ОҚУШЫНЫ ЫНТАЛАНДЫРУДА ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
БҚО, Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп- гимназиясының
жоғары санатты, І деңгей бойынша сертификатталған
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Есекенова Лаззат Ермекқалиқызы
Коучинг сабақтың
тақырыбы
Оқушыны ынталандыруда формативті бағалаудың маңызы
Жалпы мақсаты
Мұғалімдерде формативті бағалау туралы түсінік қалыптастырып, іс-
тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету
Мұғалімдер үшін оқу
нәтижелері
1.ФБ туралы түсінік қалыптасып,
формативті бағалаудың маңыздылығын түсінді.
2. Формативті бағалауды іс-тәжірибелерінде қолданады.
Сабақта туындаған
негізгі идеялар
Сапалы білімге жету – ынталандыру негізі.
66
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тапсырмалар
Тренинг өткізу: Смайликтер арқылы топтарға бөлу
Кіріспе әңгіме (теориялық білім беру).
Таныстырылым. Интерактивті тақтада көрсетіледі. Дайын слайд
көрсету.
Практикалық жұмыс: (ақ қағаздар мен түрлі-түсті бояулар
үлестіріледі) 1 топ-қазақтар, 2 топ: ресейліктер, 3 топ: үнді елі. Бір-бірін
формативті әдістердің бірі арқылы бағалайды (смайлик, бағдаршам,
жетон, шапалақтау, бармақ әдісі, фигуралар арқылы)
2. Критерий бойынша бағалау.
Критерийл
ер
1
2
3
1
Топ
мүшелерінің
белсенділігі
2
Мазмұнын
ың ашылуы
3
Эстетикал
ық талғамға
сай болуы
4
Уақытқа
сыюы
5
Түйінді ой
айтуы
6
Қорытынд
ы баға
Қайтадан өздерін-өзі бағалайды. Бағалаудың айырмашылығы
талданады. Критерий арқылы бағалау тиімді екеніне мұғалімдердің көзін
жеткіземіз.
Кері байланыс: Бағалаудың қандай түрлерін үйрендіңіз? Өзіңіздің
тәжірибеңізде қайсысын пайдаланғыңыз келеді?
Қорытынды: Екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Дереккөздер:
МАН. Ідеңгей 23, 24 ,25 бет
67
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
БҚО Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы
І санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған
химия пәнінің мұғалімі Лукпанова Сайлаугул Ерназаровна
Сыныбы
10а сынып
Сабақтың
тақырыбы
Коррозия, оның түрлері мен коррозияның алдын алу шаралары.
Мақсаты
Коррозияның не екенін және коррозияны болдырмау шараларын білу
Күтілетін нәтиже
А- Коррозияның не екенін, оның себептерін біледі.
В. Коррозияның себептерін суреттейді анықтайды.
С-.Жемірілудің мәнін түсініп, болдырмау шараларының маңыздылығын
талқылайды, бағалайды.
Керекті
жабдықтар
Оқулық, анықтама, қалам, ноутбук,интерактивті тақта, периодтық кесте, дәптер
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе – 10
мин
1.Сыныппен амандасамын, «темір»,
«хром», «мыс» бойынша топтарға бөлемін.
2.Үй жұмысын тексеремін
3.Есептер шығару.№4,7 есептер
1.Оқушылар орындарын ауыстырып,
топтасады.
2.Құралдарын дайындайды.
3.Үйге «Темір» тақырыбына берілген
ертегіні топта талқылап, ең үздігін оқиды.
4.Оқулықтан есептер шығарады.
Тұсаукесер –
5 мин
1.Сабақтың мақсатымен, жоспарымен
таныстырамын
2.Сабақтың критерийін оқушыларға
айтамын.
3. «Сиқырлы шаршы» арқылы сабаққа
тұсаукесер жасаймын.
1. Сабақтың мақсатын, жоспарын
біледі, күтілетін нәтижені біледі
2.Сабақ критерийлерін біледі.
«Сиқырлы шаршыны» қолдана
отырып, коррозия анықтамасын, шағын
мәтін құрастырады.
Негізгі бөлім
-25 мин
1. «Үштік» әдісі бойынша мәтінді оқып,
талдауларын ұсынамын.
2. Әр топқа интеллект картаға өз
ойларын түсірді.
3. 2 оқушыға бағдар картасын беріп,
өзін-өзі критерий арқылы бағалату
4 . Оқулықтағы тақырып соңындағы
төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар
беремін.
1.«Үштік» әдісі бойынша мәтінді оқып,
талдайды ұялы телефон арқылы
ғаламторға кіріп, қосымшалар қосады.
2.Интеллект картаға өз ойларын
түсіреді.
3.Сағат тілімен әр топ карталарын
ауыстырып, «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
арқылы бағалап, стикерге жазып
жапсырады.
Бағдар картасымен жұмыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды -5
мин
Сабақты «Стикердегі диалог» әдісі
арқылы бағалау
Сабақты бағдаршам арқылы бағаладым.
Үйге тапсырма: §5.6 және жарнама
жасап келу
«Стикердегі диалог» арқылы
сұрақтарға жауап берді..
«Бағдаршам» арқылы арқылы өз-
өздерін бағалайды.
68
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Қараөзен мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі.
Хайрошева Гаухар Талапкалиевна
Сыныбы
9
Сабақтың тақырыбы
Келтіру формулаларына есептер
шығару
Мақсаты
Келтіру
формулаларын
пайдаланып,
есеп
шығару
қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтижелер
А.Келтіру формулалрын кестеге
қарап есеп шығарғанда қолданады
В.Келтіру формулаларын
пайдаланыпесептер шығарады.
С. Берілген есепті түрлендіріп,
келтіру формулаларын қолдану
арқылы есептер шығарады.
Керекті жабдықтар
Оқулық, дәптер, интерактивті
тақта, үш түрлі түсті бағдаршам,
рефлексия парағы, конверттегі
сұрақтар
Сабақта қолданылатын
әдістер:
«Пилот және штурман» өзін-өзі
және өзара бағалау
Сабақ барысы:
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылардың назарын өзіне
аударып, ортаға шақырып, келтіру
формуласын қолднып жұпқа бөледі
Үй тапсырмасын тексеру
Әр оқушы қолдарындағы формулалардың
жартысы арқылы өз жұптарын тауып алады.
Өзін-өзі бағалай отырып, әр оқушы тақтадағы
жауап нұсқасына қарап, есептерін тексереді
Тұсаукесер
Жұптың өзін «Пилот және
штурман» арқылы тағы екіге
бөледі.
Әр жұпқа №412, 415(1,2,3,4)
Түрлі-түсті қағаздарды
үлестіреді
Пилот есепті жазып, ал штурман есептің
шығарылу жолын айтып отырады.
Тақтаға бір-бір жұптан шығып есептерін
шығарады.
Көмек керек болса оқушылар қолдарындағы
парақтарды көтеру арқылы бір-бірінен көмек
сұрайды. (Қызыл түс-есеп шартын мүлдем
түсінбедім, сары түс-түсіндім бірақ әлі де
күдіктеніп отырмын, жасыл түс-бәрін түсіндім
көмек қажет емес)
Есеп шығып болған соң, өзара бағалау арқылы
әр жұп басқа жұптардың есептерін тексереді
Негізгі бөлім
Деңгейлік тапсырмалар береді
Тақтада жауап нұсқасын
көрсетіледі
Әр оқушы өзінің қабілетіне қарай тақтадағы
тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар дәптерлерін бір-бірімен алмастыра
отырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Қорытынды
Конверттегі сұрақтарды
таратады
Рефлексия парағын үйлестіреді
Оқушылардың бағаларын сұрап,
пікірлерін тыңдайды.
Үйге тапсырма:
№413
Оқушылар конверттегі берілген жауапқа
байланысты сұрақтар қояды.
Қалған оқушылар жауапты табады, жауап
берген оқушыға конверт беріледі.
Сабақтан алған әсерлері туралы ойларын
айтады.
69
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мендіғалиева Алмагүл Ерсайнқызы
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әдебиет . 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады ?» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің мазмұнын түсіндіре отырып, тақырыбы мен идеясын ашу
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қабілетін , өзіндік көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелік : Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Портрет, интерактивті тақта, кітаптар
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: Топтастыру, өзара оқыту, әңгіме кестесі, топпен жұмыс,Венн диаграммасы, өзін-өзі
бағалау кестесі
Пәнаралық байланыс : жаратылыстану, тарих,экономика
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топ топ
басшысын сайлайды, өздеріне ат алады.
2. Үй тапсырмасы тексеріледі.
1- тапсырма.1.Ы.Алтынсарин шығармашылығы бойынша тест сұрақтары.
1) Ы.Алтынсарин қай жерде туған?
А) Шығыс Қазақстан облысы Б) Қостанай облысы С) Алматы облысы
2) Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектебіне қашан қабылданды?
А) 1850 жылы Б) 1852 жылы С) 1855 жылы
3) Ы.Алтынсарин тұңғыш мектебін қашан ашты?
А) 1860 жылы Б) 1864 жылы С) 1866 жылы.
4. Ыбырай алғаш ашқан мектепке қанша бала қабылданды?
А) 10 Б) 14 С) 17
5. «қынарда» деген сөз қандай мағынада қолданылған?
А) орын Б) шөлдеген С) жағасында
2.Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңін жатқа айту.
І. Қызығушылықты ояту
Франция мемлекеті туралы білесіңдер ме?
«Францияға саяхат » жасаймыз.
Алдымен Франция туралы мәліметке назар аударайық.
Франция- Батыс Европадағы үлкен мемлекет.Ол Нормандияның түнерген жартасты жағалауынан
Жерорта теңізінің жылы Лазур жағалауына дейін көсіліп жатыр. Мұндағы ең биік тау - қарлы Монблан
шыңы, көкке қол созған Альпі тауы.Кең жазықты қуалай-Сена, Рона, Горонна сияқты өзендер ағады.
Осы елге сапарға аттанамыз.
Саяхатқа шыққан кезде өз еліміздің белгісі болатындай бір зат алып баруымыз керек. Ол зат: 1.шағын
2.қауіпсіз 3. ұлттық нышан болуы керек.Әр топ өздерінің алған заттарының суретін салып , оны не
себепті таңдағанын түсіндіреді.
ІІ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ. «Дүние қалай етсең табылады?» Ы.Алтынсариннің көптеген әңгімелері бар. Ол
әңгімелерінде жазушы жастарды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Сондай шығармалардың
бірі- «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар әңгімені өздері оқып шығады. Әр оқушы 2 сұрақ әзірлейді. Бірнеше
оқушы жауап береді.
Сөздікпен жұмыс. Әйдік- үлкен, еңселі
Реуішті- сияқты, тәрізді
70
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Франк- француз ақшасы
Брюссель, Версаль- қала атаулары
Сабағат. Ы.Алтынсарин заманында қазақ елі Ресей боданында еді.Ол кезде қазақ жұртында діни
медреселер, молдалардың діни сауат ашатын жеке оқуы ғана болды. Орыс-қазақ мектебін бітірген соң , тек
тілмаш болмай, халқына қызмет ететін жолға түсті.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектептер ашумен бірге , оларға арнап оқулық кітаптар
жазды, мұғалімдер дайындауға атсалысты. Қазақ балалары үшін «Қазақ хрестомаиясы» деген оқулық
жазды.
Шығарма бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма.
1-топ. Әңгімеге жоспар құрады.
2-топ. Сұхбат (интервью)
3-топ. Антонға мінездеме береді.
2- тапсырма Әңгіме кестесі
Әңгіменің аты
Оқиға ортасы
Авторы
Кейіпкерлер
Оқиға идеясы
Түйініңіз
3-тапсырма. ( пікірталас)
1-топ. Антон неге қайыр сұрады ?
2-топ. Қайыршы Антонға бейтаныс адамның сөзі қалай әсер етті ?
3-топ. Жазушы суреттеген заман мен қазіргі заман арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар
? қазіргі кезде қайыршылар бар ма?Оның себебі неде деп ойлайсың?
( Венн диаграмасы кесте)
Қазіргі заман Бұрынғы заман
4- тапсырма
Барлық топтарға арналған. Еңбек туралы мақал-мәтел айту.
ІІІ. Ой толғаныс. «Еңбекпен тапқан нан »
Үйге тапсырма.
1. «Дүние қалай етсең табылады ?» әңгімесін оқу
2. Қосымша мәліметтер жинау. Рефераттар тақырыптары:
Ы.Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы.
Ы.Алтынсарин әңгімелері.
Ы.Алтынсарин ашқан мектептер.
3. Қосымша оқуға арналған әңгімелер
Бағалау Өзін-өзі бағалау парағы
Тапсырма
Үй тапсырмасы
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
Ой толғаныс
Бағасы
Өзін-өзі бағалау парағын есепке ала отырып баға қойылады, түсіндіріледі.
ТАҚЫРЫБЫ: АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ— АТА-АНА
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп – гимназиясы 6 «ә» сынып
Сынып жетекшісі: Молдашева Эльвира Мақсотқызы
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін
тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін
үнемі қолдауға ой салу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, суреттер, музыка әуені, ойын түрлеріне қолданылатын
үлестірмелі парақшалар.
71
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек», «Әке-бәйтерегім,
ана-шынарым», «ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату, білімді әрі өнерлі болуы тиіс».
Мұғалім:— Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Алғашқы ұстаз — ата — ана» атты тренинг –
сабағымызға хош келідіңіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін
дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі
табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
1. Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері» Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ
ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт
деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын
байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі
түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам
ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық
міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан
артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты
қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап
ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп
үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің»
деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін
ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін
орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген
болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы
ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға
қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау
ата-ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп,
мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып
отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де
жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс
емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында
жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді
айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала
алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан
зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың
алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай
ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан
азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-
керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс
жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл
осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды
үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы
мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана
тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында
жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай
жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен
де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
2. топтарға бөлу. Шаңырақ ойынын ойнайық. (қабырға, адамдар)
ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.
А) Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?
Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
Б) Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз? т.б.
ІІІ. Сол баяндама бойынша «Ассоциация» жазу
Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей) Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
І топ. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен
ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.
72
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ІІ топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол
адамдар болса.
ІІІ топ. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз
өнегелі отбасы бола алады.
IV. Педагогикалық ойын 1)Кесте толтыру.
Мақтау
Ұрсу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау)
Жауаптар:
— Қай сөз көп болу керек?
— Неліктен?
— Ата-ана жауабы:
— Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.
Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.
V. Педaгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі
тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың
құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).
VІ. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»
І топ
1) Егер баланы үнемі сынап отырса ........ (оқуға құлқы болмайды)
2) Балаға үнемі күлсе ................................ (бұйығы болып өседі)
3) Баланы қолдап отырса .......................... (білімге деген ынтасы артады)
ІІ топ
1) Баланы қолдап отырса ..................... (өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе ................................ (адал болып жетіледі)
3) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ...................... (ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ топ
1) Бала кекшілдікте өссе ............................. (ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе .................................. (әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................ (бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)
(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)
VII. «Сіз қандай ата-анасыз?» Психологиялық тест. (өз-өздерін тест арқылы тексеру)
1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі істесін.
2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.
А) Сіз ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола алмайтынын түсіндіресіз.
3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.
А) Еш әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі туғызасыз
4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.
А) Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз қалдырасыз
5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.
А) Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды
қосасыз.
73
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.
А) Бұл қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.
А) Бәрін сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндіресіз.
8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді
А) Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін жасайсыз
9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды
А) Өзіне де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым саласыз
Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды. нәтижесін мұғалім хабарлайды:
Достарыңызбен бөлісу: |