде Андрей Скобелев пен  врач Рома Кустов екеуі бірден  оқ 

атады.Оқтың  атылған  дауысы      бомба  жарылғандай  болды.  От  шашқан    лента      жан-жаққа  

найзағай сияқты  ұшқын шашып, жана бастайды.  Мен Сашаның  қасына  бардым: оның  жаны 

жоқ,  үстіндегі    поляршының  арнайы    костюмі  жүнге    айналған.  Біз  өзіміздің      «Мирный» 

станциясымен  байланысқа  түспек  болдық: мұнымыздан ештеңе  шықпады, адам  миына əсер  

ететін дыбыс тұтас шыңқылдаған, ысқырған  дыбыс. Мен мұндай  өте күшті  магнит  дауылын  

бұрын соңды  көрмеппін. Осындай  магнит өрісі, дауылы   үш күн  бойы  тұрды.  Лента  болған 

жердегі мұз тереңдігі жарты метр, ені екі метр болатын  шұңқырға айналған. Сашаны  полюске 

жерлеуге тура  келді.  Ертеңіне  Сашаны жерлеген жердің дəл үстінде   тағы бір шар пайда  

болды, бір минуттан кейін  екеуі тағы  пайда  болды: бұл  жолы олардың   ауадан  қоюланып 

пайда  болатынын көріп  тұрдық,  жоғарыдан пайда  болып,  жерге  қарай түсе  бастады, олар 

аспанда    ілулі    тұрғандай    болды,  бізге    қарай  түсініксіз    траектория    бойымен    жақындап  

келеді.  Андрей суретке  түсіре  бастады, мен аспаптардың  өлшеулерін қарап тұрмын,  Кустов 

пен  Борисов шарлар колбасаға  айнала  бастаған мезетте  оларды  ата  бастады.   Біз есімізді 

жиғанда  шарлар  болған  жоқ, тек озонның  иісі қатты  сезіліп  тұрды. Екі  күннен кейін  Кустов 

пен  Борисов, одан кейін Андрей Скобелев қайтыс болды.»  

Ресейліктерден кейін 1962 жылы  оңтүстік  полюске  американдықтар аттанады. Олар алдыңғы 

ресейліктердің    жағдайын  ескеріп  барады.  Экспедиция    мүшелері    аман    қайтады,  бірақ, 

олардың    осы    сапары    туралы  ешқандай    ақпарат  жоқ.  Құпия  түрінде  қалады.  Барған 

адамдардың  жартысы  психиатриялық    ауруханаға  түседі.  Сондықтан  бұл  экспедицияға  да  

шарлар кездесуі  əбден  мүмкін. 

     Американдық      ғалымдар   1966 жылы    бұл    шарларға  плазмозавр  деген  ат    берді. 

Американдық  физик Рой Кристофер    плазмозаврға  бұл - электрленген тірі антартикалық  

құбыжық –   қою  плазма деп өзінің көзқарасын  білдірді.  Оның  айтуы  бойынша  Мұндай  

шар-плазмозаврлар  Жер бетінен 400-800 км  биіктікте  болады. Олар ол жақта  разрядталған 

күйде болып көзге  көрінбейді.  Ал олар  оңтүстік  магнит  полюсі  маңында атмосфераның  

тығыз  қабатына енген кезде  олар да тығыздалып көзге  көріне бастайды. Неге  екені  белгісіз   

мұндай  плазмозаврлар  солтүстік  магнит  полюсінде  байқалмаған. 

    Алғаш рет оңтүстік магнит полюсінде 1902 жылы американдық  зерттеуші Роберт Фолкон 

Скотт  бастаған  адамдар  барады.  Полюске    барғанша  жолда  олардың    бір  адамы    өледі,  

белгіленген  жерге жалауларын орнатып қайтады. Осы қайтар жолда  олардың  бəрі  өледі. 

Ресми    деректер    бойынша    олар    жолдан  адасып,  ас-сусыз  қалып    өледі  деп  айтады.  Бұл  

оқиғаға  да    тылсым  шарлардың  қатысы  бар  деген  қауіп  те  бар.  Мүмкін  болашақта    магнит 

полюсіндегі   түсініксіз   құбылыстардың  толыққанды  түсіндірмесі де табылып қалар. Мұндай 

əңгімеге біреу сеніп біреу  сенбес, бірақ  табиғаттың адам түснбейтін тылсым жақтары  бар 

екеніне бəрі сенеді.  7  

      Астрономия  пəнін  оқытуда  ежелгі  аңыздарды  келтіру  артық  болмайды,  мұндай  əңгіме 

жаңалыққа жаны  құштар баланы селт еткізетіні сөзсіз, демек пəнге  қызығушылығы  артады. 

88


1. Дуйсенбаев Б.М; Физика жəне  астрономия  оқулығы 8кл.

2. Э.Роджерс  «Физика для любознательных» Москва,Изд. «Мир»

3. Н.В.Короновский,Соросовский «Магнитное поле геологического прошлого Земли»

образовательный журнал №6 1996г.

 cтр.56-63

  

4. http://www.youtube.com/watch?v=JCgcqCuUTMY;  10. 09. 2014



5. http://www.youtube.com/watch?v=F31eu0wECas; 10.09.2014

6. http://www.youtube.com/watch?v=8iOh__4k2;  10.09.2014

7. http://tainy.net/30447-shary-ubijcy-s-yuzhnogo-polyusa.html; 10.09.2014

8. http://www.radius.by/kk/products/devices/465.html; 10.09.2014



Əдебиеттер тізімі 

89


БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ, ТƏЖІРИБЕ ЖƏНЕ ЗЕРТТЕУ 

Айтжанов Р.М., Каржауова Ж.С. 

Əбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға  

мамандандырылған гимназия-интернаты  

Солтүстік Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Бұл  жұмыста  əлемде  жүріп  жатқан  өзгерістерге  байланысты  білім  беру  саласына  да 

өзгерістер  енгізу  қажеттілігі  жайында  айтылған.  Осы  өзгерістерді  енгізудің  дəлелдемесі 

ретінде өз мектебіміздегі істелініп жатқан жұмыстар жайлы мəліметтер берілген. Сондай-ақ 

Петропавл  қаласының  жəне  аудан  мектептерімен  бірігіп,  кəсіби  қауымдастықты  іске  асыру 

мүмкіншіліктері қарастырылған жəне бірлесіп жұмыс істеу, тəжірибе алмасу мақсатында іс-

шаралар жоспары да қоса берілді. Сонымен қатар өз мектебіміздің мұғалімдерінің өздерінің 

іс-тəжірибесіне өзгерістер енгізіп жатқаны қарастырылған. 



Аннотация

 

В данной работе говорится о происходящих изменениях в области образования во всем 

мире  и  о  необходимости  внедрения  новшеств  в  жизнь.  Как  доказательство  тому  даны 

сведения  о  проводимых  работах  в  своей  школе.  Также  совместно  со  школами  города 

Петропавловска  и  районов  создано  сетевое  сообщество  и  составлен  план  мероприятий,  где 

предусмотрены  условия  для  обмена  опыта  и  профессионального  роста  учителя.  Также  к 

данной  статье  приложен  план  мероприятий  сетевого  сообщества.  В  связи  с  этим  в  данной 

работе рассмотрено внедрение изменении в творческой работе учителей своей школы. 



Abstract 

In this work it is  studied the ways of changes in the world education and it is necessary to 

inculcate innovation to our educational system too. As a proof of it there is given the information 

about conducted work at their own school. There was also created network association and was 

made up the plan of the work where was foreseen the conditions for exchanging experiences 

between teacher and for their professional growth. The plan of measures of network association was 

enclosed to this work. According to this in this work was considered the inculcation of changes in 

teachers creative activities too. 

  Жер  шарында  болып  жатқан  үрдістер  əлемдік  білім  беру  жағдайын  қайта  қарауды 

талап  етіп  отыр.  Ғаламдық  проблемалар:  жаһандану,  демографиялық  өзгерістер, 

бейбітшілікті сақтау, экология проблемалары саясаткерлер үшін де, мектептер жəне мектеп 

қызметкерлері  үшін  де  маңызды  мəселелер  болып  отырғаны  анық.  Əлемнің  жылдам 

өзгеруімен  бірге  біз  де  өзгеруіміз  керек.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  көптеген 

алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдер  озық  тəжірибелері  мен  жетістіктерін  көрсетіп  отыр. 

Қазақстандық  Білім беру жүйесіне əлемдік тəжірибені кіргізу үшін біз басқа елдерде  неге 

реформалар жүргізеді, оның мəні неде, біздің елімізде реформалар жасау қаншалықты тиімді 

екенін  біліп  алуымыз  керек.  Осы  реформаларды  жүргізу  қаншалықты  мұғалім  құзыретін 

арттырады,  оқушылардың  білімі  мен  сол  білімді  алу  жолдарын  көрсете  алатынын,  яғни 

90


мектепте  алған  білімдерін,  дағдыларын  қаншалықты  өмірде  пайдалана  алатындықтарын 

білуіміз керек. 

Елбасы  Н.Ə.Назарбаев    «Қазақстан  жолы - 2050: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 

Қазақстан  халқына  Жолдауында    «ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз - белсенді,  білімді 

жəне  денсаулығы  мықты  азаматтар»  деп  көрсетілген. [1] Қазіргі  білім  саласындағы 

өзгерістер  қоғамға  бейім,  өздігінен  білімді  игере  алатын,  бірнеше  тілді  меңгерген 

оқушыларды  талап  етеді.  Бүгінде  мектеп  қабырғасында  жақсы  білім  деңгейін  көрсеткен 

жастар кейіннен жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастырып, оны үздік бітіргеніне 

қарамастан, ересек адамдардың өмірінде икемсіздік танытып жатады. Мұның себептері неде, 

не себепті жастар теориялық білім деңгейі терең болса да, өмірде қолдануға дайын болмай 

шығады  деген  сұрақтар  кімді  болса  да  таң  қалдырарлығы  анық.  Құзырлы  мұғалімнің 

алдында  табиғатында  негізі  бар  шығармашылық  көздерін  ашу,  жаңалыққа  деген 

ұмтылысына дем беріп отыру, жаңа сападағы ойы озық, ақылы алғыр, жаңа жағдайларда іс-

қимылды  тез  өзгерте  алатын  оқушыны  дайындау  міндеті  тұр.  Осы  міндетті  шешуде 

Педагогикалық  шеберлік  орталығы  дайындаған  деңгейлік  бағдарламаның  маңызы  өте  зор. 

Өйткені  бұл  бағдарлама " 21 ғасырда  нені  оқыту  керек?", "Мұғалімдер  оқушыларды 21 

ғасырға қалай дайындайды?" деген сұрақтарға нақты, тиянақты жауап береді. Біз, авторлар, 

осы  бағдарлама  бойынша  бірінші  "Бетпе-бет"  аудиториялық  кезеңінен  өттік.  Қазір 

мектебімізде "Мектептегі тəжірибе" кезеңінен өтудеміз. Бірінші "Бетпе-бет" кезеңінде алған 

теориялық  білімімізді  тəжірибе  жүзінде  пайдаланудамыз.  Мектебімізде  бізге  дейін  бірінші 

деңгей бағдарламасы бойынша оқып келген мұғалімдердің саны - 3-еу жəне 2 мұғалім оқып 

жатырмыз,  екінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқып  келген  мұғалімдер  саны - 4-еу,  ал 

оқып жатқандары - 2-еу, үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген əріптестеріміздің саны - 5-

еу,  ал 1 əріптесіміз  оқып  жатыр.  Өткен  оқу  жылдарында  бұл  бағдарлама  жаңа  ғана 

басталғандықтан, бітіріп келген əріптестерімізге осы жұмысты жүргізу барысында көптеген 

қиындықтар  кездесті.  Тіпті  кейбір  əріптестеріміз  бұл  бағдарламаның  қажеттілігін,  идеясын 

түсінбеді.  Бұл  бағдарламаны  Кембридж  университеті  бағдарламасының  көшірмесі  деп 

түсінді.  Шындығында,  бұл  өңделген,  біздің  мектептерге  бейімделген  бағдарлама  болып 

шыққаны  ұжымға  түсіндірілді.  Коучинг  пен  тəлімгерлік  жұмыстарының  тиімділігінің 

арқасында  əріптестеріміздің  бұл  бағдарламаның  дұрыстығына  көздері  жетіп,  мектепке 

өзгерістің қажет екенін түсініп, қолдау көрсете бастады. Ал биылғы оқу жылында деңгейлік 

бағдарламаны  меңгерген  мұғалімдердің  саны  көбейіп,  жұмыс  бір  жолға  қойылды.  І  деңгей 

мұғалімдерінің  басты  міндеті - екінші  деңгей  мұғалімдерінің  сабақтарына  қатысу, 

тəлімгерлік  үдерісін  жүргізу  жəне  оларға  коуч  пен  тəлімгер  дағдыларын  жақсартуға  көмек 

беру,  жаңа  тəсілдер  мен  құралдарды  қолдана  отырып  өз  əріптестерін  оқыту  болып 

табылады.  Биылғы  оқу  жылында  мектептерімізде  реформалау  үдерісін  жүзеге  асыру 

мақсатында  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  курстан  өтпеген  мұғалімдермен  тікелей 

жұмыс  істей  бастауды  ұсынып  отыр.  Жұмыс  бір  жүйелі,  бірізді  болу  үшін  біз  мектепте 5 

кəсіби  қауымдастық  құрдық.  Əр  қауымдастық  бір  бірінші,  бір  екінші,  бір  үшінші  деңгей 

мұғалімдері жəне 5-6 оқымаған мұғалімдерден тұрады. Қауымдастық мүшелері биылғы оқу 

жылына  жоспар  құрды.  Сол  жоспар  бойынша  жұмыс  жүріп  жатыр.  Өткен  жылы 

Бағдарламаның  барлық  модульдері  бойынша  мектебімізде  ұжымға  əр  дүйсенбі  сайын 

коучингтер  өткізілді.  Ал  биылғы  оқу  жылында  мектептегі  əр  кəсіби  қауымдастықтар  өз 

топтарындағы  мұғалімдермен  тығыз  қарым-қатынаста  жұмыс  істеуді  жоспарлап  отыр. 

Бағдарламаның  жеті  модулі  бойынша  тақырыптарды  одан  əрі  тереңдетіп  беру  мақсатында 

тақырып  бойынша  əр  айға  жоспарланып,  өткізу  көзделіп  отыр.  Жоспарымызда  желілік 

қауымдастық  құру  арқылы  басқа  мектептермен  байланысқа  шығып,  тəжірибе  алмасу 

91


мақсатын  қойып  отырмыз.  Сол  мақсатпен  біз  мектеп  ішіндегі  кəсіби  қауымдастық 

жұмысымен ғана шектелмей, қалалық қазақ мектептерінің курстас мұғалімдерімен «Сенім» 

кəсіби қауымдастығын құрдық жəне оның жұмысын төмендегідей жоспарладық: 

№  Іс-шара 

тақырыбы 

Түрі 


Мақсаты 

Мерз


імі 

Өтетін орны  Жауаптылар  Күтілетін 

нəтиже 



ОМЖ-ның  



ортақ үлгісін 

құру 


Дөңге 

лек 


үстел 

Қауымдас 

тық бойынша 

ОМЖ-ның ортақ 

үлгісін 

қалыптасты 

ру 

Қыр


кү 

йек 1 


апта 

Əбу 


Досмұхамбе

тов 


атындағы 

облыстық 

дарынды 

балаларға 

маманданды

рылған 


гимназия-

интернаты 

Айтжанов 

Р.М. 


Қаржауова 

Ж.С. 


Қауымдас 

тық 


бойынша 

ортақ ОМЖ 

үлгісі 

қалыптаса 



ды, ол 

болашақ іс-

əрекетіміз 

барысында 

жұмыстың 

негізгі 


бөлігін 

құрайтын 

болады 



Мектепішілік 



кəсіби 

қауымдастық 

тар құру 

Əкім 


шілік 

кеңес 


Мектеп ішінде 

бірнеше кəсіби 

қауымдастықтар 

құру 


Қыр

кү 


йек 2 

апта 


Əбу 

Досмұхамбе

тов 

атындағы 



облыстық 

дарынды 


балаларға 

маманданды

рылған 

гимназия-



интернаты 

І деңгей 

мұғалімдері 

Мектеп 


ішінде 

бірнеше 


кəсіби 

қауымдас 

тықтар 

құрылады 



Мінсіз сабақ 

жоспарын 

құрып үйрену 

Пікір 

алмасу 


Мінсіз сабаққа  

7 модульді 

ықпалдасты 

ру 


Қыр

кү 


йек 2 

апта 


№6 орта 

мектебі 


Темірханова 

Ш.С. 


Қауымдас 

тық 


мүшелері 

мінсіз сабақ 

жоспарын 

құрай 


алатын 

болады,  

7 модульді 

ықпалдасты

ра алады 

3 3 


деңгей 

мұғалімінің  

сабағына 

қатысу 


LS 

Тəжірибе 

алмасу 

Қыр


кү 

йек 3  


апта 

№7 орта 


мектеп 

Кокушева 

С.А. 

Оқыту мен 



оқудың 

тиімді 


тəсілдерін 

меңгеретін 

болады 



Тəлім 



алушымен 

Семи 


нар 

Мектептегі 

тəжірибе 

Қыр


кү 

№31 негізгі 

мектеп 

Кокушева 



С.К. 

Тəлім 


алушымен 

92


жұмысты 

ұйымдастыру 

жолдары 

кезеңіндегі 

тəлімгердің 

тəлім алушымен 

жұмысының 

ұйымдастыру 

жолдарын 

көрсету 


йек 4  

апта 


жұмысты 

ұйымдасты 

рудың əр 

түрлі 


жолдарын 

көрсетеді 

жəне 

тəлімгерлік 



жоспармен 

танысады 

Коучинг 


ұйымдастыру 

жолдары 


Коу 

чинг 


1 коучинг-

сессия үлгісін 

көрсету 

Қаза


н 1 

апта 


Пеньково 

орта мектебі 

Шаймердин

ова Г.Е. 

Коучинг 

ұйымдасты 

ру 

жолдарын 



үйренеді 

6 «СЕНІМ» 

қоғамдастығы

ның 


тəжірибесі 

жөнінде 


мақала 

Дөңге 


лек 

үстел 


«Солтүстік 

Қазақстан» 

облыстық 

газетіне мақала 

жазу 

Қа 


зан 2 

апта 


Мағжан 

Жұмабаев 

мектеп-

лицейі 


Ауғанбаева 

З.Н. 


«Сол

түстік 


Қазақстан» 

облыстық 

газетінде 

мақала 


жарық 

көреді, 


облыс 

мұғалімдері 

«СЕНІМ» 

қоғамдастығ

ының 

тəжірибесім



ен танысады 

Желілік 



байланыс 

(портал) 

«Көшбасшыл

ықта 


кездесетін 

қиыншылық 

тарды шешу 

жолдары» 

Пікір 

алмасу 


Қауымдас 

тық 


мүшелерімен 

байланыс жасау 

Жыл 

бойы 


Желі 

арқылы 


Қауымдас 

тық 


мүшелері 

Қауымдас 

тық 

мүшелері 



бір-бірімен 

тəжірибе 

алмасады 

8 3 


деңгейлі 

мұғаліммен 

тəжірибе 

алмасу 


Тəжіри

бе 


алмасу 

Оқыту мен 

оқудың жаңа 

əдіс-тəсілдерін 

үйрену 

Жел 


тоқ 

сан 


Мектеп 1 

деңгей 


мұғалімдері 

Жаңа əдіс-

тəсілдерді 

үйренеді 

Оқыту мен 



оқудағы жаңа 

əдіс- тəсілдер 

Дөңгел

ек 


үстел 

Оқыту мен 

оқудағы жаңа 

əдіс- тəсілдерді 

сабақта қолдану 

Қаң 


тар 

Желі 


арқылы, 

мектепте 

1 деңгей 

мұғалімдері, 

қауымдасты

қ мүшелері 

Оқыту мен 

оқудағы 


жаңа əдіс- 

тəсілдерді 

сабақта 

қолдана 


алады 

93


10  Манаш 

Қозыбаев 

атындағы 

СҚМУ 


ұйымдастыр 

ған 


мұғалімдердің 

олимпиадалар

ына қатысу 

Олим 


пиада 

Пəн бойынша 

білім 

деңгейлерін 



көрсету 

Жыл 


бойы 

Манаш 


Қозыбаев 

атындағы 

СҚМУ 

Ұйымдасты



рушылар 

Басқа 


мұғалімдер 

мен 


тəжірибе 

алмасады 

11  Желілік 

байланыс(в 

контакте) 

"LS" - лидеры 

СКО/ СҚО 

көшбасшы 

ұстаздары 

Пікір 


алмасу 

Кəсіби 


қауымдастық 

жұмысы 


бойынша ой 

бөлісу 


Жыл 

бойы 


Желі 

арқылы 


Қауымдас 

тық 


мүшелері 

Мұғалімдер

дің іс-

тəжірибесіне 



өзгерістер 

енгізу 


бойынша 

проблемалар 

талданады 

12  Мұғалімдер 

дің іс-

тəжірибесінде



гі өзгерістерді 

бақылау 


Коучи

нг 


Кəсіби көмек 

көрсету 


Ақ 

пан - 


сəуір 

Мектеп 


аясында 

1,2-деңгей 

мұғалімдері 

Коучингте 

кеңес 

беріледі 



13  Оқу жылының 

нəтижесі, 

жаңа оқу 

жылына 


ұсыныстар, 

жоспарлар 

Дөңге 

лек 


үстел 

Жылдық 


қорытынды 

шығару 


Ма 

мыр 


Мектепте, 

желі арқылы 

Қауымдасты

қ мүшелері 

Мониторинг 

жасалады 

 Мектепте  аясында  да  мектеп  мұғалімдерінен  тұратын  бірнеше  кəсіби  қауымдастық 

құрдық.  Мұғалімдер  мен  оқушылардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  кəсіби 

қауымдастықтың бір жылға арналған жоспарын жасадық. Мектепте мұғалімдермен дөңгелек 

үстел  өткіздік.  Онда  желілік  қоғамдастықтың  қажеттілігі  жəне  тиімділігі  туралы  сөз 

қозғалды. Осы отырыстан кейін əріптестерімнің желілік қоғамдастықтың мұғалімнің кəсіби 

тұрғыда  дамуына  ықпалының  мол  екендігіне  көздері  жетті.  Мектеп  əкімшілігі  де  мектепте 

кəсіби  қауымдастықтар  құруға  ұсыныс  жасады  жəне  бұл  үдеріске  оң  ықылас  танытты.  

Кəсіби  қауымдастықтың  жоспары  бойынша  қазақ  мектептерінің  курстас  мұғалімдерімен 

қыркүйектің  бірінші  аптасында  біздің  мектепте  кездесу  ұйымдастырдық.  Іс-шараның 

тақырыбы    «ОМЖ-ң  ортақ  үлгісін  жасау»  болды.  Іс-шара  дөңгелек  үстел  түрінде  өтті. 

Мұғалімдер  орта  мерзімді  жоспарлаудың  өздеріне  ыңғайлы,  қолайлы  жақтарын  айтты. 

Кəсіби қауымдастық жоспарында № 6 орта мектеп, № 31 негізгі мектеп, № 7 мектеп, Мағжан 

Жұмабаев  мектеп-лицейі  сияқты  қала  мектептерімен  жəне  Қызылжар  ауданының  Пеньков 

орта  мектебімен  байланыс  жасау  көзделген.  Əр  апта  сайын  белгіленген  мектепте 

қауымдастық мүшелерінің кезекті отырыстары жоспарланып отыр. Екінші кездесуіміз  №  6 

мектепте өтті. Онда біз мінсіз сабақ жоспарын құрып үйрендік. 

Сонымен  қатар  аудан 

мектептері  бойынша  құрылған  кəсіби  қауымдастықтар  бойынша  үздіксіз  желі  арқылы 

байланысқа  шығу  да  біздің  жоспарымызда  қарастырылды.  Кəсіби  қауымдастыққа  енетін 

мұғалімдер  бір-бірімен  өзара  іс-тəжірибелерімен  алмасу,  жетілдіру  үшін  жыл  бойына 

бірлескен  іс-шаралар  жоспарланып  отыр.  Мұғалімдерге  əдістемелік  көмек  көрсету  ретінде 

94


жеті  модульді  ықпалдастыра  отырып  ОМЖ  құруды  үйрету,  мінсіз  сабақ  жоспарын  құрып 

үйрену, 3-деңгей  мұғалімдерінің сабақтарына  қатысып,  тəжірибе  алмасу  сияқты  іс-шаралар 

жоспарланды. Басқа мектептерге барғанда, өзіміздің мектептегі нəтижелермен қауымдастық 

мүшелерімен  тəжірибе  алмасамыз,  сонымен  қатар  олардан  да  жаңа  дағдылар  меңгереміз.   

Мұғалімдердің арасында ынтымақтастық, сенімділік пайда болады.   Осы жоспарланған іс-

шаралардың  барлығы  мұғалімдердің  кəсіби  өсуіне  бағытталған.  Егер  осындай  кəсіби 

қауымдастық  жұмысы  əрі  қарай  қолдау  тапса,  онда  мұғалімдердің  тəжірибесі  жетіледі,  ой-

өрісі  кеңейеді.  Сонымен  қатар    ондай  мұғалім  өзінің  іс-тəжірибесіне  өзгерістер  енгізеді. 

Оқыту  мен  оқуда  жаңа  тəсілдер  қолданады.  Соның  нəтижесінде  сабақ  барысында  жəне 

сабақтан  тыс  уақыттарда  оқушылармен  тең  дəрежеде  қарым-қатынас  орнығады.  Бірінші 

деңгей  бағдарламасы  құзырлы  мұғалімнің  алдына  оқушының  жан  дүниесін  жақсы  түсіне 

білу  жөнінде  нақты  міндеттеме  қойып  отыр.  Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы 

мұғалімнің оқушының тақырып мəнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып 

табылады.  [2,10-б.] Мектебіміз дəстүрлі оқытудан сындарлы оқытуға біртіндеп  көшуде деп 

айтуға  болады.  Əр  сабақтарына  жеті  модульді  ықпалдастыру  жолдарын  үйрету  бойынша 

екінші  деңгей  мұғалімдері  коучингтер  өткізеді.  Коучингтерден  кейін  тəжірибе  барысында 

мұғалімдеріміз  өз  сабақтарын  жаңа  əдіс-тəсілдермен  өткізеді  Екінші  деңгей  мұғалімдері  өз 

тобындағы  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысқаннан  кейін,  кəсіби  əңгімелер  өткізу  арқылы 

түзетулер енгізіп, кеңес береді. Үшінші деңгей мұғалімдері өткізіп жатқан топтық жұмыстар 

өз нəтижесін беруде. Оқушылар қазір өз ойларын ашық айта алады, еркін сөйлейді, бірлесіп 

жұмыс  істей  алады.  Бастысы,  оқушылар  өздеріне  керекті  білімді  өздері  меңгеруге 

дағдылануда.  Барлық мектептерде осындай жұмыстар атқарылса, мектебімізге өзгерістер тез 

арада енері сөзсіз. 

Біз  де  Бірінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  курсты  аяқтағаннан  кейін  өз  үлесімізді 

қосып, көшбасшы ретінде өзіміздің мектебімізге өзгерістер енгізуге ат салысамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет