Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды


БАЛАНЫҢ ДАРАЛЫғЫН ҚАБЫЛДАУ КеРеК



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата12.03.2017
өлшемі16,81 Mb.
#9117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

БАЛАНЫҢ ДАРАЛЫғЫН ҚАБЫЛДАУ КеРеК
Иван Мармалиди түсірген фотосурет
Өзінің ұлы Клим туралы қостанайлық Любовь Леонидовна 
Мироненко әңгімелейді. Клим 2002 жылы туған. Қазір ол арнайы 
мектепте үйдегі оқуда. 4-ші сыныпқа көшті.
Бала біткенде, мен Клим, Климушка туатынын бірден білдім. Жүк-
тілікті  жақсы  көтердім.  Мені  жоспарлы  кесарлық  тілікке  дайында-
ды,  асфиксиядан  қорықты,  өйткені  менде  бұрын  жамбастың  сынуы 
болған  еді.  Операция  12  желтоқсанға  тағайындалды,  ал  11  желтоқ-
санның кешінен бастап, мен баланың қозғалғанын естуден қалдым. 
Ол кіндікпен оралып туды. 
Дәрігерлер проблемалар барын маған айтпады, бірақ мен ұлым-
ның басқа балалардан өзгеше жетіліп келе жатқанын байқадым. Кеш 
отыра  бастады,  9  айлығында  оның  алғашқы  тісі  шықты,  еңбектеуді 
ол бір жасқа толған күні бастады, бір жас екі айында жүрді, маймақ 
болды,  үнемі  аяғының  астына  емес,  аспанға  қарайтын,  жиі  құлады, 
үш жасына дейін сөйлеген жоқ, тек жеке буындарды «міңгірлейтін», 
бірақ мен оны жақсы ұғатынмын. Оның денесі ашыған қамыр секілді 

88
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
еді, оның бұлшық ет тонусы сондай әлсіз болды. Ол мені құшақтама-
ды, сүймеді. Мен тіпті мұның норма емес екенін түсінбедім. Кенже 
ұлым Никанор құшақтаған уақытта, баламның дәл осылай құшақтаған 
сәтін көріп, таңғаларлық жағдайда болдым. 
Балабақшада  Клим  балалармен  жиі  араздасты,  ойыншықтарын 
тартып  алатын  болды.  Ата-аналар  меңгерушіге  шағым  жаза  баста-
ды, мен ұлымды балабақшадан алдым. Осыдан кейін өзім дәрігер-
лерге бардым. Бізді ДЕСК-на жолдады, төрт жарым жасында Климге 
мүгедектік  берілді.  Маған  жабық  конвертті  беріп,  менің  оны  ашуға 
құқығым  жоқ  екенін,  ұлымда  орташа  ақыл-ой  кемістігі  және  гипер-
белсенділік  барын  айтты.  Мүмкін,  менің  бәрін  білмегенім  дұрыс 
болған да шығар. Ол кезде мен екінші балаға жүкті болатынмын. 
Диагноз қойды да, сонымен болды, қайда барсаң, онда бар. Клим 
бір секунд та отырмады, ол бақылауға көнбеді, үнемі тірлігін өзгертіп 
отырды, автобуста онымен жүру өте қиын болды, ол оның ішін үнемі 
аралап жүретін және құлайтын. Мен мұның бәрімен не істерімді біл-
медім. Әлеуметтік жұмыскерді берді, бірақ мен ұлымды онымен қал-
дыруға  қорықтым.  Ондай  сенбеушілікке  өркөкіректік  себеп  болған 
болар.
Глен Доманның кітабын оқып шықтым, ұлымды физикалық тұрғы-
дан дамыту керектігін түсіндім. Ол кезде басқа аналармен таныстым. 
«Радуга»  мүгедек  балалардың  аналарының  қоғамдық  бірлестігіне 
келдім.  Онда  балалар  үшін  суға  жүзу,  гимнастика,  музыкотерапия 
бойынша,  аналар  үшін  Монтессори  әдістемесі,  йога  бойынша  тегін 
сабақтар ұйымдастырылған болатын. Суға жүзумен және гимнастика-
мен күні бүгінге дейін айналысамыз. Монтессори тобына көп барған 
жоқпыз, онда түрлі диагноздары бар 6 бала болды, БЦП бар балалар 
әрине,  бәрін  әлдеқайда  сылбыр  жасайтын,  Клим  қалғандарын  тоса 
алмайтын. 
Ұлымды  массажға,  электрофарезге,  ЛФК  апардым.  Төрт  жарым 
жастан бастап бес жарым жасқа дейін біз логопедпен жұмыс істедік. 
Оның гипербелсенділігімен бұған орасан күш қажет болды. 
Содан кейін тағы бір диагноз – құлақтың мүкістігі қойылды, өйт-
кені ол дәрігерлер оған сөйлегенде елемейтін. Арнаулы балабақшаға 
жіберді.  Үшінші  күні  тәрбиеші  «Сіз  ұлыңыз  еститінін  білесіз  бе?»,  - 
дейді. Әрине, мен оны білетінмін. 
Бір жылдан соң жаңа комиссия балабақшаға жолдаманы мүлдем 
бермеді, мен онымен екі жыл үйде отырдым. 2009 жылы араларында 
5-6 ерекше бала бар дені сау балалардың әдеттегі тобына жолдама 

89
«Жетістік тарихы» кітабы
берді. Міне, осылайша ғажайып түрде (Құдай көмектескен болар) біз-
де инклюзия болып шықты. Ол балабақшадағы тәрбиешілер жақсы 
болды және ол онда ерекше проблемаларсыз және қақтығыссыз екі 
жыл болды, ал 2011 жылы арнайы мектепке барды. 
Мектепте  балалар  әр  түрлі:  Клим  –  мылжың,  ол  бағдарламаны 
жылдам меңгеріп отырды, басқалары жеткенше оған күтуге тура кел-
ді. Ол сыныптағы балаларға өзінің әуестіктері туралы әңгімеледі, олар 
оны  түсінбеді.  Батареялар,  сымдар  –  оның  әлемі.  Оларға  еңбектеп 
үйренген сәтінен бастап жай қарай алмайды. Ваннадағы шланг оның 
сүйікті ойыншығы болатын, ол оған үрлейтін, су бүлкілдеп, оны мәз 
қылады.  Әсіресе  оны  түрлі  тұрмыстық  аспаптардың  ішінде  не  бар 
екені қызықтыратын. Әлі күнге дейін машиналардың қасынан жай өте 
алмайды, жүргізушілерден ненің қалай екенін сұрастырады. Өнерта-
пқыш болғысы келеді. 
Ұлым үнемі түрлі амалдармен өзіне назар аудартатын (қаламсап-
пен  партаны  тықылдататын,  әжетханаға  жиі  баратын),  ол  үшін  көп 
ескерту алатын, басқаларды алаңдататын. Мен материалды жақсы-
рақ меңгеру үшін, оны үйде оқуға ауыстыруды өтіндім.
Клим А Бағдарламасы бойынша оқиды (А Бағдарламасы бойынша 
оқу аттестат және колледжге оқуға түсу құқығын береді, Б Бағдарла-
масы  бойынша  оқитындар  мектепті  бітіргені  туралы  анықтама  ала-
ды). Мұғалім аптасына екі рет келеді, онымен екі сағаттан айналыса-
ды. Ұлым оқиды, жазады, көбейту кестесін біледі, бөле біледі. Оның 
сөзі қалыпты. Ал дәрігерлер ол оқытуға жарамайды және жұмыс істей 
алмайды деген еді.
Қазір «орташа ақыл-ой кемістігі» диагноз алып, жаңасын қойды – 
«сараланбаған шизофрения». Мен алдымен оның дұрыс емес екенін 
дәлелдеуге талпындым. Содан кейін қойдым, бәріне әлденені дәлел-
деудің керегі не, жаза берсін. Диагноз бар, ештеңе істей алмайсың. 
Мен өз баламның жетіліп келе жатқанын көремін және бұл мені 
әрқашанда «судың бетінде» ұстайды, дегенмен, менің өлгім келген 
және өлім туралы ойлар үнемі ойымнан шықпайтын кезең болды. Бір 
күні Клим менен «Мама, сен ешқашанда өлмейсің ғой?», - деп сұра-
ды. Ол бұл сұрақты маған бірнеше рет қойды, мен оның мені, менің 
көңіл-күйімді түсінетінін және менен айырылып қалудан қорқатынын 
түсіндім. Мен өлім туралы ойлардан саналы түрде арылдым, сонда 
ұлым мазасыздануын қойды.
Мен екі баламен жалғыз қалған уақытта, өте қиын болды. Клим 
маған  менің  ішкі  проблемаларымды  жеңуге  көмектесті.  Бір  кездері 

90
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
мен «Орифлейм» косметикасымен айналыстым және оны ылғи өзім-
мен бірге алып жүрдім, ол болғанда мен өзімді батылырақ сезінетін-
мін. Мен бала кезімде ата-анамнан тиісті демеуді көрмедім, менде 
өзіме деген сенімділік жоқ еді, сондай болып өстім. Мен ешқашанда 
ерекшеленгім келмейтін, ал Клим әрқашанда назардың ұшында бол-
ды және маған өзгеруге – одан жеңіл араласуды, ашық, қарапайым 
болуды үйренуге тура келді. 
Бір күні ұлымның «рақмет», «мархабат» дегенді айтпайтынына на-
зар аудардым. Мен өзім оған мұндай сөздерді айтпағанымды, оған 
алғысымды білдірмегенімді, ал ол мені айна-қатесіз қайталайтынын 
түсіндім. Ал қазір ол маған сондай көп қошемет сөздер айтады! Ол 
мұны қайдан біледі? Папасы бізбен тұрмайды, көз алдында үлгі жоқ.
Диагноз қойған уақытта, алғашқы ой: «Неге бұл менің басыма кел-
ді?», - болды. Енді басты сұрақ «Не үшін?» емес, «Неге керек?» екенін 
түсінемін. Егер адам  ол өзіндегі бар нәрсені өзгертуі үшін берілгенін 
түсінсе, және өз өмірінде атап айтқанда нені қайта қарау керек екенін 
тапса, жағдаят өзгере бастайды. Нақты мысал: Клим қанша гипербел-
сенді  болса  да,  мен  ұлымнан  бетер  белсенді,  тіпті  құтырған  секілді 
болдым. Өзіме өзгерудің, сабама түсудің керек екенін түсіндім. Бала-
да біртіндеп гипербелсенділік жоғалды.
Ал,  осының  бәрі  де  балаларды  кезекті  жаттығуда  күтіп  отырған 
уақытымда, мен өзіме: «Люба, сен неғып отырсың? Тұр да, балалармен 
бірге жаттыға баста», - дегенімнен басталды. Олармен бірге каратэге 
барып жүрдім, қазір бірге суға жүзумен, гимнастикамен айналысамыз.
Дене жаттығулары бөгеттерді алып тастады, мен өзімді жеңіл, ер-
кін сезіндім. Тоңқалаң асуды жасаған қорқынышты, ал балаларға қа-
лай болды екен деген ойда болдым. Бұрын Климді мәжбүрлеуге тура 
келетін: «Клим, жаса! Клим, сөйту керек!», ал енді үлкені, де кішісі де 
итермелеусіз жаттығады.
Мен осы бала үшін, оның ашықтығы үшін Құдайға рақметімді айта 
бастадым. Клим байланысты оңай орнатады, автобустағы адамдар-
мен танысады, өзін өте табиғи ұстайды:
- Ал сіздің мамаңыз бар ма? Ал мынау менің мамам, оның жасы 
42-де.
- Қалай, шынымен 42-де ме?
- Иә, 41-де болған, қазір 42-де.
Мен  ол  үшін  ұялмаймын,  құдды  оның  миында  өмір  сүретін-
дей, оны өте жақсы ұғамын, тек аузын ашса, ал мен оның не туралы 
сұрағысы келгенін білемін.

91
«Жетістік тарихы» кітабы
Ол  өкпелеу  дегеннің  не  екенін  білмейді.  Кенже  ұл,  мысалы, 
өкпесін сақтайды, ренжиді, ал Клим өйтпейді. Адамдар оған әр түрлі 
қарайды. Автобуста қолдарында пакеттері бар бір әйел бүкіл ортаны 
жауып тұрды, Клим оны айналып өте алмай, тиіп кетті, ал ол бұған 
ашуланды: «Сен не, аурусың ба? Анықтамаң бар ма?». Мен оған мұн-
дай  жағдайларда  киіп-жарып  өтпей,  «Өтіп  кетуге  рұқсат  етіңіз»  деп 
сұрау керектігін түсіндірдім.
Басқа бір әйел, оның өзінің сырғасына қызыққанын көргенде, бы-
лай деді: «Саған ұнайды ма? Ұстап көргің келеді ме? Ұстап көре ғой».
Никанор  туғанда  Клим  қызғанды,  бауырын  ұратын  болды,  мен 
оларды  жалғыз  қалдыра  алмайтын  болдым,  азық-түлік  сатып  алуға 
тек түнде барып жүрдім, әйтеуір ол кезде тәулік бойы ашық дүкен-
дер  пайда  болды.  Бірақ  қазір  олар  тату-тәтті  өмір  сүреді.  Никанор 
ағасынан  көп  нәрсені  қабылдады,  дегенмен  әрине,  қызғанады.  Ол 
неліктен Климге рұқсат етілетін нәрселердің өзіне рұқсат етілмейтінін 
түсінбеді. Мен оған біздің Клим неге ондай екенін түсіндірмек болып 
көрдім.
– Түсіндің бе? – деймін.
– Иә. Оның көзі мен шашы басқа түсті.
Бір күні көшеден жылап келді. Сөйтсем, Климге балалар тиіскен 
екен. Ол қорғауға тырысыпты: «Бізді мазақтады! Мен ағам үшін жы-
ладым».
Мен өзіме мына сұрақты жиі қойдым: Климнің эгоизмі – диагноз-
дың  салдары  ма  әлде  дұеыс  тәрбиелемегеннен  бе?  Бір  рет  каратэ 
жаттықтырушысы баланың «жоқ» деген сөзді білмейтінін айтты. Мен 
таңғалдым,  бірақ  ұлыма  мұқият  көз  салғанда,  жаттықтырушымен 
келістім. Оның барлық диагноздарына байланысты Климге ауру секіл-
ді қарағанымды және оған көп нәрсеге жол беріп келгенімді түсіндім. 
Мен  өзім  үшін  ұлымда  ешқандай  диагноздар  жоқ  деп  шештім  де, 
өзімді онымен басқаша ұстай бастадым.
Баланың даралығын қабылдау және оған мойынсұну керек. Мен 
тым  асығатынымды  түсіндім.  Ұлымнан  тым  көп  нәрсені  қалаймын: 
егер  ол  6  жаста  болса,  онда  ол  3  жастағыдай  емес,  6  жастағыдай 
жетілген болуға тиіс. Содан кейін керегі не деп ойладым. Ол өз қарқы-
нымен жетілуде. Қолайсыздық, «олқылық» әрине, әлі де бар. Одан 
әрі не істеймін, әзірге білмеймін. Түйсікке үміттенемін. Бір ғана нақты 
білетінім – физикалық жаттығулар миды дамытады, демек суға жүзу-
мен  және  гимнастикамен  айналысуды  жалғастырамыз.  Сеніммен 
жеңбекпін – «Сендердің сенулеріңе қарай беріледі». Оған қоса, сүй-

92
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
іспеншілікпен. Сүйіспеншілік – біздің өміріміздегі ең қымбат әрі баға-
лы  нәрсе.  Нәресте  Климді  мен  үнемі  құшақтап,  сүйе  бергім  келеді. 
Анам «Сен оны сүйіп бітірдің», - деп күңкілдейтін. Әрине, сүйіс және 
құшақ – әлі сүйіспеншілік емес, дегенмен баламен физикалық байла-
ныс –  біздің  оған деген сезімдеріміздің  аса маңызды  көріністерінің 
бірі.  Сезім  машықпен  үйретіледі.  Бұл  өзіңмен  істейтін  қиын  жұмыс. 
Менің  таныстарым  маған  «Біз  сенің  Климді  қалай  жақсы  көретініді 
көреміз», - дейді. Мен Никанорды да жақсы көремін.
Ал ерекше балалардың ата-аналарына «Құдай әйелге ауру баланы 
қалай берді» мысалын әңгімелеп бергім келеді: 
Биылғы  жылы  100000  әйел  мүгедек  балалардың  аналарына 
айналады.  Сіздер  ол  аналардың  қандай  өлшемдер  бойынша 
таңдалатыны жайында ойланып көрдіңіздер ме? 
Мен Құдайдың қалай жердің үстімен қалықтап тұрғанын көзге 
елестетемін.... Ол мұқият шолып, өзінің Періштесіне зор көлемді 
Өмір Кітабына биліктерін жазғызады: 
«Науманн, Лиза: ұл. Жебеуші Періштесі – Маттеас.
Ферстер, Уте: қыз. Жебеуші Періштесі – Сицилик.
Больманн, Карола: егіздер. Жебеуші Періштесі… М-м-м, оларды 
Геральдке бер. Ол қарғыстарға бойы үйренген».
Ақыр  аяғында  құдай  бір  есімді  атайды  да,  күліп,  былай  дейді: 
«Бұл  әйелге  мен  мүгедек  баланы  беремін».  Періште  сұрақ  қояды: 
«Неліктен атап айтқанда оған, о Жаратқан? Ол сондай бақытты 
ғой!»
«Тап  сондықтан!»,  –  деді  Құдай,  –  «Мен  мүгедек  баланы  күлкі 
мен  қуаныштың  не  екенін  білмейтін  анаға  бере  аламын  ба?  Бұл 
сұмдық  болар  еді!»  «Бірақ  оның  тиісті  шыдамы  бар  ма?»,  –  деп 
сұрады Періште. «Мен оның тым шыдамды болғанын қаламаймын, 
әйтпесе ол өз өзіне деген аяныш пен күйініш теңізіне батып кетеді. 
Алғашқы есеңгіреу мен ашу-ызасы басылған соң, ол бәрін де тамаша 
еңсереді. Мен бүгін оны бақтым. Оның сондай сирек және аналарға 
сондай  қажет  дербестік  және  тәуелсіздік  туралы  түсінігі  бар. 
Түсінесің бе, мен оған берген бала өз әлемінде өмір сүретін болады, 
ал  әйел  оны  үнемі  өзінің  әлемінде  өмір  сүруге  мәжбүрлеуге  тиіс 
болады, ал бұл оңайға соқпайды». 
«Бірақ,  Жаратқан,  менің  білуімше,  ол  тіпті  саған  сенбейді!», 
–  деді  Періште.  Құдай  күлді:  «Оқасы  жоқ,  бұл  түзеледі!  Жоқ,  ол 
керемет лайықты! Оның эгоизмі жеткілікті». Періште демін ішке 
тартты: «Эгоизм? Сонда ол не, ізгілік пе?». Құдай басын изеді: «Егер 

93
«Жетістік тарихы» кітабы
ол кейде баладан қол үзіп отырмаса, ол мұның бәріне шыдамайды. 
Мен  сондай  баланы  сыйлайтын  әйел  ерекше  көмекке  мұқтаж 
болады.  Ол  әлі  білмейді,  бірақ  оған  қызығуға  болады.  Ол  бала 
айтқан сөзді ешқашанда әбден орынды, ал алғашқы қадамын – еш 
ерекшелігі жоқ нәрсе деп қабылдамайды. Оның баласы алғаш рет 
«Мама»  деп  айтқанда,  ол  ҒАЖАЙЫПТЫҢ  орын  алғанын  түсінеді. 
Егер  ол  соқыр  баласына  гүлдеген  ағашты  немесе  күннің  батуын 
сипаттайтын болса, ол мұны менің жаратқанымды санаулы адам 
ғана  көре  алатындай  көретін  болады.  Оған  мен  білетіннің  бәрін: 
Надандықты, Үрейді, Алдын ала қалыптасқан пікірді ұғуға рұқсат 
етілетін  болады  –  және  де  мен  оған  бұдан  жоғары  көтерілуге 
рұқсат етемін.
Ол ешқашанда жалғыз болмайды. Мен әрдайым, оның ғұмырының 
әр күні, әр минутында оның қасынан табыламын, өйткені ол жер 
бетінде  менің  жұмысымды  өзі  тура  осы  жерде,  менің  қасымда 
жүргендей тамаша атқарады!»
«Ал ол баланың Жебеуші Періштесі кім болмақ?», – деп сұрады 
Періште. Құдай күлді: «Айна жеткілікті болады»...

94
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
әЛи – БІзДІҢ ГеНеРАТОРЫМЫз ЖәНе 
ҚОзғАЛТҚЫШЫМЫз
Ақтілек Қуатұлы түсірген фотосурет
Аманбаев Манатбек Сағындықұлы – суретші, Беркамалова Роза 
Нұртазқызы – жоғарғы оқу орнында оқытушы. Олардың үшінші 
баласы Әли 2003 жылы туды. Қазір ол Саран қаласының ШДМ 
бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында 3-ші 
сыныпта оқиды. Отбасы Қарағандыда тұрады. 
Роза Нұртазқызы әңгімелейді.

95
«Жетістік тарихы» кітабы
Менің үлкен ұлым 22 жаста, ал қызым – 20 жаста. Менде үшінші 
баламмен проблемалар болады деген ой да болған жоқ. УДЗ бәрі де 
дұрыс қалыпта екенін көрсетті. Әли салмағы 3300 гр және бойы 51 см 
болып туды. Бірақ неліктен екенін білмедім, перзентханада дәрігер-
лер  әріптестерін  жиі  ертіп  әкеліп,  оларға  менің  ұлымды  көрсететін. 
Мен мазасыздана бастадым:
- Бір нәрсе дұрыс емес пе?
- Жоқ, ештеңе болған жоқ …
Дәлізбен  өтіп  бара  жатып,  кезекші  медбикенің  үстелінің  үстінде 
өзімнің  картамды  кездейсоқ  көріп  қалдым.  Шыдай  алмадым,  көз 
жүгірттім –Даун синдромы сұрақ астында. Мен дәрігерлерге жүгіріп 
барып, сұрақ жаудыра бастадым, олар әрине, жұбата бастады, гене-
тикалық  талдама  тапсыруға  кеңес  берді.  Талдама  біздің  қаупімізді 
растады.
Бүкіл отбасы үшін оның ғұмырының алғашқы жылы күрделі кезең 
болды. Ұлымыз өте әлсіз болды, ұзақ уақытқа дейін отыра алмады, 
1,5  жасында  жүрді.  Эмоциялардың  бұрқанысы  басылғаннан  кейін, 
мен  бізге  осындай  бала  бергені  үшін  Құдайға  алғыс  айту  керектігін 
түсіндім. Мен оны өз жүрегіммен қабылдадым. Даун синдромымен 
АҚШ пен Еуропада қалай жұмыс істейтінін зерделедім, түңілуге бол-
майтынын, оны өмірге барынша бейімдеу керек екенін түсіндім. Мен 
оны  үлкен  балаларымның  міндетіне  артпаймын.  Әлижан    көп  про-
блемаларын өзі еңсеретін болуға тиіс. Ондай балаларды қиындықтан 
қорғаштаған және қалқалаған уақытта, біз шын мәнінде бала туралы 
емес, өзіміз туралы ойлаймыз. Бала өз-өзіне қызмет көрсетіп, сөйлеп 
(ұлымыздың сөйлеуде проблемалары бар), оқып және жазып үйре-
нуіне тырысу керек.
Ол әрине, ерке, жұмысты ертерек бастап, еркелетпеу, қайта  жа-
уапкершілікке бейімдеп барынша жүктеу керек еді, мектепке де ер-
терек бару керек еді. Бірақ бәрі де тәжірибемен келеді, ал алдымен 
еш амал қалмаған секілді болып көрінді. Қазір Әли жарты күнге үйде 
өзі жалғыз қала алады,  өзі су ішеді, жеңіл тамақтанады, компьютерді 
өзі  қосады,  ютубтен сүйікті  мультиктерін, клиптерін  табады, онлайн 
мини-ойында (орыс бильярды және т.б.) ойнайды.
Ұлымыз 2 жасқа толған уақытта, біз оңалту орталығына Ольга Фе-
доровна Чумаковаға келдік. Әли ол кезде төртаяқтап еңбектейтін. 7 
жыл  бойы  орталыққа  мектепке  барғандай,  қырқүйектен  мамырға 
дейін барып жүрдік, ал жазда уақытымыздың көпшілігін табиғат ая-
сында  өткізуге    тырыстық,  Әли  суды  өте  жақсы  көреді.  Онымен  ло-

96
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
гопедтер,  дефектолог,  психолог  жұмыс  істеді.  Мамандардың  жеке 
жұмысындағы  жүйелілік  алға  қарай  жетелейді,  аз  да  болса  дұрыс 
қадамдарға жеткізеді (бала қиын, ерке, оларға Әлимен жұмыс істеу 
оңай болмады).
Біздің  өміріміздегі  маңызды  бір  сәт  тәуіпке  барғанымыз  болды. 
Ол ұлымды құшақтап алып, қолына ұстап көрді де, тасбақаның жұмы-
ртқалары керек деді. Оларды бізге туыстарымыз бен таныстарымыз 
Бішкектен әкеліп жүрді. Бір жұмыртқа 50 доллар тұратын. Таңертең 
аш қарынға кішкене ғана, сіріңкенің басындай мөлшерде қабылдау 
керек еді. Бір жылдың ішінде шамамен 15 дананы жеді. Бекіді, бұл-
шық еттер пайда болды, суық тиіп ауыратыны азайды. Қазір физика-
лық жағынан ол өз құрбыларынан кем қалмайды. Рас, тәуіп сол кезде 
еңбегі жабылмай тұрып ертерек әкелгенде, ол баланың басқа да про-
блемаларын шешуге көмектесе алушы еді дегенді айтты.
Ұлымызды  оқытатын  уақыт  келіп  жетті,  мектепті  таңдау  туралы 
мәселе тұрды. Таныстарымыз Саран қаласындағы ШДМ науқасы бар 
балаларға арналған облыстық №5 мектеп-интернат туралы айтты. Бұл 
мектеп ауласында гүлзарлар мен мүсіндер бар көне мекенжайға ұқ-
сас, онда ерекше атмосфера бар. Оны табалдырықтан аттағанда бір-
ден сезесің. Бір «барлауға» келген уақытта, Әлижан ол жерден кеткісі 
келмеді. Біз өзімізге керегі осы екенін түсіндік.
Мектеп директоры – Айгүл Қуанышқызы Әубәкірова Әлиді білетін 
болып шықты,  ұлым оңалту орталығына барып жүрген уақытта,  әді-
стемеші болып жұмыс істеген екен. Ол оны қуана қабылдады.
Сынып оқушыларға толық болды, онда психикалық жетілуі кешік-
кен (ПЖК) және Даун синдромы бар балалар оқыды. Бір айдан соң 
біздің сыныпты екіге бөлді. ПЖК бар балалар бөлек және біздің сы-
нып «Б бағдарламасы» бойынша. Даун синдромы және балалар ау-
тизіміне ерте шалдыққандар, ауытқуында және дамуында ұқсастық 
бар  балалардың  топқа  үйренуі  өте  қиын  және  баяу  болып  келеді. 
Осы орайда 2012 жылы біздің мектепке осы санаттағы балалар үшін 
ұйымдастырылған болатын.  Әрине, баланы аптаның бүкіл барысы-
на қалдырып кету оңай болмады (Саран Қарағандыдан 30 шм орна-
ласқан). Шамамен жарты жылдай бізде де, ұлымызда да бейімделу 
жүрді. Әлидің сыныбында ең көп дегенде 7-8 бала. Кесте өте икемді: 
түске  дейін  және  түстен  кейін  сабақ.  Сағат  13.00-ден  14.30-ға  дейін 
балалар демалады. Балаларға ыңғайлы болуы үшін, сынып бөлмесі 
жатынжай мен ойын бөлмесінің қасында орналастырылған (бұл ди-
ректордың идеясы болатын).

97
«Жетістік тарихы» кітабы
Біздің  мектепте  Айгүл  Қуанышевна  бастаған  тамаша  ұжым  бар. 
Мектепте жақсы материалдық-техникалық базасы және ең бастысы 
–шыдамды, мейірімді кәсіпқой мамандары бар, ал ол бұл жұмыстың 
өте маңызды, басты саласы.
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің арқасында қазір біздің баламыз-
дың дамуы жақсы деңгейге жетті. Интернатта ол көп нәрсені үйренді 
– аяқкиімін өзі киеді, киімін киеді, өз өзіне қызмет көрсетеді, кестеге 
және тәртіпке үйренді. 
Біздің  мұғаліміміз  Федоренко-Лыткина  Валентина  Викторовна  – 
жоғары дәрежелі маман: дефектолог, негізі арнайы мекемелеріндегі 
психолог маманы, бірінші білімі бойынша – бастауыш сыныптардың 
мұғалімі. Ол балаларды «нәзік» деңгейде сезеді, олармен әрқайсы-
сының ерекшеліктерін ескере отырып, қызыметіне жанымен берілген 
мамандар. Оған біздің біраз уақыттан соң ұлымыздың жүріс-тұрысын-
дағы өзгерістерді көргенде көзіміз жетті – ол қуана оянып, мектепке 
ықыласпен,  еркелік  танытпай  жиналатын  болды,  бұл  орайда  өзінің 
сыныптастары  мен  мен  сүйікті  мұғалімдерінің  аттарын  былдырлап 
айтып, қолын төсіне қойып, сабақ басталардың алдында мемлекеттік 
әнұранды орындауға кешігіп қалғысы келмейтінін түсіндіретін болды. 
Сабақтарда  Әли  мүсіндеумен,  аппликациямен,  сурет  салумен 
ықыласпен  айналысады,  дүниені  танып-білу  сабақтарын  жақсы 
көреді, оның сөйлеу қабілеті жетіле бастады. Ежіктеп оқи бастады. 2 
жылдың ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Валентина Викторовна 
Даун  синдромы  бар  балалармен  коррекциялық-педагогикалық  жұ-
мысқа арналған ОӘК әзірледі. Дәптерде балалардың сенсорлық са-
ласын дамыту көзделеді. Осы дәптер бойынша біз демалыс кезінде 
үйде жұмыс істейміз. 
Әдетте,  ата-аналар  ондай  баланы  өздерінен  алыс  жіберуден 
қорқады – қалай біз онсыз боламыз? Мен оларды түсінемін, өзімнің 
де басымнан өткен. Аналармен сөйлескенде, оларға мынадай сұрақ 
қоямын: «Балалар қалай өсіп, дамымақ,, сіздер оны ойламайсыздар 
ма?»
Жарты жыл бұрын қонақта болдық, ұлымыз пианиноны ашып, ой-
най бастады. Әуеннің балаға әсер етіп, ұнағанын байқадық. Валенти-
на Викторовна Әлижанның шығармашылыққа бейімділігі бар екенін 
айтады.  Әкесі  секілді  сурет  салғанды  жақсы  көреді,  ал  әріптерді 
жазғанды жақтырмайды. Осы бағытта ұстамақшы болдық. Оның өз 
еркімен айналысқанын қалаймын, өйткені ондай балалар онша шы-
дамды емес қой.

98
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Үлкен балалар өсіп келе жатқанда, оларды еркелеттік, ең жақсы-
ның  бәрін  беруге  тырыстық,  олардың  жасөспірім  шақтарында  про-
блемалары  да  болды.  Әли  туған  соң  отбасында  көп  нәрсе  өзгерді. 
Өмірдегі басым бағыттар  өзгерді.  Біз анағұрлым  тату болдық.  Қазір 
ол – біздің Күніміз. Біздің – генераторымыз және қозғалтқышымыз. 
Үлкен балаларымыз да өзгерді, олар түсіністікпен қарады, кішкентай 
бауырларына қамқор болды. Олар қазір жоғарғы оқу орындарында 
оқиды  –  үлкеніміз  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  шетелде,  ал 
қызымыз ҚарМУ-дың 1-ші курсын бітірді. Менің туғандарым Қараған-
дыда тұрады, күйеуімнің туыстары – Астанада. Жиені – дефектолог,  
туғандардың бізге деген көмегі айтарлықтай болды. Отбасының қол-
дауы маған кәсіби қызметімді үзбеуге мүмкіндік берді. Мен журнали-
стика кафедрасында жұмыс істеймін. Әлидің папасы 2004 жылы оқы-
тушылық жұмысын тастап, еркін суретшіге айналды. Бүгінгі күні ол ҚР 
Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 
Қазақстанның белгілі мүсіншісі және графигі.
Алишканың  арқасында  біздің  өмірімізде  құндылықтарды  қайта 
бағалау орын алды. Достарымызда бір қиыншылық  болып, олар оны 
«қайғылы жағдай» деп уайымдай бастағанда, мен оларға «Бұларың 
не, бұл деген түкке тұрмайтын нәрсе ғой!», - деймін, өйткені өмірде 
ең бастысы – денсаулық, бейбітшілік, татулық, сүйіспеншілік.

99
«Жетістік тарихы» кітабы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет