Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет25/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113

Пайдаланылған əдебиет: 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.І деңгей.

206


ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА 

ҰЛТТЫҚ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Асқарова Ж. Ғ. 

М.Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Мақалада қазіргі үдемелі ақпарат заманында жастардың бойында ұлттық сананы 

қалыптастыру мəселесі сөз болған. 

Аннотация: 

В статье говорится о формировании национального создания молодежи в современном 

мире информатизации 

Abstract 

In this article it is said about formation the national mind of youth in the modern time of 

information development 

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тəрбиесі. Ал 

келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан жас буын - мемлекеттің болашағы. Оған ешкімнің таласы 

жоқ. Олай болса, енді бір бес-он жылдан кейін шешуші мемлекеттік құрылымдардың тізгінін 

ұстайтын азаматтардың төл тарихы мен мəдениетін тұмардай қастерлеп, əдебиетін əспеттеуі 

бүгінгі тəрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан ұлттық сананың деңгейімен тығыз байланысты 

болмақ.  Ал  ақпарат  тасқыны  судай  сапырылысқан  мына  жаһандану  заманында  қазақ 

жастарының ұлттық санасы қалай қалыптасып жатыр, қандай бағытқа бет алуда? Бұл бүгінгі 

күні  санамызды  өзге  ұлттың,  соның  ішінде  батыстың  даңғаза  музыкасы  мен  дарақы 

еңбектері  аямай  улап  жатқан  тұста  ел  басқарып  отырған  азаматтар  мен  зиялы  қауымнан 

бастап, қарапайым əрбір азаматты ойландыруы  тиіс.  

Еліміздің  егемендікке  қол  жеткізуі  халқымыздың  мəдени,  əдеби,  кəсіптік  жəне 

ғылыми  бағыттарының  жаңаша  рең  алып,  өркендеуіне  себепші  болды.  Осы  тұрғыда  жаңа 

ұлттық тəрбие, тұлға қалыптастырудағы оқу-тəрбие жұмыстары да жаңа мазмұнға – ұлттық 

мазмұнға ие болды.  

Осы  мақсатта  əрбір  халықтың  сан-алуан    ой-пікірлері  мен  іс-тəжірибелері  ғасырлар 

бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі 

болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тəлімгерлік тəжірибесі дейміз.  

Еліміздің  президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы – қоғамның  идеялық 

бірлігінде»  атты  еңбегінде: «Қоғамдық  ойдың  тағы  бір  бағыты  дəстүрге,  халықшылыққа 

сүйенеді. Шынында  да,  бұрынғы  қасаң  қағидалар  жарамсыз  болып  қалған  кезде  неге  назар 

аудару  керек.  Сірə,  қарапайым  əрі  түсінікті,  сонымен  бірге  əр  халықтың  өміріндегі  терең 

имандылық  пен  рухани  негіздерге,  дəстүрлерге  назар  аудару  керек»,-деп  көрсетуі  бұл 

проблеманың көкейкестілігін айқындай түседі. 

Осыған  орай,  қазіргі  жастардың  бойында  ұлттық  сананы  қалыптастырудың 

маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің біріне айналып отыр.  

Қазақ  халқының  да  сан-ғасырлық  тарихи-мəдени  жетістіктерінің  жемісін,  рухани 

байлығын,  жанына  біткен  еңбексүйгіштік,  имандылық,  бауырмалдық,  балажандық, 

қонақжайлық,  т.б.  қасиеттерін  танытатын  тəлімгерлік  тəжірибесі  бар.  Онда  кешегі  өткен 

данғой  қариялар,  ғұлама  ойшылдар,  би-шешендер  жəне  ақын-жыраулардың  саналық 

207


болжамдарының,  психологиялық  пайымдаулары  мен  педагогикалық  тұжырымдарының 

өшпес ізі жатыр.   

Бұл  мəселеге  мемлекет  тарапынан  да  қамқорлық  көрсетілуде.  Қазақстан 

Республикасының қазақ тілінің əлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шаралары, ғылым 

мен  мəдениеттің  өрістеуін  қамтамасыз  ететін  Конституциясы,  еліміздің  мəдени-əлеуметік 

дамуына  бағытталаған  тұжырымдамасы  жастарға  жалпы  адамзаттық  жəне  ұлттық  игіліктер 

негізінде адамгершілік, эстетикалық тəрбие, мəдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге 

ықпал етеді деген сенімдеміз.  

Мұндай  игі  бастама  қазірдің  өзінде  білім  мазмұны  мен  əдістеріне,  оқу  жоспарларына 

жаңалықтар мен өзгерістер əкелуде 

Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын  еркін  аттаған  азат  ұрпаққа  тəлім-тəрбие  мен 

білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын  айқындап,  педагогика  ғылымында  ұлттық 

сананы  қалыптастыру  көкейкесті  мəселелердің  бірі  болып  отырғаны  анық.  Сондықтан 

келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие 

берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан - 

2030» стратегиялық бағдарламасында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін 

алдымен  өз  мəдениетімізді,  өз  тарихымызды  бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені 

игеруге ұмтылғанымыз жөн».  

Олай  болса,  басты  мақсат – жас  ұрпақты  ұлттық  игіліктер  мен  адамзаттық 

құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тəрбиелеу. 

Қазақ  халқының  ғасырлар  тұңғиығынан  бері  тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан 

ұрпақ  тəрбиелеудегі  тəжірибелері  бізге  сол  рухани  мəдениет,  этикалық,  эстетикалық 

құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  əдет-ғұрып,  салт-дəстүрлер,  əдеби,  музыкалық,  кəсіби, 

тұрмыстық  фольклорлар  мазмұны  арқылы  жетіп  отыр.  Сонымен  бірге  ұрпақ  тəрбиесіне, 

жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт 

ата,  əл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Йассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 

Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің 

тəлімдік сөздерінен көреміз.  

Əр  адам  өзінің  ұлттық  тамырын,  əдет-ғұрпын,  мəдениетін  түсіне  алады.  Өз  халқына 

деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып 

жату керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген 

сүйіспеншілігін қалыптастырады.               

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм əр адамды, əр халықты ұлттық ойлау қабілеті, 

ұлттық əдет-ғұрып, ұлттық салт-дəстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер 

бір  ұлттың  бір  бөлшегі  басқа  жерде,  я  өз  Отанында  бөлек  ұлттың  сана-сезімі  негізінде 

тəрбиеленсе,  онда  ол  қоғамның  мүшелері  басқа  ұлттың  əдет-ғұрыпын,  салт-дəстүрін 

қабылдайды,  біраз  уақыттан  кейін  сол  ұлтқа  сіңіп  кетеді.  Сондықтан  халықты  ұлт  ретінде 

сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тəрбиелеу. 

Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық 

тəрбиеге  тікелей  байланысты.  Егер  отбасында  ұлттық  тəрбие  болмаса,  балалардың  ұлттық 

тұлға  болып  қалыптасуы  сондай  теріс  тəрбиеге  лайықтанып  қалыптасады.  Өйткені  адам 

баласын  тал  бесіктен,  жер  бесікке  дейін  жалықпай-талмай  өз  ұлтының  ұлттық  көзқарасы 

тұрғысынан тəрбиеленуі керек.  

Ал дəл қазіргі таңда қазақ халқының ұлттық санасы толық қалыптасты ма, деген сауал 

төңірегінде əртүрлі пікірлер айтылып жүр. Біздің ойымызша, ұлттық сананы қалыптастырып 

қана қоймай, оны заман ағымына сай жетілдіріп отыру бүгінде басқа басқа, дəл біздің халық 

үшін  аса  көкейкесті  болып  отыр.  Ұлтты  тəрбиелеу,  ұлттық  сананы  қалыптастыру  өте  нəзік 

208


дүние.  Оны  күштеп  істеу  мүмкін  емес.  Сондықтан,  ұлттық  санамызды,  ұлттық 

құндылықтарымызды  жетілдіру  аясында  аса  ауқымды  жұмыстар  атқарылып  жатқан  тұста 

мəдени  мұраларымызды  насихаттап,  ондағы  идеяларды  жастардың  санасына  терең  сіңіру 

жұмысы уақытында əрі жоғары сапада жасалуы тиіс. 

Жаһандану  жағдайында  жастардың  бойында  ұлттық  сана  қалыптастырудың  тиімді 

жолдарының  бірі – ұлттық  сананы  құрайтын  компоненттерді  бөліп  алып,  əр  бағытта  жеке-

жеке  жұмыс  жүргізу,  əр  компонентті  қалыптастырудың  өзіндік  жоспарын,  жолдары  мен 

тəсілдерін көрсету.  

        Ұлттық  сана  дегеніміз  сол  ұлтты  құрайтын  халықтың  əр  адамының  жеке  тұрмыс-

тіршілігінің  сыртында  өз  ұлтының  мүддесін,  халқының  тағдырын,  ұрпағының  болашағын 

ойлау  қабілетінің  ұлттық  деңгейге  көтеріліп,  жалпы  қоғамға  тəн  ортақ  сипатқа  ие  болған 

ұжымдық түрі, яғни ұжымдық сана. 

Ұлттық  сана  абстракты  ұғым  емес,  ол  ұлт  тірлігінің  тұрмыстық  көрінісі,  былайша 

айтқанда,  сол  ұлтты  құрайтын  халықтың    бүкіл  ғұмырнамасының,  əдет-ғұрпының,  салт-

дəстүрінің, əдебиеті мен мəдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дəрежесі, 

яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. 

Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дəстүр арқылы өз 

болмысын танытады. 

1-кесте. Ұлттық сананы құрайтын компоненттер. 

Ұлттық  сананы  құрайтын  компоненттердің  бірі - ұлттық  мүдде.  Ұлттық  мүдде 

дегеніміз,  сол  ұлттың  құрамындағы    халықтардың  (адамдардың)  өздеріне  тəн  халықтық 

рухани-мəдени  жəне  материалдық  құндылықтарын    сақтай  отырып,  ұлттың  ілгері  дамуын, 

өмір  сүруін    қамтамасыз  етуді  көздейтін  негізгі  нысаналы  ортақ  мақсаты.  Сондықтан  да 

ұлттық мүдде өмірдің бар саласында  бірінші кезекте тұруға тиіс. Саясатта да, экономикада 

да, мəдениетте де, таным-талғамда да, қысқасы күнделікті жасалынатын іс-əрекеттің бəрінде 

де  мəселенің  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  шешілуі – елдің  тұрақты  өркендеуінің, 

мемлекеттігінің нығаюының  басты кепілі болып табылады.  Сол себепті де ұлттық мүддені 

Ұлттық мінез 

Ұлттық мүдде 

Ұлттық сананы құрайтын компонеттер 

Ұлттық намыс 

Ұлттық сезім 

Ұлттық 


патриотизм 

Ұлттық мəдени 

құндылықтар 

Ұлттық тəрбие 

209


қорғау — қоғам мүшелерінің бəріне бірдей ортақ қажеттілікке  айналады.  Бұл ретте ұлттық 

мүддені уақыт  талабына  сай  белгілі  бір  нəтижелі  мақсаттарға  бағыттап  отыратын  пəрменді 

тетік мемлекеттік институттар болуға тиіс. Өкінішке қарай, бізде əзірге бұлай болмай отыр.  

Ұлттық  сананы  құрайтын  компонеттің  тағы  бірі - ұлттық  намыс.  Ұлттық  намыс 

дегеніміз – ұлтты  құрайтын  халықтың  əр  адамының  ұлтқа  қатысты  айтылған  кез  келген 

кемсітушілікті,  ұлтқа  қарсы  жасалған  іс-əрекетті    бейне  өзіне    бағытталғандай  қабылдап, 

соған қарсы жандүниесінде пайда болған сезімнің буырқанған серпілісінің  жалпы халықтық 

сипатқа  айналған  ұжымдық  түрі.  Ұлттық  намыс –  азаттықтың  жаршысы,  құлдықтың  қас 

жауы. Ол бар жерде құлдыққа орын жоқ.  

Ұлттық сананың жəне бір құрамдас бөлігі ұлттық мінез  болып табылады. 

Ұлт  адамдардан  құралатындықтан,  сол  ұлтты  құраушы  адамның  болмысына    тəн 

дүниенің  бəрі  ұлттың  болмысына  да  ортақ  болуы  заңды  құбылыс.  Тек,  жеке  адамға  тəн 

дүниенің  тұтас  ұлтқа  ортақ  болуы  үшін  оның  танылу  деңгейі  жекелік  аясынан  шығып, 

жалпылық сипатқа ие болуы, яғни көпке ортақ болуы шарт.  Бұл  ұлттық мінезге де қатысты.  

Сондықтан  “ұлттық  мінез,-деп,-ұлттық  дəстүр  негізінде  тəрбиеленген  ұлт  адамы  мінезінің 

белгілі  бір  түрінің  ұлт  мүшелерінің  бəріне  бірдей  болмаса  басым  көпшілігіне  тəн  ортақ 

деңгейге көтеріліп, жалпылық  сипат алуын айтсақ керек.  

Мінезділік  жеке  адамның  да,  ұлттың  да  болмысының  көрінісі  іспеттес.  Халықтық 

қасиеттеріміздің негізінде мінез жатыр. Өйткені, мінезсіз адамда қасиет болмайды. Бұл ұлтқа 

да  тəн.  Ұлттық  мінезі  жоқ  халық  та  солай.  Тағдыры  шешілер  тартысты  кезеңде  тастүйін 

бірігіп,  ұлттық  мінез  көрсете  алмаған  халық — қалың  тобырмен  тең.  Ездіктің  езгісінде 

болып,  құрметтен  құр  қалады.  Мінезді  халық – намысты  халық.  Намысты  халық  ешкімге 

есесін жібермейді, кеудесін басқызбайды.  Демек, ұлттық мінез — ұлттық намыстың  егізі,  

бірінсіз бірі жетім. 

Ұлттық тарих - «Ұлы бабаларымызды ұлықтау ұлыстың ұйысына айналған іргелі ұлт 

ретінде  өркен  жаюымызға  бағытталған  ауқымды  шара  болып  табылады.  Тарихи  таныммен 

ұрпақ  өседі,  ұлттық  сана  қалыптасады.  Кешегімізге  көрсетілген  құрмет,  келешегіміздің 

жарқын  болуына  жол ашады»,  деді  жиналған  қалың  жұртшылықты  құттықтаған  Елбасы  Н. 

Назарбаев.  Бүгін  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Керей  мен  Жəнібек  хандардың 

монументальды мүсіндік-көркем композициясын ашу рəсімінде.  

Ұлттық  санадағы  құндылықтық  бағыт-бағдар  мемлекеттің  əлеумет  экономикалық-

саяси жағдайының негізіне сай анықталуы мүмкін. 

Ұлттық  сананы  құрайтын  компоненттерді  анықтап  алғаннан  кейінгі  кезең  жастардың 

бойында ұлттық сана қаншалықты деңгейде қалыптасқан деген сұраққа жауап іздеуге келеді. 

Ол үшін жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру үшін педагогикалық сабақтардың  

тиімді  əдістемелік  бағытын  белгілеу  қажет.  Осы  мақсатта  педагогикалық  сабақтардың 

бағдарламаларына теориялық талдау жасалып, сонан соң студенттердің ұлттық сана жайлы 

білім  деңгейін  анықтау  мақсатында  зерттеу  жұмысын  жүргізу  қажет.  Зертеуді  пікіртерім 

əдісі арқылы жүргізуге болады.  

Пікіртерім негізінен төмендегі сұрақтарды қамтиды: 

1. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесіз?

2. Халық арасында “мəңгүрт” деп атап жүрген, ғылым тіліндегі “этнонигилистер” деп

кімдерді айтады? 

3. Халық айтықан «тегінен нəр алған тозбайды» деген ұлағатты ойды қалай түсінесің?

4. «Ұлттық идея» мен «ұлттық сана» ұғымдарының ара жігін ашыңыз.

5. «Ұлттық намыс» ұғымын естігенде есіңізге кімдер түседі?

210


6. Қазіргі  жастардың  бойында  ұлттық  рухты  ояту  үшін  қандай  шаралар  өткізу  керек

деп ойлайсыз? 

7. Ұлттық салт-дəстүрлердің нешеуінің мазмұнын толық сипаттап бере аласыз?

8. Ұлттық  сананы  қалыптастыру  үшін  ұлттық  тарихты  жақсы  білу  керек  деген

тұжырымға не айтар едіңіз? 

9. Ұлттық мəдени құндылықтар дегеніміз не?

10. Ұлтық сананы қалыптастырудағы маңызды фактор деп сіз нені айтар едіңіз?

Пікіртерім  жиналып,  нəтижесі  сарапталғаннан  кейін  жастар  бойында  оқу-тəрбие 

процесінде  ұлттық  сана  қалыптастырудың  кешенді  жоспары  жасалуы  қажет.  Жоғарғы  оқу 

орындарында  студенттердің  ұлттық  санасын  қалыптастыру  жұмыстарын  ұйымдастыруда 

төмендегі принциптерді басшылыққа алдық:  

тұлғалық бағыт принципі;



жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттардың бірлігі принципі;

өмірмен, еңбекпен байланыс принципі;



өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі;

тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.



Көрсетілген шараларды оқу-тəрбие процесінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң 

нəтижеге жеткізіп, студенттердің ұлттық санасын қалыптастыруға негіз болады деп есептеп, 

тəрбиелік іс-шаралар кешенін ұйымдастырдық. 

Колледжде  «Педагогикалық  пəндерді  оқыту  барысында  студент  жастардың  ұлттық 

санасын  қалыптастыру»  атты  тəрбие  жұмыстарының  кешені  жасалды.  Кешен  тəрбие 

сағаттары, пікірталас, лекция-концерт, с ұхбат, сайыс сынды түрлі  10 іс-шарадан тұрады. 

Оның мазмұны мен жоспары 2 - кестеде көрсетілген. 

р/с  Тəрбие жұмысының тақырыбы 

Формасы 

1.

Ұлттық  сананы  қалыптастырудағы  халықтық  педагогиканың



маңызы

Танымдық сұқбат 

2.

Имандылық – нұр шапағаты



Дөңгелек үстел 

3.

Ұлттық сананы қалыптастырудағы салт-дəстүрдің алатын орны  Баяндама



4.

Тіл – ұлттық сана қалыптастырудағы негізгі құрал

Əдеби-музыкалық 

кеш 


5.

Салауатты өмір жəне табиғат

Тəрбие сағаты  

6.

Отбасы – отанымыздың ошағы



Шығармалар 

байқауы 


7.

Ұл ұятты, қыз қылықты болсын

Тəрбие сағаты 

8.

Ұлттық  идея – ұлттық  сананы  қалыптастырудың  маңызды



құралы

Брифинг  

9.

Тарихи-мəдени мұра жəне ұлттық сана



Оқырмандар 

конференциясы 

10.

Отбасының берекесі имандылықтан басталады



Дөңгелек үстел 

2 - Кесте    «Педагогикалық  пəндерді  оқыту  барысында  студент  жастардың  ұлттық 

санасын қалыптастыру» атты тəрбие жұмыстарының жоспары 

Түйіндеп  айтқанда, «қолымызды  мезгілінде  дөп  сермеуіміз  керек».  Өйткені  Ата-

бабаларымыздың  сан  ғасырлар  бойы  ұрпағына  азық  болған ақыл-кеңес,  өсиеттері,  асыл 

211


мұрасы  ұлттых  рух,  ұлттық  мақтаныш,  ұлттық  намыс,  ана  тілі  мен  ұлттық  мəдениетін 

қалыптастыру  сезімін  ояту – баршамыздың  парызымыз.  Сонда  ғана  ұлттық  сана-сезімі 

толыққанды  жетілген,  туған  тілін  еркін  білетін,  ұлттық  сипаты  мен  ұлттық  рухын 

жоғалтпаған  ұрпақ  тəрбиелей  аламыз.  Халқымыздың  маңдайына  біткен  ұлттық 

құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан 

дархан  халқымыздың  таратқан  үлгі  насихаты  асыл  мұраларымызды  өздеріңіздің  талмай, 

қажымай  еткен  еңбектеріңіздің  арқасында  дарынды  да  тəрбиелі  оқушылардың  бойына 

сіңіріп,  ұлттық  мəдениетімізді  əлемдік  деңгейдегі  мəдениетке  жеткізіп  сақтауға  деген 

патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысу қажет.  

Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мəселелерді: ана тілін, ата 

тарихын,  ұлттық  салт-дəстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  балалар, «қиын»  балалар, 

қарттар  үйлеріндегі  əжелер  мен  аталар,  нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды 

бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие 

алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. 

Сондықтан да ұлттық тəрбие – ел болашағының діңгегі десек те болады 

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, 

ізгі дəстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсінуіміз жəне 

түсіндіруіміз қажет.  



Əдебиеттер тізімі 

1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде//Орал өңірі,

1993, №3. 

2. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы.

3. Құсайынова А. Ж. Ұлттық тəрбие оқу- тəрбие iсiнiң өзегi / А. Ж. Құсайынова, А. Қ.

Игiбаева // Ассамблея народов Казахстана: 10 лет дружбы, стабильности и согласия: 

материалы междунар. научно- практ. конф.- Усть- Каменогорск, 2005.- 183- 186 б. 

4. Ахметжанова К. Б. Этностық сана сезiм жəне мəдениет / К. Б. Ахметжанова // Ассамблея

народов Казахстана: 10 лет дружбы, стабильности и согласия: матер. междунар. науч.- практ. 

конф.- 2005.- 73- 75б. 

5. Мұқанов С. Қазақ қауымы (тарихи жəне этнографиялық шолу). Алматы: Ана тілі, 1995. –

304-б.  


6. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері.- Алматы, 1996.- 295 б.

7.

http://alashainasy.kz/person/14523/



212

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ  АВТОРСКИХ ОПОРНО-СИГНАЛЬНЫХ СХЕМ ПО 

ТЕХНОЛОГИИ ШАТАЛОВА - КАК НОВОЕ НАПРАВЛЕНИЕ В ИЗУЧЕНИИ 

КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА 

Аскетаева М. Т.

  

Средняя школа №24 



г. Усть-Каменогорск 

Республика Казахстан 



Аңдапта 

Қазақ тілін оқыту жолдарының бір  бағыты ретінде  бастауыш сыныптарда тірек – сигналдар 

жүйесі кестелерін қолданудың тиімділігі.  

Аннотация 

В  данной  статье  анализируется  авторский  образовательный  ресурс,  разработанный  по 

технологии Шаталова В.Ф.,  как новое направление в изучении казахского языка для школ с 

русским языком обучения.  



Abstract 

This article analyzes the author’s educational course, developed under the Shatalov V.F. technology 

as a new direction in leraning the Kazakh language for schools with Russian language of education.  

«Будущее  человечества  сидит  сейчас  за  партой,  оно  еще 



очень  наивно,  доверчиво,  чистосердечно.  Оно  целиком  в 

наших  взрослых  руках.  Какими  мы  сформируем  их,  наших 

детей, - такими они и будут. И не только они. Таким будет 

и общество через 30-40 лет, общество, построенное ими по 

тем представлениям, которые мы у них создадим» 

Б. М. Неменский 

В  своем  ежегодном  Послании    Президент  Республики  Казахстан    Н.А.  Назарбаев 

отметил,  что  важнейшей  задачей  образования  является  обеспечение  выпускников  школ 

международными квалификационными качествами, развитие их лингвистического сознания, 

в  основе  которого  –овладение  государственным,  родным  и  иностранными  языками.  В  

настоящее время возникает острая необходимость в новых подходах к преподаванию языков, 

но, особенно,  казахского языка в общеобразовательной школе с русским языком обучения. 

Я  глубоко  убеждена,  что  ученики    усваивают  хорошо  то,  что  им  интересно.  Поэтому 

важно пробудить и поддерживать в детях интерес к казахскому языку.  

 В  традиционных  условиях  происходит  медленное,  но  неуклонное  накопление  груза 

прошлых  ошибок,  которые  тянут  учеников  одного  за  другим  в  пучину  отчуждения, 

разочарования  и  полнейшей  беспомощности  в  изучении  языка.  Удерживаются  на 

поверхности единицы. 

Учить  ребенка  радостно,  без  принуждения  возможно,  если  в  работе  использовать 

активное,  востребованное  направление,  то  есть  грамотно  подобранная  технология.  В 

настоящее  время  существует  значительное  количество  разнообразных  образовательных 

технологий.  И  тогда  я  начала  целенаправленный  поиск  той  технологии,  которая  была 

наиболее близка моему стилю преподавания.  

213


Технологию  Шаталова  я  выбрала,  так  как  затруднения  по  казахскому  языку  у  моих 

учеников  в  процессе  обучения  были  абсолютно  очевидны.  В  частности  оформление  и 

иллюстрации, выкладка лексических тем и задании в учебниках стали причиной и движущей 

силой  моих  перемен.  Поэтому  я  и  выбрала    проблемную  тему  опытно-экспериментальной 

работы  «Использование  авторских  опорно-сигнальных  схем  по  технологии  Шаталова - как 

новое направление в изучении казахского языка».  

Как  педагогическую  методику  Шаталов  разработал  по  физике  и  основой  его 

педагогической  теории  является  структурированное  вербально-графическое  изложение 

материала темы в виде формул, правил, законов. Подметив  эффективность системы опорно-

сигнальных схем, он доказал, что она способна решать задачи обучения ребенка, давать ему 

представление  о  форме,  цвете,  величине,  помогать  овладевать  культурой  движения 

[1,  с.5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет