Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет45/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113

          Демек, ғасыр - білімділер ғасыры, заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды 

қалыптастыру    мемлекеттің    аса  маңызды    стратегиясы    болып  отыр.  Толықтыра  айтқанда, 

мектеп  үрдісінен  білім  беру    оқыту  барысында  өзіндік  ой  толғамын  жеткізе  алатын,  кез-

келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тəрбиелеу  

арқылы  оқушылардың  коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту да талап етілуде. Алайда, 

384


қазіргі  уақыттың  білім  беру  саласына  нақтылай  қойылған  жаңа  үлкен  талаптарды  орындау 

үдерісінде, оқыту тəжірибесінде жақсы нəтижелермен қатар көптеген проблемалардың бары 

да белгілі жағдаят. Мысалы, сыныпқа жаңа келген оқушылардың оқу процесіне бейімделуінің 

күрделілігін,  немесе  оқыту  барысында  көптеген  оқушылардың  оқу  процесіне  салғырт 

қатысуын,  немесе  өз  ойын  ашық  айта  алмауын  жəне  дəлдеп  жеткізе  алмауын  кездестіруге 

болады.  Қазіргі  уақыттағы  ғылыми  зерттеулер  (нақтылай  айтқанда  Кембридж  тəсілінің 

теориялық негіздері) осы проблемаларды шешудің тиімді əдістерінің бірі - диалогтық оқыту 

екенін дəлелдеп отырғандарын айтуға болады. 

Білім  берудегі  “Кембридж  тəсілінің  теориялық  негіздері”  бағдарламасының  негізгі 

міндеті - Қазақстандық  мұғалімдерге  педагогикалық  тəжірибесін  жетілдіру  мен  бағалауға 

көмектесу.  Бұл  курстан  күтілетін  нəтижелер  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін  үйреніп, 

соның  нəтижесінде  еркін,  өзіне  сенімді,  ынталы,  сыни  пікір-көзқарастары  дамыған,  алған 

білімін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білетін,  қазақ,  орыс, 

ағылшын тілдерін еркін меңгерген, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы 

ретінде қалыптасуын қамтиды [1

, 5-б.


]

.

 Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 

жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады. Алайда, осы 

жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен 

тəсілдер  сияқты  өзара  байланыста  болады.  Жеті  модульдің  барлығында  қарастырылатын 

идеяларды  білім  алу  мен  білім  берудегі  жаңа  тəсілдер  деп  санауға  болады.  Соның  негізгі 

тəсілдерінің бірі “Диалог негізінде оқыту жəне оқу” (Мерсер. 1995; Александер, 2008) қазіргі 

заманғы маңызды түсіндірмелер ретінде қолданылады [

1, 12-б.

]

.



 

Александер (2004) білім берудегі əңгімелесуді — қарым-қатынас жасаудың бірсарынды 

үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді жəне осының негізінде оқушының 

білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен 

қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нəтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын жəне 

Мерсер (2000) сипаттағандай,  білімді  бірлесіп  алуда  немесе  «пікір  алмасуы  барысында  тең 

құқылы серіктестер болып табылады [1, 39-бет]. 

        Яғни,  диалогтық  оқыту - оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тəсілдердің  бірі  болып  табылады. 

Ғылыми  зерттеу  нəтижелері  сабақта  диалогтың  маңызды  рөл  атқаратынын  дəлелдегенін 

айтуға болады. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нəтижесінде білім алады деп 

жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға əлеуметтік қолдау көрсетуде 

мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, əрине, бұл рөлдерде 

сыныптастары  мен  мұғалімдері  болуы  мүмкін,  диалог  жүргізу  мүмкіндігі  болған  жағдайда, 

оқыту жеңіл болмақ. Сабақтарда оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы, мұғалім мен сынып 

арасындағы дұрыс құрылған диалог, сабақтың қай кезеңінде болса да, оқушының сапалы білім 

алуына үлкен септігін тигізетініне күнделікті тəжірибемізде көз жеткізуге болады. Мерсер мен 

Литлтон  атап  көрсеткендей,  диалог  сабақтар  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып, 

олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлес  қосады.  Ғалымдардың  дəлелдеріне  сүйене  отырып, 

«Диалогтық оқыту» əдісін сабақтарда жиі, əрі тиімді пайдалану баланың дамуындағы үлкен 

жетістіктерге  жеткізері  анық.  Өйткені  диалогтық  оқыту  əдісі - білім  беруді  ізгілендіру  мен 

демократияландырудағы,  ең  бастысы,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлга  қалыптастырудағы 

бірден-бір  тиімді  тəсіл.  Себебі,  бұл  технологияда  сыныптағы  барлық  оқушы  оқу  процесіне 

толықтай  қатыстырылу  мүмкіндігі  ашылады  жəне  ол - мынандай  қарым-қатынасқа 

негізделеді: мұғалім-оқушы бағыты жəне оқушы-оқушы бағыты. 

        Бұрынғы  дəстүрлі    сабақ  үдерісінде    диалогты  сұрақ-жауап  ретінде  қарапайым  түрде 

пайдаланылса,  ал    бүгінгі  таңда  диалогтық  оқуға  əдістемелік  тұрғыда  жаңа  көзқарас 

қалыптасып, оны білім беруге негіз болатындай қолдану талап етілуде. «Дəстүрлі» сабақтарда 

385


кебінесе  «иə»  немесе  «жоқ»  деген  немесе  нақты  жауапты  қажет  ететін  сұрақтар  қойылса, 

немесе  сұрақ  қою,  жауап  алу,  пікірталас,  дебат  үлгісінде  жүргізілсе,  қазіргі  жаңа  оқыту 

технологиясы бойынша диалогтың топтық, зерттеушілік жағына басым назар аударылатынын 

айтуға  болады.  Мысалы,  бұрынғы  сабақ  үлгісінде  жеңіл-желпі  зерттеуге  бастамайтын 

сұрақтармен,  тапсырмалармен  шектелінсе,  ендігі  кезекте  жағдаяттың  басты  себебі  неде 

екеніне, не болмаса жағдаятқа баға беріп зерттеуге, тануға бастайтын, еркін диалогқа түсуге 

итермелейтін сауалдардың қойылуы тиіс болады. Бұған қоса айтатын мəселе, бұрыңғы оқыту 

үдерісінде тек сыныптың белсендісі ретінде танылған оқушылар ғана диалогқа түсу мүмкіндігі 

туындаса, ендігі кезекте жаңа бағдарлама мазмұнының əсерімен сынып оқушыларының басым 

көпшілігі, яғни, 90-95% еркін диалог құруға, оның бар түрінде де көсіле сөйлеуге мүмкіндік 

алатынын айтуға болады. 

Диалогтық  оқыту  дегеніміз  не?  Оның  оқыту  сапасына  қосар  үлесі  қандай?  Міне,  осы 

сұрақтарды  өзіме  қоя  отырып,  өз  іс-тəжірибемде  пайдаланып,  оқушылардың  білу,  үйрену, 

дағдылану іс-əрекетіне тигізер оң ықпалын байқадым. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада 

басқа  адамдармен,  топпен  қарым-қатынас  орнатуға,  жалпы  нəтижеге  қол  жеткізуде  өзіндік 

пікірін білдіруге, қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік 

құзыреттілік  қай  оқушы  болмасын,  оның  жеке  тұлғалық  іс-əрекеті  арқылы,  яғни  барлық 

пəндер сабақтарында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік туғызылса, сабаққа толықтай қатысса 

мүмкін болатыны белгілі жағдаят. 

          Іс-тəжірибеден  өту  кезеңінде  зерттеуге  алған  сыныбымда  жаңа  материалдарды 

оқытқанда жəне бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды жəне тыңдағанды 

тексеру  үшін  диалогтық  əдісті  қолдандым.  Осының  бəрін  əңгіме  түрінде  іске  асырып 

отырдым.  Өйткені,  əңгімелесе  білу  диалогтық  тілде  ақпарлармен  бөлісіп,  қарым-қатынасқа 

еркін  түсуге  соңғы  нəтижеге  жететін  біліктілік  болып  табылады.  Сонымен  қатар  жоғарыда 

сілтеме ретінде көрсеткен ғалымдардың зерттеулерін негізге алған болатынмын. Диалогтық 

əдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдауды қолданып, бір-бірімен 

əңгімелесе  білуге,  мəліметтерді  нақтылауды  сұрауға,  келіспеушілік,  толықтыру,  тілдік 

материал  көлемінде  өзара  пікір  алыса  білуге  дағдыландырдым.  Əр  түрлі  типтегі  кішігірім 

диалогтар  құрастыруды  тапсырдым.  Біліктіліктерді  жетілдіру  мен  дамытуды  оқушылардың 

еркіндігін сақтау жолымен жүргізген жөн. 



         Диалогты шеберлікті дамытудың маңызды құралы ретінде сөйлеу дағдысының (ауызша 

хабарлау) рөлі зор деп есептеймін. Ауызша мəтін оқылғанда, оқушыға алдын ала осы мəтіннің 

негізгі  ойын  анықтауға  мүмкіндік  беріледі;  айтылған  мəліметке  оқушының  білдіретін  ойы 

анықталады;  егер  мəтін  (əңгіме)  аяқталмаған  болса,  онда  оны  өзіндік  көзқараспен  аяқтауға 

жағдай  жасалады;  тыңдалған  мəліметтен  өзіне  ғана  қажетті  ақпаратты  меңгеруіне  жол 

ашылады, т.б. Жоғарыда айтылған ғалымдардың зерттеулерінде дəлелденгендей, диалогтық 

əңгімелесу  оқушылардың  білім  алуының  ажырамас  бөлшегі  болып  табылады.  Осы 

əңгімелесудің үш түрі бар: 

 Əңгіме-дебат; 

 Топтық əңгіме; 

 Зерттеушілік əңгіме. 

 Топтық  əңгіме  оқушыларға  топтық    тапсырма  беру  барысында  жүзеге  асады.  Топтағы 

оқушылар  біріге  отырып,  бір-бірінің  пікірін  тыңдап,  ортақ  шешімге  келеді.  Бұл  тəсіл 

сыныптағы  «сөйлемейтін»  оқушыларға тиімді екені байқалғанын айтуға болады. Себебі бұл 

оқушылар достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты, тіпті өз бетінше дайындап келген 

қосымша  материалдарын  ортаға  салып,  белсенділік  көрсетті.  Əдетте  жеке  жұмыс  жасауда 

өзіне  сенімсіздікпен  қарайтын  оқушылар  топта  қызығушылық  танытып,  топ  жұмысына  өз 

386


үлесін  қосып,  жаңа  бір  қырынан  көрінуге  тырысты.  Мұғаліммен  тілдесуге  бата  алмайтын 

оқушылар достарының ішінде ашыла түседі. 



Əңгіме - дебатты  қолдануда  оқушылар  арасында  бірлестіктен  гөрі,  бəсекелестік  орын 

алатыны байқалғанын айтуға болады. Ой-пікірлерде үлкен алшақтық байқалып, əр оқушы өз 

ойын  дəлелдеу  үшін  қарсы  пікірдегі  сыныптастарымен  сөз  таластырып,  сан  қилы  дəлелдер 

келтіргенін айтуға болады. Əңгімелесудің «əңгіме-дебат» түрі оқушы бойында сөйлеу жəне 

пікірталас мəдениетінің қалыптасуына себепші болады. 

Зерттеушілік əңгіме оқушыларға сыни сұрақтар қою барысында, сондай-ақ жұптық, топтық 

жұмыстарда жүзеге асты. Бір байқағаным, зерттеушілік əңгімені қолдану үшін ең əуелі баланы 

сол жұмысқа қызықтыра білу қажет. Берілген тапсырманың шешімін анықтауда топтағы əр 

бала өз ойын ортаға салып, «мүмкін», «егер де», «сондықтан» деген сияқты сөздерді қолдана 

отырып, талдауын талап еттім. Оқушылар менің талабыма сай жұмыс жасауда өз идеяларын 

дəлелдеуге тырысты. Сыни сұрақтарға жауап беру барысында «сөйлемейтін» оқушылар да өз 

пікірлерін білдіргілері келді.  

Оқытуды диалогтық тəсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, 

сұрақ қою арқылы мұғалім:  

-оқушыларды тақырып бойынша жəне сындарлы сөйлеуге ынталандырады;  

-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;  

-білімге құштарлықты дамытады жəне зертгеуге ынталандырады;  

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; 

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;  

-оқушылар бір-бірінен үйренеді;  

-əңгімелесу жəне ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді. 1,41-42 б.] 

           Қорыта  айтқанда,  диалогтық  оқытуды  іс-тəжірибеде  қолданудың,  меніңше,  мынадай 

пайдасы бар: 

•Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді;

•Материалды түсіну дəрежелерін тексеру, бағалауға тиімді болады;

•Білім сапасын арттыруға мүмкіндік туады;

•Оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артады;

•Сыныпта ынтымақтастық орнайды;

•Оқушылар өзін-өзі реттеуге дағдыланады;

•Ойларын жинақтап, нақты айтуға үйренеді;

•Басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады;

•Тіл байлықтарын дамытады. Жауап бергенде оқушылар өздерінің сөйлеу мəнеріне, ойының

тыңдаушыға түсінікті жету-жетпеуіне баса назар аударуға тырысады. 

-Балалардың тыңдау мəдениеттері қалыптасады. Сұраққа жауап таба алмай отырған немесе 

басқалардың пікірін білгісі келгендер сөйлеушіні зер сала тыңдайды. 

           «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз 

пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін əңгімені ынталандырып, қуаттайтын 

оқыту əдістерін «диалогтық оқыту» деп атауга болады.[1, 98-б.] 

          Ғылыми зерттеу нəтижелері дəлелдегендей, сабақта диалогтың маңызы зор. Оқушылар 

осы əдіс арқылы сабаққа қызыға кірісіп, үлес қосады. Қандай технологияны пайдаланса да, 

міндетті  түрде    диалогтық  тəсілді  сабақтың  негізіне  айналдырған  мұғалімнің  жұмысы  əрі 

тиімді,  əрі  нəтижеге  бағытталмақ.  Мұғалім  əр  сабағында  диалогтық  оқытуды  түрлендіріп, 

баланың  шығармашылығының  дамуына,  сыни  кезқарасының  қалыптасуына  бағыттаса,  өз 

пікірін  еркін,  əрі  сенімді  жеткізе  алатын,  бəсекеге  қабілетті,  шығармашыл,  мəдениетті 

азаматты тəрбиелеп шығарары анық. 

387


Əдебиеттер тізімі  

1.Мұгалімге арналған нұсқаулық. (Үшінші (негізгі) деңгей). Қазақстан Республикасының жалпы білім

беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. – Астана. 2012.

2. Alexander.R. Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтық  сөйлесуді

оқыту: сыныптағы əңгімелесулерді қайта түсіну.- Cambridge: Dialogos UK. 

3. Үшінші деңгей курстарының үлестірме материалдары. -Астана,  2012.

388


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУ НƏТИЖЕЛЕРІНІҢ 

ЖЕТІСТІГІН КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ 

Бекібаева С. Ғ. 

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

Аңдатпа 

         Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде  

жарыса, бəсекелесе білім алуға қол жеткізеді. 

Аннотация 

         Система критериального оценевания повышает активность учеников в учебном 

процессе. 

Abstract 

Assessment sjstem has the potential of enhancing students participation.

 

         



Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары 

мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына 

байланысты  іске  асырылуда.  Бүгінгі  ғаламдық  білім  беру  кеңістігіне  сай  білім  беру, 

танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми  тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай 

ғылым  жетістігін  сұрыптауға,  мұғалімге  өзінің  іс-əрекетінің  субъектісі  болуына 

мүмкіндік туғызу болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның 

экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады. 

        Eлбaсымыз  Н.Ə.Нaзaрбaeв  жолдaуындa «Болaшaқтa  өркeниeттi  дaмығaн  eлдeрдiң 

қaтaрынa eну  үшiн  зaмaн  тaлaбынa  сaй  бiлiм  қaжeт.  Қaзaқстaнды  дaмығaн 50 eлдiң 

қaтaрынa  жeткiзeтiн,  тeрeзeсiн  тeң  eтeтiн – бiлiм»  деп  нақты  атап  кетті.  Сондықтaн 

қaзiргi  дaму  кeзeңiндeгi  бiлiм  бeру  жүйeсiнiң  aлдындa eң  бaстысы  оқыту  үдeрiсiн 

жaқсaрту  болып  тaбылaды.  Оқытудың  əртүрлi  əдiс-тəсiлдeрi  сұрыптaлып,  жaңaшыл 

пeдaгогтaрдың iс-тəжiрибeсi зeрттeлiп, мeктeп өмiрiнe eнудe. Өмiрдe қолдaнa aлaтындaй

 

үйлeстiрe,  жaңa  үлгiдe  жүргiзу  мiндeтi  туындaп,  бiлiмгe  бүкiл  оқу-əдiстeмeлiк  жүйeгe 



жaңa  тaлaптaр  қойылудa.  Бұл  дeгeнiмiз  мұғaлiмгe  бiлiм  бeрудiң  тиiмдi  жолдaрын 

қaрaстыру дeгeн сөз [1]. 

          Жaлпы  ХХI  ғaсырдың  мaмaны – жaрaтылыстaну  мeн  гумaнитaрлық  ғылымдaр 

бойыншa ой-өрiсi кeң, жaн дүниeсi бaй, ұлттық мeнтaлитeтi жоғaры, кəсiби бiлiктi мaмaн, 

aдaмдaрмeн  дұрыс  қaрым-қaтынaс  жaсaй  aлaтын,  бaсқaның  пiкiрiмeн  сaнaсaтын,  кeз 

кeлгeн  қиын  жaғдaйдaн  шығудың  жолын  тaбa aлaтын,  жaуaпкeршiлiк  сeзiмi  жоғaры, 

қоғaмдa бeлгiлi бiр рөл aтқaрaтын, қaйтaлaнбaйтын дaрa тұлғa болуы тиiс. Шəкiрттeргe 

тeрeң  дe  тиянaқты  бiлiм  бeрудe  жaңa  тeхнологиялaрды  мeңгeрiп,  құзырeттiлiгiн 

дaмытып,  өз  тəжiрибeмiздe  шeбeрлiкпeн  қолдaну – бiздiң  бaсты  мiндeтiмiз  дeп 

сaнaймын.  Сондықтан  өзімнің  қазақ  тілі  мен  əдебиеті  сабақтарында  тиімді  əдістерді 

қолдануда критериалды бағалауды сабағымда үнемі қолданамын. 

Оқыту үшiн бaғaлaу 

жəнe оқуды бaғaлaу туралы мен үшін жəне оқушы үшін оң əсері болды. Оқыту үдeрiсiндe 

бaлaлaр  өздeрiнiң  түсiнiктeрiн  құрaй  aлaтын  бeлсeндi  оқушылaр  болaтын  болсa,  ондa 

мұғaлiмдeр мeн оқушылaр үшiн осы түсiнiктiң мəнiн бiлу aсa мaңызды, сeбeбi ол оқыту 

бaрысындa iлгeрi қaдaмдaрын aйқындaу мeн оғaн қолдaу көрсeту үшiн қaжeт ұғым болып 

тaбылaды. Тиімділігі əр тапсырма сайын бағалау жүргізілгені. Мұғaлiмдeр мeн бaлaлaр 

үшiн өздeрiнiң қaндaй мaқсaтқa жeтудi көздeйтiнiн, мaқсaтқa жeту өлшeмдeрiн түсiну нe 

үшiн кeрeк eкeнiн бiлу мaңызды болып тaбылaды жəнe оқыту үшiн бaғaлaу жəнe оқуды 

бaғaлaу  оқушылaрдың  нeгe  жeткiсi  кeлeтiнiн  кeрi  бaйлaныстaр  aрқылы  кeлeсi  сaбaққa 

көпiр  болa aлaтынынa  тəжiрибe  кeзiндe  көзiм  жeттi.  К

ритериалды  бағалау  жүйесін 

389


қолдану  арқылы  біз  оқушының  тұлғалық  бағытын  белсенді  позицияға  бағыттаймыз, 

тұлғаны  өзіндік  жауапкершілікке,  тұлғалы  нəтижеге,  бағытқа  жеткіземіз,  білім 

алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, 

əртүрлі  жұмыстардан  алған  бағаларды  дифференциалдауға  қол  жеткіземіз.  Бүгінгі 

оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына 

күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады. Өзімнің тəжірибемде 

осы  критериалды  бағалау  бойынша  қазақ  тілі  пəнінен 5-8 сыныптарға  арналған 

диктанттар  мен  тапсырмалар  жинағын  құрастырдым.  Жинақта 5-8-сынып 

оқушыларының білім, білік дағдыларын тəжірибеде қолдану дағды-машықтарын тексеру 

үшін критериалдық бағалау негізінде құрылған диктанттар мен тапсырмалар берілген. 

Бұндағы  критериалды  бағалауды  енгізудің  мақсаты  ‒  сыныптағы  оқыту  сапасын 

жоғарылату. 

        Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  негізгі  міндеті  баланың  рухани  мүмкіндігін  дамыту, 

оны оқыту, тəрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Тəуелсіздік туы 

желбіреген  мемлекетіміздің  ертеңгі,  ел  тізгінін  ұстар  азаматы - бүгінгі  білімді  шəкірт 

екендігіне еш күмəн жоқ. Ал білімді шəкірт - білімді ұстаздың жемісі. Оқушы жан-жақты 

жетілген, тəрбиелі болу үшін көп ізденіс, еңбек керек. Оның бойындағы дарындылықты 

дамытуға негізделген сабақтың қызықты өтуі əрине мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды 

əдіс-тəсілдерді  қолдануына,  оқыту  əдістемесін  жаңартып  отыруына  байланысты.

 

Педагогикалық  Білім  концепциясында  «мұғалім  өз  пəнін  міндетті  түрде  терең  білуге 



тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісінде қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны 

уақытында бағыттап, нəтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзыретті 

тұлға болуы керек» делінген [2]. 

         Сондықтан  сыныпты  бағалау  жай  ғана  техникалық  қондырғы  емес.  Мұғалімдер 

баға  мен,  сөздің  көмегімен  бағалайды.  Олардың  қандай  тəсілді  қолданғанына 

қарамастан, олардың артында жай объективті жəне жартылай объективті нормалар мен 

стандарттар  ғана  емес,  балалардың  дамуы,  оқуы  мен  ынтасы  туралы  болжамдар, 

құндылықтар – жеке қадір-қасиетін сезіну, қабілеттер мен күш-жігердің маңыздылығы 

да тұрады. Бeлгiлi пeдaгог В. A. Сухомлинский «Мұғaлiмдiк мaмaндық – бұл aдaмтaну, 

aдaмның күрдeлi дe қызықты, шым- шытырығы мол рухaни жaн дүниeсiнe үңiлe бiлу. 

Пeдaгогикaлық  шeбeрлiк  пeн  пeдaгогикaлық  өнeр – ол  дaнaлықты  жүрeкпeн  ұғa  бiлу 

болып тaбылaды» - дeп бeкeр aйтпaғaн [3].  

         Əр бaлaның шaмшырaғын aшa бiлу пeдaгогикaлық нaғыз шeбeрлiк дeп ойлaймын. 

Сондықтaн  оқушығa  бiлiм  бeрудe aлдын-aлa  қaндaй  əдiс-тəсiлдeрдi  қолдaнсaм  тиiмдi 

болaды eкeн? -дeгeн сұрaқ туындaу кeрeк. 

        Осы  орайда      критериалды  бағалаудың  қалыптастырушы  жəне  жиынтық  бағалау 

түрлері  тапсырмаларға  арнайы  құрастырылған  дескрипторлар  арқылы  көрініс  табады. 

Тапсырмалар оқушының күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды, негізгі 

бақылау  жұмысына  дейін  білімін  жүйелейді.  Берілген  жұмыстар  барысында 

оқушылардың  білімдері  бекіп,  өз  беттерімен  жұмыс  жасау  дағдылары  қалыптасады, 

оқушы оқу материалын қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтай алады. Əрбір материал  

оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытады.  

      Оқушы  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі  төменде  қарастырылған 

міндеттерді шешеді: 

-

  танымдық  қабілеттерін,  сыни  ойлауын,  есте  сақтауын,  оқушылардың  оқу-танымдық 



əрекеттерін орындауға икемдеу; 

-

  оқушылардың оқуға  ынталарын арттыру, бағалауға деген теріс, кері ұғымдардын жою, 



оқу барысында жауаптарды талдау, сараптаудағы белсенділігін арттыру;  

-

  оқушылардың  білімдерін жүйелеу, бекіту, тереңдету. 



-

  есте сақтауды бекіте түсу, оқушыларды шыдамды болуға жəне өзін ұстай білуге үйрету; 

390


-

  білім  алу  барысындағы  қиындықты,  қателікті,  білім  олқылықтарын  жəне  оның 

себептерін дер кезінде анықтауы; 

-

  оқушының  білім  алу  үдерісін    қадағалап,  дəл  жəне  жедел  түрде  сапалы  білім  алғаны 



жөнінде кері байланыс ақпараттың алуы [4]. 

Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу  үдерісінде  

жарыса, бəсекелесе білім алуға қол жеткізеді.  

Тəжірибелік маңыздылығы: 

жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; 



оқушы жұмысы алдын ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; 

бағалау  критерийлері  нақты  оқыту  мақсаттарын  айқындайды,  сондықтан 



оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады; 

өзінің    оқу  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау  үшін  жəне  ата-аналарына  осы 



ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритмі белгілі; 

оқушының оқуға  жəне өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. 



 Бақылау жұмысының үлгісі: 

Диктант 

       Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты. Байдалы да бұрынғыдан бері 

недəуір қартайып қалыпты. Зейнептің əлгінде ғана шытыңқы қабағы жазылыпты. Осы 

кезде  сыртта  машина  гүр  еткен.  Ілгері  қарай  жедеғабыл  тарта  жөнелді.  Жалғыз  аяқ 

жолмен мен алды, ол артта, ауылға төтелеп жүріп келеміз. Үй іші лезде жылынып кетті. 

Үшінші тəулікте Қорамса орнынан зорға тұрды.  



Грамматикалық тапсырма: 

1. Мəтіннің ішінен үстеудің мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, теріп жазыңдар.

2. Мəтіннен  сын  есім  шырайы  арқылы  жасалған  негізгі  үстеулерді  жəне  түбірге  сіңісіп,

көнеленіп  септік  жалғаулары  арқылы  жасалған  үстеулерді  теріп  жазып,  қосымшаны

ажыратыңдар.

Деңгейі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет