Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата12.03.2017
өлшемі16,81 Mb.
#9117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

БІз БАҚЫТТЫ АТА-АНАМЫз
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Динара Дәуренбекқызы Ешпанова – «Дыбыс» ҚҚ басқарма 
төрағасы, білімі жағынан ол экономист, Алматының жоғарғы 
оқу орындарының бірінде сабақ береді, оның жұбайы Ғали Аман-
гелдіұлы Махатаевның жоғарғы техникалық білімі бар. Қыздары 
Жансая 2004 жылы туған, қазір Алматы қаласының жалпы білім 
беру мектебінің 4-ші сыныбына көшті. Отбасы 
өткен жол жайында Динара Дәуренбекқызы әңгімелейді.
Жансая  2004  жылдың  желтоқсан  айында  Қызылордада  орта-
лық-нерв  жүйесінің  гипоксиялық  ишемиялық  зақымдалуы  диагно-
зымен дүниеге келді. Оның денсаулығы осал болып, жиі ауырды, бірақ 
мінезі жағынан дербес әрі елгезек.
2007 жылдың қаңтар айында Жансая екіжақты бронхопневмония-
ның ауыр нысанымен ауырып, бірнеше сағат бойы комада жатты. Осы 
сағаттарда мен тек оның аман қалуын тілеумен болдым. Тек дәрігер-
лер Жанидің есін жинағанын хабарлаған сәтте мен бұл дүниеге қайтып 
оралдым.

16
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Қызымыз оңалды, бірақ оның есту қабілеті нашарлай бастады. Тек-
серудің барысында аурулардың тұтас бір шоғыры анықталды: 2-ші-3-ші 
дәрежелі екіжақты нейросенсорлық құлақ мүкістігі, тахикардия, жоғары 
температура аясындағы тырысқақтық синдром, анемия. Есту қабілеті-
нен күрт айырылудың салдарынан сәбидің қимыл координациясының 
бұзылуы басталды, ол жиі құлайтын болды. Дәрігерлерді ең алдымен 
эпилепсия мазалады, қызымызда тырысқақтық жиіледі. Бізді «Ақсай» 
РБКА невропатология бөлімшесіне емделуге жолдады. Ол бөлімшеде 
БЦП диагнозының ауыр нысандарымен ауыратын балалар емделуде 
екен. Сол балаларға қарап, мен біздің жағдайымыз соншалықты нашар 
емес екенін түсіндім.
Қызылордада  Жансаяның  диагнозы  туралы  білетіндер  аз  еді.  Біз 
ол  жайында  көп  айтпадық,  бірақ  мойынсұнбадық  та,  ақпарат  іздей 
бастадық,  шүкір,  Ғаламтор  оған  зор  мүмкіндік  береді.  Эмилия  Ива-
новна Леонгардтың әдісін таптық, ол саңыраулыққа шалдыққан және 
құлағы мүкіс балалар – қалыпты балалар санатында және тиісті көмек 
көрсетілетін жағдайда,  әдеттегі еститін балалар секілді жетіле алады 
дегенге сүйенеді. Керең және құлағы мүкістік дертіне шалдыққан ба-
лалардың  ата-аналары  жазған,  олар  өздерінің  тәжірибесін,  табысқа 
жеткізген жолдарын суреттеген кітаптарды оқыдық. Скайп арқылы Ле-
онгардтың әдісін ұстанушылармен сөйлестік. Бұл бізге сенім ұялатты. 
Дәрігерлердің кеңесі бойынша  бірден екі құлаққа да цифрлық есту ап-
паратын сатып алдық. 
Бірақ,  қызымыздың  есту  қабілеті  нашарлауын  жалғастыра  берді, 
бала  сөйлемеді,  бір  жылдан  соң  жаңа  диагноз  қойылды  –  3-ші-4-ші 
дәрежелі екіжақты нейросенсорлық құлақ мүкістігі. Болжам – есту қа-
білеті төмендейтін болады, қызды кереңдерге арналған мектепте оқуға 
дайындау керек. Бізге қызымызды кереңдердің қолмен дактильді әліп-
песін,  ымдардың  тілін  оқып-үйретуге  және  өзіміздің  де  үйренуімізге 
кеңес берілді. Бірақ біз оны сол күйі меңгерген жоқпыз. Неліктен екені 
белгісіз, оның бізге керегі болмасына іштей сенім болды. 
Баламызды үнемі сөйлеуге үйреткіміз келді, сонда ең болмағанда, 
ол өзіне не керек екенін түсіндіре алар еді. Өзімнің сәбиіммен сөйлесе 
алмайтыныма  жаным  ауырғанда,  жылағым  келетін,  баласының  ана-
сымен  араласуы  сондай  маңызды,  есею  кезеңінде  оның  тіпті  өзінің 
ойларын, жан сырын менімен бөлісе алмайды-ау деп күйзелдім. Қызы-
мыз бірден қалағанын түсіндіре алмағандықтан, бізден әлдебір нәрсе 
туралы сұрай алмағандықтан ғана долданып, ашынған күндер болды. 
Өз балаңмен «екі бөлек» тілде сөйлескен соншалықты ауыр болды! 

17
«Жетістік тарихы» кітабы
Біз ең алдымен қызымызға көмектесе алатын жақсы маманды табу 
керек  екенін  түсіндік.  Жолымыз  болды.  Біз  Алматыда  тамаша  сурдо-
педагог Сәуле Әсембекқызымен танысқан уақытта, жүйке күйзелісіне 
душар болуға сәл қалған едік. Мен педагогтың есту аппараттары бар 
балалармен сабақ өткізген сәттерін көрдім, олар жақсы сөйлейді екен. 
Алдымен  біз  Жансаяны  Алматыға  жиі  апарып  тұрдық.  Бұл  өте  ауыр 
болды.  Қызымыз  көліктің  барлық  түрлеріне  шыдай  алмайтын,    өзін 
нашар сезініп, жүрегі айнитын. Қалада көбінесе кез келген ауа-райы-
ның қүбылмалы сәттерінде алыс жерлерге жаяу жүруге тура келетін. 
Бүгінгі таңға дейін көз алдымнан кетпейді: жаңбыр жауып тұр, күйеуім 
Жаниды  иығына  отырғызып  көтеріп  келеді,  ал  мен  олардың  қаста-
рында  үстерінен  қолшатырды  ашып  ұстап  келе  жатамын.  Сондықтан 
біз 2009 жылы Алматыға көшіп келдік. Ол кезде күйеуіміз екеуміздің 
бастан кешкен күйімізді жеткізу мүмкін емес. Туған қаламызда баспа-
намыз бен жұмысымызды тастап, жақындарымыз бен туыстарымыз-
дан шалғайда,  жалдамалы пәтерден-пәтерге  көшумен, жаңа айналаға 
және басқа менталитетке көндігумен болдық, бірақ бізді тек бір ғана ой 
алға жетеледі: қызымыз үшін бәрі садақа, тек ол білікті сурдопедагог-
тың сабақтарына қатысып, сөйлеп үйренсе екен.
Жансая Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика ор-
талығының  жанындағы  күндіз  оқитын  инклюзивті  топқа  түсті.  Біздің 
жолымыз болды, өйткені топта қызымызбен бірге әдеттегі балалар да, 
кохлеарлық импланттары бар балалар да болды. Ол сөйлейтін ортада 
жүрді және «өздерінікінің» арасында болды. 
Сәуле Әсембекқызы, менің пікірімше, өз кәсібін жетік меңгерген ма-
мандардың бірі, бала мен оның ата-анасының психологиясын сезімтал-
дықпен  түсінеді. Бізді қызымыздың болашағына сенуге мәжбүр етті. 
Жүргізген сабақтарының арқасында, Жансая өзінің алғашқы сөздерін, 
мен үшін ең бастысы «мама» деген сөзді айтты. Қызымыз өзіне сенімді, 
жинақы,  сергек  жанға  айналды,  араласудан  қорқуын  қойды.  Жани 
ежіктеп оқуды, жиырмаға дейін санауды үйренді және сипатты аграм-
матизмі бар 2-3 қиқы-жиқы сөйлемдер құрастыра алатын болды. Бірақ 
бұл жетістіктерге қызымыз айтарлықтай қиындықпен көндікті – күндіз 
сурдопедагогпен, логопедпен, тәрбиешілермен белсенді сабақтар, ал 
кешке  үйде,  баланың  мұрнынан  жиі  қан  кететініне  қарамастан,  түнгі 
сағат 12-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз және тынымсыз сабақтар. Сөз-
дерді оқыдық, үйрендік, сөйлемдер құрастырдық, ертегілерді сахнала-
дық. Бір сөзді, мысалы, «мысықты», жаттау үшін, біз мысықтың түрлі 
түстерге боялған суреттерін салдық, аппликациялар жасадық, ермек-

18
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
сазбен  мүсіндер  жасадық,  тіпті  марғау  асырауға  тура  келді.  Бір  сөзді 
жаттауға және мағынасын түсінуге кем дегенде бір апта кететін.
Біз кохлеарлық имплантация туралы естігенбіз, бірақ Сәуле Әсем-
бекқызы  Жансаяның  есту  аппаратының  «шыңына»  жеткенін,  одан 
әрі жетістік болмайтынын айтпағанда, ол туралы ойламадық та. Мен 
аталған  ота  туралы  ақпаратты  зерделей  бастадым.  Қызымыз  енді 
6  жасқа  келді,  ал  ота  жасату  үшін  баланың  жасы  маңызды  рөлге  ие 
(неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы). Бізді кезекке қойды, бірақ әлі 
бір жыл күту керек еді, ал уақыт болса, тақап қалды.
Ірі компанияларға демеушілік көмек көрсетуді өтініп жүгіндік, бірақ 
одан нәтиже шықпады. Ашынғаннан, Денсаулық сақтау министрі Ж.А. 
Досқалиев  мырзаның  блогына  хат  жаздық.  Біздің  таңданысымызда 
шек болмады және қуанышымызға орай министрге жүгінгеннен кейін 
келесі күні бізге қоңырау шалып, баламызды «Ақсай» РБКА тексеруге 
шақырды. Жансаяны тексеріп және оның сөйлеу машықтарын анықтап, 
«Ақсай» РБКА сурдология бөлімшесінің меңгерушісі және ҚР штаттан 
тыс сурдологы Е.Г. Ғаббасова бастаған комиссия қызымызға ота жаса-
туға жолдама берді, Емнің жақпау мүмкіндіктері туралы ойламауға ты-
рыстық, Алла тағалаға тапсырып, жауапкершілікті өзіме қабылдаймын 
деп қолхат жазып бердім.
Отаны СПб ЛОР ҒЗИ тамаша оташы В.Е. Кузовков жасады. Денсау-
лық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен Ж.А.Досқалиев мырзаға 
қызымыздың тағдырындағы күрт өзгеріс үшін өте разымыз. Біздің бүкіл 
отбасымыздың  атынан  біздің  өмір  жолымызда  дер  кезінде  кезіккен 
оташы Е.В. Кузовков пен «Ақсай» РБКА ЛОР бөлімшесінің және сурдо-
логия бөлімшесінің барлық қызметкерлері мен мамандарына ерекше 
алғысымызды білдіргіміз келеді!
Отадан  кейін  бірден  қызымыз  есту  аппаратын  талап  етті,  ал  бір 
айдан соң сөйлеу процессорын қосқан уақытта, ол жанжал шығарды. 
Әрине, бізге отадан кейін Жансая дыбыстарды басқаша еститін бола-
ды деп ескерткен еді. Дыбыстар бейтаныс болды, олар оған қорқы-
ныш туғызды, бұрын қызымыз шүмектегі судың шуылын естімеген бо-
латын,  менің сөзімді басқаша еститін, ал отадан кейін оған мен оны 
келемеждегендей болып көрінді. Дәрігерлер не айтса да, отаның өзі 
салдарсыз өтпеді. Ол да жүйкеге байланысты, және сурдопедагогтар-
мен  қарқынды  сабақтар  өтудің,  көп  жүктеменің  салдарынан  болуы 
әбден мүмкін, бас ауырып және мұрыннан жиі қан кетуі орын алды. 
Ол әуелі кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын алып тастауды 
өтінді. 

19
«Жетістік тарихы» кітабы
Ота мен сабақтарымыздың нәтижесін біз тек үш айдан соң көрдік: 
біз қызымыздың өз бетімен толық сөйлемді айтқанын естідік. Қандай 
бақыт  десеңізші!  Қуанғаннан  мен  жылап  жібердім.  Осыдан  кейін  біз 
оны жалпы білім беретін мектепке беруді ұйғардық.
Біз  операцияның  инклюзивті  білім  беруге  қол  жеткізу  үшін  тек 
алғашқы  қадам  екенін  түсіндік.  Екінші  саты  –  ПМПК  (психологи-
ялық-медициналық-педагогикалық комиссияның) тарапынан мектеп-
ке жолдама алу. Әрі тіпті ол жолдаманы алу да біздің проблемалары-
мызды шешпес еді, өйткені біздің сәбиіміз «ерекше» және бұл жерде 
бәрі мектеп басшылығы мен ұжымының, балалар мен олардың ата-а-
наларының қолында. Ал ең бастысы – оқыту, бейімдеу және оңалту 
бағдарламасы  мен  әдістемесі  жоқ.  Мектеп  директорларымен  және 
оқу бөлімдерінің меңгерушілерімен конференциялардың бірінде мен 
олардың инклюзивті білім беруге қалай қарайтынын сұрадым, олар-
дың  көпшілігінің  инклюзив  туралы  түсінігі  де  болмай  шыққандығы 
қатты таңғалдырды. Бұл уақытқа қарай біз, «ашынған» ата-аналар, өз 
балаларымыздың проблемаларын шешу үшін бірігіп, «Дыбыс» қоғам-
дық бірлестігін құрған болатынбыз. Енді премьер-министрге де, білім 
министріне де, әкімге де, білім беру басқармасының басшыларына да, 
«Бота»  ҚҚ  басшысына  да  заңды  тұлғаның  атынан  жүгінетін  болдық. 
Журналистермен кездесіп, БАҚ беттерінде сұхбат бердік, Кохлеарлық   
импланттары  бар  балалардың  проблемаларын  шешу  жолында  бізге 
қолдау көрсетулерін өтіндік. Қолдау іздеп, оны мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың проблемаларына басқаша қарауға болады және қажет, ал 
олардың  ата-аналары,  мұғалімдері  және  жалпы  ересек  адамдар  өз-
дерінің стереотиптерінен бас тартуға тиіс деп санайтын мамандардың 
арасынан таптық. Ондай мамандардың қатарында «САТР Центр» ЖШС 
директоры Роза Айтжанқызы Сүлейменова мен Абай атындағы ҚазҰПУ 
арнайы  педагогика  кафедрасының  аға  оқытушысы  Әсия  Каирқызы 
Жалмұхамедова болды. 
Бірлескен  орасан  жұмыстың  нәтижесінде  білім  беру  басқармасы-
ның  бұйрығымен  Алматы  қаласында  инклюзивті  оқыту  енгізілген  екі 
мектеп ашылды. Осы мектептердің біріне 2011 жылдың тамыз айында 
біз өз қызымызды алып келдік (кохлеарлық импланттары бар тағы екі 
балақаймен бірге). Шынымды айтсам, біз күйеуіміз екеуміз оған ұзақ 
дайындалдық. Әбден мазамыз кетті. Мектепке жүрексініп бет алдық: 
дұрыс істедік пе, бізді қалай қарсы алады, балалар Жансаяны қалып-
таспаған  сөзі  үшін  мазақ  етпей  ме,  есту  аппараты  мен  қымбат  тұра-
тын  сөйлеу  процессорын  сындырып  тастамай  ма,  басқа  балалардың 

20
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ата-аналары қалай қабылдайды, сынып жетекшісі қандай болады-де-
ген  сұрақтар  мазалады,  Ал  ең  бастысы,  біздің  қызымыз  мемлекеттік 
жалпы білім беру бағдарламасын меңгере ала ма, ол сурдопедагогпен 
сабақтарға қосымша жалпы білім беретін оқу жүктемесіне шыдай ала 
ма, бұл оның психикасына әсер етпей ме, және ол қоғамға араласуды  
қалай қабылдайды деген сұрақтар қинады.
Мектеп  директоры  Екатерина  Николаевна  Анисимова  бізді  ка-
бинетіне  жылы  жүзбен  шақырды.  Басшымен  кездескен    сәтте  біздің 
қорқынышымыз біраз сейілді. Инклюзивті білім беру жүйесі, кохлеар-
лық импланттары бар балалармен жұмыс жүргізу оның өзі және ұжым 
үшін бейтаныс екенін, бірақ ата-аналармен, балалармен және ұжым-
мен бірлесіп табанды еңбек етсе, оңайға соқпаса да, оңды нәтижелер-
ге қол жеткізуге болатынын айтып ағынан жарылды. Ең бастысы, ба-
лалардың өздерін жайлы сезінуі-дей отырып, инклюзивті білім беруге 
қосылған балаларға арналған арнайы бағдарламалардың жоқ екенін 
бірден ескертті. Өкінішке орай, біздің инклюзия тьютордың да – жалпы 
білім беруге қосылған балаға көмектесе алатын адамның жұмыс істе-
уін көздемейді. Бірақ мектепте логопедтік пункт ашылатындығын және 
кестеге сәйкес қызымызбен логопед-сурдопедагог жұмыс істейтінін ай-
тып қуантты. 
Оқу  жылының  басында  директор  мен  бастауыш  сыныптардың 
мұғалімдері кохлеарлық имплантация туралы, біздің балаларымыздың 
ерекшеліктері  туралы  материалдарды  арнайы  зерделегені,  арнайы 
кеңес алу үшін маман сурдопедагогты шақырғаны жайында естіген сәт-
те, күйеуіміз екеуміз қуана таң қалдық. Оқу жылы басталардың алдын-
да мектеп әкімшілігі оқушылардың ата-аналарымен тәртіп ережелері 
және жаңа – «ерекше» балаларға деген көзқарас туралы түсініктемелік 
жиналыс өткізді. Атап айтқанда, ата-аналарға мектепте қымбат тұратын 
кохлеарлық аппараттардың бар екені, оларға күтіп қарау керектігі ту-
ралы түсінік берілді. Сондай тамаша балалар тәрбиелеп және оларға 
балалық шақтарынан бастап жанашырлық және төзімділік сезімін да-
рытып  отырған  менің  қызымның  сыныптастарының  ата-аналары  зор 
құрметке лайық.  
1-ші-2-ші сыныптарда қызымыз мектептің жанындағы логопунктте  
жастығына  қарамастан,  білікті  логопед-сурдопедагог  Гүлбахрам  Ми-
талиповна Яхьяровадан қосымша сабақтар алып жүрді. Оның сынып 
жетекшісі Әлия Тұрсынбекқызы Малаева болды. Баланың білімін баға-
лаған кезде менің қызыма бәлендей жеңілдік жасамады, оны әдеттегі 
балалардың арасында еш жағынан бөлектемеуге тырысты. 

21
«Жетістік тарихы» кітабы
Жансая  сабаққа  қуана  барады  және  сынып  тапсырмаларымен  үй 
тапсырмаларын орындауға тырысады. Үзілістерде ол «әдеттегі» бала-
лармен ойнайды және дәмханаға жүгіреді. Мені оның ұжымның ішін-
де жүргені, түрлі байқауларға,  іс-шараларға белсене қатысатындығы 
қуантады. Қазір оның сүйікті пәндері – сурет салу және еңбек сабағы, 
ән сабағы, математика, ағылшын және қазақ тілдері. Өзінің барлық сы-
ныптастары секілді, қолын көтеріп, жауап беру үшін тақтаға шығады. 
Дегенмен, қызым бастапқыда үнемі жылайтын. Ол балалар сөздерді 
ойдан шығарады деп ойлап қысылыпты. Негізгі қиыншылықтар сөз қо-
рының осалдығы. Осыған байланысты әңгімелер құрастырғанда және 
қайталап айтатын кезде қиындықтар туындайды. Сондықтан оған дү-
ниетаным сабағын, орыс тілін оқу қиынға соғады. Бұрын естімегендік-
тен, әрине,  көп нәрселерді түсінбейді. Кейде оған суреттерді пайдала-
нып түсіндіруге немесе Ғаламтордан видео көрсетуге тура келеді. 
Жансаяның күнделікті режимі тығыз: 7.00-де тұру керек, 8.00-ден 
13.00-ге дейін мектепте сабақ, содан кейін логопедтің сабағы, қосымша 
ағылшын, қазақ және орыс тілдерінің репетиторларының сабағына қа-
тысады,  Үйде үй тапсырмасын орындаймыз, оған қоса, сыныпта  жаңа 
материалды меңгеру оңайырақ болуы үшін, мектеп бағдарламасын бір 
тақырыпқа алға зерделейміз. Ондай жүкке әдеттегі балалардың бар-
лығы бірдей, тіпті ересектер де шыдай бермейді. Студенттермен жұ-
мыс істегенде, мен барған сайын біздің балаларымыздың шынымен де 
«ЕРЕКШЕ» екендіктеріне көзім жетуде. Қазақша айтқанда, шүкір дей-
міз!  
Біз отаға дейін және одан кейін екі ғұмыр кештік. Қазір біз үшінші 
кезеңдеміз.  Мен  жүкті  болған  кезең  Мәскеуде  диссертация  қорғауға 
дайындық  кезеңіне  дөп  келді,  күйеуім  екеуміз  Ломоносов  атындағы 
ММУ ғимаратының алдында жиі қыдырдық, сонда мен біздің баламыз 
осында оқиды, ал біз оған қонаққа келіп тұратынымыз жайында арман-
дадым. Бүгінгі күні Жансая тек мектепті бітіріп, жетік сөйлеп үйреніп 
қана қоймай, жоғарғы оқу орнына түсіп, сүйікті кәсібін меңгеруі үшін, 
оған жоғарғы білімді қалай қолжетімді ету туралы ойлаймын. Жани ал-
дымен оташы болғысы келген, енді ветеринар болуды қалайды. Жану-
арларды жақсы көреді. Күндердің күнінде өзінің сүйікті иттерімен, мы-
сықтарымен, көжектерімен, әтештерімен және тотықұстарымен бірге 3 
қабатты сарайда тұратыны жайында армандайды.   
Әрине,    есейіп  келеді,  енді  күнделікті  сабақтар  оны  мезі  қылды,  
кітап оқығысы келмейді, бірақ оған әсер ететін бір уәж бар: «Кітап оқы-
майтын болсаң, қалай ветеринар бола аласың!?»

22
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Өкінішке қарай, осы жылдардың ауыртпалығы, жан мен тән азабы 
мен үшін ізсіз өтпеді. Қазір мені сирек ауру қинауда, енді қызым маған 
қамқор болып жүр. Мен ауыруға құқығым жоқ екенін түсінемін. Менің 
үлгі алатын адамым бар, ол – өзімнің қызым. Жани – қайратты бала. 
Жансая қазақша «тұмар» деген мағынаны білдіреді. Қызым шынымен 
де менің тұмарыма айналды. Израильде емделген кезімде, онда он-
кологиялық аурулары бар балаларды көрдім. Содан кейін біз Ғали еке-
уміздің қандай бақытты ата-ана екенімізді түсіндім. Менің баламның 
дені сау, қазір мен оған өзімді бақытқа кенеген әдеттегі бала секілді 
қараймын. 
Баланың ауруы менің өмірдегі басымдықтарымды, құндылықта-
рымды  өзгертті.  Өзіме  сүйсінетінмін,  енді  ше:  жаспын,  келешегім 
зор, әдемі, табыстымын! Мен, көп адамдар секілді, мүгедек бала-
лар қолайсыз ортада туады деген стереотиптің тұтқынында болдым. 
Менің тамаша күйеуім, әдемі қызым бар. Менің де, күйеуімнің де 
біліміміз  жоғары,  өмір  деңгейіміз  жақсы,  әлеуметтік  мәртебеміз 
оңды болды. Сондықтан, мұның бәрі тап біздің отбасымызда орын 
алған уақытта, не үшін екенін түсінбедім. Тағдырға налу бар болды. 
Неліктен тура біздің баламыз?! Әлдебір сәтте мен достарыммен ара-
ласуды  доғардым,  тұйықтанып,  өзімнің  студенттеріме  қатысты  өте 
қатал, тіпті қатыгез, біртүрлі қытымыр болып кеттім. Туысқандар мен 
ата-анамыз  менің  жанжалдарым  мен  кері  мінездеріме  қарсы  кел-
мей,  шыдамдылық  таныта  білді,  килікпеуге  тырысты,  бір  жағынан 
аяп, менің жанымды ауыртқылары келмеген болар. Күйеуім бәріне 
қалай шыдады, білмеймін?! Тіпті онымен ажырасқым келген кездер 
де болды. 
Қазір мен отбасымызбен болғанның бәрі жаза емес, сын екенін түсі-
немін ал сын тек мықтылар мен таңдаулыларға беріледі. Мен  Ғалиға, 
маған және Жансаяға Алла тағаланың берген күш пен төзімі үшін  ра-
зымын. 
Кейде  маған  Қазақстанның  басқа  қалаларынан  ата-аналар  қоңы-
рау шалып, басқа түскен қиыншылықтарда нәтижелерге қалай жетуге 
болатыны, олармен қалай айналысу керектігі туралы сұрақтар қояды. 
Мен оларды түсінемін және тек өзіміздің өмірге деген көзқарасымыз-
ды өзгерткенде ғана қажетті нәтижеге жете алатынымызды түсіндіруге 
тырысамын. Біз өзіміздің сөздеріміз, қылықтарымыз, тіпті ойларымыз 
үшін де жауап береміз. Біздің балаларымыз үшін ең бастысы, олардың 
өздерін біздерге, яғни ата-аналары мен жақындарына керек деп сезі-
нетіні емес пе! 

23
«Жетістік тарихы» кітабы
Қалалық әкімдіктің қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде, мен инклю-
зивті  білім  беруді  ілгерілетуге  тырысамын,  енді  ғана  имплантация 
жасатқан  балалардың  ата-аналарымен  кездесемін,  оларға  өзіміздің 
тәжірибеміз  туралы  әңгімелеймін,  оларды  қолдауға,  көкіректеріне 
үміт отын ұялатуға тырысамын. Бұрын күйеуім маған бұл қоғамдық 
жүктеменің не үшін керек екенін түсінбейтін. Ауырғаннан кейін маған 
селқостануға, мазалануға, шаршауға болмайды. Бір күні менің уақы-
тым  болмады  да,  мен  күйеуімді  өзімнің  орныма  баруға  көндірдім. 
Ол ата-аналардың жанарларынан үміт отын көріп, сол отты тұтатқан 
өзі болғанына қуанды. Енді ондай кездесулерге  өзі баратын болды. 
Ата-аналарға  да  онымен  араласқан  ұнайды.  Қанша  дегенмен,  ауру 
балалардың  проблемаларымен  көбінесе  аналары  айналысады,  сон-
дықтан, бұл жағдайда әке көбірек сенім туғызады.
Ол тек ата-аналармен ғана емес, сонымен қатар алматылық әріп-
тестерінің тәжірибесімен танысу үшін аймақтардан келетін дәрігерлер-
мен де кездеседі.  – Осындай машақатқа толы жұмыс сізге не үшін қа-
жет? –деп таңғала қойған сұрақтарға, күйеуім:
– Бұрын мен мұндай кездесулерге қарсы болатынмын, қызымызға 
көз тиеді деп қорықтым. Ал одан кейін туындаған жағдайға әйелімнің 
көзімен қарадым да, проблеманы тар аяда көретінімді, ал әйелімнің 
көру аясы – 180 градус екенін түсіндім. Ол тек біздің отбасымыздың 
проблемасын ғана көріп қоймайды. Біз өз балаларымыздан қандай ба-
лалар туатынын білмейміз ғой.
Күйеуім жайында бөлек айту керек. Туыстарым менің осындай мо-
мын жігітке күйеуге шыққаныма таң қалған болатын, мен жаратылысы 
басқа адамды таңдайды деп ойлады. Бірақ, олар енді оның сенімділі-
гін, отбасына адалдығын және менің теріс эмоцияларыма қарсы тұрып, 
өз  қабілет,  жігерін  көрсете  білгенін  бағалады,  Қызымыздың  әкесіне 
деген  балалық  махаббаты  шексіз.  Биыл  біздің  қосылғанымызға  10 
жыл толды. Осы жылдарды ол ғұмырындағы ең бақытты жылдар деп 
есептейді.  Мен болсам, егер Ғали болмағанда, басқа түскен сын сәті-
не шыдау қолымнан келмеген болар еді.  Оның қасында мен өзімді 
сүйікті  әйел  екенімді  сезіп  шаттанамын,  Менің  отбасым  –  Жаратқан-
ның бергені! Халық «Әркімге шыдай алатындай сын беріледі» дейді. 
Кейде мұның бәрі қашан бітер екен деп ойлаймын, ал содан кейін өз 
ойымнан өзім ұяламын. Ең бастысы – қол жеткен сәтке тоқтап қалмай, 
жақсылыққа сене білсең алынбайтын қамал жоқ. Біздің айналамызға 
жақсы адамдарды жібереді. 
Біз «ерекше» баланың бақытты ата-анасымыз. 

24
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
 ЖАНЫМЫзДА ЖАНЫ ЖАйСАҢ, ЖАҚСЫ 
АДАМДАР БАРШЫЛЫҚ...
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Кенжебай  Ашурұлы және Зухра Мұхамедқызы Исаевтар Алма-
тыда тұрады. 2004 жылдың наурыз айында олардың ұлы Әмір 
дүниеге келді. Оның диагнозы - БЦП. Ұлына деген сүйіспеншілігі мен 
терең бауырмалдығы туралы Кенжебай Ашурұлы әңгімелейді. 
Мен отбасында 6 баланың ішіндегі кенжесі болдым және анама 
өте  жақын  едім,  онсыз  тіпті  ұйықтай  алмайтынмын,  әрдайым  оның 

25
«Жетістік тарихы» кітабы
ұйықтатқанын  күтетінмін,  Қонаққа  кеткен  уақытта  қиналатынмын. 
Оның  ғұмырының  ақырына  дейін  біз  бір  үйде  тұрдық,  тек  есіктері 
бөлек болатын. Күн сайын, жұмысқа кетіп бара жатқанда және үйге 
қайтқанда мен оған кіретінмін немесе терезені қағатынмын: «Мама, 
мен кеттім! Мама, мен келдім!». 
2003 жылғы 6 наурызда анам қайтыс болды, ал 2004 жылғы 26 на-
урызда оның туған күнінен бір күн кешігіп (анам 1919 жылғы 25 нау-
рызда туған), Әмір туды. Мен оның дүниеге келгенін анамның жібер-
гені, анамның еркі деп білдім. Өйткені, біздің үлкен ұлдарымыз Керім 
мен Әзім  26 және 25 жаста, бізде қыз бала болды, ал қыз баламыз 
үш айлығында шетінеп кетті де содан кейін әйелім енді бала тумай-
тын шешімге келді, Сондықтан, бұл жоспардағы бала емес, күтпеген 
қуаныш, тағдырдың сыйы болды. Ал қазір ұлымнан анамның мінезі 
байқалады. Ол қайратты әйел болатын. Әкем – майдангер, мейірімді 
және байсалды адам еді, ертерек қайтты да,  анам шаңырақтың бас-
шысы болды. Ұлым да бәріне жетекшілік етеді, қыңырлық танытпаса 
да, егер өзіне бір нәрсе ұнамаса, өзінің қалағанындай болғанын ұна-
тады.  Анасын да бақылауда ұстайды, «Мама, мына көйлекті шеш, ол 
саған жараспайды» деуі мүмкін.
Әйелім босанудан қорықты, сондықтан мен оны демеу үшін бо-
санған  кезде  қасында  болдым.  Жүктілікті  оңай  көтерді,  ал  босануы 
өте ұзақ және қиын болды, ұлымызда денсаулық проблемаларының 
пайда болғаны да сондықтан болар. Ұлымыз дүниеге келгеннен кейін 
6 айдан соң секем ала бастадық. Ол үлкен ұлдарымыз секілді жетіл-
меді, басын ұстай алмады. Бір дәрігерден екіншісіне жүгіре бастадық, 
бірақ ешкім де жарытып ештеңе айта алмады, бәрі де қалпында деп 
санады. Мүгедек балаларға көбірек назар аударыла бастағаны қазір 
ғой, ал 10 жыл бұрын бәрі де қиын болатын. Бізге сәбимен шындап 
айналысуға кеңес берген жалғыз дәрігер біздің учаскелік педиатры-
мыз, өте жас қыз болатын,  аты- Бибімәриям еді. Біз жедел түрде ма-
мандарды  іздеуге  кірістік.  Бірақ  беделді  деген  невропатологтардың 
бір қабылдауы 10-12 мың теңге тұратын. Жекеше клиниканың дәрі-
гері  доктор  Ришат  Асхатович  Еренчинге  рақмет,  ол  ұлымызды  тек-
серіп, кеңестерін берді, оған көп күш жұмсау керектігін, өйткені бала-
ның интеллекті дамымай бір орнында тұрып қалғанын  айтты.  
Ұлымыздың диагнозы – БЦП, спастикалық тетрапарез, гиперкене-
тикалық нысаны.
Болжам  –  бәрі  де  жүргізілетін  емдеу  әдісіне  байланысты,  әйте-
уір бір емдеу тәсілі көмектесуі мүмкін. Біз кісілердің өзімізге берген 

26
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
кеңесінің  бәрін  байқап  көрдік.  Пәлендей  дәрі-дәрмек  іштіңдер  ме? 
Іштік! Пәлендей дәрігерге бардыңдар ма? Бардық! Пәлендей кемпір-
ге  қаралдыңдар  ма?  Қаралдық!  Проблемалар  көп болды  (спастика, 
гиперкинезге  тап болған жандар болса, бізді түсінеді).  
Ғаламторда біз Украинадағы Трускавец қаласындағы оңалту орта-
лығы туралы ақпарат таптық та, бізді қабылдау туралы өтініп хат жаз-
дық.  Оңды жауап келді, бірақ сапарға шығардың алдында олардың 
клиникасында  семинарда  болған  Алматылық  бір  невропатологтың 
координаттарын берді де, сол адамға жүгінуге  кеңес берді. Өкінішті-
ақ, менде ол дәрігердің аты-жөні сақталмады, бірақ, мүмкін, ол дұрыс 
та шығар: ол әйел біздің баланы қарау туралы өтінішімізге уақыты жоқ 
екенін және өзінің ешқандай кеңестер бермейтінін айтып көңілімізге 
қаяу түсірді.
2005  жылдың  мамыр  айында  біз  Әмірді  Трускавецке  алғаш  рет 
апардық.  Бізді өте жылы қарсы алды, біз  проблемамызға деген мүл-
дем басқа көзқарасты көрдік. Ұлымызды Халықаралық қалпына кел-
тіру емінің клиникасының бас дәрігері, профессор, медицина ғылы-
мының докторы, мықты мануалист Владимир Ильич Козявкиннің өзі 
қарады. Ол балалардың церебралдық сал ауруымен ауыратындарды 
оңалтудың өз жүйесін әзірлеген, оның негізінде омыртқаның коррек-
циясы жатыр. Профессор ұлымды қолына алып, оның көзіне қарады 
да:  «Нәтиже болады, баланың көзі ақылды және әдемі, тек онымен 
айналысу керек» деді.
Трускавецке бірінші рет ұлымызды әйеліммен бірге апардық, ал 
екінші рет мен онымен өзім жалғыз бардым, Әмір небәрі біржарым 
жаста болатын. Туыстарымыз әйеліме «Сен оны неге жібересің?» де-
ген тәрізді  өкпе айта бастады. Менің достарым: «Дені сау баламен бір 
сағат отырсаң, әйелің келгенше тағатың таусылады, ал сен онымен 2 
апта бірге боласың …» деп таңданды, Мен ештеңеге де назар аудар-
мадым,  менің  ойымды  тек  ұлыма  көмектесуге  деген  тұжырым    би-
леді.
Трускавецтегі дәрігерлер бізге жігер беріп, қолдауда болды. Әри-
не, ем көптеген қаржыны талап етеді. Бірақ, туыстарымызға, доста-
рымызға,  бізге  көмек  көрсеткен  барлық  демеушілерге  алғысымыз 
шексіз.  Екінші рет барған уақытымда ұлым отыратын болды. Ал жүру-
ді тек 4 жасында бастады. Бұл сондай қуанышты сәт еді! Менің не-
мерем бірден асқан, ол енді жүгіріп жүр, бұл әрине, табиғи нәрсе. Ал 
Әмірдің әрбір қадамы, қимылы – оның және біздің жеңісіміз! Дені сау 
балалардың ата-аналарына мұны түсіну қиын. Егер жетілуінде шекте-

27
«Жетістік тарихы» кітабы
улер жоқ бала кенеттен вирус тигізіп, бір апта ауырса – бүкіл отбасы 
үшін проблема, ал мұнда бала жылына 365 күн ауырады.
2013  жылы  Трускавецте  емделудің  ақысын  төлеуге  Ерікті  Мейір-
бандық Қоғамы (ЕМҚ) көмектесті. Ем өте шипалы болды, Әміржан өзін 
жақсы сезіне бастады, оңды нәтижелер пайда болды. Негізі, мен ЕМҚ 
арадағы ынтымақтастығымыздың жалғасып келе жатқанына үшінші 
жыл болғанын, және онда тамаша адамдар жұмыс істейтінін айтқым 
келеді. Онда да әркімнің дерлік өмірінде балаға байланысты әлдебір 
оқиғалар  орын  алған.  Биылғы жылы  Әмір  екі  рет  ЕМҚ  Алматы  мен 
Астанада ұйымдастырылған концерттерге қатысты, ол екі ұжымның 
құрамында  би  биледі.  Мен  баланы  әлдебір  қызықты  іс-шараларға 
көбірек араластыруға тырысамын. Ал оның аяқ алысы жаман емес. 
2007  жылы  біздің  округта  қалалық  мәслихатқа  сайлау  өтті.  Сол 
жылы ұйғыр диаспорасының ақсақалдары мені біздің ауданның басы 
етіп  сайлады.  Депутаттыққа  кандидат  Ғалым  Садыбеков  мені  аудан 
адамдарының  өмірін  жақсартуға  бағытталған  өз  бағдарламасымен 
таныстырды.  Бұрын  депутаттыққа  кандидаттарды  жоғарыдан  тағай-
ындайтын, біз оларды тіпті көрмейтінбіз де. Ал қазір кандидаттың өзі 
бізге келді. Бұл біз үшін абырой және оның тарапынан құрмет болды. 
Жұмыстың барысында біз онымен етене жақындасып кеттік, ол Әмір-
мен танысты да, өзінің көмегін ұсынды. Біраз уақыттан соң клиникаға 
ұлымызды емдеуге ақша аударды. Біздің отбасымыз оған шексіз разы. 
2012 жылдың желтоқсан айында біз мүгедек балаларға арналған 
қайырымдылық концерт өткіздік және Ғалым Садыбеков оңалту орта-
лығының құрылысына 1 миллион теңге сыйлады. 
Үйдегі өміріміз арнайы кесте  бойынша өтеді. Таңертең тұру, жаттығу, 
тренажерлер, суық сумен  шайыну, ЛФК, бассейн, велосипед, швед қа-
бырғасы. Жаңа үйде ұлым үшін арнайы тренажерлерге арналған бөлме 
жабдықтаймын. Оның үстіне ауладағы дене тәрбиесі – сыпырамыз, су-
арамыз. Мен оны еркелетпеймін, қайта онымен шындап әрі қатаң ай-
налысамын.  Үнемі оның дербес болуы керек екенін түсіндіремін. Мен 
мәңгі болмаймын,  өмірден кететін күн де келеді, сонда оған бәрін де 
өзі атқаруы керек болады. Мен болашақта ол өзін қоғамда еркін ұстай 
алғанын, өзін кем сезінбегенін және, бірінші кезекте, адамдарға көмек-
тесіп, жақсылық жасағанын қалаймын. Ал жақсылық ешқашанда еле-
усіз қалмайды. Қытайдың мынадай мәтелі бар: «Жақсылық жаса да, 
оны суға лақтыр, күндердің күнінде ол саған қайтып келеді». 
2007 жылға дейін баламен әйелім отырды,  содан кейін әйелімнің 
жұмысқа  шығуына  байланысты  күтуші  қабылдадық.  Бір  күні  маған 

28
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
менің  досым  Рахымжан  келді  –  ол  біздің  молдамыз  –  және  біздің 
күтушіміздің  Әмірмен  серуендеп  жүргенін,  сонымен  қатар  темекі 
тартып,  бір  жігітпен  сөйлесіп  тұрғанын  көргенін  айтты.  «Егер  ұлың-
ды дұрыс өсіргің келсе, күтушінің керегі жоқ» – деген ақыл айтты ол. 
Күтушіні жұмыстан босаттық.  
Мен  өткерген  жылдарым  бойынша  зейнетке  шығуды  ұйғардым.  
ІІМ  жүйесінде  жұмыс  істедім,  қырық  жасымда  полковник  болдым, 
мансап  жолым  өте  сәтті  қалыптасты,  басшылық  мені  жібергісі  кел-
меді. Бірақ мен жұмыс пен баланың арасын таразылай алмадым,  бір 
жаққа апару керек болған әр кез сайын сұрануға тура келетін, оның 
үстіне менің бар ойым балам жайында болды, жұмыс жүрмеді. До-
старым менің шешімімді қолдады, ерте ме, кеш пе, бәрібір саған жұ-
мыстан кетуге тура келеді, ал сенің ұлың төсекте жатады да, бір күні 
сұрайды:  «Папа,  сен  неге  мен  жүре  алатындай  халге  жеткізбедің?» 
деп. Әмір тумай тұрып, мен зейнетке шыққанда немен  шұғылдана-
тынымды ойлайтынмын. Міне, Жаратқан маған шаруа берді.
Үш  жасқа  дейін  біз  Әмірмен  ешқайда  бармадық.  Бір  күні  маған 
екі жақын досым – Руслан Ниязов пен Аркен Халилов (олар да зей-
неткер полковниктер) келді де, былай деді: «Сен бұлай жынданасың, 
ұлыңды ал, жүр кеттік». Бүгінгі күні Әмір менің барлық достарыммен 
араласады, бәрінің аттарын біледі, олардың балаларымен ойнайды, 
олар оны жақсы көреді, қолдайды және тамаша түсінеді. Мен Әмірді 
достарымның  үйлерінде  қорықпай  қалдыра  аламын,  олардың  ара-
сында  өзін жақсы сезінеді. Достарымның арасында тек әріптестерім 
ғана емес, сонымен қатар өнер адамдары да бар, олар ұлыммен хо-
реографиямен  (Тахир  Баратов)  және  вокалмен  (Сахердин  Юсупов) 
кәсіби түрде айналысады, мен оларға бұл үшін өте разымын.
Ұлыммен барлық жерге барамын, мен оны мақтан тұтамын, онымен 
бірге  кісілердің  ортасында  жүргенде  қысылмаймын.  Ал  туыстарымыз 
артқа шегінді, бірдеңеден қорықты. Материалдық жағынан олар көмек-
тесті, бірақ моральдық, эмоционалдық қолдау болмады. Қаншама рет 
оларды Әмір өнер көрсететін концерттерге шақырдым, ұлымды демеу-
лерін сұрадым, олар келмейді: «Әй, жарайды», – деген жауап аламын. 
Достарым    отбасыларымен  бірге  келеді,  қол  соғып,  гүлдер  сыйлайды. 
Әйелімнің сіңлісі бір рет зайыбымен бірге Әмірді Қытайға апаруға келісті. 
Олар қонақ үйде бір бөлмеде тұрды. Үш күннен кейін сіңлісі үйге қайтып 
келді. Өйткені бұл өте қиын. Сен өз өзіңе ие болмайсың. Сен – оның қолы 
мен аяғысың. Сіңлісі бұл сынға шыдай алмады.
Әмірге ересек адамның үнемі көңіл бөлгені қажет. Біз онымен Тру-

29
«Жетістік тарихы» кітабы
скавецте болған уақытта, ол үнемі өзіне кітап оқып беруді өтінді. Тіпті 
түнде оянып алады: «Папа, кітап оқып берші». Ал менің көзім ұйқы-
дан ашылмайды, Мен біраз оқимын да «Тоқтай тұр, мен әжетханаға 
барып келейін» деймін де өзім онда ұйықтап қаламын. Мені қайта 
шақырады, мен оянып, оған қазір келемін деймін де, оның ұйықтап 
қалғанын күтемін.
Үш  жыл  бұрын  біз  Астанада  оңалту  орталығында  болдық.  Онда 
балалармен  негізінен  шешелері  жатады.  Бәрінің  өңдері  мұңлы, 
көңіл-күйлері төмен.  Мен бас дәрігерден кешке асханада жиналуға 
рұқсат сұрадым. Келісті. Менің шақырғаныма 10-12 ана келді. Бала-
ларды ұйқыға жатқызғаннан кейін, дастарқан жайып, түнгі сағат 2-ге 
дейін  кеңестік.  Мен  оларға  Әмір  туралы,  онымен  қалай  өмір  сүріп 
жатқанымыз туралы әңгімеледім. Олар маған: «Ауру бала – пробле-
ма» дейді. Мен оларға: «Ол проблема емес. Менің балам – қандай 
болса да, менің балам …» деймін.  Аналардың әрқайсысының өзінің 
ішіндегі  бар  сырымен  бөлісуін,  ақтаруын,  көз  жасын  төгуін  өтіндім. 
Білесіз  бе,  әңгіме  өте  жігер  беретіндей  болып  шықты.  Аналардың 
әрқайсысы  өз  күйеулеріне,  дәрігерлерге,  енелеріне,  аналарына, 
туыстарына деген ойындағысының бәрін айттты. Бірақ бәрі де шын 
жүректен  болды  және  олар  осыдан  кейін  шынымен  де  жеңілденіп 
қалды және  бәрі бірдей маған жемісті өткен кеш үшін алғыстарын 
айтты. Осы отырыстан кейін олар біраз сергіп қалды, күле бастады.
Айтпақшы, Трускавецте де 200 бала мен ата-ананың ішінде әкелер 
тек екеу ғана (менен басқа енді біреуі Мәскеуден), қалғаны аналар, 
әжелер. Менен жанашырлықпен сұрайды:
– Не, әйеліңіз кетіп қалды ма? 
– Жоқ, – деймін, – ол ақша табуда.
Рас,  соңғы  кезде  әкелер  жиірек  кездесетін  болды.  Бұл  жақсы. 
Әйелдер  клиникаларда  көп  әбігерленеді,  процедураларға  асығады, 
баланы көтеріп алып жүгіреді, ал біз Әмір екеуміз бәрін де асықпай 
жасаймыз.  Олар  біздің  әрдайым  ұқыпты  киінгенімізге,  асықпайты-
нымызға  және  бәріне  үлгеретінімізге  таңғалады,  оларды  бәрінен 
көп  таңдандыратыны,  екеуміздің  үнемі  әлдене  жайында  әңгімеле-
сетініміз. «Енді ше, – деймін. – Біз екеуміз доспыз ғой».  
Әмірді мәжбүрлеу мүмкін емес, онымен келісуге болады. Екі жа-
сында мен оны горшокқа үйреттім, оған дейін памперспен жүретін. 
Мен  одан  «Саған  памперспен  жүрген  жақсы  ма?»,  -  деп  сұрадым. 
«Жоқ», - дейді. «Онда келісейік, біз памперсті шешеміз, ал әжетханаға 
барғың келгенде, мені шақырасың». Әрине, оның үлгермеген кездері 

30
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
болды, бірақ мен оған ұрыспайтынмын, жуындырамын, киімін ауы-
стырамын, содан ол біртіндеп үйренді. Қазір ол бәрін өзі істей алады, 
бірақ  үйреншікті  әдетімен  ылғи  мені  шақырады.  «Сен,    менің  құй-
рығымды бәрінен жақсы жуасың» -дейді,
 Ерте сөйлей бастады. Онымен әңгімелескен қызық. Өте жұғым-
ды, сүйкімді. Ол адамдарды магнит секілді тартады, барлық жерде – 
ұшақта, поезда, күту залында – өзіне әңгімелесетін адамдарды тауып 
алады … Қасына барып: «Сәлеметсіз бе, менің атым Әмір. Ал сіздің 
атыңыз кім? Біз не туралы әңгімелесеміз? Не ойнаймыз?» деп сұрай-
ды, Ол ойынды ойлап таба алады немесе әңгіменің тақырыбын ұсына 
алады және ересек адам секілді пайымдайды. Киевке дейін бес сағат 
ұшу  керек,  ол  ұшақты  аралап,  әңгіме  соғады.  Бір  рет  поезда  ол  бір 
жігітпен футбол туралы әңгімеге кірісіп кетті. Әмір оны керемет жақ-
сы көреді. Жігіттің әйелі күйеуінің назарын әңгімеден бөле алмады: 
«Тоқтай тұршы, онымен әңгімелескен сондай қызық!».  Әмір барлық 
командаларды,  ойыншыларды  біледі,  ылғи  да  менен  өзіне  футбол 
рәміздемесі бар жейделер сатып әперуімді сұрайды.
Қазір  Әмір  арнайы  интернатта  оқиды.  Өзінің  3-ші  сыныбындағы 
ең мықты оқушылардың бірі. Оны ол жерде жақсы көреді,  тек жақ-
сы оқумен ғана шектелмейді, қыңырлық көрсетпейді, педагогтар мен 
қызметкерлерге  қиындық туғызбайды,   оны жалпы білім беретін ұй-
ғыр мектебіне бергіміз келді. Бірақ менің досым, мектеп директоры:  
«Балалар өте қатыгез, жәбірлеуі мүмкін»- деп райымыздан қайтарды. 
Алайда ол бәрібір мектепке барып тұрады, онда  шахмат клубына қа-
тысады. Қазір ұйғыр тілін үйренгісі келеді: «Папа, сен достарыңмен 
ұйғырша сөйлескен кезде, мен бәрін түсіне бермеймін», - дейді.  Қа-
зақша  біледі,  ағылшынша  үйреніп  жүр,  Қытайға  барған  уақытында 
қытайша, Украинада – украинша үйренді.
Кейде бір нәрсе оның қолынан келмейтін сәттер болады. Мысалы, 
қолдың треморының салдарынан ол нашар жазады. Соның кесірінен  
жылайды: «Неге мен бәрі сияқты емеспін?», - деп сұрайды. Оған мұ-
ның бәрі сенде уақытша ғана және бәрі де өз қолыңда. Ыждаһатпен 
шұғылдансаң, мұның бәрі өтіп кетеді. Бір рет мен Владимир Ильич 
Козявкиннен жазу туралы сұрадым. Ол онда тұрған қорқынышты еш-
теңе жоқ,  өзі де көптен бері ештеңе жазбайтынын, тіпті қол қою үшін 
де клише барын айтып жауап берді. Біздің өмірімізде бәрін де ком-
пьютер жасайды, ал ұлым компьютерді жақсы біледі.
Әмір кітап оқығанды жақсы көреді, әр кез кітап дүкенінде ол бір 
бума кітап таңдайды, рас, жартысын қалдыруға тура келеді, өйткені 

31
«Жетістік тарихы» кітабы
олар  арзан  тұрмайды.  Ал  достарым  оған  не  сыйлау  керек  екенін 
біледі.  Дәрігер болуды армандайды. Әрине, дейді, менің мына қол-
дарыммен оташы бола алмаймын, бірақ невропатолог бола аламын 
ғой, кеңестер беремін. Мен ол дегеніне жетеді деп ойлаймын. Онда 
мақсатқа ден қою, табандылық бар.
Бір күні  бізбен көрші тұратын өзінің сыныптасы Никитаның ата-
сынан өзінің өмірі туралы әңгімелеп беруді өтінді. Ақсақал өте таңғал-
ды және риза болды. Туған немересі оның өмірі қалай өткенін сұра-
майды,  ал  бөтен  баланы  бұл  қызықтырады!  Ұзақ  әңгімелеу  керек 
болады деді.
– Ештеңе етпейді. Мен тыңдай білемін, – деп сендірді оны Әмір.
Адамға құлақ сала және ести білу – дәрігер үшін керек қасиет. Ал 
менің ұлым оның үстіне адамға жақындай біледі. Жақында жаназа-
да болдық, ол шаршады да, көтерші деді. Менің белім ауырып тұр,  
Әбдірашид ағаға айт, қарашы  ол қандай үлкен және күшті. Ұлым оның 
қасына келіп:
– Осы жерде ең үлкен және күшті сіз екені рас па?
– Иә. Не болды?
– Мені көтеріңізші.
Әбдірашид  оны  құшақтап,  көтерді.  Онсыз  да  көтерер  еді,  бірақ 
бала жай өтінбеді, қайта оның шашбауын көтерді.
Мен  ұйғыр  диаспорасына  басшылық  ететінімді  айтқанмын.  Жұ-
мысымыздың  бағыттарының  бірі  мүгедек  балаларға  көмек  болды. 
Ал  одан  кейін  біз  достарымызбен  бірге  мүгедек  балаларға  көмек 
көрсететін қоғамдық қор құрып, оны «Әмір» деп атадық. Мен Әмір-
ге көмектесе алған екенмін, онда басқаларына да көмектесе аламын 
деп  ойладым.  Біз  барлық  балаларға  көмектесеміз.  Ауру  балаларда 
ұлт  болмайды,  олардың  барлығы  тең.  Өкінішке  қарай,  жыл  санап 
ауру балалардың саны өсіп келеді. БЦП жүйелі емдеуді қажет етеді, 
балалармен үнемі жұмыс істеу керек. Ол үшін балалар мен ата-ана-
лар кәсіби көмек ала алатын оңалту орталықтары керек. Біз Алматы 
облысының Ұйғыр ауданының әкіміне сондай орталық үшін жер бөлу 
туралы өтінішпен жүгіндік. Әкімдіктен бірден қолдау таба қоймадық, 
әкімдік оның неге керек екенін түсіне алмады. Түсіндіруге, дәлелде-
уге тура келді. Қорытындысында аудан орталығы Шонжа ауылында 
бүгінгі таңда 27 жүздік жер бөлінді. Ол аймақты таңдаған себебіміз, 
ол өңірде мүгедек балалар қаладағыдан кем емес, оның үстіне эко-
логиясы да жақсырақ. Көп ұзамай қазаншұңқыр қазуды бастаймыз. 
Біздің кезімізде біреулер мешіт, шіркеу, мектептер салады, ал біз сон-

32
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
дай орталық салуды ұйғардық. Біздің досымыз орталықтың құрылы-
сын салуға көмектесетін демеушілерді тапты.
Менің  үлкен  ұлым  Керімнің  өзінің  тренингілік  компаниясы  бар. 
Ол  тұлғалық  өсу  тренингілерін  өткізеді,  олардан  кейін  адамдардың 
құндылықтар ұстанымы өзгеріп, көздері ашылады. Көбісі біздің қорға 
еріктілер ретінде келеді. Олар өз қамқорлығына бір баланы алады да, 
оған нақты бір проблеманы шешуге (мысалы, мүгедектер арбашасын 
сатып алуға немесе емделуге баруға) көмектеседі, онымен, оның от-
басымен араласады, демеушілер іздейді.
Ең  бастысы  не?  Баланы  оның  қаз  қалпында  қабылдау  керек, 
онымен  өзіңді  тең  ұстап,  шын  сүюің  керек.  Сүйіспеншілік,  табан-
дылық, шыдамдылық. Жүйке, әрине, жұқарады. Бірақ нәтижені көр-
генде рақатқа бөленесің.
Айналаңдағылар үлкен рөл атқарады. Біздің айналамызда әрдай-
ым жақсы адамдар болады. Бір рет ұшақта бір бойжеткен «Әкеліңіз, 
оны мен ұстай тұрайын, сіз шаршаған шығарсыз», - деді. Оны барлығы 
да – мамасы да, ағалары да, менің достарым да – жақсы көреді және 
әлпештейді, ол біздің сүйіспеншілігімізді сезеді.  
 Екеуміз бір бірімізге өте бауыр басқанбыз. Кейде маған оны менің 
өзім туған секілді көрінеді. Бір рет әйелім ұлымнан «Сен мені ең бол-
мағанда 25% жақсы көресің бе?», - деп сұрады. 
– Мен сені 30%-ға, ал папамды 70%-ға жақсы көремін.
Әмір  балағаттамайды.  Өзі  тұрғанда  былапыт  сөз  айтқанды  жек 
көреді. Ол үшін мен темекі де шекпеймін, шарап та ішпеймін, доста-
рыма ұлым рұқсат етпейді деп түсіндіремін.
Өткен жылғы 29 желтоқсанда  ұлым екеуміз зәулім әдемі коттедж-
дердің қасынан өтіп бара жаттық. Ол «Қашан біздің жаңа үйіміз бола-
ды?», - деп сұрады,  «Асықпа, бір кездері болады». Бір жарым сағаттан 
соң досым қоңырау шалды: «Тез жет, үйің өртеніп жатыр». Қалжың ба 
деп ойладым, бірақ одан кейін тағы бір адам қоңырау шалды. Есең-
гірегенім басылғаннан кейін мен Әмірге: «Жаратқан сенің айтқаның-
ды  естіді.  Ол  бізді  сүйеді.  Жаңа  үй  саламыз»-дедім.  Суық  түскенге 
дейін үлгеру керек, сондықтан биылғы көктемде біз Трускавецке бар-
мадық, бірақ күзде міндетті түрде барамыз.

33
«Жетістік тарихы» кітабы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет