Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

1.Қазыбек пен Бұқар
        Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. 
       Төсекте жатқан Бұқар жырау: 
        - Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,- 
деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
        -Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман. 
Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман. 
Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. 
Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
 Бес дегеніңіз – берекесіз ел жаман.
 Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған адам жаман. 
Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 
Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман. 
Тоғыз дегеніңіз – толғанғаның. 
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
2. АЛЫСТА - НЕ АЛЫС! 
      Байдалы қартайып үйден шықпай күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп 
келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін 
сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
—    Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!—дей беріпті.
Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
—    Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? — депті Байдалы.
207

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
—   Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілік пен алысып жатыр екен деймін дағы,— депті 
Мұса.
—    Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші!—дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп 
тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
—    Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? — дейді.
Мұса ойланып отырып:
—    Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
—    Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті 
жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында — ажал жақын,— 
депті.
3.ЖЕРДЕН АУЫР НЕ!
Балаби қартайған шағында халқын жиып: 
Жерден ауыр не? 
Судан ауыр не? 
Оттан ыстық не? 
Көктен биік не? – деп, төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын 
өзі былай деп шешкен екен: 
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім. 
Судан терең дегенім – оқу, ғылым. 
Оттан ыстық дегенім - фани жалған, адамның өмірі. 
Көктен биік дегенім - тәкәббардың көңілі. 
4.АҚТАЙЛАҚ ПЕН ҚАНАЙ ШЕШЕН
Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен: 
- Ер басында бақыт нешеу? 
Кемдік нешеу? 
Құлазу нешеу? – деп сұрайды. 
Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді: 
- Ер басында бақыт – бесеу, кемдік - үшеу, құлазу – төртеу: 
Астыңдағы атың жүрдек болса, 
Жалғанның пырағы: 
Алғаның жақсы болса, 
Үй мен қонақтың тұрағы: 
Әкең – асқар тау, 
Шешең – қайнар бұлақ, 
Балаң жақсы болса 
Екі көздің шам-шырағы. 
Міне – бес бақыт осы. 
- Атың шабан болса, 
Жалғанның азабы; 
Алғаның жаман болса, 
Дүнниенің тозағы; 
Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы. 
Міне, - үш кемдік осы. 
- Қалың ел көшсе, 
Қөл құлазиды, 
Қаптаған мал кетсе, 
Бел құлазиды, 
Нарқын танымаған 
Сөз құлазиды, 
Қатарынан айырылған 
Шал құлазиды. 
208

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Міне, - төрт құлазу осы. 
5. АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕН БОЛАР
       Сырым  жиырма  алты  жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана 
Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
—         Балалар, аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
—         Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді.
Малайсары жалт қарап:
—               Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
—               Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,— дейді Сырым.
—         Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен. 
6. Қазып айтқан Қазыбек
Бір күні  бала Қазыбек:
– Әке, мен Төле биге барып сәлем беремін, өзін көріп, сөзін тыңдағым келеді, – деп қолқа салады. Сонда әкесі:
– Ой-бай, балам-ау, ол үлкен кемеңгер кісі, не деп барасың? Алдында сөз таба алмай күлкі боласың, барма, –
дейді.
Бірақ   Қазыбек қоярда-қоймай әкесінен рұқсат алып, бірнеше жолдасымен Төле бидің алдына сәлем бере
келеді.
– Шырағым, баз бала әкесінен өтіп туады, баз бала әкесіне жете туады, баз бала кері кетіп туады деген. Сен
соның қайсысың? – дейді Төле би бала Қазыбекке сынай қарап.
– Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша, әкеме жетіп тудым-ау деймін, – дейді Қазыбек сөзден
тосылмай.
– Ә, шырағым, жарайсың, – деп, Төле би балаша жадырап, ризалығын білдіріп, қонақтарға қазан астырады.
Ет желініп, шай ішілгенде де келелі әңгіме айтылады. Төле бимен сөзі жарасқан Қазыбек:
– Алысыңыз қандай? – деп сыпайы сұрақ қояды.
– Алысым жақын болды.
– Тәттіңіз қандай болды?
– Тәттім шырын болды.
– Несиеңіз қандай?
– Несием, шүкір, өніп жатыр.
Қазыбек ауылына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен: – балам Төле бимен не жайлы сөйлестің?
– деп сұрайды.
Екеуі біраз әңгімелесті, бірақ  екеуара сөздің мәнісін  ұқпадық, –  деседі олар.
– Олары несі екен?  – деп, қарт әке де түкке түсінбей таң қалады. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып
береді.
– Төкеңнің «Алысым жақын болды» дегені қос жанарын айтқаны. «Тәттім шырын болды» дегені ұйқысының
қашқанын білдіргені. «Шүкір, несием өніп жатыр» дегені балаларының жақсы бағып, жақсы күтіп отырғанын
түсіндіргені, – дейді.
7. 
Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат? Не қиын?» дегенге жауап беріңізші деп қинапты. Сонда
атақты би былай деп жауап қайтарады:
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын,
Инабатты болса – келінің жақын,
Сыйлас болса – нағашың жақын.
Алтын ұяң – әйелің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат.
Мейірімді – апаң қымбат
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған дерт қиын.
8. Байдалы шешен
209

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
 Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты. Дүние құрастырып, дәулет жинауға, 
сірә, ол кісінің қолы тимесе керек. Бірақ бай болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты. Ол ақылын 
азық, асыл сөзін сусын етіп, дүниеден өткен адамдардың бірі екен.
Отырған ақсақалдардың ішінен Қонқабай деген:
— «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, баласы бардың панасы бар» деген мақал бар емеі пе,
бұрынғылардың сөзін ұмытқаның ба? — депті Байдалыға. Сонда Байдалы:
— Е, Қонқабайым, сен жігіт кезіңде жалтаң едің, қар тайғанда қалтаң болайын деген екенсің. Мақалдап 
сөйлегің келеді, мақалға мініп қанша жерге барасың. Мақалға жармаса берме, мақалда да мін бар. Молда 
айтқанның бәрі шариғат емес, бұрынғылар айтқанның бәрі қағида емес, — дейді.
Осы арада шешенді сөзінен ұстап, бір сүріндіріп қалмақшы болған молда:
— Мақалда мін бар дейсің бе? Онда әлгі мақалдың мінін тапшы, данышпан болсаң, өзің түзеп айтшы, — деп 
шап ете түседі.
Хан-қара, би-төренің алдында сөзден сүрінбеген шешен Таумұрын молдадан тайсалсын ба?
— Ол мақалды түзеп айтсам мен былай дер едім, — дейді Байдалы:
Ағасы бардың, жақсы болса жағасы бар,
Жаман болса, інісіне жабар жаласы бар.
Інісі бардың, жақсы болса тынысы бар,
Жаман болса, ағасына берер жұмысы бар.
Баласы бардың, жақсы болса панасы бар,
Жаман болса, құдайдың берген пәлесі бар.
9. ТАЙМАС ЖҰДАС ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ
Бір күні Абылай хан қарамына көз тойған, үш жүзден озған, ақылы асқан билермен бас қосып отырғанда:
—                 Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Өлмейтін жан бола ма? Осыны тауып беріңдер де, менен 
қалағандарыңды алыңдар, — депті.
Сонда отырғандардың біреуі:
—                 Тас тозбайды, темір тозбайды, асқар тау өлмейді, аққан су өлмейді деп, біреуі оны, біреуі мұны 
айтыпты. Абылай өзі де біліп отырған жоқ, білсе сұрай ма? Бұл сөздер көңіліне қона қоймапты. Сонда түптегі 
Қыпшақ, Таймас Жұдас деген жұпыны киімі бар бір кісі тамам билер гуілдесіп, дүрілдесіп отырғанында ләм-
мим деп тіл қатпай, сөз тыңдапты. Сонан бір орайы келгенде орнынан ұшып тұрып Абылай ханның алдына 
шарт жүгініп, былай депті.
—                 Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғаны тозатын нәрселер, өлетін нәрселер. «Тозбасты ұста 
соқпаған, өлместі құдай жаратпаған» демей ме? Міне, мен тозбайтын не, өлмейтін не айтып берейін. Құдай 
дескен құда болады, құшақтасқан дос болады. Дос болғанда бірінен бірі жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу
мылтық алады. Жүйрік ат өледі, қыран құс ұшады. Түзу мылтық қисаяды. Достық сондаймен тозады. Төсекте 
бас қосылсын, төскейде мал қосылсын деп құда болады. Кит саларда бір дау, мал берерде екі дау, үйге енгізерде
үш дау, ұзатарда төрт дау, осы даулардың бәрі де тозады. Бірімен бірінің құдалығы да тозады. Құдай қосқан 
құда емес, құшақтасқан дос емес. Бірінен бірі жан аяспайтын, көрмесе сағынып тұратын екі тату болады. 
Тозбағанда сол екі татудың достығы тозбайды.
Қара жердің өлгені,
Қар астында қалғаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын мұнар шалғаны.
Аққан судың өлгені,
Мұз боп тоңып қатқаны.
Ай мен күннің өлгені,Түнеріп барып батқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Ғалымның хаты өлмейді.
Жақсының аты өлмейді.
Абылай хан риза болады. Қамқа тоның бас қылып үстіне жауып, Таймас Жұдасқа толық тоғыз сый береді. 
Отырғандар шулап қоя береді: «Батырдан сауға, мергеннен сыралғы, бізге алған олжаңнан байла!» — деп. 
Сонда Таймас Жұдас шешен:
— Мұны бір қимас дүние көріп, байламай бара жатқаным жоқ, атамыз Абылай ханның бір айтқан сөзін 
шешіп беріп, алған жүлдесі екен деп, балаларым мұра қылып, айта жүрсін деп алып барамын, — деп 
байламастан алып шығып жүре беріпті.
10.Сөздің атасы мен анасы      Қаз дауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер 
келіпті. Түстеніп болған соң:
-          Сізден бір сөз сұрайын деп едім, – депті. «Сөздің атасы кім, анасы кім?» Қазыбек ойланып
қалады.
-          Япырмай, өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді
210

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
екен ғой, биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз, – деп саудагер үйден шығып кетеді.
Қазыбек орнынан ұшып тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа мініп қалған екен.
-          Япырмай, саудагердің ісі сарт-сұрт деген екен ғой. Артыңа қарамай аттанғаның не? Әлгі
сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы тағы келіп, саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. «Сөздің 
атасы – бірлік, анасы – шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңе айта жүр!» – депті Қазыбек.
V .  «Көркем тіл - көрікті  жарнама» 
 Халқымыздың бай тілін меңгерту,көркейту,қастерлеу ,өз ұрпағын өз тілінде сөйлету мақсатында Ана тіліміз-
қазақ тілін жарнамалау. Тілді елдік ұранға айналдыру
( Қазақ тілін жарнамалау)
«Жаса,жаса ,қазақ тілім»әні
Марапаттау
Жүргізуші:
Тілін білген Абылай,Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арақасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да
Ана тілім ,күмбірле сарайымда!..
 Осымен «Асыл сөз» зияткерлік ойыны аяқталды .Келесі кездескенше , сау саламат болыңыздар!
«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЖӘНЕ АДАМ»
Шығыс Қазақстан облысы, Күрщім ауылы, Күршім ауданы
«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»
қазақ тілі мен әдебиеті, Aбайтану
Умутбаева Асыл Булаткановна
ОРЫНДАҒАН: 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЕРЛІКОВА НАЗЕРКЕ
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: УМУТБАЕВА АСЫЛ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: ф.ғ.м.МҮРСӘЛІМ ГҮЛНҰР ОРАЗБЕКҚЫЗЫ
Жоба тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы табиғат және адам»
Жобаның құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың   өзектілігі:  ақиық   ақын   Мұқағали   Мақатаев   шығармашылығымен   танысу   арқылы
поэзиясының тақырыптарын саралай отырып табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына талдау жасау.
Мақсаты:
1.Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен танысу.
2.Мұқағали Мақатаев шығармалары туралы жазылған ғылыми мақалалармен танысу.
3.Мұқағали Мақатаев шығармаларын тақырып бойынша сұрыптау.
4.Табиғат тақырыбына жазылған шығармаларына әдеби талдау жасауға ұмтылу.
Мұқағали Мақатаев- адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы  жарастық пен келісімнің жаршысы.
Оның   өлеңдері   шын  тебіреністен,   шын  шабыттан,  шын   қуаныштан,  шын  күйзелістен   шын  сағыныштан
туған жырлар. Әбіш Кекілбаев
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне қяласа, ол мәңгі өмір
сүреді.   Халық   сеніміне   ие   болу,   оның   қас-қабағын   бағып,   көңілі   қалағанын   жырға   түсіру,   сырғып   шерту
келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Қазақта Абай теңдесі жоқ ақын, ал
туған халқының жүрегіне ұялаған ақындар сасақпен санарлық. Соның бірі-Мұқағали Мақатаев.Мұқағалидың
азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали. «Пайғамбардығң атын түгелдей айту балаға ауыр болады» деп әрі
еркелетіп,қысқартып кеткен. Шешесі Нағиманың айтуы бойынша,1931 жылы 13-наурызда (куәліте 9 ақпан деп
қате жазылған). Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданында қарасты Қарасаз ауылында туған. Ол
кезде әкесі Сүлеймен 1930 жылы ұйымдасқан Энгельс атындағы колхоздың алғашқы төрағасы еді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, яғни Мұқағали 10 жасқа келген кезде әкесі майданға аттанып,
Калининград   майданында   болған   сұрапыл   шайқаста   29   жасында   ерлікпен   қаза   табады.   Үй   ішінің   бар
ауыртпалғы баланың тұңғышы Мұқағалидың иығына түсті.
Сөйтіп,   баланың   оқушылық   кезі   қой   бағып,   егін   орып,   кетпен   шабумен   өтеді.   Сол   кездерде   өлең   жаза
бастайды. 1948 жылы ауыл мектебін үздік бітіріп,Алматы жоғары оқу орнына аттанып, зеректігінің арқасында,
еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ орталыққа
жақын аудандардың студенттеріне жатақханадан орын берілмегендіктен, степендиясы не тамағына, не пәтеріне
211

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жетпей асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бенрмей, бір
жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылда ауылдық кеңес хатшысы болып орналасады, әрі
қызыл   отау   меңгерушісі,   кітапханашы   да   болады.   Комсомол   мүшесі,   әрі   жас   кадр   ретінде   қоғамдық   үгіт-
насихатқа,   көркемөнерпаздардың   ойын-сауық   жұмыстарына   белсене   атсалысады.   1949   жылы   «Советтік
искра»газетінде екі өлеңі жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық
жұмыстарында   Мұқағалиға   сенімді   серік   болады.   «Қозы   Көрпеш-Баян   сұлу»   пьесасында   Мұқағали-Қозы,
Лашын-Баян рөлін ойнап жүріп, бірін-бірі ұнатады. 1949 жылдың көктеміңнде екеуі үйленеді.
Мұқағали үзіліп кеткен оқуын жалғастыруды армандайды да, сол   арманды жетелеп екінші рет Алматыға
оқуға аттанады. 1950 жылы Шет тілдер институның неміс тілі факультетіне түсіп, оны да тұрмыс жағдайына
байланысты тастауға мәжбүр болады. Ақын болам деген  кісі заңды жете білгені дұрыс деген оймен Қазақ
Мемлекеттік   Университетінің   заң   факультетіне   оқуға   түседі.   1952   жылы   Қасым   Аманжолов   құрастырған
«Жастық жыры» жинаққа өлеңдері М.Әкімов, Ғ.Қайырбеков, У.Мәмбетовтермен бірге енеді.
1954 жылы ауылға қайтіп, өзінің туған жері Қарасаздағы орта мектепте орыс тілінен сабақ береді. Ауыл
мектебіндегі мұғалімдік дипломы бар кадр алынып, Мұқағали жұмыссыз қалған соң, қалаға келіп, 1957 жылы
Алматыда Республикалық радиоға диктор болып қызмет істейді.
1960-1962 жылдары аудан орталығы Нарынқолда «Советттік шекара» газетінде жауапты хатшы болады.
1962   жылы   Алматы   қаласына   қоныс   аужарып,   «Социалистік   Қазақстан»газетіне   әдеби   қызметкер   болып
орналасады.   Одан   Жазушы   одағында   кеңесші,   «Жұлдыз»журналында   поэзия   бөлімінің   меңгерушісі
қызметтерін атқарады.
Ақынның   алғашқы   жырлары   1948   жылы   Нарынқол   аудандық   «Советтік   шекара»газетінің   беттерінде
жарияланды. 1954 жылы  «Әдебиет  және Искусство»(«Жұлдыз»)журналында  бір топ  өлеңдері  жарық  көрді.
Қазақ әдебиеті газетінде өлеңдер топтамасы (Әбділда Тәжібаевтың қоштауымен)оқырманға жол тартты. Арада
10 жыл санап, 1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалары жарыққа шықты. 1966 жылы «Армысыздар,
достарым» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым келдің бе?» тты жыр жинағы оқырман
қолына   тиіп   қаламгерлік   беті   айқындалған,   өзіндік   қолтаңбасы   бар   ақынның   тұлғасын   танытты.   Соңғы
жинақтарының тақырыптарынан-ақ «Армысыздар достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?» ақынның өз үні мен
таным дүниесі бедерленіп бой көрсетті.
Жазушылық жолы осылайша сәтті басталған жас ақынның бұдан барлық саналы өмірі поэзия тынысымен
тығыз байланыста  өтті. Өмірінің екінші жартысында бірыңғай еркін  әдеби  шығармашылықпен  іске шығып
алды. 
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?»- деп тебіренетін Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтқысыз өлең жолына арнады.
Талантты да шамырқанысты ғұмыр кешіп, үдете өнімді жазды. Таланты бой,ішкі рухани қуаты берік ақын
небір   тамаша   лирикалық   жырларын   ұсынды.   «Мавр»(1969),   «Дариға-жүрек»(1972),   «Аққулар
ұйықтағанда»(1974),   «Шуағым   менің»(1975)   жинақтары   қазақ   поэзиясында   өзіндік   белесті   із   қалдырып   өз
оқырмандарын тапты.
1976   жылы   жарық   көрген   «Өмір-дастан»   атты   таңдамалы   өлеңдер   мен   поэмалары   ақындық   өмірдің   бір
түйінді белесіндегі қорытындысы секілді. Келесі 1978 жылы жарияланған   «Өмір-өзен» кітабын авторы көре
алмады. Жомарт дарын арқалы ақын кемеліне келіп, гағыз толысқан шағында 1976 жылы 45 жасында ауыр
науқастан   қайтыс   болды.   Бұл   кезде   ақын   поэма,дастандармен   талантты   лирикалық   шығармалармен,   әлем
әдебиетінің  кесек  туындыларын  қазақ  тіліне аудару  арқылы қазақ  әдебиетінің  танрихында  ерекше  тұлғалы
орын алып,, жарқын да шынайы талантымен кеңінен танылып үлгерді. Ақын соңында бай да талантты туған
мұралар   қалдырды.   Оның   жеке   өмірі   мен   шығармашылық   ізденістерінің   ішкі   бірлігі,   тұтастығы,   дүние
құбылыстарына деген шыншыл да сезімтал ақындық көзқарасы туындыларынан барынша айқын аңғарылады.
Шығармашылық   өмірінің   алғашқы   қалыптасу   кезеңі   бүкіл   кеңес   әдебиетінде   үлкен   серпіліс   тудырған
алпысыншы   жылдардағы   «жылымық»   жылдарына   тұспа-тұс   келген   ақын   дүниетанымы   одан   кейінгі
социалистік қоғамдағы тоқыраудың әуелгі жылдарына күрделі қайшылықтарға ұшырады. Ал, өткен ғасырдың
соңындағы қайта құру, қазақ елінің  тәуелсіздік алу кезеңін ақын өз көзімен көре алмай кетті.
Көзінің тірісінде де ақын ретінде жақсы танылып, әдебиетте өз үнімен дараланған суреткердің мұратына
көзқарас   ықылас   күшейе   түсті.   «Бәсере»(1981),   «Зов   души»(1981),   «Соғады   жүрек»   екі   томдық   таңдамалы
шығармалар жинағы (1982), «Шолпан» (1984) қалың оқырман қолына тиді. 1991 жылы үш томдық таңдамалы
шығармалар жинағы жарық көрді.
Ақын   У.Уитменнің   «Шөп   жапырақтары»(1996),   В.Шекспирдің   «Сонеттерін»(1970),   Дантенің   «Құдыретті
комедиясының», «Тамұқ» атты бірінші бөлімін (1971) қазақ тіліне аударып жариялатты.
Өткен   ғасырдың   тоқсаныншы   жылдарында,   қазақ   елінің   тәуелсіздік   алған   кезеңінде   Мұқағали   Мақатаев
мұрасына   жаңаша   көзқарас   қалыптасты,   ақын   мұраларын   танудың   жаңа   бір   кезеңі   басталды.   Ақын
212

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
шығармалары   өзі   дүниеден   қайтқаннан   кейін,   бәрі   де   Қазақстан   Республикасы   Мемлекеттік   сыйлығымен
бағаланды.
Мұқағали   өлеңдері-ұлттық   поэзияның   жаңа   бір   белеске   көтерілгендігін,   жаппай   евроцентристік   ағымға
ойысқан   заманда   қазақтың   қара   өлеңінің   шынайы   қасиеттерінің   қадірі   артып,бұрынғыдан   да
толысып,кемелдене   түскендігінің   куәсі.Ол   қазақ   өлеңінің   ұлттық   бояуы   мен   рухын   ұстанды,   түрлендіре
байытты да, сонысымен қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашып, ұлттық поэзияның шашасына шаң
тимес тарланбозы ретінде мәңгілік ұялап қалды.Сонымен қатар,ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің
талантты түрде құнарландырды.Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса,
соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай, жарасымды
дамытты. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-дегенде де ақын өзінің суреткерлік сырын алға тартқан.
Адамды бірде азынаған үскіріктің құшағына, бірде апшыны қуырған аңызағына, бірде жапырағын желден
басқа жан желпімеген жаратылыс  жаннаты жазира жайлай жасыл аймаққа алма-кезек алмастырып, өмірдің
нәрін  көңілдің  аңсары  мен  кәусеріне айналдыратын  уақыт  атты құдыреттің өз  мақамы,өз  күйі болатындай,
поэзияның да сол уақыт атты қайсар еменнің шор боп біткен иір-иір бұтақтарының жамырап, бүр ашық өзіне
ғана,   кезеңіне   ғана   сай   сымбат,   бітімі   бар.   Содан   жаратылған   мінез-құлқы   бар.Шынайы   талантты   поэзия
тармақтарында тіршіліктің тынысы қан лүпіліндей соғып тұрмақ.Өлеңнің де өз кезеңінде лайық тынысын содан
естиміз, түсінеміз.
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінен орын тепкен Мұқағали Мақатаевтың саңлақ үні халық
санасына   сіңді   деп   айтуға   болады.Ақынның   шыншыл,   сыршыл   қоңыр   дауысы   әдебиет   әлемінде
орнықты.Өзімен-өзі арпалысқан, мазасыз,Ақын-Жүрек миллион жүректі адамгершілік, суреткерлік жалынмен
жылытып келеді. Сонда есте көп сақталатын да, еріксіз тілге, зердеге нәр болып таматын табиғаттың тұлғалы,
тұрлаулы, тебіреністі жырлары.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің!
Бұйрат құмдар-бұйынып шөлдегенім,
Бура бұлттар-бусанып терлегенім,- деп қайталаймыз ақын жыры.
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі,
ұлттық мінез, ұлттық психология табиғат көрінісінің көркем бейнесін жасауға негізделген.
Мұқағали поэзиясы тазалық,шынайылық,табиғи тазалық болмыстан тұрады.Мұқағали жырларындағы сезім
мен   сурет   астасып   жататындықтын   сурет   бояулары   мағыналы-мазмұндығымен   ерекшеленеді.   Ақын
жырларында жайбарақаттық, салқынқанды бояу қолдану мүлде кездеспейді, ол ақындық мінезден туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет