Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор


Қ.Қ. Шалғынбаева, Б.К. Оспанова



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40

Қ.Қ. Шалғынбаева, Б.К. Оспанова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
Қазақстан, Астана қ. 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Педагогика  тарихында  Еуропалық  білім  беру  тәжірибесіне  бірге  оқыту  феномені    деген 
педагогикалық идеяны енгізген атақты педагог И.Г. Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият 
кемістігі  бар  балаларды  сау  балалармен  бірге  оқыту  идеясы  XIX  ғ.  бірінші  жартысында  еуропалық 
мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.). 
Бұл  бағдарлама  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның  Конвенциясында  2006 
жылдың  13  желтоқсанында  енгізілген  болатын.  Инклюзивті  білім  беру  мәселесі  шет  елдерде  1970 
жылдан  бастау  алады,  ал  90  жылға  қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім  беру  саясатына  осы 
бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  «Балалардың  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбие  және  оқыту  мен  толық  қамтылуын 
және  «инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жетілдіруін»  қамтамасыз  ету  көзделген.  Білім  беру 
саласындағы  негізгі  халықаралық  құжаттарға  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 
дамуында тежелуі бар балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген [1]. 
Қазіргі  уақытта  дамуында  тежелуі  бар  балалар  саны  артып  отыр.Оларды  оқыту 
кеңейіп,түзетіп  қолдау  технологиялары  жетілдірілуде.  Алайда,  осы  жүргізілетін  жұмыстарды 
атқаратын мамандар даярлау мәселесін қарастыру бүгінгі таңда өте өзекті. 
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Білім  мен  ғылым  саласында  іске  асырылған 
қадамдық  іс-қимылдарды  талдаудың  әлсіз  жақтары  болып:  инклюзивті  білімнің  жеткіліксіз  дамуы 
мен педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі» айқындалған [2]. 
Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың 
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық 
қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.  
Инклюзивті  (франц.  inclusif  –  өзіне  енгізетін,  лат. include  –  ішіне  аламын, енгіземін)  немесе 
енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту 
үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин [4]. 
Инклюзивті  білім  берудің  негізіне  балалардың  кез  келген  кемсітушілігін  болдырмайтын, 
барлық  адамдарға  тең  қарым-қатынасты  қамтамасыз  етиетін,  бірақ  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері 
бар  балалар  үшін  ерекше  жағдай  жасайтын  идеология  жатады.  Осы  жаһандық  мәселеге  әлем 

179 
 
ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз  - барлық балаларды, соның 
ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 
бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді 
жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік 
мұқтаждықтарына  арнайы  қолдау,  яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат [1].  
Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 
балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы 
өмір сүру жағдайын қалыптастырады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  құқықтары  «Қазақстан  Республикасының 
балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік 
және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету  туралы»,  «Қазақстан  Республикасында 
кемтарларды  әлеуметтік  қорғау  туралы»,  «Арнайы  әлеуметтік  қызмет  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. 
Инклюзивті  білім  беру  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше 
қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  беру  үдерісінің  дамуы. 
Инклюзивті  оқыту  балаларды  оқу  үдерісіндегі  қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ 
берудің  жаңа  бағытын  өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге 
енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да 
өзгереді.  Инклюзивті  білім  беретін  арнайы  мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім 
алуға  мүмкіншілік  алады,  өйткені  олар  бір  –  бірімен  қарым  –  қатынас  жасауға,  айнала  қоршаған 
ортаны танып – білуге, қоғамдық құбылыстарды қабылдауға үйренеді. 
Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  –  балалардың  жынысына,  жас  ерекшеліктеріне, 
географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және  ақыл-есінің  жағдайына,  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайына  қарамастан,  сапалы  білім  алу  және  өздерінің  потенциалдық  дамыту 
мүмкіндігіне ие болу. 
Инклюзивті білім беру - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті  білім  беру  -  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне 
қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті  білім  беру  -  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері: 
1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 
анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.  Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету  -  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін 
жүзеге асыру. 
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді [1]. 
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру және болашақ педагогтарды даярлау мәселесін шетелдік 
ғалымдар:  И.И.  Лошакова,  Е.Р.  Ярская-Смирнова,  И.В.  Задорин,  В.И.  Михалюк,                              Е.Ю. 
Колесникова,  Е.М.  Новикова,  А.С.  Федоров,  С.В.  Алехина,  В.В.  Хитрюк  және  т.б.  зерттеді. 
Қазақстанда Р.А. Сулейменов, болашақ кадрларды даярлау мәселесін З.А. Мовкебаева зерттеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес 
инклюзивті  білім  беру  –  оқытудың  тиісті  білім  беретін  оқу  бағдарламаларына  білім  алушылардың 
өзге  де  санаттарымен  тең  қолжетімділікті,  арнайы  жағдайларды  қамтамасыз  ету  арқылы  дамытуға 
түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп 
оқыту  және  тәрбиелеу"деп  атап  көрсетілген.  Демек,  болашақ  педагогтарды  инклюзивті  білім  беру 
жүйесіне даярлаудың  өзектілігі айқын көрініс береді [3]. 

180 
 
Мектептерде,  қолданыстағы  білім  беру  тәжірибесінде  инклюзивтілік  қағидаттарын  жүзеге 
асырумен  байланысты  жүйелі  өзгерістер  жүруде.  Мұғалімнің  рөлі  мен  жауаптылығы  да  өзгеруде. 
Инклюзивті білім берудің осы сатысының маңызды сипаттамасы – инклюзивті тәсілді жүзеге асыруға 
қабілетті  жалпы  білім  педагогтары  мен  қолдаушы  мамандардың  жетімсіз  кәсіби  даярлығы.  Олар 
коррекциялық  педагогика,  арнайы  және  педагогикалық  психология  саласының  мамандары 
тарапынан,  денсаулық  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылар  ең  алдымен  түсетін,  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытуды  даралау  тәсілдерін  түсіну  және  жүзеге  асыруда 
мамандандырылған кешенді көмекті қажет етеді. Дегенмен, жаппай мектептің педагогтары үйренуге 
тиіс ең маңызды нәрсе – эртүрлі балалармен жұмыс істеу және осы алуантүрлілікті өзінің әр балаға 
деген педагогикалық тәсілінде есепке алу. Жалпы педагогикалық технологияларды, дамытушы сабақ, 
қолдау  технологиярының  және  балалар  ынтымақтастығының  модельдерін  әзірлеу,  ата-аналарды 
педагогикалық  үдерістерге  тарту  қажет.  Кәсіби  ынтымақтастық  тәжірибесін  табысты  ендіру 
балалардың мүмкіндігіндегі кедергілер мен шектеулерді, олардың табысына айналдыруға мүмкіндік 
береді. 
Біздің  елімізде  инклюзивті  білім  идеясына  қоғамның  қатынасы  әлі  де  болса  төмендігі 
байқалады.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  (газет,  журнал,теледидар,  радио)  арқылы  инклюзив 
идеясын  халыққа  жеткізу  жеткілікті  дамымаған  десе  де  болады.Көп  жағдайда  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  кейпін  «кемтар»,  «мүгедек»,  «әрдайым  материалдық 
жәрдемді қажет ететін» қоғам мүшесі ретінде көрсетеді. Инклюзивті білім беру проблемасын жүйелі 
түрде шешу қажет, яғни тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, 
нормативті-құқықтық,  экономикалық)  мемлекеттік,  аумақтық  деңгейде  келтіріп  шешім  қабылдау. 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  олардың  оқып,  білім  алуына  жағдай  жасау  енді-енді  қолға 
алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен 
тыс  сапалы  білім  беру  болып  табылады.  Өзгерістер  үш  құндылықты,  мазмұндық  және 
ұйымдастырушылық деңгейлерді қамтуы тиіс, соның ішінде: 
-
 
инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық және қаржылық қамтамасын әзірлеу;  
-
 
білім  беру  ұйымдарында  барлық  оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  есепке  алатын 
жаңа  оқу  ортасын  құру.  Түрлі  шектеулері  бар  балаларды  оқытудың  арнайы  құрылғылары  мен 
техникалық құралдарын мақсатты бөлу және қолдану; 
-
 
білім  беру  ұйымдарының  педагогтары  мен  қолдаушы  мамандарын  даярлау,  кәсіби  қайта 
даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру; 
-
 
мекен-жайына  барынша  жақын  орналасқан  білім  берудің  инклюзивті  жағдайларын 
ұйымдастыру;  
-
 
инклюзивті  білім  беруді  қамтамасыз  ететін  ресурстық  орталықтардың  әртүрлі  деңгейлі 
жүйелерін  (материалдық-техникалық  және  әдістемелік)  құру,  оның  ішінде  арнайы  (коррекциялық) 
мекемелердің әлеуетін қолдану; 
-
 
білім  беру  үдерісінің  құрылымы  мен  мазмұнының  вариативтілігін  білім  берудің  дербес 
маршруттарын, дербес оқу жоспарларын қолдану арқылы қамтамасыз ету; 
-
 
әртекті  білім  беру  ортасында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдістері  мен  педагогикалық 
технологияларын әзірлеу; 
-
 
инклюзивті  білім  берудің  барлық  сатыларында  түрлі  бұзылыстары  бар  балаларды 
психологиялық-педагогикалық қолдау технологияларын әзірлеу (мектепке дейінгіден жоғары кәсіби 
білімге дейін); 
-
 
білім сапасын бағалауды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту; 
-
 
жалпы  білім  беретін  мекемелерде  инклюзивті  үдерістерді  дамытудың  ғылыми-әдістемелік 
қамтамасын әзірлеу [4]. 
Инклюзивті  білім  беруді  жүзеге  асыру  ерте  және  мектепке  дейінгі  жастағы  дамуында 
проблемасы  бар  балаларға  коррекциялық-педагогикалық  көмектің  тиімділігіне,  оларды  кіріктіре 
тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл жалпы және тілдік дамудың 
жас нормасына тең немесе жақын деңгейіне қол жеткізуге жағдай жасайды және оған барынша ерте 
сатысында қалыпты дамып жатқан құрдастырының ортасына еніп кетуіне мүмкіндік береді. Сонымен 
бірге  ата-аналарды  (заңды  өкілдерді)  дер  кезінде  кеңес  беру,  қолдаумен  қамтамасыз  етуге  және 
қоғамды мүмкіндігі шектеулі адамды қабылдауға дайындауға арналған жағдайлар жасалуда. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік 
бағдарламасы.-Астана, 2010. 

181 
 
2.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  -  2019  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016. 
3.
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 2007 жыл. 
4.
 
Қожамберлиев Б. Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері. – Қызылорда, 2016. 
 
 
УДК: 930 
Е.С. Першина, Л.Ю. Дробяцко 
КГУ «Вспомогательная школа – интернат» УО ВКО г. Семей 
Казахстан, г. Семей 
 
НЕТРАДИЦИОННЫЕ УРОКИ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЧТЕНИЯ 
ДЛЯ РАЗВИТИЯ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ В СИСТЕМЕ ОБУЧЕНИЯ ДЕТЕЙ 
С ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ НЕДОСТАТОЧНОСТЬЮ 
 
Критическое мышление (англ. critical thinking) – система суждений, которая используется для 
анализа  вещей  и  событий  с  формулированием  обоснованных  выводов  и  позволяет  выносить 
обоснованные  оценки,  интерпретации,  а  также  корректно  применять  полученные  результаты  к 
ситуациям  и  проблемам.  В  общем  значении  под  критическим  мышлением  подразумевается 
мышление более высокого уровня, чем мышление докритическое. 
Критическое  мышление  –  способ  мышления,  при  котором  человек  ставит  под  сомнение 
поступающую информацию, собственные убеждения. 
Существует  мнение,  что  переход  к  критическому  уровню  мышления  в  том  или  ином 
сообществе – необходимая предпосылка для начала цивилизационного развития данного сообщества. 
В  узком  смысле  критическое  мышление  означает  корректную  оценку  утверждений.  Также 
характеризуется как «мышление о мышлении». Одно из распространённых определений – «разумное 
рефлексивное  мышление,  направленное  на  принятие  решения  чему  доверять  и  что  делать».  Более 
подробное  определение  –  «интеллектуально  упорядоченный  процесс  активного  и  умелого  анализа, 
концептуализации,  применения,  синтезирования  и  оценки  информации,  полученной  или 
порождённой  наблюдением,  опытом,  размышлением  или  коммуникацией,  как  ориентир  для 
убеждения и действия». 
Набор  ключевых  навыков,  необходимых  для  критического  мышления,  включает  в  себя 
наблюдательность,  способность  к  интерпретации,  анализу,  выведению  заключений,  способность 
давать  оценки.  Творческое  воображение,  ценностные  установки  и  в  меньшей  степени  выраженная 
эмоциональность также являются составными частями критического мышления. 
Определение  критического  мышления  обычно  включает  в  себя:  умение  прогнозировать 
ситуацию, наблюдать, обобщать, сравнивать, выдвигать гипотезы и устанавливать связи, рассуждать 
по  аналогии  и  выявлять  причины,  а  также  предполагает  рациональный  и  творческий  подход  к 
рассмотрению любых вопросов. 
Восприятие информации происходит в три этапа, что соответствует таким стадиям урока: 
1)
 
подготовительный – стадия вызова; 
2)
 
восприятие нового – смысловая стадия (или стадия реализации смысла); 
3)
 
присвоение информации – стадия рефлексии. 
В  технологии  критического  мышления  существует  множество  методических  приемов  для 
реализации целей разных фаз базовой модели урока. 
Инновация  -  нововведение,  новшество,  изменение.  В  историческом  плане  новизна  всегда 
относительна. Она носит конкретно-исторический характер, то есть может возникать раньше «своего 
времени», затем может стать нормой или устареть. Развитие критического мышления через чтение и 
письмо является системой методических приёмов, предназначенных для использования в различных 
видах,  областях  и  формах  работы.  Технология  позволяет  добиться  умения  выражать  свои  мысли, 
вырабатывать своё мнение, умения решать проблемы, самостоятельно заниматься, работать в группе. 
Нетрадиционные уроки способствуют заинтересованности детей, пробуждают их интерес к предмету, 
развивают  и  обогащают  речь  учащихся.  Развитие  речи  –  важнейшая  задача  обучения  во 
вспомогательной  школе,  так  как  речь  –  основа  всякой  умственной  деятельности,  средство 
коммуникации. 
При  работе  над  развитием  речевой  и  мыслительной  деятельности  необходимо  учитывать 
характерные признаки умственного и психического развития детей с ограниченными возможностями: 

182 
 
-
 
замедленность, заторможенность в восприятии новых знаний, 
-
 
слабость ориентировки в пространстве и времени, 
-
 
несформированность психических процессов, 
-
 
отсутствие любознательности, 
-
 
незрелость эмоционально-волевой сферы, 
-
 
системное нарушение речи, которое связано со слабой мотивацией к речевой деятельности. 
Значит, в работе над развитием речевой, а значит и мыслительной деятельности, для детей с 
ограниченными  возможностями  одним  из  основных  факторов  является  создание  ситуаций, 
порождающих речевой мотив. 
Именно  такой  речевой  мотив  в  процессе  коррекционного  обучения    возникает    в  ходе 
нетрадиционных  или  нестандартных  по  форме  уроков.  Учебный  материал,  представленный  в 
необычной,  игровой  форме  прочно  усваивается  детьми,  позволяет  им  учиться  языку  с  увлечением, 
удовольствием, не утомляясь от обилия информации. 
Такие уроки не имеют определённой структуры. Наличие занимательности и новизны, как в 
построении    урока,  так  и  в  подборе  дидактического  материала  –  вот  то,  что  отличает  их  от 
традиционного урока. 
Нетрадиционный  урок  предполагает  методы  стимулирования  к  учению  -  это  и 
занимательность,  использование  различных  игр,  создание  ситуаций  эмоционально-нравственных 
переживаний, ситуаций новизны, опору на жизненный  опыт. 
Виды нетрадиционных уроков: 
-
 
Урок – сказка, 
-
 
Урок – путешествие, 
-
 
Урок – игра, 
-
 
Урок телевизионных передач, 
-
 
Урок – аукцион, 
 
-
 
Урок – концерт,  
-
 
Урок – конкурс, 
-
 
Урок постановки фильмов и др. 
Такие  уроки  используются    на  этапе  закрепления  и  обобщения  изученного  материала, 
контроля и учёта знаний, умений и навыков  учащихся.  
Уроки – путешествия больше используются на уроках русского языка. Это и «Путешествие в 
Страну  Грамматику»,  в  страну  «Глаголию»,  «Космическое  путешествие  в  страну  Числительное», 
«День рождение глаголов», «В гости к местоимениям», урок – игра «Как человек придумывал слова» 
(сложные  слова),  урок  –  экскурсия  «Астана  –  столица  нашей  Родины»  (окончания  имён 
прилагательных) и др.  
На  уроках  чтения  путешествуем  в  страну  Басен,  Загадок,  Сказок,  Путешествие  в  страну 
«Берёзового ситца» и т.д. Главное - вызвать интерес к учению, к результату, добиться максимального 
воздействия  на  эмоционально-волевую  сферу  учащихся  с  интеллектуальной  недостаточностью.  На 
таких  уроках  исчезают  проблемы  дисциплины,  ребята  работают  с  увлечением  с  интересом,  они 
становятся  главными  действующими  лицами  на  уроке,  они  думают,  читают,  пишут,  обсуждают, 
принимают решения. 
Используя  на  уроках  некоторые  формы  работы  по  технологии  РКМЧП,  например  Кластер, 
Мозговой штурм, Большой круг, Диаграмму Венна, Синквейн и др. можно добиться образовательной 
мотивации, выработать собственное отношение к изучаемому материалу. 
В процессе подготовки к таким урокам не стоит забывать этапы традиционных уроков, учёт 
индивидуальных  особенностей  детей,  дифференцированный  и  индивидуальный    подход  к  детям  с 
ограниченными  возможностями  по  всем  четырём  типологическим  группам.  Задания  и  вопросы 
готовятся для разных групп детей. 
Какие же требования можно сформулировать к нестандартным урокам? 
-
 
Урок должен носить коррекционно-развивающий и воспитательный характер.  
-
 
Материал  урока  должен  быть  изучен,  усвоен  и  доступен  пониманию  детей  с 
интеллектуальной недостаточностью. 
-
 
Подбор  материала  должен  быть  ярким,  красочным,  занимательным,  предполагающим 
неожиданные сюрпризные моменты 
-
 
Использование  необходимого  опорного  материала  для  создания  ситуаций  успеха  в  ходе 
урока для каждого учащегося. 

183 
 
-
 
Организация  индивидуальной  помощи  каждому  ученику  с  учётом  его  возможностей  и 
особенностей. 
-
 
Заблаговременное распределение ролей учителем совместно с учащимися при подготовке к 
уроку.  
-
 
Создание  разнообразных  ситуаций,  предполагающих  многократное  повторение  изученного 
материала. 
Нетрадиционные  уроки  всегда  вызывают  интерес  у  детей,  удовольствие,  а  значит, 
настраивают их на запоминание, активность на уроке, помогают достичь желаемых результатов. 
Список литературы: 
1.
 
Аксенова А.К., Галунчикова Н.Г. Развитие речи на уроках грамматики и правописания. Пособие 
для университетов. – М.: Просвещение, 2002. 
2.
 
Андерсон Д. Думай, пытайся, развивайся. / Пер. с англ. — СПб.: Азбука, 1996. 
3.
 
Бутенко А.В., Ходос Е.А. Критическое мышление: метод, теория, практика. Учебно-методическое 
пособие. - М.: Мирос, 2002.  
4.
 
Гущин Ю.Ф., Смирнова Н.В. Оценка уровня развития критического мышления учащихся: сайт. — 
URL: http://psyhoinfo.ru/ocenka-urovnya-razvitiya-kriticheskogo-myshleniya-uchashchihsya 
5.
 
Ефименкова  Л.Н.  Коррекция  устной  и  письменной  речи  учащихся  начальных  классов.  Пособие 
для логопеда. – М.: ВЛАДОС, 2001. 
6.
 
Методика  обучения  русскому  языку  в  коррекционной  школе.  Учебник  для  студентов 
дефектологического факультета педвузов. – М.: ВЛАДОС, 2002. 
7.
 
Халперн Д. Психология критического мышления.- СПб.: Питер, 2000.  
 
 
ӘӨЖ: 375.2 
М.Б. Раймханова 
«Бақыршық орта мектебі» КММ 
ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті 
 
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ - БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ 
 
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан 
жағдайда  оның  мұғалімдігі  де  жойылады.  К.Д.Ушинский  ақпараттық  кеңістікті  кеңейтіп,  әлемдік 
қоғамдастыққа  мүше  болу  жағдайында  білім  беру  саласында  елдің  саяси-экономикалық  даму 
деңгейінің  критерийлері ретінде  адами  ресурстарды  қалыптастырудағы  рөлі  артып отырған кезеңде 
білім беру жүйесін жаңа талаптарға бағдарлаудың маңызы зор болып табылады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - 
ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, 
оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту 
міндеттері  атап  көрсетілген  [1].  Аталған  міндетттерді  жүзеге  асыру  үшін  оқытудың  заманауи 
технологияларын  енгізу  арқылы  және  оларды  тиімді  пайдалану  секілді  мәселелерді  анықтап  алу, 
білім  беру  жүйесіндегі  басты  ұстаным  ретінде  әркімнің  өзінің  білім  алуға  деген  жеке  әлеуетін 
қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. 
Қазақстанда  білім  беруді  жаңғырту  -  бүгінгі  заманның  талабы.  Қазіргі  таңда  жаңа 
технологиялармен  оқыту  жүйелі  түрде  жолға  қойылып  келеді.  Оған  мамандарды  қайта  оқыту, 
заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру 
сынды  мысалдарды  айтуға  болады.  Еліміздегі  білім  беру  жүйесін  жетілдірудің  басты  мақсаты  - 
еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету 
үшін төмендегідей міндеттер қойылуда: 
-
 
оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу; 
-
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық 
білім беру жүйесіне тарату; 
-
 
педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру; 
-
 
педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары 
оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту; 

184 
 
-
 
мектепке  дейінгі  тәрбиенің  жаңа  сапасына  көшу.  Қазіргі  кезде  әлемде  мектепке  дейінгі 
тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда; 
-
 
кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру; 
-
 
білім беру саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу; 
-
 
мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту. 
Қазіргі  заман  талабы  -  көптілді  оқыту  және  көптілді  меңгерген  маман  дайындау.  Бұл  бағыт 
бойынша  да  жұмыстар  басталып,  жүргізілуде.  Қазақ  тілі  -  ұлтымыздың  рухы,  рухани  байлығы. 
Тіліміздің  дамуы,  қоғамдағы  орнын  нығайту  және  қалпына  келтіру  жолында  білім  саласының 
жауапкершілігі ерекше [2]. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру 
мәселесіне  қатысты  біраз  пікірлер  айтылды.  Жолдауда  еліміздің  ұзақ  мерзімді  дамуындағы  негізгі 
басымдықтарды  бірі  ретінде  білім  беру  саласы  қарастырылған  екен.  Бұл  маңызды  құжатта  ұсыныс 
ретінде  2050  жылға  дейін  әлемдегі  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  енуі  үшін  жеке  және 
мемлекеттік  білім  беру  мекемелері  ұсынатын  оқыту  қызметтерінің  арасындағы  алшақтыққа  жол 
беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. 
Еліміздегі  білім  жүйесін  дамыту  -  дәуір  талабы  екенін  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  да  айқындап 
берді [3].Сол себепті Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі  - ол бүгінгі 
күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын 
тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің 
болашағының  бүгінгіден  де  нұрлырақ  болуына  ықпал  етіп,  алға  апаратын  күші  білімге 
байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Білім 
саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең - бұл жаңа 
дәуір,  жаңа  көзқарасты,  жаңашылдықты  талап  ететін  кезең.  Сонымен  қатар  бірінші  кезекте,  білім 
беру  сапасы,  сапалы  дайындалған  педагогтармен  анықталады.  Білім  беру  ұйымдарындағы 
педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыруды  қамтамасыз  ету  және  олардың  ішіндегі 
біліктілікті  арттыру  бағдарламаларын  жаңарту,  бірқатар  міндеттерді  шешудегі  берілген  ресурсты 
дамытуды  қамтамасыз  етуді  көздейді,  білім  алудағы  оның  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  тез 
өзгермелі  әлемдегі  табысты  қамтамасыз  ету,  мемлекеттің  экономикалық  дамуы  үшін  адамдық 
капиталдың  бәсекеге  қабілетті  дамуы  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудағы 
зияткерлі  жан  дүниесі  дамыған  Қазақстан  Республикасының  азаматын  жалпыға  білім  беретін 
мектептерде қалыптастыру болып табылады. 
Біліктілік арттыру - «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі. Адамның 
өмір бойы білім алуы  міндетті түрде институт тамамдап, диплом алу емес, өмір бойында біліктілік 
арттыру  арқылы  өзін-өзі  жетілдіріп  отыруы,  тұлғалық  қажеттіліктеріне  сәйкес  білім  алуы.  Бүгінгі 
күні біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан біліктілік арттыру аса өзекті. Себебі бұл маманның 
негізгі  жұмысынан  қол  үзбей-ақ  білімін  жетілдіруіне  мүмкіндік  береді.  Қашықтықтан  оқытуды 
кеңінен  алып  қарастыратын  болсақ,  оның  негізінде  ХХІ  ғасырдың  жаңа  парадигмасы,  басымдығы 
ретінде танылған Smart education жатыр. 
Smart  education  -  бұл  ортақ  стандарт,  келісім  мен  технология  негізінде  Интернет  желісіндегі 
бірлескен  білім  берушілік  әрекетті  жүзеге  асыру  мақсатында  құрылған  оқу  мекемелері  мен 
профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі. Яғни бұл контентті бірлесіп құру және пайдалану, 
бірлесіп оқыту деген сөз. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі оқыту»,  - бұл  барлық әлемнің 
контентінің  көмегімен  еркін  кіруге  болатын  интерактивті  білім  ортасындағы  икемді  оқыту.  Smart 
education  ұғымының  мәні  -  білімнің  кең  көлемді  қолжетімділігі.  Өз  кезегінде,  «жетелі  оқытудың» 
мақсаты - білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай 
тұрғы оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі 
қол  жетімді  болады.  Кітаптық  контенттен  белсенді  контентке  көшу  «жетелі  электронды  оқытуға» 
көшудің  тағы бір жағдайы  болып  табылады. Білімді  электронды  түрде  берудің  нәтижелілігі  артады 
[4]. 
Көптеген  дамыған  елдерде  стандарт  болып  табылатын  Smart  Education-ның  негізгі  идеясы 
қандай екен? Негізі «Кешегі күні» оқушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен 
бірге  оқушы  өз  білімін  толықтыру  үшін  кітапханаға,  яғни  дәл  сол  мұғалім  кеңес  берген  кітапқа 
жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен оқушыға ғана емес, оқушылар арасында өзара беріледі. Бұл 
білімнің  жаңа  деңгейі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  қазіргі  таңда  әр  түрлі  ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  қолданысқа  енгендіктен,  оқытушы  оқушыға  білім  беру  үшін  әр 
түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады. 

185 
 
Ал «ертеңгі күні» Интернет оқушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім 
объектілерінің  кез  келген  бағытта  оқытушыдан  оқушыға,  оқушыдан  оқытушыға  немесе  оқушыдан 
оқушыға  жылжуы  болып  табылады.  Smart  Education  оқытушылардың  контенттермен  алмасуына 
мүмкіндік  беретін  әлеуметтік  желілер  мен  интернет-қоғамдастықтардың  дамуын  талап  етеді.  Web-
технологиялар  қарқынды  түрде  дамып  келе  жатырған  қазіргі  кезеңде  кітапқа  бағытталған  дәстүрлі 
білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал 
Smart  Education  білімді  синхронды  түрде  жеткізеді,  яғни  сайтта  жарияланған  ақпаратты  оқу 
материалына айналдырады [5]. 
Smart Education - бүкіл әлемнің оқытушыларының, оқушылардың және олардың білімдерінің 
бірігуі,  яғни  білім  беру  жүйесінің  дамуының  жаңа  стратегиясы.  Олай  болса,  еліміз  Қазақстанның 
интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын. 
«Smart» ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық 
сипатта  да  осы  мағынада  жұмсалады.  Яғни,  ақылды  технология,  ақылды  техника,  пайдалануға 
ыңғайлы,  мейлінше  ықшам,  көп  функциялы  құрылғыларды  атайды.  Ал  педагогикалық  үдеріс 
тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген 
жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады. «Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең 
тиімдісі.  Себебі  бүгінгі  жаһандану  заманында  күнділікті  келіп  жатқан  ақпараттар  легі  ішінен  ең 
қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, нақты орындалатын, шынайысын таңдайды. 
ХХІ ғасыр - технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің 
қарапайым  күнделікті  дағдысына  айналып,  ақпараттық  технология  адам  өмірінің  маңызды  бөлшегі 
болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды 
адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әр 
түрлі  бағытта  дамуына  мол  мүмкіндік  береді.  Адам  үйде  отырып-  ақ,  кәсіпкерлікпен  де,  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарымен  де,  шығармашылықпен  де  айналыса  алады.  Әлеуметтік  желілер  арқылы 
адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның 
өзіндік  ойлауы,  әрекетке  шығармашылық  тұрғыдан  қарап,  ыңғайлы  жол  таба  білуі  маңызды  болып 
табылады.  Бұл  өзгерістер  алдымен,  білім  саласына  тікелей  байланысты.  Соған  орай  білім  берудің 
жаңа  философиясы  қалыптасып,  модернизация  қарқынды  жүріп  келеді.  Білім  беру  саласында 
дәстүрлі  оқыту  электронды  оқытуға,  электронды  оқыту  smart  оқытуға  ауысты.  Орта  білім  беруде 
оқушылардың  өздігінен  дербес  білім  алуына  басымдық  берілсе,  біліктілік  арттыру  жүйесінде 
қашықтықтан  оқыту,  корпоративті  оқыту  кеңінен  қанат  жайды.  Ендігі  міндет  –  сол  алған  білімнің 
адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту [6]. 
Қорыта  келе,  қазіргі  талаптың  басты  міндеті  -  педагог  мамандардың  кәсіби  құзырлығын 
қалыптастыру  мен  біліктілігін  үздіксіз  арттыруды,  ғылыми-  әдістемелік  қызметтің  жаңашылдығын, 
түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі 
заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, 
шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны 
меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуда.Адамның  жақсы  білім  алуын,  табысты  оқуын,  ақыл-ойының 
дамуын  жоғары  дәрежеде  ұйымдастыру  егеменді  елімізді  одан  әрі  дамытатын  азаматтарды 
тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады.  
Әдебиеттер тізімі: 
1
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы//Алматы, 2010. 6 б. 
2
 
Бакирбекова  А.М.,  Жолбасарова  А.Б.  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесін  жетілдіру/Астана, 
2015/[Электрондық ресурс]: 
http://martebe.kz/bilim-beru-
 zhuiesin-zhetildiru. 
3
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  дамыған  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  - 
Қазақстан халқына Жолдауы - Егемен Қазақстан, 17.01.2012 ж. 
4
 
Даулетова В.А. Smart-education: келешекке бағытталған білім. Электронный ресурс]:
http: //zkoipk. 
kz/ru/b2/326-conf. html
 
5
 
Первая  международная  конференция  по  применению  смарт  технологий  в  образовании  «Смарт-
образование» 2014. [Электронный ресурс]: http // stet - Kesinternational .org. 
6
 
Шабажанова  С.  Smart  education:  біліктілік  арттырудағы  соны  көзқарас,  жаңа  басымдық  - 
қолжетімді білім, тиімді тәсіл.  
7
 
Электронный ресурс]: http: http: //orleupvl. kz/ru/novo sti/512-smart-education-blktlk-arttyruday-sony-
kzaras- zhaa-basymdy-olzhetmd-blm-timd-tsl 
 
 
 
 

186 
 
УДК: 378.331.07  
А.У. Сабалакова 
Государственный университет имени Шакарима города Семей 
Казахстан, г. Семей 
 
ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ПРИНЯТИЯ УПРАВЛЕНЧЕСКИХ РЕШЕНИЙ 
В СФЕРЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ: МНЕНИЯ ЭКСПЕРТОВ 
 
Методология исследования принятия и разработки управленческих решений и их влияние на 
организационный  процесс  вуза  включала  в  себя  анкетный  опрос  респондентов,  которые  в  своей 
профессиональной  деятельности  ежедневно  соприкасались  с  реальным  процессом  разработки  и 
принятия управленческих решений. В опросе приняли участие 116 эксперта из 12 вузов Казахстана.   
Методологическим  основанием  управления  высшей  школой  является  продуктивное 
взаимодействие  вуза  с  образовательными  и  научными  учреждениями  региона,  органами 
государственного управления, предприятиями, бизнес-структурами, общественными организациями.  
В своем опросе мы хотели выяснить у экспертов, на что они опираются, когда они принимают 
определенное  решение.  Результаты  опроса,  показывают,  что  большинство  экспертов  (53%),  при 
разработке  и  принятия  решения  опираются  на  свой  личный  опыт.  Руководитель,  обладающий 
солидным  опытом  работы,  отличается  умением  чувствовать  еще  только  зарождающиеся  проблемы, 
их  роль,  значение  и  возможные  последствия,  формулирует  для  себя  суть  проблемы  уже  в  ходе 
получения первичной информации и глубже вникают в нее при последующем непрерывном изучении 
и оценке обстановки.По мнению, 31% экспертов, принимая решение, они пользуются также мнением 
«авторитетного»  человека,  точнее  высококвалифицированного  специалиста  данной  сферы 
деятельности.  Чаще  всего  руководитель  при  принятии  решении  использует  и  рациональный,  и 
интуитивный  подходы.  Рациональный  подход  -  это  подход,  который  основывается  на  базе 
аналитического процесса, и часто не зависящее от предшествующего опыта. Нужно отметить, что 
рациональные  решения  основываются  на  логике  и  анализе.  Это  результат  объективного 
аналитического  процесса.  Для  обеспечения  рациональности  необходимо  соблюдение  ряда  условий: 
стремление  к  достижению  целей;  ясное  видение  путей;  достижения  целей  при  существующих 
условиях  и  ограничивающих факторах;  наличие адекватной  информации. Кроме  того, должен быть 
произведен анализ, должно осуществляться стремление к оптимизации, то есть выбору альтернативы, 
которая в наибольшей степени соответствует достижению целей.  
Руководителю  при  принятии  решении  приходится  перебирать  многочисленные  комбинации 
потенциальных  действий  для  того,  чтобы  найти  правильное  действие  в  данное  время  и  в  данном 
месте.  По  сути,  чтобы  вуз  мог  работать  четко  и  эффективно,  руководитель  должен  сделать  серию 
правильных выборов из нескольких альтернативных возможностей.  
Поэтому руководитель, как правило, не может принимать непродуманных решений. Всё чаще 
при подготовке решений отмечается роль интуиции руководителя, что указали в своих ответах 16% 
респондентов. Интуитивный  подход – то это выбор, сделанный на основе ощущения того, что он 
правилен.  Интуиция  представляет  собой  способность  непосредственно,  как  бы  внезапно,  без 
логического  продумывания  находить  правильное  решение  проблемы.  Таким  образом,  интуиция 
является непременным компонентом творческого процесса управления в целом [1, 204].  
Кроме  того,  эксперты  в  своих  ответах,    предложили  свои  варианты  ответов,  на  то,  что  они 
опираются  при  принятии  решении,  это  -  ГОСО  РК,  документы,  касающиеся,  стратегического  
планирования вуза, на анализе и мониторинге деятельности вуза. 
В  продолжении  данного  вопроса,  мы  уточняли  «Ссылаетесь  ли  Вы  на  личный  опыт  в 
процессе принятии управленческого решения?». На данный вопрос 49% участников опроса ответили, 
что  в  процессе  разработки  управленческого  решения  всегда  ссылаются  на  свой  личный  опыт.  При 
этом 31% респондента отметили, что в процессе принятия решения  советуются и консультируются 
со специалистами той или иной сфере. 20% респондентов заявили, что не опираются на свой личный 
опыт, в большинстве случаев, основываются на чужом мнении. 
Работа  с  информацией  в  целях  принятия  решении  предполагает  сбор  дополнительного 
материала, необходимого для изучения характеристик ситуации и выделения тех факторов, которые 
влияют на принятие решений. Это значит, что каждое конкретное управленческое решение требует 
анализа  специально  отобранной  для  этой  цели  информации.  Она  может  быть  сосредоточена  в 
информационных  массивах  информационно-аналитических  подразделений  и  т.п.  Однако  иногда 
сформулированная  и  осознанная  руководителем  управленческая  проблема  вызывает  потребность  в 

187 
 
уточнении имеющейся информации или сборе новой, дополнительной. При этом, осуществляя анализ 
имеющегося материала, в зависимости от его характера руководитель использует различные методы. 
Учитывая вышесказанное, мы спросили у наших экспертов «Существует ли у Вас проблема нехватки 
информации  при  принятии  управленческого  решения?»  57%  респондентов  отметили,  что  им 
«иногда» не хватает информации, 25%  – отметили, что всегда испытывают недостаток информации 
для  принятия  определенного  решения,  не  чувствуют  недостаток,  показали  18%  респондентов.  Под 
управленческим  решением  в  данной  работе  рассматривается  выбор  руководителем  на  основе 
исходной  информации  того  из  потенциальных  действий  (альтернатив),  которое  обеспечивает 
развитие вуза и достижение стратегических целей развития вуза. Под оптимальным управленческим 
решением  понимается  решение,  которое,  дает  максимальные  возможности  для  достижения 
рассматриваемой цели. 
В  процессе  принятия  управленческих  решений  необходимо  не  только  понимать  сущность  и 
этапы этого процесса, но и учитывать его организационные аспекты, в том числе необходимо иметь 
представление о методах, принципах и подходах принятия управленческих решений. Первоочередная 
задача  руководителя  –  решение  проблем.  Проблемы,  которые  встают  перед  руководителем, 
многообразны. Руководитель должен уметь: осуществлять анализ учебной (воспитательной, научно-
исследовательской)  деятельности,  руководить  совещанием;  консультировать  подчиненного  по 
вопросам, касающегося его деятельности; регулировать конфликты и т.д. В ходе опроса, мы хотели 
уточнить, какими же методы используют руководители при разработке и принятия управленческого 
решения.  Результаты  опроса,  показали,  что  руководители  чаще  всего  используют  «коллективный» 
метод.  
Основным  моментом  в  процессе  коллективной  работы  над  реализацией  управленческих 
решений  является  определение  круга  лиц  —  участников  данной  процедуры.  Чаще  всего  это 
коллектив,  в  состав  которого  включаются,  как  правило,  и  руководители,  и  исполнители.  Главными 
критериями формирования такой группы являются компетентность, способность решать творческие 
задачи,  конструктивность  мышления  и  коммуникабельность.  Коллективные  формы  групповой 
работы могут быть разными: заседание, совещание, работа в комиссии и т.п. Наиболее распространен 
такой  метод  коллективной  подготовки  управленческих  решений,  как  «мозговой  штурм»,  или 
«мозговая  атака»  (совместное  генерирование  новых  идей  и  последующее  принятие  решений).  29% 
респондента указали, что отдают предпочтение «количественному» методу. Количественные методы 
(приемы)  в  основном,    базируются  на  информации,  которую  можно  получить,  зная  тенденции 
изменения  параметров  или  имея  статистически  достоверные  зависимости,  характеризующие 
деятельность  вуза.  Примеры  этих  методов  анализ  временных  рядов,  каузальное  (причинно-
следственное) 
моделирование. 
Оставшаяся 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет