Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ 
«АБАЙ ЖОЛЫ»  РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Авторы: ОҚО. Арыс қаласы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы
 орта мектебінің оқушысы Жүсіпбекова Жания
Ғылыми жетекші: Альбосынова Гүлжан Мырзатайқызы
    Гипотезасы:  “Абай   жолы”-роман-эпопеясындағы   көнерген   сөздер   тақырыбына   жазылған   ғылыми
жұмысымызда  қазақ халқының       ұлы   дарын иесі,М.Әуезовтың   Абай жолы роман-эпопеясын  талдау.Сол
себепті   ақын   еңбектерін   түгел   қамтуға тырыстық.   Әр     ақынның     өзіне   тән   ерекшелігі болады десек,
Мұхтардың шығармалары түрлі   образды   ашуда, ойға   эмоциялық  реңк  беруде  қызмет  атқарады. Осындай
үлкен  тақырыпты  ашуға алғашқы   қадам  жасауға  тырыстық.  «Абай жолы  »роман-эпопеясын нақты зерттей
келе, онда    ұлы жазушының тамаша суреткерлік  ерекшелігі  және ұлы дарындылығы танылады.

Зерттеу барысы мен кезеңдері:
 1кезеңде:Жеке Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысу.
2кезеңде: : «Абай жолы»роман-эпопеясымен жақынырақ танысу.
 3кезеңде: «Абай жолы»роман-эпопеясындағы көнерген сөздерді талдау 
жұмысы.
Эксперимент әдістері:
Эксперимент    әдістері   «Абай жолы»роман-эпопеясы туралы   мәліметтерді интернет      жүйесі      арқылы,
түрлі    газет-жураналдар  мен  кітаптардан   іздену арқылы   өткізілді.  «Абай жолы»роман-эпопеясын талдау
жұмысында «Абай жолы»4 томдық кітаптарының  бірінші томдық кітабы қолданылды.
Зерттеу нәтижесі:
«Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ әдебиетіне көптеген жаңалық қосты. Солардың негізгілері қатарында
шығарманың реализмі артуын, қаһарманның мінез-құлқын, даралық келбетін нақтылы талдауды жетілдіргені,
табиғат көріністерін кейіпкердің көңіл күйіне орай жанды суретке айналдыру шеберлігін, әдеби тілді байытуын
айту керек. «Абай жолы» бүкіл тарихи романшылар алдында тұрған идеялық-көркемдік міндетін шешуде де
көрнекті қызмет атқарды.
Практикалық   қолдану   әдісі:Осы      жұмысты     Оңтүстік Қазақстан   облысының     Білім бөлімі мен
мәдениет бөліміне ұсынуға болады.
        
Шәкірт-көнерген сөз
Шәкірт-ученик-pupil
Жаңарған атауы:оқушы
Түсіндірме сөздік:
1.Оқушы,үйренуші.Әр мамандық иесінің ұстазы мен шәкірті болады.
2.ауыс.Ұстаздың жолын ұстайтын ісін алға апаратын адам.Шәкірт ұстазынан озып шықты.
Диалект сөздік: (Орал,жамбыл,Сарыағаш)шәкірт-шекірт(Б.Тоқтаров)
Жарау-көнерген сөз
Жарау-годиться-be good
Жаңарған атауы:
Түсіндірме сөздік:
Қаншырдай қатып келген,жараған, шырыққан. Баланы~құлаға мінгізді.жарауы жетті-бабына келді,жарап 
болды.
Диалект сөздік:  (Қ.Орда,Қарм.)келеге қосар  алдында еркек түйелердің қыстүгіні масаңсып, 
беймазаланып,тісін қайрап,аузынан ақ көбігін бұрқыратып,табиғи түрде бірте-бірте өзін күйттей,бабына 
келтірілуі.                                                                                                        
  5
Тақым –көнерген сөз
Тақым-шенкель-thigh
Жаңарған атауы:тізе
Түсіндірме сөздік:
Тізенің астыңғы,ішкі жағы.~ын жазды,-ына қысты.Тақым қағар-атқа мінгенде тоқым тимеу үшін 
былғарыдан,киізден жасалатын зат.Тақым бұрау салды-қылмыстыны азаптады,аяусыз 
жазалады.Тақымға салды-тізесін батырды,күш көрсетті.Тақымы 
талмады-місе тұтпады,қорамсынды.
Диалект сөздік: (Ресей,Саратов)адамды ұрып ойнайтын ойын аты
Сойыл- көнерген сөз
Сойыл -будь зарезанным- be killed
Жаңарған атауы:ұзын ағаш
Түсіндірме сөздік:Қару ретінде ыңғайлы етіп жонып жасалған мықты,ұзын ағаш.Сойыл салым-сойыл 
жететіндей жақын жер.Сойыл соғар-біреудің сөзін сөйлеуші,шашбауын көтеруші.Сойылын соқты-біреудің 
сөзін сөйлейді,жыртысын жыртты.
Диалект сөздік: (Гур.,Маңғ.)қиналу,қатты шаршау.
Тұрғы- көнерген сөз
Тұрғы-статор-stator
Жаңарған атауы:мекенжай
Түсіндірме сөздік:
Тұрғы1.Белгілі бір бағыттағы көзқарас.
          Мыс:Ғылыми тұрғыдан зерттеу
Тұрғы2.замандас,тұстас,қатарлас адам.
          Мыс:Бәрі де менің тұрғыларым.(«Қазақ әдебиеті»)
Тұрғы3.I.Тау қырқасының биігі

Мыс:Жәнібек Жақаштың қаратасының желкесі бұл өңірдегі ең биік тұрғылардың бірі.(Қ.Жұмаділов)
II.ауыс.Белгілі бір нәрсенің биік межесі.
Мыс:Ақындық  өнерінің  биік тұрғысынан қарап еді.(Ғ.Мүсірепов)
Диалект сөздік: (Гур.,Маңғ.)1.мекенжай,тұрақ,қоныс.
Мыс:Менің тұрғым бұл жер емес.                     2.таудың таса,қуыс жерлері.
Мыс:Қарақұйрық тұрғы-тұрғыны қуалап зымырап барады.
Кәпір- көнерген сөз
Кәпір-безбожница- atheist
Жаңарған атауы:бейшара
Түсіндірме сөздік:
1.Мұсылман діннен басқа діндегілер;дінсіз;
2.ауыс.Оңбаған,қаныпезер,жексұрын.Сірә,кәпірдің өзі де оңбас еді.(Әмеров)
Диалект сөздік:
Бейшара.(МХР)бейшара,сорлы.
Мыс:Бейшара шал осы елдің кәрісі еді.
Дүние-мумин үшін зындан,кәпір үшін жәннат.
Жолбасар- көнерген сөз
Жолбасар-вор-thief
Жаңарған атауы:ұры
Түсіндірме сөздік:
Жол тосып,жолаушыны тонайтын қарақшы, ұры.Абай жолбасар ұрыларша киінді.(М.Әуезов)
Диалект сөздік: (Гур;Есб;Орал;Жән;Тау;Қош;)ұрық жасаушы.
Елімізде ұры қылатын адам жоқ.(Орал,Жән;)
Ол өмірінде ұры құылмаған кісі.(Тау;Қош)
Боқырау-көнерген сөз 
Боқырау-последние месяцы осени,когда бывают первые 
Морозы- the last month falls when there are first frosts
Жаңарған атауы:қараша
Түсіндірме сөздік:
Қар жауып,суық түсе бастаған кез;күз айы;
Диалект сөздік:Боқыраушы(Қост;Фед)-көпей,кенже туған төл.
Мыс:Бұл босағада өскен боқыраушы еді,үйден ұзамайтыны сол;
Күзем- көнерген сөз
Күзем-осенняя стрижка овец-autumn hairstyle of sheep
Жаңарған атауы:қойдың қырқымы
Түсіндірме сөздік: Күзем-қойдың қырқымы
Диалект сөздік:Күзем-(Қ.Орда;Маңғ;)
Көде- көнерген сөз  
Көде-ковыль- feather grass 
Жаңарған атауы:майда шөп
Түсіндірме сөздік:Далалы жерде шоқ-шоқ болып өсетін қысқа жапырақта,сұлы тұқымдас майда шөп.
Диалект сөздік: Көде1.(Шым;Қызылқ;)көлемді шөп үйіндісі мая.Шабылған жоңышқа көдеге салынып,қаз-
қатар тізіліп қалыныпты.
Көде2.(Сем;)хал-жай,жағдай.Мен ол кісінің көдесімен таныс емеспін.
Құбыжық- көнерген сөз
Құбыжық-страшилище-fright
Жаңарған атауы:мақұлық
Түсіндірме сөздік:1.Миф.Қорқыныш бейнелі мақұлық.
2.ауыс.Қорқынышты зат,шошынарлық нәрсе.
 Құбыжық болды-қорқынышты көрінді, шошытты.Құбыжық көрді-қорықты, шошынды. 
Диалект сөздік:х
Атшабар- көнерген сөз Атшабар-вестовой-signal  Жаңарған атауы:хабаршы
Түсіндірме сөздік:Би-болыстың,ұлықтың жарлығын халыққа жеткізетін хабаршы,шабарман.
Диалект сөздік:историзм сөздерге жатқызылуына байланысты ешбір аймақта қолданылмайды.

ОҚО Арыс қаласы   И.Журба атындағы негізгі орта мектебі
Шалбалаева Гүлнар Тұрмысқызы
География пәні мұғалімі
Экологиялық мәселелер – ең маңызды  өмірлік мәселелердің бірі,  өйткені адамның ғұмыр кешетін ортасы
жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып  отыр.   Ш. Айтматов
         Тақырыбы:    Сабақты экологиялық тәрбиемен ұштастыра білу
        Мақсаты:
1.
Оқушылардың экологияға     байланысты     деректерді,   білік – дағдыларды   үйрену, оларды   күнделікті
өмірде  табиғатты  қорғауда  қолдана  білу. Табиғат  туралы  заңды  және  адамгершілік  нормаларын, құқық
пен міндеттерді  білу,  немқұрайлыққа  қарсы  күресе  білу.
2.
Айналадағы   ортаны   жақсарту   іс- әрекетінің   барлық   түрлеріне белсене   қатынасу, табиғатты   қорғау
қажеттігін  насихаттау.
3.
Экологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері  дағдыларымен тәрбиелеу.
           Қазіргі  тандағы күллі  адамзатты толғандырып  отырған  мәселелердің бірі – табиғатты  қорғау, оны
аялау, экология мәселесі. Әрбір өз елінің патриоты  саналатын ұрпақты  ойландырмай  қоймайтын тақырыптың
бірін менде өз  жұмысымның   өзекті  мәселесі етіп  алдым.
      Елбасының     Қазақстан      халқына      арнаған     Жолдауында    « Қазақстан бүгін  Еуропа  мен    Азия
арасындағы    коммуникациялар   легінің     түйіскен жерінде    тұр ,  біздің    міндет  - осынау  бірегей   геосаяси
жағдайымызды   өз     еліміз   бен     халықаралық     қоғамдастықтың     мүддесі     үшін       табиғатты   ұтымды
пайдалану»       деген     еді.     Еліміздің     алдына     Президент       қойған   осы     міндеттің       Қазақстандағы
экологиялық   жағдайға  тікелей  қатысы бар.  Сол  себепті ,  ертеңгі  ел  болашағы- бүгінгі оқушы жетістіктері
ретінде  күтілетін нәтижелердің  бірі - экологиялық білім.
            "Экология"  деген  сөзді  Австрия  ғалымы,  өз заманының    білгір   ботанигі,  дәрігері,   зоолог-
морфологы,   талантты   биологы   Э.Геккель 1866 жылы     "Организмдердің   жалпы морфологиясы " – деген
еңбегінде  тұңғыш  рет  айтқан.  Содан  бері  бір  жарты ғасырға  жуық  уақыт  өтіпті. Әрине  жұмыр  жердің  ол
кездегі  экологиясы  мен  бүгінгі  жағдайын  мүлдем  салыстыруға  болмайды.Бүгінгі  таңдағы  жылдам  шешуді
қажет   ететін   ең   көкейтесті   проблемалардың бірі   -   қоршаған   ортаның   / экологияның / адам   төзгісіз
дәрежеге   дейін  апаттарға   ұшырау  салдарына  тоқталу болып   отыр. " Экос"  грекше  - үй   немесе  мекен
деген  ұғымды  білдіреді  екен , логос  -  ғылым.  Үстірт   қарағанда  экология  дегеніміз  үй  мен  мекен  - жайды
ғана   зерттейтін   ғылым   болып көрінгенімен, шын   мәнінде   экологияның   бұл   күндері   қамтып   отырған
мәселелерінің   ауқымы   о   бастағысынан   әлдеқайда   кең, көтеріп   отырған   жүгі   тым   ауыр. Адамзаттың
бірқалыпты  дұрыс  дамуына  қоршаған  орта  тазалығының  қаншалықты қажет  екендігіне, оның тұп – тұнық ,
таза   кезінің    өзінде – ақ    көңіл   аударып,  болашақты    ойлаған, қам    жеген,   оған    көмек    беруге    ниет
білдірген,     әрекет  істеген  сол  заман    ғалымдарының  көрегендігіне     еріксіз      таңданасың.  Бүгінде
қоршаған     ортамызды   мүлдем     бүлдіріп     біттік.     Егер   осы       уақытқа   дейін   миллиондаған     адамдардың
қырылуына  қанды соғыстар, жұқпалы  аурулар,  жер  сілкінісі, топан  сулар  себепкер  болса, енді  қоршаған
ортамыздың  тектен -тек  ластануы    салдарынан,  яғни  экологиялық  апаттан дүние жүзі  халқының  жаппай
қырылып  кету қаупі  төніп  тұр. Ең  өкініштісі  ғылым  мен техниканың  жетістіктерін  сауатсыз  пайдаланудың
салдарынан  қоршаған  орта  мен  табиғатты  адам  баласы   тұрмақ тіршілік  атаулы өмір  сүре  алмайтындай
қайғылы  күйге  түсірдік.
Қоршаған орта  мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау үшін келеңсіз әрекеттер жасамау осы
кездегі ең басты бағыт болып табылуы керек. Оны біз мектеп табалдырығынан бастап іске асыруға тиіспіз.
Табиғаттың   байлығын   қажеттілігімізге   жүйелі   жаратудың   орнына,   кейінгі   жылдары   оған   жаппай   қауіп
төндіретін ядролық,  экологиялық , биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың оталуы, аң мен құстардың
есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы осы экологиялық зардап көздері
болып табылады .
       Еліміздің   экологиялық   ахуалын   шешу   үшін   ғылым   жетістіктерін   қолданумен   бірге   өркениетті
елдердегі  экологиялық  білім  беру  жүйесіндегі  жаңалықтардың , жаңа  технологиялық  бағдарламалардың
тиімді     жақтарын     пайдалану     қажет.   Экологиялық   тәрбиеге   баса   назар   аудара   отырып,   экологиялық
ұстанымдарды басшылыққа алу керек.Ұлы Циолковскийдің «Адамдардың араласуы мұң екен, жер шары тез
қартая бастады»- деуінде үлкен сыр жатыр. Сол сияқты экологиялық мәдениеті жоғары өркениетті елдерде
айналадағы         ортаны         қорғау         жөнінен         берік   орын   тепкен   дәстүрлі   іс-шаралары,   олардың   әсерлі
мысалдармен әр түрлі оқу орындары шәкірттерінің таныс болуы да танымдық - практикалық үлкен  мәнге  ие.
       Табиғатқа   мейірбандықпен     қарау, оны тағылықпен бүлдірмеу, оған суық     қолдылардың   білгенін
істеулеріне жол бермеу – адамдық міндет.  Бұған   бала  алдымен  отбасында,  одан соң  мектепте  тәрбиеленеді
және ондай   қасиеттер   баланың   бойына   айтудан,   сөзден гөрі, іс арқылы оңайырақ және тұрақты болып
дариды. 
Экологиялық   жұмыс   туған   өлкенің,   ауылдың,   қаланың   тазалығын   зерттеу   оны   сауықтырудың   жолдарын
қарастырады.   Әрбір   оқушы   өзінің   өлкесі   немесе   өмір   сүріп   отырған   мекенінің   табиғатын,   экологиялық
жағдайын білуі тиіс. Өкінішке орай  Арыс экологиялық жағдайы нашар қалалардың қатарына жатады.

Қала экологиясы үшін оқушылардың көмегі өте қажет. Қала мектептері өздерін  «Экологиялық жасақшылар»
қатарына   қосып,   қоғамдық   жұмыстар   атқарады.   Оқушыларға   оқу   үрдісінде   диафильмдер,   киносюжеттер,
кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, экологиялық соқпақтар көп әсер қалдырады.
Қорытынды бөлім:
Экологиялық тәрбие баланы салғырттықтан, жалқаулықтан аластатады. Ұлы Абайдың «талап, еңбек, терең 
ойдың» осы істерден басталатындығын, «еріншек, бетер мал шашпақтық» - қайдан болатындығын түсініп өседі.
Оқушы қиялының ұшқырлығы туралы, олардың кейбір үлкендер байқамаған күрделі нәрселерді 
аңғарғыштықтары туралы біз білеміз. Дана халқымыз осы ойымызды «асыл-тастан, ақыл-жастан» деген 
нақылмен дәлелдеп кеткен. Ұлы педагог Ы. Алтынсариннің: « Бала – жас шыбық сияқты, қалай исе соай иіледі»
деуінің өзі мұғалімді үлкен жауапкершілікке шақырады. Баланың қиялын шыңдап, табиғатқа жанашыр болып 
шығуына ұстазы мен ата-анасының рөлі үлкен екенін нақтылай түседі.
    Оқушылар арасынан география ғылымына  қызығушы талапты, алғыр географтарды анықтау, оларды 
ізденуге, алғырлыққа баулу, экологиялық тәрбие беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойын 
түрін пайдалана отырып сайыс сабақтар «Алтын сақа»; «Алтын қақпа»; «Атажұрт»; «1001 мақал, 101 жұмбақ»; 
«Дарындылар додасы»; «Үздік географ» бекіту сабақтарының маңызы өте зор.
  Халқымыздың әдет-ғұрыптарын білу арқылы табиғатты қорғауға, денсаулықты сақтауға, ауа тазалығы,  
судың тазалығын тәжірибе арқылы көз жеткізу мақсатында 6-сыныптағы «Атмосфераның құрамы мен  
құрылысы» пайдалануға болады. Сабақтың барысында тақырыптың ғылыми негізі ашылып, сұрақ-жауап 
әдісімен бекітіліп, ойлау технологиясы пайдаланылады.
   Сабақтың тақырыбы:  Атмосфераның құрамы мен  құрылысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың  атмосфера туралы білімдерін шыңдай түсу. Баланы жеке тұлға 
ретінде табиғатқа деген қамқорлығын оятып, оның байлықтарын бағалай білуіне экологиялық тәрбие мен 
ұлттық тәрбиенің негізімен оларға мақал-мәтел,  балама тыйым сөздер арқылы сана сезіміне жеткізу.
2. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өскен жерін қадірлеп мәдени-саяси сауатын кеңейтіп, сөйлеу
шеберлігін дамыту.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат ананы, ондағы өсімдіктер дүниесіне деген сүйіспеншілік 
сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, карта, үлестірмелі қағаздар, сөзөрім, бейнетаспа, сансөз, термометр, 
гигрометр, желбағар, атлас, құм, саз, слайдтар т. б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
б) Тазалыққа көңіл бөлу.
в) Құрал жабдықтарға көңіл бөлу.
II. Ой қозғау.
Жаңа  ХХI ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен 
буындарына тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Жас ұрпақты қоғам талаптары мен мүдделеріне өмірге 
бейімдеуге, ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында бес турдан тұратын «Парасат» ойын сабағының 
үлгісін пайдаландым. Оқушыларды үш топқа бөлдім. Топ басшыларын анықтау үшін «Сандар сыры» ойынын 
пайдаландым.
1.
«Дарын» тобы.
2.
«Зерек» тобы.
3.
«Білгір» тобы.
              I тур. «Жұлдызды сәт».
Ойын ережесі: Литосфера тақырыбын қалай меңгергенін байқау үшін әр топқа екі сұрақтан 5 үлестірмелі
сұрақтар беру арқылы оқушылар арасынан алғыр географтарды анықтау. Оларды тез ойлануға, алғырлыққа
баулу. Жеңімпаз топқа «жұлдызша» сыйлыққа беріледі.
1 топ сұрақтары.
1.
Тау дегеніміз не?
2.
Жердің ішкі құрылысы қандай?
3.
Қазақ халқы жыл мезгілдеріне қарай неге қоныс аударып отырған?
4.
Барқан дегеніміз не?
5.
Биіктігі бойынша жазықтар қандай түрлерге бөлінеді?
6.
Тау жыныстары қандай топтарға бөлінеді?
7.
Жазық дегеніміз не?
8.
Үгілу дегеніміз не?
9.
«Судың да сұрауы бар» деген  мақалды қалай түсінесің?
10.
 Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз не?
   
2 топ сұрақтары.
1.
Гейзер дегеніміз не?
2.
Сөнген, сөнбеген жанартаулар дегеніміз не?

3.
Жердің ішкі құрылысы?
4.
Ескі және жас таулар?
5.
Шұңғымалар дегеніміз не?
6.
Жер сілкіну жіне оның зардаптары?
7.
Жер қыртысының қозғалыстары?
8.
Жер қыртысын түзетін тау жыныстары?
9.
Жазықтықтардың биіктік айырмашылықтары?
10.
Эхолот дегеніміз не?
3
топ сұрақтары?
1.
Литосфералық тақта дегеніміз не?
2.
Мұхит түбінде жер бедерінің қандай түрлері болады?
3.
Жердің өзі қандай қабықтардан тұрады?
4.
Минералды сулар дегеніміз не?
5.
Сай дегеніміз не?
6.
Мұхит түбін зерттеу туралы не білесің?
7.
Жанартау дегеніміз не?
8.
Жер сілкіну қалай жүреді?
9.
Жер бедері дегеніміз не?
10.
Теңіздердің тереңдігін өлшейтін құрал?
II тур.   «Қазымыр оқушы»
Ойынның мақсаты:  Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының қоршаңан ортаға 
қатысып қазақы тиымдары мен ырымдарын кеңінен қолдану.
Табиғат пен адам. Тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар. Қазақ халқы дүниеге үлкен мін берген. 
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды «киелі» деп қастерлейді. Осы 
айтылғандарды халқымыз мақал –мәтелдер , нақыл сөздер арқылы ұрпаққа жеткізіп отырған. Ендігі ойын 
шарты үзбей табиғатты қорғауға арналған мақал- мәтел, тыйым сөздер айту. 
Мысалы:   1.   «Табиғат алтын бесігің»
                   2.  «Өзеннің көркі тал болар, таудың көркі мал болар»
                   3.  «Судың кепкені, тіршіліктің кеткені»
                   4.  «Орман тоғай жер сыны, көкорай тоғай жер сыны» 
III. Жаңа сабақты мазмұндау
1.
Ауаның құрамы.
2.
Атмосфера қабаттары.
3.
Атмосфераның маңызы.
4.
Ауа қасиеттері.(тәжірибе көрсету арқылы)
5.
Атмосфераны зерттеу жолдары.
Бой сергіту 
«Шатасқан әріптер»
Алар  (Арал)                                 Нуфтай  (Тайфун)
Өлк  (Көл)                                  Ғанқаншы  (Шығанақ)
Хитұм  (Мұхит)                              Дызқұм (Мұздық)
Ғаса (Саға)                                   Лотнық  (Толқын)
4.
« Кім тапқыр?» ойыны.
Ойынның мақсаты:  Жаңа тақырып бойынша бекіту тапсырмалар   беріледі. Оқушының ой-өрісін, өтілген
жаңа тақырыпты қалай меңгергенін байқау, экологиялық тәрбиені шыңдай түсу. 
(сайыс барысында оқушылардың жауаптарына анализ жасай отырып, білімге деген көңіл күйін, ой түрткісін,
есте сақтауын анықтауға болады)
1.Сәйкестендіру тесті
                             Атмосфера                                 78%
                             Азот                                    Стратосфера
Мұхит                               Тропосфера
                            Озон газы                                     21%
Ауа райы түзіледі              Озон қабаты
                            Оттегі                                   ауа қабаты
                           Стратосфераның
                              маңызды қабаты                    Атлант
V « Көсемдікке ұмтылу»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәнері мен мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық тәрбиеге 
баулу.

 Ойынның ережесі: «Литосфера және атмосфера» тақырыптары бойынша табиғатты қорғау жайында өз 
ойларын айту.
(табиғаттың әсем көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, табиғаттың бүлінуі аяныш сезімін туғызып, 
нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу. Оқушы экологиялық ұғыммен таныса отырып өз бетімен 
жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Қысқаша тұжырымдау, тура жіне керісінше ойлау, бір ойдан екінші ойға 
ауысу, кеңістікті елестету, састыру мен дәлелдеу, пайымдау қабілеті қалыптастырылады.
Сабақты қорытындылау. ( әрбір оқушының көңіл күй мен сезім компонент, ой ағыны, қиялдау, шабыт 
ынтасы жинақталған жұмыстарының қорытындысы маниторингінде көрсетіледі)
Жеңімпаз оқушыға «Парасатты оқушы» атағы беріледі. Оқушылар бағаланады.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлт жанды азаматтар, табиғатты қорғай білетін, аялайтын азаматтар болып 
өсейік деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
 АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУДА ОҚУШЫ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық 
Ж.Байғұттиева атындағы  өнер мектебінің домбыра бөлімінің
 ұстазы Құдасбекова Забира Өміртайқызы  
Кез келген өнер өздігінен дамымайды. Музыкада алғашқы баспалдағынан басталып, өріс алады. Аспаптық
орындауда қара домбыраның құдіретін сезіндіру, қос ішектің үніне елтіп, әр бір дыбыстарды ұғыну үлкен тағат
пен төзімді талап етеді. Оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту үшін әрбір ұстаз өзінше еңбек етеді. Шәкіртті
зерттей білу үшін, оны түсіну қажет.
2.Шәкірттің жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау. Ұстаз шәкіртке өзінің іс-әрекетімен үлгі болу
және  ықпал  ету  керек. Сөйлеу  шеберлігі  бай, өзінің   саласына  баланы  қызықтыра  білу.  Ұстаздың  әрдайым
ізденіс үстінде болуы басты шарт деп білемін. Қазақтың  қасиетті қара домбырасын  сөйлетіп, осы аспапты
қастерлеп үйретуге деген жас   жеткіншектердің құмарлығын оятып, қызықтыра білу үшін, домбыра аспабын
үйрету 3 сала бойынша жүргізіледі. 
1.Құйма құлақ - бұл дәстүр арқылы күйлеріміз сонау ерте заманнан  қазіргі заманға дейін жетті. Құма –құлақ
дегеніміз яғни  айнытпай қайталап беру. 
2.Сан жүйесімен үйрету жолы, яғни төте жол. 
3.Кәсіби нота сауаты арқылы домбыра аспабын үйрету үшін, оқушының орындықта дұрыс отыруы, сол қол,
оң қолдың өз жұмысын дұрыс атқарылуын қадағалау қажет. Мұғалім әрдайым оқушының жас ерекшелігіне,
дене бітіміне, қабілетіне, ынтасына  қарай әрекет ету керек.
Оқушының   аспаппен,   нотамен,   пернедегі   ноталармен,   танысқаннан   кейін   мұғалім   баланың   оң   қол,   сол
қолына   арнап   жаттығу   береді.   Жаттығуды   әрдайым   үздіксіз   жасау   керек.   Оқушыда   жиі   кездесетін
кемшіліктерді болдырмау үшін оны уақытысында байқау керек. Жиі кездесетін кемшіліктерге:  қолдың білезік
буынын   қатайтып   алу,   перненің   алдына   қарау,   сол   қолдың   алақанын   пернеге   жапсырып   үстау,   шынтақты
көтеру, сұқ саусақтың әлсізденуі, төмен, жоғары қағыстардың тепе-теңдігінің болмауы, саусақпен пернені нық
баспау яғни дыбыстың таза естілмеуі, сол иықты көтеру.т.б. жатады.
Оқушының   аспапты  меңгеруде  кездесетін  кемшілігін  көріп,  оны  болдырмау,  сөзді  баланың  тілімен  яғни
түсінікті етіп мысалдап жеткізе білу керек. Сондай-ақ оқушыға күйді ойнап беру, бірге қосылып орындау, күй
табақ тыңдау, үйге берілген   тапсырманы   баланың шамасына қарай беру,баланың өз бетімен нота жүргізіп
оқуына ықпал жасау болса, ұстаз оқушының қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне  қарап  дамытады. Біздің салада
сабақ   әрбір   оқушымен   жеке   өтілетіндіктен,   әр   шәкіртке   оның   қабілетіне,   ынтасына   байланысты   жеке
бағдарлама   жасалады.   Ұстаз   педагогика,   психология,     арнаулы   аспапта   үйрету   тәсілімен   жетекшілік   ету
бағытын жүйелі жоспарлайды.  
Шәкірт өз бетімен үйде тапсырманы орындау үшін, оған сыныпта берілген тапсырманы түсіндіріп, өз қатесін
өзі жөндеуге, нотаға жиі қарауды талап етеміз. Ал қиын шығарманы бөліп-бөліп жаттап, техникалық күрделі
жерлерін   меңгеру   үшін   жаттықтырып,   тек   содан   кейін   ғана   аяғына   дейін   орындағаны   жөн.   Ары   қарай
шығарманың   көркемдік   жағына   екпініне,   стиліне   мән   беріп,   автордың   ойын     жеткізе   алуға   күш   саламын.
Мұғалім оқушының  шығарманы түсініп, ырғақ пен әуенін бұзбау, саусақтардың дұрыс қойылуын позицияны
бөле білуін, дыбыстың   тазалығын орындау әдісін, шығарманың толыққанды орындалуын балаға түсііндіріп,
оған   көмектесе   отырып   талап   ету   керек.   Баланы   сахнаға   шығарып   үйрету   үшін   өзіне   деген   сенімділігін
қалыптастыру керек. Концерттерде жиі өз өнерін көрсеткен оқушы сахнаға бейімделе бастайды. Екі мектепті
қатар   үлгеру   үшін,   балаға   үлкен   жауапкершілік,   ата-аналар   тарапынан   қолдау,   түсіністік   қажет.   Дұрыс
тәрбиеленген шәкірт үлкен жетістіктерге жетеді. Сеніміміз ақталып  жатса, бұл ұстаз үшін үлкен жетістік.
  1994 жылы аудандық Темірлан елді мекенінде өткен жас музыканттар байқауынан оқушысы   Каленова
Мадина І -ші орын  иегері атанды . Шәкірті Әміреев Айдар Украйнада өткен халықаралық «Восточный базар»
атты байқауда ІІ-орын иеленді. 
Аудандық    мұғалімдер конференциясында 2009 жылы қатысып І-ші  орынды ,тіл мерекесіне  байланысты
термешілер   байқауынан   ІІ-орынды   иеленді.     Облыстық     ІІІ   «Маханбет   оқулары»   байқауында   күй   жанры
бойынша  шәкірті  Жандар  Фариза  ІІ-орын  иеленді. Облыстық  «Ұрпақтар  сабақтастығы-дәстүр  жалғастығы»
байқауында шәкірті Дәрібаева Маржан І-орын иеленіп, қаржылай көлемде қомақты сыйақы алды. Халықаралық

ІХ –ші «Күншуақ» байқауында дәстүрлі ән жанры бойынша шәкірті Баяш Гүлмира Гран-приді иеленіп, ұстазы
дипломмен   марапатталды.   Осы   байқауда   шәкірті   Дәрібаева   Маржан   І-орынды   иеленіп   ұстазы   арнайы
дипломмен   марапатталды.Шымкент   қаласында   өткен   І-ші   Республикалық   «Жұлдызға   жол»   атты   конкурста
шәкірті дәстүрлі ән жанры бойынша Игібай Зарина І-орынды иеленді. 
Ұстазы мен «Үлгілі ұстаз» дипломымен және алғыс хатпен марапатталдым.
Алматы   қаласында   өткен   бесінші   халықаралық,   Республикалық   «Ғұмырдария»   байқауына   оқушы
дайындағаным үшін алғыс хат берді. 
Шәкірттерім     Жұмабай   Тоғжан,   аспаптық   орындау   бойынша   ІІ-орынды,   Әділбек   Шынар   дәстүрлі   ән
бойынша   ІІІ-орынды   иемденді.   Халықаралық   Х-Күншуақ   байқауынан   шәкіртім   Әділбек   Шынарға   І-орын
бұйырды.
  Алматы қаласында өткен ІІ- Республикалық «Жаз мереке» атты байқауда   Абдысалы Аружан дәстүрлі ән
жанры бойынша ІІ-орын иеленді. Ұстазы мен шәкірті арнайы дипломмен марапатталды. Осыншама жетістік
өздігінен келе салған жоқ. Тынымсыз төккен тердің өтеуі. Шәкіртің жетістігі-ұстаздың еңбегі.  Өз еңбегіңнің
дәмі шәкірттің жеңісінде ғана байқалады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет