ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ
Рассматривается гендерный аспект пословиц и поговорок казахского народа. Автор дает
полную характеристику казахским пословицам и поговоркам, отражающим гендерные осо-
бенности речевого поведения мужчин и женщин, а также определяющим их социальные роли
и место в обществе, в семье.
In the article the gender aspect of proverbs and sayings are taken under consideration. The author
gives the complete characteristics of the Kazakh proverbs and sayings which reflect the gender pecu-
liarities of speech behaviour of men and women, and also of their social roles, that determine their
place in the society and in the family.
Гендер — əйел мен ердің қоғам туғызған əлеуметтік моделі. «Əйел мен еркектің айырмасы био-
логиялық жыныс негізінде белгілі болса да, əлеуметтік тіл білімі тұрғысынан гендер — əлеуметтік
жыныс. Жыныс ерекшелігі олардың сөз саптау ерекшелігін қалыптастырған. Бұған себепші жағдай-
лар аз емес. Екі жыныс өкілі жұмыс түрі, кəсіп түрлері бойынша дараланады»
1
. Мəселен, антрополог-
тар, тарихшылар мен этнографтар əлеуметтік тұрғыдан əйелге тəн, еркекке тəн деп бөлу салыстыр-
малы түрде шартты бөлу деп есептейді. Өйткені белгілі бір қоғамда ерлер орындайтын жұмысты ке-
лесі бір қоғамда əйелдер ғана атқарады. Олай болса, əйелдер мен ерлердің əлеуметтік ролдерінің
əртүрлілігін жəне биологиялық мінездемелерінің принциптік тепе-теңдігін биологиялық жыныс тү-
сіндіріп бере алмайды. Ол əрбір жыныс өкілінің қоғамдық талаптар мүддесіне сай орындайтын əлеу-
меттік жəне мəдени нормаларының жиынтығын білдіретін ұғым гендердің еншісінде.
Қазіргі ғылымда əлеуметтік жəне гуманитарлық зерттеулердің көпшілігі гендердің əлеуметтік
құрылымдық теориясын негізге алады. Гендердің əлеуметтік құрылымдық теориясы, біріншіден, ең-
бек бөлінісіне, гендерлік ролдердің əртүрлілігіне, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары жəне əлеу-
меттендіру жүйесіне байланысты құрылса, екіншіден, жеке тұлғаның мəдени деңгейіне (гендерлік
идентификацияға) негізделеді, яғни еркек пен əйелдің қоғам белгілеген нормалар мен ролдерге
бейімделіп келуін (жүріс-тұрысы, тəртібі, киімі т.б.) тексереді
2
.
Əйелдер мен ерлер əр заманда əртүрлі мəдени-лингвистикалық кеңістікте өмір сүре отырып, қо-
ғамдағы əлеуметтік, экономикалық т.с.с. өзгерістерді өздерінше қабылдап, сол қабылдағанын тіл ар-
қылы əртүрлі белгілеген реттері анық байқалады. Ендеше тілге құрылымдық талдаулар жасау арқылы
гендердің əлемдік тілдер мен мəдениеттерде алатын орны, əйелдер мен ерлердің түрлі қарым-қаты-
настағы мінез ерекшелігі, гендерлік нормалардың уақыт пен кеңістік шеңберінде өзгеріп отыруы,
əйел мен ер жынысын айрықшалайтын тілдік, стильдік белгілер, тілді игерудегі гендердің ролін т.б.
зерделеуге болады. Қазақ тіліндегі ерлер мен əйелдердің сөз қолданыстарындағы гендерлік ерекше-
ліктерге көбінесе халықтың атадан балаға көшіп отыратын əдет-ғұрып, мінез-құлқы, салт-дəстүрі не-
гіз болады. Ол əсіресе өмір құбылыстарын жан-жақты қамтып, қоғамдағы əртүрлі қарым-қатынасты
нақыштап жеткізетін халық даналығы мақал-мəтелдерде айқын көрініс тапқан. «Мақал-мəтел — ха-
лықтың сан ғасырлық көрген-білгенін, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиын-
тығы, аныктамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын уақиғалармен, құбылыстармен бай-
ланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
3
.
Қазақ мақал-мəтелдерінің гендерлік мəні ер (еркек, жігіт) — ел қорғаушы, батыр, жанұяның
асыраушысы əрі білімді, білікті, өнерлі, абырой, бедел иесі. Оның қасында əйелі — сүйікті жар, ана,
үйдің берекесі, иесі, ақылшысы, ал əке-шеше — қамқоршы, кеңесші, ақылшы, жасы үлкен, сыйлы
адамдар, ұл-қыз балалары — тəрбиелі, сыпайы жасөспірім сипатында тұжырымдалады
4
. Енді солар-
дың əрқайсысына тоқталып көрелік.
I. Тіліміздегі макал-мəтелдердің басым көпшілігі ердің, ер адамның гендерлік бейнесін өрнекте-
ген.
1. Ерлік тақырыбындағы сөздер — қазақ мақал-мəтелдерінің ең көлемдісі, көркемі, мазмұндысы.
Ел қорғау, ерлік жасау — абыройлы əрі ауыр іс. Сондықтан ер адамның гендерлік образы халық ұғы-
мында алдымен туған жерін, елін жоғары санайтын абзал мұратты азамат болуы керек. Атап айтсақ:
8
– Ер — ел қорғаушы: Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі; Ер елдің ық жағының қаласы, жел жа-
ғының панасы; Ел үшін еркек кіндік құрбандық; Жүк ауырын нар көтереді, ел ауырын ер көтереді;
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес;
–Ер — елдің айнасы: Елдің көркі ерімен, жердің көркі шөбімен; Ел барда ер қор болмас, ер бар-
да ел қор болмас; Елдің ерлігі ерінен танылар, елдің байлығы жерінен танылар; Ер атағын ел сақ-
тар, ел үмітін ер ақтар; Ел намысы — ер намысы.
2. Ерге байланысты гендерлік мақал-мəтелдердің келесі тобы оның ерлік қаситеттерін, батыр
тұлғасын дəріптейді:
– Ердің аты — ер: Ер — қайыспас қара нар; Ердің ері — егеудің сынығы; Ат басына күн туса,
ауыздықпен су ішер, Ер басына күн туса, етігімен су кешер; Ермен жауласпа, елмен дауласпа;
– Ер — батыр: Батыр — елдің сəулеті, бал құрақ — көлдің сəулеті; Батырдың шаhары — еліне
қорған; Айлалы батыр алдырмас; Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы; Батыр қол
бастар, көсем жол бастар; Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды. Батыр сөзіне қа-
тысты Қ. Өмірəлиев мынадай пікір келтіреді: «Махамбетте ер сөзі 40-тан артық, ал батыр сөзі 5-ақ
рет қолданылған: біздің қайсар батырдың; Махамбет атты батырмын; Исатай батыр кеткелі; ба-
тыр болмақ ойдан-ды, асынбас еді біздің батырлар. Ал ер сөзінің тіркес аясы да əр тарап: ардақты
ермен бірге өлсе; ер Қобыланын жөнелтіп; асыл ердің баласы; азамат ердің баласы; тарығып келген
ерлерге; еңіреп жүрген ер едік; кесекті ердің сойымен; мұңдас ерлер болмаса; қызғыштай болған
есіл ер т.б.
Тегінде батыр сөзі атақ сияқты қызмет атқарып, ер сөзі жауға аттанып, майданға түскен азамат-
тың аты, азамат ұлдың синонимі болса керек»
5
. Олай болса батыр — ер мəртебесі;
– сонымен бірге халық нағыз ерлерді қадірлей білуге шақырады: Ер елінде қадірлі, гүл жерінде
қадірлі; Ер қадірін білмеген, ел қадірін білмейді; Асты көрсең қадір тұт, ерді көрсең қадір тұт.
3. Халық даналығында ер-азаматтың гендерлік бейнесін өзгелерден ерекшелендіріп, яғни ер асы-
натын қару-жарақ, сауыт-сайманы, астына мінген тұлпар аты, жанына ерген дос-серігімен қатар
алып сипаттайды. Айталық:
– Ер қаруы — бес қару: Алтын кемер белге сəн, алтын қылыш ерге сəн; Алтын қылыш — ер сə-
ні, қалың кілем — жер сəні; Ер аруағы — қаруы;
– Ер қанаты — ат: Ерге лайық ат туар, жерге лайық шөп шығар; Құс қанатымен, ер атымен;
– Ер серігі — досы: Ер қадірін ер білер, зер қадірін зер білер; Жолдасын таппаған ер азады, бас-
шысын таппаған ел азады; Шын жолдас — сөзге берік, ерге серік; Құс қанатымен, ер жолдасымен.
4. Гендерлік мақал-мəтелдердің бір алуаны ер адамның қоғамда алатын орнын, мінез-қасиетте-
рін, қимыл-əрекеттерін түйіндеген:
– Ер тірегі — намыс: Ер намысқа шабады, намысқа шапса алысқа шабады; Ер айтпас, айтса
қайтпас; Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ердің ұялғаны — өлгені, еменнің майысқа-
ны — сынғаны; Ер — намыстың құлы;
– Ер — білімді, өнерлі: Жердің сəні — егін, ердің сəні — білім; Ердің өзіне қарама, сөзіне қара;
Талаптымен таласпа; Өнер — ердің қанаты; Ер өнерімен мақтансын; Ер талабы өр мегзер; Сарман
тауда салқын жоқ, саналы ерде ұйқы жоқ;
– Ер беделі — аға-іні арасындағы сыйластық: Жақсы аға үлкендік қылмайды; Ағаның үйі — ақ
жайлау; Жасы кіші ініңнің ақылы артса — аға тұт; Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тыны-
сы бар; Ізет ініден, əділдік ағадан; Ағадан — ақыл, атадан — нақыл;
– ерге қатысты мақал-мəтелдердің бірсыпырасы: Ер дəулеті — еңбек; Еңбек — ер азығы,
жауын — жер азығы; Еңбек — ердің көркі, ер — елдің көркі; Ер еңбегімен озады, еріншек егілумен
тозады; Ер тынысы — еңбек, ез тынысы — ермек; Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді деп
келіп, ерді күні бұрын еңбекке ширатады, шыңдайды;
– кейбір мақал-мəтелдер ер мінезіне жат əдеттерді сынға алған: Тымырык болса ер онбас,
тоңға жатса мал онбас; Саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің сазасы; Егінді жабайы шөп азды-
рар, ерді еріншектік аздырар; Қауғадан шошыған мал онбас, жаудан шошыған ер онбас.
II. Ер жынысына телінді мақал-мəтелдердің ішінде жігіттің гендерлік бейнесі ерекше сипатталған:
– Жігіт — ер жеткен, кəмелетке толған ер азамат. Халық ұғымында жігіт жас жігіт, ер жі-
гіт, батыр жігіт, нар жігіт, қайсар жігіт образында қалыптасқан. Мəселен, Ер жігіт ел үшін туа-
ды, ел үшін өледі; Жігіт жанған от болсын, от болмаса жоқ болсын; Нар маяның жүні — жібек, сү-
ті — бал, нар жігіттің аймағы — ел, алды — мал; Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бас-
тар; Арыстанды арыстандай жігіт алар;
9
– сонымен бірге жігіт сегіз қырлы бір сырлы, яғни өнерлі, талапты, ақылды, білгір болуы ке-
рек: Жігітке жетпіс өнер де аз; Сегіз қырлы балықты тоғыз қырлы жігіт алады; Ақылды жігіт
атқа да мінер, таққа да мінер; Сиырдың сүті — тілінде, жігіттің құты — білімде. Өнерлі жігіт
өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар;
– қазақ қоғамында жігітті жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, тəртібіне қарап бағалап отырады. Мыса-
лы: Жақсы жігіт досының қамын ойлайды, жаман жігіт басының қамын ойлайды; Алғыр жігіт
ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт жұмысты күш қылар; Жаман теке сүзіскек, жаман жігіт
ұрысқақ; Пайдасы мол жігіттер дария шалқар көлмен тең, Пайдасы жоқ жігіттер ел қонбаған
шөлмен тең; Жаман жігіт қыз таңдайды; Селтендеген — жігіттің соры, секендеген — серкенің со-
ры;
– жігіт таңдаған жары мен жолдасына қарай сыналады. Адам болар жігіттің жары өзіне лайық;
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық; Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат; Жігіт
жолдасымен белгілі; Жолдассыз жігіт — қанатсыз бүркіт; Сырт жерде жігіт жолдасымен сый-
лы; Жолдасың жаман болса, алыс жүріп түн қатпа; Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қат-
па.
III. Мақал-мəтелдердің гендерлік мəні аталы-балалы əулеттің үй ішіндегі орны, бірімен-бірінің
қарым-қатынасы арқылы тереңдей түседі:
– Əке — үйдің қамқоршысы, асыраушысы жəне балаға үлгі-өнеге, тəрбиеші ұстаз. Сондықтан
халық даналығында Əке — терек, бала — жапырақ; Жақсы əке — жаман балаға қырық жыл азық;
Баланың балалығында əкенің даналығы бар; Əкеден — ақыл, анадан — мейір дей отырып, əкенің ба-
лаға ықпалын, бала тəрбиесіне жауапкершілігін алға тартады;
– ал ата бейнесінде туған əке (ата-ана), үлкен əке (əкенің əкесі), бергі ата, арғы ата, жеті
ата т.б. гендерлік образдары астарланып келіп, атаны құрмет тұту, сыйлау, атадан үлгі алу, өнеге
үйренуді өсиеттейді. Мысалы: Ата өнері — балаға мұра; Атасын сыйлаған абыройға бөленер; Ата —
баланың қорғаны; Жеті атасын білмеген — жетесіз; Алты жыл аш болсан да, атаңның салтын
ұмытпа; Ата кəсібі — бала нəсібі дейді;
– Ұл — ата жолын қуушы. Халқымыз ұл (ер бала, еркек бала) туғаннан бастап оны ел қамын
ойлайтын, есті, ер көңілді ер азамат деп тəрбиелеген. Мақал-мəтелдердің гендерлік ерекшелігі де сол
дəстүр көрінісімен сабақтасып жатыр. Атасақ: Ұлтының қамын ойлаған ұл болады, құлқының қамын
ойлаған құл болады; Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл; Ұлды ұясында баула; Ырысқа қарай ұл өсер,
қонысқа қарай мал өсер; Ұл өнерімен көркем.
ІV. Тілімізде əйелдің əлеуметтік ролін, оның өмірдегі, отбасындағы орнын сипаттайтын гендер-
лік мақал-мəтелдер де жеткілікті. Əйелге қатысты сөз мəйегі əйел — ана, шеше, қыз, келін, қатын об-
раздарына тарамдалып келіп, олардың əрқайсысына тəн гендерлік белгілерді жинақтап көрсетеді.
1. Халқымыз əйелдің дүниеге сəби əкеліп, бала өсіріп, тəрбиелеудегі роліне мəн берген. Мəсе-
лен, Ана болған дана болады; Əйелді жаман десең, анаң соның ішінде; Бала — ананың бауыр еті, көз
нұры; Алты ұл таппай ана болмайды, бес бала таппай белгілі əйел болмайды; Анасын көріп қызын
ал, аяғын көріп асын іш; Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс деп ана ролін жоғары бағалайды.
2. Қазақтың байырғы тұрмысында сыртқы істерді еркек басқарған да, үй тіршілігін əйел билеген.
Мақал-мəтелдердің өміршеңдік мазмұны осы дəстүрді сақтап келеді. Əйел — үйдің қазығы; Əйел —
үйдің көркі, Еркек — түздің көркі; Жақсы əйел — үй дəулеті, жақсы шапан — той сəулеті; Үйді қы-
рық еркек толтыра алмайды, бір əйел толтырады; Ер — елдің иесі, əйел — үйдің иесі; Əйелі жоқ
үй — суы жоқ диірмен деген гендерлік мақал-мəтелдер əйелдің отбасындағы рөлін көрсеткен.
3. Мақал-мəтелдердің ендігі бір тобы əйелді мінез ерекшелігіне сай дараландырып, гендерлік-
тілдік образын көріністеген:
– халық ұғымында əр үйдің ырысын молайтатын да, ер азаматтың даңқын зорайтатын да — əйел.
Ерін сыйлаған əйел елін де сыйлайды; Бақа жарығы сумен, əйел жарығы ермен; Əуелгі байлық —
денсаулық, екінші байлық — он саулық, үшінші байлық — ақ жаулық дегенде əйелді байлықтың басы,
азамат ердің қолқанаты, адал жар деп құрмет тұтқан;
– бірақ əйелдердің де жақсы, жаманы бар. Əйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес, ісінде,
адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Мысалы: Жақсы əйел жарының жақсысын асырар, жаманын
жасырар; Ақылды əйел күйеуінің ойнап айтқанын, ойлап талдайды; Жақсы əйел жаман еркекті түзе-
теді; Асыл əйел əрі еркек, əрі қатын; Білімді əйел басына қарайды, білімсіз əйел жасына қарайды т.б.;
– гендерлік мақал-мəтелдердің бірқатары əйел бойындағы кейбір жағымсыз мінез-құлықты, та-
лапсыздықты айқындайды. Мəселен, Долы қатын — жылауық, сұғанақ қатын — сұрауық; Жаман
қатынның мінезі қиық келер, сөзі сұйық келер; Жалқау қатынның төсегі тал түске дейін жиылмас;
10
Күндес қатын күнде ауру, қала берді түнде ауру; Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі
ащы деген мақалдардан байқағанымыздай қазақ əйел жынысының ішінде қатынды төмендеу койған.
Əйелдің нашар қылықтары мен əрекеттерін қатынға теңеген.
4. Мақал-мəтелдерде жесір əйелдің де гендерлік бейнесі назардан тыс қалмаған. Феодалдық қа-
зақ аулында, əулетінде жесір əйел күйеуінің руынан басқа руға, тіпті төркініне көшіп кетуге, не басқа
рудан қалаған ерге шығуына еркі болмаған
3
. Осыдан келіп, Əйел ерден кетсе де, елден кетпейді; Же-
тім бала — кекшіл, жесір əйел — кекшіл; Жесір қатын — жел буаз; Əйелдің ақылын жесірінде көр,
баланың ақылын жетімінде көр тəрізді мақал-мəтелдер туындаған.
V. Əйелге қатысты мақал-мəтелдердің ішінде қыздың гендерлік образы айрықша сипат алған.
Халық талғамында қыз өзінің ұстамдылығымен, сыпайылығымен, ибалылығымен, əдептілігімен,
өнерлілігімен, іскерлігімен ерекшеленуге тиісті. Сонымен кыз үшін ең басты нəрсе оның акыл-пара-
саты, мінез-құлқы, ар-ұяты, əдеп-инабаты:
– Қыз — əке-шешенің, елінің еркесі, ауыл көркі. Қазақ қызын əлпештеп, сəндеп, еркелетіп, ер-
кін өсірген жəне сан түрлі өнерге баулыған. Сондықтан гендерлік мақал-мəтелдерде қыз тəрбиесіне
үлкен мəн берілген. Мысалы: Қыз əкесіне — жұлдыз, шешесіне — күн; Гүл өссе — жердің көркі, қыз
өссе — елдің көркі; Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда; Қызға қырық жерден тиым, қырық үй-
ден қарауыл; Қызды ауыл — көңілді; Өсектен сау сонау қыз, шайқалмаған сары уыз; Сыпайы қыз сұ-
лу көрінер сияқты мақал-мəтелдерден қыздың сүйкімді, сұлу, сыпайы бейнесіне қанық боламыз əрі
ұлттық тəлім-тəрбие берудің гендерлік қырларын тани түсеміз;
– Қыз — жат жұрттық; Қыз — қонақ деп келген халқымыз қыз бала дүниеге келгеннен бас-
тап, жасауын жинап, алдын ала айттырып, қызды ұзатуға, отау иесі болуға дайындайды. Тіліміздегі
қызға байланысты мақал-мəтелдердің біразы қыз-қалыңдық гендерлік образын сабақтайды. Айталық:
Қыз бала — өріс; Күйеу келсе, қыз тұрмас; Қызды таныс алады, таныс алмаса қоныс алады; Ата
даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер; Қыз жігіттікі, қымыз көптікі; Қалыңсыз кыз болса
да, кəдесіз қыз болмайды;
– ауылында сыпайылап қалындық атанған қыз күйеуінің ауылына келісімен келін. Қазақ шаңы-
рағында келіннің гендерлік ролі басым. Ата салтын ұстанған келіннің жүріс-тұрысы, мінез-құлқы,
сөйлеу əдебі қазақ əйелінің гендерлік үлгісін ерекшелейді. Соған сəйкес халқымыз мақал-мəтелдерде:
Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан; Жақсы келін — келін, жаман келін — келсап; Əр елден келін
келер, əртүрлі ырым келер; Келіні жақсы үйдің керегесі алтын; Асты келін — аналы келін; Ағайын
тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп келіннің əдепті, ибалы болуын тілеп, жамандықтан
сақтандырып, жақсылыққа бағдарлайды.
VI. Еркек пен əйелді қарсы қойып салыстыру немесе қатарластыра сипаттау қазақ мақал-мəтел-
дерінде жиі кездесетін гендерлік ерекшелік. Мысал келтірейік: Еркек — бас, əйел — мойын; Еркекке
жүрек керек, əйелге тірек керек; Ер айласы бір, катын айласы мың; Еркек дауысты қатында ұят
болмас, əйел дауысты еркекте қуат болмас; Ердің асылы күшінен білінеді, əйелдің асылы ісінен білі-
неді т.б.
Қысқасы, тіліміздегі гендерлік ерекшеліктерді талдап-тануда мақал-мəтелдердің ролі зор.
Əдебиеттер тізімі
1. Хасанұлы Б. Қыздың сөйлеу əдебі — ана тілінің ажары // Қазақ қызы: өткені, бүгіні, ертеңі: Халықарал. ғыл.-практ.
конф. материалдары. — 1-т. — Алматы, 2003. — 101-б.
2. Словарь гендерных терминов. — М.: Информация — XXI век, 2002.
3. Адамбаев Б. Халық даналығы. — Алматы: Рауан, 1996. — 15-б.
4. Мақалдар, мəтелдер, жұмбақтар / Жин. жəне ауд. М.Əлімбаев. — Алматы, 1978; Қазак мақал-мəтелдері / Құраст. М.Ақ-
қозин. — Алматы, 1990; Қазақтың мақал-мəтелдері / Құраст. А.Смайылова. — Алматы, 2002; Кейкин Ж. Қазақтың 7777
мақалы мен мəтелі. — Алматы, 2002; Қазақ мақал-мəтелдері / Құраст. Ө.Тұрманжанов. — Алматы, 2004; Қазақ мақал-
мəтелдері / Құраст. Ж.Малайсарин. — Алматы, 2004.
5. Өмірəлиев Қ. ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі: — Алматы: Ғылым, 1976. — 184–185-б.
11
ƏОЖ 81
С.Боранбаев
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент
ҚЫПШАҚ ТІЛІ ЕТІСТІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
В статье дается сравнительный анализ глаголов, имеющихся в памятниках кипчаков, с фор-
мами тюркского языка.
The comparative analysis of the verbs in the Kypchak manuscripts with forms of Turkic language has
been made in the article.
Түркі халықтары өркениетінің дамуындағы елеулі кезеңдерінің бірі — орта ғасырлар уақыты,
осы кезеңде Дешті Қыпшақ өлкесін жайлаған түркі тілдес халықтар өзіндік мəдени ерекшеліктеріне
байланысты қыпшақтар, түркі қыпшақтары атауына ие болды. Олар Дешті Қыпшақпен шектесіп жат-
қан алыс-жақын аумақтарымен, аймақтарымен мəдени, саяси жəне тағы басқа тұрғыдан үздіксіз қа-
рым-қатынас жасады. Оның үстіне XIII ғасырда басталған монғол үстемдігінің барысында Дешті
Қыпшақты жайлаған халықтар мен этностар Батыс жəне Оңтүстік Еуразия кеңістігіне шашыраңқы
түрде таралып, орнығуға мəжбүр болды. Дегенмен, бұл үрдіс тоқталысымен-ақ ескі қыпшақ мəдение-
ті қайта жанданды. Ескі қыпшақ тілінде мəдени мұрамыз болып табылатын түрлі жанрдағы шығарма-
лар жазылып қалған. Олардың аясы, тақырып мазмұндары өте ауқымды, мысалы: ескі қыпшақ тілін
үйренуге, үйретуге арналған оқулық, сөздіктерден бастап, «Гүлістан бит-Түрки», «Қисса ул-Əнбия»,
«Дана Хикар», «Хұсрау мен Шырын» т.б. осы тəрізді көлемді əдебиет, мəдениет үлгілері де мол,
олардың қатарына мəмлүктер мемлекетінде ескі қыпшақ тілінде орындалған шығармалар, яғни жазба
ескерткіштер де, жатады.
Қазіргі қыпшақ тілдес мемлекеттердің тəуелсіз ел болып, қалыптасуына орай ХІ–ХVІ ғасырлар
аралығында ескі қыпшақ мəдениетін зерттеу ісі жаңа тұрпатқа ие болып отыр. Қазақ, өзбек, башқұрт,
қарақалпақ, əзірбайжан, қырым татарлары жəне тағы басқа этностар мен тайпалардың жеке ел болып
қалыптасу ісі осы ескі қыпшақ мəдениетімен, тарихымен, тілімен өте тығыз байланысты, сондықтан
бұл кезеңдегі жазба ескерткіштерді зерттеу барысында тарих, филология жəне тағы басқа ғылым са-
лаларымен, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сонымен қатар қазақ тілі тарихы, түркітану мəсе-
лелерімен бірге қараудың ешқандай артықшылығы болмайды деп ойлағанымыз жөн.
Түркі елдерінің, əсіресе қыпшақ тілдерінің тобына жататын қазақ тілі тəрізді тілдердің, тарихын
оқып-біліп, зерттеу үшін олардың тарихи-салыстармалы грамматикасы мен лексикологиясы, əр тілдің
өзіне тəн (мысалы, қазақ тілінің) тарихи грамматикасын жазуда орта ғасырдағы қыпшақ жазба ес-
керткіштерінің маңызы ерекше екендігін атап өту қажет. Қазақ тіл білімі саласында əлі де болса кен-
желеу дамып келе жатқан бөлімі көне, ескі жəне жаңа жазба ескерткіштерді бүгінгі күн талабы тұрғы-
сынан зерттеп, қажетіне жарату болып отыр. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір шешімін таппай келе жат-
қан мəселелердің бір кілті осы жазба ескерткіштерден табылса керек. Осындай оймен біздер сол
уақыттарда (ХІІІ–ХІV ғғ.) жазылған бір жадыхаттың тіліндегі бірнеше етістіктерге экскурс жасап,
оны өз кезеңінің жазба ескерткіштері мен қазіргі кейбір түркі тілдерімен салыстыруды жөн көріп
отырмыз.
Етмек йабты (нан жапты), тас — етмек (хлеб печеный), йупқа етмек (лепешки, хлебцы, осо-
бый сорт тонких лепешек), Хт. — йопқа етмек, қаз. жұпқа (тонкий, особо приготовленный в казане
сорт лепешки (профессионализм)), өтпек (печеный хлеб-нан), піскен нан (диалектизм)
1
; ДТС — ет-
мек ( хлеб, 188). А.Зайончковский йап сөзін қараңыз деп көрсетеді, бірақ ол тізімнен түсіп қалған қып-
шақша-полякша сөздігінде жоқ. Қазақ тілінде жаппа нан деген кəсіби термин бар ( қазан жаппа деп
те атайды нанның бір түрін). Оны жұқалап, дөңгелектеп, қазанның бетіне аударып жабыстырады да,
ошақтағы үюлі шоқтың үстіне қазанды төңкеріп, шоқтың үстін жауып қояды. (Сол арқылы қазанның
өзінің де беті жабылады). Бұл əдіс ескі түркі тілдерінде қолданылатын йап ( покрывать, закрывать,
прикладывать, прилепить) деген сөздің мағынасын береді: іштер көмек йапты (женщина прилепила
лепешку к стенке тандыра. МҚ, ДТС, 235); өтмек ( хлеб, лепешка. ДТС, 393); тас-йапқыл ( печь хлеб),
МҚ — йап, Қ. — йаб. йабар, йабты (жапты); Қ. — қабы йабты. Түркі тілдерінде бұл сөз жиі айты-
ла берген (араб алфавитінде п жап, ба əрпін п деп оқуға да болады, сондықтан ескі қыпшақ ескерт-
кіштерінде осылай екі түрлі жазылып жүр).
12
Йамалады (жамалды). Ибн. М — йама, йамақ (ставить заплату на одежде); ДТС — йама (чи-
нить, латать), йамағ (латка, заплата).
Йандурды (қайтарып жіберді); МҚ. — йандур (заставить поворачивать назад, обратно);
ДТС — йан (возвращается).
Иап қ. етмек йапты.
Йенді (жеңді). ат-Туһфат — йен//ут, ққ-джен//жең; ДТС — йең (побеждать). Түркі тілдерінде
н//ң дыбыстарының сəйкес келетін заңдылығы бар
2
.
Йыртылды (жыртылды) сөзінде А.Зайончковский а дыбысы арқылы таңбалайды (сөз басында-
ғы йа-ның харакаты жоқ), сонымен бірге бұл автор ескі түркі ескерткіштеріндегі йар түбірі бар сөз-
дерді келтіріп өткен. ДТС — йырт (рвать, перен. разрывать — о сердце); йыртыл (страд. от йырт:
1. рваться, 2. перен. разрываться — о сердце). Сөздің о бастағы түбірі йор (жыр, жыру) болса ке-
рек, бірақ ол ДТС-та көрсетілмеген. Осы лексеманың йыртқыл (жыртқыл) деген де варианты бар.
Бірақ ол йырткіл болып жазылған (А.Зайончковский йырт деп берген, йірт емес).
Йітүрді (жытырды). Кк. — иетір (заставлять, основательно уничтожить): МҚ. — йітүріне
(терять). Тас — йіткіл (гибнуть, погибнуть, пропадать); Абу. X, ат-Туһфат, түрк.-тат. — итмек,
итир, итүрмек, ққ. — жит, қазақ — жет: өлді-жетті, (не стало, скончался), өлім-жітім (смерть и
мор), жыт: жытыру (спрятать). Араб алфавитімен жазылған түрін йітіру деп те, жытыру деп те,
жатыру деп те оқуға болады. Бұлар — өзара сингармониялық аллофондар. ДТС — йіт (исчезать, те-
ряться).
Йоғүрды (иледі). Тас — йұғұрғыл (месить, замешивать, массировать). Кк. — йур, йуры, ку(в)ур;
МҚ — йуғұрты, йоғұрты (велел замесить тесто); Абу. Х. — ув, йоғур; АФ — йуғур; Ибн М. — йо-
гурт, ат-Туһфат — йовур; кар. — йувур. Араб алфавитіндегі вав əрпі о болып та, у болып та оқыла бе-
ретіні белгілі. Түркі тіліндегі ғ//в заңдылығы да белгілі құбылыс (оның ғ//в//ф, яғни айтылмай түсіп,
қалатын варианты бар); ДТС — йоғур (мешать, месить).
Дивды (жуды). Түркі тілдерінде ежелден бері бар сөз: Тас — йувғыл (мыть, стирать); Кк. — йу,
йув; Аф., Абу X., ат-Туһфат — йу; Еф., қар. — йув; түрк. тат. — юмек; тат. — юу; башқ. — йыуыу,
юйыу; ноғ., ққ. — жуу; құмық — жув.; ДТС — йу (мыть, стирать).
Йузақлады (құлыптады). Абу X. — йозақла; Кк. — йузақла (запирать, затворять, закрывать).
Бұл сирек қолданылатын сөз болса керек.
Йумруқлады (жұдырықтады). Тас. — йомруқлағыл (бить, наносить удар кулаком, дать тума-
ка); МҚ — йудруқла; Аф — йумруқла; Абу X. — йомруқла, йумруқла; ат-Туһфат — йумруқла; тат. —
йодырықла; башқ. — йозроқлау; ноғ. — юмырықла; ққ. — жұдырықла, жұмырықла; қазақ — жұды-
рықта, жұмырықта (диал.); Түрк.-тат. — юмрюк, юмрук; ноғ. — юдырық, құмық-юмуруқ; МҚ —
йузруқ (ладонь); Кк. — йуруқ (кулак). Бұл өзі көптен белгілі кеңінен тарап кеткен сөз сияқты. Мұнда-
ғы д//м алмасуы жөнінде сөз болмай келе жатқан мəселе. Сөздің о бастағы варианты йузрук (кулак)
болса керек, з//д заңдылығы арқылы жұдырығы деп аталған (ДТС, 277).
Йунды (жуынды) — йувды (йуды) сөзінің өздік етіс формасы. Тас. — йу(в)ынғыл (мыться, ку-
паться); Хт. — йун; Кк., ат-Туһфат, Еф. — йувун; Аф., МҚ — йум; қар. — йувун; башқ. — йыуыныу;
ноғ. — ювыв; ққ. — жууын; құмық — жувын; қазақ — жуын (жұуын).
Су қуйун (мыться, совершать омовение) деген сөз тіркесі бар. Ол йунды (мыться, совершать
омовение) деген лексеманың синонимі. Бұл мағыналық жағынан алып қарағанда, ал енді тұлғалық
(фонетикалық құрамы) тұрғысынан келіп қарайтын болсақ оның йуван, йувун сияқты аллофондары
кездеседі.
Керді (керді). Өлі түркі жəне тірі түркі тілдерінде кеңінен қолданылатын сөз. Т.Хоутсма көр, кер
деп оқиды. Тас — кергіл (распинать, расстегивать что-нибудь, чтобы связать, привязать, натяги-
вать); кере қойғыл (растягивать, ставить или положить растянутым); Кк., ат-Туһфа, Абу X., Ққ.
— кер; тат., башқ. — кир; МҚ — кэр; ДТС — кер (растягивать, натягивать, преграждать, замы-
кать).
Кес, кесер, кесті (кесті). Бұл өзі түркі тілдерінде жиі қолданылатын лексема (келесі), ат-Туһфат-
та кес деген тұлға осы сөзбен мағыналас деп көрсетілген.
Кесілді (кесілді). ат-Туһфатта — кесілді. А.Зайончковский жеке сөз ретінде көрсетпеген, шынын-
да да бұл форма — кес етістігінің ырықсыз етіс түрі; кесіл (от чего-то, от кого-то быть отрезан-
ным, прерываться, прекращаться, порвать, отделяться. ДТС, 302).
Кескілді (кескіледі). Сөз түбірі — кес (резать, делить, отрезать, преграждать, прерывать,
прекращать. ДТС, 302). Біздің тілімізде осы негізгі түбірден кескі тұлғасы жасалған, ескі түркі тілде-
рінде — кесгү (орудие для резания, МҚ, ДТС, 302), қазіргі қазақ тілінде бұл есім сөзіне əдетте жалға-
13
на беретін -ла//-ле аффиксі қосылып, кескіле деп айтылады. Біз əңгіме етіп отырған «Арабша-түрікше
сөздіктің» (қысқаша — АТС) тілі бойынша былай айтуға болмайтын тəрізді, өйткені лам əріпінің үс-
тінде секун белгісі бар. Біз, əрине, кескіл (бір нəрсені кесіп жібер) деп айта береміз (-қыл//-кіл// -ғыл//-
гіл) қосымшасын қолданамыз, бірақ сөздің бұл формасына жіктік жалғауын (Ш-ж. жекеше) жалға-
маймыз. Осыған орай сөз болып отырған екі тілдің (ескі қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілінің) арасы-
нан айырма шығады. Кешегі қыпшақ тілі мен бүгінгі қыпшақ тілінің арасында көзге түсіп отырған
мұндай ерекшеліктер өз алдына қаралып, зерттеле беруге тиісті. -қыла//-кіле//-ғыла//-гіле аффиксі ту-
ралы айтылып жүрген пікірлерге де көңіл аудара отырған артық болмас: осы жұрнақ «жалғанған етіс-
тік негізінің лексикалық мағынасына амалдың (істің) жиі-жиі немесе тым жедел еселеніп, қайталану
сипатын білдіретін реңк жамайды»
3
. Мəселені осы тұсынан алып та қарастырып көруге болатын шы-
ғар.
Кіреу қойды (кіреге қойды, берді). Абу X. — кірке бер; ат-Туһфат — тұснаққа қой. Қашқар мен
Жаркент жағында гүрү қоймақ//рəhін қоймақ деп айтылатын көрінеді (А.Зайончковский). Осы автор
кірав қой деп транскрипциялаған. Сөз соңындағы вав əрпін в деп оқыса да, у деп оқыса да бəрібір
одан келіп-кетер айырма жоқтың қасында. Кіре араб тілінен ауысқан сөз сияқты: арабша — кера —
көлікпен бір жерден екінші жерге жалданып, жүк тарту, жүк тиелетін көлік (мал, арба, шана
т.б.)
4
. Н.Д.Оңдасынов та осыны қолдайды: кира ун, кіре: 1. жалдау; 2. жалдау ақысы... кіреші (жал-
даушы), кірелену (жалдану), кірелеу (жалдау)
5
. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кіреуге қойды,
кіреуге берді деп те айтылатын секілді. «Қазақша-орысша сөздікте» кіре — уст. извоз; кіре айдау —
заниматься извозом деп берілген де, кірекеш — извозчик, возчик = кіреші деп көрсетілген
6
. «Диалек-
тологиялық сөздіктерге» кірей сөзі қазақ тілінің батыс говорларының тобында кездеседі (күш көлігін
жалдап табатын пайда)» дей отырып, кіре айдасты деген мағынада кірейік салысып кеткен форма-
сы қолданылады» деп түсіндіріледі. Түркімен, Қарақалпақ халықтары да осылай айтатын көрінеді
7
.
С.Аманжоловтың айтуы бойынша, кірей: кіре (воз, груз) — Аралда, Маңғыстауда, кірекеш: кіреші,
жүкші (возчик, ломовой) Жамбыл облысында қолданылады екен
1
. Сонда бұл сөз қазіргі қазақ тіліне
ескі қыпшақ тілі арқылы еніп, ертеден бері-ақ қызмет істеп келе жатқан болып шығады. Бұл тіркестің
синонимі рəһін қоймақ та араб тілімен байланысты. Кіреу қоймақтың ондағы баламасы — раhана,
раhнун (закладывать, отдавать в залог), бірақ бұл лексема біздің тілімізге енбей қалған, өйткені ол
ескі қыпшақ тілінің өзіне де ауыса алмаған секілді. Екі түркі араб сөзінің бірі ескі қыпшақ тілінен өз
орнын таба білген де, біздің тіліміздің сөз байлығын арттырып, нығайтуға үлес қосқан, ал олардың
екінші варианты ескі қыпшақ тілінен қалыс қалып, қазіргі қазақ тіліне ауысар жолын үзіп алған.
Ат-Түһфатта келтірілген туснақ (залог, заклад), туснаққа қой (закладывать, отдавать в залог)
сөзінің түбірі — туту (залог, заклад), тутсав (залог, заклад) тұлғасының да негізгі тірегі — осы сөз.
Бəрінің де ең алғашқы морфемасы — тут (держать, ловить, захватывать, хватать). Бірқатар ту-
ынды сөздер осы алғашқы формадан тараған: туташ (держаться, цепляться), тутмақ (задержка),
тутсақ (пленный, пленник), тутил, тутулмақ, тутулмыш, тутулуб тур т.б.
Кір етті (кір етті, кірлетті). А.Зайончковский аударуын дұрыс аударыпты да, бірақ осы екі
сөзді бір ғана сөз етіп, біріктіріп жазыпты: кірет (запачкать, загрязнить). Шынында, бұл екі сөздің
өзара тіркесіп келуі, біріншісі — есім, екіншісі — көмекші етістік (яғни толымсыз етістік). Түркі тіл-
дерінде көптен бері қолданылып жүрген белгілі тұлғалар: тас-кір (грязь, грязный): Кк., Абу X., ат-
Туһфа, қарапайым — кір; тат., башқ. — кер, ноғ., ққ. — кир; МҚ — кірікті, кірленді (становиться
грязным); ДТС — кір (грязь, сор). Өзі тіркесіп келген, бірігіп барып жұмсалатын, ол сөзге көмекшілік
қызметін толымсыз е етістігінің о бастағы формасы — ер//ир (быть, находиться. ДТС, 175). Түркі
тілдеріндегі р фонемасының тұрақсыздығына байланысты біздің тілімізде ол е болып қалыптасқан
(екен, емеседі т.б.). Ескі түркі тілдерінде ет деген туынды түбірдің бірнеше мағынасы бар. (1. совер-
шать, создавать, строить; 2. устраивать, приводить в порядок; 3. көмекші мағына беретін сөз т.б.
ДТС, 186). Қазіргі қазақ тілінде оның көмекші етістік ретінде атқаратын қызметі күшті де, беретін ма-
ғыналары да аз емес.
Кішенледі (кісіндеді, кісен салды). Жоғары да аталған жазба жəдігерліктер мен онда келтірілген
тілдердің бəрінде — кішен, тек Абу X. мен МҚ-да — кішенледі. Ескі түркі тілдерінде кеңінен таны-
мал, бірақ бұл сөздің негізгі түбірі, біз ойлап жүргендей, кішен (путы, оковы) емес, кіше (спутывать,
связывать), ырықсыз етіс түрі — кішел (ДТС, 310), біздің кісен сөзіміз түркі-монғол қауымдастығына
ортақ болып келетін белгілі -н өнімсіз жұрнағы арқылы кіше деген етістік түбірден жасалған да, оған
етістіктің əмбебап -ла//-ле қосымшасы жалғану нəтижесінде барып тағы да туынды етістік түбір ту-
ындаған. Əрине, бұл құбылыс ескі қыпшақ тілінің дəуірінде пайда болып, іске асқан. Көптеген түркі
тілдерінің өзара ш — тіл, с — тіл болып бөлініп келетін ерекшелігіне байланысты ш//с дыбыстары əр-
14
дайым алмасып отырады. Бұл өзі — сонау Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінен (V–VІІІ ғғ.) бері қол-
данылып келе жатқан фонетикалық тұрақты бір заңдылық.
Қабы йабты (кітапты жапты). Арабша аудармасы екі сөз арқылы берілген. Біріншісі — ғалла-
қа (закрывать, запирать), екіншісі — кітабун (книга, письмо, послание, грамота). А.Зайончковский
«закрыть обложку книги» деп аударады. Бұл лексема, біздің байқауымызша, осы «Арабша-түрікше
сөздіктің» өзіне ғана тəн эндемик тұлға болса керек-ті, өйткені басқа түрлі жазба жадыхаттар мен
түркі тілдерінен кездестіре қою қиын сияқты. Бірқатар ескі түркі тілдерінде жазылған жазба нұсқау-
ларда қап (сосуд, мех, бурдюк, мешок, оболочка плодного пузыря) сөзі ұшырайды, ең бастапқы түбірі
— қа (сосуд, посуда); қақача ( посуда, қача — посуда. ДТС, 399–400, 420). Қабы тұлғасының осы тү-
бірмен байланысы бар болуы мүмкін. Кітаптың мұқабасы да, сол кітаптың қабы болып есептеледі
ғой, бірақ бұл жерде сөз аяғындағы ы дыбысын түсіндіріп беру оңай емес, өйткені йабты сөзі — са-
бақты етістік, ол өзі меңгеретін сөздің табыс септігінде тұруын (яғни тура объекті есебінде болуын)
талап етеді (мысалы, қабын йабты болса, ол өз алдына, онда сөз тіркесі өзара жарасып тұрар еді).
Мұндай жағдайда қап сөзін көптеген ескерткіштер мен тірі тілдерден тауып ала беруге болады. (Мə-
селен, тас, 156-б.). Бұл бір жағынан. Екіншіден, қазақ тіліндегі қапсыр ( бір нəрсені қапсырып жап
дегендегі тапсыру) сөзінің түбірі — қап ( хватать, захватывать, одолевать, нападать. ДТС, 420),
ол — тут (держать, брать) сөзінің синонимі, екеуі қосылып плеоназм ретінде қос сөз жасайды:
тут қап ( хватать. ДТС, 591). Осы түбірге өнімсіз -сыр жұрнағы қосылып, қапсыр сөзі құралып тұр.
Бұл түбір морфеманың о бастағы тегі — қа ( складывать, класть вместе, класть по порядку. МҚ,
ДТС, 399). Ол қабырчақ ( ящик, сундук, гроб), қабыш ( объединяться, сходиться), қабса: тебре —
Қабша (қос сөз: двигаться, колебаться. ДТС, 546), қабшүр (өзгелік етіс: соединять, складывать), қа-
бучақ ( дупло; этникалық қыбчақ атауы осы сөзден шыққан), қапағ ( ворота, дверь) // қапға // қапығ //
қапуғ, қапақ ( покрышка, крышка; веко, девственность, целомудрие, невинность), қапчуқ ( мешочек),
қапғақ ( колпачок, надеваемый на садак), қапуш (ортақ етіс: хватать друг у друга. ДТС, 399, 420, 421)
т.б. да сөз тұлғаларының жасалуына негіз болып қызмет атқарған. Міне, осы қаб// қап түбіріне көне-
ріп кеткен өлі жұрнақ -ы жалғанып, қабы деген үстеу сөзі келіп қалыптасқан. Салыстырып көрелік:
қазақ тіліндегі жоғары сөзінің түбірі — йоқ- ( высокое место), осыдан йоқар тұлғасы пайда болған:
йоқор ағ ( подниматься, возвышаться), өзгелік етіс — йоқар йоқла ( возвышаться), йоқар қоп ( подни-
маться, вставать), етістік формасы — йоқла ( подниматься, взбираться), өзгелік етіс — йоқлат
( заставить подниматься). Бұл іспеттес сөздердің құрамындағы ар- аффиксі барыс септігінің көрсет-
кіші болған.
Ерте заман жазбаларында ол жиі қолданылған (əсіресе, көне түркілік эпитафиялық ескерткіштер
нұсқаларының тілінде, V–VІІІ ғғ.). Сөз мағынасы мен оның морфологиялық құрамы (фонетикалық
сипаты) өзгере келіп, енді осы тұлғадан үстеу сөзі жасалады: йоқару (вверх), йоқару ағ (подниматься,
вставать), йоқару тур (подниматься, вставать). Мұндағы у аффиксі іс-əрекет, қимылдың бағытын
көрсетіп, олардың орнын дəлдеп нақтылап, айқындап беруге көмектеседі. Ағ (подниматься), қоп
( подниматься, восходить наверх, возвышаться, стоять, останавливаться) сияқты етістік сөздерінің
мағыналарын береді (ДТС, тиісті беттерінде).
Сонымен, орта ғасырларда жазылған жадыхаттар тіліндегі етістіктерді қазіргі түркі тілдерімен
салыстыра зерттеу барысында олардың лексикалық мағынасы, грамматикалық құрылысы, дыбыстық
жүйесіндегі ұқсастықтармен қатар, өзгешеліктердің де бар екендігін байқауға болады. Мұндағы лек-
семалардың грамматикалық көрсеткіштерінің ортақтығына қарай жалпы түркі тілдерінің бір тілден
(ата тілден) тарағандығын көру қиын емес.
Əдебиеттер тізімі
1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. — 1959. — С. 438.
2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимология негіздері. — 1994. — 45–49-б.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — 1974. — 248-б.
4. Бекмұхаметов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. — 1977. — 92-б.
5. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. — 2-т. — 1986. — 103-б.
6. Махмұтов X., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. — 1987. — 189–190-б.
7. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. — 1969. — 178–179-б.
15
ƏОЖ 81′367:811.512.122
Н.Əбдікəрім
Қазақстан-Ресей университеті, Теміртау
Достарыңызбен бөлісу: |