Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


§ 45. Шоқан Уалиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
§ 45. Шоқан Уалиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Мақсаты
· Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау
(есте   сақтау)  қабілетін  үнемі  жетілдіре  түсу,  практикалық   жұмыс  машығын,   талдау  және
қорытынды жасай  алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу
мәдениетін дамыту, өз бетімен жұмыстана білуге, тарихи карталармен жұмыс істей білуге
үйрету;
 ізденулеріне жағдай жасау;
Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында 
оқушыларды рухани білімділігі 
туралы түсінік қалыптастыру;
Оқыту 
нәтижесі
Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, 
сауда-саттық өміріндегі  алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы 
түсінік қалыптастыру  біледі,  әңгімелей алады.
Көрнекі 
құралдар
Слайд, суреттер, маркерлер мен плакаттар
Пайдалан
ылатын 
технологиял
ар
Диалогтік оқыту, критериалды бағалау, СТО элементтері
Кезеңде
рі
Мұғалімнің іс
әрекеті
Оқушылардың іс әрекеті
Пайдала
нылған
материал
мен
технология
лар
Баға
лау
Әдісі
Кіріспе
Сыныпқа кіріп, 
оқушылармен 
амандасады. 
- Балалар бүгін 
біз бір- бірімізбен 
бас изеп 
амандасатын 
боламыз.
Оқушылар бір бірімен бас изеп 
амандасады. 
Үй 
тапсырма
сын сұрау
Қазақстан 
аумағындағы 
қалалары туралы 
біледі. Округ 
ұғымына анықтама 
Оқушылар, оны өмірмен 
салыстырып, мысалдар 
 
Балалар 
жұптасып 
жұмыстары
н тексеріп, 
Оқу
шылар 
жұп 
болып 
бір 
Жұпт
ық әдіс.

бере алады және 
жәрмеңкенің 
пайдасы туралы 
әңгімелей алады
келтіреді,ойларын айтады
талдайды.
бірінің 
жауапт
арын 
тексері
п, баға 
қояды.
Жаңа 
сабақ.
Оқушылармен 
бірге сабақтың 
мақсатын қояды.
17.
Балалар 
бүгінгі 
сабағымыздың 
мақсатын бәріміз 
бірге қоямыз, 
Шоқан 
Уәлихановтң 
балалық және 
жастық шағы.
18.
Омбыда 
оқыған жылдары
19.
Ғалымның 
ғылыми зерттеулері
15.
Ш.Уалихан
овтың Қазақстан 
тарихындағы орны 
туралы әңгімелеу 
біледі  және өз 
ойларын жеткізе 
алады
Оқушылар сабақтың мақсатын 
қояды. Әр оқушы өз ұсыныстарын 
айтады. Ұсыныстар мұқият 
тыңдалып, сабақтың мақсаты 
анықталады.
Форм
ативті 
бағалау
жүреді.
Интер
активті 
әдіс.
Топтастыру 
әдісін жүргізеді. – 
Балалар өз ойларын
жеткізеді
Оқушылар «Шоқан», «Корнет», 
«Құсмұрын», «Зерттеуші» 
«Сырымбет», «Омбы», «Шыңғыс»,
«Қашғария», «Санкт-Петербург», 
«Патриот» сөздерді атап, тақтаға 
жазады.
Флипчарт
пен маркер.
Топтас
тыру 
әдісі.
Слайд арқылы 
түсіндіреді. «Өткен 
өмір ХІХ ғасырдағы
деректі фильм» 
атты бейнеролик 
көрсету арқылы өз 
ойларын еркін 
жеткізу
Оқушылар тыңдайды, маңызды 
жерлерін жазып алады.  «Өткен 
өмір ХІХ ғасырдағы деректі 
фильм» атты бейнеролик 
тамашалайды.
Интеракт
ивті тақта 
(слайд 
көрсетуге), 
бейнеролик
Сұрақ 
жауап, 
түсіндіру

АКТ
Сыныпты 3топқа 
бөледі. 
Оқушылар топқа бөлінеді. 
Оқушыларға үш түсті қағаз бердім.
Соған сәйкес олар үш топқа 
бөлінді. 
Топқа 
бөлу
Топтарға 
тапсырма береді. 1-
топқа: Шоқан 
Уәлихановтың 
балалық және 
жастық шағы.
2-топқа: Омбыда 
оқыған жылдары
20.
3-топқа: 
Ғалымның ғылыми 
зерттеулері
Ш.Уалихановтың
Қазақстан 
тарихындағы орны
Оқушылар топтық тапсырма 
орындайды. Тапсырмада Шоқан 
Уалиханов туралы толық 
мәліметтер бере білуі керек. 
    Қосымша әдебиеттердегі 
материалдарды пайдалана отырып,
өмірі мен игі істерін  айту. 
Оқушылар Ш.Уәлихановтың 
өмірінің негізгі кезеңдері жайлы 
даталарды толтырады:
16.
1835 жылы-
17.
1847 жылы-
Флипчарт
маркер
Тақы
рыпты 
аша 
білуі 
бағалан
ады.
Топты
қ әңгіме.

 
Флипчартта жоба
дайындау.
18.
1853 жылы-
19.
1857-1859 жылдары
20.
1860 жылы-
21.
1859-1861 жылдары-
22.
1864 жылы-
23.
1865 жылы-
 
 
 
  Ш.Уәлихановтың
замандастары-ғалымдар,
жазушылар   оның   еңбегін   жоғары
бағалады.   Ш.Уәлиханов-қазақтың
ғұлама-ғалымы.   Түркістан   мен
Қазақстнды,
 
Орта
 
Аия
халықтарының   тарихы   мен
мәдениетін   зерттеуші.   Ол   аз   ғана
30   жылдық   ғұмырында   ұлы   істер
тындырып   кетті.   Қазақ   халқының
тарихы   мен   оның   тұрмысын
ғылыми   тұрғыда   терең   зерттеудің
негізін   салды.   Ш.Уәлиханов
Шығыс Түркістанға сапары кезінде
ұлан-ғайыр   материалдар   жинады:
әсіресе оның қарындашпен салған
суреттерінің маңызы зор. 
Ш.   Уәлихановтың   ғылыми
мұрасы   Қазақстан   және   Ресей
халықтары   тарихының   күрделі
проблемасын   қамтыды.   Шоқан
Уәлихановтың   қызметіне   Орыс
географиялық   қоғамы   мен   Ресей
ғалымдарының   атынан   баға   беріп
келіп,   шығыстанушы   ғалым,
академик   Н.Веселовский   былай
деп   жазды:   «Шоқан   Шыңғысұлы
Уәлиханов шығыстану ғылымында
аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ
болды.   Орыс   ориенталистері   оны
ілуде біркездесетін ғажайып дарын
иесі   деп   таныды   және   одан   түркі
халықтарының   тағдыры   жөнінде
ұлы   да   маңызды   жаңалықтар
ашады деп күткен еді».
Рефлекс
ия.
Оқушылар  бір-
бірінің біліміне 
толық жауап алу 
мақсатында 
сұрақтар береді. 

Шоқанның   туып-өскен
жері туралы не білесіңдер?

Шоқанның   тұлға   ретінде
қалыптасуына   қоршаған   ортаның,
туысқандарының,
 
әлеуметтік
жағдайдың, туған табиғатының, өз
кезеңінің   алдыңғы   қатарлы
азаматтарымен   достасуының   әсері
болды ма? Нақты жауап беріңдер.

Шоқанның   мінез-құлқы
туралы не білесіңдер? Өзіңе оның
қандай мінезін үлгі етіп алар едің?

«Шоқан   өз   халқының
нағыз
 
патриоты
 
болды»
«Патриот»   ұғымын   қалай
түсінесіңдер?
 
Екі 
тілек, 
бір 
ұсыныс

Үйге 
тапсырма 
беру
Шоқанның достары  туралы материалдар жинақтап келу және альбом жасау.(өз ойларын 
жеткізу мақсатында)  
«Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге
зор   үлес   қосты,   оны   шығыстанушы-ғалым   ретінде   шетелдік   ғалымдар   толықтай
мойындады».Бұл тұжырымды нақтылай түсетін мысалдар келтіріңдер.
§45-ты оқып шығып, мына сызбаны толтырыңдар:
Өмір сүрген жылдары-
Мінез құлық ерекшеліктері-
Ғылымға бейімділігі-
Қайда оқыды-
Кіммен достасты?-
Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы-
Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы-
Ғалымның ғылыми мұрасы-
 Терминдермен жұмыс:
11
Ағартушы
11
Декабристер
11
Корнет
11
Адъютант
111
Кумир
Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы К. Меңдалиев атындағы 
орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қуандықова Гүлсара Халелқызы
Сабақтың тақырыбы:  Қасиетті сандар.  7 саны
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Оқушыларға сандардың халық ұғымындағы түсініктерінен  мәлімет беру, 1 
санына байланысты  ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, ұлттың дүниетанымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой өрістерін, танымдарын, пәнге қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілік: сандар, суреттер, сызба, кесте.
Бағалар
"1" дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
"2" дегенім нашар баға,
Бауырларым нашарланба.
"3" дегенім орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
"4" дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
"5" дегенім үздік баға,
Оқимыз тек үздік қана.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Сұрақ-жауап
7.
Қазір жылдың қай мезгілі ?
8.
Бір жыл мезгілінде неше ай бар ?
9.
Бір аптада  неше күн бар ?
10.
Біз сабаққа сағат нешеде келеміз ?
11.
Сабақта қандай баға алғанды ұнатасыңдар ?
12.
Балалар , мен сендердің жауаптарыңды жаздым
Олар қалай деп аталады ?
13.
Сандар
14.
Ендеше, бүгін қасиетті сандар жайында айтамыз
( Қасиетті сандар кестесін көрсету )
Осы сандар ішінде 7 саны өте ерекше орын алады. 7 саны-киелі сан.
Қ.Мырзалиев " Жеті " өлеңін оқу.
Ұзақ санның шетіне шықпаспын мен,
Көлдің өзі шықпайды бетіменен

Кәдімгі бір мен онның арасында
Неліктен қымбат маған жеті деген
Жетіңізге талай сан тіркеседі
Жеткен бала жетіге күрт өседі
Жаңылуды білмейді  сарапшылар
Жеті мәрте есептеп бір кеседі
Жетіні есте, қәне сақтаңыздар!
Жетімізді жазалық тақтамызға
Өлгеннен соң жетісін береді екен
Жеті күннен тұрады аптамызда
Жетісу ма, Жетісай қаласы ма
Жеті сіңген біраздың санасына
Сегіз емес, алты емес, жеті атасын
Мұсылмандар жаттатқан баласына
Жеті күнде жымыңдап қордалы аспан
Жеті жұлдыз жиналып орналасқан
Стамбул да, Рим де, Москва да
Жеті  төбе басында орналасқан
Мен сыйлаймын ерлерді елім дейтін
Елім дейтін ешкімге емінбейтін
Жеті болсақ, шіркін-ай, үшің түгіл
Екіңіздің өзіне бөлінбейтін.
Сызбамен жұмыс.
Кемпірқосақ түстерін атау.
Танымдық
тапсырма " 7 нотаны ата "
Парақшада
жазылған сұрақтарға жауап 
бере отырып,ноталарды атау.
Қорытынды : Кәкім Салықов  өлеңі оқылады
Тапсырма: 7 атасын жаттап келу.
Үш жақын                          Үш тәтті             Үш көз
1 Жар жақын                   Жан тәтті
        Су анасы -бұлақ
2 Мал жақын                  Мал  тәтті
        Жол анасы- тұяқ
3 Жан жақын                  Жар  тәтті
        Сөз анасы-құлақ
Бес асыл
Бес дұшпан
        Бес қару
1.Талап
                   Өсек                 Садақ
2.Еңбек
                   Өтірік
                 Найза
3.Терең ой                         Мақтаншақ      Қылыш
4.Қанағат
                   Еріншек
                 Айбалта
5.Рақым
                   Мал шашпақ       Шоқпар
Жеті ата
Жеті қазына
             Жеті күн
1.Әке                               Ер жігіт
                     Бүгін
2.Бала
                              Сұлу әйел
          Ертең
3.Немере
                 Ақыл-білім
          Бірсүгүні
4.Шөбере
                 Жүйрік ат
                      Арғы күні
5.Шөпшек
                 Қыран бүркіт          Ауыр күн
6. Немене
                 Жүйрік тазы           Соңғы күн
7.Туажат
                 Берен мылтық             Азын
Сабақты қорытындылау.

ОҚУШЫЛАРҒА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
 АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІЗДЕНІСІН ЖАСАУҒА БАҒЫТ БЕРУ
                
  Альбосынова  Гүлжан  Мырзатайқызы 
ОҚО. Арыс қаласы  №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы 
орта  мектебінің  қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                                                Түйіндеме 
«Адам   ұрпағымен   мың   жасайды»   -   дейді   халқымыз.   Ұрпақ   жалғастығымен   адамзат   баласы   мың   емес
миллиондаған  жылдар жасап  келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық  жұлдыз - оқу. «Надан  жұрттың  күні  –
қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ,
таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі
мектеп   мұғалімдерінің   алдында   тұрған   басты   міндет   –   оқушылардың   шығармашылық   білім   дағдыларын
қалыптастыру.   Міне,   өз   ұрпағының   өнегелі,   өнерлі,   еңбексүйгіш,   абзал   азамат   болып   өсуі   үшін   халық
педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың
міндеті ,сондай-ақ менің де міндетім болып табылады.
     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстан Жоллдауы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына үлкен мақсаттар қою арқылы Дамыған
30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып отыр. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар екендігін айқын да нақты айтып берді.Ол-Мәңгілік Ел идеясы.Осы мақсатта
бірнеше міндеттер қойды. Олардың бірі-озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру.
   Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Сонымен бірге Елбасы «Орта білім
жүйесінде  жалпы  білім  беретін   мектептерді  Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту  деңгейіне   жеткізу
керек және мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың
сындарлы ойлау,өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.» ,-деді.
   Білім – ел қазынасы,халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, яғни бар
ғылымның  бастауы  – мектеп. « Елдің  келешегі  -  бүгінгі  жастардың  қолында,  ал жас  ұрпақтың  тағдыры –
ұстаздың қолында »- деп, Елбасымыз бізге үлкен міндет артып отыр.  
   Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және
өмірге   икемді   адам   тәрбиелеуді   қажет   етіп   отырғандықтан   мұғалімнің   басты   міндеттерінің   бірі   –   мектеп
қабырғасында     жеткіншектерді   жеке   тұлға   ретінде   қалыптасуына   жағдай   жасау   және   білімдерін   шыңдау
арқылы ғылыми жетістіктерге жеткізу.
    Питер   Клаин:   «Балаға   өз   бетімен   зерттеуге   мүмкіндік   туғызған   сайын   одан   әрі   жақсы   оқи   түседі.»-
деген.Қазіргі   таңда   білім   беру   жүйелерінде   үлкен   өзгерістер   болып   жатыр.   Білім   беру   жүйелерінің   жаңа
модульдері   құрылуда.Осы   бағытта   жүргізіліп   жатқан   жұмыстардың   бірі   –   жалпы   білім   беретін   орта
мектептерде   қазақ   тілі,   орыс   тілі   және   ағылшын   тілі   ғылымдарының   қайта   жаңартылуы   болып   табылады.
Солардың бірі: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілінде білім алатындардың
саны   жыл   өткен   сайын   көбейіп   келеді.Енді   ешкім   өзгерте   алмайтын   бір   ақиқат   бар.Ана   тіліміз   Мәңгілік
Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-деп ,
Елбасы тұжырымдады. Ал талапқа сай ана тілімізде білім берудің шарты –қазақ тілінің абыройын көтеріп,
маңыздылығын жоймай, Мемлекеттік  мәртебесін биіктету.
   Білім беру жүйесінің қайта жаңғыртылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам
жасауға  жаңа көзқарасты  талап етуде.Дарынды балаларды  тану –нақтылы бір баланың  дамуына талдаумен
байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты бір ғана әдіспен анықтау мүмкін емес.Дарынды баланы тәрбие беру мен
оқыту
 
барысында
 
біртіндеп
 
сатылап
 
анықтау
 
қажет.
Баланың   білімін   оқушы   деңгейінен   шығармашылық   деңгейге   жеткізуде     дамыта   отырып,   проблемалық
оқытудың   орны   ерекше.   Оқытуды   өнермен   ұштастыру,   әрбір   оқушының   шығармашылықпен   жұмыс   істей
білуіне жағдай жасау арқылы ғылыми-зерттеушілік ізденісін қалыптастыруға болады.Ол үшін баланың жас
ерекшеліктеріне сай шығармашылық қабілеттері,олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы анықтауға
болады.Бейімділік-оқушының   белгілі   бір   іс   әрекетпен   айналысуға   бет   бұрысы.   И.Левитов:   «Іс-әрекет
қорытындысында   жаңа   бір   нәрсені   үйренуі   және   олардың   даралық   бейімділіктерінің,   қабілеттерінің,
тәжірибелерініңкөрінуі –шығармашылыққабілет болып табылады.»,-деген болса, ал А. Құнанбаевтың жетінші
қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі -  «ішсем, жесем,ұйықтасам»деп
тұрады,екіншісі – «көрсем, білсем»дел, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге
бүйтеді»деп,көзі көрген,құлағы естігеннің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді», - деген ой-тұжырымды растайды.
   Сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылықты дамытудың сан алуан түрлері бары белгілі. Соның
барлығы   дерлік   оқушының   жеке   ғылыми-зерттеу   жұмысын   жүргізуіне   негіз   бола   алады.   Өйткені,
шығармашылық  ізденіс   болмай,ғылыми-ізденісін  бастау  мүмкін   емес.Ол  үшін   тек  сабақ   барысында   жұмыс
жасауға   үйрету   мүмкін   емес.   Сабақтан   тыс   уақытта   мұғалім   «ақылшы»,   «кеңесші»,»бағыт   беруші»   болуға
міндетті. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін ескере отырып,айналадағы

нақты   құбылыстармен,   таныс   нысандарды   зерттеумен   байланыстырудың   маңызы   зор.Сонымен   қатар   бала
бейінділігін анықтаған соң, жеке қабілетін ескеру керек.
  Қабілет – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.Қабілеттілік –адамның
мінез-құлқын реттеп ,оның тіршілік етуіне қызмет етеді,психикалық әрекеттің негізіне,шартына айналады.
  Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді. Соның бірі, шығармашылық әдіс –
жаңа  нәрсені   ойлап   табуға бағытталған  қабілеттер  деңгейі. Ол  үшін   оқушыға  бағыт  –бағдар  бере  отырып,
баланың   өз   бетімен   жұмыс   істеуіне   мүмкіндік   беру   керек.   Оқушының   өз   бетімен   жұмыс   жүргізуі   –
шығармашылық   қабілетті   дамытудың   басты   жолы.   Шығармашылық   тапсырмалар   беру   арқылы   балаға   өз
бетімен іздену іс-әрекетін жасауға мүмкіндік туғызып,ғылыми-зерттеу ізденісін жасауына бағыт беруге болады.
    Шығармашылық   –  жаңа   нәрсе   ойлап   табуға   бағытталған   қабілеттер   деңгейі   болса,   ал   шығармашылық
қабілетті анықтау – мұғалімнің ең басты міндеті. Ұлы ойшыл М.Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа
бітті   қан   арқылы   берілетіні   де,   одан   қалды   жүре   пайда   болатыны   да   бар.Туа   бітті   болатыны   –
тұқымқуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіп те қалатын үрдіс.Сондықтан оны үнемі шыңдап отырмаса
өшіп қалуы да ғажап емес.»,-дейді. 
  «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақ Перзенті» және «Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын
баянды етуге арналады.» -деген Елбасы сөзі қазіргі патриоттық сезімімен Отанға деген сүйіспеншілікпен қатар,
ана тілімізге жанашыр әр қазақстандықүшін келешек ұрпағымыздың алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер
жүктеді.   Сол   үшін   дарынды   оқушыларды   қолдау   –   ел   болашағын   ойлау   екенін   ескерсек,   оқушының
шығармашылық және ғылыми-зерттеу іс-әрекетін қолдап, мүмкіндіктер қарастыруымыз керек. Ол мүмкіндіктер
мыналар:
-оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-оқушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқу үрдісін оқушының сезінуі;
    Жеке-дара   қабілеттерін   дамыту   үшін   қажетті   шарттарды   қамтамасыз   ету   керек.   Олар:   оқушы
ынтасын,дербестігін қамтамасыз ету және табиғи түрде өзін-өзі таныта білуіне жағдай жасау.
   Дарындылықтың табиғаты шексіз.Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының
ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі. 
 
  Зерттеушілік,   ізденушілік-бала   табиғатына   тән   құбылыс.   Білуге   деген   құштарлық,бақылауға
тырысушылық,тәжірибеден   өткізуге   дайын   тұру,   әлем   туралы   жаңа   мәлімет   жинауға   талпынушылық
қасиеттербалаға тән дәстүрлі мінез.
  Зерттеу–дарынды балаларды оқытудың негізі. Олай болса мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып,
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу
арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі -
оқушылардың ғылыми қоғамына енгізу.
Педагогикалық үрдісте баланың дарыны ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Өз бетінше
ізденіс   жасауына   мұғалім   бағыт-бағдар   беріп,бірлесіп   жұмыс   жасау   арқылыбаланың   танымдық   қабілетін,
өмірге деген өзгеше көзқарасын дамытып, ізденуге құштарлығын шыңдай түсу керек.
    Оқушының   өзіндік   зерттеу   әрекеті   оның   өзіндік   талабын   қанағаттандыруға   ықпал   етеді.   Оқушылар
қоршаған ортамен таныса отырып,өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі
ашады. 
  Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды
міндеті болып саналады. Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс
сырларынкөптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып қызығады түсініксіз нәрсені білуге ынтызарлық, түрлі
сұрақтарға   жауап   іздеп,ой   әрекетімен   шұғылдануға   бейім   келеді.   Сондықтан   мектеп   оқушыларының
бейімділігін дамытужұмыстарын ұйымдастыру- басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады. Сол үшін
мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп,
оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады. Бірақ
таңдалатын тақырыпты жазар алдында «мені не қызықтырады?», «қандай тақырыпты зерттеуге болады?» деген
сұрақтарға жауап беру керек.
Зерттеу   жұмысын   жазу,   шығармашылықпен   айналысу   оқушының   шешімін   қабылдауына
дағдыландырады,аналитикалық ойлау қабілетін дамытады. 
   Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін оны қызықтырып, зерттеу талабын қалыптастыру
керек. Ол үшін шешім қабылдап, ақпарат алып, оны басқаларға жеткізу әдістерін үйрету, бағыт беру керек.
Мұндай   жауапты   да   ауыр   жүкті   арқалап   жүрген   ұстаздардың   ролін   ерекше   пайдалана   отырып,   ғылыми
көзқарасы мен белсенділігін дамыту үшін төмендегідей мақсат қоюға болады:
-психологпен бірлесе отырып,дарынды баланы анықтау;
-сабақта және сабақтан тыс ғылымға икемді дарынды баланы анықтау;
-ғылымға деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;
-танымдық белсенділіктерін жетілдіру;
-ата-анасымен байланыс жасау;

-баланы «оқушы ретінде» емес,досың, сырласыңдай әңгімеге тарта білу;
-«дұрыс емес» демей,бағыт беру;
-мақсат қоя білуге талпындыру;
-нақты шешім қолдануға дағдыландыру;
- жаңа тапсырмалар беру, орындалуын қадағалау.
Оқушыларды   ғылыми-ізденіске   бағыт   беруде   күнделік   жаздырудың   ролі   де   ерекше.   Оның   маңызы
оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатыныда. Алайда жаңа ғасырға қадам жасауда жас
жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жол
таба білуге даяр болу керек.
   Ғылым әлемді өз қажетіне қарай өзгертуде белсенді адамзат таным қызметінің көпғасырлық дамуының
нәтижесі     болып   табылады.   Ал   оқушының   ғылыми-ізденісі   осы   нәтижеге   жетудің   бастамасы   бола   алады.
Интеллектуалдық жәнешығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс.
Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.
  Ендеше,   мектепте   оқушыны   ізденушілікке   баули   отырып,ғылым   мен   техниканың   жетістігіне   сәйкес
армандарына  жетуге, өз  жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу  арқылы өздерінің қабілеттерін  ашуларына
көмектесуіміз керек.
    Елбасы   Н.Ә.Назарбаев     «Қазақ   елінің   болашағы   –   бүгінгі   жастар.   Ұстаздар   оларға   қалай   білім   берсе,
Қазақстан сол дәрежеде семғайды, өзін әлемге танытады.»-деп атап көрсетті. Яғни, әрбір елдің болашағы, оның
білім ордасы мектебінде шыңдалады.
   XXI ғасыр ұрпақтарының тілімізді ту етіп,келесі ұрпақтарға тапсыруына, жылдар мен ғұмырлардан туған
тілімізді дамытып, биіктете беруіне үлесімізді қосу – парыз. Бұл тұрғыдан қарасақ, жас ұрпақтың рухани ерік-
жігерін ана тілі арқылы көтере білу – біздің борышымыз. 
  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерді алдындағы шәкіртінің рухани жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының
бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру
арқылы оларды тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар төңірегінде
ізденіспен  жүргізуді  талап  етеді. Шығармашыл  әрі  дарынды  тұлға  қалыптастыру, білім мен  тәрбие беру –
мемлекеттік істің ең маңыздысы.
  Қазіргі таңда оқушының шығармашылық және ғылыми-ізденісін дамытуда мұғалімнің өзіне де үнемі ізденіс
пен зерттеу тәсілдерін қажет етеді. Осыған сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жиі кездесетін көнерген
сөздерді   қолдану   ерекшеліктерін   ескерген   жөн.   Бұл   орайда   тіл   дамыту   үрдісінде   оқушының   өзіндік
ізденісінің,яғни   зерттеуші,   ізденуші   ретінде   әрекет   етуінің   маңызы   зор   екені   байқалады.   Ал   мұғалім
оқушыларды дағдыландырып,меңгеруге жетелеуі тиіс. Бұл - оқушылардың білімге, ғылымға деген ынтасын
арттыру,   олардың   ақыл-ой   қабілетін,   диалектикалық   дүниетанымын   ұштау,   өмірге   деген   мақсат-мүддесін
айқындау.  Осы мақсатта Ж.Аймауытовтың: «Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын  - оқыту
мен тәрбие» деген сөзін ұстанып,12 жылдық эксперимент сыныптарының 8 сынып оқушысы Жүсіпбек Жәния
деген   оқушыма   «М.Әуезовтың   «Абай   жолы»роман-эпопеясындағы   көнерген   сөздер»   тақырыбында   зерттеу
жұмысын жүргізуді ұсындым. Баланың ізденуі мен қызығушылығы – көнерген сөздердің ұмытылып кетпей,
қайта   жаңғырып,   ана   тіліміздіңбайлығы   –   көнерген   сөздерді   қолдана   білу   арқылы   өз   үлесін   қосу   болып
табылады.Өйткені,   Президентіміз   Н.Ә.Назарбаев:   «XXI   ғасырда   жеңіл-желпі   жүріп   өтуге   болмайды.»-деп,
Дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсыну арқылы Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғандығын
айта келіп, бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа деген сенімнің айқындығын нақтылады.
   Ж.Баласағұнның:
Бала білім жолын қуса десеңіз,
Бесігінде-ақ білім жолын көсеңіз.
Білім үйрет сәбиіңе,тарылма,
Уыздайын   сүттей   сіңір   қаныңа.-   деген   даналық   сөзі   дарынды   да   қабілетті   оқушыларды   ғылымға
баулып,ғылым арқылы егемендігімізді дамытуға үлес қосып,оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып,
табиғи   дарындылығын   пайдалана   отырып,ғылыми   белсенділігін   дамыту   жолында   аянбай   еңбек   етуден
жалықпайық,құрметті ұстаздар!                                                                                     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет