Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»


Сабақ барысында тілді үйренудегі əдіс-тəсілдер



Pdf көрінісі
бет24/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113

Сабақ барысында тілді үйренудегі əдіс-тəсілдер : 

 Мəтінмен жұмыс жасаудағы 5 қадам [4, 21-б]

1. Мəтінді оқымай тұрып, ол туралы мəлімет беру.

2. Мəтінге  қатысты  берілген  постерлерді  қарау(мəтінге  қатысты  алғашқы  жалпы  мəлімет

алу).  

3. Сұрақтар қою: Кім? Қашан? Қайда?



4. Мəтінді оқу. Қойылған сұрақтарға жауап табады, жазады.

5. Мəтінді қайталап оқып, жауаптарды толықтырады.

 Қорытынды  шығарылады:  мəліметтер  бір-бірімен  салыстырылады  (оқылым,  айтылым, 

жазылым) 

 Жұмыстың тағы бір қызықты түрі : «Конвейер» əдісі, əсіресе, оқушылар шығарма

жазғанда тиімді пайдалануға болады. Шығарма «конвейер» арқылы тексеріліп өтіледі.

197


1-сарапшы: тыныс белгілерін тексереді;  

2-сарапшы : сингармонизм заңын тексереді;  

3-сарапшы  :  сөйлем  құрылымын  тексереді.  Сөйтіп,  жазылған  шығарма  бір  сарапшыдан 

екінші сарапшыға, содан соң келесіге өтіп, қателері түзетіледі. Бұл жұмыста барлық қателер 

түзетіледі  деп  айта  алмаймыз.  Қателеспейтін  адам  болмайды.  «Қателеспейтін  адам – 

ештеңе істемейтін адам»,-дейді халық.  

«Конвейер» əдісінің сызбасы келесідей: 

Үлгі: Сабақ жоспары 

Тақырып: Салауатты өмір салты. Спорт жəне тамақ 

Пəн : қазақ тілі  

Мектеп: Семей қаласы НЗМ 

Күні: 05.12./2012 

Мұғалім: Асанбаева С. М. 

Сынып: 

Оқушы саны: 24  

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

О3.Мəтіндегі сөздердің лексикалық мағынасын түсіну. 

Ж5.Оқыған, тыңдаған, көрген материалдары бойынша креативті жазу. 

Сабақ мақсаты: 

А) Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мəнін түсіндіру; 

Ə) Зиянды заттарды қолданудың алдын алуға,өмірін бағалай білуге,өз ойларын ашық айтуға 

баулу; 


Б) Салауатты өмір салтын ұстануға тəрбиелеу. 

Тілдік  мақсаттар:  Мəтіндегі  тұрақты  тіркестердің,  жеке  сөздердің  тура  жəне  ауыспалы 

мағынасын, көп мағыналылығын түсінеді. 



Əдіс-тəсілдер: Мəтінмен жұмыс жасаудағы 5 қадам 

Жоспарланған уақыт: 40 минут

Ресурстар: WWW.inform.kz; kiwi.kz/ «Салауатты өмір салты біздің таңдауымыз» 

Іс-шаралар:                   

1-тренинг «Қолшатыр…» 

 -Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? 

Оқушылар қолшатырдың əр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 

 2-тренинг «Денің сау болсын десең…» 

1

2



3

4

5



конвейер 

198


Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді 

толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 



Ой шақыру. Қызығушылығын ояту сатысы. 

-

  Балалар, “Салауаттылық-саулық негізі” деудің мəні неде? 



-

  “Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер? 

-

  Салауатты өмір салты не үшін керек? 



-

  “Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер. 

 Оқушылар  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  өз  ойларын  ортаға  салып,  өзгелердің  де

пікірлерін, көзқарастарын тыңдады.

 Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып, өз тұжырымдарын шығарады.

« Денсаулық əркімнің өз қолында. Денсаулық- адам баласына табиғат сыйлаған басты

байлық.  Денсаулықты  жоғалту  оңай,  қалпына  келтіру  қиын.  Сондықтан  адамның

денсаулығының  мықты  болуы  адамның  өзіне  байланысты.  Жағымды,  жағымсыз

заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.»



Жаңа мағынаны ашу. Мəтінмен жұмыс. «5 қадам» стратегиясы.  

Барлық  сыныпқа  əртүрлі  мəтіндерді  таратылады,  оқиды,  салыстырады,  сұрақтар 

дайындайды. 

1-мəтін  тақырыбы: «  Жастар  арасында  салауатты  өмір  салтын  дене  тəрбиесінің  тəсілдері 

арқылы қалыптастыру» 



2-мəтін тақырыбы: «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» 

1-қадам: Мəтінді оқымай тұрып, ол туралы мəлімет беру. 

2.-қадам:  Мəтінге  қатысты  берілген  постерлерді  қарау  (мəтінге  қатысты  алғашқы  жалпы 

мəлімет алу).  

3-қадам: Сұрақтар қою: Кім? Қашан? Қайда? 

4-қадам: Мəтінді оқу. Қойылған сұрақтарға жауап табады, жазады. 

5-қадам: Мəтінді қайталап оқып, жауаптарды толықтырады. 

Ой толғаныс сатысы. 

«Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі» деген пікірге ой қорытындысын шығарып 

жазу. (эссе) 

-Салауатты өмір салтын ұстану не үшін қажет ? 

-Денсаулықтың дұшпандарын ата.  

-Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңдар ? 

-Сізге түрлі іс əрекетке барар алдында " қаламаймын, бірақ осылай істеу керек

٫

 



сондықтан өз 

ойымнан бас тартуға тиіспін "деген ой келе ме ? Əлде іске бірден кірісіп кетесіз бе? 



Қосымша  мəлімет:  Ғаламтордан  түрлі  мазмұнды  мəтіндер, «Қазақстан 2050» Қазақстан 

халқына  Жолдауы,  Қазақ  радиосынан  мəліметтер,  Қазақстан  телеарналарындағы 

«Жаңалықтар» т.б. 

Рефлексия: Бұл тақырыпты өткенде оқушылар көптеген өздеріне керекті мағлұматтар алды 

деп  ойлаймын.  Сонымен  қатар  тек  біліп  қана  қоймай,  өмірде  салауатты  өмір  салтын 

ұстанудың  жолдарын,  жақсы  мен  жаман  қасиеттерді  ажырата  алуға  үйренді.Тілдік 

дағдылардан  айтылым,  оқылым,  жызылым,  тыңдалым  барысында  спортқа,  нашақорлыққа 

байланысты  терминдерді  тануды  қалыптастырды.  Өзге  тілдер:  ағылшын,  орыс  тіліне 

байланысты термин сөздермен танысады. 

Зерттеу,  ізденіс  жұмыстарын  жүргізген  оқушыларым  өздерінің  нəтижелерін  көрсетті. 

2012  жылы 26-28 қаңтарда  «Дарын»  РҒПО  ұйымдастырған 1-7 сынып  оқушыларының 

зерттеу  жүмыстары  мен  шығармашылық  жобаларының VIII «Зерде»  республикалық 

конкурсында  Маликов  Али  мен  Төлешов  Еркебұлан  қатысып 2-орынды  иеленді,  алыс 

199


қашықтықтықтан пəн олимиадаларына, түрлі мəдени іс-шараларға қатысқан оқушыларым да 

көптеп саналады. 

Өз  пəнімді  оқытудағы  өзекті  мəселелерді  ескере,  алға  мақсаттар  қоя  отырып, 

төмендегідей қорытынды жасадым: 

1. педагогтық  еңбек  жолымдағы  өмірілік  ұстанымым-талмай  іздену,  шығармашылықта

болу;


2. оқушының пəнге деген қызығушылығын арттыру жəне өздігінен жұмыс істеуге баулу;

3. өзара оқыту мен бағалауды ұйымдастыру;

4. сабаққа  қажетті  жабдықтарды  толығымен  қамтамасыз  ету  (көркем  əдебиет

шығармаларына арналған аудиожазбалар);

5. əріптестермен үнемі байланыста болу, іс-тəжірибе бөлісу;

6. ұлтжанды,  елін  сүйер,  адамгершілік  мəдениеті  жоғары  тұлға  қалыптастыруға  үлес

қосу.

Əдебиеттер тізімі 

1. «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. А.: Ақорда, 2012.

2. Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасы  «Əдебиет»  пəні,  Жоғары  мектеп,11-12-сынып),

2013.  

3. Мирсеитова С.С. Əрекеттегі RWCT философиясы мен əдістері, Қарағанды, 2011ж



4. Общеевропейские  компетенции  владения  иностранным  языком:  Изучение,  обучение,

оценка.  Московский  государственный  лингвистический  университет  (русская  версия),

2003. 

5. Мирсеитова  С.С.  Оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  дамыту  нысандары  мен



əдістері. Қарағанды, 2011.

6. Мирсеитова  С.С.  Қазақ  тілін  қарастыру.  Лингвистикалық  білім  мұғалімдер  мен

үйренушілерге арналған, Қарағанды, 2011.

200


ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚ-ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БІРЛЕСКЕН 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КƏСІБИ ЖЕТІЛУ АЛАҢЫ 

Асетова Е. И. 

Жаңақала жалпы орта мектебі  

Батыс Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа

 

           Мақалада  қоғам  дамуындағы  білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  міндеті, 



мұғалімдердің  желілік  қоғамдастығын  құруға  деген  қажеттілік,  желі  жұмыстарын 

ұйымдастыру,қоғамдастық  аясында  бірлесіп  жұмыстанудың  мұғалімдердің  кəсіби 

жетілулеріне тигізер əсері баяндалады. 

Аннотация 

В данной статье рассматриваются те вопросы, которые касаются организаций и успешного 

функционирование полноценного сетевого сообщества учителей, где необходим подлинный 

дух к операций и сотрудничества. 



Abstract 

          Those  questions  that  touch  organizations  and  successful  functioning  of  valuable  network 

association of teachers are examined in this article, where an authentic spirit is needed to operations 

and collaboration. 

Қазіргі көз ілеспес шапшаңдықпен даму үстіндегі жаһандану дəуірі əлемдік өркениет 

көшіне  ілесу  үшін  əрқайсымыздан  жаңалық  пен  өзгеріске  бейімділікті,  шапшаңдықты, 

жауапкершілік  пен  ізденімпаздықты,  ең  бастысы  еңбекқорлық  пен  талапшылдықты,  мықты 

ерік-жігерді талап етеді. Əсіресе, өзге елдермен бəсекеге қабілеттіліктің басты кепілі – сапалы 

білім  беру  болса,  аталған  сала  мамандары  үшін  жүктелер  жауапкершілік  салмағы  тіптен 

шексіз. Мұғалім өмір бойы өзін өзі жетілдіреді. Өмір бойы өз əріптестері мен оқушыларынан 

да сабақ алады. Бірақ тез қарқынмен даму  үстіндегі  өзгермелі қоғамда мұғалімге білмейтін 

нəрселерін мойындауға қорқудың еш қажеті жоқ. Өйткені Кембридждік озық əдіс – тəсілдерді 

меңгерту  мақсатындағы  НЗМ  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  ҚР  педагог 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  деңгейлік  курстарын  игеріп  шыққан  жаңашыл 

педагогтардан  құралған  мұғалімдердің  кəсіби  желілік  қоғамдастығы  мұндай  мұғалімдерге 

көмек қолын созуға қашан да даяр. 

Сонымен,  мұғалімдердің  кəсіби  желілік  қоғамдастығы  деген  не,  ол  өзіне  қандай 

міндеттерді жүктейді? 



Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы  колледжі  (Англия)  үшін 2004 жылы  жасалған 

құжатта  «Білім  беру  желісіне»  мынадай  анықтама  берілген: «Оқушылар  жоғары 

нəтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен 

оқу  үдерістерін  жетілдіруге  бағытталған  көптеген  іс-қимылдарды  жоспарлау,  жүзеге 

асыру  жəне  мониторингін  жүргізу  мақсатында    бірігетін  мектептер  тобы  немесе 

əріптестер».

 

[1,  51 -б].        Англияның  білім  беру  жəне  дағдылар  департаменті (DfES) 



мектептерде  барынша  жоғары  стандарттарға  қол  жеткізу  тəсілі  ретінде  білім  беру 

желілерін  дамытуды  қолдайды (2004). Білім  беру  желілеріне  тартылған  мектептердің 

жақын арадағы тəжірибесінің негізінде жасалған DfES есептері (2004 жəне 2006) бірлесіп 

201


жұмыс  істейтін  мектептер  мұғалімдердің  кəсіптік  деңгейін  едəуір  көтере  алатындығын 

жəне  балаларды  барынша  табысты  оқытуға  ықпал  ететінін  дəлелдеді.  Осы  есептерде 

айтылғандай, білім беру желілеріне біріктірілген мектептерде ынтымақтастық: 

• мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;

• оқыту тəжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;

• жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың

икемділігін қамтамасыз ететіндігі;  

• оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне əкелетіндігі байқалды. [1,

52 -б].  

Бүгінгі күні əлемдегі тез қарқынмен жүріп жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру 

саласын  да  қамтып,  одан  қоғамның  барлық  талаптарына  сəйкес  келу  мүмкіндігі  мен 

икемділікті талап етеді. Əр аймақтың білім беру жүйесінде жоғары деңгейде озық дамыған 

мектептердің болатыны белгілі, жəне  олар оқушылардың оқу деңгейлері мен мұғалімдердің 

оқыту сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қабілеттерімен ерекшеленеді. Мұндай 

мектептерді  қалыптастырушылар,  əрине,  олардың  көшбасшы  мұғалімдері  деп  білемін, 

өйткені,  халқымыздың  тұңғыш  ағартушысы  Ыбырай  Алтынсарин  айтқандай, «Мектептің 

жүрегі – мұғалім».  Мектеп  жұмысын  жетілдіруде,  оқушылардың  білім  сапасын  жəне 

мұғалімдердің  кəсіби  шеберліктерін  арттырудағы  көшбасшылықтың  ролі  туралы  мен 

Педагогикалық  Шеберлік  Орталығының  І  деңгей  бағдарламасы  курсының  тыңдаушысы 

ретінде оқу барысында толық игеріп, түсінік қалыптастырдым. Көшбасшы қызметінің басты 

ықпал ету аясы – өз мектебінен бастап, мектептердің  желілік қоғамдастықтарын құру, одан да 

басқа  қажетті  мекемелермен  желілік  байланыс  жасау  арқылы  ортақ  мəселелер  бойынша 

қолдау табу, мектепті дамыту жоспарындағы басымдықтарды жүзеге асыру.  

Біздің  мектебіміздегі  əкімшілік,  əдістемелік  бірлестіктер  де  желілік  қоғамдастық 

сипатында пəн мұғалімдерімен байланыста боп, құқықтық – нормативтік құжаттармен, түрлі 

əдістемелік  ресурстармен  қамтамасыз  етіп,  мұғалімдердің  жұмыстарына  үйлестірушілік, 

бақылаушылық    еткенмен,  бұл  байланыстар  кейбір  мəселелерді  шешуде  икемділік  таныта 

алмайды, бірлесіп əрекет етуден гөрі, тек басқарушы мен бағынушылық сипатта ғана қалып 

қояды. 

 Аталған жайттарға сараптама жасай келе, іс – əрекеттегі зерттеу кезеңінде өздерінің 



оқыту əдістемелеріне өзгеріс енгізгілері келетін əріптестеріме сенімділік пен қолдау білдіруді 

қамтамасыз ететін, кəсіби өсуіне ықпал ететін , ата – аналар мен оқушылардың да пікірлерін 

басты  назарда  ұстайтын,  мектеп  басымдықтарын  жүзеге  асыра  отырып,  жетістікке  жету 

жолын айқындайтын мақсатта əрекет  етуді жоспарладым.  

Мектептегі  тəжірибенің  іс – əрекеттегі  зерттеу  кезеңінде  менің  құрған  ең  бірінші 

желілік  қоғамдастығым – мектепке  өзгеріс  енгізуге  қолдау  білдірген  əріптестеріммен 

бірлескен шығармашылық фокус – тобым болды. Бірлесіп жұмыстанған алғашқы күннен – ақ 

біздердің  арамызда  сенімге,  қолдауға  негізделген  жылы  қарым – қатынас  орнады.  Өз 

міндеттерімізді  бөлісе  отырып,  бірге,  ынтымақтастықта,  мектептің  құжаттарымен 

жұмыстандық,  мектепті  дамыту  жоспарын  жəне  желілік  қоғамдастық  жоспарын  жасадық. 

Мектептен  тыс  уақытта  біздер  ғаламтор  арқылы  байланыс  жасап,  зерттеу  барысындағы 

туындаған  сауалдарымызды,  пікірлерімізді  білдіріп  отырдық.  Кез  келген  мəселені  бірлесіп 

шештік, тізбектелген сабақтар топтамасы, Lesson study үдерісі, коучинг пен тəлімгерлік – осы 

үдерістердің барлығы желілік қоғамдастық аясында бірлесіп жоспарлау нəтижесінде жүзеге 

асты. 

Мектебіміздегі  басымдықтардың  өзге  мектептерде  қалай  жүзеге  асып  жатқандығын 



жəне бірлесіп іске асыру жолдарын анықтау, коучинг сабақтары, ашық сабақтар арқылы іс – 

202


тəжірибені  толықтыру    мақсатында  аудан,  облыс    мектептерімен  желілік  қоғамдастыққа 

тартылдық. 2013 жылдың 8 қазан күні менің фокус – тобым Д. Нұрпейісова атындағы жалпы 

білім  беретін  орта  мектебінде  өткен  семинарға  қатысты.Онда  ІІ  деңгей  мұғалімі  

В.Сапаровамен  бірлесе  отырып  жұмыстандық,  ол  «Махамбет – жалынды  күрескер  ақын» 

тақырыбына  ашық  сабақ  өткізіп,  сол  сабағында  формативті  бағалау  мен  топтық  жұмыс 

үлгілерін  көрсетті,  мен    «Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау»  тақырыбына  коучинг 

өткіздім. Семинарға қатысқан БҚО «Өрлеу» педагог кадрлар біліктілігін арттыру жəне қайта 

даярлау орталығының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы коучинг туралы: 

«Аудан  мектептері  мұғалімдері  үшін  де,  мен  үшін  де  құнды,  күнделікті  сабаққа  керекті 

мəлімет  берілді,  формативті  бағалауды  алда  сабақтарыма  қолданатын  боламын»  деп  баға 

берді. 

 21  қазан  М.Жүнісов  атындағы  ЖОББМ – де  семинар  ұйымдастырылып,  онда  БҚО 



Жаңақала ауданы мектептерінің «Жаңа толқын» желілік қоғамдастығын құрдық.  

Желі жетістікке жетуі үшін оның шын мəнінде қажет екендігінің анық əрі нақты 

себебі қажет. [1, 53- -б].  Ауданның 11 мектебінен 40 мұғалім тартылған бұл қоғамдастықты 

құруымызға себеп болған мəселелер:  



Аудан мектептерінің барлығына ортақ міндет – оқушыларға сапалы білім

мен  тəрбие  берудің  тиімді  жолдарын  іздестіру.Мұғалімдер  басқа  мектептердегі 

мұғалімдердің  тəжірибесіне,  үдерістеріне  жəне  олардың  нəтижелеріне  қызығушылық 

танытқан жағдайда, олар өздерінің сараптамалық ой-өрісін жетілдіріп, тəуекелге баруға 

дайын болатыны бізге мəлім. Бұл жалғыздан-жалғыз бар күшіңді салып істегеннен, бірлесіп 

оңтайлы  жұмыс  істеудің,  сондай-ақ  бүкіл  желінің  білімін  жинақтау  тəсілі,  ол  желідегі 

мектептің əрқайсысында білім алып жатқан балалардың барлығына əсер ете алады. [1, 54 -

б].  Яғни, бұрын аудан мектептерінің арасында бірлесіп жұмыстанудан гөрі өзара бəсекелестік 

басым болған болса, енді мұндай бағытта жұмыстанудың ортақ мүддеміз үшін еш тиімділігі 

жоқ екендігі анықталды. 

 Мұғалімдерді  кəсіби  жетілдіру,  деңгейлік  курс  бітірген  мұғалімдерге  қолдау



көрсету.  Əр  мектептің  басты  жетістігі  білім  сапасы  болса,  сол  сапалы  білімді 

қалыптастырушы – сындарлы  оқыту  теориясына  негізделіп,  нəтижеге  бағыттала 

құрылымдалған  сабақ.  Ал  мұндай  сабақтарды  мектеп  тəжірибесіне  енгізетін  жаңа  формат 

ұстаздары ол кезде аудан мұғалімдерінің 5%- ын ғана құрайтын.(Қазір 10%-ға жетті)Олардың 

уақыт  тығыздығына  байланысты  азғантай  мерзімде  игеріп  шыққан  курс  бағдарламаларын 

жүзеге  асыруда    өз  мектебінде  оқшауланып,  қарайып  қалмай,  өзге  əріптестерімен  бірлесе 

отырып,  тəжірибесін  жетілдіріп,  шеберліктерін  шыңдаулары  үшін  де  желілік  қоғамдастық 

аясында жұмыстанулары қажет болды. 

 Əдістемелік  шеберлігі  əлсіздеу,  тəжірибесі  аз  ұстаздарға  кəсіби  кеңестердің

қажеттігі.  Егер  мұғалім  өз  пəнін  жетік  білмесе,  оның  оқушыларға  берері  де  жоқ  болмақ. 

Өйткені мұғалімге беймəлім нəрсе оқушыға мүлдем қараңғы. Бұл, əсіресе, ұстаздық қызметке 

кездейсоқ  келіп  қалған  жандарға  қатысты.  Бірақ  осындай  мұғалімдерге  қолдау  білдіріп, 

сенімге  негізделген  кəсіби  қарым-қатынас  барысында  тəлімгерлік  ету,  өзге  мұғалімдердің 

тəжірибесі  негізінде  бірлесе  отырып  жаңа  білім  қалыптастыруға  ықпал  ету – көшбасшы 

мұғалімнің қоғамдастық аясындағы міндеттерінің бірі болмақ. Осындай себептерді негізге ала 

отырып, аудан мектептерінің кəсіби желілік қоғамдастығын құрдық. Мақсатымыз: 

1. Оқушылар жетістікке қол жеткізу үшін бірнеше бірнеше мектептер арасында оқыту мен

оқу  үдерісін  жетілдіруге  бағытталған  көптеген  іс-əрекеттерді  жоспарлау,  іске  асыру  жəне 

оның мониторингін жүргізу; 

2. Мұғалімдерді олардың оқытуы неге негізделгені туралы толық ақпараттандыру;

203


3. Ынтымақтастық жасап, өзара қолдау көрсету;

4. Оқытудағы жаңа тəсілдерді игеруде қиындық көріп жүрген мұғалімдерге коучинг жəне

тəлімгерлікті қамтамасыз ету; 

5. Қоғамдастық мүшелерінің бір-бірімен «сыншы дос» ретінде сыни өзара қарым-қатынас

жасауларына мүмкіндік бере отырып,жаңа білім қалыптастыруларына ықпал ету. 

Аудан  көлемінде  шектеліп  қана  қоймай, «Жаңа  толқын»  желілік  қоғамдастығы    1 

қараша  күні  Ақжайық  ауданында  «Жайық  ұстазы»  ЖҚ  мүшелерімен  бірлесіп,  семинар – 

коучинг  өткіздік. 2 қараша  күні  Орал  қаласы  мектептерімен On-line режимінде  семинарға 

қатыстық.  ЖҚ  аясында  өткен  осы  шаралар  менің  мектебім  үшін  маңызды  болды,  өйткені 

аталған  семинарлардағы  мектептердің  барлығына  ортақ  басымдық – бағалау  мен  топтық 

жұмыстар  болды.  Осы  басымдықтар  бойынша  өзге  мектептер  шаралары,  қандай  əрекеттер 

атқарылатынымен ой бөлісіп, идеялармен алмастық,ортақ шешімге келдік. 

Желтоқсан  айында  сертификатымды  алғаннан  соң  қоғамдастық  аясындағы 

көшбасшылық  жұмысымды  жалғастырдым.  Əр  айда  аудан  мектептерінде  қоғамдастық 

мүшелері бас қосатын семинарлар ұйымдастырылды. 

       Семинар-практикумдар: 

1. Қазан2013ж М.Жүнісов ат. ЖББОМ

2. Желтоқсан 2013ж Айдархан ЖББОМ

3. Ақпан 2014ж №3ЖОББҚМ

4. Сəуір 2014ж Жаңақала ЖОББМ

5. Мамыр 2014ж Ауд.əдіст.орт.

              Қаралған мəселелер: 

1. Желілік қоғамдастықтың маңызы

2. Бағалау, формативті бағалаудың тиімділігі

3. Диалогтік оқыту

4. Блум таксономиясы: философиялық тұрғыда

5. ҰБТ: тиімді дайындау жолдары

6. Талантты жəне дарынды балалармен жұмысты дұрыс ұйымдастыру

7. Ашық сабақтар

Əр семинар сайын біз өз мектебіміз үшін, мұғалімдер үшін тиімді шаралар ұйымдастыруға 

тырысамыз.Жұмыс нəтижесі: 

 ЖҚ мұғалімдерінің «Жаңа толқын» газеті шығарылып тұрады.(aman_bek79@mail.ru)

 ЖҚ  мүшесі  А.Бекқалиевтің Lesson study туралы  зерттеу  еңбегі  облыс  көлеміне

таратылды. Қараша, 2013ж.

 ЖҚ  мүшелері  Ж.Сұлтанова,  В.Сапаровалардың  дарынды  балалармен  жұмыс  туралы

баяндамалары облыстық сараптаудан өтіп, «Интеллектуалды, дарынды жасөспірімдер

тұлғасының  эмоционалды  сферасын  дамыту»  тақырыбындағы  республикалық

семинарға қатыстырылды. 29 сəуір 2014ж.

 Гуманитарлық  пəндер  бойынша  облыстық,  республикалық  байқауларда  жүлдегер

атанған оқушылар саны артты.

 ЖҚ  мүшесі  А.Қаленованың  іс-тəжірибесі  Ақтөбе  қаласында  өткен  конференцияда

респуб.жинаққа енгізілді.

 ЖҚ мүшелеріне сертификат беру ісі қолға алынды

Əрине,  қоғамдастығымыздың  жеке  сайтын  аша  алмауымыз  біздің  жұмысымыздағы 

кездескен  басты  кедергіміз  болды,  бірақ  жаңа  оқу  жылында  бұл  мəселенің  шешімін 

табарымызға сенінмім мол. 

204


Болашақта мен мектебімнен бастау алған желілік қоғамдастық аясын ата – аналар ұйымы, 

мектептен тыс жұмыс орталықтарымен,аудан, облыс, республика көлеміндегі мектептермен 

ынтымақтастықта  дамытып,  мектеп,  сынып  өміріне  қатысты  ақпараттар  мен 

жаңалықтарды,коучинг  сабақтары  мен    ашық  сабақтардың  бейнежазбаларын, Lesson study 

үдерісінің  қорытындыларын  мектеп  сайтына  орналастырып,  ата – аналар  мен  басқа  да 

қызығушылық білдірген тұлғалардың көріп, танысуларына мүмкіндік туғызғым келеді жəне 

мұғалімдердің  кəсіби  желілік  қоғамдастығын  дамыту  жоспарымды  болашақта  төмендегіше 

жалғастырғым келеді: 

Мұғалімдердің кəсіби желілік қоғамдастығын дамыту жоспары 

№ 

Кезеңдер 



Шаралар 

Ақпараттық 

ресурстар 

Мерзімі 


Жауапты 

Желілік 



қоғамдастық 

тобын құру 

Байланыстар орнату 

Көшбасшылардың 

бастамашыл тобын құру 

ЖҚ 


мақсатын,міндеттерін 

құру жəне жүзеге асыру. 

Қызығушылық 

танытқан 

мұғалімдер 

Деңгейлік курс 

бітірген 

мұғалімдер 

Тəжірибенің 

алғашқы 


аптасы 

Мектеп дир. 

Əкімшілік. 

Асетова Е 

Жаңалықтар 



лентасы 

Білім беру жүйесіндегі 

жəне біздің ЖҚ – тағы 

жаңалықтар 

ПШО сайты 

беттерінде 

Мектеп сайтында 

үнемі 


Асетова Е 

Əдістемелік 



қор 

Материалдарды 

жинау(Электронды түрде) 

Сараптау; 

Өз сайтына ілу; 

Қоғ.сараптау 

жүргізу(дауыс беру); 

Үздік жұмыстарды 

сертификаттау. 

Өз ЖҚ сайтында 

Жылына 1 

рет 


Басқарушы 

жəне 


үйлестіруші 

топ 


Қашықтан 

оқыту 

On- line сабақтар 



On- line коучингтер 

On- line сауалнамалар 

Жалпыға ортақ қолданысқа 

қажетті құжаттарды 

жасақтау 

Skype 


Sabak.kz. 

Pedagog.kz. 

Google.kz. 

Графикке 

сəйкес 

Басқарушы 



жəне 

үйлестіруші 

топ, 

дамытушы 



топтар 

Байқаулар 



«Менің педагогикалық 

философиям», «Менің ең 

үздік сабағым» 

тақырыптарына эссе 

7модульге қатысты ең 

үздік əдістемелік материал 

байқауы 

Аудандық ЖҚ 

мүшелерінің «Жаңа 

толқын» газетінде 

Жылына 

1рет 


Басқарушы 

жəне 


үйлестіруші 

топ, 


дамытушы 

топтар 


Бетпе - бет 

шаралар 

Фуршеттер 

Табиғатқа шығу 

Конференциялар 

Семинарлар 

Тізбектелген LS үдерісі 

Коучингтер 

ЖҚ мүшелері, өзге 

ЖҚ-тар 

Графикке 



сəйкес 

Басқарушы 

жəне 

үйлестіруші 



топ, 

дамытушы 

топтар 

205



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет