Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық орта жалпы білім



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық орта жалпы білім 
беретін мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Нсанғалиев Еркін Меңдіғұлұлының
3 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Апта 
Күні : 20 қараша , 2013 жыл 
 Сабақ №2
Сабақтың тақырыбы 
Тарау:   «Қыс бейнесі»
Тақырыбы:   «Астана – Азияның ару қызы»
Жалпы мақсаты 
«Астана – Азияның аруы» өлеңін мәнерлеп, сауатты оқуы, өзара әңгіме 
сұхбат жүргізу. Астана туралы өз ойларын еркін жеткізе білуге 
машықтандыру арқылы ойларын дамыту, шапшаңдыққа үйрету.
Күтілетін нәтижелер 
Астана туралы, Қазақстанды сүю, құрметтеу туралы түсінік қалыптасады. 
Тіл байлықтары дамиды. Астана туралы еркін әңгімелейді.
Тапсырмалар 

Әңгіме – дебат 

Деңгейлік тапсырмалар орындау 

Әңгіме құрастыру 

Астана тақырыбына ой бөлісу. Постер қорғау.
Керекті жабдықтар 
Оқулық, дәптер, ақ парақтар, плакат, маркерлер мен бояулар, бағалау 
парағы, Астана қаласының суреттері мен слайдтар.
Сабақ кезеңдері 
       Мұғалім әрекеті 
    Оқушы әрекеті 
Кіріспе 
Тұлғааралық байланысты орнату 
Сыныппен амандасу.
«Күлімдейік » тринингі. Оқушылар бір – 
біріне тілек айтады.
Қала туралы айтып оқушыларды үш топқа 
бөлу.
Бағалау парағы үйлестіріледі. Критериилері 
түсіндіріледі.
Үй тапсырмасын тексеру:  «Ырыс - сыр»
( Берілген 15 сұрақтарға «+», «-» 
таңбаларымен белгілейді, аңыздың мазмұнын
1 -2 оқушыға әңгімелету)
Сөзжұмбақты шешу 
Әр оқушы бойында 
сыйластық қасиеті оянады.
Қалаларды айтып топқа 
бөлінеді. Топ ережесін 
айтады. Өз рөлдерін анықтап
алады. 
Оқушылар өткен сабақты 
еске түсіреді, ойланып жауап
береді. 
Сөзжұмбақты шешеді. 
Тақырыпты және сабақтан 
күтілетін нәтижені анықтап 
алады
Тұсаукесер 
Оқулықпен жұмыстану. Өлеңді мәнерлеп 
оқып таныстыру.
Әр топтан бір – бір оқушы өлеңді мәнерлеп
оқу.
«Астана» әнін тыңдау арқылы  Астана 
сөзіне тіркестер айту.
«Астана» дегенде көз алдарыңа не 
елестейді?»  деген сұрақ бойынша 
Схема арқылы өз теңеулерін үш топ постер
арқылы қорғау.
Деңгейлік сұрақтар қою. «Астана қай 
жерде орналасқан? Оны картадан көрсете 
аласың ба?»
(Астананы Қазақстан картасынан көрсету.)
Жұптық жұмыс жүреді.
Оқушылар білімі негізінде
жауап береді.
Жұптық, топтық жұмыс 
жүреді. Топтастыру арқылы  
«Астана» сөзіне  ассоциация 
құрады, оны постер арқылы 
әр топ қорғайды.
Оқушылар Астананы 
картадан көрсетіп 
әңгімелейді.
Негізгі бөлім 
Астана туралы слайдтар көрсетіледі.  Ой 
бөлісу:
      (деңгейлік сұрақтар дайындау) 
Сергіту сәті.
            Топтық тапсырмалар орындау.
І топ:  Ақын Астананы неліктен ару қыз 
деп сипаттайды?  Өз ойларын постер арқылы 
Слайдты көріп, ой 
бөліседі.
Оқушылар өздерінің 
пікірлерін айтады.
Әр топ өздерінің 
постерлерін қорғау, 

білдіру.
ІІ топ   Өлеңдегі айқабақ, жайма – шуақ, 
жүз деген сөз тіркестерін қатыстырып 
Астананы сипаттап жазу, постер қорғау 
ІІІ топ  Астанаға арнап өлең шығару. 
әңгімелеу.
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ 
ТОСҚАУЫЛЫН ЖОЮДАҒЫ АКТ МҮМКІНДІКТЕРІ» БАЯНДАМА
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық орта жалпы білім 
беретін мектебінің ІІ санатты ағылшын тілі  пәні мұғалімі мұғалімі 
Жалмуханбетова Жазира Серікбайқызы 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай 
мүдделі жаңа  білім беру өте қажет»  Н.Ә.Назарбаев     
«Білім   берудегі   АКТ»   ұғымы   «оқытудың   жаңа   ақпараттық   технологиялары»,   «қазіргі   ақпараттық   оқыту
технологиялары»,   «компьютерлік   оқыту   технологиялары»   және   т.б.,   тіркестермен   тығыз   байланысты.
Ақпараттық   –коммуникациялық   технология   электрондық   есептеуіш   техникасымен   жұмыс   істеуге,   оқу
барысында   компьютерді   пайдалануға,   модельдеуге,   электрондық   оқулықтарды,   интерактивті   тақтаны
қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 
Ақпараттық-коммуникациялық   технологиялардың   көмегімен   мұғалімнің,   оқушының   шығармашылықпен
жұмыс   істеуіне   жол   ашылып   отыр.   Ақпараттық-коммуникациялық   технологиялардың   (АКТ)   дамуы   білімді
бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде
қолданылатын   әдіс-тәсілдер,   әдістемелер,   технологиялар   жаңартылып   отырады.   АКТ   оқушыларға   ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ
беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып
қолдануды қажет етеді. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту барысында қарама-
қайшылықтар   кездесіп   отыр.   Атап   айтқанда   құрал   –   жабдықтардың   жетіспеушілігі,   құрал   -   жабдықтарды
қолдана білетін мамандардың аздығы, осыған орай оларға ақпараттық құралдарды қолдануды үйрету арқылы
жетілдіру әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз
іс-тәжірибесінде көптеген  қиындықтармен, кедергілермен  кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін
жетілдіріп   отыруы   қажет.   Мен   де   оқыту   тәжірибемде   жетістіктерге   жету   жолдарын   қарастырудамын.
Оқушылар   өз   пікірлерін,   көзқарастарын   еркін   және   ерікті   түрде   білдірсе   екен   деп   ойлаймын   «Мұғалімге
арналған   нұсқаулықтан»     білім   берудегі     Кембридждік   әдістің   теориялық   негізін   оқып,   таныса   отырып,
оқытудың   жаңаша   әдіс-тәсілі  
 БІЛІМ   БЕРУДЕ   АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ модульін практикалық түрде қолдану арқылы  оның артықшылықтарына
көз жеткіздім. Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы
басты құрал болып табылатын АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескеріп отырдым.  
Негізгі көздейтін мақсатым:
Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру;
Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету;
Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту;
Тіл тосқауылын жеңу мақсатында аудио, видео жазбаларды пайдалану;
Негізгі оқулықтан тыс ғаламтордан салыстырмалы ақпарат көзін беру;
Ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру;
АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеу;
Заман талабына сай компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру;
Электрондық оқулықтарды пайдаланып  жұмыс істеуіне жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже:
Қызығушылықты оятады;
Сабақ беру әдісі өзгереді;
Оқушылар ізденуге үйренеді;
Ғаламтордан баламалы ақпарат көзін алады және сол арқылы өз білімін толықтырып, уақытты үнемдейді;
Оқушы интерактивті тақтамен жұмыс істейді;
Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді;
Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады;

Ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады; 
Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен  мәтінді тыңдайды, бейнесюжеттерді көре
алады;
Видео, аудио жазбалар негізінде тіл тосқауылын жеңеді;
Электрондық оқулықты пайдаланады
Жетістігім: 
Оқушылар  компьютерде жұмыс жасауды біледі; 
 АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеді; 
Компьютерлік сауаттылығы қалыптасты; 
Видео және аудио жазбаларды тыңдауда қызығушылықтары артты;
Электрондық оқулықтарды пайдаланып  жұмыс істеуіне жағдай туғыздым. 
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру,
жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауатылығын жетілдіру, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік
ағылшын тілі бастауыш сыныптардан  бастап  оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін
сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы
түсінеді. Мысалы ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі – шетел тілінде ән үйрету. Ағылшын тілінде
оқушылардың тіл тосқауылын жеңу мақсатында әндерді, жаңа сөздерді видео, аудио таспадан тыңдау арқылы
пайланамын.  Шет   тілі   сабақтарында   әндерді   пайдаланғанда,   оны  мұқият    таңдап   алу  қажет.  Өйткені   жаңа
лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының  деңгейіне
қарай таңдалып алынады.
Электрондық оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына
бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады..
Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда
компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.   Уақытты пайдалануда тиімді. Бұл әдістердің барлығы
оқушының ағылшын тіліндегі тіл тосқауылын жеңудегі бірден-бір себеп деп ойлаймын.
 
Мен   өз   тәжірибемде–   АКТ-ны   үнемі   қолданамын,   электрондық   оқулықтарды   пайдаланған
сабақтарымда АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға
тырыстым.   Оқу   үдерісінде   АКТ   қолдану   оқытушының   жеке   іс-тәжірибесіне,   шығармашылық   ізденісіне
байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер
енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс
жасауға   жігерлендіреді.   Сабақта   АКТ-ны   қолдана   отырып,   оқушылардың   білім,   білік   дағдыларын
қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен  сабаққа қажетті  деректерді  өз
бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануына, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға
себепші болуға болады. 
            Мысалы 5 сыныпта «What’s this?, How many stamps have you got?, Whose T-shirt is this?,» тақырыбында
өткізген  сабақтарымда интербелсенді тақтадан жаңа сөздермен таныстырудан бастап, жеке-жеке оқушыларға
сөздерді оқыттым. Тақырыпқа байланысты оқушылардың электронды оқулықтағы суреттер арқылы ағылшын
тілінде қандай  спортың түрлерін білетіндігін анықтадым. Оқушылардан осы суреттің қай спорттың түрі екенін
сұрадым.«Ой қозғау» сатысында «орнын тап» бөлімінде суреттердегі адамдар мен құрал жабдықтардың атауын
тиісті орынға қою керек болатын. Бұл жерде мен үлгерімі төмен оқушыларды шығардым. Олардың сабаққа
деген   қызығушылығы   жақсы   деңгейде   болды.   «Сөйлемді   толықтыр»   бөлімінде   оқушылар   өз   алдарындағы
ноутбуктен   тапсырма   орындап   интербелсенді   тақтадан   мәтінді   тыңдады.   Электронды   оқулықтағы   суреттер
оқушыны сабаққа қызықтыра түссе, мұғалімге қосымша құрал болады деп айта аламын.             Қорытынды
сабақтың   бекіту   бөлімінде   электрондық   оқулықтан   тест   тапсырмасын   өткіздім.   Бұл   құралдың   тиімділігі
оқушылардың жауаптары бірден бағаланады. Бұл оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді. Оқу
үдерісінде   АКТ   қолдану   оқытушының   жеке   іс-тәжірибесіне,   шығармашылық   ізденісіне   байланысты.   АКТ
оқыту   формасын   ұйымдастыруды   түрлендіруге,   дәстүрлі   оқыту   әдістеріне   жаңа   элементтер   енгізуге
мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға
жігерлендіреді.   Сабақта   АКТ-ны   қолдана   отырып,   оқушылардың   білім,   білік   дағдыларын   қалыптастыруға,
логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне,
техникалық   құралдармен   жұмыстануына,   компьютерлік   сауаттылықтарын   қалыптастыруға   себепші   болуға
болады. 
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл,
орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған
байланысты  қай   тілді   меңгерсек   те  оны   әдемі,  таза,  шебер  сөйлей   білуміз   керек.  Шет   тілін   оқыту  үрдісін
жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар
тәрбиелеу. Сондықтан да мен ағылшын тілі сабағында оқушылардың тіл тосқауылын жеңу мақсатында түрлі
әдіс-тәсілдерді қолданып, нәтижеге қол жеткізуім керек.

Осы баяндаманы қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім: Қазір техниканың дамыған
заманы,   интерактивті   тақтаны   пайдалану   көп   мектепте   жүзеге   асырылған,   соның   негізінде   мұғалімдерге
әдістемелік көмек әлі де көбірек көрсетіліп, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстары да нақтылы әрі жан-
жақты қолға алынса деймін. 
АКТ технологиясының тың әдістерін дамыту.
ПШО әріптестермен кеңесу арқылы, білімімді толықтыру, жетілдіру. 
Подкаст жасауды жетілдіру.
  Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып,
үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет. 
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық орта жалпы білім 
беретін мектебінің ІІ санатты тарих пәні мұғалімі мұғалімі
Салимбаева Жанар Дүйсенбайқызының 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сыныбы:
8  а сынып
Сабақ тақырыбы:
Абылай тұсындағы қазақ хандығы
Мақсаты:
Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің  іргетасын 
қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып   Қазақ 
жеріндегі тұңғыш дербес мемлекет қазақ хандығының құрылу тарихы, 
оның алғашқы аумағы мен алғашқы хандары туралы оқушылардың білім 
деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан-жақты білім қорын 
молайту.
Топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, сыни тұрғыдан ойлауға, 
салыстырмалы талдау жасауға, жүйелі қорытындылауға үйрету және 
шығармашылық қабілеттерін шыңдау.Мәселені тарихи шындық 
тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру.Өзара ынтымақтастықты 
және өзара баға беруді   дамыту.
Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа 
үйрету. Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекетінің 
негізінде ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Түйінді идея:    
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.Топпен жұмыс жасауға  және ортақ 
пікір туғызуға, өзгенің және өзінің іс -әрекетіне баға беруге үйрену. АҚТ-
ны қолдану
Күтілетін нәтиже:
1
      Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.                                            
 Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық 
ахуалы қалыптасады.      СТО әдістері арқылы пәнге белсенділігі артады
Сабақ әдісі 
Блум таксономиясы; СТО стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, 
баяндау, талдау
Ресурстар
үлестірмелі парақша,кестелер, карта, ватман, маркер, стекер
Сабақтың 
барысы
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру Бүгінгі біздің 
сабақ өте ерекше өтеді. Себебі 
балалар біз қазір 3-топқа 
бөлінеміз.
Топқа бөлу
1-топ Тарихшылар 2-топ Әдебиетшілер
3-топ Географтар
Тұсаукесер
1.ХШ ғ. қазақ жерлерін 
қалпына келтіріп билік 
жүргізген хан?
2. Қазақ хандығының 
алғашқы құрылған кезеңіндегі 
территориясы?
3. Қазақ хандығымен алғаш 
қарым-қатынас жасаған 
мемлекет?
Сұрақтарға жауап береді 
1.Ж: Абылай.
2. Ж: Шу мен Талас өзендерінің маңы.
3. Ж: Моғолстан
Негізгі бөлім
(Топтық жұмыс) жаңа 
сабақты топтық жұмыс 
барысында оқушылардың өз 
бетімен меңгеруіне жағдай 
жасау: а) оқушылар төмендегі 
«Білу», «Түсіну», «Талдау», 
«Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес
1-топ Тарихшылар      А) Абылайдың балалық 
шағы, жігіттік кезеңі; 
2-топ Әдебиетшілер   Ә) Абылай қолбасшы, саяси 
қайраткер;
3-топ Географтар        Б) Абылай кезіндегі Қазақ 
хандығы;

тапсырмаларын өздері 
толтырады (10 
минут); ә) жауаптарын 
мұғаліммен бірге талдайды (10
минут). Нәтижесі ауызша 
марапатталады.
Теориясы:«Біл
у»
(тақырып 
мазмұны 
бойынша
кім?
не?
қандай? 
қалай?нені? 
қашан?
не істеді? 
Бос орындарға қажетті 
сөздерді жазу таратпа 
карточкалар беру
1. Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени 
қайраткеріАбылайхан болды.
2. Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметінің бағыты: бір
орталықтан басқаратын әрі ешкімге тәуелсі
 
 з мемлекет
құру.
3. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар 
басқыншыларынабірнеше мәрте соққы
 
  берді.
4.Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап, 90 адам 
елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 
қыркүйекте Абылайды тұтқыннан жоңғар 
елінен тұтқыннан шығарып алды.
5. 1756 жылы Абылайдың бастауымен 
қазақтар қытайлар мен қалмақтарды біріккен 
күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде 
жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.
6. 1765, 1770, 1779 жылдары Абылай 
мазасыз қырғыздарға жорықтар жасауға мәжбүр 
болды.
7. 1711 жылы Абылайхан Түркістанда дүние келді. 
Оның азан айтып қойылған 
аты Әбілмансұр болатын. 1781 жылы Тәшкеннен 
Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салып, Қожа
Ахмет Яссауи кесенесінежерленді
Теориясы: 
«Түсіну»
(неге?
неліктен?
себебі?
не үшін?
 
   
Себебін анықта:
1.Абылай қандай 
қасиеттерімен ерекшеленеді?
2.Абылай өзінің хандық 
қызметінің ішкі және сыртқы 
саясатында қандай мақсат-мүдде 
ұстанды?
3. Абылайдың қазақ тарихында
алатын орны неден көрінеді?
     А) Абылайдың балалық шағы, жігіттік 
кезеңі; Абылай қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?
Ә) Абылай қолбасшы, саяси қайраткер; Абылай 
өзінің хандық қызметінің ішкі және сыртқы саясатында 
қандай мақсат-мүдде ұстанды
Б) Абылай кезіндегі Қазақ хандығы; Абылайдың 
қазақ тарихында алатын орны неден көрінеді?
1. Ж.Шешен, тапқыр, батыл, ержүрек, әділ, адал, күші 
зор қолбасшы.
2. Ж. Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату-тәтті 
көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей 
мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланысын 
орнатты. Іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және 
сыртқы саясат жүргізді. Қытай үкіметімен де 
дипломатиялық қатынас орнатты.
3. Ж. Оның басты мақсаты: ешкімге тәуелсіз дербес 
қазақ мемлекетін құру.
Теориясы:
«Талдау»
(1.Салыстыр,
2. 
Айырмашылығы 
неде?
3. Ұқсастығы 
неде?
4.Тақырыптың
басты идеясын 
жаз деген 
тапсырмалар 
болу керек. 
Немесе 1-3 
тапсырмалардыВ
1. Жылдарды сөйлетейік (кесте толтыру)
 
Жылдар
Болған оқиғалар
1756 жылы
Қытай өкіметімен дипломатиялық 
орнатты.
1757 жылы
Тарбағатай тауының солтүстік 
сілемдерінде қытай әскерлерімен 
Абылайдың жаужүрек қосындары 
арасында ең соңғы ірі шайқас болды.
1758 жылы
Жоңғарияны қытай әскері түгелдей 
бағындырып алды.
1767 жылы
Қытай жағы Тарбатай аймағындағы 
және Іле өзені бойындағы жайылымдарды 
қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге 

енн диаграммасы
арқылы қамтуға 
болады.
мәжбүр болды.
1771 жылы
Абылай Түркістан қаласында қазақтың 
бүкіл үш жүзінің ханы болып сайланды.
1778 жылы
Патша өкіметі Абылайды бір ғана орта 
жүздің ханы деп таныды.
 
Абылайдың жүргізген саясаты мен Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Назарбаевтың қызметін салыстыруға сұрақтар беру:
А) Ішкі саясаты
Ә) Мемлекет қауіпсіздігі
Б) Сыртқы саясаты
Абылай ханның жүргізген саясатының бүгінгі күндегі үндестігі мен сабақтастығына 
оқушылардың назарын 
аудару.Венн диаграммасын құру.
Теориясы: 
«Жинақтау»(Қор
ытынды 
шығар,анықтам
а бер, мазмұнды 
жүйеле, кестені, 
тірек сызбаны, 
сөзжұмбақты 
толтыр немесе 
өзің құрастыр 
тағы с.с.
 
  басқа 
түрдегі 
тапсырмалар 
оқушының 
жоғарыдағы 
«тақырыптың 
басты идеясына»
жазған 
жауабына 
қойылады)
Тірек-сызбаны толтыр
 
 
 
 
 
 
АБЫЛАЙ
Шығыстың 7 тілін білетін
Батыл, ержүрек, әбжіл
Сөзге тапқыр
Дене күші зор
Сөзіне берік, алғыр ойлы
Домбыраны жақсы тартатын
Барынша адал әрі әділ
Керемет шешен
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды 
шығаруға 
бағытталған:маз
міұнды
жүйеле, 
анықтама бер,
кесте, сызба, 
ребус шеш. деген 
сөздер
Сөзжұмбақты шеш:
1.Абылай керемет қасиеттерін жырлап, орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан 
шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен ХҮШ ғ. 2-жартысындағы танымал ақын?
2.Абылайханның бала кездегі лақап аты?
3.Абылайханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам?
4. Абылайдың мирасқоры?
5. Абылайдан пана табу үшін орта дүзге қашқан билеуші?
6. 1741-1743 жылы Абылай сұлтан қайда тұтқында болды?
 
 
Т
Ә
Т
І
Қ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет