Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет48/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113

Құжаттың түрі 

Ұсынылатын сұрақтар мен тапсырмалардың 

типологиясы 

1.

Мемлекеттік 



құжаттар:

гармоталар, 

жарлықтар, 

бұйрықтар, заңдар, мемлекеттік 

қайраткерлердің 

сөздері, 

мемлекеттік 

шаралардың 

хаттамалары. 

1. Бұл  құжат  қашан,  қайда,  не  себепті  пайда  болды?

(Оның пайда болуының тарихи шарттарын сипаттаңыз.) 

2. Құжаттың авторы кім? Бұл тұлға туралы, оның өмірі

мен қызметі туралы не білесіз? 

3. Құжат  мəтініндегі  негізгі / жаңа  ұғымдарды

түсіндіріңіз. 

4. Бұл құжаттың баптары қандай əлеуметтік топтардың

мүддесін көздейді? 

5. Бұл  құжаттың  тұтастай  немесе  оның  белгілі  бір

тармақтарының  бұрынғы  нұсқасынан  немесе  басқа 

елдердегі 

осыған 

ұқсас 


құжаттардан 

қандай 


айырмашылықтары бар? 

6. Бұл  құжатты  енгізу  мемлекет  пен  қоғамда  қандай

нəтижелер алып келді немесе алып келер еді? 

7. Бұл  құжаттың  іс-əрекетін  ашатын  нақты  оқиғаны

ойдан құрастырыңыз: сот ісі, оппозицияның сөзі, т.б. 

2.

Халықаралық 



құжаттар:

келісімдер, 

шарттар, 

хаттамалар, 

іскери 

қатынасхаттар, т.б. 



1. Бұл  құжатты  құрастырған  мемлекеттерді  картадан

көрсетіңіз. 

2. Құжаттың  пайда  болуының  тарихи  шарттарын

сипаттаңыз. 

3. Құжаттың басты ережелерін, баптарын атаңыз. Оның

əр  мемлекетке  немесе  жалпы  халықаралық  жағдайға 

пайдасы мен зиянын анықтап, бағалаңыз. 

4. Құжат бойынша саяси, экономикалық, территориялық

тұрғыда қандай өзгерістер орын алды? 

5. Бұл  құжаттың  қол  жетімділігі  қандай:  ашық  немесе

құпия жəне неліктен? 

6. Құжатқа жалпылама бағалау сипаттамасын беріңіз.

3. Саяси  күрестерге  қатысты

құжаттар: 

бағдарламалар, 

үндеулер, 

саясаткерлердің 

сөздері, 

үгіт 

хаттар, 


декларациялар, т.б. 

1. Бұл  құжаттың  авторы  кім?  Олардың  саяси

көзқарастары қандай? 

2. Құжаттың пайда болуының тарихи шарттары қандай?

Қашан жəне қайда жазылды? 

3. Құжат авторы нені үндейді немесе кінəлайды?

413


4. Автор қандай əлеуметтік топтардың мүддесін қорғап

тұр? 


5. Автордың саяси үндеулері оның əлеуметтік жағдайы

мен шынайы көзқарастарымен үйлесімді ме? 

6. Құжатта  айтылған  идеяларды  жүзеге  асырудың

шынайы жəне болжамды салдарлары қандай? 

7. Құжатқа тарихи баға беріңіз.

4.

Тарихи



құжаттар: 

хроникалар, 

анналдар, 

жылнамалар, 

тарихи 

шығармалар, т.б. 



1. Құжатта қандай тарихи фактілер берілген?

2. Құжатта  сипатталған  оқиғалардың  өткен  орнын

картадан көрсетіңіз. 

3. Оқиғалардың уақытын анықтаңыз.

4. Автор  тарихи  оқиғалардың  себептерін,  барысын,

тарихи маңызын қалай түсіндіреді? 

5. Құжат негізінде автордың тарихи фактілерге қатысты

көзқарасын  анықтаңыз.  Бұл  құжатты, оның  пайда  болу 

жағдайларын автор позициясымен байланыстырыңыз.  

6.

Автор  позициясы  оқиғаға  қатысты  қазіргі



көзқарастармен  салыстырғанда  қай  тұсында  сəйкес 

келеді / келмейді? Бұл сəйкестікті / сəйкессіздікті қалай 

түсіндіруге болады? 

7.

Сол  кезеңдегі  ұқсас  тарихи  шығармалармен



салыстыра отырып, құжаттың маңызын бағалаңыз.  

5. Жеке  құжаттар:  мемуарлар,

күнделіктер, 

хаттар, 


куəгерлердің айғақтары, т.б. 

1. Құжат авторы кім? Оның əлеуметтік жағдайы қандай?

Атқаратын  қызметі?  Оқиғаларға  автордың  қандай 

қатысы бар? 

2. Құжат авторы қандай оқиғаға куə болды? Ол баяндап

жазған  оқиғаға  қандай  көзқараста?  Деректің  мəтінін 

пайдаланып өз пікірлеріңізді дəлелдеңіз. 

3. Автордың оқиғаға немесе оның қатысушыларына дəл

осындай көзқарасын немен түсіндіруге болады? 

4. Осы тарихи факті бойынша бұл автор айғақтарының

басқа 

деректермен 



салыстырғандай 

қандай 


айырмашылық немесе ұқсастықтары бар? 

5. Құжат  авторының  айғақтарына  сенуге  бола  ма?

Неліктен? 

6.

Автордың 



оқиғаға 

ой-пікірімен, 

бағасымен,

қорытындыларымен келісесіз бе? 

6. Əдеби  жанрдағы  құжаттар:

жырлар,  дастандар,  мифтер, 

аңыздар, 

өлеңдер, 

қанатты 

сөздер, т.б. 

1. Картадан  əдеби  деректе  көрініс  тапқан  оқиғалардың

орнын көрсетіңіз. 

2. Халықтың  шаруашылығына,  тұрмысына,  киім-

кешегіне қарап шығарманың жазылған уақытын немесе 

суреттелген  оқиғаның  уақытын  анықтаңыз.  Белгілерін 

тауып, ойыңызды дəлелдеңіз.  

3. Автор  тарихи  кейіпкерлердің,  оқиғалардың  қандай

образдарын  сомдаған?  Сіздің  ойыңызша,  автор  қандай 

да  бір  оқиғаны  немесе  кейіпкерді  əсірелеуге, 

бұрмалауға, біржақты қарауға жол берген бе?  

4. Əдеби  шығарманың  авторы  өз  кейіпкерлерінің

əрекеттерін  қалай  түсіндіреді?  Мұндай  бағамен, 

дəйектермен келісесіз бе? 

414


5. Автор қандай əлеуметтік топтың өкілі болды? Автор

оқиғаға  қатысты  көзқарасын  жазуда  қаншалықты 

шынайы болды?  

6.

Осыған  ұқсас  сюжетті  қандай  басқа  əдеби



шығармалардан 

кездестірдіңіз? 

Оның 

 

көп 



таралғандығын немен түсіндіруге болады? 

Тарихи  деректермен  жұмыс  тарих  сабағының  тиімділігін  арттырып  қана  қоймай, 

тəрбиелік элемент ретінде де маңызы зор. Оқушылар сол дəуірдің түпнұсқа деректерін зерттей 

отырып, түрлі сезімге бөленеді. Əрине құжаттық материалдарды пайдаланудың оқу-тəрбиелік 

əсері,  көп  жағынан,  оқушылардың  жеке  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыруға,  мұғалімнің 

оқушыларға тарихи деректермен жұмыс жасаудың əдіс-тəсілдерін үйрету деңгейіне де тəуелді. 

Алдымен,  сол  кезеңнің  ескерткіштеріне  жаңа  білім  көзі  ретінде  оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру  маңызды.  Белгілі  педагог  И.Я.  Лернердің  пікірінше,  кез  келген 

тарихи  құжат  ойды  суреттеуші  жəне  нақтылаушы  ғана  емес,  жаңа,  дайын  ақпараттың  көзі 

болып  табылады.  Тарихи  деректерді  бірнеше  сатылы  əрі  салыстырмалы  зерттеудің 

нəтижесінде  оқушылар  тарихтағы  басты  оқиғалар  туралы  нақты  білім  алып  қана  қоймай, 

қазіргі таңда өмір талабына сай қажетті білік-дағдыларды үйренеді. 

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 

1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы. 2002.

2. Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мəселелері. Алматы, 1999.

3.Фестиваль

педагогических 

идей


«Открытый 

урок».  


http://festival.1september.ru/articles/500867/

  (15.09.2014) 

4. Особенности работы на уроках истории с разлычными видами исторических источников.

http://lomonpansion.com/articles/detail/?item_id=1947

 (12.09.2014) 

5. Методические рекомендации по выполнению практических заданий на уроках истории.

Сост. З. Шегенова. АОО «НИШ». 2012 г. 

415


БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫҢ  КƏСІБИ  ҚОҒАМДАСТЫҒЫ –  

МАҢЫЗДЫ  ҚОЗҒАУШЫ КҮШ 

Бипажанова А. Б.   

Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы филиалының аға менеджері 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

     Аңдатпа 

  

  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  басшыларының    кəсіби 



біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша  мектеп басшыларының өз жұмыстарында   кəсіби 

қоғамдастықтардың  жұмысын  дұрыс  үйлестірудегі  тиімді  жолдарын  ұсынады.  Мектеп 

басшыларының  біліктілігін  арттыру  курстарының  кезінде  жəне  одан  кейін  қоғамдастық 

аясындағы  əріптестер  арасында  өзара  көмек  көрсету  мен  қолдау  жасудың  мүмкіндіктері 

жөнінде баяндалады.

  

Аннотация 

По  программе    повышению  профессионального  уровня  руководителей  организации 

образования  Республики  Казахстан  предлагает  оптимальные  пути  для  координации  работы 

профессиональных сообществ. Сообщается о возможностях оказания поддержки коллегам в 

рамках сообщества в период прохождения курсов и в посткурсовой период. 



Abstract

 

    On the program of the leaders of general organizations of the Republic of Kazakhstan offer to 



promote the professional skills of leaders consistently by the program of coordinating in the 

advantageous term of the work of professional association of the leaders of schools. During the 

courses of in-plant training of the leaders of schools and in a sphere the association of colleagues are 

given a report to provide and to help each other of their possibility.



   

Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының    кəсіби 

біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша  курстан өтіп жатқан басшылар бағдарламасының 

негізгі  қағидаты-кəсіби  жəне  əлеуметтік  əріптестік  орнату,  ата-аналармен,  жалпы 

жұртшылықпен  бірлесіп  жұмыс  істеу.  Қоғамдастық  құру  жөніндегі  тəжірибелік  дағдылар 

қалыптастыру  (Басшыға  арналған  нұсқаулық).  Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласына  үлкен 

өзгерістер  əкеліп  жатқан  мұғалімдердің    деңгейлік  бағдарламаны  меңгеріп,  жүзеге  асыруы 

елеулі  елең  ететін  жаңалықтар  қатарында.  Еліміздің  түкпір-түкпіріндегі  мектептер  осы 

бағдарламаның арқасында оқу үрдісіне оң өзгерістер енгізуде.  Алысты жақындататын, кəріні 

жасартатын,  енжарды  селт  еткізетін  бағдарлама  болғанын  өз  көзіммен  көріп  отырмын. 

Курстан өткен мектеп басшылары да өз ұжымында өзгеріс енгізудің тетігін осы бағдарламадан 

тауып, ұзақ уақыт іздеген сұрақтарына жауап тапқандарын жасырмай айтуда. Ең бастысы, əр 

ұжым тек өз қазанында қайнап қана дамуы мүмкін еместігіне көз жеткізгендері қуантады.  

    Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  басшыларының  кəсіби 

біліктілігін  көтеру  бағдарламасы  бойынша  біліктілігін  көтерген    мектеп  басшылары    үшін  

білім  беру  ұйымының  табыстылығы    жөнінде  заманауи  түсінікке  сай  ауқымды  білім  мен 

дағдыларды игеруіне, енгізілген өзгерісті басқаруға көңіл аударуға бағытталған іс-шараларды 

меңгеруіне  қолайлы  жағдай  жасалған.  Заманауи  басшының  рөлі  мен  миссиясы,  жеке  тұлға 

ретінде  жəне  кəсіби  тұрғыдан  өзін-өзі  жетілдіру,  мұғалімдердің  кəсіби  дамуына  қолдау 

416


көрсету туралы түсінігі қалыптасады.  Бағдарламаны меңгерудегі аудиторлық  кезеңде мектеп 

басшылары екі бетпе-беттегі екі ай көлемінде өз əріптестерімен қоян-қолтық араласып, үнемі 

пікір  алмасып,  коллаборативті  ортаны  сезінеді.  Курс  кезінде  де, 1- мектептегі  тəжірибе 

кезеңінде  де  əріптестерінің  қолдауы  мен  пікірлерінің    қаншалықты  құнды  екендігін  үнемі 

айтып отырады.        

      Мектеп  басшылары  өз  жұмыстарына  талдау  жасағанда  енді  екі  кезеңге  бөліп  қарайтын 

болды. Курсқа дейінгі кезең, курстан кейінгі кезең.   Курстан кейінгі кезеңдер үлесіне тиіп 

отырған қомақты өзгеріс білім алушылар қоғамдастығымен тығыз байланысты деп есептейді.  

Менің тренер ретінде  аудиторлық кезеңде байқағаным, мектеп басшыларын өз əріптестерінің 

бағдарламаны  жүзеге  асыру  бойынша  жүргізілетін  пікірталастар  қатты  қызықтырады. 

Халықаралық  мысалдар  тақырыбы  бойынша  білім  саласында  озық  нəтижеге  жеткен 

мемлекеттер тəжірибесін талқылау сабағы өте нəтижелі болды. 

   Əр  топ  өздері  таңдаған  мемлекеттердегі  озық  тəжірибелерді  қызу  талқылап,  өз 

тəжірибелерінің ұқсастықтары мен айырмашылығына назар аударды. Əсіресе, бағдарламаға 

енген  Сингапур  тəжірибесіндегі  «Білім  алушылардың  кəсіби  қоғамдастығы  моделі»  біздің 

мектептерге  қолдануға  өте  ыңғайлы  екен  деген  тұжырымға  келді.  Оның  ең  басты  себебі, 

кəсіби қоғамдастық ретінде жұмыс істейтін мектептің маңызды элементтері анық көрсетілген. 

Қоғамдастықта  жұмыс  істейтін  мектептің  жетістігі  Майкл  Фулланның  Жетістік 

үшбұрышындағы үш фактормен сəйкес келеді (Басшыға арналған нұсқаулық). 

   Біріншісі,  мектеп  басшылығы,  яғни  мектеп  басшылары  мектептің  миссиясы  мен  даму 

басымдықтарын  айқындаған  кезде  кəсіби  қоғамдастық  күшін  қалай  қолдануға  болатынын 

ескереді. Оларға өз мақсаттарына жетуіне қолдау көрсетеді. 

    Екіншісі,  жүйелілік,  яғни  мектеп  басшылары  өз  ұжымдарында  тұрақты  оқу  мəдениетін 

құру    үшін  дұрыс  ахуал  қалыптастыруды  көздейді.  Қажетті  ресурстармен  қамтамасыз  ете 

отырып,  бірлескен жұмыс пен  ұзақ мерзімді кəсіби оқуды қамтамасыз ететін орта жасауға 

көмектеседі.  

     Үшіншісі,  тереңдетілген  педагогика,  яғни  негізгі  құрылыс  бөлшектері    білім  алушы 

командалар  болып табылады.  Олар бірлескен жұмыс жүргізу үшін талаптарға негізделген 

тұрақты құралдарды пайдаланады.  Білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету 

үшін  Білім  алушы  командалардың  мақсаты  мектептің  мақсатымен,  оқытудың  барлық 

салаларымен  сабақтасып  жатады.  Қажетті  педагогикалық  жəне  ақпараттық  сараптаманы 

қамтамасыз ететін академиялық бөлімнің болуы  жəне белгілі бір пəндерге сəйкес кедергілерді 

жойып,  өз  білімдерін  толығымен  ұтымды    пайдалануына  көмектесу  үшін  кəсіби  дамуды 

қамтамасыз  етеді.  Əрине,  осындай  жүйелі  жұмыс  нəтижесінде    оқушылардың  үлгерімі 

жақсарып, мектептің өз мақсаттарына жетуіне көмектесетіні сөзсіз. 

   Білім  алушылардың  Кəсіби  қоғамдастығының    негізгі  үш  идеясын  да  (Ричард  Дюфор, 

Ребекки Дюфор, Роберт Икер бойынша алынған, БАН) мектеп басшылары қызу қолдады.  

     Бірінші идея,  оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету,  яғни оқушылардың үлгерімін 

жақсарту жолында мектеп басшылары мен мұғалімдер бірлесе жұмыс істейді. 

     Екінші идея,  ынтымақтастық мəдениетін құру,  яғни оқытуда жалпы мақсатқа жету үшін 

мұғалімдер мен басшылар бірлесіп жұмыс істейді. Құрылымдар мен үдерістер ынтымақтастық 

мəдениетін  дамытуға  ықпал  етеді.  Əр  мұғалім  Білім  алушылар  командасында  болып,  жыл 

бойы  əр  оқушының  оқуына  көңіл  аудара  отырып ,  белгіленген  уақытта  кездесіп  отырып,   

ортақ мақсатқа жету жолында бірлесіп жұмыс істейді. 

     Үшінші идея,  оқушылардың оқуын назарда ұстау,  яғни қоғамдастық өз жұмысының 

тиімділігін  оқушылардың  жан-жақты  дамуына  қатысты  нəтижелерге  қарап  бағалайды.  Əр 

команда  оқыту  мен  оқу  тəжірибесін  үнемі  жетілдіру,  оқушылардың  үлгерімін  жақсарту 

417


мақсатында  маңызды  деректерді  қолданады.  Маңызды  деректермен  қаруланған  мұғалімдер 

тиісті стратегияны дер кезінде қолдануға мүмкіндік алады (Үлестірме 3-апта, 3-күн). 

    Мектеп басшылары  қоғамдастық жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты  аудиторлық 

кезеңде алған тəжірибелерін өз ұжымдарында тиімді қолданып жатқанының үлгілерін көрдім. 

     Мектеп басшыларының кəсіби біліктілігін көтеру бағдарламасының тағы бір ерекшелігі - 

алты  ай  мектептегі  тəжірибе  кезеңінің  үшінші  айында  төл  тренердің  мектептерде  болып,  

бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау көрсету мүмкіндігі.  Тренер үшін де,  мектеп басшысы 

үшін де өте маңызды кезең деп есептеймін.   Осы сапарларда мектеп басшының  жұмысының 

нəтижесі  мектептің  ішкі  қоғамдастығында  атқарылған  жұмыспен  тығыз  байланысты 

екендігіне  көз  жеткіздім.  Деңгейлік  бағдарлама  идеяларын    ұжымға  жеткізуде,  сабақты 

жоспарлаудың  жаңа  үлгілерін  үйрену  үрдісінде  ішкі  кəсіби  қоғамдастық  жұмысының 

маңызды қызметі айқын көрінеді.  Əр ұжымда кəсіби қоғамдастық  құрылымының əртүрлілігі 

де мені қуантты, себебі əр мектептің    өз миссиясы мен стратегиясы бар.  Əр мектептің ішкі 

мүмкіндіктері  де    əртүрлі.   Осыған  сəйкес  кəсіби  қоғамдастық  жұмысының  нəтижесі  де  

əртүрлі.  

    Өз тəжірибемде бір байқағаным,  алдыңғы  курста  оқып кеткен мектеп басшыларының жаңа 

топқа  келген  мектеп  басшыларымен  байланысқа  түсуінің    маңыздылығы. 2013  жылдың 

соңында    Астана  қаласында  оқыған  алғашқы  топта  кəсіби  біліктілігін  көтерген    мектеп 

басшыларымен,  Алматы қаласында ақпан айында бастаған мектеп басшыларының арасында 

алғашқыда  байланыс    кəсіби  əңгіме  деңгейінде  басталды.  Алғашқы  кездесу    Қызылорда 

облысы,  Арал ауданының мектеп басшысы  Алматы қаласына іс-сапарға келіп, біздің топқа 

келіп,  əріптестерімен  кəсіби  сұхбат  жүргізуінен  басталды.   Мектеп  басшылары   

бағдарламаны    меңгеру  кезінде  туындаған  сұрақтарын  қойып,  жақсы  пікіралмасу  жүрді,  

онлайн байланыс орнату жөнінде келісім жасалды.   

    Осы сəттен бастап,  өзімнен білім алған топтардағы мектеп басшылары  арасында сыртқы 

кəсіби қоғамдастықты жетілдіру қажет деп шештім.  Əр бетпе-бет кезеңіне 2 кəсіби сұхбат, 1 

мектепке  сапар  жоспарладым.  Келесі  кездесу      Алматы  қаласындағы              № 81 мектеп- 

гимназиясына, № 157 жалпы білім беретін   сенбі күнгі сапармен жалғасты.   Сапар курста 

оқып  жатқан  мектеп  басшыларының  тəжірибе    алмасуына,  гимназияның  ішкі  кəсіби 

қоғамдастығының  жұмыс  тəжірибесімен  танысуға,  мектеп  мұғалімдерінің  бағдарлама 

жөнінде пікірлерімен танысуға мүмкіндік берді.   Келесі кездесу Астана қаласындағы «Зерде» 

дарынды балаларға  арналған мектеп директорының  жəне   Көкшетау қаласы №18 орта мектеп 

басшысы Алматы қаласына келіп,  2-лек мектеп басшыларымен  өз тəжірибесін  бөлісуі болды. 

Əр əріптестің келіп сұхбаттасуы ерекше қайталанбас оқиға болды.  Географиялық жағынан 

тиімді  орналасқан  мектеп  басшылары  сыртқы  қоғамдастық  құруды  жоспарлап  келіссөздер 

жүргізді.   

     Мектеп  басшылары  үшін  жаңа  бағдарламаны  меңгеруде  мектептегі  ішкі  кəсіби 

қоғамдастықпен қатар  сыртқы кəсіби қоғамдастық жұмысын күшейту – өзгеріске бағытталған 

бағдарламаны жүзеге асыруда  маңызды күш екені айқын.

 

Əдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім беру  ұйымдары  басшыларының  біліктілігін  көтеру

бағдарламасы, Басшыға арналған нұсқаулық. Астана. ПШО, 2012. 25-б. 

2. Үлестірме материалдары, 3-апта, 3-күн.

3. Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім беру  ұйымдары  басшыларының  біліктілігін  көтеру

бағдарламасы. Тренерге арналған нұсқаулық. Астана. ПШО, 2012.



 

418


МЕКТЕПТЕ ТƏЛІМГЕРЛІК ҮДЕРІСІН ЕНГІЗУ – САПАЛЫ ОҚЫТУ ЖƏНЕ 

ОҚУДЫҢ НƏТИЖЕЛІГІ  

Бисалиева А. Т.  

 «Саулет» мектеп-лицейі  

Тасқала ауданы, Батыс Қазақстан облысы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

       Мақалада қазіргі таңдағы орта білім беру үдерісіндегі мəселелері туралы  бірінші (ілгері) 

деңгей Республикалық курстан өткеннен кейінгі  ой қозғалған. Мектептердегі білім сапасын 

жақсарту үшін алдымен мұғалімдердің кəсіби шеберлігін арттыру қажет. 



Аннотация 

      Статья посвящена размышлениям учителя о проблемах образовательного процесса после 

прохождения  Республиканских  курсов  по  программе  первого  (продвинутого)  уровня.  Для 

того,  чтобы  повысить  качество  знаний  учащихся  необходимо  совершенствовать 

профессионально-творческие способности учителей. 

Abstract 

    The article is devoted of thinking about the problems of the teacher education process after the 

passage of the Republican program of courses on the first level. In order, to improve the quality of 

student’s knowledge, must improve the professional – creative abilities of teachers. 



«Мектебімізді таза, сау, һəм, берік өз  

жанымызға қатысатын үйлестік негізде құра 

білсек келешегім үшін  тайынбай-ақ серттесуге болады».

М. Жұмабаев  

        Білім  беру  деңгейі – экономикалық  жəне  ғылыми-техникалық  прогрестің  бастау  көзі, 

мемлекет  пен  қоғамның  табысты  дамуының  кепілі.  Білім  беру  саласында  кенжелеп  қалу 

елдің бəсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына жəне мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей  əсер 

етеді. 


        Білім берудің сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нəтижелігін, оның жеке 

адамның 


адамзаттық, 

тұрмыстық 

жəне 

кəсіби 


біліктілігін 

дамытудағы 

жəне 

қалыптастырудағы  қоғам  қажеттілігі  мен  үмітіне  сəйкестігін  анықтайтын  əлеуметтік 



категория.  Білім  беру  саласын  реформалау – барлық  елдердің  міндеттерінің  бірі  болып 

табылады.  Əлем  елдерінде  оқушылардың  білім  сапасы  көп  өзгеріп  тұрады.  Білім  сапасы 

бойынша  əлем  елдері  көшбасшыларының  бірі  Сингапур  бастауыш  білім  беруіне 

Экономикалық  ынтымақтастық  жəне  даму  ұйымына  (ЭЫДҰ)  кіретін 30 елдің 27-сінен  аз 

қаражат  жұмсайды.  Қаражат  аз  бөлінуіне  қарамастан    Сингапурдің  білім  беру  жүйесі 

жетілген  жəне  тəуір  жұмыс  жасайды  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Сонда  білім 

саласының дамуы қаражатқа емес ұтымды реформа жүргізуіне байланысты. Мектеп жүйесін 

жетілдіру  тиімді  жолдары  туралы  педагогикалық  қоғамдастықта  бəтуаластық  жоқ.  Бұл 

тақырып алдыңғы қатарлы əлем елдерінің  жаудырма пікірталастарында орын тауып əлі бір 

шешімге  келер  емес.  Алайда  мектеп  білім  беру  жүйесінің  басшылары  бұл  сұрақ  бойынша 

белгісіздікке  жол  беріп  отыра  алмайды.  Олардың  ішінде  азғантайларында  ғана  мектеп 

419


жүйесін өздерінің қажеттілігіне қарай реформалау үшін саяси жəне т.б. ресурстары бар. Ең 

жақсы мектеп жүйелерінің тəжірибесіне сүйенетін болсақ, білім сапасын арттыруына себеп 

болатын  үш  фактор  анықталған: 1)мектепте  мұғалімдікке  лайық,  икемі  бар  адам 

қалыптастыру  керек; 2) оларды  оқытудың  тиімділігі  артатындай  дайындықтан  өткізу; 3) əр 

оқушы сапалы білім алатындай жағдай туғызу.  

        Жалпы    жоғары  тиімді  мектеп  жүйелер  құрылысы  жəне  оқыту  мазмұнымен 

ерекшеленетін  болса  да,  барлығы  мұғалімнің  жұмыс  сапасын  басты  назарда  ұстайды. 

Германияның  канцлері  Бисмарк  франко-пруссия  соғысын  прусс  солдаты  емес,  прусс 

офицерын, фельдфебельді, инженерін жəне солдатын тəрбиелеген прусс ұстазы жеңіп алды 

деген. 1961 ж 12 сəуірде  бірінші  рет  адам  космосқа  ұшты,  ол  Юрий  Гагарин  болатын. 

«Космостан  орыстарға  мектеп  партасында  ұтылып  қалдық»  деген  АҚШ  президенті  Джон 

Кеннеди. Сондықтан да мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – 

мұғалім. (Strong, Ward & Grant, 2011) 

       Алдыңғы  қатарлы  елдерде  білікті  ұстаз  болып  шығу  үшін  адамда  тіл  жəне 

математикалық  сауаттылық  деңгейі  жоғары,  коммуникативтік  дағдылары  жақсы  дамыған, 

үнемі білім алуға дайын жəне оқытуға уəжі болуы  керек деп санайды.     Өткен ғасырдың бас 

кезінде-ақ неміс ойшылы Макс Вебер мəдениет пен экономикалық дамудың өзара қимылын 

зерттеп  біршама  қорытындылар  шығарған  екен.  Оның  пайымдауынша,  үлкен  ауқымнан 

қарағанда,  ұлттар  тауарлармен  жəне  қызмет  көрсетулермен  ғана  бəсекелеспейді - олар 

қоғамдық  құндылықтар  жүйелерімен  жəне  білім  беру  жүйесімен  де  бəсекелеседі.  Бұл  бір 

жағынан  бүгінгі  күні  де  анықталып,  айқындалып  келе  жатқан  дүние.  Өйткені,  бүгінгі  күні 

бірінші  кезекте  адамның  «ақыл  ойына»  да  көп  күш  салынады.  Сонымен  бірге,  бəсекеге 

қабілеттілік  деңгейін  айқындайтын   негізгі  өлшемдердің   бастылары  да  білім  саласымен 

тікелей  байланысты.Олай  болса,  Қазақстанның  əлемдегі  озық  үлгі  орнатқан  елдердің 

жолымен жүргені құптарлық шара.  

         Ұстаз  мəртебесі  оның  интеллектуалды,  білімдік,  жеке  дара  ерекшелігімен  жəне  əрине 

оның жалақысымен көтеріледі.Ұлт болашағының бағыт бағдары бүгін мектеп партасындағы 

отырған бүлдіршіндерге берілер біліммен, тəлім-тəрбиемен бағамдалады.Сондықтан мұғалім 

мəртибесін көтеру – мeмлeкeттің басты міндеті. Мектептердегі білім сапасын жақсарту үшін 

алдымен  мұғалімдердің  кəсіби  шеберлігін  арттыру  қажет.  «Қазақстан-2050»  стрaтeгиялық 

дaмy  бaғдaрламасы  аясында  жұмыс  жасап  жатқан  біздің  Тəуeлсіз  мемлекетімізде 

мұғалімдерге  қажетті  жағдайлар  жасалынған  деп  санаймын.  Жалпы,   Aтa  Заңымыз 

Кoнституцияға  сəйкес,   Қaзaқстaн  aзaмaттарының  құқықтарымен  бостандықтарына  қажетті 

барлық   жағдайлар  қарастырылған.  Бұған  қоса  «Білім  туралы»  заңда  білім  беру  саласына 

қатысты заңнамалық  шарттардың нормалары нақты белгіленген. Елбасы өзінің Жолдауында 

«Біз мұғалім мəртебесі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз», – деп атап көрсеткен болатын. 

Соған  сай,  ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрлігі  ұстаз  мəртебесін  көтеру  бағытында  біршама 

жұмыстар атқарып жатыр. Арнайы «Білім туралы» Заңға (Қазақстан Республикасының 2007 

жылғы

27

шiлдедегi



N319

Заңы)  педагог мəртебесі туралы жеке тарау енгізілді. Аталған тарауда «мемлекет қоғамдағы 

педагог  қызметкерлердің  ерекше  мəртебесін  таниды  жəне  кəсіптік  қызметін  жүзеге  асыру 

үшін жағдай жасайды» деп анық жазылған. Заңның осы тарауын орындау мақсатында қазіргі 

таңда ұстаздарға түрлі жағдайлар жасалуда. Мəселен, көтерме ақы беру, тұрғын үй алу үшін 

ұзақ  мерзімге  жеңіл  несие  беру  жəне  т.б.  көмектер  көрсетілуде.  Жылдан  жылға 

мұғалімдердің  жалақылары  өсуде.  Біз  тек,  осы  бағыттағы  жұмыстарды  жүзеге  асырып, 

Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асырсақ болғаны... 

420


         Кез келген баланың жүрегіне жол табу жүздің бірінің қолынан ғана келеді. Сондықтан, 

ұстаздардың еңбегін бағалауымыз қажет. Ал, ұстаздар өз кезегінде біліктіліктерін арттырып, 

заман талабына сай мұғалімдер болуы қажет. Білгенін оқушыға сіңіре білу нағыз талантты 

талап  етеді.  Қазақстанда  қазір  педагогтарды 89 жоғары  оқу  орны  даярлайды.  Əр  жыл  са-

йын  34 мың түлек бітіреді. Бірақ, бітірушілердің 10 мыңы ғана білім саласына жұмыс істеуге 

барады.  Сол  мектепке  жұмыс  жасауға  келген  адамдарды  нағыз  ұстаздыққа  тəрбиелеу 

мектепке  жүктеліп  отыр.  Қазақта  «Ұстазы  жақсының - ұстамы  жақсы»  деген  ұлағатты  сөз 

бар. Көргені көп ұстаздан тəлім алсаң, өмірде жолыңның оңғарылғаны. Əсіресе, бұл ұжымға 

жаңа келген жас маман үшін өте маңызды. Тəлімгерлік-тəрбиенің бір түрі. Бұл-бұрыннан бар 

дəстүр. Тек кейін, алдыңғы толқын ағалар кейінгі толқынды тəрбиелеу ісін сəл ақсатып алды. 

        Əлемнің  дамыған  жүйелерінде  жақсы  мұғалімді  тек  жақсы  мұғалімдер  тəрбиелеп 

шығара алады деген пікір қалыптасқан. Сондықтан тек жас мұғалімдерге ғана емес мектепте 

жұмыс  жасайтын  мұғалімдерге  де  оларда  тəлімгерлік  үдерісі  жүреді.  Эксперт  ұстаздар 

сабақтарға  қатысады,  өздерінің  пікірлерін  білдіреді,  сабақты  қалай  жетілдіруге    болатыны 

бойынша бірге ой бөліседі. Англияда тəжірибелі  ұстаздар  əріптестеріне көмек көрсетумен 

айнылысатын болғандықтан толық жүктемеден босатылады. Қытай (Шанхай), Жапония жəне 

Финляндия  елдерінде  мұғалімдер  бірге  сабақтарды  жоспарлайды,  бір-бірінің  сабақтарына 

қатысады  жəне  бір-бірінің  өсуіне  көмектеседі.  Бұл  қалыптасып  кеткен  дəстүр.  Сингапурда 

тəлімгер болу тəжірибелі ұстаздардың функционалдық міндеті. Тəлімгерлік үдерісін жүргізу 

арқасында  қысқа  уақыт  ішінде  жақсы  нəтижеге  жетуге  болатының  олардың  тəжірибесі 

көрсетіп отыр. 

         Мен  білім  жүйесінде 1988 жылдан  бастап  жұмыс  жасаудамын.  Еңбек  жолын  өзім 

оқыған  мектебінде  бастадым.  Кейін  аудандағы  алдыңғы  қатарлы  математика  бағытындағы 

мектеп-гимназиясында жалғасты. Алғашқы жылдары көптеген қиындықтар туды. Сондықтан 

да маған кездескен жəне көмегін аямаған адамдарға алғысым шексіз. Ол адамдар мен үшін 

«алтын»  адамдар  болды  жəне  солай  болып  қалады.  Қазіргі  жетістіктерімді  сол  адамдармен 

байланыстырамын.  

        Алғашқы  еңбек  жолдарым 90-шы  өтпелі  кезеңдермен  тұспа-тұс  келді...  Сол  уақытта 

экономикадан  кейін  мəдениетпен  бірге  білім  беру  жүйесі  де  құлап  бастады.  Бюджеттің 

тапшылығы  қатан  үнемдеу  режиміне  əкелді.  Ол  жалақы  төлемеу,  отмена  «выслуги  лет», 

мұғалім  жəне  медиктерге  коммуналдық  төлемдер  алынып  тасталынды.  Көптеген  жақсы 

мұғалімдер  мектептен,  салқын  жəне  ыстық  базарға,  жанұясын  асырау  үшін  саудамен 

айналысуға  кетті.  Бірқатары  басқа  жұмыс  тапты – тек  мектепте  емес.  Мұғалім  мəртебесі 

төмендеді. Қалғандары сабақ  беруді жалғастырып, митинг жəне көтерілістер өткізе отырып, 

мектепті  көтеруге  ат  салысты.  Білім  министрлер  қаншама  ауысты  сол  уақытта?  Санға 

жететін емеспін, білмеймін. Елбасының салиқалы саясаты арқасында 1997 жылы «Қазақстан 

- 2030» Стратегиясы қабылданды, бұл стратегия жақынарадағы 30 жылға білім беруді басым 

бағыты  етіп  айқындап,  бүкіл  елді  білім  беру  жүйесіне  бұрып  алды.  Мектептер  жөнделіп, 

жаңадан  салынып  бастады.  Замануи  техника,  сонын  ішінде  компьютерлермен  жабдықтала 

басталды.  Қазіргі  мектептегі  проблема – ол  компьютерлердің  ескіріп  кеткені.  Ал  бұл  екі 

бөлек  нəрсе.  Мектеп  оқушыларының  көбінде  үйде  компьютерлері  бар,  интернетке  шыға 

алады.  Осының  барлығына  қазақ  балаларының  қолдары  жетіп  жатқандарына  қуанышты 

нəрсе. «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  жəне  Великобритания  Кембридж 

Университеті  бірлескен  Бағдарламаның  құрылуының  өзі,  елімізде  білім  беру  жүйесін 

дағдарыстан  алып  шығуын  көздеп  отырғаны  түсінікті.  Мектептен  кетуді  ойға  алып  жүрген 

жоқпын.  Деңгейлік  курстар – бұл  мұғалімдер  қайта  даярлау  жүйесіндегі  ең  тəуір  курстар 

(қазіргі таңда). Мен ойымша, біраз жыл өткесін біздің білім беру жүйесін сингапур, ағылшын 

421


немесе финляндиялық жүйелер сияқты əлемде бағалай бастайды. Ұлттық идея бар! Тек қана 

аянбай  жұмыстану  керек.  Бізге  қызықтырақ  жəне  танымдырақ  сабақ  өткізетін  мұғалімдер 

қажет.  Бүкіл  əлемде  мұғалімдер  жаңа  əдістемелерді  пайдаланады,  ал  оқушылар  осындай 

əдістемелерге  мұқтаж.  Соның  бір  мысалы  ретінде  АКТ  (ақпараттық-коммуникативтік 

технологиялар). Ол осы бағдарламаның 7 тақырыптық модулінің бірі. Оқушылар мектептен 

тыс  жерлердегі  басқа  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу  мүмкіндігіне  ие  болу  үшін 

интернетті  пайдалана  білу  керек,  демек,  мұғалімдер  оқушыларды  интернетті  пайдалануға 

үйретуі қажет. Осы бағытта алға жылжи отыра, Қазақстан жаһандық мəдениеттің бір бөлігі 

болып қалыптасады.   

        Мен  оқушылар  жақсы  нəтижелерді  көрсететін  мектепте  жұмыс  істеймін,  бірақ 

мұғалімдер оқытуда алуан түрлі əдістемелер қолданса, одан да жоғары табыстарға жетер еді. 

Oсы  бағытта  қажет  болатын  жеті  модуль – сыни  тұрғысынан  ойлау,  оқытудың  жас 



ерекшелігіне  сəйкестігі,  оқу  үшін  оқимыз,  оқыту  нəтижелерін  бағалау,  оқыту  мен  оқуға 

жаңа  тəсілдер,  дарынды  жəне  талантты  балалармен  жұмыс  істеу.  Егeр  мұғалімдер 

расында да жақсы мұғалім болғысы келсе, сыныптағы жұмыста осы бағыттардың барлығын 

дамыту  маңызды  болып  табылады.  Мұғaлімдерге  өздерінің  сыныптағы  жұмысын  барынша 

заманауи  үлгіге  келтіріп  алу  үшін    осы  модульдерді  білуі  қажет. Oсы  мəселені  жақсы 

меңгерген  мұғалімдер  өз  ұжымдастарының  үлкен  мəртебесіне  ие  болады  деп  ойдамын. 

Oқушыларға көп білім алу керек.  Выгодский (Vygotsky, 1978)  олардың жақын арадағы даму 

аймағы (ЖAДA) өте үлкен кең болуы  мүмкін деп атаған, сондықтан мұғалімдерге осы бос 

орынды қажетті біліммен толтыру керек болады. Менің мектебімде  13 мұғалім (37%) жеті 

модульмен таныс, яғни осындай оқудан өтті. Сондықтан біздер мектепте салмақты күшпіз. 

Блэк  жəне  Виллиямс caбaқтарды  өткізуде  бағалаудың  маңыздылығын  атайды,  мұғалімдерге 

ocындай бағалayды қaлай өткізу керектігін білу маңызды. Мектепте былтырғы оқу жылында 

бағалау мəселесіне, критериалды бағалауға қатысты көптеген түсінік жұмыстaры жиындарда 

жүргізілді. Биыл дa сол жұмыстар жaлғасын табуда. 

        Мұғалімдер  қарастыруға  міндетті  болатын  модульдердің  тағы  бірі – дарынды  жəне 

талантты  балалармен  жұмыс  істеу  керектігі  туралы  мəселе.  Осындай  оқушыларға  өз 

дарындылығын  көрсетуге  мүмкіндік  беру  өте  маңызды.  Мұғалімдер  өз  оқушыларына 

осындай  мүмкіндікті  қамтамасыз  етуде  көмекке  мұқтаж  келеді.  Біздің  мектепте  есімдері 

Республика,  облыста  танымал  математика  пəні  мұғалімдері  еңбек  етеді.  Бұл  адамдардан 

аларымыз көп,  сондықтан олар  тек оқушыларға емес, мұғалімдерге арналған есеп шығару 

сабақтарын ұйымдастырып отырмыз. 

        Мұғалімдерге  АКТ  дағдыларын  жақсы  меңгеру  қажет,  себебі  ол    келешектегі 

Қазақстанның  білімі  үшін  өте  маңызды.  Жалпы  мектеп  мұғалімдері  компьютер 

бағдарламаларымен  жақсы  таныс.  Былтырғы  оқу  жылында  бізде  электрондық  оқыту 

еңгізілді. Сабақта интернет сайт қолдану мəселесі бойынша бір топ мұғалімдерімен коучинг 

өткізілді. 

         Барлық мұғалімдердің сабақта топтық əдістемені қолдануы өте маңызды деп санаймын, 

себебі  Н.  Мерсердің (2000 ж.)  пікірінше  сыни  тұрғысынан  ойлау  оқушыларды  қалай  оқу 

керектігіне  үйрететін  ең  тамаша  тəсілдердің  бірі  деген.  Александердің (2008) 

пайымдауынша,  диалог  арқылы  мұғалімдер  күнделікті  ойталқыларда  «саламатты»  келешек 

мүмкіндіктерін  анықтап,  оқушылардың  дамып  келе  жатқан  идеяларымен  жұмыс 

жасауларына жəне түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады деген /МАН І-деңгей, 26 

бет/. Менің мектебімдегі мұғалімдерге сыныпта жаңа идеяларды енгізу жəне Қазақстандағы 

білімге қойылған жаңа тəсілдердегі өзгерістерді қамтамасыз етуде көмегім қажет болады деп 

білемін.   

422


       «PISA»  бағдарламасы  рейтингілерінің  кестесі  бойынша  жоғары  көтерілу  үшін 

Қазақстанға  білім  жүйесіне  өзгерістерді  енгізу  қажет.  Ең  қабілетті  оқушылар  ең  үздік 

мұғалімдерде оқығаны дұрыс болады, себебі   мұғалімдер ең табысты мектептердің бірінде 

қызмет  істегісі  келсе,  олар  ең  жоғары  деңгейге  сəйкес  келуі  керек.  Мектептің  соңғы 

жылдардағы  жетістіктері,  мұғалімдердің  айтуы  бойынша,  инновациялық  технологияларды 

қолдану жəне зерттеу жүргізудің нəтижесі. Мектеп мұғалімдері оқыту мен оқу тəжірибесіне 

жаңа  тəсілдерді  енгізу  мақсатында  жұмыстануда.  Ұстаздар  ұжымы  өз  тəжірибелерімен  əр-

түрлі  жиындарда,  баспасөз  беттерінде  белсенді  түрде  бөлісуде.  Қорыта  айтсам,  мектепте 

ұстаздардың  кəсіби  өсуіне  толық  жағдай  жасалынған.  Тəжірибелі  мұғалімдердің  орнын 

лайықты  деңгейде  басқа  ұстаздар  басатындай  болу  керек.  Сондықтан  да  мектепте 

тəлімгерлік жүйесін дамыту – мектептің өзекті мəселесі.   

      «Сəулет»  мектеп-гимназиясы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 1996 жылғы 

«Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы 

Жарлығына  сəйкес  талантты  жастарды  қолдау  мен  дамыту  мақсатында 2002 жылы 2 

қыркүйекте  Тасқала  ауданында  жаратылыстану-математика  бағытында    ашылды.  Бірінші 

уақытта  аз ғана  оқушымен,  кішкентай  ғимаратта.  Мектеп-гимназияның  ашылуының  басты 

себепкері  болған  ауданда  кəсіби  шеберлігі  жоғары,  өз  ісініне  жоғары  жауапкершілікпен 

қарайтын,  энтузиаст,  облыс  көлемінде  танымал  математика  пəні  мұғалімдері  болғаны.  Осы 

мұғалімдеріміздің мектебімізге сол кезде енгізген əдіс-тəсілдері: 

1. Мектеп  дарынды  жəне  талантты  балаларды  (математика,  физика  пəндеріне  икемді)

оқытуға  арналған  болатын,  сондықтан  мұғалімдер  балаларға  білім  беруде  барынша

жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысты.

2. Креативті, дивергентті жəне сын тұрғысынан ойлау орын тапты. Себебі оқушылар,

ата-аналар,  құрылтайшы,  аудан  жұртшылығы  алдында  үлкен  жауапкершілік  тұрды.

Олардың сенімін қалай да ақтау жəне де дəлелдеу керек болды.

       Соған  байланысты  бір  мəселенің  бірнеше  шешімін  тауып,  оларға  өзгеше  қарап, 

шығармашылықпен,  ерекше  тəсілдермен  шешуге  тура  келді.  Соның  нəтижесінде 

оқушыларда ерекше мектепке деген патриотизм сезімі пайда болды, қалайда қиын есептерді 

шығаруға  тырысу,  облыс  көлеміндегі  өтетін  жарыстарда  орын  алу,  соның  арқасында 

мектепті  танытуға  ұмтылыс.  Оқушылар  облыстық  математикалық  регатада  орын  ала 

бастады,  содан  кейін  облыстық  пəн  олимпиадасында,  республикалық  ғылыми  жарыста 

көрінді.  Интернет  жүйесіне  шығу,  алғаш  рет  қашықтықтан  оқыту  сол  жылдары  алғаш  рет 

ауданда  гимназияда  жүзеге  асты.  Гимназияда  оқушыларды  өзгеше  (критериалды)  бағалау 

жүйесі (гимназиялық баға) енгізілді. Мектепке мұғалімдер конкурс негізінде іріктелді, аудан 

мектептеріндегі ең мықты мұғалімдер қабылданды. Университет бітірген жас ұстаздар келді. 

Оларды  ұжым  ретінде,  жас  жəне  тəжірибесі  аз  мұғалімдерді  үйрету,  педагог  ретінде 

қалыптастыру  мектеп  басшысы  мен  тəжірибелі  мұғалімдерінің  басты  міндеттерінің  бірі 

болып саналды. Ақырында нəтижеге бағытталған оқу-тəрбие үдерісі орнатылды. 

       Білім  беру  ұйымның  беделі  жылдар,  кейбірде  ғасыр  өткен  соң  орнатылады.  Егер 

мектептің  беделі  жоғары  болып  орнатылса,  ол  айналасына  энергияны  шашып  «маховик» 

секілді  жұмыс  жасай  бастайды.  Мектеп  танымал  жəне  беделі  жоғары  болса,  оның 

мүмкіншіліктері  де  жоғарылап  бастайды. «Сəулетте»  жұмыс  жасайтын  мұғалім  немесе 

«Сəулетті» бітірген оқушы» - үлкен бренд болып əлі де саналады. Жыл сайын жазғы уақытта 

мектепке  қабылдау  емтиханы  жүргізіледі.  Сол  күнді  өз  басым  толқумен  күтемін: «Қанша 

оқушы  келеді  мектепке,  қандай  оқушылар  келеді?»  деген.  Енді  сол  күні  мектеп  айналасы 

балалармен, ата-аналармен толып кетсе, мектебің үшін қуаныш жəне мақтаныш сезім пайда 

423


болады.  Осы    жерде  тағы  бір  мектептегі  дəстүр  (əдет)  туралы  айтуға  болады:  Біздер  бір-

біріміздің жетістіктерімізге бірге қуана білеміз! 

       Қазіргі таңда мектепке 12 жыл толды. 2011 жылы жаңа 300 орын мектеп жəне 100 орны 

бар  интернатқа  көштік. «Сəулет»  мектеп-лицейіне  айналдық.  Мектептің  материалдық-

техникалық  базасының  жағдайы  қазіргі  заман  талабына  сай,  жаңа  үлгідегі  физика,  химия, 

биология,  мультимедиялық  кабинет,  мобильдік  интерактивті  кабинеттер, 8 интерактивтік 

кабинет  бар.  Мектептің  статусы:  жаратылыстану-математика  бағытындағы  мектеп-лицей. 

Мектепке оқушылар конкурстық негізде 5-сыныптан бастап қабылданады. Құрылғыларымен 

жабдықталған  спортзал  бар.  Мектеп  ауласында  спорттық  алаңдар  бар.  Мектеп  оқушылары 

аудандық,  облыстық  пəн  олимпиадасына,  ғылыми  жоба  сайыстарына  қатысып  жүлделі 

орындар  иеленуде.  Сонымен  қатар  «Ақ  желкен»  облыстық  математикалық  регата, 

«Апельсин»  физика-техникалық  турнирі, «Бесінші  элемент»  химиялық  турнир, 

Республикалық  Президенттік  олимпиадасы,  Облыстық  техникалық  олимпиадасында 

жеңімпаз  атанып,  дипломдармен  марапатталуда.  Мектепті  ақпараттандыру  мəселесі 

қанағаттанарлық.  Жоғарғы  жылдамдықпен  Интернет  желісіне  қосылған,  өткізілетін 

интерактивтік  барлық  қашықтық  сабақтарға  белсенді  қатысамыз. 2013 жылдан  бастап 

мектепте  электронды  оқыту  енгізілді (e-learning). Алдыңғы  қатарлы  технологияларды  оқып 

үйрену  жəне  оқу  үрдісінде  пайдалану  мектепте  маңызды  мəселе  деп  саналады.  Бұл  жұмыс 

жүйелі де мақсатты түрде жүзеге асырылуда.  

       Мектепке  оқушылар  конкурс  негізінде  қабылданатын  болғандықтан,  келген  оқушының 

мотивациясы  жоғары  болады.  Себебі  ол  жақсы  білім  аламын  деп  келеді.  Сондықтан  да 

мектеп  мұғалімдерін  білім  іздеп  келген  оқушылардың  ниеті  ынталандырады,  ізденіске 

итермелейді. Мұғалімдердің бір-бірімен тəжірибе алмасу, бір-бірінің сабақтарына бейресми 

түрде қатысу дəстүрге айналды. «Жақсы нəтижелерге қалай жету керек?» деген сұрақ барлық 

мұғалімдерді толғандырады. Себебі білімінің дəрежесіне, кəсібилік деңгейіне қарамастан кім 

болмасын өзінің үздік нəтижесін үнемі ұстап тұра алмайды, білімді үнемі жетілдіріп отыру 

керек.  

        Бірінші деңгей мұғалімі ретінді əлемнің дамыған елдерінің білім жүйесін сараптаутауға 

тырыстым,  одан  шыққан  қорытынды:  оқушылардың  білім  сапасы  мұғалімдердің  оқыту 

сапасымен  тікелей  байланысты.

 

Ойшыл  Плутарх  кезінде  былай  депті:“…Көптеген  табиғи 



талант  дарынсыз  ұстаздардың  кесірінен  жойылып  кетеді.  Олар  дарынның  табиғи 

құбылысына  терең  бойлай  алмай,  тұлпарды  есекке  айналдырып  құртып  тынады”. 15 жыл 

бұрын жүргізілген маңызды зерттеуде, штат Теннеси (АҚШ) көрсеткіші бойынша, егер екі 8 

жасар  орташа  қабілеттері  бар  оқушыға  екі  əр  түрлі  мұғалімдерді  жүктесе:  біреуі – жоғары 

білікітігі,  ал  екіншісі – төмен  біліктілігімен,  онда    үш  жыл  өткеннен  кейін  олардың  оқыту 

нəтижесін  салыстырғанда,  айырмашылықтары 50 пайыздық  көрсеткіште  болған. 

Қорытынды:  əр  түрлі  елдерде  өздерінің  ерекшеліктері  болса  да,  барлығы  да  мұғалімнің 

жұмыс істеу сапасына  үлкен көңіл аударатыны, себебі тек осы фактор білім сапасына əсер 

етеді. Бір қатар елдерде тек жас мамандарға емес, бірнеше жыл істеп жатқан мұғалімдерге де 

тəлімгер  жүктеледі.  Эксперт  мұғалімдер  сабақтарға  қатысып  қарайды,  өздерінің  пікірлерін 

білдіреді,  бірге  оқыту  барысын  жоспарлайды,  көмек  көрсетеді.  Осындай  көзқарас  əрине 

мұғалімдердің өсуіне ықпал ететіні белгілі жəне тəжірибе көрсеткендей, қысқа уақыт ішінде 

(3  жыл  ішінде).  Білім  беру  жүйесі  дамыған  елдерде  тəлімгерлік  үдерісі  жүйелі  түрде  орын 

алған, мысалы Жапонияда. «Ең күшті американдық мұғалім зейнетке шыққанда бірге оның 

сабақ жоспарлары жəне оның жасақтаған əдістемелері де бірге кетеді. Ал жапондық мұғалім 

кеткенде, артында мұра қалдырып кетеді» деп айтуда.       Сондықтан да мойындалған болар: 

жақсы ұстазды тек жақсы ұстаз тəрбиелей алады жəне тікелей сабақ беру барысында. 

424


       Бірлескен оқу – өзара іс-əрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нəтижеге 

немесе  мақсатқа  жетуге  ықпал  етуге  бағытталған    өзара  əрекеттің  құрылымы  болып 

табылады.  Бірлескен  оқу ... жеке  философия  болып  табылады.  Адамдар  топтарға  бірлескен 

барлық  жағдайларда  топтың  жекелеген  мүшелерінің  қабілеті  мен  іске  қосқан  үлесі 

құрметтеліп,  ескерілетін,  адамдармен  жұмыс  істеудің  басқа  тəсілі  орын  алады  /МАН , 36-

бет/.  


   7  модульдің  оқушы  санасына  білімді  жүйелі  түрде  меңгеруіне  жəне  оқушының  қабілет 

деңгейлерін  дамытуда  маңызы  ерекше  екендігіне  көзіміз  жетті.  Олай  дейтінім  бұл  əдістер 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттырып,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге, 

қорытындылар  жасауға,  жүйелі  білім  алуға  жетелейді.  Ең  алдымен  бұрын  сабақ 

жоспарланған  кезде,  өзіміз  үшін  жаздық,  ал  енді  оқушылардың  даму  деңгейін,  жас 

ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп ойластыратын болдық. Əдеттегідей мақсат пен 

міндет  белгілеп  алған  соң,  мынадай  аспектілерге  назар  аударамыз:  мен  үшін  сабақтан 

күтілетін  оқу  нəтижесі,  сабақтың  негізгі  идеясын  анықтау,  оқушыдан  күтілетін  нəтиже, 

сабақтың маңыздылығы. Сабақты жоспарлағанда: 

-

  бұрынғы білімін қалай пайдалана алады ? 



-

   өмірден алған тəжірибесінің əсері ? 

-

  сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар ? 



-

  қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-əрекет қолдану керекпін ?  

-

  өздері өздерін бағалай алама ? - деген сұрақтар туа бастады.  



Бұл сұрақтардың бəріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болады. Бастапқы кезде өте 

қиын. Жоспар құрған кезде ең түйінді мəселені табуда қиналамыз.  

Топтарға  бөлу  əдісін  де  сабақ  мақсатына  қарай  қарастырылады.  Егер  оқушының 

қызығушылығы  оянса,  онда  ол  сабаққа  белсенді  қатысады.  Осы  кезеңде  АКТ-  ны 

пайдалануды  жөн.  Оның  тиімділігі:  əрі  көлемді,  əрі  қызықты  болып  көрінеді. 

Тапсырмалардың  бəрін  айтпай-ақ  тақтаға  жазып  қойса,  уақыт  үнемдеуге  көмектеседі  жəне 

мұғалімге  аз  сөйлеуге  мүмкіндік  береді.  Мағынаны  тану  барысында  мəтінмен  жұмыс 

жасағанда СТО жобасының стратегияларын пайдаланған өте тиімді. 

       Біздің  мектебімізде  математика  пəні  барлық  сыныптарда  тереңдетіліп  оқытылады. 

Осындай  бағдарлама  аясында  көптеген  күрделі  тақырыптар  түсіндіріп,  күрделі  есептерді 

оқушыларға шығаруға үйретіледі. Мектеп мұғалімдері түрлі облыс деңгейіндегі математика 

есептерін  шығарудан  кəсіптік  сайыстарға  қатысады.  Сондықтан  да  мұғалімдер  үнемі  есеп 

шығару  арқылы  жаттықтану  керек.  Осыны  есепке  ала  отырып  мектептің  математика  пəні 

мұғалімдері  бірлескен  түрде  есептер  шығару  арналған  топ  құрылды.  Топтың  жұмысында 

мұғалімдер арасында есептер шығаруға үйрету, олимпиадалар өткізу болып отыр. Күтілетін 

нəтиже:  математика  мұғалімдерінің    білімдерінің  жетілуі.  Топты  басқаратын  тəжірибелі 

атақты  математика  пəні  мұғалімдері.  Осындай  жұмыстың  ұйымдастырылып  отырғанына 

қуаныштымын, себебі «бұл өзгерістер белігі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай əсер етеді ... 

Осылайша,  оқушыларды  оқытудағы  жаңа  тəсілдер  мұғалімдерді  оқытуда  да  жаңа 

тəсілдердерді талап етеді».  

         Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мəртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда 

425


еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 

жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 

Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, 

зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дəстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті 

мамандар  даярлаушы  кəсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты – 

мамандықтарды  игерту  ғана  болса,  ал  қазір  əлемдік  білім  кеңестігіне  ене  отырып,  бəсекеге 

қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нəтижеге 

бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет