Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113

Класс: 7 с 

Предмет: 

ФИучащегося:              

Ссылка на 

учебную 

программ

у 

Цель 

обучения 

Рекомендации по оцениванию 

Классифик

ация 

веществ 


(7.1A) 

Использовать 

свои знания о 

свойствах 

каждого 

класса для 

понимания 

незнакомых 

веществ 

1. Из предложенных веществ выберите смесь (М),

элемент(Э) и соединение(С), если не выбрали ответ, 

поставьте знак (Х)  

____ Алмаз (C) 

____ воздух 

____ Криптон (Kr) 

____ су (H2O) 

____ Аммиак (NH

3



____  поваренная  соль 

(NaCl) 


____ дерево 

____  сахар (C

6

H

12



O

6

)



____ бронза 

____ Энергия 

____ пищевая сода (NaHCO

3

)



____ чернила 

____ Титан (Ti) 

____ молоко 

____ Бензин 

____ золото(Au) 

____ Пицца  

____ Бетон 

____ Уран (U) 

 

Навыки 

Критерии успеха 

Ученик достиг цели обучения, если ... 

Знание и понимание 

1.Определил правильно из выданных веществ не меньше

четырех смесей  

2. Правильнно определил не меньше трех элементов

3,Определил правильно из выданных веществ не меньше 

четырех соединений 

Вывод 

Данная работа основана на применении ИОП (интегрированная образовательная программа), 

критериальной  шкалы  оценивания  учащегося  и  соотнесенных  целей  обучения  на  уроках 

химии.  Учебный  материал  должен  способствовать  достижению  двух  целей:  предметной  и 

языковой, поэтому  при использовании языковых целей я акцентировала внимание учащихся 

377


на  терминологию,  фразы,  чтобы  учащиеся  могли  письменно,  устно  выражать  свои  мысли, 

идеи. Для внедрения интегрированной образовательной программы в учебный процесс взят 

раздел:7.1А  Элементы,  соединения  и  смеси.Цели  урока  достаточно  четкие  и  ясные.  На 

каждом  этапе  урока  проводится  активная  форма  деятельности  для  лучшего  усвоения 

материала,использованы разные стили обучения.Перед каждым заданием поставлена четкая 

сформулированная цель. В итоге учащиеся усвоили различия между простыми и сложными 

веществами,  узнали,  что  в  результате  химической  реакции  образуется  продукт,  свойства 

которого  полностью  отличаются  от  свойств  исходных  простых  веществ.  Использованные 

методы  на  уроке  создают  доброжелательную  атмосферу  и  каждый  ученик  чувствует  себя 

комфортно  на  уроке.  Ученикам  нравятся  проблемные  вопросы,  которые  могут  иметь 

неоднозначный  ответ  и  вызывают  дискуссию.  Дифференциация  использована  в  групповой 

работе, учащиеся  с разным уровнем восприятия, помогали и  дополняли ответы друг друга 

при общей работе. Таким образом, учебная программа по химии помогает учащимся понять, 

анализировать, усвоить:  

1.изменение  структуры  атомов  и  молекул  веществ,  а  также  изменение  их  свойств,  при

протекании химических процессов 

2.важность  синтеза  и  анализа  полученных  данных,  для  объективной  оценки  ситуации,

обобщения  результатов,  формулирования  выводов  при  проведении  экспериментальных 

работ 

3.возможность использования имеющейся химической информации для улучшения качества



жизни при творческом подходе.  

Использованная литература 

1.Н.Н.Нурахметов. «Химия 8класс».Алматы «Мектеп»,2012.с.8-9,с.17-18

2. Интегрированная образовательная программа. Учебный план по предмету

 Химия 7 класс 

3. Г.Е.  Рудзитис,  Фельдман  «Химия  8класс» – М.  Просвещение.ОАО  «Московские

учебники», 2009. (§2) 

4.Руководство  для  учителя/Программа  курсов  повышения  квалификации  педагогических

работников РК 

378


КӨРКЕМ ƏДЕБИЕТТІ ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ 

Бекеева А. С. 

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

Бұл мақалада көтерілген мəселе білім алушылардың əдеби шығармаларды оқуға деген 

қызығушылығын  арттыру  жəне  осы  мақсаттың  үдерінен  шығу  жолында  шетел  тілі 

сабақтарында  көркем  əдебиетті  тиімді  пайдалана  алудың  маңыздылығын  ашып  көрсету. 

Əдеби  шығармаларды  өз  бетінше  қызыға  оқуға  қол  жеткізу  білім  алушылардың 

дүниетанымын  кеңейтіп  қана  қоймай  олардың    жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  да  ықпал 

етеді.  Ал тілдік тұрғыдан тілдің қолданыс аясының кеңеюі сапалы білім алуға жетелейді.  

Аннотация 

Эта  статья  затрагивает  проблему  обучения  иностранному  языку  посредством 

литературных  произведений.  В  данной  статье  раскрывается  ценность  и  важность  чтения 

литературных  произведении  на  уроках  английского  языка  и  понять  главную  идею  текста, 

лингвистические  признаки  и  особенности  литературного  жанра.  Через  чтение  учащиеся 

приобретают  навыки  работы  с  произведением  самостоятельно,  высказывать  свою  точку 

зрения и отстаивать свои позиции.  

Abstract 

This article deals with the problems and importance of teaching foreign language through 

literature. The aim is to let the student become personally involved in a world of literature. They 

work with it from their own standpoint and relate it to their own experiences, but they gain a lot of 

new and exciting classroom experiences. They become co-writers of a literary text, and create 

something new from the impulse they receive when meeting literature. The learner’s literary 

knowledge will help him/her to find the superstructure of the text, to discover linguistic features and 

features determining genre.  

 Кейінгі кезде шетел тілі сабақтарында əдеби шығармаларды қолдану жөнінде кереғар 

пікірлердің  қалыптасқаны  көпшілікке  мəлім  жайт.  Күнделікті  қарым-қатынас  жасау 

барысында  əдеби  шығармалар  жазбаша  жұмыс  түрінде  ғана  қарастырылып  отырды.  Уақыт 

өте  келе  бұл  көзқарастың  қате  тұжырым  екендігін  мойындауымызға  тура  келді,  өйткені 

əдеби  шығармалардан  сабақ  үстінде  немесе  сабақтан  тыс  уақытта  үзінділер  қолдану  шетел 

тілін  меңгеруді  жетілдірудегі  өте  бір  тиімді  əдістердің  бірі  екендігі  іс  жүзінде  дəлелденді. 

Біршама  уақыт  қолданыстан  шығып  қалған  бұл  əдіс  түрі  тек  аударманың  грамматикалық 

конструкциясы  ретінде  ғана  пайдаланылып,  шетел  əдебиетін  оқыту  мақсатында  баспадан 

бұрын шыққан қысқа əңгімелер жинақтарынан ғана көрініс тауып қалып жататын.                  

Əдеби шығармаларға жаңаша көзбен қарауға түрткі болған маңызды алғышарттардың 

дəлелі  ретінде  олардың  біріншіден  таптырмайтын  аутентивті  (сенім  артуға  тұрарлық) 

материалдар  екендігін  айтуға  болады.  Көптеген  жылдар  бойы  əдеби  шығармалар 

коммуникативті  оқыту  ситуацияларында  қолданылып  келді,  бірақ  таңдап  алынған  тексттер 

тым  қысқа,  кесте,  рецепт,  меню,  хат  сияқты  формаларда  ғана  болды.  Мұқият  сұрыптаудан 

өткен  мұндай  ақпараттар  студенттердің  шетел  тілін  терең  əрі  толыққанды  меңгеруі  үшін 

жеткіліксіз болып шықты. 

379


 Екіншіден,  көркем  əдебиет  тексттері  адамзат  баласының  табиғи  болмысы  мен  өмір 

тынысын  нақты  да  нанымды  суреттейтін  мағлұмат  көзі  болып  есептеледі.  Бұны  

студенттердің  сөйлеу  шеберлігін  дамытуға  зор  ықпал  жасайтын,  оларды  еркінен  тыс 

сөйлеуге жетелейтін бірден-бір тартылыс күшіне теңесек те артық емес. Аяқталған, толық 

мағыналы, мəнеріне жеткізе берілген тексттер оқырмандардың уақиғаға өз пікірін білдіруіне, 

қарсы  пікір  айтуына,  кең  шеңберлі  талқыға  айналдыруына  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  таңда 

тапсырмалардың  бұл  түрлері  argumentative and descriptive language exercises, disagreement 

exercises, solution and experience exercises түрінде танымал. [3, 143-б] 

Сөйлеу жəне жазумен қатар шығарманы оқи білу де тиімді жəне когнитивті процесс. 

Дұрыс  таңдап  берілген  текст  студенттің  өмірлік  тəжірибе  жинақтауына,  танымдық  пікір 

қалыптастыруына, əңгімеден эмоциялық əсер алып рухани баюына, өзі жəне өзгелер туралы 

маңызды жайттарға көз жеткізуіне септігін тигізетін əсер етуші серпін. 

Студенттер  үшін  когнитивті  стимул  болып  табылатын  нəрсе  сөздерге,  сөйлем 

құрылымына,  текст  мазмұнына  талдау  жасау,  сөйлеу  үлгілерін  жетілдіру,  текстті  аудару 

жəне  мəтіннің  стилін  анықтау  мəселелері.  Шетел  тілін  меңгерудің  лингвистикалық  амалы 

болып  есептелетін  бұл  тəсілді  қолдану  оқытушыдан  жоғарғы  деңгейлі  біліктілікті  талап 

етеді.  Шығармаға  етене  бойлай  енген  студент  шығарманың  шырқау  шегіне  жеткен  кезде 

оның  қаншалықты  əсерлі  болып  шығуы,  адам  жанын  баурап  алатындай  құдіретке  ие 

болуының  негізгі  тиегі  сөз  екендігіне  көз  жеткізеді.  Сөз  құдіретін  түсіну,  оның  шығармада 

берілу  жолдарына  мəн  беру  студенттің  шығарма  авторына  деген  құрмет  сезімінің  оянуына 

жəне  шеберлігіне  тəнті  болуына  итермелейді.  Яғни,  қысқа  ғана  үзінді  əңгіме  шынайы  да 

шырайлы   аналитикалық тəжірибе жинақтаудың алғышарты болып шығады.   

Əдеби  шығармалардың  ортақ  мəмілеге  келу  мен  мəдениатаралық  қарым-қатынас 

қалыптастырудағы  алатын  орны  да  ерекше.  Өзге  ұлт  өкілдерінің  əлеуеті  мен  мəдениетінің 

даму  тарихы  жайлы  білу  үйренушілердің  шетел  тілін  меңгеру  процесін  жеделдететіні 

айтпаса  да  түсінікті.  Соңғы  кездегі  зерттеу  нəтижелері  көрсетіп  отырғандай  өзге  ұлттың 

дəстүр-салттары туралы білу өзге тілді меңгеруші үшін өз тілін меңгергеннен кем түспейді. 

Көптеген адамдар өзге ұлт өкілдерінің мəдени өмір тіршілігі туралы білуге, ең болмағанда өз 

елінде  қалыптасқан  ұлттық  құндылықтармен  салыстыру  үшін,  шынайы  қызығушылық 

танытады.  Өз  еліндегі  ұлттық  құндылықтар    қалыптасқан  стандарт  болып  есептелмесе  де 

өзге  ұлттардың  бойындағы,  іс-əрекетіндегі  өзгешеліктерді  салыстыру  ұзын-сонар  əңгімеге 

арқау  болары  анық.  Дегенмен,  бұл  өзгелерді  көшіру  немесе  соларға  ұқсап  бағу  дегенді 

білдірмейді, керісінше өзгелердің құндылықтарын құрметтей отырып өзінікін бағалай білуге 

жетелейді.Əрине, өзге ел туралы білу үшін сол елге барып өмір сүргенге не жетсін, бірақ бұл 

барлық уақытта жəне барлық адамдар үшін мүмкін емес. Оған қол жеткізудің екінші жолы 

сол біз сөз қылып отырған əдебиет. Бір кесек үзінді əңгіме өмір шындығын бейнелейді ғой. 

Шынайы өмірді бізге суреттеп беретін автор, ал автордың көмегімен ол оқырман жүрегінен 

орын  алады.Оқыған  шығармасына  баға  беру,  өзге  елдер,  халықтар  туралы  мəліметпен 

сусындау жəне одан өзіне керектісін алып, талдау оқырманның еншісіндегі нəрсе.

 

[1, 57-б ] 



Əдеби  шығармаларды  оқу  түрлеріне  тоқталғанда  ең  алдымен  біздің  көпшілігіміздің 

əдебиетті тек  жан рахаты үшін оқитындығы бесенеден белгілі,  солай болуы керек те шығар. 

Егер  біз  студенттерді  көп  оқуға  жəне  тез  арада  оқуға  дағдыландырсақ,  олар  көптеген  жаңа 

сөздер  мен  тұрақты  сөз  тіркестерін  меңгереді,  жаңа  грамматикалық  конструкциялардың 

қолданылу  барысымен  танысады  жəне  өздері  де  сезбестен  лингвистикалық  біліктіліктерін 

көтереді.  Жан-жақты  оқу  тілді  жақсырақ  меңгеруге,  тəжірибе  жинақтауға  жəне  көкірегін 

оятып, көзін ашуға  ықпал етеді.          

380


Ізденімпаз  студент  үшін  əдеби  шығарманы  оқу  бейтаныс  əлемге  еніп,  сөз  астарын 

аңдаумен  жəне  меңзеп  тұрған  нəрсені  тұспалдаумен  тең.  Мұқият  құрастырылған  ұзақ 

параграфтарды  оқыған  кезде  студентті  алға  жетелеп  отыратын  тапсырмалар  легі  берілсе 

студент  берілген  мəтіннің  контекстік  мағынасын,  ара-жігін  ашып,  талдау  жасау  шеберлігін 

жетілдіреді.  

      Гудман оқуды «психолингвистикалық шешім табу ойындарына» бекерден-бекер теңемесе 

керек.  Оқырман  жазбаша  мəтіннің  мағына-мəнін  ашу  үшін  графиканы,  тілдің  синтаксистік 

жəне  семантикалық  құрылымын  білуі  шарт  қой.  Оқырман  оқиғаның  негізгі  идеясын,  яғни 

танымдық  жəне  тəрбиелік  мəнін  графикаға,  тілдің  синтаксистік  жəне  семантикалық 

құрылымына  арқа  сүйей  отырып  шамалайды  немесе  жасалған  болжамдарды  растап, 

дəлелдеуге  тырысады.  Мəтіннің  мəнін  толық  түсінуде  өмірлік  тəжірибе  мен  жалпы 

лингвистикалық  білім  деңгейінің  де  алар  орны  ерекше.  Жинақтай  айтқанда,  білімпаздың 

əдеби  шығармаларды  оқыр  алдындағы  жалпы  дайындығы  мен  жанрлық  білімі  жəне 

оқылатын  елдің  тілін  білу  деңгейі  бір-бірімен  қабысып  жатқан  жағдайда  ғана  нəтиже  қол 

жетімді болмақ.

 

[4] 



Бұрын  қалыптасқан  əдіс  бойынша  əдеби  шығармалар  бір  ізбен,  бір  мақсатта  ғана 

оқытылатын.  Білімпаздан  талап  етілетін  нəрсе  мəтіннің  мағынасын  табу  еді.  Шығармадан 

алынған үзінді негізінде оның  дұрыс мағынасын білетін адам тек оқытушы болып саналады 

да,  оқытушы  сабақ  үстіндегі  уақытының  көп  бөлігін  сол  өз  тұжырымын  насихаттауға, 

өзгелерге  де  соны  мойындатуға  жұмсайды.  Бұның  теріс  жағы  көптеген  студенттер  əдеби 

шығармаларды  оқуға  деген  ынтасын  жоғалтады  немесе  оны  мүлде  жек  көріп  кетеді. 

Ақырында оқырманның белсенділі бəсеңдейді.  

Жаңаша  көзқарас  əдеби  шығармаларға  талдау  жасау  кезіндегі  оқырманның  белсенді 

ара-қатынасына  негізделген.  Ешқандай  да  шығармаға  оқылмайынша  жан  бітпейді. 

Сондықтан  да  ең  басты  нəрсе  мəтін  мен  оқырманның  арасындағы  қарым-қатынас. 

Шығарманы  оқу  екі  жақты  процесс,  мəтін  мен  оқырманның  арасындағы  диалог  болып 

есептеледі.Мəтінді оқыған кезде адамның жеке тəжірибесі, шығармадан күткені оқырманның 

іздегені мен ол үшін маңызды нəрсені анықтап беруге себепші болады. Оқу ұсақ-түйектердің 

басын  қосып,  үзіктерді  жалғау  арқылы  мағыналы  нəрсеге  айналдыру  болып  шығады. 

Мəтіннің мағынасы мен мəні əрбір оқырманның жеке пікірі бойынша анықталады. Бір сөзбен 

айтқанда,  жеке  адамның  пікірімен  санасу  əдеби  шығарманың  мəтінін  жете  түсінуге  алып 

барар даңғыл жол екендігін кейінгі зерттеу нəтижелері көрсетіп отыр.   

Əдеби  шығарманы  оқу  диалектикалық  тəсіл  болып  табылады.  Шығарманы  оқып 

болғаннан кейін студент өз қабілет-қарымына, алған эмоциялық əсеріне қарай жаңа образдар 

туындатып,  өз  тұжырымын  жасап,оқиғаға  өзінше  баға  береді.  Үйренушінің  бұл  түсіне 

отырып  қабылдауы  «студенттік  мəтін»  деп  аталады.  Бұл  ақыл-ой  қабілетіне  бағытталған 

жұмыс  түрі  өз  алдына  маңызды,  бірақ  өзге  топтастарының  жəне  оқытушының  ашық 

пікірлерінің  ортаға  салынуы  одан  да  маңыздырақ.  Сабақ  үстіндегі  тапсырмалар 

шығармашылыққа  бағытталуы  жəне  студентті  текстпен  байланыстыруға  құрылуы  керек. 

Сонда  ғана  үйренушілер  сабаққа  белсене  араласады.  Əдеби  шығарма  жарыққа  шыққаннан 

кейін  оқырманның  «меншігіне»  айналады,  ал  оқырман  өзін  бірлесіп  жазған  автор  ретінде 

сезініп  оқиғаны  оймен  көз  алдына  елестетеді,  суреттеп  айтады  немесе  жазба  жұмыстарына 

кеңінен пайдаланады. Осылайша жазбаша жəне ауызша пікір алмасу процесі жүзеге асады. 

Ал  оқытушының  өзінің  студенттер  секілді  мұқият  сұрыптаудан  өткізген  «оқытушы  мəтіні» 

болады. Ол өзінің бойындағы бар білімі мен тəжірибесін қолдана отырып əдебиетті оқудың 

жəне  оқытудың  түрлі  жолдарын  қарастырады.  Оқытушының  басты  мақсаты  аудиторияда 

«студенттік  мəтін»  мен  «оқытушы  мəтінінің»  бірігіп  «сыныптық  немесе  аудиториялық 

381


мəтінге»  айналатындай  орта  тууына  жағдай  жасап,  барлығына  ортақ  жəне  жан-жақты 

методологиялық  тəсілдемені  жоспарлау.  Студенттер  мен  оқытушы  тиянақты  да  дұрыс 

жоспарланған  сабақтың  көмегімен  ортақ  шешім  тапқан  кезде  барлық  «кейіпкерлер»  əдеби 

шығарманың  құндылығына  көз  жеткізеді,  бағалай  білетін  болады,  үндестік  орнайды. 

Ескерерлігі  оқытушы  мəтінді  аса  жоғары  талғаммен,  студенттердің  сұранысын 

қанағаттандыра алатындай дəрежеде таңдағаны абзал. [2, 123-б] 

Əдеби  шығармалардың  көмегімен  жазу  шеберлігін  жетілдіру  де  оқытушының  алға 

қойған мақсаттарының бірі. Студенттердің өзіндік жұмыспен айналысып, жазба жұмыстарын 

(эссе,  мазмұндама,  шығарма,  мəлімдеме,  реферат  т.б)  өз  бетінше  жаза  алуы  үшін  əдеби 

шығарма  таптырмас  үлгі – нұсқаулық  жəне  шабыт  көзі.  Студенттер  шығармада  кездескен 

сөйлемдерді,  ұксас  сөйлем  құрылысын  еркінен  тыс  қайталағандарын  да  байқамай  қалады. 

Сөздер де өзінен-өзі лек-лек құйылып жатқан секілді болады. Əртүрлі жанрлардың жазылу 

стилі  де  есте  сақталып  қалғандықтан  жазу  барысында  сөз  таңдау  мен  сөйлем  құрастыру 

қиындық  туғызбайтын  болады.  Еркін  жаза  алу  мен  ойын  еркін  жеткізе  ала  білуге  қабілетті 

болғандығы  үшін  бойын  қуаныш  билеген  студент  өзінің  жазу  дағдыларын  одан  əрі  ұштай 

түседі. [5]        

 Түйіндей  айтқанда,  тіл  үйренудегі  шығармашылық  тəсілдеме  дегеніміз  не? 

Шығармашылық  тəсілдеме  дегеніміз    жазбаша  жəне  ауызша  сөйлеу  тілін  көркем  əдебиет 

элементін  пайдалана  отырып  шығармашылық  мақсатта  қолдану.  Əдеби  кітаптарды  оқи  

отыра  ойдан  құрастырылған  əлемге  тап  боламыз,  аудиторияда  да  сол  мəтінді  арқау  ете 

өзіміздің  əлемімізді  ойдан  құрастырамыз.  Мəтін  бізге  кейіпкерлері,  оқиғасы,  қоршаған 

ортасы  дайын  əлемді  ұсынады,  ал  біз  сол  əлемге  еніп,  шығарма  желісі  негізінде  қарым-

қатынас  жасаймыз.  Эмоциялық  жəне  интеллектуалдық  қабылдау  мүмкіндігімізге  қарай 

шығармамен қатар параллел өмір сүруге икемделеміз. 

Бұл əдіс барлық оқу ситуацияларында тиімді, өйткені оның көздейтіні студенттердің 

барлық бағыттардағы құзыреттерін дамыту. Сонымен қатар бұл тəсіл қарым-қатынас жасап 

сөйлеу  шеберлігін,  шығармашылықты  шыңдау  шеберлігін  жəне  мəдениетаралық  қарым-

қатынас  шеберліктерін  дамытады.  Мəтіннің  негізгі  мəнін  ашу  жолында  коммуникацияның 

төрт  аспектісі  жетілдіріледі.  Оған  қоса  студенттерді  əлеуметтік  қоғамға  бейімделе  өмір 

сүруге үйретеді. [3, 147-б] 

Шығармашылық  тəсілдеме  əдісі  үш  сатыдан  тұрады,  оның  əрқайсысы  соңғысы  

алдыңғысына тəуелді екі бөлікке бөлінеді.   

1.

Қызықтыру: а) екпінділік



в) үлес қосу 

2. Қарым-қатынас жасау: а) ақпаратты сəйкестендіру

в) меңгеру 

3. Жарыққа шығару: а) тапқырлық таныту

в) біріктіру 

Мақаланың  көздеген  мақсаты  студенттердің  əдеби  шығармаларды  оқуға  деген 

қызығушылығын  арттыру.  Таңдау  жəне  сараптау  еркі  өз  қолында  болғандықтан  олар  бір 

шығармамен шектеліп қалмай əдеби кітаптарды оқуды дағдыға айналдыратын болады. Жеке 

басынан өткен жайлармен салыстыра отырып өмірден сабақ алады жəне  көптеген жаңа өзіне 

қажетті ақпараттармен қанығады. Шетел тілдерін меңгеріп жатқан студенттер үшін бастысы 

өздерінің  сөздік  қорын  молайтып,  тілдің  қолдану  өрісін  кеңейтіп,  рухани  байлыққа  қол 

жеткізеді.    

382


1. Joanne C., Slater. Literature in the Language Classroom. М.: Cambridge, 2003.

2. Ronald. C., Long. N. Exploring literature through language. М.: Cambridge, 2003.

3. Ibsen. E. The Double Role of Fiction in Foreign Language Learning//Creative classroom

activities

// 

Жауапты ред.



 

Thomas Kral М.: Thomas Kral Editor, 1995., 143-147-б  

4. Charlie Brooks. How to Learn English Through Literature. -

http://www.ehow.com/how_7848251_learn-english-through-literature.html (August 29, 2014) 

5. Gail Ellis. Learning English through children's literature. -

http://kaj.upol.cz/materialy/Milena/childlit/LearningEnglish.html (September 20, 2014)

 

Əдебиеттер тізімі: 

383


ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТƏСІЛІ 

Бекенбаева Б. Ш. 

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Мақалада диалогтық оқу тақырыбы зерттелген. Диалогтық оқудың анықтамасы, оның 

маңызы, оның бұрынғы дəстүрлі сабақта қолданылуы жəне қазіргі уақыттағы жетілдірілген 

моделі  сарапталған.  Диалогтық  оқыту  тəсілінің  оқушылардың  коммуникативтік 

құзыреттілігін дамытудағы рөлі анықталған. 

Аннотация 

В  статье  раскрывается  понятие  диалогового  обучения,  его  место  в  концепции 

совершенствования  школьного  образования.  Автор  анализирует    образовательный  процесс 

школы  в  аспекте  применения  диалога  в  прежней  системе    и  в  новой  модели  диалогового 

обучения, приводит их положительные и отрицательные стороны.  

Abstract 

The article deals with the concept of learning dialogue, and it’s place in the concept of 

improving education. The author analyzes the educational process of the school, in terms of the usage 

of dialogue in the previous system and the new model of the dialogue learning and gives an example 

of their positive and negative sides.  

XXI  ғасыр  ғылыми-техникалык  прогресс  қарыштап  дамыған  тұста  біздің  еліміз    үшін 

сапалы  білім, саналы тəрбиемен қатар жан-жақтылық, яғни басқа салалардан хабардар бола 

білудің маңызы зор Қазакстан Республикасының білім беру заңында: 

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жəне жалпыазаматтық құндылықтар, ғылым мен 

практика  жетістіктері  негізінде    жеке  адамды  қалыптастыруды    дамытуға    жəне  кəсіби 

шындауға бағытталған білім aлy үшін қажетті жағдайлар жасау; 

Жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  жəне  дене  мүмкіндігін  дамыту,  адамгершілікпен 

салауатты өмір салтын берік негіздеп қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау 

арқылы интеллектіні байыту;  

Азаматтық  пен  елжандылыққа,  өз  Отанына  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік    рəміздерді 

құрметтеуге, халық  дəстүрлерін қастерлеуге  тəрбиелеу кажеттілігі атап көрсетілді. 

«Қазакстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы» 

оқушының    жеке  тұлғасын  жетілдіруге  ғаламдык  ой-санасын  калыптастырудағы  басты 

міндеттердің бірі ретінде азаматқа адам кұкықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, 

елжандылыққа, өз Отанын  сүюге,  тəрбиелеуге  басты  назар аударылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет