Ə.КЕКІЛБАЕВТІҢ «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ
ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
В статье освещаются языковые особенности внутреннего монолога в романах А.Кекильбаева
«Үркер», «Елең-алаң». Автор анализирует свойственные для монологов лексические единицы,
а также функционально-коммуникативные особенности таких типов речи, как повествова-
ние, описание, рассуждение. На основе метода монолога рассмотрены сложные проблемы
лингвистического анализа художественного текста.
In the article are shined language features of an internal monologue in novels of Kekilbayev «Urker»,
«Yelen–Alan». The author analyses peculiar lexical units for monologue and also functional — com-
municative features of such types of speech, as an apportion, the description and reasoning. On the
basis of a method of a monologue are considered challenges of the linguistic analysis of the art text.
Ə.Кекілбаев шығармашылығы жайында өзінің құнды пікірлерін айтып, əдебиеттегі орнын ай-
қындауда өз үлесін қосқан сыни-зерттеу еңбектері баршылық. Соның бəрінде де қаламгердің өзіне
тəн шығармашылық ерекшеліктері дəлелді түрде сөз болады. Ғалым Р.Сыздық «Сөз құдіреті» деген
кітабында М.Мағауин, Ə.Кекілбаев, Ш.Мұртаза шығармаларының поэтизмін талдайды. С.Ғұбайду-
линнің «Ə.Кекілбаев прозасының тілі» атты еңбегі тарихи романдардың тақырыбы, композициялық
құрылымы, баяндау-суреттеу стилі жағынан түрленіп келгені қазақ көркем сөзінің биікке көтерілге-
нін көрсетеді.
Ə.Кекілбаев шығармашылығына тəн сипат — кейіпкердің жан дүниесін психологиялық тұрғы-
дан терең талдап, жан диалектикасын ой тасқынымен ашу. Оның шығармаларында көбірек көзге ша-
лынатын көркемдік тəсіл — баяндауыштық сипатта көрінген ішкі монолог. Автор кейіпкердің ішкі
болмысына бойлауда оны өз-өзімен сырластыруға бейім. Адамның ішкі жұмбағын, сезім қалтарыста-
рын өзінен артық, өзінен терең ешкім білуі мүмкін емес. Сондықтан да қаламгер қаһармандардың
ойына еркіндік беріп, түрлі сезім күйлерін басынан кештіре отырып, өз тылсымына өзін бойлатады.
Монолог деген терминді пайдалана отырып, оның тарихи-генетикалық ерекшеліктері мен даму
эволюциясы туралы алғашқылардың бірі болып пікір айтқан ғалым Қ.Жұмалиев болды. Оның «Қазақ
əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі»
1
деген зерттеуіндегі «Абай — қазақтың
бірінші психолог ақыны» атты мақаласының маңыздылығы ауыз əдебиетіндегі ішкі монологқа, олар-
дың көркемдік еркешеліктеріне жасаған ғылыми талдауы игі бастама болды. Қ.Жұмалиевтің осы ма-
қаласындағы пікірі кейін С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев т.б ғалымдардың зерттеу еңбектерінде теория-
лық тұрғыдан дəлелденіп, өміршең екендігін көрсетті. Бүгінгі көркем прозада жан-жақты толысып,
өсіп-өркендеген ішкі монологтың түптамыры тереңде, сонау көне ғасырда, мифтерде, бертін келе
фольклорда жатыр деген біздің ойымызға белгілі фольклорист-ғалым С.Қасқабасовтың «Қазақ халық
прозасы» атты еңбегінде айтылған пікірлері негіз бола алады. Атап айтсақ, С.Қасқабасов: «Адам жа-
ратылыстан өзін бөлмей тұрған кезде туған көптеген мифологиялық символдар жануарларға немесе
табиғат объектісіне арнап сөйлеуге, олармен сырласып, тілдесуге болады деген түсінік кейін көркем
фольклорға ауысып, басқа бейнелеушілік сипат алған», — деген тұжырым жасайды
2
. Сондықтан бұ-
лардың бəрі ішкі монолог тəсілінің, оның сан алуан түрлері мен элементтерінің (түс көру, табиғатпен
тілдесу, санасыз жануарларға жүрекжарды сырын ашу, аңдармен адамдарша сөйлесу т.б.) əуелден
барлығын жəне ерекшеліктерінің байлығын дəлелдейді.
Негізгі əдебиеттану ғылымында монолог пен ішкі монолог деген көркемдік тəсіл бар. Мысалы,
монолог (дəстүрлі қарапайым монолог десе де болады) кез келген шығармада кездессе, ал ішкі моно-
лог — тек көркемдігі биік туындыларға тəн тəсіл. Профессор Б.Шалабай «Көркем əдебиет стилисти-
касы» еңбегінде: «Тіл бұрынғы дəріптеушілік, мадақтаушылық бояудан арылып, енді бейнелілікке,
көркемдікке ұмтылады. Енді баяндауды жүргізудің принциптері ерекше маңызды болады. Ескіден ке-
ле жатқан композициялық тілдік формалар — монолог, диалог бұрынғы мəндерінен əлдеқайда ке-
ңейіп, жіктеліске ұшырап, сыйымдылыққа, көпмағыналыққа ие бола бастайды»
3
, — деп тоқталады.
«Үркер», «Елең-алаң» шығармаларындағы біз қарастыратын автор қолданған монолог тəсілін
лингвостилистикалық зерттеу тұрғысынан көркем прозада «автор бейнесі» (шығарма авторы емес),
баяндаудың түрлері, кейіпкер тілі сияқты, күрделі мəселелер қатарында қаралады. Мəселен, осы сала-
26
ға тікелей қатысты Б.Шалабайдың «Көркем прозаны зерттеудің ғылыми теориялық негіздері» деген
еңбегін атауға болады. Кейіпкер тілі де лингвостилистикалық зерттеу нысанына жатады. Сондықтан
монологтың өзіне тəн лексикалық бірліктерді таңдауы мен сөйлемдерінің синтаксистік құрылымы
болса, сипаттау, баяндау, сендіру, əңгімелеу сияқты функционалдық-коммуникативтік ерекшеліктері
бар. Осы тұрғыдан алғанда автордың қолданған тəсілі үлкен көркемдік жеміс берген. Шығармада
көрші елдердің қыспағына түсіп, көшпелі өмір сүрген қазақ халқының ендігі жерде оқшау өмір сүре
алмайтынын түсінген Əбілқайыр орыс халқымен бірлесуге үлкен мəн берген. Осы үлкен ойды жан-
жақты барлай отырып, автор «Үркерде» ханның толғаныс ойын түгел саралап шыққан. Əбілқайыр
өзінің ойы мен іс-əрекеттеріне өзінің де көзімен, айналасындағылардың да көзімен үңіледі. Біз моно-
логтың стильдік қызметінің берілу жолдарын бір микротекст, бір абзац арқылы талдайық. Мысалы:
…Кеше ғана аяғының астында нық жатқан қара жер бүгін асау аттың сауырындай, абай отырма-
са, көзін ала беріп, аударып тастап кетердей. Қара жер... қара жер... Қашан өз құшағына алып,
өмірім қаптырағанша жүрегінің басын май ішкендей қылшылдатады да отырады-ау... Баяғыдан бе-
рі діңкесін құртып келген тыпыр-тыпыр тіршілік өлермендікке салып ілгері өңжеңдеген есек дəме
ертеңнен бастап көл-көсір шарқи жөнелетіндей көрінетін де тұратын келешекке артқан телегей-
теңіз үміт-арман — бəрі-бəрі мынау ай асты қимыл-қыбырдың қай-қайсысы сияқты пəтуасы жоқ,
тауы жоқ тұрлаусыздыққа, мағынасыздыққа айналмақ секілді. Мағынасыздық... мағынасыздық...
мағынасыздық... Қай жағынан қараса да, көретіні, табатыны тек сол ғана! Міне, мынау ертең-ақ
ақ патшаның елшісі келгенде қабылдаймын деп əдейілеп жаңадан жасаулап тіккен əлекей-жүлекей
аңылжыған ақ орданың ішіне құлазыған қу мазар мағынасыздықтан басқа не бар... Қақ төрде ал-
шайта қондырған алтын тақ тұр. Ал, онда не мағына, не қадір-қасиет бар? Құлазыған қу тақты
жағалай жайғасқан игі жақсы қайсы? Қасы мен қабағыңа қараған халқың қайсы? Аяғыңның астына
етпетінен жығылып, еңкілдеп жатқан айыптың қайсы? Айыптыға беріп жатқан жазаң қайсы?
…Осындай сүлесоқ ауылда отырып жер түбінен келе жатқан ұлық қонақты күтіп не абырой тап-
пақсың?..»
4
деген үзіндіде бір-біріне дыбыстық жақын сөздерді əр сөйлем сайын қайталап келтіру тə-
сіліне Ə.Кекілбаев жиі барған. Логикалық типтегі бұл монологта адам ой-сезімнің қозғалыс процесі
белгілі бір жүйе төңірегіне топтастырылып, жан құбылысына тəн алуан иірімдерді дұрыс көрсету
үшін ой тізбектерінің үзілмелілігі, қайталаулар, пікір орындарының ілгері-кейінді алмасуын елестете-
тін графикалық, стилистикалық ерекшеліктер берген.
Үстеу, қыстырма сөздерден кейінгі соңғы үтірлер, барша ықшам, екпінді сөйлемдерден кейінгі
пауза, сұрау, леп белгілері əр толқындағы сезім əуендерін қамтиды. Жалпы синонимдерді жекелеп те,
кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты синоним сөздер қосарланып қолданған-
да бұлардың білдіретін ұғымының көлемі кеңейеді. Ал, көл-көсір, телегей-теңіз синонимдерін плео-
настикалық тəсілмен жұптап қолдану жекелеп қолданғаннан гөрі əлдеқайда мəнерлі. Микротекстегі
жалғаулық жəне демеулік шылаулар да сөзге қосымша реңк қосады. Мысалы, ертең-ақ деген үстеу
сөзбен тіркескен -ақ демеулігі күшейткіш мəн үстесе, отырады-ау дегендегі-ау шылауы етістіктің
ашық рай формасымен тіркесіп, ренжу, күйіну, мақұлдау сияқты мəндер жамайды. Автор шығарма-
сында əсіресе олар бір сөйлемде қабаттаса келіп, сөйлемнің экспрессиясын арттыруға қызмет етіп
тұр. Жазушының бейнелі сипаттамаларды беруі де шеберлік мəнерін танытады. Жүрегінің басын май
ішкендей қылшылдатады деп тура мағынасында емес, адам өлімді ойлағандағы суреттеуін көрсетеді.
Негізінде Ə.Кекілбаев баяндауыштардың тұлғаларын түрлендіріп қолдануға да шебер. Мысалы, жө-
нелетіндей көрінетін де тұратын дегенде -дей жұрнағының есімшеге тіркесіп келіп, шақтық тұлға-
ларды ғана емес, сөйлемге модальдік реңк беруге əртүрлі қосымшаларды белсенді қатыстырады. Диа-
логтағыдай монологта да сұраулы сөйлемнің негізгі қызметі сөйлеушіні табу, онымен сұхбаттасу,
«диалогтық бірлестікті табу болып саналады». Бірақ бұл жолы өзгеше тəртіппен, өзгеше мəнермен
сəл өзгеше мақсаттарды көздеумен ерекшеленеді. «Сəл өзгеше мақсаттар» монолог стилін үстеуге
жол ашады жəне шығарманың функционалдық стилін анықтайды. «Сұраулы сөйлемнің монологта
мəтін түзуші қызметтері» деген З.Жұмаділованың мақаласында
5
сұраулы сөйлемнің медитативтік
қызметінің жүзеге асатындығын айтады. Яғни бұндай сұрақтарға жауабы да дайын емес, дегенмен,
бұл сұрақтың тыңдаушы үшін сұраққа жауап іздеу абзал екенін осы сұрақтың төңірегінде өз ойын
жалғастыруға болатынын көрсетеді. Романда Əбілқайырдың ішкі жан арпалысын танытуда автор
елесті, тылсым бір үнді, тылсым сыбдырды жиі қолданып отырады. Мысалы, халқының Хиуа еліне
үдере көшкенін көріп, қуаңшылықтан күйі кеткен елінің жағдайын көріп, іштей толқуға ойға кеткен
ханның көзіне көрінген елес осы сөзіміздің дəлелі болмақ. «Дүниеде ешкім бетіңе келмейтін, айтқа-
ныңды екі етпейтін өктем биліктен асқан құдірет, одан асқан сиқыр бар дейсің бе? Бұның, міне,
есін кіресілі-шығасылы қып, қаралай мас қылып тұрған да сол сиқыр ғой. Шынында мынау не өзі?
27
Өңі ме, түсі ме екен? Өңі дейін десе, қайтып бəрі оп-оңай оңға басып кете қойды?! Түсі дейін десе...
тағы келмейді. Құлағына келіп тұрған мынау не сарын? Өзі бір таныс сарын ғой. Ау, мынау, шынын-
да да не қылған ызы-қиқы. Тоқта, тоқта. Тіптен таныс... Күні кеше, жоқ баяғыда тап осындай
жағдайға тап болған сияқты еді ғой. Расында да осы ұйықтап тұрғаннан сау ма?! Анау жылдары
Қаратаудан ел босқанда да жер мен көкті осындай бір əжептарқы үн жайлап кеткен-ді. Дүниеде
үннен қорқынышты ештеңе жоғын бұл сонда байқаған... Жетім ботаның боздағаны, жетім інген-
нің ыңырағаны, жетім бұзаудың мөңірегені, жетім қошақанның жақ жаппай маңырағаны, жетім
құлынның қоңырауы сыңғырлап, қолды-аяққа тұрмай күлдір-күлдір кісінегені, тұл қатынның бетін
тырнап, жыртына дауыс еткені, əкеден айырылған қаралы қарындастың шашын жұлып еңірегені,
мына дүниеде не болып, не қойып жатқанына түк түсінбей зəресі ұшқан жас нəрестелердің жыла-
ғандары... сырттандардың ұлығандары, ию-қию қосылғанда қандай тас жүрек, темір жұлын, сіңір
жүйке кісінің де төбе құйқасын шымырлатып, ет-бауырын езгілеп қоя береді екен»
6
. Үн Əбілқайыр
үшін ақыр заманның белгісіндей. Автор барлық дүниені азан-қазан үнге бөлей отырып, Əбілқайыр-
дың аза бойын қаза қылады. Енді жазушының өзі таңдап жиі қолданған, өзіндік мəнерін танытатын
жəне жоғарыда көрсетілген құбылыстардан өзге тұстарына назар аударсақ. Ол тұстар стильдік амал-
дарға қатысты болып келеді. Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды, əсерлі тə-
сіл қатарынан табылады. Яғни бір сөйлемде не абзац, не микротекстерде қайталанып келу тəсілі. Жа-
зушы жетім деген сөзді əрбір бірыңғай мүше сайын қайталанып келуін автор түсіндірме көп сөзбен
емес, қайталама бір сөзбен білдірген. Бұл сөйлемде жетім сөзін қайталап келтіру арқылы жазушы
оқырманға дүниедегі үннен қорқынышты ештеңе жоғын түстеп-түгендеп беріп тұр. Ішкі монологты
автор сөзі жəне кейіпкер сөзімен қоса қосүнді сөзбен де беруге болады. Қосүнді сөз — ішкі монолог-
ты бейнелеуге жарайтын ең тиімді тəсіл. Автор мен кейіпкер үні қатар шығып, қосүнділік танытатын-
дықтан, «ортақ төл сөз» атауының орнына «қосүнді сөз» деп
7
атауды ұсынған тіл мамандарының
ішінде алғаш рет арнайы тоқталған Х.Кəрімов болды. Қосүнді сөз көбінесе сұраулы, лепті сөйлемдер-
ден жасалатындығы жайлы айта кетсек. Мысалға, Шынында мынау не өзі? Өңі ме, түсі ме екен? сөй-
лемдерді алайық. Автор қолданысындағы бір микротексте кездесетін өң мен түс, жер мен көк — ан-
тоним, сарын мен үн синоним сөздері ұтымды пайдаланылған.
Жазушы шығармаларындағы грамматикалық мағына тудыратын ең өнімді синтетикалық тəсіл —
редупликация (қосарлау) тəсілі. Яғни қос сөздердің бір сөйлемде түйдектесе келуі. Мысалы, кіресілі-
шығасылы, ызы-қиқы сөздері болжалдау, күшейту сияқты мəндерімен қатар сөйлемге қосатын əсерлі-
лік бояуын толық пайдалануға ұмтылатынын көрсетеді. Ал, тас жүрек, темір жұлын, сіңір жүйке
сөздері бір сөйлемге бірнеше теңеулерді қабат енгізіп, оның эмоционалды-экспрессивті қуатын есе-
лей түседі. Жазушының машығында деп ойлайды, деген ой туды сияқты нақты тіркестер де тапшы.
Автор эпикалық баяндау стилін таңдағанмен, ол көбіне кейіпкер секілді сөйлейді, яғни кейіпкер кей-
піне енген. Жазушының тілі бай, образды, ойлы. Оның тілдік образдары түгелдей қазақ ұғымына
лайықты. Кейіпкерді сөйлету кезінде көп ойлана отырып, түйдек-түйдек ой тастайды. Сондықтан
«Үркер», «Елең-алаң» романдары — стильдік жағынан өзгеше туынды.
Əдебиеттер тізімі
1. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. — Алматы, 1969.
2. Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. — Алматы, 1984.
3. Шалабай Б. Көркем əдебиет стилистикасы. — Алматы, 1999. — 59-б.
4. Кекілбаев Ə. Үркер. — Алматы, 1981. — 67-б.
5. Жұмаділова З. Сұраулы сөйлемнің монологта мəтін түзуші қызметтері // Қазақ тілі мен əдебиеті. — 2004. — № 5. —
47-б.
6. Кекілбаев Ə. Елең-алаң. — Алматы, 1984. — 154-б.
7. Кəрімов Х. Көркем əдебиет тілін зерттеудің мəселелері. — Алматы, 1983. — 24-б.
28
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ ЖƏНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ
КАЗАХСКАЯ ЛИТЕРАТУРА И ФОЛЬКЛОРИСТИКА
ƏОЖ 81
М.І.Əбдуов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ДІНИ ЭПОСТАРДАҒЫ ВАРИАНТТЫЛЫҚ МƏСЕЛЕСІ
Статья посвящена проблеме многовариантности в религиозных поэмах. Автор выясняет
сходство и различие поэм «Заркум», «Пустыня Кебалы» путем текстовых сравнений.
Материалы, послужившие опорой для содержания статьи, полностью не изучены и требуют
к себе большого внимания.
This is article about the problems of variants of religion poems. The author tries to show kinds and
speciphics of poems like «Zarkum», «The district of Kerbola» with text compairex methods. The
things which were used for structure of article are so new.
Эпикалық жырлардың қай-қайсысы болмасын көпнұсқалы болып келетіндігі қалыпты жағдай.
Бір ғана вариантты мұралардың кездесуі некен-саяқ. Оның себебін ашып айту бізге міндетті емес.
Өйткені Ə.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Ə.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқа-
басов т.б. ғалымдар бұл мəселе төңірегінде егжей-тегжейлі айтқан болатын. «Қазақ қолжазбаларының
ғылыми сипаттамасы» деген еңбектің
1
бірінші томында «Ер Тарғын» жырының сегіз вариантын көр-
сеткен. Сондай-ақ Ə.Марғұлан «Қозы Көрпеш-Баян Сұлудың» бірнеше нұсқасына
2
, Қ.Жұмалиев
«Қобыланды батыр» жырының
3
алты вариантына əдеби талдау жасаған. Белгілі ғалым Р.Бердібаев:
«Қандай да болмасын ауыз əдебиеті шығармаларының варианттарын неғұрлым көбірек қамтып, тек-
серулер жасау — фольклортану ғылымның кəделі заңдарының бірі. Əрине, əрбір варианттың көркем-
дік дəрежесі айтушының, өңдеушінің, орындаушының дарындылығына тікелей байланысты»
4
деп
нақтылай айтқан. Олай болса, діни эпостардың да нұсқаларын қарастырып өтуді өзіміз міндет деп
есептейміз.
Көпшілікке жақсы таныс, мұсылмандардың дін тарату жолындағы ерлігін суреттейтін эпикалық
жырдың бірі — «Зарқұм». Дастанның бізге белгілі екі нұсқасы бар. Алғашқысы 1877 жылы Қазаннан
«Қисса-и Зарқұм» деген атпен басылып шыққан
5
. Мұнан кейін бірнеше рет басылған халықтық мұра
елдің рухани азығына айналады. Ал, екінші нұсқасын Майлықожа ақын жырлаған деген түсінік сөзі-
мен «Бабалар сөзі» жинағында жариялады
6
. Сонымен бірге жырдың қолжазбасын 1972 жылы Шым-
кент облысының тұрғыны Мүтəлі Əмірбекұлының əкеліп тапсырғандығы көрсетілген
6
. Сондықтан
соңғысын Майлықожа жырлаған нұсқасы деп алмақпыз. Жəне жырдың кіріспесіндегі:
Тəуекелге берік байла
Майлықожа сөзіңді,
Өлім келсе бір күні
Оратып шығар жүзіңді
6
, —
деген жолдарда ақынның есімі айтылады. Бұл екі нұсқаны салыстырмас бұрын, оқиға желісін жүйе-
леп алғанымыз жөн сияқты. Жалпы екі жырдың оқиғасында айтарлықтай өзгешелік жоқ. Мұхаммед
(с.ғ.) пайғамбар бастаған сахабалардың қиян-кескі шайқастан кейін барып, тізе бүктіріп Ирак елін мұ-
сылман дініне енгізгендігі баяндалады:
1. Алладан Жібірейіл арқылы Зарқұм патшамен соғысу туралы хабар келуі.
2. Пайғамбардың əскер жиып Ирак еліне аттануы.
3. Зарқұм əскерлерімен шайқасуы.
29
4. Əзіреті Əлидің ерлік іс-əрекеттері.
5. Зарқұм патшаның айламен Əлиді апанға түсіруі.
6. Əлидің апаннан шығуы.
7. Мұхаммед пайғамбар мен Зарқұмның жекпе-жегі.
8. Мұсылмандардың жеңісі, Ирактың исламды қабылдауы.
Осы жүйелеуді басшылыққа ала отырып, ішкі мазмұнына үңілсек, аз да болса өзгешеліктердің
бар екендігін аңғарамыз:
1. Халықтық нұсқада Алладан хабар жеткеннен кейін Мұхаммед пайғамбар соғысқа аттану ке-
ректігін бірден жариялап, сахабалардың Алла əміріне қарсы келмей жиналуын талап етеді:
Жасауратты хақ пайғамбар екі көзін,
Қызаратты қайғымен нұрлы жүзін,
Қиындық есіттім, — деп, — бүгін өзім
Айтады Жəбірейілдің айтқан сөзін
6
,
Майлықожа нұсқасында хабар ала келген Жəбірейілге пайғамбар:
Қымбаттылық жыл биыл
Жер бармаққа жазық-ты,
Елімнің əлі нəзік-ті
Алып жолға бармаққа, — дейді.
Бұл жерде пайғамбардың ел қамын ойлағандығы, жағдайды айтып, жай-күйді сездіргендігі көр-
сетілген. Халықтық нұсқада мұндай жолдардың кездесуіне ислам дініндегі Алланың əміріне қарсы
келуге болмайды деген қағиданы берік ұстанғандығын аңғартады. Ал, соңғы нұсқадағы өзгешелік ба-
тырлар жырында жиі байқалатын Тайбурылдың күні толмаса да, Қобыландының аттанып кеткені,
Алпамыстың бала кезінде бұғанасы қатпаса да жауға шапқаны тəрізді дəстүрлі иірімдер. Мұндай
иірімдердің қажеттілігі таңдаушылардың аянышын ояту үшін керек, жанашыр жанкүйер болу арқылы
оқиғаны тартымды ете түсуге жол ашады.
2. Келесі бір өзгешілік сахабалардың санында көрініс береді. Алғашқы нұсқада:
Білəлға жар шақыртты айқай салып
«Бұ жиыннан қалмаңыз, — деп, — жаныңды алып».
Отыз үш мың сахаба, төрт шахарияр
Аттанып, Мəдинеден тұрды барып
6
, —
деп, сахабалардың саны отыз үш мың екендігі анық айтылған болса, Майлықожа нұсқасында:
Алты күнде даяр боп
Жүз мың лəшкер барлығы
Үхүт таудың түбінде
Етектен қоршап тұрады
6
, —
деп əскер санын өзгеше көрсетеді. Исламға қатысты көптеген аңыз-əңгімелерде, кейбір деректерде
сахабалардың 33000 болғандығы айтылады. Күні бүгінге дейін аят оқылғаннан кейінгі бағыштау ба-
тасында да осы сан қолданылады. Расында мұсылман əскерлерінің қанша болғандығын тап болып ай-
ту мүмкін емес. Дегенмен, сол заманда осындай жасақтың болуы аз күш емес. Ал, отыз үш мың саны
сандық нышанға байланысты алынған болса керек. Бұл мəселеге орай біз кейінірек тоқталамыз. Май-
лықожаның жүз мың деп алуында екі түрлі мəн бар тəрізді. Біріншісі, сахабалардың молайту болса
керек-ті. Бірақ мұның өзі жау əскерінен аз. Аз болу себебі негізгі оқиғадағы желісінен ауытқымаудан
туған. Екіншіден, жүз мыңның айтылуы ықшамды, жыр жолдарына лайықты, ырғағына икемді. Жəне
отыз үш мыңның үш жүз мыңға қарсы шығып, жеңіске жетуі ақылға сыйымсыз. Жүз мыңның, егер
қолбасшысы тəжірибелі, талай соғысты басынан өткерген адам болса, үш жүз мыңдықты жеңуі мүм-
кін. Ақын осы жағына да назар аударған сияқты.
3. Қаһармандық эпоста жиі кезігетін жайт — батыр мен оның сенімді серігі атының тіл бітіп сөй-
лесуі. Діни дастандарда бұл көрініс сирек кездеседі. Жоғарыдағы біз көрсеткен бесінші эпизодтың
оқиғасы екі нұсқаға да ортақ. Бірақ халықтық нұсқада Əлидің Дүлдүлінің қазылған орды сезгендігі
қарапайым үлгіде баяндалады:
Хишам да қаһарланды мұнан қашпай
Қорқып тақсыр Əлиден тағы саспай.
30
Алдыңғы қазған оры Дүлдүл біліп
Жүрерге тұрды аяғын қадам баспай
6
.
Майлықожа ақын оқиғаның осы тұсында айрықша шеберлік танытқан. Батырлар жырында кез-
десіп отыратын дəстүрлі желіні қолданып, Əлиді тұлпарымен сөйлестіруі:
Тоқтамаушы едің еш жерге
Мұнан бұрын тұяғың,
Бұрынғыдай болмады
Бұзылды сенің сияғың
6
.
Осындай өткір сөзбен, дырау қамшы етінен өткеннен кейін ғана Дүлдүл жауға қарсы шабады.
Осы сипаттағы жолдарды «Қамбар батыр» жырынан да көруге болады:
Қара қасқа ат қалтырап
Осынша неге қорқасың
Шат болып тұрмай, шырағым!
7
Əрине, мұндай желінің қолданылуы, ақынның дəстүрлі жырлауға мəн бергендігі болса керек.
4. Екі жырдың оқиға желісінде де шамалы өзгешеліктердің кездесетіндігін аңғаруға болады. Ха-
лықтық нұсқада Əзірет Əлидің жекпе-жектегі соғыста женген батыры — Зəңгінің інісі. Мұнан соң
Мұхаммед пайғамбар Зарқұммен шайқасқа шығады. Ал, Майлықожа нұсқасында ақын эпостық шы-
ғармаларға тəн тағы бір желіні алға тартады. Зарқұмның қызына ғашық болып жүрген Қарабас деген
батыр қызыңды берсең, Əлимен жекпе-жекке шығамын деп шарт қойып, рұқсат сұрайды:
Айтқан сөзім, əй, шахым
Өтірік пе, рас па?
Қызыңыздан басқа сөз
Еш кірмейді құлаққа...
Мақұл десең падишам
Əлиге өзім барайын
Ісініп, асып тұрғанда
Ақырзаман салайын
6
.
Осы тектес оқиғаны Назым үшін Əзімбайды қалмақтардан қорғаған Қамбар батырдан да байқай-
мыз. Осындай көпшіліктің қабылдауына ыңғайлы, қалыпқа түскен үйреншікті үлгілерді енгізу арқы-
лы жырды жатықтырып, дəстүрлі сипат берген. Халықтық нұсқаға қарағанда екінші нұсқаның кейіп-
керлері аз. Бұл жырды жаттап айтуға белгілі бір деңгейде жеңілдік туғызары сөзсіз. Сондай-ақ кейбір
кейіпкерлердің есімдері өзгертіліп берілген. Мəселен, Əлимен жекпе-жекке шыққан Зəңгінің інісі ал-
ғашқы нұсқада Қайсар болса, Майлықожа жырында — Баһар. «Қисса-и Зарқұмда»:
Мынау өліп, Зарқұмға жəне батты
Қиындық күн бар ма мұнан қатты?
Бұ Зəңгінің бар еді бір інісі
Өзі палуан, бұ шіркін Қайсар атты
6
.
Сонымен қатар халықтық нұсқасы он бір буынды қара өлең түрінде болса, Майлықожа нұсқасы
жеті-сегіз буынды жыр үлгісінде шығарылған. Екі жырдың арасындағы мұндай айырмашылықтар
олардың əрқайсысының жеке-жеке нұсқа екендігін танытқанымен, оқиғаның негізгі желісіне ешқан-
дай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Əрине, көркемдігінде, тілінде недəуір өзгешеліктер бар екендігі ақи-
қат, оны кейін қарастырмақ ойдамыз.
Келесі бір əрі көлемді, əрі көркем қаһармандық діни эпостың бірі — «Кербала шөлі қиссасы».
Шығарма Мұхаммед (с.ғ.) пайғамбардың қызы Фатимадан туған Құсайын хазіреттің ажалына себеп
болған Кербала шөліндегі шайқасқа арналған. Жырдың екі нұсқасы бар. Бірі Жүсіпбекқожа жырлаған
түрі болса
8
, екіншісі ел аузынан жазып алып «Құсайын қиссасы» деген атпен өз еңбегіне енгізген
В.В.Радлов нұсқасы
8
. Енді біз шығармалардың оқиғасын белгілі бір жүйеге жинақтап көрелік. «Кер-
бала шөлі қиссасының» оқиға жүйесі төмендегідей:
1. Төрт шаһариярдан кейін тақ таласының басталуы.
2. Иазид патша мен өкілдеріне қарсы болған Куфадағы суннилердің Құсайыннан көмек сұрауы.
3. Суннилер тарапынан кісі өлімінің болуы.
4. Иазид əскерлері мен Құсайын сарбаздарының Кербала шөлінде кездесуі.
31
5. Алғашқы шайқас. Құсайын əскерінің үстем болуы.
6. Суға бөгет салу, Құсайын əскерін шөлден қысу.
7. Мұхаммед (с.ғ.) пайғамбардың Құсайынның түсіне еніп, қасына шақыруы.
8. Мықты батырларынан айырылып, Құсайын əскерінің жеңілуі.
9. Құсайынның басын кескен адамның төрт көзді итке, киімін шешіп алған түйешінің доңызға
айналуы.
10. Пайғамбарлар мен қасиетті діндар аналардың Құсайынды жоқтауы.
11. Иазидтің Құсайын ұлы Зейнелғабиденді өлтіруден бас тартуы.
12. Иазид пен əкімдерінің өлімі.
13. Зейнелғабиденнің Мəдинаға оралуы.
«Құсайын қиссасының» оқиға жүйесі мынадай:
1. Жазыттың Құсайыннан қашып кетіп, кəпірдің қаласына патша болуы.
2. Қол жиған Жазыттың Құсайынмен шайқасуы үшін Кербала шөліне келуі.
3. Жазыттың Құсайынды туыстарымен қаладан алдап алып шығуы.
4. Шөлдегі шайқас, суға бөгет салу.
5. Құсайынның бал ашып, өзінің өлетінін білуі.
6. Құсайынның жеңілуі.
7. Құсайының басын кескен адамның төрт көз итке, киімін шешкен адамның доңызға айналуы.
8. Жазыттың Құсайын басқарған Асқаланы алуға келуі.
9. Батыр Манап пен Қанапияның Жазыт əскерін жеңуі.
10. Жазыттың өлімі.
Енді, біз осы екі нұсқаны салыстырып көрелік.
1. Ең алдымен айтылатын мəселе, екеуінде де оқиға өзегі біреу болғанымен, арасында айтарлық-
тай айырмашылықтардың бар екендігін аңғарамыз. Біріншіден, Жүсіпбек жырлаған нұсқада оқиға-
ның əрбір детальдарына мəн беріп отырған. Мəселен, Иазид патша əскерінің қатыгездігі, адамға
аяушылығының жоқтығы, жас балаларды хайуандықпен өлтіргені арнайы иірім арқылы көрсетілген:
Екеуін бір шұңқырға алып келді
Ібілістің уəсуасы ғалып келді
Екеуінің сол жерде басын кесіп
Шəһид қалып жəннатқа салып келді
6
.
Мұндай көріністер екінші нұсқада кездеспейді. Сондықтан, көлемінде де əжептəуір алшақтық
бар. Алғашқы айтқан нұсқа 3114 жолдан тұрса, кейінгісі небəрі 588 жол құрайды. Екіншіден, «Керба-
ла шөлі қиссасында» Иазид үлкен бір елді билеп тұрған патша ретінде бейнеленген.Оның қарамағын-
да Димашық, Қуфа тəрізді ірі қалалары болды. Кербала шөліне соғысуға Иазид өзі бармайды, батыр-
ларын басшы етіп, əскерлерін атттандырады. Бұл көрініс «Құсайын қиссасында» басқаша. Жазытты
патша деп айтқанымен, ол Кербала шөліне соғысуға əскерді өзі бастап келеді, яғни, жоғарыдағыдай
тұлғаланып көрсетілмейді. Үшіншіден, Жүсіпбек нұсқасында Иазид əскерінің негізгі мақсаты — Құ-
сайынды өлтіру, Меккені жаулап алу жайында ойлары жоқ:
Əр басты бір найзаға шаншып алды
Əрқайсысын бір хауарит қолына алды
Əйелдерін түйеге мінгізіп ап
Куфаның шаһарына қайта салды
6
.
Ал, В.В.Радлов нұсқасында Құсайынды өлтірген Жазыт енді оның Асқаласын жаулап алуға атта-
нады:
Кəпір Жазыт бек сонда мақтаныпты
Бізге пəле жоқ деп сақтаныпты
Асқаланың шəрін мен аламын деп
Сексен мың кəпір жиылып аттаныпты
8
.
Бұл жердегі оқиға өзегінде мынадай мəселе жатқан тəрізді. Əлемдегі мұсылмандардың тəуаб
ететін қаласы болып саналатын Меккені ешбір дұшпан жаулап алуы мүмкін емес. Өйткені оның қор-
ғаушысы — Алла Тағала. Осындай ұғымның мұсылмандар арасында қалыптасқандығы белгілі. Олай
болса, Иазид əскерінің Меккеге аттануына ешқандай негіз жоқ. Егер ондай оқиға желісі қолданыла
қалса, жырдың барлық беделін түсіріп, ел ішіне тарау мүмкіндігінен айырылар еді. Өйткені өзегі ис-
32
ламды дəріптеуде жатқан дүниелердің мазмұнына, дінге қайшы келетін иірімдерді пайдалану жөн
емес. Жəне басты мақсат — Құсайынның қандай жағдайда, қалай қаза болғандығын, кімдердің дұш-
пан екендігін көрсету. Сол межеге қол жеткеннен кейінгісі басты бейненің қасиеттілігін таныту, ма-
рапаттау ғана. Ал, «Құсайын қиссасында» оқиға желісінде өзгешелік бар. Біріншіден, Құсайын биле-
ген қаланың аты — Асқала. Əрине, ол Мекке емес. Екіншіден, Жазыт Құсайынмен осы қаланың тағы-
на таласады. Ендеше, жырдың соңында Асқаланы жаулап алуға келуіне негіз бар. Бұл жырды шыға-
рушының билікке таласу мəселесіне де айрықша мəн бергендігін аңғартады.
2. Нұсқалардағы келесі бір өзгешелік Құсайынның өз ажалын алдын ала болжап білуінде жатыр.
Бұл мəселеге орай, екі жырда екі түрлі версия қолданылған. Жүсіпбек нұсқасында түсіне бабасы Мұ-
хаммед (с.ғ.) пайғамбар еніп, дəм-тұзының таусылар сəтін сездірсе, екінші нұсқада Құсайын өзі бал
ашу арқылы көзін жеткізеді. Негізінде бұл екі желістің де қазақ фольклорында өте көп қолданылаты-
ны белгілі. Бірақ осы өзгешеліктің өзі қос жырға қатысты кейбір мəселенің басын ашып алуға негіз
болып тұр. Бал ашу арқылы болашақты бағдарлау ислам дініне дейін қалыптасқан, дəстүрге еніп, ұлт-
тық болмыспен көне дəуірде байланысқа түсіп үлгерген. Оның бастау көзі исламға дейінгі кезеңде
жатыр. Сондықтан болса керек, жаңадан ислам діні қанат жайған кезеңде, өзіне дейінгі наным-сенім-
ге қатысты жайттерді жоюға, жоғалтуға мəн беріп, екпін түсіріп отырды. Бірақ біте қайнасып, халық-
тық қабылдаумен тұтасып кеткен дүниелерді ел өмірінен сырып тастау мүмкін емес еді. Осыған орай,
ислам əлемі бал ашуды мақұлдамағанымен, Даниял пайғамбардың мұғжизасы деген негізді желеу
етіп, кейбір жағдайлар (жоғалған малды білуге, жолаушының жағдайын байқауға т.б.) рұқсат берді.
Ал, түс көріп оны жоруды ислам діні қуаттады. Оның себебі, түс көрудің Жүсіп пайғамбардың мұғ-
жизасы болғандығында емес, оның ұйқыда жатқандағы көрінуі Құдайдың құдіретімен болды деп қа-
былдануында жатыр. Өйткені бұл процесс қажет деп тапса, кез келген адам жүзеге асыра қоятын бал
ашу ісі емес. Сондықтан жырға түс көру желісін пайдалану, бал ашуға қарағанда, ислам əлеміне бір
табан болса да жақындата түседі.
Тағы да бір назарға ілігетін мəселе мынадай. Мұхаммед пайғамбар ұрпағына қол жұмсадың де-
ген қорқыныштың бар екендігі көрсетіліп отырады. Мəселен, суннилердің екі баласын өлтіріп, басын
алып барған жендеттің:
Тірі əкелсін, — деп едім, — тапқан адам
Жаны-тəні пəк еді асылзадам.
Сен де рақым қылмапсың оған əр кез
Саған да рақым қалмас болды жазаң
6
, —
деген Ғұбайдолла басын шапқызады. Дəл осы тектес иірімді Иазидтің өзінен де байқаймыз. Құсайын-
ның тұтқынға түскен кіші баласы Зейнелғабиденнің сұраған үш түрлі тілегіне де Иазид ойланбастан
рұқсат береді. Сонымен қатар
Бұл екеуін алды ол малғұн шəһид
Лағнет Алла алə-л-Иазид
6
, —
деген тəрізді Иазидке лағнет айтқан жолдарды бірнеше тұстардан кездестіріп отырамыз. Ал, мұндай
иірімдер екінші нұсқада жоқ. Сонымен пікірімізді жинақтай келе, мынадай байлам жасауға болады.
Жырдың кейінгі нұсқасында мұндай мəселелер жан-жақты сипат алмағандықтан, діни болудан гөрі
оқиғаның ұзын-ұрғасын баяндай отырып, əсіресе ерлік мəселесіне ерекше мəн берілгендігі көрінеді.
3. Дастан нұсқаларындағы келесі бір айырмашылық кейіпкерлер қолданысында жатыр. Жүсіп-
бек нұсқасындағы Құсайынның қарсыласы Иазид патшаның «Құсайын қиссасында» Жазыт деп беруі
ауызекі сөйлеу тіліндегі дыбыстық өзгеріс нəтижесінде ұлттық реңктің əсер етуі болса керек. Мұндай
өзгерісті алғашқы жырда атасы, соңғысында əкесі болып қолданылатын Сафиенның Сүпке деп айты-
луынан да байқаймыз. Соңғы жырда кейіпкерлер саны — 14. Бұл көрсеткіш алғашқы нұсқаның үш-
тен біріндей ғана. Мəселен, соңғысында Қасым, Абдолла, Сейіт есімді үш батырдың жекпе-жегі баян-
далса, алғашқысында тоғыз батырдың ерлігі, жаумен шайқасқандағы жойқын қимылдары көркем тіл-
мен бейнеленіп берілген. Құсайынның соңында ұл баладан ұрпақ қалғандығы жайлы екі нұсқаның
екеуінде де екі түрлі тұрғыда мəлімет беріледі. Олар: Жүсіпбекте Зейнелғабиден болса, «Құсайын
қиссасында» — Мұхаммед-Қанапия. «Кербала шөлі қиссасының» кейіпкерлерінің біршамасы өмірде
болған тарихи тұлғалар. Бұл орайда Мұхаммед (с.ғ.), Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли, Қасен, Құсайын
т.б. атап айтуға болады. Топонимикалық атаулар да негізсіз емес. Мекке, Мəдине, Димашық қалала-
ры мен Кербала шөлі — біздің пікіріміздің айғағы. Ал, «Құсайын қиссасында» мұндай тарихи тұлға-
лар мен жер-су атаулары бірен-саран ғана. Тіпті, кейбір кейіпкерлердің тұлғасы көмескілене баста-
33
ған. Мəселен, алғашқы нұсқада Құсайынды өлтіруші Шəймірдің қатыгездігін, азғындаған адам екен-
дігін суреттеп, мінездеме беріліп қаймықпай Құсайынның басын кескендігі жайлы айтылады:
Сəйідтің басын Шəймір кесіп алды
Шəһид болып, сол жерде дүние салды
Басын кесіп, Шайміри алып кетті,
Өзге тəні сол жерде жатып қалды
6
.
Мұндай анық сипат соңғы жырда берілмейді. Құсайынды өлтіруші адамның аты да айтылмайды,
əйтеуір, белгісіз бір кəпір ретінде көрінеді. Өлген Құсайынның киімін шешіп алушы «Кербала шөлі
қиссасында» түйеші:
Хауарижде бар еді бір түйеші
Елуге келген еді оның жасы
Шаймыр мен екеуі не болғанын
Мен айтайын, жамағат, ал тыңдашы
6
.
Бұл жерде кейіпкердің түйеші болып келуінде де мəн бар. Кербала шөлінің Ирак жерінде екенді-
гі баршамызға мəлім. Жалпы ыстығы басым өлкеде өмір сүретін араб халықтарына шөлге шыдамды
түйе малының айрықша қажеттілігі болған. Сусыз далада таптырмас көлік болып табылатын жануар-
ларды үйір-үйірмен өсіріп, бағатын түйешілер еді. Міне, біз жырдың бойындағы осындай сипаттар-
дан оқиға болған аймақты нақтылай түсуге мүмкіндік аламыз, сол елдің тыныс-тіршілігінен хабардар
боламыз. «Құсайын қиссасы» дастанында түйешінің орнына кемпір алынған:
Құсайын қазы сейілде жүреді екен
Əр соғыста кəпірді қырады екен
Дамбалының ауындағы сол асылды
Бір кемпір жалшы болған біледі екен
8
.
Ертегілер мен эпикалық жырларда жақсыларға қастық жасаушы, əділдікке қарсы тұрушы қиял-
ғажайып бейнелердің бірі — жалмауыз, немесе мыстан, кемпір екендігін білеміз. Оның ауыз əдебиеті
мұраларынан айрықша орын алғандығы ақиқат. Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев т.б. белгілі
ғалымдардың зерттеулерінде бұл мəселе жан-жақты көрініс тапқан. Біз айтып отырған дастандағы
кемпір бейнесінің қолданылып, жағымсыз тұрғыда сипатталуы осы дəстүрлі негізден туындаған бол-
са керек.
Сонымен, Кербала оқиғасына байланысты шығарылған екі нұсқаны салыстыра келе, төмендегі-
дей тұжырым жасауға болады. Жүсіпбек нұсқасы шеберлікпен қолданылған оқиға иірімдерінің мол
болуына байланысты жəне ислам дінін дəріптеуге айрықша көңіл бөлгендіктен, мəнді де маңызды,
тартымды шыққан. Сонымен қатар тарихи деректердің белгілі бір мөлшерде қолданылуы эпикалық
жыр мен тарих арасында сабақтастықтың барлығын аңғартып тұр. Осының өзі шығармадағы қиял-ға-
жайып көріністерді өмірде болғандай етіп қабылдауды ұсынатын тəрізді. В.В.Радлов жазып алған
нұсқаның мазмұнынан көнеден келе жатқан аңыздың желісін анық аңғарамыз. Белгісіз кəпір, кемпір
тəрізді кейіпкерлер жырға ертегілік сипат беріп тұрғандай. Сондықтан, тарихи деректерден алшақта-
ған, діни боялуы көмескіленген дастанды ел аузындағы аңыздық жырға айналған нұсқасы деп қабыл-
дағанымыз жөн сияқты. Алғашқы жырда тарихи мəліметтерге көбірек көңіл бөлінген болса, «Құ-
сайын қиссының» аңыздық сипаты басым деп айта аламыз.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. — І-т. — Алматы: Ғылым, 1975. — 61-б.
2. Марғұлан Ə. Ежелгі жыр-аңыздар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 311-б.
3. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері. — Алматы: ҚМКƏБ, 1986. — 30-б.
4. Бердібаев Р. Кəусар бұлақ. — Алматы: Жазушы, 1989. — 9-б.
5. Қазақ кітаптары: Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). — Алматы: Мектеп, 1986. — 43-б.
6. Бабалар сөзі: діни дастандар. – 3-т. — Астана: Фолиант, 2002. — 126, 395-б.
7. Қазақ эпосы: Жинақ. — Алматы: ҚМКƏБ, 1953. — 422-б.
8. Ел қазынасы — ескі сөз (Қазақ фольклоры: В.В.Радлов жинағы). — Алматы: Ғылым, 1994.
34
ƏОЖ 82.09:821.512.122.
Қ.С.Қалыбекова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |