Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

МАҢҒЫСТАУДЫҢ КЕРУЕН САРАЙЛАРЫ 
Жолбергенов   Данияр   Жолбергенұлы.  Маңғыстау   облысы,   Бейнеу   ауданы,   Бейнеу   лицейінің   10-сынып
оқушысы,   Облыстық  «Дарын»  ҒПО-ң   ІІІ   орын   жүлдегері,   Облыстық   ҚР   КҒА-ң   І   орын   жүлдегері,
Республикалық КҒА-ң ІІ орын жүлдегері.
Жетекшісі: Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы,  жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі                  
Ғылыми   жетекшісі:  Табылдиева Орынгүл Дүйсенбайқызы    Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар  және инжиниринг университеті доцент,тарих ғ.к.  
Жамағат, біздің тарих- алтын шынжыр,  Әр жерден жиі үзіліп, көп жалғанған. Есенғали Раушанов
Орта ғасырларда Үстірт жазығы арқылы Орта Шығыстан Еділ жағасымен Шығыс Еуропа елдеріне екі керуен
жолының желілері болған. Бірінші жол торабы- Үргеніш қаласынан басталып батысқа қарай бет алған. Бұл жол
Үстірт  жазағына Қасқажол тік  өрінен  көтеріліп, Барсакелмес  сорының  оңтүстігінен  өтіп  Алаңқалы арқылы
Маңғыстауға жеткен,кейін бұл жол кемелер арқылы Каспий теңізімен Төменгі Еділ жағаларына дейін барған.
Ал, екінші жол Үргеніштен басталып солтүстік-батысқа бағытталып, жазба деректерде  «түріктер дарбазасы»
деп   аталатын   Замждан   рабаты   мен   Хабаб   қонысынан   өтіп   көтерілуге   ыңғайлы   –  Қарақұмбеттен   Үстіртке
көтерілген.Бұл бағыт Ембіден екі тармаққа бөлінген, бірі хазарларға бағытталса, екіншісі бұлғарларға бет алған.
IX-X  ғғ.   Хорезмнен   Еділ   жағалауларына   баратын   жолдар   туралы   араб     саяхатшысы   Ибн   Фадлан
шығармаларында толық мәліметтерімен сипаттама берген. Сондай-ақ саяхатшы Гардизидың Хорезмнен Үстірт
арқылы   печенегтерге   сапары   кезінде   жазған   күнделіктерінде   қызықты   мәліметтер   кездеседі.   Ибн   Фадлан,
Гардизи жазбаларында керуен-сарайлар туралы ескертулердің кездеспеуі, IX-XI ғғ. Үстірт жазығынан өтетін
керуен жолдарында ешқандай құрылыстың болмағанын негіздей түседі. Бұл құрылыстардың қираған орындары
туралы   алғашқы   мәліметтер   Ресейдің   тарихнамасында   250   жыл   бұрын   пайда   болды.   П.И.Рычков   өзінің
маңызды еңбегінде Белеулі шатқалында мешіті мен құдығы бар алаңды айтады. XIXғ. басында А.И.Левшин екі
керуен-сарай,   Шұрық   пен   Белеулі   туралы   қысқаша   мәліметтер   береді.   Н.П.Иванов   1839-40   жж.   Үстірт
экспедициясының   мәліметтерін   зерттей   отырып   сақталған   сәулет   ескерткіштері   туралы   жазады.   Үстірттің
солтүстік бөлігі топографиясын зерттеген подпоручик Алексеев Мыңсуалмас сайындағы қорғанның қираған
қалдықтары туралы мынадай мәліметтер келтіреді:«...  олардың ішінде тек екеуі тамаша: біріншісі өте ежелгі
кезеңмен белгіленіп, әр қыры 2 саженге дейін созылған, биіктігі 1,5 сажен болатын тең төртбұрышты тастан
көлемі   1,5   аршын   мөлшеріндегі   шаршы   пішінді   етіп   қаланған.   Екіншісі   20-30жыл   бұрын   құрылған,
9

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
төртбұрышты болып күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, оның көлемі де біріншідей дерлік...» [2]  Сонымен
бірге   Алексеев   Куктем   (Көптам)   зираты   туралы   да   жазған.XIX   ғ.   Ресейдің   сауда   қатынастарын   сараптай
отырып П.И.Небольсин, Үстірт керуен жолдары мен  осы жердегі сәулет ескерткіштерінің қалдықтары  туралы
тоқталып өткен. В.В.Григорьев Үстірт үстінен Хиуа хандығына баратын  керуен жолдарын сипаттай отырып,
солтүстік-шығыс Үстірт шыңында орналасқан үш бекініс туралы жазып, барлық жерді дерлік   Ұшқан атада,
Қосқұдықта, Көптамада, Самда ірі ғимараттың қираған қалдықтары кездесетінін жазады,сонда-ақ Григорьев
Белеулі   туралы   жазып,   құдықтардың   ара   қашықтарын   көрсетеді.«  Қираған   ғимараттар   балшықтан   емес,
күйдірілген кірпіштен, өңделген тастардан жасалған...» [2]
XVIII  ғ. басында Үстірттен жүріп өткен Гербердің мәлімдемесі бойынша тік өрден жазыққа көтерілгеннен
кейін, қаланың қираған орындары аталған. 
  «...Сам   құмдарына   дейінгі   жолда,   ежелгі   құрылыстардың   қалдықтары   үш   пунктте   кездеседі».   [7]Бұл
құрылыстар керуен жолдарында орналасқан кішкене елді мекендер немесе керуен- сарайлардың қалдықтары
болуы   мүмкін,   бұл   ескерткіштер   бүгінгі   күнге   дейін   әлі   ғылыми   тұрғыда   зерттелмеген.   А.И.Левшин
Сарайшықтан Үргенішке дейінгі жолды баяндай отырып, Үстіртке көтерілетін жермен Шұрық арасындағы елді
мекен туралы айтады, «...Көктам бұл жерде, кірпіштен салынған екі құдық орналасқан, олардың айналасында
30-дай   қираған   ғимараттар   бар...»[7]  Үстірт   жазығымен   Орта   Азиядан   Шығыс   Еуропаға   баратын   керуен
жолдары   туралы   алғашқы   жан-жақты   зерттеу   жұмыстарын   1946   ж.   С.П.Толстов   басшылығында   Хорезм
археология-этнографиялық экспедициясы жүргізді. 
1974-1979  жж.   Қарақалпақстан   археологтары   Орталық   Үстіртте   орналасқан   керуен-   сарайларда
археологиялық   зерттеу   жұмыстарын   жүргізеді,   ал   Үстірттің   Қазақстан   аймағындағы   керуен-сарайларында
бүгінгі күнге дейін археологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Т.К.Басеновтың 1946 ж. еңбегінде Көптам туралы
мәліметтер   берілген  «...  Көптам   қалдықтары   Сам   құмдарынан   10   км   қашықтықта   орналасқан...   Ортасында
өңделген   тас  пен   кірпіштен  қаланған   үлкен  құрылыс  бар...»  [6]Осы  сияқты  мәліметтер  М.  Меңдіқұловтың
еңбегінде   кездеседі.   2005   жылғы   тамыз   айында   Маңғыстау   мемлекеттік   тарихи-мәдени   қорықтың
қызметкерлері Есетмола – Қырыққұдық – Оңқұдық – Бесқұдық орындарында іссапарда болды. Бұл іссапардың
мақсаты   Үргеніш   -   Сарайшық   керуен   трассасының   Қазақстандағы   бөлігін   анықтау   еді.   Есетмола   жерінде
Қосқұдық  , Қосбұлақ  (Есет)  керуен-сарайы  құрылысының  қираған  үйіндісі  сақталған. Керуен  - сарай  1946
ж.С.П.Толстовтың   машруттық   экспедициясы   кезінде   зерттеліп   өткен.   Бұл   жерде   орналасқан   барлық
нысаналардың   түгелі   жалпы   жоспарға   түсіріліп,   жер   бетінде   жатырған   артефакты   материалдар   жиналды,
керуен-сарайдың   жанында   орналасқан   Есетмола   қауымының   орта   ғасырлық   кезеңмен   белгіленетін
ескерткіштерінің негізгі типтері суретке алынды. 
Қосқұдық   керуен   сарайы   және   Есетмола   қорымы   Үстірт   жазығының   шетінде,   Мыңсуалмас   сайының
солтүстік-батыс   аяғында   орналасқан.   Шыңның   шеті   аласа   екі   тау   кемерлерімен   террассаланған.   Шыңның
етегінде, керуен сарайдан солтүстік бағытта 1 шақырымдай аралықта суы аз мөлшердегі Есетбұлақ бұлағы
ағады. Бұл бұлақтың айналасында қызыл балшықтан жасалған қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. 
Керуен- сарай ғимаратының рельефі сәл төмен, жоғары террассаның шетіне дейін жалғасқан. Алғашқыда
қабырғалары тас топырақтан қаланғанын үйінділерден анық байқауға болады. Керуен-сарайдың қабырғалары
қалыңдығы 15-25 см болған жақсы өңделген ірі әк тастарды еки қатарға тік тұрғызып, ортада ішкі аралық шой
тас топырақпен тіктелген. Құрылыстың өлшемдері 41,6х40,8 м, оның ені 3,8 м. Фасад жағынан ені 2,7 м болған
екі пилонның фундаменттері сақталған. Олар қабырға тегістігінен 1,2м шығыңқы.
Пилондардың ара қашықтығы 4,8м. Ішке кіру орнының ұзындығы 7,2м. Құрылыстың фасадтық жағында,
пилон фундаментеріне қарама - қарсы екі тасты үйінді бар, Құрылысты қираған үйіндіге айналған тастар 8м
дейін созылып жатыр. Бұл үйінді П-пішінде болып, биіктігі 10м дейін жеткен портал қалдықтары екендігіне
күмән  жоқ. Ескерткіштің  сыртқы қабырғаларының  қалыңдығы 1,5м, ал  артқы  қабырғаларының  қалыңдығы
1,2м.   Керуен-сарайдың ішкі бөлмелерінің жоспары қазба жұмыстарын қажет етпей дерлік көрініп тұр. Кіре
берістен сол және оң жақтарында көлемдері 5,7х5,7м болатын, жоспарда квадрат пішіндегі еки үлкен бөлме
орналасқан.   Бұл   бөлмелер   қабырғаларының   биіктігі   2,5м   дейін   сақталуына   байланысты   төбелері   жабылған
күмбездердің   қалдықтары   жақсы   байқалады.   Бөлме   қабырғалары   еденнен   1,5-1,7м   биіктікте   көлемді   тік
қойылған плиталардан құрылған, кейін күмбезді төбесі кірпіш тәріздес өңделген әк тас плиталарымен қаланған,
бұл плиталардың орташа көлемдері 20х20х30х5см. Айтылып отырған күмбездер тромп көмегімен тұрғызылған.
Кірер орындағы бөлмелер біріктіруші арқалармен безендіріп, терең емес қуыс – текшелері болған. Текшелердің
шет   жақтарынан   үш   бұрышты   дөңестер   жасалған,бұл   елементтер   күмбездерді   ұстап   тұрған   болуы   мүмкін.
Бұрыштағы бөлмелер төбелері басқаша болып келген, бұл жерде тегіс қабырғалардан тромптар қатты шығыңқы
болып, қабырғалардың орталық бөлімінде орналасқан. Жоғары құрылысы бұзылған бөлмелердің осы уақытқа
дейін   сақталуына   қарағанда   барлығы   дерлік   алебастырлық   сыбалған   болуы   мүмкін.   Әрбір   бөлме   расында
жасалған, ені 1,2-1,3м болған тас баспалдақ керуен-сарай қабырғаларының атқыштар алаңы деңгейіне дейін
шығарған   болуы   мүмкін.Оң   қанаттың   текшелері   2,4м   биіктігінде   сақталған,   текшелердің   ені   мен   биіктігі
орташа 26 см сәйкес, егер басқыш маршында 9 немесе 10 текше болса, ұзындығына сай есептегенде 22,24
текше болуы мүмкін, бұл негізі  атқыштар алаңы 5,5-6 м биіктікте орналасқанын  дәлелдейді. Керуен-сарай
10

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бұрыштарының   фасадтары   жоспарда   дөңгелек   пішінді   мұнарлармен   жасалған.   Құрылыс   периметрі
аралығындағы үшеуі және дарбаза жағындағы мұнаралардың диаметрлері 3,3 м, ал артқы жығындағы 2 бұрыш
мұнарлары диаметрі 4 м. Мұнарлар ішінде ешқандай бөлмелер болмаған. [6]
Керуен-сарай кең көлемдегі төрт бұрышты алаңы бар оның көлемі 0,9м болатын есік орындары шығады.
Ескерткіштің   оңтүстік   және   солтүстік   әр   қабырғаларын   жағалай   жеті   кішкене   бөлмелер   орналасқан.
Бөлмелердің қабырғаларының қалыңдығы 1,2м, ал бөлме аралық қабырғалардың қалыңдығы 1м. Бөлмелердің
орташа   өлшемі   2,7х2,8х3м.   Бөлмелердің   төбесі   кірпіш   пішінде   өңделген   әктастармен  «балх»  үлгісіндегі
күмбездермен жабылған. 
Ғимараттың   шығыс   қабырғасын   бойлай,   көлемді   бөлме   орналасқан.   Бөлме   шаруашылық   жұмыстарына
арналған болуы мүмкін. Бұл құбылыс алаңнан қалыңдығы 1,6 м. болған қабырғамен бөлінген, қабырғаның қақ
ортасында ені 2,5 м. кіру орны бар. Бөлме ішкі жағының ені 3,6 м. бөлме кіреберістен, арқылық төбені ұстап
тұру үшін екі симметриялық қанатқа, жұпты төртбұрышты тромптармен бөлінген. Қанаттардың әрқайсысы осы
әдісте төрт секторға бөлінген. 
Бұндай   конструкция   ғимарат   төбесі   көп   күмбезді   болған   деген   болжам   айтуға   мүмкіндік   береді.   Екі
бұрыштағы бөлмелер кішкене тарлау, олардың өлшемі 2,7х3,8-4 м. Керуен-сарайдың негізгі кірер орнына әр
20м   қашықтықта   көлемі   24х6   м   болған   құрылыстың   іргетасы   орналасқан.   Оның   көлемі   12х9   м,   сақталған
биіктігі 0,4 м. Үшінші құрылыстың іргетасы  керуен-сарайдың солтүстік-батыс мұнарасынан 30 м қашықтықта
орналасқан,   өлшемдері   12х9   м   келген   екі   бөлмеден   тұрады.   Осы   құрылыстардың   және   керуен-сарайдың
айналасында XII-XIV ғғ. Жатқызылған керамикалық ыдыстардың қалдықтары көп мөлшерде кездеседі. Керуен-
сарайдың оңтүстік-батыс мұнарасынан оңтүстікке 126 м қашықтықта, дабыл  беретін мұнара ретіндегі, төртінші
құрылыстың   іргетасы   орналасқан.   Қазіргі   сақталған   биіктігі   0,3   м.   Іргетасының   өлшемі   6х6м   болып,   тік
тұрғызылған   өңделген   әктас   плиталарымен   қаланған.   Мұнараның   ішкі   кеңістігі   топырақпен   және   көлемі
22х22х6 см, күйдірілген қызыл кірпіш (плинфа) сынықтарымен толып қалған. Ғимараттың солтүстік-шығыс
жағынан  30 м  қашықтықта  кішкене арна сияқты тереңдігі  тежеп  тұратын  тас-  топырақты бөгет  сақталған.
Жарты дөңгелек тәріздес кескінделген бөгеттің ұзындығы 35м, ені 2 м,  ал биіктігі 1 м. бөгеттің батыс бөлігі
тасқын  сулармен   ағып  кеткен.  Керуен-   сарайдың   оңтүстік  –  батыста  100м   қашықтықта  үлкен  қорым-бейіт
орналасқан. Қорым  ортағасырлық  кезеңдерді  қамтитын  молалар  және  XVIII-XIXғғ. қазақ  қойылымдарынан
тұрады.       
Тұрыш елді мекенінен солтүстік – батыс бағытында 18 км аралықтан, Бесқұдықта Көптам (Белдеулі) керуен -
сарайының қираған қалдықтары кездеседі. Керуен –  сарай үлкен табиғи шұңқырда орналасқан, айналасында
құдықтардың   екеуі   көміліп   қалып,   тек   үшеуінде   ғана   суы   сақталған.   Бүгінгі   күнде   керуен-   сарайдың
іргетасының қалдықтары, тасты- топырақты үйіндіден жақсы байқалады, периметрі бойынша ені тар, терең
емес қазіргі заманда пайда болған траншея бар. Траншея іргетастың сыртқы жағынан қазылып, арасы шой тас-
топырақпен толтырылған қабырғаларының кей жерлері бұзылып, ішкі кеңістігіне өтіп кеткен. Қабырғаның ішкі
аралығы   шой   тас-топырақтармен   толтырылған,   арасында   өлшемнің   26х26х5см   қызыл   кірпіштер   кездеседі.
Керуен – сарай қабырғалардың қираған ү»індісі қазіргі заман деңгейінен 1,4м көтеріліп тұр. Ескерткіштің кіру
орнының  тастары қатты бұзылып алынған. Алайда, топырақ  астында көміліп  қалған  портал қуысындағы  1
пилонының қаланған орнының құлаған бөлігі сақталған. Құлаған қабырға, іргетас негізінің шарты орнынан 8 м
ұзындыққа созылып жатыр. Жұмыс барысында құлаған тас үйіндінің арасынан ақшыл-сары түсті пластикалық
балшықтан   күйдіріліп   жасалған   тимпаның   сынығы   табылды.   Ескерткіштің   үстіңгі   қабатында   қабырғаның
қирандылары мен үйінділерінің негізінде, сонымен қатар, ішкі аралық тас-топырақтың шашындыларын тазалау
арқылы   керуен-сарайдың   негізгі   дәл   жоспары   жасалды.   Ғимарат   құрылысының   техникасымен   құрылысы
жағынан Қосқұдық керуен сарайына ұқсас. Көптам керуен сарайының көлемі 27х24м болып, Солтүстік – Батыс
–  Оңтүстік   –  Шығыс   линиясына   бағытталған,   жоспардағы   пішіні   төртбұрышты.   Оңтүстік   –  Шығыс
қабырғасынан ортасында ені 3м кіру орны болған. [5]
Порталдық   арқаның   пилондарының   іргетастары   толығымен   бұзып   алып   әкетілген,   бірақ   арасы   шой   тас-
топырақтармен   толтырылған   қабырғалардың   сақталған   кескіні   көмегінде   көруге   болады.   Сыртқы
қабырғалардың қалыңдығы 1,1м, ал оңтүстік-батыс бүйір қабырғасының қалыңдығы 0,9м. 
Керуен  –  сарай  бұрыштарының  фасадтары жоспарда  дөңгелек  тәрізді мұнаралармен  жасалған.  Солтүстік
мұнараның іргетасы түгелдей сақталған, оның диаметрі 2 м, ал құлап жатқан ірі плиталардың сыртқы көрінісі
өңделген,     дөңгелек     пішінде   басқа   мұнаралардың   болғандығын   дәлелдейді.   Шығыс   мұнараның   құлаған
плиталары 4 м ұзындыққа созылып жатыр. Мұнаралар ішінде ешқандай бөлмелер болмаған. Керуен- сарайдың
ішкі жоспары іргетастардың қалдықтарынан байқалды. Кіру орнынан сол және оң жақ бөлігінде өлшемдері
5,1х4,2м   және   2,7х4,2м   болған   екі   бөлме   орналасқан.   Оң   қанаттағы   бөлмелер   арасында,   ені   1,25  м   тастан
жасалған басқыштар орналасқан болуы мүмкін. Бөлмелердің кіру орындары негізі есік жағындағы бұрыштан
жасалғаны ықтимал. Керуен-сарай көлемі 17х14 м болған үлкен алаңға ие, барлық тұрмыстық шаруашылық
бөлмелердің   есіктері   алаңға   қарай   қаратылған.   Құрылыстың   солтүстік-шығыс   және   оңтүстік   –  батыс
қабырғаларын бойлай әр қабырғадан 4 бөлмелер орналасқан. Қабырғалар контрукцияда, жақсы өңделген ірі
әктастарды   екі   қатарға   тік   тұрғызып,   ортадағы   ішкі   аралық   шой   тас-топырақпен   толтырып   әктелген.
11

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бөлмелердің өлшемдері 4,3х3,2 м, шығыс бағытта алаң жағынан бөлмелердің кіру орындары орналасқан, енінің
орташа өлшемдері 0,8-0,9 м. Шаруашылық қызметтеріне арналған, үлкен бір бөлме артқы қабырғаны бойлай
салынған. Бұл бөлме алаңнан 1м қабырғамен бөлінген, ені 1,25м орталық кіру орны болған, ал ішкі ені 3,3м.
Бөлменің ішкі жағынан кіру орны екі тікбұрышты тромптармен безендірілген болуы мүмкін. Керуен-сарайдың
солтүстік-шығыста 50-60м қашықтықта, кішкене төбешікте 5 шағын құрылыстың қалдықтары бар. 
Жоғарыда   атап   өткеніміздей,   Алексеевтің,   А.И.Левшиннің,   В.В.Григорьевтің,   сондай-ақ   Т.К.Басеновтың
еңбектерінде   Көптам   аталуы   кездеседі,   осы   құдықтар   орналасқан   табиғи   шұқырдың   периметрінде   18-дей
үйінділер   көрінеді.   Бұл   дәлелдерге   сүйене   отырып   Белдеуліні,   көптеген   шығармаларда   кездесетін   Көптам
керуен-сарайы   деген   тұжырымға   келіп   отырмыз.   Алтын   Орда   ханы   Өзбек   хан   1312-1340жж   тұсында
мемлекеттің   сауда   экономикалық   қайта   тіктелген.   Көптеген   қалалар   қайта   жаңғырып   шапқыншылықтан
алдыңғы деңгейге көтеріле бастаған. Осы Өзбек жаңғырып шапқыншылықтан алдындағы деңгейге көтеріле
бастаған.   Осы   Өзбек   ханның   дәуірінде   Еділдегі   Сарай-Батуға   сауда   керуендері   жолында   көптеген   керуен-
сарайлар   яғни   саудагер-көпестер   тоқталатын   қонақ   үйлері   тұрғызылған.   Біздің   жоғарыда   айтып   отырған
ескерткіштеріміз   Маңғыстау   жерінде   сақталған   бізге   белгілі   осы   –  керуен-сарайлар   немесе   қонақ   үйлер.
Зерттелген нумизматикалық мәліметтерге сүйенсек, керуен-сарайлардың өмір сүруі 14ғ 70-жж. Әмір Темірдің
Хорезмге қарсы жорықтарынан соң тоқтатылған.[7]
Керуен-сарайлар үздіксіз немесе маусымды су көздері бар табиғи шұқырларда тұрғызылған, бұндай жерлер
адамдар   тұруға   өте   қолайлы.   Қарақалпақстандағы   қазылып,   археологиялық   жағынан   зерттелген   керуен-
сарайлардың ара қашықтықтары 25км-ден 54км дейін. Қосқұдық, Қосбұлақ және Көптам керуен-сарайлардың
ара қашықтығы 75-80 км, сол замандағы сауда керуендеріне бұл өте үлкен қашықтық.
2.Керуен жолдары
Қасиетті Маңғыстау өлкесінің бір аймағы  –  Бейнеу өңірі де сонау ерте замандардан бастау алатын өзіндік
тамаша тарихы бар құт мекеннің бірі. Олай дейтініміз Маңғыстау тарихы сөз бола қалған жағдайда Бейнеу есімі
қоса аталып жүреді.Міне, бұл Бейнеу мекенінің Маңғыстаудай маңғаз өлкемен тірлігі тығыз байланысты, жыл
өткен сайын жымдасып, біте қайнаған тарихын көрсетсе керек.
Ежелгі  тарихы ертеден-ақ басталатын  атажұрт  Маңғыстаудың қашан да өзінің  сұлу табиғатымен, келісті
келбетімен, қазыналы қазба байлығымен, тамсандырған тамаша сәулет өнерімен, шұрайлы жерімен, шырайы
елімен өзгені өзіне тартып тұрады. Осынау керемет өлкені көріп, танысуға және зерделеп зерттеуге кезінде
талай  саяхатшылар  мен  тарихшшылар,  ғалымдар,  даналар  мен  даралар  ынтық  болған. Тарихта  Ұлы Жібек
Жолы   деген   атпен   қалып,әлемдік   цивилизацияның   дамуына   үлес   қосқан,   сауда-саттықтың,   мәдениет   пен
әдебиеттің әлеуметтік – экономикалық өркендеу қозғалысының күре тамыры болған Ұлы Жібек Жолының бір
тармағы осы Маңғыстау өлкесінің шығыс өңірі – Бейнеу арқылы өткені белгілі. Негізгі керуен жолы еліміздің
Оңтүстігіндегі Сыр бойындағы орналасқан, ежелгі Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент, Сауран, Сығанақ тағы
басқа көптеген шаhар-кенттер арқылы өтіп тұрған.[5]
Қазіргі  күнде бізге жеткен  Ұлы Жібек Жолының  картасына  көз  салсақ,  керуен  жол Бейнеу арқылы жол
тартыпты. Арысы Қытай мен Үндіден, берісі Бұхара мен Хиуа, Көне-Үргеніштен шыққан керуендер Үстірт
үстіндегі   Белеулі,   Құсшы,Ноғайты   керуен   сарайлары   және   Бейнеу   қамалы   арқылы   Еуропаға,   Қазан-
Сарайшыққа шұбырып шығып, ары асқан.                                
Ең   алдымен   Ортағасырда   өмір   сүрген   Отырарлық   ғұлама   –  тарихшымыз   Әл-Жаухариды  «тыңдалық»:
«...Жібек   Жолыының   үлкен   тармағы   ең   әуелі   Киев   Русінен,   Бұлғар   жерінен   өтіп,   Үстірт   үстімен   Аралды
айналып, Жент  қаласына жететін. Жентке жеткенше сауда  керуен  құс қанаты талған  шөлден, түйе табаны
күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді. Көліктерінің тартысы орта жолда қаңқа болып қалады. Әйтсе
де керуен көгілдір Жент қаласына енгенде баяғы азаптың бәрі көрген түстей ұмыт болады!»[8]
  Әйгілі кезбе Гильом Рубрик кунделік дәптерінде былай деп жазыпты:  «...Жент, Тараз қалалары адамның
көптігінен ортасы шүңірейген ығыөжығы, етек-жеңі айрықша мол, базарлары асыл жиhаздарға бай болушы еді,
онда араб лінен, Мысыр қаласынан жеткен әшекей бұйыдар, Рум елінің әсем өрнекті суреттері, піл сүйегінен
жасалған бұйым, алтынмен аптап, куміспен куптеген Қытай кітаптары мол ұшырасатын!»[8]
Қазір осы өзіміз өмір сүріп жатқан Бейнеу көлемінің Сам құмы қойнауы, Үстірт үсті арқылы өткен Ұлы
Жібек Жолының тармағы  «Ноғай жол»  деп те аталған. Бүгінде бұл сүрлеу жолдың сұлбас білінер-білінбес
болып байқалып қалады. Әрине оны мұқият зерделеп байқағанда ғана көреміз.
«Ноғайлы жолы» -  Шығыс пен Батысты   жалғап жаткан  «Ұлы Жібек Жолының»  бір саласы. Бұл жолдың
еліміздің тарихында маңызы өте зор болған деседі, тарихшыларымыз.
Осы  «Ноғай жолы»  арқылы Орта Азияның асыл таулары Руське, Еуропаға жеткен. Осы жол бойындағы
керуен  сарайлардың  біздің  дәуірімізге жұрнағы жеткені- Білеулі. Білеулі  керуен  –  сарайы  жайлы екі  ,асыр
бұрынғы А.М.Левшиннің жазба дерегін келтірелік:  «...Сарайшық қаласынан Хиуаға дейін Арал мен Каспий
теңіздерін бөліп тұрған мойнақ арқылы өтетін бірнеше жол бар, ішінде ең тамашасы –  «Ноғай жолы»  деп
аталады. «Ноғай жолында» ескі құрылыстардың құлаған орындары көп. Білеулі – Үстірттің дәл ортасында. Ол
жерде қырғыздардың (қазақтардың) айтуы бойынша мешіт пен медресе салынған. Құрылыстың (Білеулі) тас
12

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
плиталарымен   салынған,   кірпіштен   өрілген   еңселі   қақпасы   әлі   де   бар...»   (А.М.Левшин.   Описания   киргиз-
казачки и киргиз-кайсацсках орд и степн. СПБ. 1854г.)[8]
Бұл керуен-сарайдың жұрнағы Қарақалпақ шекарасына жақын  «Киіксай» стансасынан 70км жерде тұр. Екі
түйе жеккен арбамен Сарайшықтан шығып 20 күнде Үргенішке жетіп, одан әрі Отырар, Құлжа арқылы Пекинге
дейін   барғанитальяндық   Франческо   Бальдуччи   Пеголоттидің   1340   жылғы   көпестерге   арналған   жазбасында
солтүстік Үстірттегі Шұрық, Білеулі, Әжігелді керуен –  сарайлары сөз болады. В.Егоровтың айтуынша бұл
бекеттер   1375   жылғы   Каталон   картасында   да   көрсетілген.   Солардың   ішіндегі   біздің   заманымызға   жеткені
Білеулі   керуен-сарайы.   Ол   -   орыс   ғалымдарының   зерттеулеріне   қарағанда   XIV   ғ.салынған   тарихи
ескерткіш.Білеулі   керуен   –  сарайының   төрт   бұрышына   кезінде   күмбездеп   өрілген   көрікті   төрт   мұнара
орнатылғанын, сарайдың кірер қақпасындағы иілген маңдайшаның екі жағына екі арыстан мүсіні тастан қашап
бейнеленгенін,   керуен-сарай   ішінде   жылу   жүретін   науалар   болғанын   жазады,     Хорезм   археологиялық   –
этнографиялық экспедициясын басқарған С.Толстов өзінің  «Ежелгі Хорезм цивилизациямының ізімен»  атты
еңбегінде.   Ал   Г.Федоров   Білеуліден   табылған   мыс   ақшалардың   Алтын   Орда   хандары   Бердібек,   Жәнібек,
Тоқтамыстың тұсында соғылғандығын айтады. П.Рыжковтың еңбектерінде шатқалдағы алаңда мешіт пен құдық
боғандығы көрсетілген. Керуен-сарайының төңірегінде жаңбыр мен қар суын сақтауға арнап қазылған құдық –
қойма сардобалар бар.[5] 
Сам   құмының   етегінде   жергілікті   халық   Белдеулі,Үшүйік,Молақ   деп   атайтын   ені   бес,   үзындығы   он
шақырымдай аймақта бүгінде құлап үйікке айналған, кезінде күйдірілген кірпіштен салынған қырыққа тарта
керуен-сарайдың   орны   мен   таспен   шегенделген   отыздан   аса   әйкелсіз   құдық,   сардобалар,   үйіктерге   жақын
жерлерде   қыштан   өрнектеліп   жасалған   құмыра   сынықтары   кездеседі.   Бұл   орындар   өлке   зерттеушілерінің
еңбектерінде Сам, Көптам деп жазылған.  Орынбор кеденінің директоры П.Величковтың басшылығымен 1803
жылы   жасақталған  «Хиуа   хандығы   мен   сарайшық   қамалынан   шығатын   жолдың   сипаттамасында»
Белдеуліде(Куптамь)   аралары   бір   версть(верста   немесе   шақырым   –  1060м)   шамасында   болып   жолдың   екі
жағында орналасқан отыздан астам құлаған үйдің тұрғандығы, сол жерден Сам (Шамь) құмы арқылы жүргенде
30 версть қашықтақта таза сулы екі құдығы бар Құсшы керуен-сарайының бар екендігі жазылған.[8]
Ал 1825-26 жж. Полковник Ф.Берг экпедициясының материалдарында Бақашыдан шыққан керуен жолының
Сарнияз,   Есекжал,Мыңсуалмас   арқылы   Шиландыға   келетіндігі   көрсетілген.   Яғни   Есеттің   құлауындағы
Қосбұлақтан шыққан жол Белдеуліге Шиланды арқылы барған. Біреулер  Хорезмнің сауда және саяси мүддесі
оны Повольже, Шығыс еуропамен байланыстырды дейді. Екінші біреулер Өзбек хан билігі тұсындағы (1312-
1342) өзгерістерге телиді. Бұған сүйенсек ханның Хорезмдегі өкілі Темірдің Ресейге жаугершілік жорығынан
(XIVғасырдың 70-інші жылдары) кейін керуен жол қызметін тоқтатқан болып шығады.Ал ғалым В.В.Бартольд
Шығыс Еуропаға ашылған есікті монғол империясының құрылуымен бірге пайда болды, Өзбек хан тұсында
дәуірлеу дәрәжесіне жеткен деп көрсетеді. 
Араб саяхатшысы Ибн Фадлан Үстірт, Жем, Маңғыстау сапарындағы күнделігінде ешқандай керуен-сарай
туралы мәлімет келтірілмейді. Аталмыш аймаққа аяқ басқан Әл-Тардзи мен Ибн Батута да керуен-сарай жайлы
ауыз ашпайды. Соған қарағанда X-XIII ғ. Керуен-сарай тұрғызылмаған. Ең шындыққа жанасымдысы – ғалым
Г.А.Федеровтың  пікірі. Ол  Білеуліден  табылған   мыс  ақшалардың   Алтын   Орда  хандары  Бердібек,  Жәнібек,
Тоқтамыстың тұстарында соғылғанын нақты дәлелдейді.[ 4] Біз бұған қарап Білеулі керуен-сарайының қазақ
тарихына жақын екендігін, оған тікелей қатысты екендігін айтқымыз келеді. Тағы бір тиянақ-Білеулі керуен-
сарайынынң архивтектурасы аймақтағы халықтың сәулетшілік шеберлігімен тығыз шендесіп жатыр. Салыну
үлгісі,   техникасы,   тәсілі,   пайдаланылған   материалдарына   дейін   Маңғыстауға   ғана   тән.   Тастарды
кесу,өңдеу,қалап,жымдастыру амалдары әлі күнге дейін қолданылып отырған біздің жергілікті шебердікінен
аумайды.  Бұдан   75   жыл   бұрын   жазушы   Бейімбет   Майлин  «Еңбекші   қазақ»(қазіргі  «Егемен   Қазақстан»)
газетінің 26 қараша күнгі нөмірінде «Мәдени мұралар» деген мақала жариялап, онда Үстірттегі Білеулі керуен-
сарайының да тағдырын толғай кеткен еді. [ 8] 
3.  Үстірт үстіндегі үлкен ғимарат
Ноғай   жолы   туралы   әзірге   ертедегі   деректер   ғана   сыр   шертеді.Әбіш   Кекілбаеавтың  «Ұйқыдағы   арудың
оянуы»  атты   кітабында   осы   Ноғай   жолын   былай   сипатайды:«Ноғай   жолы   шыңнан   құлай   екіге
айырылады.Біреуі Аралдың терістігінен айналып, Сығанақпен Отырар, Таразы мен Баласағұн арқылы Жетісуға
құлайды.Екіншісі   Үргеніш-Хиуа-Бұхара-Самарқанд-Шаш-Отырар-Жетісу   арқылы   Қара-Қорыммен   Ханбалық
жолына қосылатын «Ноғай жолы» Еуропа мен Азияның арасында ат құрғатпаған нағыз транс континентальдің
қатынас   жолы.»   [3]  Көрнекті   кеңес   археологы   С.П.Толстовтың«Ежелгі   Хорезм   цивилизациясы   ізімен»атты
кітабында «VIII ғасырдың орта шеніндегі Хазар-Хорезм метрополиясының орталықтары» деген картада Етиль-
Үргеніш   керуен   жолы   Маңғыстаудағы   Қарағантүп   түбегінің   үстімен   өтетіндігі   көрсетілген.Мұның   өзі
Маңғыстаудағы   Х   ғасырға   дейін   сауда   жолынан   тысқары   жатпағынан,қайта   сонау   VIII   ғасырдың   өзінде
маңызды   сауда   пункті   болғанын   айғақтайды.Архитектор-тарихшы   М.Меңдіқұлов   орталық   және   оңтүстік
Маңғыстаудағы күйдірілген кірпішті құрылысқа пайдалану ІХ-Х ғасырларға жатады деген қорытындыға келген
болатын. [2] 
13

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
VIII  ғасырларда   Хазарлардың   сауда   жолы   Маңғыстау   арқылы   Хорезмге   өткен.Бағдат   халифі   елшісінің
хатшысы   Ибн   Фадлан   деректеріне   қарағанда   922   жылы   Үргеніш   солтүстікке,Шығыс   шың   мен   Үстірт-
Қоңыраттан,түріктерге баратын қақпа-Қарауыл күмбет-Жемнен Еділге,одан әрі Хазарияға тартылды.Маңғыстау
сол   заманнан   бері   Еділ   мен   Орта     Азияның   сауда   қақпасы     болған.ХІІ   ғасырдағы   монғол   езушілерінен
Маңғыстау да аулақ қала алмады.Монғолдардың бір ғасырлық тепкісі өрт-жалындай жайпап, үлы Хорезмнің,
Орта   Азияның   гүлденген   мәдениетін   талай   ғасырға   кейін   қарай   ығыстырып   тастады.Бұл   ауыр   жағдай
Маңғыстаудың   қамалдары   мен   қалаларын   тып-типыл   етті.П.С.Савельевтің   пікірінше,1384-1385   жылдары
Хорезм,онымен   ежелден   тағдырлас   Маңқыстау   Алтын   Ордаға   бағынышты  еді.  «Книга   Большого  чертежа»
картасында көрсетілгендей,ХVI ғасырдың екінші жартысында Мәскеу мемлекетінің шығысындағы Орта Азия
арқылы жүретін Хажы, Тархан-Манғыстау  су жолы ,Еділ-Жайық, Жем-Үстірт  қыр жолы Ұлы Ноғай жолы
аталып, маңызды транзиттік жолға айналды. М.Мендіқұлов  «Архитектура памятники и народное зодчество
Западного Казахстана»  кітабында Ескі Ноғай жолын негізгі екі бөлікке бөледі.Солтүстік бөлігі Сарайшықтан
Үстірттің Солтүстік шыңдарына дейінгі және Оңтүстік-Қосқұдықтан-Көне Үргенішке дейінгі аралық.Солтүстік
бөлігінде жол Сарайшық-Таққұдық-Сағыз өзеніндегі су асты Таскешу көпірі-Қайнар бұлағы-Ембідегі Боқаш
әулие-Ұшқан   ата-Қосқұдық   пункттері   арқылы   жүреді.Оңтүстік   бөлігі   Қосқұдықтан   оңтүстік   батысқа
бұрылып,Құптам,Сам Шұрық және Көне Үргеніш бағытындағы тораптық пункт Белеулі арқылы жүрген.Осы
бөліктегі   Қосқұдық,Құптам,Сам   керуен   сарайлары   ғана   Үстірттің   Қазақстан   бөлігінде,қалғандары   Шұрық
,Белеулі,Қосбұлақ,Үшқұдық,Пұлжай-Қарақалпақстан   жерінде   ХІХ   ғасырдың   басында   1803   жылы   Орынбор
томожнясы жолды зерттеген кезде жол бойындағы көптеген құрылыстар ішінде Қосқұдықта, Құмтамада,Самда
және басқа жерлерде ірі керуен сарайлары үйлерінің қирандылары белгіленген.Күйдірілген шаршы кірпіштер
осы керуен сарайлары  құрылыстарында пайдаланған. [2] 
1950  жылы С.П.Толстов бастаған    Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының   Орал-Үстірт
тобының есебінде жазылған кейбір құрылыстарды 1973 жылы шыққан экспедиция материалдарын жергілікті
халық   құдық   әйкелдеріне,үй   құрылыстарына   пайдаланған.Бұл   туралы   1963жылы   Үстіртті   зерттеген   орыс
ғалымдары жазды.Бұдан шығатын қорытынды жергілікті  баға жетпес жәдігерлеріміздің ең болмағанда фото-
суреттерін,сызылған планның немесе видео көріністерін қазіргі күйде алып қалмасақ,енді 10-15 жылда осы
кездегі күйінен де төмендеп жоғала берері хақ.Үстірттегі керуен сарайларының ішіндегі толық сипатталып
жазылғаны-Қосқұдық.Ол туралы Е.Өмірбаев  «Маңғыстау»  жинағында жазған.Манаты тауының сырт бетінде
Мыңсуалмас   бұлағының   бір   шақырым   жерде   төрт   бұрыштап   салынған,   кеңдігі   20   құлаш   жарты   шеңбер
бастионы бар, іші қызыл кірпіштен, сырты ақ кірпіштен қаланған қамалдың бөлмелері сақталған.Нақ сондай
қамал   Мыңсуалмас   да   бар.Бірақ   басқалардан   өзгешелігі-оның   жанындағы   бейіттер   күйдірілген   кірпіштен
салынған.Қамалды   кім   тұрғызғанын   білу   қиын.   ХVIII   ғасырда   қазақтар   келгенде   бұл   қамал   мен   ондағы
ескерткіштер   бос   күйінде   екен.Қазақтардың   түсінігінше   бұларды   тұрғызған     Ноғайлықтар.Осы   еңбекте
Бейнеуде ескі қамал құрылысы бар екенін жазады.[1] 
С.П.Толстов   та   Үстірттегі   Бейнеу   қамалының,керуен   сарайының   кесілген   тастан   тұрғызылғанын   сөз   ете
келіп,   одан   табылған   керамикалық   бұйымдарға   қарап,Бейнеуде   ХІІ   ғасырда   тіршілік   болғанын   дәләлдейді.
Жібек жолының Самдағы бөлігі  Құсшы атадан шығып,  Асау-Барақ қорымың үстімен, Молақ  арқылы белдеулі
асып,   Жездіге   кетеді.Жездідегі   керуен   сарайы   Құмтам   деп   белгіленген   болу   керек.Белдеулі   жерінде   ірілеу
блоктардан   ірге   тасы   жасалып,жоғарғысы   күйдірілген   қызыл   кірпіштен   қаланған   ірілеу   керуен   сарайының
қалдығы   бар.   Осы   жерде   күйдірілген   құмыра   сынықтары,сырлы   құмыра   сынықтары   да   кездеседі.керуен
сарайының маңында 10-ға жуық тұщы су құдықтары кездеседі.Осы керуен сарайын қоршай ойпаттау жерде де
төрт   жағында   биікте   орны   бар.   Олар   күзетші   жасақтарының   үйлері   болуы   ықтимал.Белдеуліден   15
шақырым.Оңтүстік   шығыста   Дәулетбай   сұпы   қорымы   бар.   [7]   Молақ   жерінде   де   керуен   сарайының
құрылысының орны бар.Екі құрылыста да үлкен тас аула,оны қоршай салынған бөлмелер орны анық көзге
ұрады.Сам керуен сарайы Белдеулідегі  құрылыс орны болар деп болжаймыз.Молақ пен тұрыш арасындағы
«Үш   үйік»  деген   жерде   төбе   басында   күйдірілген   кірпіштен   қаланған   шағын   құрылыс   орындары   бар.Сол
жерден   күйдірілген   құмыра  сынықтары  да   кездеседі.С.П.Толстов  мұндай   керамиканы  ХІІ   ғасыр   бұйымына
жатқызған болатын.Асау-Барақ қорымының оңтүстік іргесінде топыраққа айналған күйдірілген қызыл тасты
шағын   құрылыс   қалдығы   бар.Ескі   тілеухана   үйінің   төменгі   бөлігіне   күйдірілген   қызыл   тас   кірпішті   осы
құрылыстан алуы мүмкін.Аталған екі жерде детұщы сулы құдық бар.Қәзір құм басып қалғанмен, 1960 жылдары
Тұрыштың оңтүстігінде Сам құмының бір қабат ішінде күлі бар, күйдірілген құмыра сынықтары көп табылған
орын еді. Ол жер кірпіштен қыш құмыраны күйдіріп даярлайтын орын болуы ғажап емес.Асау-Барақтан Молақ
15 шақырымдай, Молақтан Белдеулі 15 шақырымдай қашықтықта.Сонда осы Жібек жолы бойымен экспедиция
шықса, әлі қанша белгісіз керуен сарай  орны табылар еді. 1970 жылдары Л.Л.Галкин бастаған Қарақалпақ
археологтары Үстірт қыратында зерттеу жүргізген.Олар Арал теңізінің батыс жағасын бойлап Үстіртте ХІ-ХІІІ
салынған шекаралық  бекіністерімен  күзет-сигнал мұнараларының қалдықтарын ашты.[7]
4. Үстірттегі керуен жолдар
Тарихтың атасы атанған Геродот біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтың орта шенінде Қара теңіз маңынан
Дон жағалауын, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жері арқылы Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне
14

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
дейін барған «далалық сақ жолының» болғанын айтады.Ал заманымыздың кемеңгер жазушысы Әбіш Кекілбаев
«Шығыс   пен   Батыс   арасындағы   ең   ежелгі   жол-Памирге   соқпай,   терістіктен   орағытып   өтетін   дала   жолы.
Оңтүстік орыс далаларын Орталық Азиямен байланыстырып жатқан бұл жол көне замандарда  «Скиф жолы»
деп аталыпты. [3]Геродот жазған грек саяхатшысы Аристей, біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы Қара
теңіз жағалауындағы грек колонияларынан шығып, Батыс Сібір, Алтай, Тарим бассейіне әйгілі сапарына осы
көне скиф  жолының бойымен барып қайтқан»,-деп жазады.Кейін Ұлы жолдың құрамдас бөлігіне айналған бұл
көне керуен жолдары «екі мың жыл бойы жұртқа терістіктегі Ұлы Жібек жолы ретінде белгілі болды»,-дейді
И.Тасмағанбетов пен З.Самашов.Ұлы Жібек жолымен біздің дәуірімізге дейінгі 103 жылы қытай императоры У
Дидің   тапсырмасы   бойынша   түңғыш   жүріп   өткен   Чжан   Цянь   есімді   дипломаты   екен.   Осы   сапардан   соң
византиялықтар   валюта   есебінде   пайдаланған,   алтынмен   қатар   бағаланатын   қытай   жібегін   Батыс   Еуропа,
Сирияның асыл тастарын, Қызыл теңіздің інжу-маржандарын, Мысырдың маталары мен Вавилон кілемдерін
Қытайға тасыған  керуен  ағыла  бастайды.Батыс  өркениеті  мен  Шығыс  мәдениетінің  арасындағы  күретамыр
болған   бұл   жолға   өзінің   1877   жылы   жарық   көрген  «Қытай»  атты   кітабында  «Ұлы   Жібек   жолы»  деген
географиялық   атау   беріп,   тарихта   қалдырған   қытайдың   физикалық   географиясы   мен   Азия   жер   бедерін
зерттеген Фердинанд фон Рихтгофен атты неміс географ-ғалымы көрінеді.
Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан  қалалар мен керуен бекеттері туралы алғашқы толық
деректі 846-847 жылдары арабтың мемлекеттік байланыс қызметкері Әбу-л-Қасым Убейдаллах ибн Абдоллах
ибн   Хордабек    «Жолдар   мемлекеттер   туралы   кітап»  атты   әкімшілік-географиялық   анықтама   еңбегінде
жазыпты. Ал Х ғасырда өмір сүрген араб географы Әбу-л-Фарадж Кудама ибн Жафар әл-Барси өзінің  «Харадж
және хатшылық өнер жайлы кітап»  деген ресми құжаттар мол пайдаланылған шығармасында керуен жолы
бойындағы   табиғат   жағдайлары   мен   географиялық   объектілерге   нақты   сипаттама   беріпті.   XIV   ғасырдың
отызыншы жылдарында бұл өңірге аяқ басқан, араб Марко Полосы атанған  белгілі саяхатшы, табиғат пен адам
жанының аса білгірі Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Батутта да өлкені мекендейтін халықтардың шаруашылығы,
тұрмысы мен мәдениеті жайында өте бағалы деректер қалдырған дейді ғалымдар.
Батыс пен Шығысты жалғастырған әйгілі керуен жолының  «Ноғай жолы» атанған бір тармағы кезінде біздің
Бейнеу өңірі арқылы өтіпті.Н.Ибрагимов жазбаларында қарағанда Ибн Батутта Хорезмге осы жолмен барғанға
ұқсайды.Сарайшық қаласынан Хиуаға дейін Арал мен Каспий теңіздерін бөліп тұрған Мойнақ арқылы өтетін
бірнеше  жол  бар,   соның  ішінде   ең  жақсысы-«Ноғай  жолы»,-  деп  жазса   орыс   географы  қоғамының   негізін
қалаушылардың бірі А.Левшин, белгілі кеңес археологы С.Толстов бұл жолды  «Едіге баратын үлкен патша
жолы» деп атаған.Ал отырарлық тарихшы Әл-Жаухари: «Жібек жолының үлкен тармағы ең әуелі Киев Русінен,
Бұлғар жерінен өтіп, Үстірт үстімен Аралды айналып, Жент қаласына жетеді.Жентке жеткенше сауда керуені
құс   қанаты   талған     шөлден,   түйе   табаны   күйген   құмнан   өтеді,   арып-ашып   әбден   әлсірейді»,-деген   дерек
қалдырыпты.[5].Жент Х-ХІІ ғасырларда Сырдарияның Аралға құяр сағасына жақын маңда болған қала, орны
Қызылордадан 115 шақырым жерде делінеді.
Талай жыл түйе табанымен тапталған, кей жерлерде ені он, тереңдігі жарты метрден асатын бұл   керуен
жолы Үргеніштен шығып Үстіртке көтеріліп, Үшқұдық, Әжігелді, Қосбұлақ, Білеулі, Шұрық, Құсшы арқылы
Сам құмын кесіп өтіп, Белдеулі, Қақпақты арқылы Есеттегі Қосқұдықтан ойға құлап Ұшқанға соғып, Бақашы
әулие маңынан Жем өзенінен, Таскешеу арқылы Сағыз өзенінен өтіп Сарайшыққа жетіп,әрі қарай орыс жеріне
ілігеді.Ғалымдар ескі сүрлеуі әлі күнге дейін сақталған бұл жолдың Сарайшықтан Қос құдыққа дейінгі жерін
солтүстік бөлік, Қос құдықтан Қоңыратқа дейінгі аралығын оңтүстік бөлік деп атайды.Ал солтүстікке бағыт
алған   екінші   керуен   жолы   Үргеніштен   соң   жазба   деректерде  «түріктер   дарбазасы»  деп   аталатын   Замждан
рабаты мен Хабаб өтіп, Қалымбет құлауынан қырңға шығып, Аралды жағалап Әлменбет. Көксеңгір арқылы
Матай құмындағы Нәубетке келіп, Тасөткел арқылы Асмантай сорынан өтіп жездіге жетіп, Тасастау-Қайнар
арқылы Қызылқуыстан құлап Жем мен Жайықтан өтіп, Еділді бойлап Қазанға, одан Мәскеуге асады.
Жол  бойында   кезінде   көптеген   қала   мен   керуен   сарайлар   салынған.Орыс   география  қоғамының   мүшесі,
саяхатшы офицер М.Иванин: «XIV ғасырда Хиуадан Қырымға сапар шеккен адамға өзімен бірге ештеңе алмаса
да болады, өйткені жаныңа керектің бәрі де жол бойындағы керуен сарайлардан табылады»,-деп жазса, белгілі
шығыстанушы   А.Якубовский   Алтынорда   кезеңінде   бұл   керуен   сарайлар   көпестер   мен   ауқатты   адамдар
бірлестігінен ортақ меншігінде болғанын айтады.[8]
«Үстірт   үстімен   өтетін   Ноғайлы   жолында   да,   Маңғыстау   арқылы   өтетін   көне   Хиуа   жолында   да   25-30
шақырым сайын суы ащы болсын, тұщы болсын міндетті түрде құдық кездеседі де, ал 100-15 шақырым тұщы
су  көзі-бұлақне  құдық  ұшырасып   отырады.шамасы,суаттардың  бұлай  орналасуы   шөл түзде  бір күндік  жол
жүргеннен кейін көлік суарып,ал үш-төрт күн сайын жолға алынатын ауыз суды жаңартып отыруды көздеген
есепке құрылса керек.  »,-деп жазады Ә.Кекілбаев. [9] Әбіш ағаның айтуына қарағанда Қазан мен Самарада
кемеден   түсірілген   жүк   түйе   жеккен   арбаларға   тиелген,қомдаған   түйеге   10-15   пұттан   жүк   артқан,Сарай
Беркеден   Ханбалыққа   дейінгі   жол   9   айдан   астам   уақытқа   созылыпты,ал     Сарайшықтан   шыққан   керуен
Үргенішке отыз күнде жетіпті.Яғни бұл сапардың біраз бөлігі Үстірт үстінде өткен,демек,керуен сарайлардың
да көпшілігі осы аймақта салынған.
15

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
В.Егоров   Сағыз   өзеніндегі   Ташкешуден   Хорезімге   дейінгі   аралықта   он   бес   керуен   сарайының   болғанын
айтады.Шындығында   да   1950   жылғы   Хорезм   архелогиялық-этнографиялық   экспедиясының   Орал-Үстірт
отрядының жазбаларында көрсетілгеніндей Үстірттің солтүстік батыс ернеуінде, Мыңсуалмаста тау тастарынан
салынған   аумағы   40x40   шаршы   метр,   бірнеше   бөлмелі   Қосқұдық   керуен   сарайы   болған.Мұндай   керуен
сарайдың орны Құсшы,Шұрық,Қақпақтыда да бар.
С.Толстов керуен сарайлар X ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында, әсіресе Хорезм мемлекетінің XI-XII
ғасырлардағы   Еділбойы   мен   шығыс   Европа   елдеріменарадағы   сауда   қатынасының   дамыған   кезінде
тұрғызылған   деген   пікір   айтады.Әбіш   аға   Үргеніш   пен   Сарайшық   арасындығы   парсылардың   ежелгі
жолдарының   үлгісіндегі   бекіністі   сауда   жолын   X-XI   ғасырларда   Хорезм   шахтары   салдырған   дейді.   [9]Ал
Өзбектен Ғылым Академиясының Қарақалпақ филиалының ғалымдарының ойынша бұл күрделі құрылыстар
1312-1342жылдар аралығында билік құрған Алтын орда ханы Өзбек ханның заманында өмірге келген.Себебі ол
кезеңде  Хорезм  мемлекетін   оның   өз  адамы  Тұғлық  Темір     билеген,сондықтан   арадағы   қатынас  өте  жақсы
дамыған.Бұл   жолдың   Өзбек   хан   тұсында   ерекше   маңызға   ие   болғанын   белгілі   шығыстанушы,академик
В.Бартольд   те   растайды,қазақ   ғалымы   М.Меңдіқұлов   та  теріске   шығармайды   және   ол   керуен   сарайлардың
жолдың   солтүстік   бөлігіндегілердің   тарихқа  «қыпшақ   кірпіші»деген   атаумен   енген   көлемі   28х28х6
см.Күйдірілген кірпіштен салынғанын,ал оңтүстік бөлігіндегілердің Алтын орда тұсындағы 22-23х22-23х5 см-
лік   хорезм   кірпішінен   тұрғызылғанын,ал   мұндай   құрылыс   материалының   біздің   өңірде   IX-X   ғасырлардан
бастап   қолданылғанын   сөз   етеді.Т.Басенов   бұл   кірпіштің   бір   шаршы     см-інің   64,5   кг.қысымға   шыдайтын
мықтылығын, жергілікті саздан бұдан артық құрылыс материалын әзірлеу мүмкін емес екендігін айтады.[7]
В.Бортальд   солтүстік   Үстіртте,Үргеніштен   он   күндік   жерде,Жем   өзенінен   жылдам   жүрісте   3   күндік   ,жай
жүрісте 6 күндік жерде,XVII ғасырда керуен сарай есебінде кеңінен танымал болған Сам қаласының болғанын
жазады.XV   ғасырда   өмір   сүрген   белілі   тарихшы,Абд   ар-Раззақ   Самаркандидиң   Ноғай   ордасының   негізін
қалаған,он бес жылдай Алтын орданың бас қолбасшысы ,Ақ орданың әмірі болған едігенің биліктен айырылып
бас сауғалап Хорезмге барған 1410 жылғы сапары жайлы жазбаларында да Сам қаласы сөз болады.             
                5.Үстірт керуен жолындағы Сам қаласы
«Сам – солтүстік Үстіртте орналасқан ортағасырлық қалалардың бірі.Оның атауы қазіргі Бейнеу өңіріндегі
Сам   құмымен,   Мыңсуалмас,   Жарқұдық   ойпатымен   байланысты   деген   болжам   бар.Керуен   жолдарының
тоғысындағы ірі сауда орталығы саналған бұл қала, әсіресе XIV-XVI ғасырларда  «Ноғай жолы  »  бойындағы
керуен сарай ретінде  кеңінен танымал болған»,-деп жазады өңірді зерттеуге  көп еңбек сіңірген, белгілі қазақ
ғалымы Серік Әжіғали. [7] Ол Самды Алтын орданың Сарай бату, Сарай Берке, Сарайшық қалаларымен қатар
қояды.Ал танымал шығыстанушы Ислам Жеменей парсы тілінде   «сам»  сөзі шөл даланың құрғақ та ыстық
құйынды желінің  атауы, яғни аңызақты, аптапты аймақ деген мағына береді дейді.Арабтар да құм дауылдарын
көтеріп, қатты екпінмен соғатын құрғақ ыстық желді «самум» отты жел деп атайды.
         Т.Басенов Сам қаласының орны Қоңыраттан 360 шақырым жердегі, 45°  35’ ендік пен 55°52’   бойлық
арасында  орналасқан, жергілікті халық Белдеулі деп атайтын Көптам жерінде болуы керек дейді және бұл
жердегі   құлап   қалған   керуен   сарайлардың   архитектуралық-құрылыс   тәсілдеріне   қарап,   сондай-ақ   ел
арасындағы аңыз-әңгімелерге сүйеніп қала XVI ғасырдың басында салынған болар деген болжам  айтады. [ 7]
           Х-ХІ   ғасырларда   Хорезм   мемлекеті   өзінің   солтүстік   батысындағы   шекарасында   Бейнеу   қамалын
тұрғызып, онда мықты әскери күш ұстаған. Ислам Жеменейдің пікірінше, Бейнеу сөзі парсының «бини» мұрын,
тұмсық сөзінен шыққан, «тау тұмсық» деген мағына береді. Шындығында да Бейнеу қамалы орналасқан жерді
біз  «Күйкеннің тұмсығы»  дейміз. Жергілікті жұрт Бейнеу атауын Атақозы батырдың інісінің баласы, үш рет
Қыдыр көрген делінетін, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты ақсақал Бейнеу Намазұлының есімімен
байланыстырады.С.Толстов   Бейнеу   қамалы   мен   ондағы   керуен   сарайдың   кесілген   тастан   салынғанын,   бұл
жерде ХІІ ғасырларға дейін адамдар мекендегенін айтады. 
       Бірақ ғалымдар Х ғасырларға дейін осы өңірде болған  саяхатшылардың қолжазбаларында Сам қаласы
жайлы мәлімет жоқ дейді.Шындығында да, Ахмед ибн Фадлан жазбаларында да,  ХІ ғасырда Хорезмнен Үстірт
арқылы   печенегтерге   барған   белгілі   саяхатшы   Гардизидің   күнделігінде   де   керуен   сарайлар   жайлы   дерек
кездеспейді.Орыс ғалымдары Г.Федоров-Давыдов пен В.Егоровтің айтуынша, алтынордалық қалалар ХІІ-ХІV
ғасырларда   тұрғызылған.Қ.Байпақов   пен   Л.Ерзаковичтің   пікірінше,   монғол   шапқыншылығы   кезінде
талқандалған қалалардың көпшілігі осы ғасырларда қайта өрлеген.Соған қарағанда Сам қаласы да Алтын Орда
тұсында салынған болуы керек.Қалай болғанда да осы өңірде Сам атты қаланың болғаны тарихи шындық, ал
оның орнын Сам құмының терістік бетінен іздемеуіміз керек.Қазіргі таңда Сам нақты жер аты емес, өңірдің
жалпы атауы есебінде қолданылады.Сам құмының әр жотасының өз аты, Сам құмының әр құдығының өз атауы
бар.Сам сөзінің өңір атауына айналуын біздің қарттар патша үкіметінің осы аймақты картаға түсушілеріне
жолбасшы болған Сам Малкелдіұлымен көбірек байланыстырады.Батыс пен Шығыс саудасының тізгінін өз
қолына алғысы келген Әмір Темір әскері 1388 жылы сауда жолының ең басты орталығы Үргеніш қаласын, 1395
жылы   Алтын   Орданың   Сарай   Берке,   Сарай   Бату   қалаларын   талқандайды.Бүл   сапарда   Сам   қаласының
қаншалықты зардап шеккендігі туралы мәліметтер жоқ, бірақ осы жорықтардан соң ол керуен сарайлары бар
үлкен қала есебінде көпшілікке кеңінен танымал болады. [ 7]
16

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет