Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет41/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113

Использованная литература 

1.

Арын  Е.М.,  Жексенбаева  У.Б,  и  др.  Педагогика  и  психология  одаренности  школьников. –



Алматы, РНПЦ «Дарын», 2002.

2.

Димухаметов  Р.С,  Димухаметова  Н.П.  Образование  взрослых:  социально-фасилитационный



подход в системе повышения квалификации педагогических кадров. 2011

3.

Кинякина О.Н. Мозг на 100%. Интеллект. Память. Креатив. Интуиция.  – М., Эксмо, 2012, с.



97-98.

4.

Назарбаев Н.А. На пути к обществу знаний. //Казахстанская правда. 8 сент.2012. С. 3



5.

Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений/ В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев,

Е.Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластенина. – М.: Академия, 2002. – 576 с.

346


6.

Савенков А.И. Исследовательское обучение и проектирование в современном образовании //

Исследовательская работа школьников. 2004. №1. С. 22-32.

7.

Сергеева В.П. Управление образовательными системами. М., 2000



8.

Томин  Н.А.  и  др.  Одаренность  детей:  выявление,  развитие,  поддержка. – Экспресс-учебное

пособие для спецкурса под ред. Иоголевич А.З. – Челябинск, «Факел», 1996. – С. 62.

9.

Третьяков П.И. Практика управления современной школой. М., 1998.



10.

Хохель С.О. Ступени сознания. Учебник по становлению человека через развитие его качеств

от психологии успеха до духовного развития. – Екатеринбург, «Литур» - 2003, с. 16-19.

11.


Шендерович А.А. От педагогики жизни к педагогике эволюции. – М., 1995, с.

 81.


347

ПЕДОГОГ МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН КƏСІБИ ТАЛАПТАР 

Баймағұл Ж. С.,  

Семей қаласындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебі,  



Баймағұл Ж. Ж. 

Семей қаласындағы № 8 «Балбөбек» сəбилер бақшасы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

      Ұлттық  тəрбие – бар  тəрбиенің  бастауы.  Ұрпағымызға  ұлттық  игіліктерімізді  сіңіру – 

халқымыздың ұрпақ тəрбиесіндегі басты бағдары екендігі айқын. Мақалада жас жеткіншекті 

тəрбиелейтін басты тұлға – ұстаз-тəрбиешінің кəсіби шеберлігіне қойылатын негізгі талаптар 

айқындалған. Балабақшадағы, шағын орталықтағы тəрбиешінің басты міндеттері көрсетіліп, 

ол міндеттерді шешу үшін тəрбиешінің жеке басының ерекшеліктері қандай болуы керектігі 

нақтыланған

.  


Аннотация 

Национальное  воспитание - начало  всех  воспитаний  нашего  поколения.  Внедрение 

национальных  ценностей - основная  цель  воспитания  подрастающего  поколения.  В  статье 

указано,  что  в  воспитании  подрастающего  поколения  главным  является  основные 

требования,  которые  требуются  от  профессионального  мастерства  учителя-воспитателя. 

Указаны  основные  обязанности  воспитателей  детского  сада,  мини  центров,  чтобы  решить 

эти обязанности, намечены личные качества воспитателей. 

Abstract 

The National education is the beginning of all educations for our generation. Introduction of 

national values - the main aim of education of the younger generation. In article specified that in the 

education of the younger generation is the main basic requirements that are required of professional 

skill of the teacher - the educator. Identifies the major responsibilities of kindergarten teachers, mini 

Centre’s teachers,  how  their decide  these responsibilities, outlined the personal qualities of 

educators. 

       Ұлттық тəрбие беру – ұрпақ санасына ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан өз 

ұлтымыздың жауһарларын сіңіру болып табылады. Біздің дана халқымыз қай кезеңде де 

ұрпақ тəрбиесіне ұлт болашағы деп қарап, ерекше көңіл бөлген. 

      Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз 

тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн » деп, 

бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар аясында, қазақ 

халқының рухани-мəдени сабақтастығын сақтай отырып тəрбиелеу басты мақсатымыз 

екендігін көрсеткен. 

       Педагогикада педагогтың кəсіби шеберлігі деп – педагогтың берілген уақыт аралығында 

тиімді  нəтижелерге  жетуінде  көрінетін    педагогикалық  іс-əрекеттің  жоғарғы  деңгейі, 

педагогтың  тұлғалық  сапалары  жəне  əдістемелік  дағдылары,  қабілеттері  мен  ғылыми 

білімінің жиынтығын айтады. 

       Педагогикалық шеберліктердің компоненттері: кəсіби бағыт, пəнді кəсіби білу жəне оны 

жүргізу əдістемесін білу, педагогикалық техника жəне педагогикалық қабілеттер. 

348


      Кəсіби  бағыттылыққа – кəсіпке  деген  оң  көзқарастың  болуы  жəне  оны  жетілдіруге 

ұмтылу жатады. Кəсіби бағыттылық дамуы төрт кезеңге бөлінеді: мамандыққа деген тұрақты 

қызығушылықтың  қалыптасуы;  педагогикалық  шеберліктің  негіздерін  меңгеруге  деген 

мақсаттың пайда болуы; педагог еңбегіне əсер ететін кəсіби қажетті сапалар жиынтығының 

қалыптасуы.  Педагогикалық  шеберліктің  негізін  кəсіби  білім  құрайды:  жүргізетін  пəнді, 

оның əдістемесін білу, педагогиканы, психологияны жəне соған қоса педагогикалық міндет-

мақсаттарды шешу, педагогикалық жағдайларды талдай білу. 

        Көпшілік  ғалымдардың  ойынша,  педагогикалық  қабілеттер – педагогикалық  іс-  əрекет 

таалаптарына жауап беретін жəне оны тез меңгеруді  жəне де онда жоғарғы көрсетілгендерге 

жетуді қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығы.   

       Педагогикалық  техника      өзін-өзі    басқара  білу  жəне  педагогикалық  мəселелерді  шешу 

процесі  барысында    өзара  əрекеттестік  жасай  алу  қабілеттіліктерінен  тұратын,  педагогтың 

жүріс-тұрысының  ұйымдастырылуының  ерекше  формасын  көрсететін  педагогикалық 

шеберліктің төртінші компоненті. 

      Қабілеттің  бірінші  тобы – денесі,  эмоционалдық  күйін,  сөйлеу  техникасын  басқара  алу. 

Екінші – дидактикалық, ұйымдастырушылық, өзара əрекеттестік техникасын меңгере білу.  

      Кəсіби  шеберлік  кəсіби  тəжірибеде  өседі,  бірақ  көп  жылдық  педагогикалық  еңбек  оған 

жатпайды.  Кəсіби  тəжірибе  мамандығына  қанағаттанбаған,  бірақ  қызметтік  міндеттерін 

жауапты орындаушы педагогта да қалыптасады. 

       Педагог – білім  беру  жүйесінің  субъектісі  ретінде  кəсіби  жағынан  маңызды  қызметтер 

жиынтығын  міндетті  түрде  орындайды.  Дегенмен,  əрбір  педагогта  даму  мен  қалыптасудың 

өзіндік жеке  жолы бар.    

       Қазіргі  кезде  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларын  демократияландыру  жəне 

гуманизациялау жағдайында барлық əлеуметтік құрылым деңгейлерінде, оның ішінде білім 

беру  саласында  да  интеграциялық  сипаттағы  үрдістерді  күшейту  алғы  шарттарға  айналуда. 

Егемен  Қазақстанда  өркениетті  қоғам  мен  құқылы  мемлекеттің  қалыптасуы  деңгейінде 

ұрпақтың  рухани  байлығы  мен  мəдениеттілігін,  еркін  ойлау  қабілетін,  білімділігін  арттыру 

көзделеді.  Əлемдік  тəжірибе  көрсеткендей  қоғамның  саяси  өмірінде  жастар  маңызды  рөл 

атқарып тұр. Қазақстан ұлттық, мемлекеттік, мəдени, экономикалық жағынан даму үстіндегі 

мемлекет  ретінде  жас  ұрпақтан  жоғары  дəрежелі  тəжірибелік,  гумандық  мəдениеттілікті 

талап  етеді.  Əлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен  ену - білім  беру  жүйесін  халықаралық 

деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз.  

       Жаһандану  үрдісіне  еркін  енген  осы  заманда  тек  ұлттық  тəрбие  алған  ұрпақ  қана  дені 

сау,  білімді,  ұлт-жанды,  еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл  болып  өсетінін  түсінетін  уақыт 

əлдеқашан  жетті.  Сондықтан,  мына  біздер,  əсіресе  ұстаздар  қауымы  ұлттық    тəрбие – ел 

болашағы  деп  қарауымыз  шарт.  Белгілі  қоғам  қайраткері,  қазақ  халқының  біртума  азаматы 

Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мəдениеттен жұрдай рухта тəрбиеленген ұрпақтан халқымыздың 

қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын  пайдалы  азамат  шықпайды»  деп  айтқаны  белгілі.  Олай 

болса,  біздің  ұлт  болып  қалыптасып,  ұлт  ретінде  сақталып  қалуымыз  үшін    де  біздің 

халқымыздың  жоғын  жоқтап,  мүддесін  қорғайтын  ұрпақ  тəрбиелеуіміз  басты  міндеттердің 

бірі. 

        «  Тəрбие – тал  бесіктен  басталады»  деген  дана  халқымыз.  Демек,  баланың  қоғамға 



өзіндік  пайдасын  тигізер  тұлға  болып  дамып  жетілуіне  бірден – бір  ықпал  ететін  орындар: 

балабақша мен  мектеп.  Тек  қана  отбасындағы  тəрбие  баланың  жан – жақты  дамыған  тұлға 

ретінде қалыптасуына аздық етеді. Сондықтан бала дамуының негізгі баспалдағы деп біз ең 

алдымен  балабақшадағы  тəрбиені  қалыптастыруымыз  қажет.  Осы  орайда « Балабақшадағы 

ұлттық  тəрбиені  неден  бастауымыз  керек?»  деген  сұрақ  туындайды.  Біздің  халқымызда 

349


атадан балаға мирас болып қалған мұралар сан алуан. Солардың ішінде балалардың жасына 

сай қажеттілігіне жауап бере алатын бірден – бір тəрбие құралы – ұлттық ойындар.  

         Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тəрбие – адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы. 

Балабақшадағы  тəрбие  бала  табиғатына    ерекше  əсер  етіп,  оған  өмір  бойы  өшпестей  із 

қалдырады.  Осы  орайда  заман  талабына  лайық  тəрбие  мен  білім  беру  жұмысын  кешенді 

ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық 

жаңашылдықты  қажет  етеді.  Жас    ұрпаққа  білім  беруді  жетілдіру  мəселесі  толассыз  күн 

сайын  өзгеріп  тұрған  əлеммен  бірге  жүрері  анық.  Балабақшада  берілетін  тəрбие – барлық 

тəрбиенің бастамасы, əрі жан-жақты тəрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. 

Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып,  олардың  өнегелі,  тəрбиелі 

болып өсуіне балабақша ошағының тигізер əсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі  мекемеде 

балалар  еркін  дем  алып,  рухани  патриоттық  тұрғыдан  білім  алуына,  тəрбиеленуіне  барлық 

жағдай  жасалған.  Мемлекеттік  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқыту  ережелерінің  жаңа 

стандартының  бес  білім  саласының  талаптарына  сай,  ата-бабамыздың  асыл  мұрасын,  өнер 

мен  өнегедегі  үлгілерін  бала  бойына  сіңіре  отырып,  жан – жақты  тəрбиелеу    мақсатында 

жүргізілуде. 

       

 Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың басты мақсаты – негізгі құзыреттілікке, жалпы 



адамзаттық  жəне  ұлттық  құндылықтар  негізінде  тұлғалық  мəдениетке  ие  бала  тұлғасын 

дамыту. 


       Тəуелсіз  Қазақстанның  болашағы  білімді,  көзі  ашық,  жаңашыл  жастарды  тəрбиелеу, 

олардың бойларында ұлттық рух қалыптастыру, бұл балабақша алдындағы түбегейлі міндет.   

Осы мақсатты орындауды -  ұстаздықты адамдық асыл қасиеттермен, тамаша терең біліммен 

ұштастырған,  шығармашылық  идеялармен  қаруланған,  қызығушылықпен  жұмыс  істейтін 

педагогтар жүзеге асырады. 

        Мағжан  Жұмабаев  өзінің  ұлағатты  бір  сөзінде  былай  деген  болатын: «Баланы 

тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». 

Иə,  Мағжан  аталары  айтқан  даналық  ойы  бүгінгі  күні  білімді  ұрпақ  керек  екенін 

айқындайды.  Өйткені  елдің  ертеңгі  тірегі – жастар.  Олар  заман  талабына  сай  тəрбиеленуі 

тиіс.  Қазіргі  таңда  ұстаздар  қауымына  үлкен  жауапкершілік  артып  отыр.  Бала  тəрбиесі – 

баршаның  ісі.  Отбасының  да,  балабақшаның  да,  мектептің  де  мақсат – мүддесі  біреу:  ол – 

заман талабына сай ұрпақ тəрбиелеу. 

      Тəрбие  жүйесіндегі  қазіргі  дағдарыс  біріншіден  ХХІ  ғасыр  технология  мен  ақпараттың 

берілу  тəсілдерінің  өзгеруімен  анықталады.  Сонымен  қатар,  бұл  оқыту  мен  тəрбиелеуге 

қойылған  міндеттердің  өзгеруін  талап  етеді.  Қазіргі      мектеп  аумағындағы  білім 

проблемалары педагогтың алдына жаңа талаптар мен міндеттер жүктейді. 

      Балаға  айналадағы  өмір  шындығының  əсері  мол.  Айналасындағы  үлкендердің,  өзінен 

ересек  балалардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы,  көңіл-күй  ерекшеліктері,  жүріс – тұрысы, 

еңбек  əрекеті – бəрі  де  балаға  үлгі  -өнеге.  Бүгінгі  балалар  тез  жетіліп  келеді.  Олар 

айналадағы  болып  жатқан  барлық  оқиғаларды  азық  етеді.  Бұл  орайда  бала  тəрбиесіндегі 

балабақшаның  орны  ерекше.  Себебі,  бала-  бақшаға  баратын  бала  қоғамда  өз  ойын  ашық 

айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан -жақты жетіледі. 

     Мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбие мен оқытудың негізгі міндеттері: 

 баланың өмірін сақтау жəне денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту,

Қазақстан  Республикасы  халықтарының  ұлттық  дəстүрі  негізінде  салауатты  өмір

салты құндылығын қалыптастыру.

 толық  тəрбиелік  кеңістікті    құру  жəне  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жеке  дамуын

кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

350


 баланың  сөйлеуін  жəне  ана  тілін,  қарым-  қатынас  мəдениетін  дамыту,  сауат  ашу

негіздерін меңгеруге даярлау.

 мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  адамгершілік  құндылық  бағдарын,  адамның  оң

мінез-құлқын,  нормасын,  тəртіптік  ережесін - қазақстандық  қоғамда  қалыптасқан

халықтық салт-дəстүр үлгісінде қалыптастыру.

 өз  Отаны  мен  туған  өлкесіне  сүйіспеншілігін  қалыптастыру,  мемлекеттік  рəміздерге

құрметпен,  қоршаған  орта,  отбасы,  түрлі  ұлт  өкілдеріне  адамгершілікпен  қарауға

тəрбиелеу.

 қоршаған дүние, өзі жəне əлеуметтік ортасы туралы бала бойына алғашқы түсініктің

тұтас бейнесін қалыптастыру.

 баланың  танымдық  дамуы,  интеллектуалдық  іс-əрекеті  тəсілдерін  қалыптастыру,

танып-білуге қызығушылығын арттыру.

 баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркем-тілдік, музыкалық  іс

– əрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.

      Дамыта  оқытудың  негізгі  мақсаты  да  балаға  білім  беріп,  оны  шығармашылық  бағытта 

тəрбиелеу. 

      Баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін,  ұстаз  «жаңашыл  ұстаз»  болуы  қажет. 

Жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, газет – журнал, интернеттен жаңалықтарды ести 

отырып, оны өз сабағында қолдана отырып, өз жұмысына өзгеріс, жаңалық енгізу. 

      Еліміз  жаңа  принциптерге  негізделген  егемен  мемлекет  құруда.  Үкіметіміз  білім  беру 

мекемелеріне  Тəуелсіз  мемлекетімізді  өркениетті  елдер  қатарына  жеткізген  ұл – қыз 

тəрбиелеуді талап етуде. 

      Қоғамда,  айналамыздағы  ортада  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер  шығармашылық 

қабілеті бар, қажетті жағдайда соны əрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына 

үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жəне оны тəрбиелеу 

– бүгінгі  таңдағы  көкейкесті  мəселелердің  бірі.  Шығармашылық – бүкіл  халықтық,  жалпы

жəне жеке адамның шығармашылығы болып бөлінеді. Əр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың 

қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс – əрекетінде  сол  жетістіктерді  жаңа 

жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. 

       Баланың шығармашылығын дамытатын тəрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы 

керек. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған 

оқу  іс – əрекеті  барысында  жаңа  технология  элементтерін  пайдалану  тиімді.  Бұл  орайды 

баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тəсілдерді тиімді қолдану 

қажет: 


 Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

 Білімін қосымша əдебиеттермен толықтыру;

 Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор» - деп, үнемі

балаға шабыт беріп отыру.

      Əр тəрбиешінің алдындағы сəулелі мұрат шəкіртіне білім, тəрбие беріп қана қоймай, əр 

баланың «менін» ашу. Сол «менді»  шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың 

ішіндегі  ең  тамашасы – жақсы  тəрбиеленген  адам.  Сəбиді  жоғары  деңгейдегі  білім  мен 

адамгершілікке  баулитын  тəрбиешінің  бойында  барлық  асыл  қасиеттер  табылуы  тиіс. 

Өйткені,  тəрбиеші  бала  болмысын,  жүзін  көріп  түзелер  айна  іспетті.  Бала  қабілетінің 

ашылуы  үшін  тəрбиеші  жаңашыл,  білімді,  іскер,  қабілетті,  жауапкершілік    сезімді,  жаңа 

технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек: 

          Бала қабілетінің ашылуы үшін: 

1. Тəрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кəсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.

351


2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4. Ата – анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.

5. Баланы өмірге бейімдеуде дəл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі

керек.

       Оқу мен тəрбиенің егіз екенін бір сəт те естен шығармаған жөн, соның нəтижесінде ғана 



сапалы білім мен саналы тəрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Əл – Фараби:  

«Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  рухани  тəрбие  берілуі  керек,  тəрбиесіз  берілген  білім – 

адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» - деген. 

        Балабақшадағы  тəрбие – барлық  тəрбиенің  бастамасы.  Бүгінгі  таңдағы  білім  беру 

саласындағы басты бағыттардың бірі: бұл – балалардың дарындылығын дамыту мəселесі. 

        Бала – өмірдің  мəні.  Қанша  шаршап  жүрсең  де,  сəбидің  тəтті  қылықтарын  көргенде 

жүрегің  жадырап  сала  береді.  Алланың  сыйы – бала  екенін  түсініп  оған  қызмет  етуіміз 

қажет. Балаға қызмет ету, оны ел қатарына қосу дегенді ата – ана дұрыс түсіне білгені жөн. 

Балаға  қызмет  ету - оның  бойындағы  құдай  берген  қабілет-қасиетті  дамытып,  оның  бала 

қуанышына  айналуына  жағдай  жасау.  Баланың  бəрін  білгісі,  көргісі  келетін  құштарлығына 

тосқауыл  қоймау  керек.  Сəбидің  миы  үшін  жан-жақты  мəлімет  соншалықты  қажет  нəрсе, 

тағы бір маңызды жағдай – бала миының көп нəрсені білуге құштарлығы - үш жасқа дейінгі 

керемет  қасиеті.  Сондықтан  бала  өссін,  сосын  өзі  түсінеді  деп  жүре  берсеңіз  кеш  қаласыз. 

Бала өз ата-анасына жақын болмаса, өзін қызықтыратын нəрсені сұрай алмаса, өмірдің несі 

қызық?  Баланың  сөйлегені  дұрыс,  бұл  оның  адамдармен  араласа  білуін  ашады.  Əрі 

ғалымдардың  пікірінше  бұл - кішкентай  дарынды  баланың  бір  қасиеті  деп  танылады  екен. 

Бұдан  баланың  белсенді  өмір  сүру  қабілеттілігін,  керемет  қызығушылығын,  есте  сақтау 

қабілетінің ерекше екенін байқауға болады. 

       Балабақша тəрбиешілері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, Мағжан Жұмабаевтың: 

«Бала  тəрбиесі – бір  өнер  болғанда  ауыр  өнер,  жеке  бір  ғалым  иесі  болуды  тілейтін  өнер» 

деген  асыл  сөзін  қағида  етіп  ала  отырып,  əр  бала  тəрбиесіне  айрықша  мəн  беруі  қажет. 

Баланың  жеке  тұлғасы  бастау  алатын  бұл  кезең  əрі  маңызды,  əрі  қызықты.  Бала 

балабақшаның  табалдырығын  аттағаннан  бастап  ересектер  мен  балалардың  өмірі 

айтарлықтай  өзгереді.  Біз  балалардың  бақшаға  бейімделгеннен  кейін  олардың  даму 

қарқынының жылдамдайтынын байқаймыз. Балалардың өз бетінше жасайтын əрекеті жетіле 

түседі, тілі дамиды, тəрбиешімен, өзге балалармен сенімді қарым – қатынас жасай бастайды. 

Балаларымыз  ата – аналары  келгенде  өздері  жаңа  алған  білімдерін,  дағдыларын  көрсетуге 

асығып  жатады.  Қазіргі  таңда  ата-ана  мен  балабақша  арасындағы  ортақ  мəселе – бала 

тəрбиесі  екенін  бəріміз  жақсы  білеміз.  Ата-ана  үшін  бала – оның  үміті,  өмірінің  жалғасы, 

мақтанышы,  болашағы  болса,  балабақшадағы  тəрбиешілер  үшін – еңбегінің  жемісі. 

Сондықтан  да  бала  тəрбиесі  баршамызға  ортақ.  Баланы  балабақшаға  берген  соң  ата-ана 

тəрбиешімен тығыз қарым – қатынаста болып, оның дұрыс тəрбие мен білім алуына бірлесе 

əрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тəрбиелі, 

жан – жақты  білімді  болуына  көп  байланысты.  Бала - біздің  болашағымыз.  Олай  болса,    

еліміздің  тұғырын  биік  ұстайтын  бүлдіршіндерімізді  тəрбиелейтін,  білім  беретін 

мамандарымыз қабілетті, шығармашылықпен жұмыс жасайтын болуы керек.   



Əдебиеттер тізімі 

1. Тюменова К.О. Педагогтардың кəсіби біліктілік шеберлігін арттыру.  Алматы, 2010.

2. Маусымбаев С.С. Болашақ жаратылыстану пəндері мұғалімін кəсіби даярлау: теория

жəне практика.  Алматы, «Халықаралық жазылым агенттігі», 2007.

352


3. Мухина В.С. Возрастная психология.   М.: 1998.

4. Балабақша меңгерушісі жəне əдіскері. № 3. 2013 ж. 23 – 24 б.

5. Балабақша меңгерушісі жəне əдіскері. № 1. 2013 ж. 5-6 б.

6. Отбасы жəне балабақша. № 4-6. 2004 ж.

353


ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ  

БАҒЫТ – БАҒДАРЫ 

Баймуханова Б. Қ. 

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті  

Орал қаласы  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Жастарды отбасылық өмірге даярлаудың жалпы мемлекеттік маңызы жəне  отбасылық 

өмірге  даярлаудың  негізгі  əдістері  қарастырылған.  Студент  жастарға  некеге  тұруға 

психологиялық  даярлықтың  қажеттігін  түсіндірудің  мəні,  отбасылық  өмірге  даярлаудың 

негізгі  бағыт-бағдары  көрсетілген.  Қарым-қатынас  мəселесі  дамуының  нəтижесінен 

отбасында  психозардаптық  ерекшеліктер  пайда  болуының  клиникалық  талдауы  бойынша 

даму кезеңдері жіктелген.  

Аннотация 

В  статье  рассматривается  общегосударственная  важность  подготовки  молодежи  к 

созданию  семьи  и  ее  основные  методы.  Также  говорится  о  сути  понимания  студентами  

психологической  готовности  молодежи  к  созданию  семьи,  основные  направления 

подготовки  к  семейной  жизни.  Описана  классификация  психологических  последствий 

межличностных отношений путем клинического анализа.  



Abstract 

The article discusses state-wide importance of preparing young people for the creation of a 

family and its basic methods. Also refers to the fact the students understanding of psychological 

readiness of young people to create a family, the basic derections of preparation for family life. 

Described classics potassium psychological relations through clinical analysis. 

Некеге  тұру  мотивтері  жөнінде  жүргізілген  барлық  əлеуметтік  зерттеулер  бірінші 

орынды  сүйіспеншілік  пен  мүдде,  көзқарас  ортақтығы  алатынын  іс  жүзінде  көрсетіп  отыр. 

Отбасы  құру  мəселесін  шешуде  материалдық  мотивпен  моральдық  мотивтің  айқын  басым 

болуы  қуантпай  қоймайды.  Ол  біздің  өмірмізде  жаңа  түрдегі  отбасының  қалыптасып, 

дамығандығын  дəлелдейді.  Алайда  зерттеулер  отбасылық  өмірдің  тек  сүйіспеншілік,  жеке 

бақытпен  шектелмейтінін  де  көрсетіп  берді.  Оның  мінездер  қақтығысы  мен  тұрмыс 

қиындығынан  бастап,  бір  кезде  жас  адамдарды  біріктірген  сүйіспеншілік  сезімінің 

эволюциясынан  туындайтын  күрделілік  тəрізді  əр  салалы  қиындықсыз  болуы  мүмкін  емес. 

Ресей  социологы  А.Г.Харчев: «... ерлі-зайыптылық  тиісті  дəрежедегі  берік  отбасы  болуға 

жету  үшін  əдетте  сүйіспеншілікпен  байланыстырылып  келген  қасиеттермен  ғана  емес, 

сонымен  қоса  неке  жауапкершілігінен  туындайтын  ауыртпалыққа  төзе  білу  қабілетімен  де 

қарулануы  тиіс.  Оның  үстіне  бұл  қабілет  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  жыныстардың  өзара 

қарым-қатынас  мəдениетінің  əрбір  нақтылы  ерлі-зайыптылар  жұбында  қандай  дəрежеде 

жетілуімен анықталады», - деп дұрыс айтады.  

Адам отбасышыл болып ең алдымен өз үйінде қалыптасады. Неке тұрғысына келгенде 

оның  некеге  деген  даярлығы  əр  дəрежеде  болуы  мүмкін.  Бірақ  ең  алдымен  талапты  əр  жас 

өзіңе қою керектігін біліп жəне өзін жетілдіре түсудің шексіздігін түсініп, ортақ бақыт үшін, 

үйленгенге дейін де, кейін де ақыл-ойың жетілдіре беру бағытында жұмыс жасау қажеттігін 

жастардың санасына сіңіру керек. 

354


Неке  жəне  отбасы  туралы  алғашқы  түсініктер  отбасындағы  ана  мен  əкенің  қарым-

қатынасынан  бастау  алып,  адамның  жас  кезеңіне  сəйкес  күрделеніп,  толығып  отырады. 

Болашақ жар, өзінің екінші жартысы туралы армандау мен ойлану, əсіресе қыздарда жиірек 

жəне  ертерек  кездеседі,  ал  ұлдарда  кешірек  басталады.  Армандаған  бейненің  кітаптан, 

фильмнен,  суреттен,  келбеттің  сыртқы  белгілері  жас  қиялды  таң  қалдыратын  бір  сəттік 

кездесулерден келіп шығатыны  да сирек емес. Бірақ өмірде барлығына бірдей сұлулар мен 

ержүректілер  кездесе  бермейді.  Өз  болашағы  жайында  ойлануы  байсалды  болған  сайын, 

адам  жұбай  таңдау  көп  белгіге  сай  болатынын,  бірақ  солардың  арасында  адамгершілік 

рухани  саналардың,  көзқарас  пен  өмірлік  мақсат  ортақтығының  бірінші  орында  тұруы 

керектігін көбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін құрметтеп жəне өз сезімдерінің мен 

қалаулыңа  деген  көзқарасыңды  ақылға  қоынмды  бағалай  білу,  жеңіл-желпі  қылымсынудан 

туындаған  үстірт  құмарлық  пен  жалт  етпе  сезімді  нағыз  сүйіспеншілік  екен  деп  ойлап 

қалмаудың кепілі болып саналады.[3,35 б.]  

Егер албырт сезімді жас адамдар бір-біріне сенбесе, бір сəттік ұрыс-керісте бір-бірін 

өкпелетіп,  тілдеп  жатса,  сол  сияқты  екеуінің  біреуіне  ұшқалақтық  мінез  тəн  болып  немесе 

біреуінің  сүйікті  адамының  абырой,  намысын  қорғауға  батылы  жетпесе,  мұндай  жар 

таңдауды  сəтті  деу  екі  талай  болады.  Егер  бірін-бірі  сүйген  адамдар  өздерінің  отбасында 

қалай болары, өздері бірлесе жəне əрқайсысының жеке-жеке немен шұғылданары, бір-біріне 

қалай көмектесуі, неше балаларының болары, өздерінің жас отбасының материалдық негізін 

қалай  құру  керектігі  жөнініде  нақтылы  талқыласа,  одан  романтикалық  сезімге  еш  нұқсан 

келмейді.  

Социологтар,  демографтар,  психологтар  тату  жəне  дүрдараз  отбасыларды  зерттеген. 

Олар  отбасының  іштей  беріктігі  көбінесе  адамның  өз  бойында  жас  кезінен  дамытып, 

сүйіктісі үшін жетілдіре түсетін өзара түсінушілікке деген екі жақты ұмытылысқа жəне егер 

өзара қатынас жасауда қиын жағдай кез болса, оның себебін басқадан іздемей, адамның өз 

бойынан іздеуіне (менің қателігім неде, қайтіп ренжітіп алдым, нені байқамай қалдым, нені 

түсінбедім)  байланысты болатындығы жөнінде қортындыға келеді. [1,92 б.] 

Ерлі-зайыптылық  басқа  адамға  деген  тұрақты  бағыттылықты,  оны  дəл  өзіңді 

түсінгендей  түсінуде  психологиялық  даярлықты  қажет  етеді  де,  ал  мұның  өзі  ері  мен 

зайыбының  екеуінің  де  өз  сезім,  толғаныс,  тебіреністерін  ашып  көрсетуге  даяр  болып,  өз 

жартысының  қателігі  мен  ағатттықтарын  қолайлы  сəт  пен  арнайы  көңіл-күйді  дөп  басып, 

өнегелі көрсете білу жағдайларында қолға түседі. 

Отбасы – адамның  өте  маңызды,  өте  жауапты  жанұясы,  себебі  отбасы  адамға  бақыт 

толық  мəнді  тұрмыс-тіршілік  əкеледі.  Отбасы  қоғамдық  құрылымның  кіші  тобы  жəне 

алғашқы ұясы.  

Қоғамның  негізгі  мақсаты – адамдарды  бақытты  ету.  Отбасы  ең  алғаш  жастарды 

тəрбиелеу ұясы. Оның негізгі мақсаты -  балалар тəрбиесі. Отбасындағы ең басты тұлға ана 

мен  əке,  ата  мен  əже.  əрбір  отбасыда  балаларды  еңбек  сүйгіштікке  тəрбиелеу,  денесін 

шынықтыру үлкендерді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен жəне ұлты басқа 

халықтармен  достық,  ізгілік,  қатынастар  жасау  осының  барлығы  қазақ  халқының  салт-

дəстүріне байланысты болған.  

Отбасының  адамзат  ұрпағына  деген  ықпалы  əсер  күшін  өмірдегі  басқа  ешнəрсенің 

күшімен  салыстыруға  болмайтындай.  Өйткені  ата-ананың  балаға  деген  тəрбиесінің  орнын 

ешнəрсе толтыра алар емес.  

Қазіргі  отбасы  өзімен-өзі  қайнап  жатқан  əлем  екендігіне  көніп  алдық.  Отбасы – кіші 

əлеуметтік  топ.  Ал  оның  мүшелері  неке  мен  енемесе  қаны  бір  туыстығымен,  тұрмыстық 

ортақтығымен  жəне  өара  адамгершілік  жауапкершілігімен  байланысты.  Жастарды  отбасы 

355


тəрбиесіне  тəрбиелеуде  ең  басты  ролді  ата-ана  жəне  мектеп  ортасының  маңызы  зор. [6,237 

б.] 


Жастарды  отбасылық  өмірге  даярлау  жалпы  мемлекеттік  маңызы  бар  əлеуметтік 

мəселе  болып  отыр.  Өйткені, “отбасы – шағын  мемлекет”  деген  аталы  сөз  бар.  Алдын-ала 

ойланып,  даярлану  барысында  жастар  отбасылық  өмір,  оның  мəні,  жауапкершілігі  жайлы 

мағлұматтар ала отырып, бойында белгілі бір түсінік, бағыт-бағдар қалыптастырады. Отбасы 

іргесінің  неғұрлым  сыйластықпен,  ынтымақтастықпен,  сенімділіктермен  берік  болып 

қалануы – соғұрлым қоғамның, ал қоғам өз кезегінде – елдігінің, халықтығының іргелілігін 

танытады. “Отан – отбасынан  басталады”.  Елін,  жерін,  отанын,  халқын  сүйген  азамат 

“отбасы”  ұғымына  бей-жай  қарай  алмас.  Өйткені  отбасылық  өмірге  даярлану  дегеніміздің 



өзі – адамның парасаттылығын, саналылығын өз өміріне үлкен жауапкершілікті сезінуі жəне 

түптеп келгенде, өзіндік тұлғасына деген құрметтілік көзқарасын көрсетеді. өйткні қоршаған 

ортаға  қатысты  құрмет  атауларының  бəрі  де – ең  алдымен  өзіне  деген  құрметпен  бастау 

алатыны  ақиқат.  Өскелең  буынның  отбасы  басы  болып  тəрбиеленуі  мен  қалыптасуына 

отбасының жəне оның маңындағы адамдардың ықпалы зор. Отбасының жетекешілік маңызы 

онда тəрбиеленіп жатқан адамның тəн-дене жəне рухани дамуына əсер етуші ықпалдар мəні 

мне  мағынасының  тереңдігіне  тəуелді  келеді.  Бала  үшін  отбасы  бір  жағынан – тіршілік 

қорғауы болса, екінші тараптан – тəрбиелік орта.  



Жалпы  жастарды  отбасылық  өмірге  даярлаудың  негізгі  əдістерін:  əңгіме,  түсіндіру, 

əңгімелесіп, пікір алысу, рөлдік бағыттағы ойындарды орындау арқылы өткізілетін сабақтар, 

көрнекі  əдістерді  қолдану  түрінде  жүзеге  асыруға  болады.  Сондй-ақ  бұлардың  қай-

қайсысының да тақырыптың, мəсленің тартымдылығы мен еріктілігі, этикалық қағидаларды 

сақтай  отырып,  жастарға  сенім  арту,  сабақ  мазмұнының  бүкпесіз  шынайы  баяндалуы  жəне 

оның шəкірттерге əсерлілігі мен ашық жеткізілуі, шындықты жастар ұжымының қатысуымен 

ашып көрсету т.б. тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет. Сонымен қатар 

əдістерді барынша түрлендіріп отырғанда дұрыс: дара жастармен жасалатын жұмыс, жалпы 

түрде орындайтын тапсырмаларды, жастарға тікелей жəне жанама түрде əсер ету. [2,78 б.] 

Қазіргі  кезде  жоғарғы  оқу  орындарында  «Отбасы  тәрбиесі»  және  «Отбасы 

психологиясы» атты пәндер жүргізіледі. Пәндердің жалпы мақсаты - студент жастарға некеге 

тұруға психологиялық даярлықтың мәнін ашып, отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-

бағдарын, отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеу жолдарын үйрету және некеге тұрған 

кезде өздеріне белгілі өзара адамгершілік міндеттер жүктеп, осы сәттен бастап, олардың бір-

бірінің,  болашақ  балаларының,  қоғамның  алдында  өз  отбасын,  өз  балалары  үшін  жауапты 

екенін аңғарту болып саналады.  

Осындай  білімдерге  ие  бола  отырып,  жастар  отбасылық  өмір  қойған  талаптарды 

орындап  отырса,  жалпы  отбасы  жақсы  қызмет  етіп,  әрекет  етіп  отырады.  Отбасылық  өмір 

барысында  пайда  болатын  мәселелерді  сәтті  орындап  отыру  үшін  әрбір  отбасы  мүшесіне 

қажетті  психологиялық  қасиеттердің  жиынтығын  біз  отбасылық  қажетті    қасиеттер  деп 

атаймыз. Ал бұл қасиеттердің аумағы өте кең.[5, 182 б.] 

Бұл  біріншіден  қажеттіліктер.  Мысалы  индивидті  отбасылық  өмірге  қатысуға 

мотивтендіру  қажеттіліктері,  ондағы  қиындықтарды  болдырмау  мен  мəселелерді  шешуге 

қажеттіліктер, 

ерлі-зайыптылық 

өзара 


қарым-қатынаста 

қанағаттандырудағы 

қажеттіліктердің  кең  ауқымы,  яғни  махаббат,  симпатия  жыныстық-эротикалық 

қажеттіліктер, шаруашылық-қажеттіліктер т.б. 

Екіншіден, - қабілеттіліктердің, іскерлік пен дағдылардың көптігі. Ең алдымен отбасы 

мүшелерінің бір-бірін түсінуіне қажетті қабілеттеіліктер, ерлі-зайыптылық қатынасты сақтау 

мен балаларды тəрбиелеуге қажетті ісерліктер мен дағдылардың жиынтығы.  

356


Үшіншіден – еріктік эмоционалдық қасиеттердің аумағының кеңдігі, сондай-ақ өзіндік 

эмоционалдық жағдайын реттеуге қажетті, қасиеттер, фрустрация жағдайын жеңуге қажетті 

қасиеттер,  қазіргі  тілектерін  келешек    мақсаттарына  бағындыра  білу  қасиеттері,  тəрбиелік, 

ерлі-зайыптылық  қатынастарды  дамытуға  қажетті  шыдамдылық,  тұрақтылық  қасиеттер 

т.б.[4, 73 б.] 

Осындай  отбасылық  басты  қажеттіліктерді  біліп,  отбасын  дұрыс  құрудың  негіздерін 

жəне  некелік  өмірде  кездесетін  кедергілер  мен  дағдарыстардан  жол  таба  білсе,  жастардың 

еліміздің  іргесін  құрайтын  берік  отбасын  құруына  сенім  білдіруге  болады.  Сондай-ақ 

Республикамызда соңғы жылдардан бастап  «отбасылар  күні»  мерекесі атап өтілетін болды. 

Бұл елімізде отбасы мəселелеріне бейжай қарамайтындығының айғағы. Сонымен қатар бала 

және  ата-ана,  жалпы  отбасымен  тұтас  жұмыс  жасауға  арналған.  «Отбасы  татулығы 

бағдарламасы»  жұмыстануда.  2003  жылы  ОҚФ  РҚБ  «Қазақстан  Психологтарының  Ұлттық 

Ассоциациясының» қызметкрлері (2007ж-ОҚФ ҚБ «Қазақстан психологар ассоциациясына» 

ауыстырылғаннан  кейін) «Баланың  жеке  басын  дамыту  мектебі»  ұйымдастырылған.  Бұл 

жобаның  негізгі  мақсаты-тəрбиелеу  жағдайында  баланың  жеке  бас  даму  ерекшеліктерін, 

қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға 

кəсіби психологиялық көмек көрсету.  

Практикалық  психология  жəне  психотерапия  Еуразиялық  Институты  психологтары  

2007  жылы  Қазақ  психологтары  ассогциациясы  мамандарымен  бірлесе  отырып  «Баланың 

жеке  басын  дамыту  мектебі»  жұмысының  тəржірибелерін  жүйелеп  жалпылады,  сонымен 

қатар  баламен  психологиялық  жəне  психотерапевтік  жұмыстар  нəтижесінде  отбасылық 

қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізді.  

Қарым-қатынас  мəселелерінің  дамуы – қандайда  бір  əсермен  пайда  болады  жəне 

отбасының  психозардаптық  ерекшеліктеріне  əкелетін  процестердің  жиынтығы.  Қарым-

қатынас  мəселесі  дамуының  нəтижесінен  отбасында  психозардаптық  ерекшеліктер  пайда 

болуының клиникалық талдауы бойынша даму кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.  



1. Ақпараттың  жеткіліксіздігі.  Бұл  кезеңде  пайда  болады  жəне  анық  қарым-қатынас

мəселесіне  айналады.  Қанағаттандырылмаған  қажеттілік  жағдайының  басқаға  байланысты 

болуы жəне қарым-қатынастың мүмкін еместігі.  

Бұл  қарым-қатынас  мəселесі  индивид  басқаға  ойша  қарайды,  яғни  серігіне  ойша 

өтінішпен, талаппен, ым-ишарамен қарап, жауабын естиді. Бұл қарым-қатынас – анығырағы 

ойша тəжірибе жүргізудің нəттижесі серігі жайлы елестетуіне, оның жекелік психологиялық 

ерекшеліктеріне  индивид  қатынасына,  сұранысқа  қарай  əрекет  етуіне  байланысты  болады. 

Ойша  тəжірибе  жүргізу  көбіне  қарым-қатынас  тосқауылы  да  болады. “Неге  сен  маған 

барлығын айтпадың?”, “Мен сені күледі деп ойладым” бұлар кейінірек пайда болатын диалог 

ойша қарым-қатынас пен оның мүмкін болған тосқауылдық ролінің мәнін анықтайды. Осы 

кезеңде  жарым-жартылай  қарым-қатынастың  орнауы  мүмкін,  мысалы  қандай  да  бір 

ақпаратты  жеткізу  үшін  жасалған  қорқу  немесе  ұялғандағы  әрекеттер.Осылай  немесе 

басқаша  болсын  бірінші  кезеңнің  қорытынсында  отбасы  мүшесі  үшін  маңызды  қажеттілік 

(махаббатқа,  симпатияға,  жанашырлыққа,  құрметке  т.б.),  одан  берілген  ақпарттың 

түсініксіздігі немесе мүлде берілмегендіктен қанағаттандырылмай қалады.  

2. Бұзылған қарым-қатынасты түзету кезеңі. Қарым-қатынас мәселесі бұл кезеңде өз

дамуында  және  “Әлсіз  қанағаттанбаушылықтың”  бастауы  ретінде  қалуы  мүмкін.  Дегенмен 

де оның ары қарай дамып кетуі де мүмкін. Оның мәні отбасы мүшелері өз қажеттіліктерін 

қарым-қатынасқа  түсіруге  тырысатындығында,  бірақ  оны  тікелей  айтуға,  көрсетуге  оның 

күші  жетпейді,  ол  ашық  сұраудың,  талап  теудің  жолдарын  іздейді.  Назар  аудару  мен 

қамқорлыққа қажеттілікті сезінуші әйел, жодасының әрекетіне, мінезіне дегеніне, айтқанына 

357


жетпей  қоймайды.  Өз  қассиеттерінің  немесе  отбасылық  көзқарастарының  ерекшеліктеріне 

байланысты,  оның  тек  көңіл  бөліп,  назар  аударуы  мен  қамқорлығына  мұқтаж  екендігін, 

мойындай алмайды. (ей, скажем, представляется, что такое признание может вызвать у муже 

чувство  превосходства  над  ней,  что  было  бы  ей  неприятно).  Сондықтан  ол  қажет  деген 

әрекетіне қарай, жақсы отбасында осылай болуы керек деген сияқты болымсыз себептермен 

айтқаны  орындата  бастайды.  Мұндай  тәсіл  көбіне  өз  қажеттіліктерін  ашық  жеткізуге 

мүмкіндік береді және ақпарат жеткізіп әрекетті қажетіне қарай өзгертуіне қол жеткізеді. 

Дәл сол уақытта жаңа мәселеде тууы мүмкін. Біріншіден отбасы мүшелерінің бір-бірі 

жайлы  көзқарастарының  бұрмалануы  немесе  бұзылуы.  Жоғарыда  келтірілген  мысал 

бойынша  өз  әйелін  қоршаған  орта  үшін  отбасынгың  беделін,  абыройын  маңызды  орынға 

қояды  деп  есептей  бастайды.  Екіншіден  нақты  ақпарттық  ресмилікке  бүркемеленуінен 

(тасалануынан) болмыстың шындықпен сәйкес келмеуі мүмкін. Келтірілген мысалда күйеуі 

үшін  таңданаралықтай  жағдай  болмауы  мүмкін  емес,  себебі  алдын  әйелі  үшін  барлығы 

“ереже  бойынша  болуы ” оншалықты  маңызды  емес  еді.  Нәтижесінде  ерлі-зайыптылардың 

бір-бірі жайлы көзқарстары бұзылады, соған сәйкес өзара түсінісуі де болады.  

3.Әрекеттік  қарым-қатынас  кезеңі.  Жастардың    некеге  дейінгі  өзара  қарым

қатынастарының  олардың  болашақта  некелесіп,  отбасылық  өмір  құруға  даярлауға 

бағыттайтын қажетті фактор. Жастардың есейіп, әлеуметтік өмір тіршілігіне араласуы, мінез 

құлқын  қалыптастырып,  физиологиялық  жағынан  жетілуі,  сезім  эмоциясының  қарқынды 

дамып, өздігінен тіршілік етуге ұмтылуының барлығы, оның жеке басының өсуін көрсететін 

факторлар.  

Адамдардың қарым қатынасындағы құштарлық сезімі жастар өмірінде жаңа бір кезеңді 

бастайды.  Қазіргі  кезеңде  некелесуге  дейінгі  мәселе  жайлы  жастар  арасында  әр  түрлі 

көзқарастардың  бар  екендігін  өмір  көрсетіп  отыр.  Жастардың  некелесуге  дейінгі 

қатынастарын  білу  және  олардың  болашақ  бақытты  отбасылық  өмірі,  неке  оның  бұзылу 

себептері  жайлы  көзқарастарымен  танысу  үшін,  педагогикалық  институттарда 

социологиялық  зерттеу  жүргізілді.  Бұл  мәселелер  жөнінде  зерттеу  мәліметтері  жастардың 

некелесуге дейінгі ұғымдарының әртүрлі екенін көрсетті. Олар:  

Отбасылық  бақыт  бұл  жас  жұбайлардың  бір  бірін  сыйлауы,  олардағы  махаббат, 

жұбайлық  сезім,  рухани  байлық,  өз  өмірін  жұбайы  үшін  қию  міне  сонда  ғана  берік, 

бұзылмайтын  одақ  болады,  ал  бала  туу,  оны  тәрбиелеп  өсіру  жас  отбасын  одан  әрі 

біріктіреді.  

Бақытты  отбасылық  өмірді  әркім  өзінше  түсінуі  мүмкін.  Біреулер  экономикалық 

есеппен үйленуді мақсат етіп, барлық жағынан қамтамасыз етілген, (яғни жеңіл автомобиль, 

қымбат  гарнитур,  ыңғайлы  пәтері  бар,  қазіргі  модамен  киінетін,  институтта  оқитын)  адам 

табылса дейді. Біздіңше бақытты отбасылық өмір бұл ең алдымен келешекте бір бірімен өмір 

сүретін  екі  адамның  бақытты  болуы,  тек  бір  бірін  ғана  емес,  айналадағы  адамдарды  да 

сыйлай  білу,  барлық  қиншылықтарды  ұрыс  керіссіз  шешу,  отбасылық  өмірде  жас 

жұбайлардың тең құқылы болуы.  

Кейбір  жастар  неке  жасына  жетпей  ақ  үйленуге  шешім  қабылдайды.  Олар  ата 

аналарының,аға  жолдастарының  ақылын  тыңдамайды,  айтқандарына  көнбейді.  Он  сегіз 

жаста  оқу  мен  отбасы  өмірін  ұштастыру  өте  қиын  бұл  ұйқысыз  ұзақ  түн,  жүйкенің  тозуы, 

материалдық  жағдайдың  қиыншылығы.  Осы  ауырлықтардың  барлығын  жастар  көтере 

алмайды,  өзара  қатынастары  асқынады,  конфликтілік  жағдай  туады.  Ал  мұның  барлығы 

отбасының бұзылуына келіп соқтырады.  

Некенің мызғымас берік болуының басты себептері: берік отбасын құруға тырысулары 

керек, рухани жақындық, яғни қасыңдағы адамды сезе білу, қиыншылық жағдайда бір біріне 

358


көмек  көрсетуі  тиіс,  көзқарастарының,  ниеттерінің,  мінездерінің  үйлесімді  болуы  керек, 

ізгілік, сенімділік, әдептілік жоғары мәдениеттіліктің белігісі.  



4. Жас  ұрпаққа  неке  дегеніміз  не  екендігі  туралы  қысқаша  мағлұмат  беру.  Неке

отбасының  заң  жүзіндегі  негізі,  ер  мен  әйелдің  өзара  түсінісуінің,  еріктілігінің  негізінде 

құралатын одағы. Отбасы дегеніміз махаббат, достық, өзара құрмет сезімін біріктірген, ортақ 

шаруашылық ұстап, бір біріне материалдық және моральдық сүйеу бола білетін ер мен әйел 

адамның  одағы.  Некенің  тұрақты  болуы  үшін,  ерлі  зайыптылардың  өзара  түсінушілігі 

маңызды роль атқарады. Некелесу үшін тек сезім жеткіліксіз. Ол алдымен некенің құқықтық 

негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялық даярлаудың болуы, үй ішінде тіршілікке 

қажетті  тұрмыстық  дағдыларды  игеру,  өмірге  ұрпақ  келтіріп,  оны  өсіріп,  бағып  қағып 

тәрбелей  білу.  Некеге  дейінгі  қатынас  жастардың  бірін  бірі  сүюіне,  махаббатына 

байланысты, әрбір жас некеге психологиялық әлеуметтік жағынан дайын болуы керек.  

Қазіргі  жастарға  жыныстық  тәрбие  беру  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып 

табылады.  Бұл  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтардың  арасында  жүргізілетін  жалпы  идеолгиялық 

және  тәрбие  жұмысының  бір  бөлігі.  Ол  эстетикалық  және  рухани  тәрбиемен  тығыз 

байланысты.  Себебі  мұның  өзі  болашақ  қоғамның  құрылысшылары  ретінде  болашақ 

жастарды бақытты отбасы мен берік неке құруға қалыптастырады.  

5. Кәмелетке толған жігіт пен қыз неке гигиенасының, тазалығының негізін білуі тиіс.

Неке  гигиенасы  деген  ұғымның  аясы  кең.  Атап  айтқанда  неке  гигиенасы  дегеніміз  ерлі 

зайыптылардың денсаулығын,олардың жыныстық жне қмірге ұрпақ келтіруге қабілеттілігін 

сақтауға,  шыр  етіп  жарық  дүниеге  келетін  нәрестенің  аман  болуын  қамтамасыз  етуге 

бағытталған ғылыми негізі бар, профилактикалық шаралардың жиынтығы. Солардың ішінде 

әсіресе некелесуге тілек білдірген болашақ ерлі зайыптылардың жастары аса маңызды роль 

атқарады.  Біздің  елімізде 18 жасқа  толғандардың  барлығына  некелесуге  рұқсат  етіледі. 

Өйткені осы жасқа келгенде ғана қыздар жыныстық жағынан жетіледі.  

Кәмелетке  толмай  жатып  жыныстық  қатынасты  ерте  бастау,  әсіресе  бала  көтеру 

ананыңда,  дүниеге  келетін  перзенттің  де  денсаулығына  үлкен  зиян  келеді.  Оның  үстіне  өзі 

балалық  дәуірден  шықпай  жатып,  бала  тапқан  адамның  оны  дұрыс  трбиелей  қоюы  да  екі 

талай нәрсе.  Жыныстық жағынан жетілмей тұрып бастаған жыныстық қарым қатынас жас 

организмнің,  психиканың  даму,  қалыптасу  поцесіне  зиянын  тигізетіні,  оның  функциялық 

қабілеттерін жас кезде ғана емес, есейген кездеде әлсірететіні қазіргі кезде дәлелдеуді қажет 

етпейтін ақиқат деп білу керек. [7, 157 б.] 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет