Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40

О.С. Сангилбаев
1
, Г.К. Джумажанова
2
, Н.М. Кусаинова
2
 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Қазақстан, Алматы қ. 
2
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
ӨЗІН ТАНУ МЕН ДАМЫТУ НЕГІЗІНДЕ ПЕДАГОГТЫҢ 
ТҰЛҒАЛЫҚ-КӘСІПТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
Өзін  тану  және  дамыту  мәселелерін  талқылау,  дербес  дамудың  түрлі  кезеңдерінде  тұлғаға 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету  жұмысының  басым  бөлігін  айқындайды.  Басқаларға 
тиімді  көмек  көрсету,  өзін  тәрбиелеу  мәдениетіне  ықпал  ететін  мүмкіндік  жасау  өзін  тану  және 
дамыту  жолына  түскен,  өзін  тәрбиелеумен  белсенді  айналысатын  мұғалімнің  қолынан  ғана 
келетіндігі  түсінікті  1.  Олай  болмаған  жағдайда  оның  балаларды  ынталандыруы,  яғни  өзін  тану 
және дамыту  жөніндегі  іс-әрекеті  өзінің  тәжірибесімен бекітілмей, жай жарияланымдық  сипатқа  ие 
болады. 
Ғалымдар  педагогта  өзінің  даму  келешегін  анықтауға  үш  мүмкіндігі  немесе  үш  жолы  бар 
екендігін атап көрсетеді: 
бейімделу жолы
өзін тану және дамыту, 
стагнация (тұрақтала алмау, іс-әрекетте белсенді болмау, т.с.с.). 
Бейімделу білім беру жүйесінің барлық талаптарына бейімделу, іс-әрекеттің барлық түрлерін 
игеру, рөлдік позицияларды меңгеру мүмкіндігі болып келеді. 
Өзін тану және дамыту үнемі өзін жетілдіруге, өзгеруге, соңында нәтижесінде өзін кәсіпқой 
ретінде толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Стагнация  мұғалім  өзінің  дамуында  тоқтап  қалған,  стереотиптерді,  ескі  қорды  пайдалану 
есебінен  өмір  сүрген  және  т.с.с.  жағдайларда  туындайды,  нәтижесінде  кәсіптік  белсенділік 
төмендейді,  жаңаны  қабылдамаушылық  арта  түседі  және  нәтижесі  ретінде,  тіптен  бір  кездері 
талаптар деңгейінде болуға мүмкіндік бергенін өзі жоғалтады 2. 
Еңбек  жолының  бүкіл  кезеңі  бойында  тұлғалық-кәсіптік  өсу  және  өзін  жетілдіру  – 
педагогикалық  кәсіп  туралы  айтпай-ақ,  кез  келген  кәсіп  өкілдерінің  табысты  іс-әрекетінің  міндетті 
шарты.  Мұнда  кез  келген  іркілісті,  белсенділіктің  кез  келген  құлдырауын  педагогикалық  процеске 
қатысушылар  міндетті  түрде  байқап  қалады,  педагогикалық  еңбектің  нәтижелеріне  теріс  әсерін 
тигізеді. 
Педагогтың  кәсіптік  өзін  тануы  және  дамытуы  мәселелерін  талдауға  көшу  үшін,  оның 
тұлғалық ерекшеліктерінің және кәсіптік құзыреттілігінің сипаттамасына, іс-әрекетінің ерекшелігіне 
тым  болмағанда  қысқаша  тоқтала  кету  керек.  Қазіргі  таңда  ғылымда  педагог  тұлғасының 
құрылымдық  компоненттерін,  оның  іс-әрекеті  мен  қатынасын  бөліп  көрсетуге  әр  алуан  тұрғылар, 
оның кәсіптік құзыреттілігінің ерекшеліктері мен өзіндік бейнесіне әртүрлі көзқарастар бар 3. 
Осы  көзқарастарды  талдау  арқылы,  тәрбиешілердің,  мұғалімдердің,  оқытушылардың  ең 
маңызды  қасиеттері  мен  сапаларын  бөліп  көрсетуге,  олардың  іс-әрекеті  мен  қатынасын  сипаттауға 
болады. 
Педагог  тұлғасының  аса  маңызды  құрамдас  бөліктерінің  қысқаша  сипаттамасы  келесідей 
(кесте 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

202 
 
Кесте 1  
Педагог тұлғасының аса маңызды құрамдас бөліктері 
 
Педагог тұлғасының аса 
маңызды құрамдас 
бөліктері 
Маңызды құрамдас бөліктерінің қысқаша сипаттамасы 
Кәсіптік-педагогикалық 
бағытталғандық 
Тұлғаның 
кәсіптік-педагогикалық 
бағытталғандығының 
ең 
маңыздылары: 
балаларға, 
іс-әрекетке, 
өзіне 
деген 
пікірі, 
қатынастардың  ерекше  түрлері.  Қатынаста  кәсіптік-педагогикалық 
бағытталғандықтың тиімділігі ретінде үш компонент: балаларға қарау, 
заттарға  қарау  және  өзіне  қарау  көрініс  тапқан  типті,  тиімді  емес 
ретінде  –  бағытталғандықтың  бірде  бір  типі  айтарлықтай  дәрежеде 
көрініс  таппаған  типін  таныған  жөн.  Кәсіптік-педагогикалық 
бағытталғандықтың  дамуы  көптеген  факторларға  байланысты, 
олардың  ішіндегі  аса  маңыздылары:  педагогтың  өзінің  тұлғалық 
ерекшеліктері,  оның  мүдделері,  өзін  жетілдіруге  ұмтылысы; 
басшылық  тарапынан  педагогикалық  іс-әрекетті  ұйымдастырудың 
өзіндік  ерекшеліктері  (оқу  орнының  әкімшілігі  нақтылы  педагогтың 
іс-әрекетке, өзіне және балаларға қатынастарының тиімді жүйесі үшін 
қандай  жағдай  жасап  жатқандығы),  ұжымдағы:  әкімшілікпен, 
әріптестермен,  ата-аналармен,  балалармен  өзара  әрекеттесудің 
ерекшеліктері 
танылады. 
Өзінің 
кәсіптік-педагогикалық 
бағытталғандығын,  оның  әлсіз  және  мықты  жақтарын  білу  өзін 
тәрбиелеудің  перспективалы  бағыттарын  анықтау  шарты  ретінде 
көрінеді:  бұл  оқыту  әдістемесін  жетілдіру,  балаларға  көзқарасты 
өзгерту  (шыдамдылық,  қабілеттілік,  өз  сенімділігін,  өз  өзін 
қабылдауды  арттыру  және  т.с.с.)  болуы  мүмкін.  Кәсіптік-
педагогикалық  бағытталғандық  педагог  тұлғасының  «ағымын» 
белгілеп, оның кәсіптік іс-әрекет мотивациясын өңдейді. 
Кәсіби белсенділік 
Педагогтың  өз  іс-әрекетінің  аясын  үнемі  кеңейтуге,  талаптардың 
аумағынан  шығып  кетуге  ұмтылысымен  сипатталады,  бұл  сабақ 
берудің,  туындаған  міндеттерді  стереотипті  емес  шешудің  жаңа 
түрлерін,  әдістерін  және  амал-тәсілдерін,  үнемі  іздестіруден,  өзінің 
әкімшілікпен,  әріптестерімен,  ата-аналармен,  оқушылармен  қарым-
қатынастарын 
жетілдіруге 
қабілеттілігінен, 
өз 
жұмысының 
рефлексиясы  негізінде  үнемі  талдаудан,  соңында,  өзін  тәрбиелеудің 
барлық амалдары мен құралдарын пайдалана отырып, өзін тану және 
дамытумен  айналысуға  ұмтылуынан  көрініс  табады.  Қарастырылып 
отырған  мәселелердің  контекстінде  дәл  осы  кәсіби  белсенділік  өзін 
тану  және  дамытудың  маңызды  шарты  болып  табылады. 
Мотивацияның  жоғары  деңгейін  ойластыратын  осы  белсенділіктен 
тысқары  жерде  педагогтың  дамуы  ең  жақсы  жағдайында  адаптивтік 
тип  бойынша  жүзеге  асырылатын  болады,  нашар  жағдайында  – 
стагнация болмай қоймайды. 
Кәсіптік білімдер мен 
ептіліктер 
Кәсіби даярлықтың  мазмұнын  құрайды. Білімдер мен  ептіліктерге  ие 
болмай,  педагог  өзінің  міндеттерін  мүлде  жүзеге  асыра  алмас  еді. 
Кәсіби  білімдер  алуан  түрлі:  бұл  -  өз  пәнін  жақсы  білу,  педагогика, 
психология салаларындағы, басқалармен қатынас құру сферасындағы 
білімдер  және  өзінің  кәсіби  мүмкіндіктерін  білу.  Арнайы  ептіліктер 
туралы да дәл осыны айтуға болады. Мұнда: болжамдық, талдамалық, 
жобалаушылық, 
рефлексивтік, 
мобилизациялық, 
дамытушы, 
бағдарлаушы,  коммуникативтік,  перцептивтік  және  басқа  да 
ептіліктер  жатады.  Білімдерге  ие  болу  құзыреттілік  деңгейін  көбіне 
көп  анықтайтын  кәсіпқойдың  қорын  құрайды,  оларсыз  іс-әрекетті 
жетілдіру  және  өзін  тану  және  дамыту  туралы  барлық  әңгімелер 
мәнінен айырылады. 

203 
 
1 кестенің жалғасы 
Педагогикалық 
қабілеттіліктер 
Педагогикалық қабілеттіліктер және оларды өз бойынан табу педагог 
болып  шығуға  деген  тиісті  кәсіптік  пиғылдарды,  педагогикалық  іс-
әрекетпен 
айналысуға 
бейімділікті, 
педагогикалық 
еңбектің 
тиімділігін  қалыптастырады.  Ең  маңызды  қабілеттіліктерді  тізіп 
көрсетейік және  сипаттап  берейік:  академиялық –  ғылым салаларына 
сәйкес 
келеді; 
олар 
мұғалімнің 
ғылымға 
аса 
жоғары 
қызығушылығынан  көрініс  табады;  дидактикалық  –  оқушыларға  оқу 
материалын  қол  жетерліктей,  түсінікті,  қызықты  етіп  беру; 
перцептивтік  –  балалардың  ішкі  әлеміне  ену,  баланың  күйлерін 
түсінумен  байланысты;  коммуникативтік  –  балалармен  өнімді 
қатынас  жасау,  оларға  дұрыс  түсіндіру,  сенімді  өзара  қарым-қатынас 
орната  білу;  тілдік  –  оларды  эмоциялық  экспрессиямен  қанықтыра 
отырып,  өз  ойларын  анық,  дәл  және  бірізді  баяндай  білу,  тіл 
мәдениетін  меңгеру,  жобалаушылық  -  өзінің  де, оқушылардың да іс-
әрекетін  жобалай  білумен,  материалды  және  сабақ  сценарийін 
баяндаудың,  сыныптан  тыс  шаралардың  және  т.с.с.  бірізділігін 
тұрғыза  білумен  байланысты;  авторитарлық  –  балаларға  тікелей 
эмоциялық-еріктік  әсер  ету,  осының  негізінде  оларда  шын  мәніндегі 
беделге қол жеткізе білу; педагогикалық елестету - өз іс-әрекеттерінің 
де,  басқалардың  іс-әрекеттерінің  де  нәтижелерін  күні  бұрын  біле 
білуден, енді сана деңгейінде қажетті түзетулер енгізе білуден көрініс 
табад;  зейінді  бөлу  –  бір  уақытта  іс-әрекеттің  әртүрлі  түрлерімен 
айналыса  алу:  сабақ  жүргізе,  барлық  оқушыларды  көре,  одан  арғы 
оқиғалардың барысын болжай білу және т.с.с. 
Педагогикалық 
жады, 
ойлау және елестету 
Педагогикалық  іс-әрекетпен  айналысу  мұғалімнің  психикалық 
процестеріне  арнайы  міндеттерді  шешеді.  Егер,  мысалға,  дәрігердің 
жадысы  симптомдармен,  белгілермен,  аурулармен,  рецепттермен 
«толы» болса, педагогтың жады – оқу пәндерінің мазмұнымен, қарым-
қатынас  орнатудың  әртүрлі  тәсілдерімен,  технологияларымен  және 
т.б.  толы.  Адамдар  арасындағы  ода  да  көп  айырмашылықтар  ойлау 
және  елестету  саласында  байқалады.  Әр  іс-әрекеттің  өзінің  арнайы 
мәселелері  бар  және  оған  жалпы  алғанда  ойлауға  тән  дәл сол  түрлер 
мен  операциялар  енгізілгенімен,  олар  арнайы  мазмұнның  әсерімен 
айтарлықтай 
трансформацияланады. 
Оқушылар 
арасындағы 
кикілжіңді  шешуді  жобалауы  немесе  тергеушінің  тергеу  техникасын 
құру  жөніндегі  міндетті  шешумен  бірдей  еместігіне  келісерсіз. 
Мысалға,  екі  адамның  объективті  бірдей  ойлау  қабілеттері  әртүрлі 
кәсіби  мүлдем  салаларда  әртүрлі  көрініс  табады  және  адамның  осы 
салаға  қосылғандығының  деңгейімен,  мотивациямен,  осындай 
тәріздес  міндеттер  түрін  шешудің  қолда  бар  тәжірибесімен 
байланысты  болып  келеді.  Елестету  туралы  да  дләл  осыны  айтуға 
болады.  Педагог  үшін  дамыған  елестету  жобалау  іс-әрекетін  жүзеге 
асыруға,  өзі-нің  және  бөтен  адамдардың  әрекеттерінің  зардаптарын, 
нәтижелерін  алдын  ала  көре  білуге,  жұмысқа  түзетулерді  алдын  ала 
енгізуге мүмкіндік береді. 
Кәсіби сана-сезім 
Сана-сезімнің  өзі,  бірақ  оның  «нысаны»  болып  жалпы  алғанда  тұлға 
емес,  кәсіби  маңызы  бар  тұлғалық  сипаттамалар  мен  ерекшеліктер 
табылады.  Ол  өзіне  кәсіби  өзін  реттеу  мен  кәсіби  өзін  бақылаудың 
ерекшеліктеріне  себепкер  болатын,  ма-ман  ретіндегі  өзі  туралы 
білімдерді,  өзіне  маман  ретінде  эмоция-лық-құндылық  көзқарасты 
қосады. 
 
Одан  арғы жерде біз  осы  мәселелерге  толығырақ тоқталатын  болатындықтан,  бұл  жерде  біз 
келтірілген сипаттамамен шектелеміз. 

204 
 
Сонымен,  педагог  тұлғасының  негізгі  құрылымдық  компоненттерін  қысқаша  суреттеп 
шығып,  олардың  бір  біріне  қатар  орын  алып  жатпағандығын,  педагогтың  тұлғасына  табиғи  түрде 
«қоса өрілетіндігін», оның дербестігін түзетінін және іс-әрекет пен қарым-қатынаста тікелей көрініс 
табатындығын атай кеткеніміз жөн. 
Дәстүрлі түрде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына келесі компоненттерді енгізеді (кесте 
2) 4: 
 
Кесте 2 - Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы 
 
Педагогикалық іс-
әрекеттің құрылымы 
Қысқаша мазмұны 
конструктивтік 
өз  іс-әрекетінің  және  білім  беру  процесінің  басқа  да  субъектілерінің 
іс-әрекетінің  мазмұнын,  түрін,  әдістерін  жобалаумен  байланысты 
болып келеді; 
коммуникативтік 
педагогтың  балалармен  қарым-қатынас  орната  білуімен,  қатынас 
жасауға қабілеттігімен байланысты 
шығармашылық 
педагогтың сан алуан педагогикалық міндеттерді жаңаша қоюға және 
шешуге,  өз  айналысқан  істердің  барлығына  өзінің  жеке  пікірін 
енгізуге қабілеттілігі. 
 
Процессуалдық  тұрғыдан  алғанда  педагогикалық  іс-әрекет  өзіне:  педагогикалық  мақсаттар 
мен міндеттер қоюды; оларды шешудің тәсілдері мен құралдарын таңдауды; өзінің іс-әрекеттерін де, 
оқушылардың әрекеттерін де, алынған нәтижелерді талдау мен бағалауды қосады, осының негізінде 
барлық компоненттерге қажетті түзетулер енгізіледі. Көптеген психологтар педагог еңбегінің дербес 
саласы ретінде қатынасты бөліп көрсетеді (оның құрылымы мен функцияларын бөліп алу әрекеттері 
жасалуда). 
Мысалға,  әйгілі  психолог  Л.М.  Митина  педагогикалық  қатынастың  келесідей  негізгі 
функцияларын сипаттап, баяндайды (кесте 3) 5: 
 
Кесте 3 - Педагогикалық қатынастың негізгі функциялары 
 
Рет 
№ 
Қатынас функциялары 
Функцияның мазмұны 

ақпараттық 
мұғалім  мен  оқушылар  арасында  танымдық  және 
эмоциялық-бағалау сипатындағы ақпарат алмасу 

әлеуметтік-перцептивтік 
педагог  пен  оқушыларға  бірін  бірі  қабылдауға,  эмпатия 
(жану ашу, бірлесе қайғыру) негізінде өзара түсіністік пен 
өзара  қабылдаудың  қандай  да  бір  деңгейін  белгілеуге 
мүмкіндік береді 

өзін-өзі 
презентациялау 
(өзін басқаларға өз бетімен 
көрсету) 
педагогикалық  үрдістің  барлық  қатысушыларына  өзін-өзі 
көрсетуде көмектеседі 

интерактивті 
бейнелерді, 
идеяларды, 
әрекеттерді, 
дағдыларды, 
тәжірибені алмасу 

аффективті 
эмоциялық  ынталандырудан,  «бәсеңсуден»,  жеңілдеуден, 
психологиялық жайлылықты сезінуден және т.б. тұрады 
 
Тұлғаның,  іс-әрекеттің  және  қатынастың  тығыз  байланысты  екендігін  және  жеке-жеке  бола 
алмайтындығын  атай  кетуіміз  керек.  Іс-әрекет  пен  қатынастың  спецификасы  тұлғалық 
ерекшеліктерге  байланысты  болып  келеді;  өз  кезегінде,  қатынас  пен  іс-әрекет  тұлғаның  кәсіптік 
дамуы үшін негіз болып табылады. 
Кәсіптік  саладағы  іс-әрекет  пен  қатынастың  табыстылығына  себепкер  болатын,  тұлғалық 
қасиеттердің,  ерекшеліктердің  ең  қолайлы  үйлесімі  ақыр  нәтижесінде  кәсіпқойдың  интегралды 
сипаттамасын – оның құзыреттілігін өмірге әкеледі. 
Психологияда  кәсіби  құзыреттілікті  анықтауға  да,  оның  құрылымын  бөліп  көрсетуге  де 
әртүрлі тұрғылар бар. 

205 
 
Мысал ретінде әйгілі ғалым психолог А.К. Маркованың жете зерделеулерін келтірейік. А.К. 
Маркова  бойынша  кәсіби  құзыреттілік  –  бұл  мұғалімнің  осында  айтарлықтай  жоғары  деңгейде 
педагогикалық  қатынас,  педагогикалық  іс-әрекет  іске  асырылатын,  мұғалімнің  тұлғасы  жүзеге 
асырылатын,  осында  мектеп  оқушыларын  оқыту  мен  тәрбиелеуде  жақсы  нәтижелерге  қол 
жеткізілетін еңбегі. Осылайша, құзыреттіліктің құрылымында мұғалімнің тұлғасы, педагогикалық іс-
әрекет,  педагогикалық  қатынас  жәнен  педагог  еңбегінің  нәтижелілігін  сипаттайтын  екі  құрамдас 
бөлік  –  оқушылардың  оқығандығы  мен  тәрбиелілігі  бөліп  көрсетіледі.  Мұғалім  еңбегінің 
қырларының әрқайсысында келесі құрамдас бөліктер мүшеленеді 3, 69-73: 
1) кәсіби (объективті қажет) психологиялық және педагогикалық білімдер; 
2) кәсіби (объективті қажет) педагогикалық ептіліктер; 
3)  одан  кәсібі  қажет  ететін,  мұғалімнің  кәсіби  психологиялық  позициялары,  нұсқаулары, 
мақсаттары; 
4)  мұғалімнің  кәсіптік  білімдер  мен  ептіліктерді  меңгеру  деңгейін  қажет  ететін  тұлғалық 
ерекшеліктері. 
Білімдер  мен  ептіліктер  –  бұл  мұғалім  еңбегінің  объективті  сипаттамалары,  ал  позициялар 
мен  тұлғалық  ерекшеліктер  –  оның  кәсіптің  талаптарына  сәйкестігі  үшін  қажетті  субъективтік 
сипаттамалар екендігі атап өтіледі. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении
. - М.: Просвещение, 1987. -190 с. 
2.
 
Маркова А.К.
 Психология труда учителя : книга для учителя. - М.: Просвещение, 1993. –192 с. 
3.
 
Маркова  А.К.  Психология  профессионализма.  -  М.:  Международный  гуманитарный  фонд 
«Знание», 1996. -312 с. 
4.
 
Зимняя И.А. Педагогическая психология
. Учебник. - М., 2000. -384 с. 
5.
 
Митина  Л.М.  Психология  труда  и  профессионального  развития  учителя
.  -  М.:  Академия,  2004.  -
320 с. 
 
 
ӘӨЖ: 159.922.8 
О.С. Сангилбаев, А. Хажимхаан 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қ. 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ДАМЫТУҒА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ 
 
Қазіргі кездегі, педагогикалық психология саласында ең маңызды мәселелердің бірі ретінде, 
оқушылардың өздерін қалай сезінуі мен олардың оқу іс-әрекетіндегі үлгерім деңгейлері арасыңдағы 
байланысты қарастыру болып табылуда. Шын мәнінде, көптеген әдебиеттерден оқушылардың өзін-
өзі  бағалау  деңгейі  мен  сабақ  үлгерімі  арасыңдағы  байланысын  және  де  өзін-өзі  бағалаудың  сабақ 
үлгеріміне әсері бар екендігін байқкуға болады [1].
 
Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты 
эмоциялық  кұрамдастықтармен  тығыз  байланысты.  Өзін-өзі  бағалау  -  бір  жағынан,  өзін  тану 
аумағындағы  интегративті  жұмыстың  нәтижесі  болса,  екіншіден  өзіне  эмоционалды-кұндылық 
жағынан қатынасы бар. Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өрби келе, әр түрлі болып өзгереді. 
Өзін-өзі  бағалау  бастапқы  кезде  басқалардың  өзін  бағалауының  интериоризациясының 
нәтижесі  -  соңынан  эмансипацияланып  айналадағылардың  бағасынан  қылықты  ішінен  басқару 
үрдісіне  айналады.  Рухани  өсу  баланың  алғашқы  өсу  дәуірінен  қалыптасады,  оның  «Мен»  деген 
түсінігі  қалыптасады.  Мысалы:  «Мен  өлең  айта  аламын»,  «Мен  сурет  сала  аламын»,  «Мен  анамды 
жақсы көремін», «Мен айтайыншы!» т.б. «Мендік» көп айтуға тырысады. Мысалы: бір жасында бала 
өз дене бітімін қабылдап игере бастайды, ал үш жасында іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін 
«Мен» ретінде ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра отырып, өзіне деген жеке даралық және 
дербес  субъектілік  қатынас  пайда  болады.  Жеті  жаста  эмоционалды  ұғыну,  өзін-өзі  бағалау 
туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде ұғынылады. Ата-ананың біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір 
мінез-қылық  қасиеттері  мен  психикалық  жағдайларының  белгілі  бағдарламасын  қалыптастыру 
жүреді. «Мен» бейнесінде «шынайы-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады. Жасөспірімдік 
және  бозбала  мен  бойжеткендік  кезеңде  «Мен»  —  тұжырымдамасы  нығайып,  «Мен»  сипатын, 
бейнесін ұғыну тереңірек сипатта болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және өзіндік 
сана жоғары даму деңгейіне жетеді [2]. 

206 
 
Балаға, мектеп оқушысына деген сыйластық сезім, оның жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау 
позитивті бағалау стратегиясының негізінде жатыр. 
Мұғалімдер,  мектеп  психологы  және  ата-аналардың  балалардың  іс-әрекетін  бағалауда  бұл 
жүйені дұрыс қолданулары бала бойында адекватты өзін-өзі бағалау, талдай білу және өз іс-әрекетін 
бақылаудың  қалыптасуын  жүзеге  асырады.  Өкінішке  орай  бұл  мәселелер  көптеген  жылдар  бойы 
қазақ  мектептерінде  қарастырылмады.  Сыныптың  табалдырығын аттаған  бала  бірінші күннен көзге 
түсіп, сабаққа белсене араласса, мектеп бітіргенше оған «өте жақсы» деген баға қойылды, ал белсене 
араласпай, сабаққа немқұрайлылық танытқан балаға «атымның сыры өзіме мәлім» деген ойды жалау 
етіп, бұдан түкте шықпайды деп «қанағаттанарлық» деген баға қойылды. 
Ал  қазіргі  білім  жүйесінде  болып  жатқан  тың  өзгерістер,  бұл  мәселенің  басқаша  болғанын 
қалайды және талап етеді. Сондықтан да біз, бұл мәселелердің түйткі шешімі ретінде ата-аналар мен 
педагогтар,  психологтар  үшін  берілген  оқушылардың  өзін-өзі  позитивті  бағалауының  стратегиясын 
беріп ұсынамыз. 
Мектеп оқушыларының өзін-өзі позитивті бағалауының негізгі стратегиялары: 
Оқушыға,  балаға  деген  оң  баға,  оған  тұлға  ретінде  қарау,  оларға  мейіріммен  қарау  («Мен 
білемін, сен шамаң келгенше орындадың»). 
Тапсырманы  орындау  барысында  немесе  жүріс-тұрыстың  ережелерін  бұзғанда  баланың 
жіберген қателіктерін көрсету («Сен жаңа дұрыс жасамадың, Әлияны итеріп жібердің»). 
Жүріс-тұрыстың  кемшіліктеріне,  оның  себептеріне  талдау  жасау  («Саған  Әлия  сені  әдейі 
итеріп жібергендей көрінді, бірақ ол әдейі жасаған жоқ»). 
Баламен бірге жіберген қателіктерді қалай жоюға болатындығын ойлану (мұғалімдер мен ата-
аналар бірігіп істейтін әрекет). 
Балаға сенімділік арту (сен бәрін түзейді деп ойлаймын). 
Осылайша оқушымен жұмыс жасағанда ол әрқашанда кері байланыста болады. Позитивті кері 
байланыс  балаға  оның  істерінің  дұрыс  екендігін  айтып  тұрады.  Осы  арқылы  бала  өзінің  әрекетінің 
дұрыс екендігіне көзін жеткізеді [3]. 
Сондай-ақ,  мұғалімдерге  қатысты  ең  маңызды  аспекті  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауың 
дамытуға  мұғалімдердін  қаңшалықты  маңызды  позициясына  ие  екендігі.  Әрине  мұғалімдердің 
оқушыларымен  қарым-қатынас  орнату  нәтижесіне  байланысты  олардың  өзін-өзі  бағалау  деңгейін 
дамыта білу қабілеті мен қатар азайту потенциялына ие екендігін елемеуге болмайды. Мұғалімдердің 
жылы  шырайлы  және  шартсыз  қабылдайтын  бір  коммуникациялық  ортада  оқушылардың  ішкі  жан 
дүниесіне  мән  беруімен  олардың  өзін-өзі  бағалауын  дамытуға  болады.  Мұғалімдер  оқушылармен 
қарым-қатынас  орната  бастаған  сәттен  бастап  көзқараc  мінез-қылық  және  ұстанымдарына 
байланысты  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауын  жағымды  немесе  жағымсыз  әсер  етеді.  Мұғалімдер 
оқушылардың  білім  мен  дағдылар  деңгейін  арттыру  сияқты  негізгі  міндеттерімен  қатар,  олардың 
рухани жағынан қорғау және дамыту сияқты міндеттеріде бар екендігін ұмытпаулары керек. Өйткені 
психикалық денсаулығы мықты бір қоғам қалыптастырудың басты мақсаты өзіне сенімді өзі туралы 
оң ойлайтын және өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары тұлға жетілдірумен іске асырылады. Білім берудің 
мақсаты тек қана білім мен дағдыларды үйрету емес. Егер солай болса, бұл жұмысты компьютерлер 
сияқты дамыған машиналар ақ жасауға болар еді. Оқушылар сыртқы әлемі құбылыстарды үйрену мен 
қатар  өздерінінде  ішкі  жан  дүниесін  түсінуге  тырысу  керек.  Сондықтан  мұғалімдер,  оқушыларды 
ересек  өміріне  дайындауымен  қатар  олардың  теориялық  ақпаратпен  қаруланған  жеке  тұлғалар 
болуларымен  өзімшіл  ие  болған  потенциалына  сенімді  жағымды  немесе  жағымсыз  аспектілерімен 
бірге  қабылдай  алатын  өздерімен  және  өзгелермен  тату  тәтті  ғұмыр  кеше  білуді  үйренген  адамдар 
болып  қалыптасуына  зейін  аударулары  қажет.  Көрсетілгендей  қоғамның  бақытты  және  үйлесімді 
мүшелерін  дамыту  процесінде  мұғалімдерге  негізгі  міндеттер  артылады.  Өйткені  қаңшалықты  ел 
дамыса  да  ешқандай  машина  мұғалімдердің  орындау  қажет  бұл  жұмыстарын  орындауға  күші 
жеткіліксіз.  Осы  мақаланың  мақсаты  мұғалімдері  оқушыларының  өзін-өзі  бағалауын  дамытуға 
жауапты  болуларына  шақыру  және  өзін  өзі  бағалауын  дамыту  жұмыстарында  қолдануға  болатын 
кейбір тренингтер қарастырылады [4].
 
Білім беру арқылы өзін-өзі бағалауын дамыту өзін-өзі бағалауын қалай арттыруға болатынын 
бұл туралы не істей алатынын және де кейбір ұсыныстар беріледі. 
Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін психологиялық қенес арқылы немесе психологиялық 
драма арқылы жоғарылатуы әбден мүмкін. Бірақта тек жол осы емес. Мұғалімдер үйрету техникалар 
арқылы  және  оқушылармен  өз  ара  қарым  қытынастар  жолымен  олардың  өзін-өзі  бағалау  деңгейін 
жоғарылатуға  болады.  Оқушылармен  жақын  және  жылы  шырайлы  қарым-қатынас  орнату  және 
олардың өзін-өзі бағалауын дамыта білген мұғалімдер оқушылардың тиімді үйренулеріне мүмкіндік 

207 
 
жасай  алады.  Оқушылар  мәртебе  иесі  және  өздерімен  жақын  қарым  қатынас  орната  білген  жеке 
тұлғалардың ұстаным және де мінез-қылықтарынан әсер алатыны білінуде. 
Біздің  елімізде  оқытушылар  оқушылар  алдында  беделді  құрметті  орынға  ие  бірақ  қажетті 
жақын  және  ыстық  қарым-қатынас  оншалықты  орнатылмағанын  қөрудеміз.  Өйткені  оқушылардың 
алдында  беделді  құрметті  оқытушылар  олардың  өзін-өзі  бағалау  деңгейін  дамыта  білуі  үшін  ең 
бастысы  оларға  жылы  жақын  қарым-қатынас  орнатуы  кажет.  Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауының 
дамуы тек сапалы мұғалім мен оқушының өзара іс-қимылынан өтеді. Мұғалімдер оқушылардың өзін-
өзі  бағалауың  жоғарылатуы  үшін  қолданыстағы  өзін-өзі  бағалау  деңгейін  азайтпау  оларға  жақын 
болуы  олармен  жылы  қарым-қатынас  орнату  қажет.  Гуманитарлық  бағыттағы  К.  Роджерс  тиімді 
қарым-қатынас үшін ұсынылған тұлғалық қасиеттері негізінде осы жылы қарым қатынас және өзара 
іс-қимылдың  орнатылуына  маңызды  тұлғалық  қасиеттері.  Карл  Роджерс  бұл  тұлғалық  қасиеттерді 
осылай сұрыптайды. Қабылдаулары шынайы және эмпатия болуы тиіс. 
Қабылдау бұл оқушының тұлғалық ерекшеліктерін сынамай шартсыз қабылдау және құрмет 
көрсету.  Мұғалім  оқушының  теріс  мінез  қылықтарын  емес  тұлғалық  ерекшеліктерін  тікелей 
сынамауы  керек.  мінез  қылықтары  теріс  болсада  жеке  тұлғаны  қабылдауы.  Яғни  қабылданылғаны 
теріс жасалған мінез қылықтары емес, тұлғалығы. 
Жақсы  қарым-қатынас  оқушылардың  өзін  өзі  бағалауын  қорғау  үшің  маңызды  қызмет 
атқарады.  Шынайы  болу  бұл  тұлғаның  адамдармен  өзара  қарым  қатынас  және  өзара  іс-қимылдың 
табиғи болуы. Тұлғалық қасиеттерімізді жасырудың орнына шынайы тұлғалығымызды көрсету және 
өзіміз  болуды  қажет  етеді,  эмпатия  негізінен  өзге  адамдардың  жан  дүниесін  түсіну  мен  жай-күйін 
ұғыну қабілеттілігі. 
Роджерс  (1975)  мұғалімдердің  эмпатия  деңгейі  мен  оқушылардың  сабақ  үлгерімі  арасында 
байланыс  бар  екендігін  аңықтаған.  Оқушылар  мұғалімдерінің  оларды  түсінуге  тырысатынын  және 
оларды жақсы көретінін байқаған сәттен бастап оқушыларды жақсы көруде әрі сабақ үлгерiмдері де 
жақсаруда [4]. 
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына 
карай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік бер
еді. Б.Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде 
жүзеге  асатын  түлғалық  білім  алу,  белсенді  қалыптасу  ретінде  қарастырады,  оның  оқушының  оқу-
танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екендігін айтады . Оның пікірінше, оқу үрдісіңде езін-өзі 
бағалаудың  қалыптасуы,  педагогтердың,  бірінші  сыныптағы  және  отбасы  тұрмыстық  ортаның 
ықпалымен  жүзеге  асады.  Ол  «оқушыда  оның  білімдері,  жетістіктері  мен  үлгірмеушілігі  жайлы 
түсінік  тоқсанның  аяғындағы  бекітілген  үлгірім  бойынша  ғана  емес,  сондай-ақ,  оқу  үрдісінде 
жекелеген  парциальдық,  бағалар  бойынша  да  қалыптасатындығын,  мұғалімнің  жеке  парциальдық, 
бағалауы  неғұрлым  айқынырақ,  нақтырақ  болса,  оқушының  білімге  соғұрлым  бейімделе  түсетінін» 
атап көрсетеді. 
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасай отырып, келесі тұжырымға 
келуге  негіз  болады,  өзін-өзі  бағалау  оның  бастауыш  сынып  окушысының  оқу-танымдық  рөлі 
тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады. 
1.  Өзін-өзі  бағалау  оқыту  үрдісінде  белсенді  қалыптасатын  тұлғалық  білім  алу  ретінде  алға 
шығады және кіші жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпал жасайды. 
2.  Өзін-өзі  бағалау  -  оқу  ерекеті  тұтастай  құрылымының  ерекше  бөлігі,  оның  қызметі 
бастауыш сынып оқушысының әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты 
алға жылжығанын анықтай білу болып табылады. 
Өмірде  өз  орнын  табуда  өзін-өзі  тәрбиелеп,  өз  бетінше  оқып  білім  алу,  өз  білімін  өзі 
жетілдіру,  өзін-өзі  шектеу,  өзіндік  бақылау,  өз-өзін  ынталандыру  әдістерін  тұлға  уақытылы 
пайдалана алғанда, зор нәтижеге жеткізіп өзін-өзі бағалай алудың аясы кеңейеді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Fullan, M. (1991). The new meaning  of educational change. 2
nd
 edition 
2.
 
Fowler,  R.C.  ve  Corley,  K.K.  (1996).  Linking  families,  building  community.  Eductional  leadership. 
April, 24-26. 
3.
 
Merttens, R. Vass, J.(Eds) (1993). Partnership in Maths, parents and school: The impact project. Falmer 
Press, London. 
4.
 
Akkök,  F.Kökdemir.  H.  ve  Öğetürk,  B.  (1998).  ilköğretşmde  aile  katılımı.  Eğitim  97-98  TED  Ankara 
Koleji 1,1, 14-17. 
 
 
 
 

208 
 
ӘӨЖ: 253.17 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет