І. Жанр табиғаты және арнау өлеңдер Қазақ халық поэзиясында өзінің көлемі жағынан молдығымен, көркемдік құндылығымен, тақырып жағынан
кеңдігімен көзге түсетін сала – арнаулар. Арнау өлеңдерінің шығу тегі, даму тарихы қандай тереңде жатса,
оның жанр ретінде қалыптасу тарихы да сондайлық ұзақ.
Арнау өлеңдерінің жанры, даму эволюциясы, көркемдігі туралы тек қазақ әдебиеттану ғылымында
біраздан бері сөз болып келеді.
Жалпы әдебиет тарихында поэтикалық құрылымның бір-біріне ұқсас құбылыстарды туғызды - әдеби
процестегі табиғи заңдылық. Сондықтан да болар қазақ поэзиясының негізгі саласы ретінде қаралатын арнау
өлеңдерін толғау, терме, жоқтау және т.б. жанрлармен ұқсас жанр ретінде зерттеп пікір айтатынымыз.
Арнау өлеңдердің жанрын арнайы қарастырған зерттеу еңбегі болмағанымен, әдебиеттің поэзияға
байланысты саласын зерттеген ғалымдарымыз арнау өлеңдер туралы азды-көп пікір айтып отырған. Оған
А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, З.Қабдолов, З.Ахметов, Р.Нұрғалиев, М.Жолдасбеков, А.Сейдімбек,
М.Мырзахмет, Б.Кәрібозов, Б.Әбілқасымов, Қ.Өмірәлиев, Н.Төреқұлов, Д.Ысқақов және т.б. еңбектері мысал
бола алады.
Арнау өлеңдер жанры туралы мәселе дүниежүзілік әдебиеттану ғылымында да күн тәртібінен түскен
емес. Себебі жанрды туғызатын уақыт талабы. Сондықтан да болар В.Г.Белинскийдің “жанр уақыт формасына
айналады”, - деуі.
Жанр өзгерісін, даму заңдылығын жете тусіну үшін оны тарихи кезең арқылы қараған жөн. Әрбір
жанрды ол өмір сүрген уақыт шындығымен, тарихи оқиғалармен байланыстыра қарағанда ғана оның туу,
қалыптасу, өмір сүру заңдылығын аша аламыз.
Қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдерді жанрлық түр ретінде қарастыру мәселесін сөз етуіміз көптеген
зерттеушілер ұғымында бұрыннан қалыптасқан тұжырымға қайшы келіп, “Арнау өлеңдер жанрлық түр ме?” –
деген заңды сұрақ туғызуы мүмкін. Арнау өлеңдердің жанрлық ерекшелігін сөз етпес бұрын біз бұл саланынеге
жанрлық түр деп қарастыратынымызды, оған негіз болатын мәселелерді талдай кетелік.
Жалпы жанр табиғаты туралы пікірлер әр қилы. Бұл туралы қазақ әдебиеттану ғылымының белгілі
теоретигі З.Қабдолов: “Жанр мәселесі маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын
кітаптардың көбіне әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр”, - дейді. Бұл
ретпен қарасақ, арнау өлеңдер әдеби шығарма екені даусыз.Онда оны жанрлық түр деп қарау – заңдылық.
Сондай-ақ ғалымның: “Сөз жоқ, кезкелген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау
шарт. Бұдан бұрын кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипат hәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу
процесі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды”, - деуі де арнау өлеңдердің жанрлық
табиғатын оның туу, қалыптасу, даму тарихымен біртұтастықта қарау қажеттігін көрсетеді.
ІІ. Арнау өлеңдердің даму кезеңдері 2.1. Ауыз әдебиеті мен ерте дәуір әдебиетіндегі арнау өлеңдер Қазақ халқының ауыз әдебиеттінен өзінің бастауын алыпталай ғасырларды басынан кешірген арнау
өлеңдердің туу, қалыптасу, даму, кемелдену тарихы бар екені сөзсіз. Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, ішкі даму
эволюциясы бар екені ескерсек, оны саралап қарастыру – бүгінгі қазақ әдебиеті ғылымының алдында тұрған
мәселелердің бірі.
Қазақ поэзиясының даму жолдарына көз жіберер болсақ, арнау өлеңдердің жеке жанрлық түр ретінде
қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз.
Арнау өлеңдердің негізгі – ата-бабамыздың наным-сенімдерінен туған әруақ культіне, Көк, Жер т.б.
тотемизге байланыстыпайда болған түрлі фольклорлық үлгілер мен Орхон, Талас бойынан табылған
ескерткіштердегі Тоныкөк, Білге қағандарға арналған жырлардан бастау алды. Ол жыраулар поэзиясындағы
(ХҮ-ХҮІІІғғ.) тегеурінді жырлар арқылы жыраулар арнауларында ерекше көрініс беріп, әр кезең
ерекшеліктерін қамти отырып, ХІХ ғасыр ақындары өлеңдерінен жалғастық тапты. Абай дәуіріне аяқ басқан
арнау жырлары қазақ фольклоры мен әдебиетіндегіарнау өлеңдер жанрының қалыптасқан бай мұрасы бар екені
235
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы көрсете білді. Бұл үрдіс кейінгі дәуір әдебиеттерінде өз жалғастығын тауып, бүгінгі кемелденген қазақ
әдебиетінің негізгі жанрларының біріне айналып отыр.
Арнау – ол жеке тұлға, жер, су, ел-жұрт және т.б. ақын, жырау үшін қаситті ұғым өмір сүріп тұрғанда
бітпейтін тақырып. Сондықтан да болар қай халықтың поэзиясын алмайық, арнау өлеңдері оның поэзиясының
негізгі бір бөлігін құрайық. Бірақ солай бола тұрса да, әр халық үшін арнау өлеңінің өзіндік ерекшелігі, өзіндік
даму тарихы бар. Қазақ халқының арнау өлеңдеріментамырлас жанрлар толғау, терме, жыр, жоқтау, қара
өлеңдердің және т.б. өзіндік сыры, даму тарихы бар екенін Ш.Уалиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин,
А.Байтұрсынов, Б.Уахатов, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Н.Төреқұлов, М.Жолдасбеков, М.Мырзахмет,
Б.Адамбаев, Ә.Нарымбетов, А.Сейдімбек, Ж.Тілепов, Д.Ысқақов, Б.Әбілқасымов, А.Бұлдыбаев, С.Медеубеков
және т.б. өз еңбектерінде жан-жақты ашып көрсеткен.
Арнау өлеңдер өз бастауын өте ертеден алатыны еш күмән тудырмайды. Себебі тәңірге, жер, суға,
аспан, күн, айға және т.б. табынғанхалық өз ойын, өз тілегін тек қара сөзбен емес, поэзиятілімен жеткізгені хақ.
Өмірі малмен байланысты өткен қазақ халқының “Қой баласы - қоңырым”, “Қамбар ата өрісім”деп, малға
байланысты арнауларынан бастап, “Ат басындай ақ бұлт”, “Кер, кер, кер, жылан” деген әр түрлі табиғат
құбылыстарына, жәндіктерге арналған өлеңдері арнау жанрының алғашқы көріністері іспетті.
Арнау өлеңдерінің бір шеті жоқтау жырларымен де астасып жатқанын жоққа шығаруға болмайды.
Себеі жоқтаудың көптеген үлгілері арнау түрінде шығарылған. Жоқтау да өлген адамға арналған еске алу,
дәріптеу жыры. Мұнда айтылатын ой өлген адамның өзіне бағыштала отырып, оған мұң шағу түрінде беріледі.
Бірақ мұндағы айтылатын ой лирикадағы көңіл-күй сезімін айту емес, өлген адамның аруағына айтылатын
мақтау түрінде көрініс береді. Мысалы:
Кешегі менің Көкжалым,
Аруақ қонған жасынан.
Мың сан кісі жау келсе,
Алдына салып айдаған.
Айтқаны қате болмаған,
Атының басын бұрмаған.
Әділдігі сонша еді,
Адамзаттың баласын,
Өз ұлымен тең көрген.
Егер көңіл салып қарасақ, қазақ фольклорына эпостық, тарихи жырларға алғаш негіз болған жоқтау
жырлары екені байқаймыз. Жоқтау жыры да – арнау. Себебі жоқтау белгісі адамға арналған жыр. Оның
ерекшелігі - өлген адамға арналуы. Жоқтау тек өлген адамның өмірден кеткенін айтып қою емес, оның
тірлігінде істеген ісін дәріптеу. Сондықтан да болар “Қыз жібек”, “Бозжігіт” дастандарын былай қойғанда,
Қотан бидің баласын, Бұқардың Абылайды және т.б. жоқтаулары біз сөз етіп отырған арнау жырларының
табиғатына қатысып жатқандығы. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, ауыз әдебиетіндегі арнау өлеңдерінің алғашқы
үлгісі жоқтау ретінде туғаны еш күдік келтірмейді.
Қазақ фольклорында жоқтау жырлары салт-дәстүрге байланысты жанрлық түр ретінде қарастырылып
жүр. Бұл бір жағынан жанр табиғатына келеді. Бірақ сонымен қатар жоқтау сол адамға арналған жыр екенін де
ешкім жоққа шығармайды.
Осындай жоқтау түрінде айтылатын арнауды ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридің “Диуани лұғат
ат түрк” еңбегіненде кездесерміз. Онда қолбасшы, хан Тұңға дүние салғанда
Тұңға алып ер өлді ме?
Қу дүние өшің кетті ме?
Сан жүректер айырылды,
Түркі елі түгел күңіренер,
деген жоқтау бұған мысал.
ХІҮ – ХҮ ғасырларда хатқа түскен “Қорқыт ата кітабындағы” батырдың өлімін Бану Шешектің: Ой,
алқызыл шымылдығымның иесі!
Ой, алтын басымның иесі!
Ой, патшам, сарбазым менің,
Жүзіне қараудан тоймаған ханым менің.
Неге кеттің мені тастап жалғыз өзің?
Көзімді ашып көргенім-ай,
Көңіл беріп сүйгенім-ай,
Бір жастыққа бас қосқаным,
Жолаңа құрбан болайын сенің,
деген жоқтау түрінде айтылған арнаулары бұл жанр тарихының өте әріде жатқанын тағы да дәлелдей түседі.
Жоқтау түрінде айтылатын арнаулар секілді көңіл айту түрінде айтылатын арнаулар да бұл жанрдың
табиғатының әр қырлылығын көрсетеді.
236
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы 2.2. Жыраулар поэзиясындағы арнау өлеңдер Дербес, қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі – ХҮ ғасырдың орта шенінен басталады. Бұған
себепкер болған жай – 1456 жылы Шу бойында Қазақ хандығының құрылуы еді. Бұл туралы атақты тарихшы,
Мұхамед Хайдар Дулати былай деп көрсетеді: “Дешті Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілқайыр хан еді.
Әбілқайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі – Жәнібек пен
керей Моғолстанға ауып кетті. Иса Бұға хан оларды меймандостықпен қабылдап, иеліктеріне Монғолстанның
батыс бөлігіндегі Шу, Қозы-Басы деген жерлерді бөліп берді ”.
Қазақ хандығының құрылу кезеңі халқымыздың санасында сонымен қатар әдебиетімізде (әсірее ауыз
әдебиетінде) үлкен із қалдырды. Ел билердегі алауыздық, ел билеген хан, сұлтандар арасындағы бақастық,
өзара қырқыс халықты әбден әлсіреткені осы кезде туған арнау өлеңдерінде нақты көрініс тапты. Бұл кезеңде
өмір сүрген жыраулардың бізге жеткен арнауларынан дәуір тынысын көріп қана қоймаймыз, сол кезден қилы-
қилы тағдырын да болжаймыз. Белгілі орыс ғалымы И.Я.Златкин қазақ хандығының құрылуы туралы: “Қазақ
Ордасының құрылуы бұрыннан қалыптасқан этникалық бірліктің енді саяси тұрғыдан көрініс табуы еді”, дейді.
Жәнібек пен Керейдің өз алдына ел болу, бірігу талабының бір төркіні – бейбіт, тыныш өмірді аңсауынан туған
еді. Терең философиялық ойға құрылған, көбіне толғау түрінде ауыз екі суырылып шығарылған бұл арнаулар
жеке адам, халыққа сөз арнау үлгісінде туды.
Бұл кезде туған арнау өлеңдер – тек мадақ, сынау түріндегі
жырлар ғана емес, сол кездің тыныс-тіршілігінің хабаршысы да. Арнау өлеңдерінің тууына өмірдегі әлеуметтік,
саяси, тарихи оқиғалардың жыршысы ХҮ ғасырдан бастап тарих аренасына белсене шыққан жыраулар
себепкер болды.Ақын, жырау - өз заманының перзенті болғандықтан, сол заманның күйін толғайды, өмір
сүрген кезеңіне өз көзқарасы тұрғысынан баға беретіні белгілі. Сондықтан да біз қазақ атымен аталып, өз
алдына жеке хандық құрған кезеңнен бері әдебиетімізде арнау өлеңдер қаншалықты дамыды, олардың тарихи
даму кезеңдеріндегі айырым ерекшелігі неде дегенге тереңірек бойлай отырып осы мәселелерге жауап берсек.
Қазақтың данагөй ақын-жыраулары елінің, халқының болашағын ел билеген хандардан кем ойламғаны хақ.
Осы тұста өмір сүрген асанқайғы Сәбитұлы қазақ халқының күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған ащы
қайғы-қасіретін, құрып біту мен жойылудан, құлдық пен күндіктен құтылатын жолы, жау аяғынан алыс, жайлы
да жақсы мекен табу деп түсініп, сол мекенді сарыла іздегені өз шығармаларынан анық көрінеді және ол
халқына Жерұйықты іздеуші ретінде ел есінде қалды. Сондықтан да оның арнау өлеңдері осы тақырып
төңірегін қамтыды. Бірақ кезі келгенде дұрыс іс істемеген ханына қатты айта да білген. Асанның әз-Жәнібекке
айтқан арнау өлеңіне көз салсақ, оны ел қамын, болашағын ойлаған халық қамқоршысы ретінде ғана көріп
қоймаймыз, адуынды батыр, ел бірлігінің жоқтаушысы ретінде де танимыз.
Ай, хан, мен айтпасам білмейсіз,
Айтқаныма көнбейсің,
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің[65].
Жырау өзінің көңілінен шықпаған Жәнібектің хан екеніне қарамай кейбір қылықтарын батыл сынға
алған. Жыраудың айтуынша, ел басшысы хан таққа ие болған соң өз мүддесінен ел мақсатын жоғары ұстай
білуге тиіс, жоқты сылтау етіп сауық-сайран салып, ойына не келсе соны жасап, бейқам жүрудің орны жоқ. Хан
алдында ел тағдыры бірінші орында тұру керектігін батыл айтады. Ал енді бір арнауында:
Еділ бол да Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақын болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер.
Тәңір көрер кісіңмен,
Жалған айтып суыспа [65]- деп толғап, халықты бірлікке, татулыққа, сабырлыққа шақырады.
Яғни жыраудың өз алдына қойған негізгі міндеті ел бірлігі, жер тұтастығы екені бұл арнаудан нақты
байқалады.
237
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы Халық мүддесінен өз мүддесін жоғары қойған ханға да, батырға да, қарашаға да аяушылық жоқ. Ол тағы
да арнау түрінде айтылды.
Өз заманындағы ел билеген хандарға деген наразылығын тайсалмай айтқан өз дәуірінің көреген
жырауларының бірі – Шалкиіз. Жырау - ө заманының перзенті, өзі өмір сүрген әлеуметтік қоғамдық ортаға
лайық шындықты белгілі дәрежеде айта білген ұлы ойшыл.
Жолың болсын-ау, ием,
Сен де кетіп барасың.
Енді өзіңнен соңыратын,
Жұртқа лайық ие жоқ.
Сұлтан ием, жұрт иесі өзіңсің! [65]
Жырау мұнда Темірді ел өмірінің бірден-бір тірегі етіп көрсетеді. Жыраудың түсінгенше, Темір-рудың,
ұлыстың бірлігі мен тірлігінің ұйтқысы. Бұл шумақтар – жырау өмір сүрген кезеңнің сұранысы, тарихы
шындығы. Сол кезеңде ел үшін ханның қандай рөл атқарғаны, қай дәрежеде болғаны тарихта белгілі. Ендеше,
Шалкиіздің бұл арнау өлеңі – сол дәір шындығынан елес беретін бірден-бір тарихи шығарма.
Қорытынды Арнау өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін салмақтай, саралай қарағанымызда байқайтынымыз – қазақ
поэзиясындағы басқа да жанрлар секілді арнау өлеңдерін шығаруда ақын, жыраулар ауыз әдебиетінен бастап,
ХІХ ғасырға дейінгі аралықтағы қалыптасқан ұтымды ой, көрікті сөздің қаймағын өз шығармаларында кеңінен
пайдаланғандығы
Арнау өлеңдері белгілі объектіге қарап айтылғандықтан, онда айшықтаудың мол болуы, теңеу мен
салыстырудың кеңінен қолданылуы –заңды құбылыс. Бір ғасыр өзіндік көркемдік тәсілдер бір емес, бірнеше
ғылыми еңбекке жүк болары сөзсіз. Сондықтан да біз бұл жұмысымызда ауыз әдебиетіне, көне әдебиетке
байланысты кейбір арнаулардың ғана көркемдігін сөз ете отырып, негізінен жыраулық поэзиядағы арнауларға
көбірек көңіл бөлдік. Себебі арнау өлеңдері тақырыптық, мазмұндық жағынан тек жыраулар, Абай дәуірінде
ерекше дамып қана қоймай, кейінгіге үлгі ретінде көптеген шығармалар қалдырды.
Арнау өлеңдерінң көркемдігі туралы ойымызды қорыта келе айтарымыз, қазақ поэзиясының сыр мен
сипатын, әсерлігін, айтылу шеберлігін жеткізетін әдістер арнау өлеңдерінде де көптеп қолданылып, қазақ
әдебиеті тарихына енетін озық поэзия туындарын берді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Арынов Т. «Боздағым»Алматы: жазушы,1989,210бет.
2. Әуезов М. «Әдебиет тарихы».Алматы: Ана тілі, 1991.285бет.
3. А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы: Жазушы,1989.320бет.
4. Веселовский А.Н. «Историческая поэтика» М. «Высшая школа» 1989, 406с.
5. Құнанбаев Т. «Әкем Абай туралы».Алматы: Атамұра,1995.720бет
6. Қазақ көне тарихы.Алматы: Жалын, 1993.400бет.
7. Махамбет жыр «Семсер».Алматы: Жазушы, 1979.136бет.
8. Сүйінбай шығармалары.Алматы: Білім, 1996.152бет.
9. Абай энциклопедиясы.Алматы: Атамұра,1995.720бет.
10. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: ана т. 1991.2-кітап .280бет.
238
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы МАЗМҰНЫ 1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ТИІМДІЛІГІ.Темиргалиева Шынар Бактыгереевна. БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы Казталов ауданының білім беру бөлімінің бірінші санатты бастауыш сынып әдіскері 2. ТУҒАН ЖЕРІМДІ СҮЙЕМІН. Ақтөбе қаласы. Благодар орта мектебінің 4 А класс оқушысы Жүрсін Лаура . Жетекшісі: Исабекова Айманкүл Шайқұлқызы 3. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТТІ ДИЗАЙН ӨНЕРІ. Ақтөбе гуманитарлық колледжі бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы Булеков Самат Жолдыбаевич 4. МАҢҒЫСТАУДЫҢ КЕРУЕН САРАЙЛАРЫ. Жолбергенов Данияр Жолбергенұлы. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 10-сынып оқушысы, Облыстық «Дарын» ҒПО-ң ІІІ орын жүлдегері, Облыстық ҚР КҒА-ң І орын жүлдегері, Республикалық КҒА-ң ІІ орын жүлдегері. Жетекшісі: Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы, жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі Ғылыми жетекшісі: Табылдиева Орынгүл Дүйсенбайқызы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті доцент,тарих ғ.к. 5. САБАҚТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ҮЛГІ БАҒДАРЛАМАСЫ. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Аткешова Райгуль Айбулатовна 6. ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН НАН-ҚАСИЕТТІ ТАҒАМ Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы С.Есетов атындағы ОЖББМ жанындағы «Балбөбек» ШО тәрбиешісі Уразаева Алия 7. BIRTH OF THE MOO. 11 СЫНЫП БҚО, Казталов ауданы Талдықұдық ауылы, С. Есетов атындағы ОЖББМ ағылшын тілі мұғалімі Нурболатова Гулсезим 8. САЗБАЛШЫҚ ПЕН ЕРМЕКСАЗ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы С.Есетов атындағы ОЖББМ -нің бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Баян 9. «АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ». 5-СЫНЫП Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы С.Есетов атындағы ОЖББМ-нің қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімі Ғабдешова Ғалия 10. The Constitution of the Republic of Kazakhstan. Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байдуллина Ақмарал Мерғалиқызы 11. ҚОЛА ДӘУІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БҚО облысы. Жалпақтал кенті. Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сулейменова Асия Куанышевнаның іс-тәжірибесінен Пән мұғалімі Сулейменова Асия Қуанышқызының өзіндік тұжырымдамасы 12. «Здоровые привычки» Класс: 10 «Б» Тлепова А.А. Учитель английского языка, СОШ имени Г.Молдашева, ЗКО, Казталовский район. 13. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІР» БҚО, Казталов ауданы, Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің екінші санатты мұғалімі Габдулов Жұмабек Берікұлы 14. "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі тақырыбында өткізілген коучинг жоспары. БҚО, Казталов ауданы, Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы 15. Мектептегі көшбасшылық. Айткалиева Гулназ Казталов ауданы Г.Бегалиев ОЖББМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі 16. ШЫҒАРМА ЖАЗУҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ Ахинбасов Қуанышбек Абдуллаевич БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы Казталов ауданының білім беру бөлімінің бірінші санатты гуманиттарлық пәндер әдіскері 17. ЖАҢА ФОРМАТТАҒА САБАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ Зайнушева Маржан Амангелдіқызы БҚО, Казталов ауданы, Бірік ОЖББ мектебі. Химия биология пәнінің мұғалімі. Жоғары санатты. І деңгей 18. ӘДЕБИ ЕРТЕГІ. Ә ТӘЖІБАЕВ «ТОЛАҒАЙ» Адилова Гульфарам Амантайқызы, БҚО, Казталов ауданы, Киров ауылы, М.Жүнісов атындағы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 19. Біріккен сөздер. БҚО, Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының ІІ санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуйсекова Гульмайра Жаннеткалиевна 20. Жай және күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Карагойшина Гулназ Жусуповна 239
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы 21. Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа» Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен мектеп – лицейі Қазақ тілі пәні мұғалімі Жанболатов Медет Асқарұлы 22. «Топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді жіктеу» 7 сынып. БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы, Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Имангалиева Гулшат Нурболатқызы 23. Модели Вселенной. Жизнь и разум во Вселенной. Исмагулова Г.О. учитель физики и информатики СОШ имени А. Уразбаевой 24. Қазақстан - мәдениеті мен өнері өркендеген ел. Утешева Тамара Рашидқызы Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 25. Domestic animals. Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы. Қараөзен мектеп – лицейі Ағылшын тілі пәні мұғалімі Койшина Әдемі Манарбекқызы 26. План коуч сессии на тему: «Результативность обучения с учетом талантливых и одаренных детей». Сармалаева С.Т. учитель истории и права СОШ имени А.Уразбаевой Гусманова А.З. учитель химии СОШ имени А.Уразбаевой 27. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек ОЖББМІ (ілгері) деңгей тыңдаушысы, тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ажкеева Камшат Тельманқызы 28. Краткосрочное планирование урока в 7 классе. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен мектеп – лицейі Орыс тілі пәні мұғалімі Айтжанова Алмагүл Рысқалиқызы 29. Құстар. Балықтар. Қосмекенділер және жорғалаушылар. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының І санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Кулаева Лунара Казбековна 30. Бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі. БҚО, Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының І санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған математика пәнінің мұғалімі Изимова Куляш Михайлқызы 31. ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ. Нүпи Дүйсенғалиев атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Құспанова Ардақ Оңдашқызы 32. ОҚУШЫНЫ ЫНТАЛАНДЫРУДА ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ. БҚО, Казталов ауданы, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп- гимназиясының жоғары санатты, І деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есекенова Лаззат Ермекқалиқызы 33. Коррозия, оның түрлері мен коррозияның алдын алу шаралары. БҚО Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы І санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған химия пәнінің мұғалімі Лукпанова Сайлаугул Ерназаровна 34. Келтіру формулаларына есептер шығару. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Хайрошева Гаухар Талапкалиевна 35. Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады ?» әңгімесі. Мендіғалиева Алмагүл Ерсайнқызы Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 36. АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ— АТА-АНА Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп – гимназиясы 6 «ә» сынып Сынып жетекшісі: Молдашева Эльвира Мақсотқызы 37. 10 СЫНЫПТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚ. Баймағамбетова Айнұр Махамбетқызы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебі ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі 38. Рационал бөлшектің негізгі қасиеттері тақырыбын қайталау. Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Меңдыханова Замзагуль Исатаевна 39. Сабақты құру және жоспарлауға арналған кесте. Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тақаева Ляззат Қабиболлақызы 40. РЕФЛЕКСИВТІК ЖАЗБАЛАР Тәлімгер: Утегулова С.К. Тәлім алушы (коуч): Молдашева Г.Ж. 41. Сабақты құру және жоспарлауға арналған кесте. 8 сынып Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салаватова Асем Амангельдиевна 42. Б. Исаев «Күріш туралы сыр» Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы Қараөзен мектеп – лицейі Бастауыш сынып мұғалімі Татпанова Жазира Тұрарбекқызы 43. «Салауатты өмір салты» Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Успанова Зухра Қалиоллақызы 44. Озера и водохранилища Казахстана. Ажбаева Гульнар Кудуловна учитель географии и биологии СОШ имени А. Уразбаевой. География 8 класс 45. Краткосрочное планирование по русскому литературе в 10 классе. Алиповой Шары Жанаевны Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі 240
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы 46. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Қараөзен мектеп лицейі Тәрбиеші: М.Х.Мұхамбеткереева 47. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының ІІ санатты, 3 деңгей бойынша сертификатталған тарих пәнінің мұғалімі Хадешов Рауан 48. «ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ