САБАҚТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ ҮЛГІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік
кабинет меңгерушісі Аткешова Райгуль Айбулатовна
1.Ең алдымен жалпы мәліметтер жазылады: бақылау күні, мектеп, сынып, сабақ кестесіндегі алатын орны,
мұғалімнің аты-жөні, сабақтағы оқушылардың саны.
2.Сабақтың тақырыбы жазылады және осы сабақтың тақырыбы бойынша жалпы сабақтар жүйесінде орны
анықталады.
3.Сабақтың мақсаты, оның білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жазылады (олар сабақ
алдында мұғалімнен сұрап алынады).
4.Сабаққа даярлығы анықталады: сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, сынып тақтасы
(тазалығы, дидактикалық жадығаттың алдын-ала даярлануы), көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары,
оқушылардың сабаққа психологиялық даярлығы.
5.Сабаққа талдаудың жазылуын мынадай кестемен жүргізуге болады:
(қосымша -1)
Талдау кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру керек:
1.Тақырыптың мақсаты мен мазмұнының сәйкестілігі
2.Сабақтың типін және оның негізгі кезеңдерін анықтау
3.Әрбір кезеңге кеткен уақытты белгілеп отыру.
4.Сабақтың басталуы: Ұйымдастыру кезеңі:
-тыныштықтың орнатылуы, сәлемдесу;
-сабаққа даярлығын тексеру;
-өткен сабақпен байланысты орнату, оқушылар алдында жалпы және жалқы міндеттерді қою.
5.Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
-тексерудің түрі (жалпы, жеке, фронтальды);
-кемшіліктерді анықтау және оларды жоюдың жолдары;
-сұрақтарды қоюдың мазмұны мен әдістемесі (сұрақтардың сипаты, қайталаттыратын, проблемалық сұрау
әдістемесі, оқушыларды белсенді ету тәсілдері);
-сабақ сұрау кезінде жауапты толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға оқушылардың қаншалықты
қатыстырылатындығы,
-оқушылардың ұжымдық, фронтальдық, топтық және жеке жұмыстары қалай ұйымдастырылатындығы,
-оқушылардың мұғаліммен және өзара іс-әрекеті қалай ұйымдастырылатындығы.
6.Жаңа тақырыпты (материалды) меңгеру:
-тақырыпты хабарлау,
-қазіргі тақырыптың өткен тақырыптармен байланысын, кейінгі жадығатты меңгерудегі мәнін көрсету;
-тақта тиімді қолданылды ма?
-оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері (көрнекілігі, балаларда бар тәжірибені
пайдалану, проблемалық ситуацияны құру т.б.);
-оқушылардың дербес жұмысының рөлі мен орны, оқулықты қолдануы т.б.
7.Жаңа білімді бекіту.
-бекітуге қандай жадығат таңдап алынды?
-бекіту қандай әдістермен іске асырылды?
-оқу жадығатын саналы меңгеріп жатқандығы туралы қорытынды жасауға бола ма?
8.Үй тапсырмасының берілуі
-үй тапсырмасын түсіндіруге қанша уақыт бөлінді?
-сабақтың қандай кезеңінде берілді (сабақтың басында, сұраудан кейін, бекітуден кейін, үзілісте, берілген
жоқ);
-үй тапсырмасын қалай орындау керектігін оқушылар қаншалықты түсінді?
9.Жалпы қорытынды және ұсыныстар:
-оқушылармен білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларының жүзеге асырылуы;
-мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының стилі;
-оқушылардың белсенді әлеуметтік қалыптасуының дәрежесіне жалпы сипаттама (саналы оқу қажеттігін
түсінуі, білімді өздігінен меңгеруге талпынысы, алған білімді практикада қолдануы, ұжымшылдығы,
жауапкершілігі т.б.).
17
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН НАН-ҚАСИЕТТІ ТАҒАМ
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы
С.Есетов атындағы ОЖББМ жанындағы
«Балбөбек» ШО тәрбиешісі Уразаева Алия
Тақырыбы: «Еңбекпен келген нан - қасиетті тағам»
Мақсаты: балаларға ас атасы нан оны өсіру өте қиын жұмыс екенін айтып түсіндіру. Күз туралы білімдерін
тиянақтау. Дихандардың күзгі еңбегімен таныстыру. Нанның қандай жолмен келетінін, ертегілер, сюжетті
суреттер, дидактикалық ойындар бойынша айтып түсіндіру. Нанға, еңбекке байланысты тақпақ, мақал -
мәтелдерді, тиым сөздер сұрақ - жауап қоя отырып балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Балаларды
адам еңбегін, еңбекке деген қызығушылығын және нанды құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Саябаққа серуенге шығып, күз мезгілін бақылау, сюжетті суреттер көру.
Өлең - тақпақтар, мақал - мәтелдер тиым сөздер жаттау. Көркем шығармалармен танысу. «Егінші мен қасқыр»,
«Нан қайдан келдің?»
Көрнекілік: Ертегі кейіпкерлері (қасқыр, диханшы), мазмұнды суреттер, схема, бидай сабақтары (гербарий)
піскен нан, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, схеманы қолдану, өлең тақпақ, тиым сөздер, мақал -
мәтелдер, дидактикалық ойындар, «Көкөністер мен жемістер», «Жемістердің дәмін біл», «Кім көп тағамдарды
біледі».
Сөздік жұмыс: Диханшы, комбайншы, тракторшы, наубайхана, элеватор, құт - береке, ырыс.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шеңбер боймен тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің балабақшамызға көп қонақтар келіпті, оларды құрметпен қарсы алайық.
Балалар: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!
Тәрбиеші: Қош келіпсіздер біздің бақшамызға! Балалар, қараңдаршы бүгін күн кешегі күннен өте шуағын төгіп
тұрған сияқты, өйткені жер бетіндегі тіршіліктің барлығы осы күннен нәр алады.
Қәне, біз алтын күннен нәр алайық, жылу алайық сол жылуды бір бірімізге таратайық. (балалар алақандарын
күнге тосып, жылытып, содан кейін ауыздарымен үрлеп бір - біріне, қонақтарға жылу таратады.)
Тәрбиеші: Өте тамаша. Бойымыз жылынып, көңіліміз көтеріліп қалған секілді. Ендеше бүгінгі оқу іс -
әрекетімізді әрі қарай жалғастырайық.
Балалар бір - біріне жақсы тілектерін білдіреді; (аспанымыз ашық болсын, нан көп болсын т. б.).
Тәрбиеші: Өте керемет айтылған тілектер, соның ішінде «нан көп болсын тілектерің» маған өте ұнады. Балалар,
ендеше нан біздің ақ дастарханымызға қайдан келеді, білесіңдер ме?
Балалар жауабы: Дүкеннен анам сатып әкелді т. б.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар, ал ендеше мен сендерге нанның қайдан келгенін шынымен айтып
берейін. Алдымен бір ойын ойнап алайық.
Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын «Көкөніс пен жемістер».
Тәрбиеші: Балалар күзде адамдар еңбектері де ерекше, кім айтады? Қандай еңбектермен айналысады.
Балалар:Егін орады, бау - бақшада көкөністер мен жемістерді жинайды т. б.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.
Тәрбиеші: Бәрі де дұрыс, бірақта нан бізге алыстан егін даласынан келген жоқпа. Жаңағы айтқандай еңбектің
арқасы.
Балалардың тақпақтары:
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Тәрбиеші: Міне балалар астығымыз, бидайымыз мынау. Ал, ендеше балалар тыңдаңдар!
Қызықты сәт:
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме балалар маған көмектесіңдерші. Мынау менің қолымдағы тағам өте тәтті екен,
қайдан шықты, қайдан келді екенін білмеймін. Бұл тағамды берген адамнан шыққан жолын сұрасам өте қиын
екен. Сендер маған оңай жолын айтыңдаршы?
Тәрбиеші: Тұра тұр қасеке, тұра тұр. Осы сен «Егінші мен қасқыр» ертегісінен келген жоқсың ба?
Қасқыр: Таңғалып, иә сендер мені қайдан білесіңдер?
18
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Балалар: Бұл ертегіні апай бізге айтып берген.
Тәрбиеші: Ал, қолыңдағы тағам, бұл қасиетті нан. Жаңағы айтқан адамың, жай адам емес, ол егінші. Дәл қазір
мен, балаларға нанның шыққан жолдарын айтып берейін деп жатыр едім, сен де тыңдап үйреніп ал. (модульдік
технология бойынша түсіндіру).
Балалар: Тиым сөздер, тақпақтар, мақал - мәтелдер естеріне түсіріп айтып береді.
Қасқыр: Өте керемет! Енді білдім нанның соншама дәмді, тәтті екенін және шыққан жолында үйрендім.
Д/о: «Дәмінен біл».
Тәрбиеші: Міне балалар бір жапырақ нан жеу үшін қаншама еңбек ету қажет екен. Нан еңбекпен келеді.
Балалар осы жерде еңбек жайлы мақал - мәтелдерді еске түсірейік.
Мақал - мәтел: «Еңбек бәрінде жеңбек», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар балалар, тағыда бір ойын ойнайық.
Д/о: «Кім көп тағам атайды» (көздерін жұмып нанның исін сезу).
Тәрбиеші: Нан туралы бір мысал келтіреді. Ендеше бізде еңбектеніп тәтті нан жасайық. Жасаған нанымызды
қасқырға тарту етейік.
Балалар ермексазбен жұмыс жасайды.
Жасаған нандарын қасқырға дәм татуға береді. Қасқыр балаларға рахмет айтып, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне балалар, қасиетті нанның ақ дастарханға қалай келгенін білдік. Қасқырға да үйреттік. «Нан»
біздің еліміздің негізгі байлығы оны қастерлеп, әрқашанда құрметтеуіміз керек.
Балалар:
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса – баспаңдар!
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тәрбиеші: Өте керемет айтылған сөз. Осы жерде егінші балаларға бата береді. Балалар келген қонақтарға дәм
татқызады.
BIRTH OF THE MOO. 11 СЫНЫП
БҚО, Казталов ауданы Талдықұдық ауылы, С. Есетов атындағы
ОЖББМ ағылшын тілі мұғалімі Нурболатова Гулсезим
Сабақтың тақырыбы: Birth of the moo. 11 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып жаңа мәтінмен жумыс істеу
Оқушылардың білімге қуштарлығын арттыру
Оқушылардың мәдени әдеби өй-өрісін дамыту.
Сабақ әдісі: СТО технологиясы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Грамматикалық таблица, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: физика, қазақ тілі
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
А) амандасу
Б) жоқтарды белгелеу
II. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.
Our theme in our lesson is “Birth of the moon”.
III.Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақ
Read the text and mark the information which is new to you.
Birth of the Moon by Heather Couper and Nigel Henbest
The Solar System was born about 4,600 million years ago, as a swirling disc of gas and dust called a nebula. The big
central "hub" became the Sun, while the outer regions of the disc condensed into the nine planets.
The oldest rock that the Apollo astronauts brought back was 4,600 million years old, so the Moon undoubtedly came
into being at the same time as the Earth. According to one theory, the Moon was once part of the Earth, and split off
because the Earth was rotating so rapidly. But the Apollo rock samples are rather different from the rock of the Earth's
surface, so most astronomers have abandoned this idea.
The moons orbiting the other planets probably formed from swirling nebulae going around each planet like
miniature Solar Systems. But in this case the Earth should have a family of moons, like those of Jupiter, not just one
Moon. In addition its orbits should not be tilted up, and the theory doesn't explain why the Moon's composition is
different from the Earth's.
19
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Other astronomers have suggested that the Moon formed as a planet in its own right, and that the Earth "captured" it
when the Moon approached too closely. But it is difficult to explain how this capture occurred.
The latest theory explain the fact that the Moon's rocks are slightly different from the Earth's by the idea that a giant
meteorite hit the Earth, and splashed out matter that later condensed into the Moon. In the process, some elements
evaporated into space, so changing the composition of the Moon's rocks.
Three theories of the Moon's birth:
IV. Мағынаны тану
1. Read these tips of reading scientific articles.
• When you see words you don't know
1) read the whole sentence to see if you can get an idea about what the word means. Sometimes it's best not stop
reading to look up a word.
2) If you still don't know what the word means and if you need the meaning to understand the paragraph, check the
glossary at the bottom of the page or in the back of the book.
3) Write down new words and their meanings in your notebook for later study.
V.Ой-толғаныс
Talk to your classmates about what you know about the Moon and how it originated. In the first column write some
of these things.
b) In the second column write things students in the class would like to know about the Moon.
VI. Үйге тапсырма
Exercise 2 Тексерілді:
САЗБАЛШЫҚ ПЕН ЕРМЕКСАЗ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы
С.Есетов атындағы ОЖББМ -нің бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Баян
Мақсаты : Жаңа тақырыпты түсіндіру; Ермексаздан түрлі пішіндер жасау,қауіпсіздық ережесін сақтау,
ептілікке ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз беттерінше жұмастануға дағдаландыру.
Күтілетін нәтиже:
- ермексаздан не екендігін біледі.
- ермексаз бен сазбалшықтың айырмашылығын біледі.
- ермексаздан түрлі бұйымдар жасай алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру ,машықтану.
Сабақтың көрнекілігі: ермексаз, тақтайша, кескіш немесе жіп,
Пәнаралық байланыс:Дүниетану, Еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. а.амандасу ә. түгендеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру, 3.Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту. Топтастыру стратегиясы
2.Мағынаны тану сатысы: Түсіндіру
Сазбалшық табиғи материал. Ермексаз түрлі түсті, жұмсақ, иілгіш, созуға ыңғайлы материал. Ермексазды
адамдар жасап шығарады. Сазбалшықтың орнына ермексазды қолдануға болады.
Ермексазды қолданардағы қауіпсіздік ережесі.
-Ермексазды аузыңа салма,
-Ермексазды еденге түсірме, еденге жабысып қалады.
-Киіміңді таза ұста.
-Арнайы тақтайша қолдан
-Жұмыс соңында қолынды жу немесе дымқыл шүберекпен сүрт.
Ермексаздан түрлі пішіндер жасау.
Ой толғаныс сатысы.
Бес жолды өлең
1.Сазбалшық
2.Жұмсақ табиғи
3.сазбалшықтан құмыра жасады
4.Сазбалшық күйдірген кезде қатаяды
5.топырақ-синонимі
Бағалау
Үйге тапсырма. Ермексаздан ұнатқан пішіндерін жасау
20
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ». 5-СЫНЫП
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы,
Талдықұдық ауылы С.Есетов атындағы ОЖББМ-нің
қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Ғабдешова Ғалия
Сабақтың үш бірлікті мақсаты. Қазақ халқының бай қазынасы – ауыз әдебиетінің балаларға лайықты
таңдаулы үлгідерімен танысады.Халық ауыз әдебиетін сүюге,өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғуға
үйренеді.Балалардың тілін ұстартып,дүниетанымын кеңейту,жалпы адамгершілік рухта тәрбиелене
отырып,Асан қайғының жерұйықты іздеудегі елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті мен жолдарының
мағынасын терең түсініп,білік,дағдыны қалыптастыра өмір сүруге дайындалады.
Күтілетін нәтиже:
1.Мәтінді оқып,мазмұны мен идеясын анықтайды.
2.Өз ойларын еркін айтып,бір-бірінің пікірін тыңдайды.
3.Ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:география,тарих,бейнелеу,музыка.
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс, жұпта,топта талдау,жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, кітаптар көрмесі, «Асан қайғының Жуалы
жерін көруі» суреті,балалар жасаған көрнекілік картасы.
Сабақтың барысы:
I.Қызығушылықты ояту.
1.«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деген сөйлемді естігенді ойларыңа не келеді?
а)(жеке,топта талқыланады)
Қоныс
ә)Топ атынан қорғайды.
II.Мағынаны ашу.
11
«Асан қайғының зары» өлеңін (Қ.Мырзағалиев)
11
Өлең мазмұнын қалай түсіндің? (ооқушылар жауабы тыңдалады)
11
Бұл қандай адамның зары деп ойлайсыңдар?
11
Жаңа сабақ хабарланып, «Асан қайғының жерұйықты іздегені»деген мәтін оқылады.
11
Аңыз туралы.Асан Сәбитұлының тарихта болғаны туралы айтылады.
11
Кітаппен жұмыс.
а)Мәтінді іштей оқиды.
ә)Түсінгендерін жұптасып,топтасып өзара айтады.
11
Пысықтау сұрақтары,тапсырма беріледі.
а)Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсаты,арманы не?
ә)Барған жеріне қонымды баға берудің мәнін қалай түсінесің?
б)Кім Асан қайғы сияқты тұрған жерлеріне баға бере алады?
(Қазақстан картасы арқылы оқушылар пікірі салыстыру арқылы айтылады)
III.Ойтолғаныс.
1.Қазақстан қалаларын ата.
2.Біздің Қазақстаннның жерұйығын тауып айта аласың ба?(әр топ өз пікірін айтады)
IV.Оқушыларды бағалау.
1.Сабақты өмірмен байланыстырып қорыту.
Көптеу болып жанғанынан өшкені,
Көздің жасы – бүкіл елдің кешкені,
Бұл дала ма?
Бұл далада болыпты-ау
Бақыт пенен қасірет те өшпелі.
V.Үйге тапсырма:
1)Мәтінді мәнерлеп оқу;
2) «Асан қайғының жүрген жолдары» деген тақырыппен жоба жасау және оны қорғау.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
21
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Байдуллина Ақмарал Мерғалиқызы
Тaқырыбы
The Constitution of the Republic of Kazakhstan
Сыныбы
11 «Б»
Күні
4.04.14
Мaқсaты
Сын тұрғысынaн ойлaй отырып Қазақстан конституциясы турaлы aғылшын
тілінде мaғлұмaт беру. Оқушылaрдың aғылшын тілінде тыңдaп түсіну мен
әңгімелесу іскерліктерін дaмыту.
Міндеттері
Тaқырып негізінде көзқaрaсын дaмыту; конституция баптарымен тaныстыра
отырып, оның мaңызын тaни білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже
Қазақстан конституциясы турaлы мaғлұмaттaрды игереді, aғылшын тілінде өз
ойлaрын еркін aйтaды, өз ойлaрын дәлелдей aлaды. Салыстырып, сипаттай алады.
Ресурстaр
Интерaктивті тaқтa, aудио видео мaтериaлдaр, , мaркер, түрлі түсті бояу, «Блоб»
aғaшы бейнеленген пaрaқтaр, плaкaт. Оқулық: 11 сынып, Aлматы «Мектеп»
2012
Кіріспе
Жaнуaрлaр суреттерінің кескіндерін жинaу aрқылы топтaрға бөліну.
Үй тaпсырмaсы
Қайталау
Тұсaукесер
«Миға шабуыл». Әр топқa берілген сөздердің бaс әріптерінен, 1 минут ішінде
сөздер құрaстыру.
Негізгі бөлім
Complex Object Words connected with constitution *Speaking *Reading
*Writing
Listening to the text. Текстті тыңдaу. Оқушыларға мәтін жазылған парақтарды
үлестіру.
THE CONSTITUTION was Adopted in August 30, 1995 republican referendum.
Came into effect on September 5, 1995 the day the results of referendum were published.
The amendments and additions made by Law of the Republic of Kazakhstan of October
7, 1998, Law of the Republic of Kazakhstan of May 21, 2007, Law of the Republic of
Kazakhstan of February 2, 20011.
In accordance with the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan of
September 6,1995 № 2454 «Of the Constitution of the Republic of Kazakhstan» the
original of the text of Constitution is kept by President of the Republic
Article 4 Laws that are in effect include "provisions of the Constitution, the laws
corresponding to it, other regulatory legal acts, international treaty and other
commitments of the Republic as well as regulatory resolutions of Constitutional Council
and the Supreme Court of the Republic." The Constitution is made the highest law.
Ratified international treaties supersede national laws and are enforced, except in cases
when upon ratification the Parliament recognizes contradictions between treaties and
already enacted laws, in which case the treaty will not go into effect until the
contradiction has been dealt with through legislation. The government shall publish all
laws.
«Джигсо» әдісі aрқылы мәтінді aлдымен топтa тaлқылaу, бaсқa топ
мүшелерімен aуысу aрқылы олaрғa өзінің оқығaнын түсіндіру. Мәтін бойынша
сұрaқтaр тізбегі, оны топ ішінде, жұппен тaлқылaп, түсінгенін постерге бейнелеу.
Сергіту сәті
«Серпілген сaуaл» стратегиясы
Қорытынды бөлім
Speaking in pairs.
Жұптық жұмыс aрқылы оқушылaр интернет жaйлы өз білгендерін ортaғa сaлaды.
Бaғaлaу
«Блоб» aғaшын бояу aрқылы бaғaлaу.
Рефлексия
«Екі жұлдыз бір тілек» рефлексиясы.
Үй жұмысы
Ex 5 p78
22
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ҚОЛА ДӘУІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
БҚО облысы. Жалпақтал кенті. Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Сулейменова Асия Куанышевнаның іс-тәжірибесінен
Пән мұғалімі Сулейменова Асия Қуанышқызының өзіндік тұжырымдамасы
Мен «Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы» тақырыбы бойынша өткізілген сабағым бойынша
оқушыларды білімділікке, елжандылыққа, бірлікке тәрбиелей отырып, оқушылардың тақырып бойынша негізгі
ұғымдарын бекіте отырып:
Біріншіден бұл тәжірибе оқушылардың басты назарын қоғам тарихына, адамдардың өмір тіршілігі мен
қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас
тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектеседі.
Екіншіден оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел—уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған , сандық технологияларда
құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына көмек тесетін маңызы бар сабақ.
Сабақ өз мақсатына жету арқылы оқушыдан күтілген нәтиженің орындалып шығуы мұғалім жетістігі деп
ойлаймын.
«Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы» тақырыбына рецензия.
Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Сулейменова Асия
Қуанышевнаның 6 «а» сыныбына берген «Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы» тақырыбындағы ашық
сабақ жоспары әдістемелік дұрыс құрылған, және сабақтың әр кезеңдерінің уақыты бөлініп көрсетілген.
Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды, атап айтсам диологті оқыту, сын тұрғысынан ойлау,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту. Сабақ
барысында мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстырды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім миға шабуыл «келісемін-келіспеймін» әдісін
қолданды. Оқушылар берілген сұрақтардың мағынасын мұқият тыңдап, белсенділікпен өз жауаптарын берді.
Кіріспе кезеңінде оқушылар әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы оқушылар топтарға бөлінді. Бөлінген
топтарда оқушылар ынтымақтастық атмосферасында жұмыстанды.
Негізгі бөлімде топтағы оқушылар бір-бірінің пікірлерін тыңдап, қола дәуірі тақырында презинтация
жасауға кірісті. Топтағы оқушылар арасындағы көшбасшы және шығармашылықпен жұмыстанатын
оқушыларды көрдік. Топтар дайындаған презинтацияларын қорғап, «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» айтып бір-бірінің
жұмыстарын бағалады. Топтарға «Адамдарға қоладан жасалған еңбек құралдары не үшін қажет болды» деген
сұрақ қойылып оқушылардың пікірлері тыңдалды. Оқушылар өздерінің пікірлерімен еркін бөлісті.
Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға «Мыс-тас дәуірі мен қола дәуірін» салыстыру кестесі берілді. Бұл
кезде оқушылар өте жоғары қызығушылық танытып, өз пікірлерінің дұрыстықтарын дәлелдеп, кестені
толтырды. Содан кейін мұғалім қола дәуірінің шаруашылығын қазіргі кезең шаруашылығымен салыстыру
тапсырмасын берді. Топтағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, өздері құрған бағалау критериясымен
жауаптарын бағалады. Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіргеннен кейін оқушыларға тақырыптың меңгергендерін
«саусақ» арқылы бағалауларын сұрады. Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіп оқушылардың тілектері
мен ұсыныстары тыңдалды.
Асия Куанышевнаның сабағын қорытындыласам, мұғалім сыныптағы қарым-қатынасты нығайтты, дәйек
пен диологтің нәтижесінде оқушылар мағына мен білімді игерді, бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар
жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізгендігін
көрсетті.
Сабақ мақсатына жетті және «өте жақсы» деп бағаланды.
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: А.А Тлепова
Тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы Сыныбы: 6
Күні: Уақыты:
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың қола дәуірі тұрғындарының қоладан
жасалған еңбек құралдары кәсібі мен тұрмысы баспаналары
жөніндегі білімдерін кеңейту және талдау жасай білуге
үйрету
Күтілетін нәтиже:
Қола дәуірірі тұрғындарының шаруашылығы туралы алған
білімдерін орта тас, мыс-тас ғасырымен және қазіргі өмірмен
23
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
байланыстырып, талдай алады.
Уақыты
Мұғалім іс -әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Ресурстар, көрнекі
құралдар
3мин
3мин
5мин
5мин
8мин
3мин
5 мин
5 мин
5мин
2мин
2 мин
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
бөлімі:
1. Оқушыларды
фигуралар таңдау
арқылы топтарға бөлу.
2. Қызығушылықты
ояту. Келісемін
келіспеймін кестесі
3. Кітаптағы
тақырыпты топта
бөліп оқиды.
4. Оқыған
мәтіндерін топта
талқылау
5.Презентация
жасау
6. Бағалау
7. Сұрақ. Адамдарға
қоладан жасалған
еңбек құралдары не
үшін қажет болды?
8. Салыстыру
кестесі. Мыс-тас
дәуірімен қола дәуірін
салыстыру
9. Байланыстыру
кестесі
10. Бағалау.
Саусақтар арқылы
11. Үй тапсырмасын
беру: «Қола дәуір
шаруашылығы » эссе
жазу
Рефлексия
1.Оқушылар әртүрлі
фигуралар арқылы топтарға
бірлеседі.
2. Оқушылар сұрақтарға
келісетінін немесе келіспейтінін
айтып, дәлелдейді.
3.Оқушылар кітаптағы
мәтінді өздері келісіп бөліп алып,
танысады.
4.Оқушылар кезектесіп топта
тақырыпты талдайды,
түсіндіреді
5. Оқушылар өз
шығармашылықтырын пайдалана
отырып презентациялар
жасайды
6. Оқушылар презентация
жасаған топқа 2 жұлдыз
1ұсыныс айтады
7. Оқушылар сұрақты жұпта
талқылап жауап береді.
Жауаптарын дәлелдейді.
8. Оқушылар кестеге
салыстыруларын жазады
Мыс-тас
дәуірі
Қола дәуірі
9. Қола дәуірі мен қазіргі
уақытты байланыстырады
Қола дәуірі
Қазіргі кезең
Оқушылар критерилер
құрастырады
Оқушылар бір-бірінің
түсінбеген сұрақтарына жауап
береді
Пікірлері мен ұсыныстарын
айтады.
Кеспе қағаздар
Слайд, дәптер, ручка
Оқулық
Плакаттар,
маркерлер
Слайд
Слайд
Слайд
Дәптер, ручка
Дәптер, ручка
24
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тлепова А.А. Учитель английского языка,
СОШ имени Г.Молдашева,
ЗКО, Казталовский район.
Достарыңызбен бөлісу: |