Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет39/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан – 2050. Мəңгілік ел. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Н.Ə. Назарбаевтың

Жолдауы. 2014ж. 17 қаңтар.

2. Назарбаев Н. «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру

стратегиясы. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан

халқына арнаған жолдауы.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың халқына Жолдауы.

1 наурыз. 2006 ж.

4. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тəжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі.

Алматы. 2001.

5. Даумов  Н.Ғ.  Оқытудың  ақпараттандыру  процесінде  оқушылардың  зерттеу  қызметін

дамыту. Алматы. 2005.

330


БІЛІМ БЕРУДЕГІ  ЖОҒАРЫ САПАМЕН ФОРМАТИВТІ  БАҒАЛАУДЫ 

ПАЙДАЛАНУ 

Байдилдаева Ж. Ш. 

Қызылорда қаласындағы №4 облыстық  дарынды  балаларға   

арналған мектеп-интернаты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

        Мақалада білім  сапасын арттыру үшін формативті бағалауды пайдаланудың тиімділігі  

баяндалады. Оқыту үшін бағалау тиімді  оқытудың негізі болып  табылады.  

Аннотация 

          В данном докладе  рассматривается  увеличения эффективности  качества  образования  

с  помощью  формирующей    оценки.  Оценивание  для  обучения  является    основой 

эффективного обучения 



Abstract 

           This  report  reviews  efficiency  of  increasing the quality of education with help formative 

assessment. Assessment for learning is considered to be the basis of effective teaching.  

      Білім    беру    реформасы - Қазақстан  Республикасының  бəсекеге    қабілеттілігін  

қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін  аса  маңызды бағыттардың  бірі. Елбасы            Н.Ə. 

Назарбаев Қазақстан  халқына  жолдауында : «Білім  беру  реформасы  табысының  басты 

өлшемі  -  тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  кез келген  азаматының  əлемнің  кез 

келген елінде  қажетке  жарайтын  маман  бо-                                                                  латындай  

деңгейге  көтерілуі  болып  табылады» -  деген болатын. [1]   «Мектептің тірегі де, тіреуі де – 

оқыта  білетін  мұғалім»-  деп    А.  Байтұрсынов  айтқандай,  қазіргі  білім  беру  саласында 

оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше , жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  жан – 

жақты білім беру мүмкін емес. [3]   Білімді ұрпақты, бəсекеге қабілетті мамандарды білікті  

мұғалімдер, кəсіби  тұрғыдан жан-жақты  дамыған кемел  ұстаздар ғана  тəрбиелей  алады.   

Уақыт  талабына  сай    жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  тиімді  оқыту  əдістерін    таңдау  жəне 

жетілдіру арқылы білім  сапасын арттыруға  болады. Білім  сапасын арттыруда  əсер  ететін 

факторлар: 

 Оқушылармен тиімді  кері  байланысты  қамтамасыз ету;

 Оқушылардың өзіндік  оқуға  белсенді  қатысуы;

 Бағалау  нəтижелерін  ескере отырып, оқытуды  өзгерту;

 Бағалаудың  оқушылардың    өзін-өзі  бағалауы  мен  қызығушылығына  едəуір    ықпал

ететіндігін  мойындау,  бұл өз кезегінде білім  алуға  түбегейлі түрде  ықпал етеді;

 Оқушылардың  өздерін- өздері  бағалай алуы  жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға

болатындығын түсінудің қажеттілігі;

Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім 

беру мақсатында көптеген  оқытудың жаңа  технологиялары  ұсынылуда. Соның ішінде орта 

білім  беру  жүйесінде    əлемдік  жоғары  деңгейде  қол  жеткізген    танымал    оқыту  

əдістемелерінің  арасында  сындарлы теориялық  оқытуға  негізделген  тəсілдің бірі – бағалау  

жүйесі.  Бағалау  дегеніміз не?  

331


Бағалау  -  бұл  одан  əрі    оқу    туралы  шешімді    қабылдау  мақсаты  мен  оқытудың  

нəтижелерін    жүйелі    түрде    жинақтауға    бағытталған    қызметті    белгілеу  үшін  

қолданылатын  термин.  Бағалаудың  екі түрі бар: 1) оқыту үшін бағалау;  2) оқуды бағалау; 

Оқуды  бағалау  дегеніміз    сертификаттау    немесе    оқытудың  алға    жылжуын  тіркеу  үшін  

оқыту    қорытындысын    шығару.  Осы  кезге  дейін  бағалауда  біз  оқуды  бағалауды  жүргізіп 

келдік.  Мұғалім  сыныптың орташа білім игеру деңгейіне сүйене отырып баға қояды,  яғни 

жеке  əр  оқушының  жетістігі  ескерілмейді.  Қойылған  баға  оқушының  белгілі  бір  нақты 

меңгерген білім, білік  дағдысының элементтерін көрсетпейді. [2]    

Оқыту    үшін    бағалау – бұл  білім  алушылар    өздерінің  оқудың    қандай  сатысында 

тұрғанын,  қандай бағытта  даму керек  жəне қажетті деңгейге қалай жету керек  екендігін  

анықтау    үдерісі.  Оқыту  үшін  бағалауда  оқушының  барлық  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 

ескере  отырып , оқушыны  ынталандыру  арқылы  əрі  қарай  оқытуға  жетелеу  екені  айқын.  

Яғни сабақта оқыту үшін бағалауды жүргізудің ерекшелігі: 

 Оқушының қай деңгейде екенін анықтай аласың

 Қай бағытта дамыту керек екенін білесің

 Оқушыны алға ынталандырып отырасың

Бұл  бағалау  жүйесі  мұғалімнің  əрбір  оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізуіне  мүмкіндік 

береді,оқушының  материалды  меңгермегендігін  басынан-ақ  байқауына  ,оқушы  білімін 

диагностикалауына  мүмкіндік  беріп,  мұғалімге  оқу  үдерісін  басқаша  ұйымдастыруға 

көмектеседі, ал оқушыға өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезінуді жүктейді. 

[2]  Бірін-бірі  бағалауда  оқушылардың    арасында  жанжал  туындамас  үшін  мұғалім  мұқият 

болу  керек.  Ол  үшін  оқушыларға  тексерілетін  оқушылар  емес,  олардың  жұмыстары 

тексерілетінін еске салып отыру керек. [4]   

       Жалпы 

бағалау 

стратегияларының 

он 

екі 


түрі 

бар:


Топтардағы  өзара  бағалау,   жұптарды  өзара  бағалау,  оқушылардың  түсіндірулері, 

оқушылардың  арнайы  қателерді  бағалауы,  өзін-өзі  бағалау,  жалған  баға,  түсіндірме 

тапсырмалар,   түзетулерді орындау,  диагностикалық сұрақ,  шеберліктің қол 

жеткізілген 

деңгейінің  тестісі,   оқушылардан  сұрау  алу  жəне  «таудың  ұшар  басына

  шығу»,  

тұжырымдамалық картаны тексеру.   

Оқыту  үшін  бағалауды  пайдаланбас  бұрын  оқушылармен  алдын-ала  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізіп, төмендегі тармақтармен  таныстырдым:   

1. Қателіктер  жасалуы  мүмкін.  Оқыту  процесінде  барлығымыз  да  қате  жібереміз.

Шын мəнінде, бұл біздің оқуымыздың бір бөлігі екендігін;

2. Қате жіберу пайдалы , себебі бұл бізге нені жақсарту қажет екенін;

3. Егер біз қателерді болдырмаудың жолын табатын болсақ, қателер біз үшін пайдалы

болатындығын;

4. Оқушыларға өз қателерін байқаған сайын «алақай» деп айтулары қажеттігін;

Оқушылар осы тармақтармен келіскен жағдайда ғана  жақсы  оқитын  болады.

Өз  сабақтарымда  оқушылардың  сабаққа  ынтасын  арттыру  үшін  формативті

бағалаудың:  «Жұптарда  өзара  бағалау», «Топтардағы  өзара  бағалау»,  «Оқушылардың 

түсіндірулері», «Оқушылардың арнайы қателерді  бағалауы», «Өзін-өзі бағалау», «Жалған 

баға»   мен «Шеберліктің  қол  жеткізілген деңгейінің тестісі»  əдістерін қолдандым. Бұл 

əдістер оқушының өз  білім деңгейін  өзі  бағалауына мүмкіндік  береді.  «Жұптарда өзара 

бағалау»  əдісін  қолданғанымда  оқушылар  «Ауырлық  күші  əрекет  ететін  дененің 

потенциалдық энергиясы»  тақырыбы бойынша жеке жұмыс жасап,  берілген сұрақтарға  

жауап  жазып,  жұптағы  сыныптасымен  өз  жұмыс    парағын  алмастырды.  Дайын    жауап  

парағы арқылы оқушылар бірін-бірі тексеріп,  жұмыс  парағына өз жұбын екі  жетістік, бір 

332


ұсыныс  айту  арқылы    бағалады.  Сабақтың  барысында  жұптық  бағалауды  қолданудағы 

менің  жеткен жетістігім – оқушының өзін жəне өзгені  бағалай  алуы, өз бетінше жұмыс 

жасап,  оқу    материалын  толық  игеруі    жəне  оқушылардың  өз    пікірін  сыныптасына 

түсіндіре отырып,  қателерді  түзетуі.   

«Оқушылардың  түсіндірулері»  əдісін  пайдалану  кезінде,  сабақтың  басында 

оқушыларға екі  сұрақ қойдым:   

1. Механикалық энергия  өзгерістерінің қандай физикалық мағынасы бар?

2. Үйкеліс күші  бар болса,  механикалық энергия  сақтала  ма?

Жəне  сабақ  соңында  шешуші    мезеттерді  түсіндіруге    тиіс  екенін  айтып    өттім. 

Сабақ  соңында оқушыларды  жұпқа бөліп, терезеге жақын отырғандар  бірінші  сұраққа, 

ал  жұбы    екінші    сұраққа  жауап    беріп,  бір-біріне  шешуші  мезеттерді  түсіндірді.  Екі 

оқушы  да  əңгімесін  аяқтаған  соң  ғана  жауапты    қалай  жақсартуға  болатынын  айтты. 

Содан  соң    жауап    үлгілерін  ұсынып,  жұптардан  «нені  аңғармадыңдар  немесе  неден  

қателестіңдер»  деп  сұрағанымда,  олар    алдымен  өздерінің   қателерін,  содан   соң   бір-

бірінің  қателерін  түзетіп  талқылау  жүргізді.  Белсенді  оқушыларды  бармақ    арқылы, 

мақтау-мадақтау  жəне  қошемет    білдіру    арқылы  бағаладым.  Бұл    əдіс    арқылы 

оқушылардың  сөздік    қоры  көбейеді,  сұрақтың    жауабын  зерттеу  арқылы  білімдерін 

тереңдетеді.  

Жалған  тапсырма – жалған  баға  беру    мақсатында  мұғалім  жасайтын    тапсырма. 

Оқушылар    берілген  тапсырманы  орындай    отырып , қойылған  бағаның  дұрыс    немесе 

бұрыстығын  дəлелдейді    жəне  талдау    жасайды. 7  сыныпта  «Деформацияланған 

серіппенің потенциалдық энергиясы»  тақырыбына  есептер  шығару  барысында «жалған 

баға»  əдісін    қолдандым.  Оқушыларға  «Х»  жəне  «Y»   екі    тапсырмасын  беріп,  

бағалауларын    сұрадым. «Х»  тапсырмасы:  бірдей    дұрыс    жауаптарды    қамтиды,  бірақ  

əдістер  түсіндірілмейді,  кей  жауаптар  өте  ұзақ,  ал    жұмыс    мүлде  түсініксіз. «Y» 

тапсырмасы:  дұрыс  емес    жауаптарды  қамтиды,  бірақ  əдісі    дұрыс,  толық  түсіндірілген 

жəне    негізделген,  ал  жұмыс    жақсы    əзірленген    жəне    түсінікті  етіп    баяндалған. 

Оқушылардың көбісі  мақсат  дұрыс жауап алу деп болжағандықтан,  əдіс жəне жұмысты 

қарастырмай,  нашар  жұмысқа    жауап    берді. «Жалған  баға»  əдісінде    оқушылар   

аңғарымпаздық    танытып    тапсырманы  дұрыс  бағалағандарға  жұлдызша    таратып  

отырдым. Бұл  «жалған бағалау»  - оқушыларды  бағалау  өлшемдерін жəне  бағалау əдісін 

түсінуге  шын  мəнінде мəжбүрлейтін озық  тəсілдердің  бірі. Осы  оқыту үшін  бағалау 

əдістерінің  ең    маңыздысы  «өзін-  өзі    бағалау»  əдісі    деп    білемін.  Өзін-өзі  бағалау 

адамның  өзін-өзі  жүйелеп,  ісін        ретке  келтіруінің  құралы    болып    табылады  Өзін-өзі  

бағалау  оқушыларда  өз    нəтижесіне  сын    көзбен    қарап,  оқудағы  өз    мүмкіндіктерінің 

деңгейі   туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады. Оқушыларға жеке  тапсырма 

ретінде  деңгейлік  есептер  берілді.  Бұл    есептерді  бағалау  өлшемдері  арқылы  өз-өздерін 

бағалауды    тапсырдым.  Алдын  ала  топпен  келісіп  бағалау    критерийлерін, 

дескрипторларын құрып белгілеп  алған  болатынбыз.    

1. Есепті шығаруға берілген мəліметтердің дұрыс  жазылуы

Оқушы  есепті  шығаруға  қажетті  мəліметтерді  толық  жазған  жəне  ХЖ-ға

аударған – 2 ұпай

Оқушы есепті шығаруға қажетті  мəліметтерді толық  жазған – 1 ұпай

Есепті шығаруға мəліметтердің жеткіліксіздігі – 0 ұпай

2. Есептің шығарылу кезеңдерінің  дұрыс жазылып  толтырылуы

Есептің  шығарылу  кезеңдерін  айқындайтын  сызбасы    мен  формулалары 

дұрыс  пайдаланылған – 2 ұпай  

Есептің  шығарылуы  дұрыс,  бірақ  сызбалар  мен  формулалары  толық  

жазылмаған – 1 ұпай 

Есепті шығаруға алынған мəліметтері дұрыс  емес- 0 ұпай 



3. Берілген  жауаптың толықтығы мен дұрыстығы

Жауабы толық  жəне дұрыс – 2  ұпай 

333


Жауабы дұрыс, бірақ толық емес - 1 ұпай 

Жауабы дұрыс емес – 0 ұпай 

Осы  критерийлер   арқылы  бағалау барысында  байқағаным , бағалау өлшемдерін 

пайдалану  түйінді    жəне    пəндік    құзыреттіліктерін  анықтауға  мүмкіндік    береді. 

Белгіленген    критерий  арқылы  өзін-өзі  бағалау    барысында,  тек    бір  ғана  оқушының 

жұмысын  бағалау  өлшемдеріне  сай  жəне  жоғары  бағаға  лайықты    екенін  көрдік.  Кейбір  

оқушылардың есептерінің шығарылу жолы дұрыс  болғанмен,  белгіленген критерийлерге 

сəйкес    келмейді,  яғни  пəндік    құзыреттілікті  ескермеген.  Критерийлер  арқылы  бағалау  

жүйесінің    мүмкіндіктері:  біріншіден,  мұғалімдер  оқушының  оқу    материалын 

қаншалықты  меңгергенін  анықтайды;  екіншіден,  оқушылар  үнемі  бағалау  критерийлерін 

қолдану арқылы түпкілікті  өнімге  жауапкершілікпен  қарайды  жəне өз  бетінше жұмыс  

жасап  үйренеді; үшіншіден, ата-аналар  баланың білім  игеру  деңгейі  туралы  дəлелді  

ақпараттар алады.  

Сабақ  барысында  баланы  мақтап,  жылы    шырай  танытып,  мадақтау    сөздер    айту 

оқушылардың  білім    алуына  оң    жағдай  жасайтыны  тəжірибемнен  байқалды.  Оқу  

үдерісінде  оқыту  үшін  бағалаудың  стратегияларын    қолдану  нəтижесінде  оқушының  

ізденімпаздығы, оқуға  деген  қабілеті артты, өзіндік пікірлерін  дəлелдеуге, пікірталастар  

мен  талқылауларға  қатысуға, жолдасының  жауабына пікір  айтуға  ықпал  жасады. Енді 

алдағы  уақытта критерий  арқылы бағалауды  физика  сабағында  зертханалық  жұмыстар  

мен бақылау жұмыстарына  да пайдаланамын.  

Қорыта айтарым, бұрынғы  дəстүрлі бағалауда тек жиынтық баға ғана қойылатын жəне ол 

бағаны тек мұғалім ғана қоятын.  Осыдан болар көп жағдайда оқушылар арасында бағаға 

келіспеушілік немесе баға үшін мұғалім мен оқушы арасында немесе мұғалім мен ата-ана 

арасында  реніш  туып  жататын.  Салыстыра  отырып  қарасаңыз  сындарлы  оқытудағы 

бағалау  баланың  жан-жақтылығын,  белсенділігін,  білімін,  біліктілігін,  тапқырлығын, 

икемділігін, жалпы құзіреттілігін анықтауға, ашуға зор мүмкіндік береді. Өйткені оқушы 

сабақ  үдерісінде  өзін-өзі,бірін-бірі  бағалай  отырып  өздерінің  білімдерінің  қай  дəрежеде 

екенін анықтай алады жəне сол бағытта жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Мұғалім үшін де 

оқыту  үшін  бағалаудың  маңызы  зор  деп  айта  аламын.  Себебі,  мұғалім  бағалау 

стратегиялары мен əдіс-тəсілдерін қолдана отырып кімді? нені? не үшін? қалай? оқыту 

керек  екендігін  біледі.Ал  бұл  дегеніміз  оқу  процесінде(үдерісінде)  білім  беру  сапасын 

арттырудың  бірден-бір  тиімді  де  сапалы    жолы  деп  білемін.Сондықтан  жаңашыл 

мұғалімдерді білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістердің бірі болып саналатын оқыту үшін 

бағалау тəсілін оқу үдерісінде қолдануға шақырамын. 



Əдебиеттер тізімі 

1. «Қазақстан    Республикасында  білім    беруді    дамытудың  2011-2020

жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы»



2. Мұғалімдерге  арналған    нұсқаулық  (ҚР  жалпы  білім    беретін    мектептері

педагогтерінің біліктілігін  арттыру курстарының бағдарламасы), 2012.

3. «Сындарлы    оқыту    теориясы -  шығармашылық    шыңы»,  əдістемелік

жинақ.  2012. 

4. Диканская  Н.Н.,  Герасименко  Е.В.  Оценочная  деятельность    как  основа

управления    качеством    образования // Мониторинг  образовательного

процесса.

334


СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ƏДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ 

Байдыбекова Е.И., Байырбекова Л.М., Асқарова А.Т. 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,  

 «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы  

ОҚО, Шымкент қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Мақалада  сын  тұрғыдан  ойлауды  дамыту  əдістерін  сабақтарда  қолдану  мүмкіндіктері 

баяндалады. 

Аннотация 

В  этой  статье  рассматривается  возможности  использования  технологии  развитие 

критического мышления на уроках. 

Abstract 

This article discusses the possibility of using the technology, development of critical thinking 

at the lessons. 

Тиімді  оқыту  жолдарын  бүкіл  əлем  педагогтары  іздестіруде.  Біздің  елімізде  де 

нəтижелі  оқыту  мəселесі  психология  мен  педагогиканың  соңғы  жаңалықтарын  белсенді 

қолдану  негізінде  шешілуде.  Қазіргі  мектептер  практикасында  оқытуды  ізгілендіру, 

демократияландыру  бағытындағы  əдіс  тəсілдерге  көп  орын  беріледі.  Дегенмен  оқыту 

процесінде  əлі  де  болса,  сабақ  өтудің  фронтальды  жəне  əр  оқушының  танымдық 

белсенділігінен  түзілген  формасы,  иллюстрациялы-түсіндірме  əдістері  мен  оқу  əрекеті 

арасындағы  қарама-қайшылықтар  орын  алуда.  Бұл  балалардың  психофизиологиялық 

ерекшеліктеріне  сəйкес  келетін  сабақтың  ұйымдастыру  формаларына  өзгеріс  енгізу, 

əдістемелік  жағынан  жаңарту  мəселесін  алға  қояды.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің 

тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіне жаппай көшуі оқушының сабақта өзін-өзі дамытатындай, 

өзі  оқи  алатындай  мүмкіндігі  болуын  көздесе,  ол  мұғалімнің  жұмыс  істеу,  позициясының 

өзгеруіне  тікелей  байланысты.  Бұл  жағдайда  мұғалім  оқушының  білім  алу  ісін  басқарады, 

ұйымдастырады, білім алуға ынталандырады, бағыт береді. 

Сыни тұрғыдан ойлау жобасы (RWCT) ерекше, өйткені-ол ұзақ мерзімді, бір мезгілде 

əртүрлі 24 жəне  экстраординарлы  бұрынғы  коммунистік  елдердің  Орталық  жəне  Шығыс 

Европа мен Орта Азиядағы көпұлтты мектептерін қайта құру үшін қолданған жоба. Бұл жоба 

əлемнің  түкпір-түкпіріндегі  университет  оқытушыларымен  бірге  барлық  деңгейдегі 

мұғалімдерді  мектептерде  елеулі  өзгерістер  енгізуді  талдау  жəне  жүзеге  асыру  үшін 

біріктірді. RWCT көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі 

түрлі  мəдениеттер  мен  контекстер  ішіндегі  мыңдаған  сыныптардағы  шынайы  жəне  ұзақ 

елеулі  өзгерістің  ерекше  қозғаушы  күші  ретінде  көрініп  отыр.  Көптеген  мектептерде 

өзгерістің  тиімді  үлгісінің  жоқтығынан  олар  алға  жылжи  алмай  келгенде RWCT жобасы 

мұғалімдердің  құндылығы  мен  оқушылардың  ролін  өз  тəжірибелерінде  танытатын  кəсіби 

даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізді. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  бағдарламасы - əлемнің  түкпір-түкпірінен  жиналған  білім 

берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тəжірибені  жүйеге  келтірген      Джинни  Стилл,  Курт  

Мередит, Чарльз Тэмпл. Сыни тұрғыдан ойлау деген не? 

335


Сыни  тұрғыдан  ойлау – толық  мағыналы  сұрақтар  қоя  білуге,  əртүрлі  дəлелді 

аргументтер  даярлауға,  ойланып  тəуелсіз  шешім  қабылдауға  қабілеттілік.  Демек,  ол   

ақпаратты  қабылдаудан  басталып,  шешім  қабылдаумен  аяқталатын  ойлаудың  күрделі 

процесі.  Бұл  өзінің  тұжырымдамасын  жасау  жолындағы  идеялардың  кіріктірілуі  мен 

шығармашылықтың  саналы  ұғынылуы.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  -  оқушылардың  мəтінмен 

жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша жəне жазбаша тілдің барлық түрімен, қарым-қатынас 

дағдыларын  меңгертуге  бағытталған  педагогикалық  технология.  Бұл  жобаның 

психологиялық-  педагогикалық  негізіне  Л.С.Выготскийдің  оқушылармен  жұмыста  олардың 

жақын  даму  аймағын  тиімді  қалыптастыру  мен  есепке  алудың  қажеттігі  туралы,  Ж.Пиаже 

ақыл-ойдың дамуы үшін «жағдай» жасау туралы, Д.Дьюидің «бөлу жолымен» оқыту туралы 

идеялары алынған.  

Сыни ойлауды дамыту жобасының негізгі идеялары мен қағидалары Қазақстанда 1997 

жылдан  енгізіле  бастады.  Олардың  бір  көрінісі - оқушы  қандай  да  болмасын  ақпаратты 

өздігінше  игеріп,  өз  өміріне  жарата  алатын  əмбебап  тəсілдерді  үйренуі.  Мұндай  жағдайда 

ақпарат  оқытудың  нəтижесі  емес,  оның  бастапқы  кезеңіне  айналады.  Оқушы  мəліметті 

түсініп,  талдап,  оны  өзінің  əлеуметтік  тəжірибесі  тұрғысынан  бағалай  отырып,  соның 

негізінде  өзінің  түсінігі  мен  түйсінуіне  байланысты  жаңа  білім  құрастыруға  дағдыланады, 

оны  өз  керегіне  жарата  алады.  Сөйтіп  оқыту  үдерісінде  оқушы  білімді  игеру  жəне  жаңа 



білім  құрастыру  дағдылары  мен  əдістемесіне  үйренеді.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  сыни 

ойлау  жобасы  оқытудың  басты  мақсаты  дəстүрлі  білім  берудің  “өмір  бойы  азық 



боларлықтай білім беру“ деген үлгісінен “өмір бойы оқып үйрену“ қағидасына ауыстырады. 

Осы  ұстанымның  көпшілік  назарына  соңғы  кезде  ұсынылған  Қазақстан  Республикасының 

2015  жылға  дейінгі  Білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында  да  орын  алған.  Əрине 

күнделікті  дамып,  өзгеріп  отыратын  өмірде  барша  білімді  игеру  мүмкін  еместігінен 

туындайтын  бұл  үрдіс  өте  орынды,  оқушыны  қандай  да  болмасын  ақпаратты,  білімді 

өздігінен үйрену дағдысын игеруге жетелеу өте тиімді жол. 

  Оқытуда негізгі салмақты нəтижеден процеске ауыстыру керек. Басқаша айтқанда, 

білім  беруде  басты  мақсат  “не  нəрсеге  оқыту“,  емес,  “қалай  оқыту“,  яғни  əдістеме,  сабақ 

барысының динамикасы. 

  Көне  грек  философы  Платон  өз  кезінде  танымды,  білім  алуды  еске  түсіру  деп 

түсіндірген  екен.  Білім  əр  адамның  бойында,  ол  туа  біткен  қасиет.  Таным  мақсаты  тек  сол 

білімді  еске  түсіруде.  Бұл  ұстаным  ұстаздан  шəкіртке  білімді  тасымалдаудың  мүмкін 

еместігін  аңғартады.  Əрбір  адам  өздігінен  білімді  игермесе,  яғни  есіне  түсірмесе,  ол 

ешнəрсеге  де үйрене алмайды. 

  Мəселе  тек  қана  мұғалімнің  білім  беру  əдістеріне  келіп  тіреліп  тұрған  жоқ. 

Шындығында да, ұстаз өзінде бар білімді шəкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл 

ісінің болашағы болар ма екен? 

  Сыни ойлау жобасында негізгі ұстаным таным процесі оқушылардың іс-əрекеттеріне 

тікелей  байланыстырылады,  яғни  оқыту  үдерісінің  басты  тұлғасы  туралы  жəне  де  белсенді 

оқу туралы тезистер қуатталады. 

  Ал оқушы іс-əрекеттеріннің белсенділігін қандай тəсілдер арқылы арттыруға болады? 

Айталық, миға шабуыл əдісінде сұрақтар иерархиясына баса көңіл бөлу керек: І-деңгей – сен 

не  білесің,  ІІ-деңгей – сен  оны  қалай  түсінесің  (басқа  да  білімдерді  қолдану,  талдау),  ІІІ-

деңгей – қолдану, анализ, синтез. Оқытудың сапасы осы мəселеге тікелей байланысты емес 

пе? деген сұрақтарға сыни ойлауды дамыту жобасы келесі əдістерді ұсынады:  

 күтілетін нəтижелерді нақты айқындау;

 жазба жұмыстарын жиі орындау;

336


 əдетте орындалатын жалғыз жұмыстың орнына бірнеше жоба дайындау;

 оқушылардың ой-өрісін белсендіретін сұрақтар қою;

 бірлесе оқу тəсілдерін қолдану;

 оқыту пəндерінің күнделікті өмірмен, əлеммен байланысын орнықтыру.

Сыни  ойлау  жобасы  əр  шəкірттің  өзіндік  түсінік  қалыптастыруына  мүдделі,  осы 

арқылы  өзінің  теңдесі  жоқ  ерекшелігін  айқындайды,  соған  иландырады.  Ал  бұл  сезім 

оқушылардың  өзіне  деген  сенімін  арттырады.  Сөйтіп  оқыту  процесінде  оқушылар 

қарастырылатын  əрбір  мəселе  бойынша  ой  толғатып,  оны  өздігінен  жан-жақты  зерттеп,  өз 

түсінігін қалыптастырады. 

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыны таным үдерісіне оятуды, жаңа ақпаратты 

түсінуді жəне рефлексияны қамтиды. Осы ұсынылған əдістермен оқу жүйесі əр оқушыға өз 

əлемін  айқындап,  оның  құндылықтары  мен  қағидаларын  белгілеуге  көмек  береді.  Бұл 

арқылы оқушы өзінің ішкі жан дүниесінің рефлексивті əлемін ашып, оны басқаруға үйренеді. 

Дəстүрлі  оқыту  жүйесінде  тұлғаның  дамуы  парасаттық  (интеллектуалдық)  өсу  деңгейінде 

түсінілсе,  жаңашыл  жобалар  бұл  мəселені  оқушылардың  өзіндік  рефлексиясына  негіздейді, 

яғни  зерттеліп  жатқан  болмысқа    деген  оқушылардың  өзіндік  қатынасы,  оның 

құндылықтарын, себептері мен салдарлары мағынасын түсінуі көзделеді. 

  Рефлексия дегеніміз ойланып - толғану, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен 

түсіну.  Ол  мектепте  оқушы  атқаратын  барлық  іс-əрекеттердің  негізін  құрауы  керек. 

Рефлексия  арқылы  оқушы  алдында  тұрған  барлық  мəселелермен  проблемаларды  шеше 

біледі. Оқытуда сыни ойлауды дамыту жобасы тағы да бір мəселеге ерекше назар аударады, 

ол - оқушының əлеуметтік тəжірибесін арттыру. Басқаша сөзбен айтқанда, оқыту процесінде 

əлеуметтік мазмұн басым болу керек.  

Əр  сабақта  оқушы  оқытудың  басқа  да  қатысушыларымен  араласып  (оқушылар  мен 

ұстаздар),  коммуникативтік  қарым-қатынас  процесінің  белсенді  мүшесіне  айналады,  əрі 

ұжымда,  қоғамда,  əлеуметте  қалайша  өзара  байланыс  құру  мəселесі  төңірегінде  ойланады. 

Сайып келгенде, тіршіліктің негізі осындай қарым-қатынасқа орнығады. Басқаның ойымен, 

пікірімен,  көзқарасымен  санасу,  бөтенді  түсіне  білу,  өзіңді  оның  орнына  қоя  білу-осы 

қасиеттердің бəрі де əлеумет ахуалын белгілейді. Өмірде ең керекті білік пен дағды-қоғамда 

қарым-қатынас  құра  білу,  басқа  адамдармен  тіл  табыса  білу.  Ал  қарым-қатынаста  əрбір 

оқушының өзіндік өмір тəжірибесінің алатын орны ерекше. Жазба жұмыстары қандай да бір 

абстракциялы  тақырыпқа  иек  артпай,  оқушылардың  өмір  тəжірибесіне  негізделсе,  бұл 

əрекеттердің қызығушылық  пен ықылас туғызатындығы сөзсіз.  

Біздің  тəжірибемізде,  оқушының  сын  тұрғыдан  ойлауын  сабақтарда  дамыту  мəселесі, 

мұғалімдердің  əр  пəнді  оқыту  жолдарын,  əдістері  мен  нысандары  туралы  кəсіби  ойлауына, 

көзқарасын  түбегейлі  өзгертіп,  кəсіби  шеберлігі  қалыптасуына  ықпал  ететін  жеке,  жұптық, 

топтық  жұмыс  түрлері  арқылы  жүргізілуге  негізделген.  Əр  сабақта  сыни  тұрғыдан  ойлау 

жағдайларына бастамашы болуға жəне оған жағымды орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді 

тəсілдер мен əдістерді бірігіп орындау дағдыға айналған.   

Сыни  тұрғыдан  ойлау  негізінде  сауаттылықтың  басымдық  дағдысын  дамыту – оқу, 

жазу жəне барлық пəндер арқылы қарым-қатынас жасау жатыр. Оқуды түсінуге бағытталып 

ойластырылған стратегиялар, академиялық мəтіндерді оқу жəне дəрістерді тыңдау үрдістерін 

қарқындатуға көмектеседі. Ал жазу əдістері оқушының оқыған мəтіні туралы өз ойын сыртқа 

шығару  дағдысын  дамыту  мүмкіндігі  ретінде,  сондай-ақ  оқушылардың  қалыптасу  үрдісі 

жəне  дамуын  бағалау  жəне  мониторинг  куəсі  ретінде  қарастырылады.  Басқаша  айтқанда, 

жазу  тілінің  даму  əдістері  бір  жағынан,  меншікті  ойлау  үрдісін  ұйымдастыруға,  рəсімдеуге 

337


үйретеді,  ал  басқа  жағынан  алғанда  мұғалім  тарапынан  осы  үрдістің  диагностикасын  

жасайтын материал ретінде қызмет етеді.  

Біз  қарастырып  отырған  оқыту  стратегиялары  үш  сатыда:  қызығушылықты  ояту, 

мағынаны  тани  білу,  ой  толғаныс  түрінде  өтеді,  сондықтан  сабақ  моделдері  осы  сатылар 

аумағында  құрылады.  Технологияның  өзі  оқу  əрекетінің  түрлері  бойынша  стратегиялар - 

амалдар  жүйесі  болып  табылады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытуға  бағытталған  бірнеше 

нақты стратегияларды келтірейік.  

Кластерлер  –  кез-келген  тақырып  жайлы  оқушылардың  еркін  де  ашық  ойлауына 

көмектесетін стратегия. 



Синквейн (бес жолды өлең) қандай да бір себеп бойынша сипаттауға не рефлексиялауға 

мүмкіндік  беретін,  ақпарат  пен  материалдың  қысқаша  түрде  топтастырылуын  талап  ететін 

өлең. 

Инсерт тəсілі: 

I – interactive    

 өзін-өзі белсендіру  

N – noting       

диалог 

 

 «» – бұрыннан білемін 



S – system      

жүйелі белгілеу  

 «+» – жаңа 

E – effective      

тиімділік үшін   

«–» – басқаша ойладым 

R - reading &     

оқу жəне 

«?» 

– 

сұрақтар бар 



T – thinking 

 

ойлану  



бұрыннан 

білемін 

жаңа (мен бұрын  

білмейтін едім)

 

басқаша ойладым (менің білетініме 



қарама-қайшы)

 

сұрақтар 



бар

 

V



+



Білемін/Білгім келеді/Үйрендім  (ББҮ) –  сабақтың  басынан  аяғына  дейін  қолданы-лады, 

өйткені  стратегия  сабақтың  барлық  сатысын  қамтиды.  Сабақтың  басында  оқушылар  осы 

мəселе  туралы  не  білетіндерін  ойланады,  сонан  соң  сұрақтар  құрастырады  жəне  осы 

сұрақтарға өздері жауап іздейді. Басқаша айтқанда, оқушылар сабақты тиімді меңгеру үшін 

барлық рəсімдерді жасай алады. 

Осы үш сатыны қамтитын сəттер оқушылардың белсенді таным жұмыстарының куəсі 

болып табылады. 

1-қадам.  Алдымен  тақырып  беріледі,  сонан  соң  оқушылар  осы  тақырып  бойынша  не 

білетіндерін толық жазып шығу үшін уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар өз жазғандарын 

жұптарында бөліседі.  

2-қадам. Мұғалім тақтада ББҮ кестесін сызады. 

3-қадам. Оқушылардан сыныппен бөлісуі жəне олардың айтқандарын жазуы. Олардың 

жауаптарын жіктеп жазуға да болады. 

4-қадам. Оқушылардың тақырып бойынша сұрақтар дайындауы. Олар өз жазғандарын 

қарастыра  отырып,  ондағы  кейбір  мəселе  бойынша  өз  сұрақтарын  жазады.  Мұғалім  де  өз 

сұрақтарын қоса алады.  

5-қадам.  Оқушылар  сұрақтарына  жауап  іздеп,  сондай-ақ  барлық  жаңа  идеяларды 

жазатыны туралы ескертілген соң мəтінді оқиды. 

6-қадам. Оқушылар өз сұрақтарына қандай жауаптар тапқанын баяндайды. Сонан кейін 

оқушылар мəтіннен жалпы қандай идеялар тапқаны туралы баяндайды. 

Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы, танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші 

деңгейіне,  яғни  қарапайымнан  күрделіге  біртіндеп  өтеді  деп  саналады.  Блум  жүйесі 

бойынша, ол төмендегідей көрініс табады: 

338


1) ең  төменгі  деңгей – БІЛІМ  деңгейі,  оқыту - есте  сақтауға,  жаттауға,  тануға,  еске

түсіруге бағытталады;  

2) ТҮСІНУ  деңгейі,  мақсаты – таным,  мазмұнын  айту,  ақпаратты  бір  күйден  екінші

күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту;  

3) ҚОЛДАНУ деңгейінде мəселені шешу, нəтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсаты

болып табылады;  

4) ТАЛДАУ деңгейінде – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нəрсені көру, қатысым-дықтың

ішкі құрылымын табу, себептерін анықтау;  

5) СИНТЕЗ деңгейінде- нақты  өзіндік, ерекше қорытынды жасау;

6) БАҒАЛАУ - ең  жоғары  деңгей.Бұл  деңгейде - бағалау  шешімдері  қабылданады,

қарама-қайшы немесе əртүрлі көзқарастар шешіледі.  

Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамытуда  сұрақтардың  маңызы  ерекше.  Сыныпта  осындай 

əртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылу үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай, оған қолайлы 

жағдай жасау қажет. Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегиялар ұсынғанда:  

 Жан-жақты жауаптарды талап ететін сұрақтар қою;

 Сұрақ қойылған соң, оқушылар жауаптарын ойланып алу үшін уақыт беру;

 Сіз не қоса алар едіңіз деген жанама сұрақтар қою;

 «Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып, естігендерін

сынамай жəне қарсыласпай, өз пікірін айта алу;

Сұрақты  басқа  оқушыларға  бағыттауға  мүмкіндік  беру  тағы  басқа  да  ережелерді 

ұстануы қажет.  

Қорыта  айтқанда,  сын  тұрғысынан  ойлау  əдістерін  қолдану  нəтижесінде    оқушылар 

арасында: 

 бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

 өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;

 бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді;

 өз ойын ашық, еркін айтады, пікір алмасады;

 өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды;

 мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады;

 достарының ойын тыңдай отырып проблеманы шешу жолдарын іздейді;

 қиындықты шешуге көмектеседі;

 белсенді, шығармашылықпен ойлауға негіз қаланды.

Сонымен,  сын  тұрғысынан  ойлау  əдістерінің  мақсаты - педагогтардың  оқытуда 

жаттанды ақпараттан гөрі, ондағы қойылған  мəселені зерттеуге, талдауға жəне салыстыруға, 

ой  толғауға  жəне  бағалауға  көшуіне  күш  салуы  үшін  көмектесу.  Сөйтіп,  оқушының  өз 

бетімен  ақпаратты  қалай  табуға  болатынын,  оны  қалай  өңдеп,  өмірде  қалай  қолдану 

керектігін  білетін,  əлемдік  стандарт  талаптарына  толық  сай  келетін,  болашақта  бəсекеге 

қабілетті, жетістікке қол жеткізе білетін азаматтарды дайындауда өз үлесін қосары сөзсіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет