Байдалы Сəбит Жүнісбекұлы
БАРЛЫБАЕВ Ерлан Хайланұлы
184
СМАҒҰЛОВ Асқар Сайлаубекұлы
НҰҒМАНОВ Тимур Ерсайынұлы
185
Еңб
ектеріңіз
жана
б
ерсін
.....
186
Иса Қазыбек Жарылғасынұлы
«Ақ жол» ҚДП төрағасының
орынбасары
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ ІСТЕРІМІЗДІ
АРТТЫРУ ҚАЖЕТ
«Қазақ үні» газеті, № 51-52 (609), 28.12. 2013 жыл
.
Ассалаумағалайкум, ағайын! Бəріңізді осыдан 96 жыл
бұрын Алашорда үкіметінің құрылған күнімен, алдағы Желтоқсан
көтерілісі мен Тəуелсіздік мерекесі күндерімен жəне осын-
дай қазақ үшін маңызы орасан күндерге сəйкес келген бүгінгі
«Ақ жол» партиясының XI съезінің ашылуымен құттықтаймын!
«Ақ жол» партиясының Мəжілістің қазіргі сеесиясына дейін-
гі жұмыстарын сараласақ, 2012 жылғы 3 қыркүйек - 2013 жылғы
26 маусым аралығында фракция депутаттары қаралатын заң жо-
баларына 714-тен астам елеулі ұсыныстар мен толықтырулар ен-
гізді. 44 жұмыс тобының құрамына кірді, 42 қорытынды əзірледі.
50 депутаттық сауал жариялады. 69 елдімекенде 570 адамды
қабылдады.
Алаштың ізбасарымыз дейтін «Ақ жол» партиясының ұлттық
мүдде жолындағы қайрат-қарекеті қандай? Біз нақты жасалған
шараларға қысқаша тоқталып өтейік.
187
«Ақ жол» партиясының Мəжілістегі фракциясы 2012 жылы
7 қарашада Алашорданың 95 жылдығы туралы депутаттық сауал
жасады.
2012 жылы 23 қарашада - Астанада Еуразия ұлттық универ-
ситетінің қолдауымен «ХХI ғасырдағы «Алаш» қозғалысы
идеяларының өзектілігі» атты конференция ұйымдастырылды.
Сонымен бірге Алашорданың 95 жылдығына арналған шаралар
партияның еліміздегі барлық филиалдарында аталып өтілді.
2013 жылы 23 қаңтарда билік Алашорданың 95 жылдығына
мəн бермегесін, енді Алашорданың 100 жылдығын лайықты өткізу
туралы Үкіметке депутаттық сауал жасалды.
2013 жылғы 30 мамырда Қабанбай батыр мен Наурызбай
батыр к.к. қиылысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арна-
лып салынбақ ескерткіштің 21 жылдан бері əлі салынбағаны ту-
ралы депутаттық сауал жолданды. Фракция Саяси қуғын-сүргiн
құрбандарын еске алуда патриоттық акция өткізді. Фракция
депутаттары жұмысқа Мемлекеттік тудың түсіндей ленталар
тағып шықты.. 2013 жылы 19 маусымда Кенесары ханның басын
іздестіру туралы депутаттық сауал жолданды. ТƏУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗ
ҮШІН ХАННЫҢ БАСЫ МƏСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚТЫҢ БАСТЫ
МƏСЕЛЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Сонымен бірге, ел тарихында ерекше маңызы зор
Сарайшық қаласын сақтап қалу туралы жəне Мемлекеттік
тілдің терминологиялық мəселелері жайлы депутаттық сауалдар
жасалғанын білеміз.
Ал, 2012 жылы мамырда «Ақ жол» партиясының барлық
қоғамдық күштер қосылып жасаған Мемлекеттік тіл туралы заң
жобасын Үкімет өткізбей тастады. Бұл туралы біз кезінде «Қазақ
үкіметі Мемлекеттік тілге неге қарсы?» деген үлкен мақала да жа-
зып, ол бірнеше БАҚ-та жарияланған болатын.
2013 жылғы 30 қазанда Cемейде «XXI ғасырдағы Алаштың
Ақ жолы» байқауының екінші кезеңі басталды. 16 қарашада Ал-
матыда «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының екінші
кезеңінің жалғасы өтті.
2013 жылғы 13 желтоқсанда, яғни бүгін Астанада - «XXI
ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының қорытындысы
188
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің белгілі
ғалымдары бастаған еліміздің бүкіл зиялы қауымының қатысуымен
өтті.
Бұған дейін 2013 жылғы 7 желтоқсанда Алаштың 96 жылдығы,
Желтоқсан көтерілісі мен Тəуелсіздік мерекесіне арналып, «Ақ
жол» партиясының биллиардтан кубогы жарысы болып өтті. Оған
барлық қалам мен қоғам қайраткерлері қатысып, халық əртісі
Асанəлі Əшімов ағамыз ақ батасын беріп, «Ақ жолдың» алашқа
сіңіріп келе жатқан еңбегін жоғары бағалады.
Көріп отырсыздар, ұлт мүддесіне орай істеліп жатқан шаруа-
лар бар, бірақ, бұл бағытты біз бұдан да зор көлемде ұлғайтуымыз
керек. Əсіресе, алда Алаштың 100 жылдығы мен Алаш көсемі
Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы жақындап келе жатыр, біз де
қарқын ала түсуге тиіспіз. Ал Алаш ізбасары аталатын партияның
Мəжілістегі фракциясының ұлт мүддесіне орай жасалған
депутаттық сауалдары санаулы болмай, күрт артуы қажет.
Бүгінгі съезде «Ақ жол» партиясы Президиумы мүшесі,
елімізге белгілі саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтың жетек-
шілігімен жасалған жаңа саяси бағдарлама сауатты да, жауап-
ты жасалғаны көрініп тұр. Əсіресе, ел Тəуелсіздігі жолындағы
бүгінгі Кеден одағы келтіріп отырған нұқсандар, əлеуметтік
əлсіздіктер, мемлекеттік билік пен басқарудағы ретсіздік, Пар-
ламент өкілеттігін кеңейту, президенттік-парламенттік басқару
мəселесі, өнім өндірушілер мүддесін қорғау, т.б. мəселелер нақты
көрсетілген.
Бірақ, тағы да сол ұлттық мүдделеріміздің қамтылуы жағынан
кемшіндік бар. Біздің сайлауалды бағдарламамызда ұлттық
мəселелер нақты, жеткілікті көрсетілген еді. Енді соны кеміт-
пей, қайта одан əрі дамытуымыз керек. Ал кезінде белгілі қоғам
қайраткері Амангелді Айталының жетекшілігімен жасалған
партиямыздың Ұлттық тұжырымдамасын қоғам да, саясаттанушы-
лар да қуана қолдаған болатын. Оның үстіне ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» Стратегиясы жолдауында ұлттық мəселелерге
батыл бет бұру бар. Онда 2025 жылы қазақстандықтардың 95 пайы-
зы мемлекеттік тілді білуі тиіс делінген. 2025 жылы 95 пайызға
жетуі керек ел қазір жылына 2 пайызы қазақ тілін үйренгенде, ке-
189
мінде 75 пайыз болуы керек. Ал жағдай мүлде керісінше. Енде-
ше, Ел талабы мен Елбасы жолдауы орындалуы үшін Мемлекет-
тік тілдің деңгейін арттыратын баламасыз бір ғана мəселе - оның
үстемдігін орнататын заң қабылдап, Атазаңның 7 бабының орыс
тілі туралы 2-ші тармағын алып тастау керектігі Бағдарламада
айқын жазылуы тиіс! 2011 жылы осы мəселені талап еткен 138-
дің хаты жарияланғанда «Қазақ үні» газетіне 17 мыңнан аса қол
қойылған қолдаулар келген болатын. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасының азаматтығын қазақ тілін, ҚР Конституциясын
жəне Қазақстан тарихын білуі жөнінен емтихан тапсырғаннан кей-
ін беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.
1. Алаштың ізбасарымыз дейміз де, ол үшін не істеу керек екені
айтылмай қалған. Оның үстіне «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат
Тұрлыбекұлының атасы Перуаш Кəрімовтың 1933 жылғы саяси
репрессия кезінде АЛАШ ИДЕЯСЫ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАНЫ
ТУРАЛЫ ҚР ҰҚК Мұрағаттық құжатына қол жеткізіп, еңсеміз
бір көтеріліп қалды. Бұл тарихи жаңалық партия жетекшісінің біз
«Алаш партиясының ізбасарымыз» деп мəлімдеуінде ұрпақтар
бойындағы қанмен келген тарихи жалғастық пен саяси сабақтастық
барын байқатады.
Ендеше, біз Алашқа енді айқын да, нақты басымдықтар беріп,
басты бағытымыз етіп алуымыз керек деп білемін.
2. Оның үстіне қазір ұлттық мəселеге барлық партиялар
ұмтылып, халықты өздеріне тарту тартыстары басталуда. Саяси-
əлеуметтік зерттеулер бойынша, жастардың өте үлкен бөлігі
ұлттық мəселеге ұмтылуда екенін кешегі бір ғана партия «Нұр
Отанның» мүддесі үшін ғана қызмет істейтін, біздің дəлелді де,
дəйекті сындарымыздың 80 пайызын қиып тастаған «Қазақстан»
ұлттық арнасының «Алаң» хабарында ұлттық қүндылықтарға үрке
қарап келген «Нұр Отанның» коғамдық-саяси институты директо-
ры Саясат Нұрбектің өзі мəлімдеді.
Ендеше, алдымен Қазақ ұлтын отарсыздандыру мəселесін мем-
лекет басты бағыты етуі тиіс. Бұл «Ақ жол» партиясының Ұлттық
тұжырымдамасында да айтылған. ХХ ғасыр Қазақтар үшін қайғылы
қасап жасаған қанды репрессиялар ғасыры болды, қазақтар өз
отанында азшылыққа айналып, ана тілі, дəстүрлері мен тарихы-
190
нан айрыла жаздады. Бүгін сол жарақаттың, ұлттық-мемлекеттік
теңсіздіктің орнын толтыруымыз, өз мемлекеттілігімізді, мəдениет
пен тілімізді, дəстүріміз бен тарихи мұрамызды жаңғыртуымыз
тарихи заңдылық. Тəуелсіздік алған елдердің барлығында да
ең басты саяси басымдық - отарсыздандыру болатыны белгілі.
Сондықтан отарсыздану - мемлекеттік саясат ретінде кеш те бол-
са, қолға алынуы тиіс жəне бұл тарихи əділеттілік.
«Қолдан жасалған ашаршылық пен зобалаңдар жəне зұлмат ре-
пресиялар үшін Коммунистік партия жауап беруі тиіс» деп, елімі-
зде ең бірінші болып «Ақ жол» партиясы төрағасы А.Перуашевтың
Қызылордада мəлімдеме жасауы да бізге отарсыздану мəселесін
алғаш болып көтеруге моральдық құқық береді.
Қазір шетелде алты ай оқып келе салып, елдің бəрін ақымақ
санап, сан ғасыр даналарымыз-бабаларымыздың рухани негізі бо-
лып келе жатқан ата дініміздің сақалына жабысқан, ел бірлігіне
үлкен қауіп тудырып отырған жат бағыттағы діншілдердің келтіріп
жатқан кесірі соғысыңнан артық деуге болады. Əйтеуір соңғы ке-
зде ғана мемлекеттің қолға алуымен тосқауылдар қойыла баста-
ды. Сондықтан Қазақстан халқының дəстүрлі діндерін қолдау,
қоғамның рухани саласын жат секталардың жəне ағымдардың
ықпалынан қорғау керек.
Қорыта айтқанда, мемлекетте Ұлттық мүдде болмай - ұлт бол-
майды!
191
Байдалы Сəбит Жүнісбекұлы
«Ақ жол» ҚДП Орталық
Кеңесінің идеологиялық жұмыс
жөніндегі хатшысы
АЛАШ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ БІРІ – ҚАЗАҚ ЕЛІН
ЕУРОПА ЖОЛЫМЕН ЖАҢҒЫРТУ БОЛҒАН
«Қазақ үні» газеті, № 51-52 (609), 28.12. 2013 жыл.
Құрметті съезд делегаттары жəне қонақтар!
Бөріхан Жолбарысұлы Нұрмұхамедов бастаған жұмысшы
тобы Партиямыздың Жаңа Бағдарламасының жобасын жасауда
көп еңбек еткені байқалады. Оны атап өту қажет. Сонымен бір-
ге, партия үшін аса маңызды құжатты одан əрі жетілдіре түсудің
мүмкіндіктері мен резервтері де жеткілікті.
Біздің Стратегиялық мақсатымыз бар – ол: тəуелсіз,
гүлденіп, өсіп-өркендеген, демократиялық жолды ұстанған, ер-
кін, бəсекеге қабілетті Қазақстан жəне сонда тұратын əрбір
азаматтың лайықты өмір сүруі. Бұл біздің Жарғымызда да жазу-
лы. Сондай-ақ, Жаңа Бағдарламаның жобасынан Тəуелсіздік, Де-
мократия, Бостандық, Əділеттілік деп белгіленген біздің іргелі
құндылықтарымыз өзінің лайықты орнын алуы керек.
Ал, осы құндылықтардан туындайтын қағидалы ұстаным-
дарымыз менімше, мыналар болуы керек:
192
Бірінші. Біз, өркениетті оппозициямыз! Өркениетті оппозици-
яны қалыптастыруға Қазақстан қоғамының саяси мəдениеті пісіп
жетілгенін іс-əркеттерімен дəлелдеп отырған партиямыз. Алдағы
уақытта да өркениетті жолмен өрге ұмтылатын, алдымызға биік
мақсаттар қоятын партиямыз!
Екінші. Біз шағын жəне орта бизнес партиясымыз. Ең алды-
мен, қалыптасқан немесе қалыптасуы тиіс орта таптың, оның өзегі
– отандық кəсіпкерлердің партиясымыз. Көпшілік жаңарған «Ақ
жолды» негізінен отандық бизнестің мүддесін қорғайтын партия
ретінде қабылдап та үлгерді. Енді біз бұдан танбауымыз керек.
Үшінші. Біз нақты істің партиясымыз: ұлттық, өңірлік
жəне жергілікті деңгейде бүкіл қоғамның жəне əрбір азаматтың
мүддесіне орай нақты іс-шаралар мен іс-əрекеттерді жүзеге асы-
ратын партиямыз. Сайлауалды тұғырнамамыздағы алға қойған 10
міндеттің негізгі тезистері Бағдарламадан өз орнын алу керек .
Төртінші. Біз ұлттық мүдделерді ілгері жылжытатын жəне
қорғайтын партиямыз. Мұның мағынасы өте кең. Экономика са-
ласында ұлттық мүдделерді қорғау – алдыңғы орынға шығады.
Қазақстанның табиғи, экономикалық, əлеуметтік ресурстары, ең
алдымен, қазақстандықтардың мүддесіне қызмет етуге тиіс. Бұл
кез келген одақта, ұйымдарда Қазақстан өнімінің жəне Қазақстан
кəсіпорындарының басымдығы үшін күресу. Қазақстандықтардың
мүддесін ұлттық жəне халықаралық деңгейде қорғауымыз қажет.
Ұлттық мəдени мұраны сақтау жəне дамыту, мемлекеттік тілдің
мəртебесіне сəйкес оның рөлін көтеру, балалар мен жастарды
ұлттық құндылықтарды құрметтеу жəне патриотизм рухында
тəрбиелеу бағыттары қысқа да нұсқа тұжырымдалып берілуі керек
деп санаймын.
Бесінші. «Ақ жол» - «Алаш» қозғалысы ізбасарларының бірі
екендігі Партияның берік ұстанымы ретінде көрсетілуі тиіс. Мұны
Азат Тұрлыбекұлы Перуашев 2011 жылы шілде айында өткен
Партиямыздың 8-ші сиезінде жария етті. Ол тұжырым сəл кейінірек
Партиямыздың сайлауалды саяси тұғырнамасында да өз көрінісін
тапты. Партия көшбасшысының сол кезде алғырлық пен зерек-
тік танытқанына қазір куə болып отырмыз. Алаш тарихы – қазақ
халқы тарихының мақтан етуге тұрарлық қасиетті бір бөлшегі. Ал,
193
Алаш көсемі Əлихан Бөкейхан патшалық империяның тұсында
ұлтымыздың жазба тарихын қалыптастыруға баса назар аударған
жалғыз қазақ.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абылай аңсаған
азаттық» мақаласында: «Мемлекет тарихын, даңқты бабалары
жүріп өткен жолдың бұралаңы мен бұлтарысын, қилы кезеңдері мен
тағдырлы шешімдерін, ақтаңдақ беттері мен дара тұлғаларының
қайраткерлік өнегесін біліп өскен ұрпақ қана өзіне тиесілі за-
мана жүгін діттеген межесіне абыроймен жеткізе алады» деп
атап көрсетті. Біз тарих институттарының жұмысын атқара ал-
маймыз, əрине, дегенмен ұлттық тарихымыздың қайта зерделенуі-
не – Алаш тарихына жаңаша көзқараспен заман ағымына, уақыт
талабына сай іс-əрекеттер жасау арқылы үлесімізді қоса беруіміз
керек. Бір топ сенаторлар жуырда 2016 жылды - Əлихан Бөкейхан
жылы, 2017 жылды -Алашорда мемлекетінің жылы деп атау қажет
деген депутаттық сауал жолдады. Сенаторлардың ұсыныстары
тұтастай алғанда Ақжолдықтардың Алаш бойынша Үкіметке
жолдаған сауалдарымен үндесіп жатыр. Біз бұған қуанбасақ, рен-
жімейміз. Мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама жасауды біз
айтқанбыз, олар осы қос мерейтойды ЮНЕСКО аясында атап өту
қажет депті. Халықаралық деңгейдегі қозғалыс пен Халықаралық
деңгейдегі ұлы тұлғаны бұлай ұлықтай алсақ, бұл біздің партияның
да зор жетістігі жəне жеңісі болар еді. Тарихи жадыға адалдық
жəне ұрпақ сабақтастығына ниетіміз бағдарламада тайға
таңба басқандай көрінуі керек.Бағдарламаның сыртқы саясатқа
қатысты бөлігіне бір-екі позицияны анық та айқын етіп қосу ке-
рек. Алаш идеяларының бірі – Қазақ Елін Еуропа жолымен
жаңғырту болған. Еуропалық Одақпен ынтымақтастық тəуелсіз
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі.
Президенттің бастамашылдығымен «Еуропаға жол» бағдарламасы
(2009-2011ж.ж.) ойдағыдай іске асты, Еуропаның жетекші ел-
дерімен үнқатысудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Еуропа
мемлекеттері, олардың жоғары деңгейдегі технологиялық дамуын
ескерсек, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасын іске асыруда біздің басты экономикалық
серіктесіміз болып қала беретіні анық. Қытай мен Ресей секілді екі
194
алып елдің ортасында отырған бізге Еуроодақпен сенімді серік-
тес болу өте маңызды. Сонымен қатар, тағы бір маңызды бағыт
- Түркі тілдес мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын, мəдени,
рухани, саяси жəне экономикалық қарым-қатынасын нығайтудың
қажеттілігінен туындайды. Тоныкөк, Күлтегіндерден бастап, ке-
шегі Алаш қайраткерлері де тегі бір, тілі бір, тарихы ортақ
түркі халықтарының тұтастығын аңсаған. Осы асыл арман-
ды жүзеге асыру үшін Түркі халықтарының атажұрты саналатын
Қазақстан Мемлекеті басшысының жұмсап жатқан күш-жігерін
«Ақ жол» партиясы қолдауы керек деп есептеймін.
Ерте ме, кеш пе елімізде Конституциялық реформа жаса-
лады. Ол менімше, Қазақстанды Президенттік республика-
дан президенттік-парламенттік республикаға іс жүзіндегі
түрлендіруімізге (трансформациялауға) тіреледі. Бұл бағытта
айқын да анық көзқарас қажет.
Партияның жуырдағы жəне орташа мерзімдегі ең басты құжаты
– Партиямыздың осы Бағдарламасы. Бұл біздің əрі саяси Доктри-
намыз, əрі алдағы сайлауда қабылдайтын тұғырнамамыздың
негізі, əрі күнделікті басшылыққа алатын бағдаршамымыздың
рөлін атқаратын əмбебап құжатымыз. Сондықтан, Партия ак-
тивіне тағы да уақыт беріп, əлде де жобаны талқылап, нақты
ұсыныстар алғанымыз жөн.Əлі де пысықтай түсетін, ойластыра-
тын, ақылдасатын тұстар көп. Оны бүгінгі талқылау да көрсетіп
отыр. Пікірталастарды Қазақ үні газетінің беттерінде де өрістетсек
тіпті дұрыс болар еді. Жұмысшы тобы түскен ұсыныстарды еске-
ре отырып, жобаны жетілдіріп, тұжырымдап, Бағдарламаның
соңғы нұсқасын Партияның Жаңа бағдарламасының Редакциялық
комиссиясына тапсыруы керек. Оны тікелей Партия төрағасы
басқаруы қажет. Редакциялық комиссия өз тарапынан ең соңғы
өзгерістерін жасап, осы құжатты қабылдауға сиезбен арнайы
өкілеттілік берілген партияның Орталық кеңесіне шығаруы керек.
195
АЛАШ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
5 наурызда қазақтың көрнекті қоғам
жəне мемлекет қайраткері,
ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық Алаш қозғалысының
негізін қалаушы əрі саяси жетекшісі,
Алаш Орда ұлттық үкіметінің төрағасы,
публицист, энциклопедист-ғалым
Əлихан Бөкейхан 148 жасқа толды.
196
«Ақ жол» демократиялық
партиясының төрағасы,
Мəжіліс депутаты
Перуашев
Азат Тұрлыбекұлының«Əлихан
Бөкейхан: Марксизмнен
ұлттық Алаш идеясына дейін-
гі эволюциялық жол» атты
республикалық конференцияда
сөйлеген сөзі
АЛАШТЫҢ БИІК РУХЫ
Қазақ үні газеті, № 11 (620), 18 наурыз, 2014 жыл.
Құрметті конференцияға қатысушылар, қадірменді қауым!
«Ақ
жол»
демократиялық
партиясы
өзін
«Алаш»
қозғалысының рухани ізбасарларының бірі деп жариялағаны
мəлім. Бұл тұжырым сайлауалды Тұғырнамамызда да, Партияның
өзге де құжаттарында көрінісін тапқан. Біз, Алаш қозғалысының
көрнекті қайраткерлерінің идеялық мұраларын тарату жəне оны
бүгінгі күннің кəдесіне жаратуды маңызы зор мəртебелі іс деп са-
наймыз. Мен бүгін осы бағытта «Ақ жол» партиясының азды-көпті
атқарған жəне атқарылуға тиіс шараларынан Сіздерді қысқаша ха-
бардар етуді жөн көріп отырмын.
2012 жылдың 23 қарашасында Алаш қозғалысының 95
жылдығына арнап, «Ақ жол» партиясы Еуразиялық Ұлттық
университетінің қолдауымен «ХХ1 ғасырда Қазақстан
қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының
өзектілігі» атты ұлттық ғылыми-практикалық конференция
өткізгенін, оның өзінің діттеген мақсатына жеткенін Алашшыл
197
азаматтардың барлығы біледі. Бастысы, «Алаш» көшбасшылары
ұстанымдарының ұлтпен бірге өмір сүретін концепциялық
мағынасы бар екендігін конференцияға қатысушыларға сезіндіре
алдық. Конференция жəне одан кейін Алматыда Халықаралық
бизнес академиясымен бірлесіп өткізген «Алаш мұрасы – ұлттық
бизнестің негізі» тақырыбындағы «Дөңгелек үстелдің» матери-
алдарын ғылыми жинақ етіп шығардық. Жинақтан Ақ жолдық
депутаттардың Алашқа қатысты Үкіметке жолдаған сауалдары мен
оларға берілген жауаптар да орын алды. Бұл кітаптың таныстыры-
лымы Астанада ғана емес, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында
да болып, жұртшылықтың жақсы бағасын алды. «Ақ жол»
партиясының филиалдары республиканың басқа да өңірлерінде
Алаш тақырыбына бірқатар іс-шараларын өткізді. Алаштың орда-
сы болған – Семей қаласында 5-13 желтоқсан аралығында «Алаш
апталығы» өтті. Сөйтіп, «Ақ жол» партиясы Əлихан Бөкейханның
150 жəне «Алаш» қозғалысының 100 жылдықтарына арналған іс-
шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруды қолға алды.
Біз, осы мерейтойларға дайындыққа Үкіметті, уақытты со-
збай, бірден кірісуге шақырдық. Премьер-министрге жолдаған
депутаттық сауалымызда Алаш қозғалысының мерейтойларын
мемлекеттік жəне жалпыұлттық дəрежеде атап өту үшін Мемле-
кеттік комиссия құрып, оған жалпымемлекеттік жəне аймақтық ке-
шенді бағдарламалар даярлау ісін жүктеудің қажеттілігін айттық.
Алашордалықтардың сот процесінің материалдарын көп томдық
жинақ етіп шығаруды ұсындық. Сонымен қатар, Қазақстандағы
репрессия тарихын ресейліктерді араластырмай-ақ, отандық
тарихшы-ғалымдардың күшімен қорытудың маңыздылығын
ескерттік. 2013 жылдың 30 мамырында Алматыдағы Қабанбай ба-
тыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында Саяси қуғын-
сүргін құрбандарына арналып, орнатылуы тиіс ескерткіштің 21
жылдан бері салынбағаны туралы депутаттық сауал жолданды.
Парламенттік Фракция Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу
бойынша патриоттық акция өткізіп, депутаттарымыз жұмысқа
Мемлекеттік тудың түсіндей ленталар тағып шықты. Сондай-ақ,
қазақтың соңғы ұлы ханы - Кенесары ханның басын іздестіру тура-
лы жəне ел тарихында маңызы зор Сарайшық қаласын сақтап қалу
198
туралы депутаттық сауал жолданды. Өткен жылғы 7 желтоқсанда
Алаштың 96 жылдығы, Желтоқсан көтерілісі мен Тəуелсіздік
мерекесіне арналып, «Ақ жол» партиясының биллиардтан ку-
богы жарысы болып өтті. Оған белгілі қаламгерлер мен қоғам
қайраткерлері қатысып, Асанəлі Əшімов ағамыз ақ батасын беріп,
«Ақ жолдың» алашқа сіңіріп келе жатқан еңбегін жоғары бағалады.
2013 жылғы 13 желтоқсанда, Алашорда үкіметінің құрылғанына
тура 96 жыл толған күні, Астанада - «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ
жолы» байқауының қорытындысы Л.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің белгілі ғалымдарының қатысуымен өтті.
«Ақ жол» демократиялық партиясы биылғы 25 ақпаннан бастап,
«Алаш тағылымдары» дəрістерін бастады. «Алаш тағылымдары»
дəрісі «Ақ жол» партиясы парламенттік фракциясының апта
сайын партия филиалдарының қатысуымен өтетін онлайн
бейнеконференциясының аясында, əр айдың соңғы аптасының
сейсенбісінде тыңдалады. Республикадағы барлық партия фили-
алдары қатысатын бейнеконференцияға Ақжолдық Мəжіліс депу-
таттары, партия активі, орталық аппараттың қызметкерлері, облыс
филиалдарының белсенділері қатысады. Басқа да қатысқысы ке-
летіндерге есік ашық. Алғашқы дəрісті белгілі алаштанушы, Алаш
көсемі Əлихан Бөкейхан өмірін зерттеуші Сұлтанхан Аққұлы
«Ақ жол» партиясының Астанадағы Орталық офисінде өткізді.
Оның Əлихан өмірінің басты кезеңдері жайлы дəрісі ықыласпен
қабылданды. Алдағы уақытта Алаш тағылымдарын көпшілікке та-
рату идеясын қызу қолдаған Жабайхан Əбділдин, Сейіт Қасқабасов,
Серік Қирабаев, Ғарифолла Есім, Дихан Қамзабекұлы, Мырзагел-
ді Кемел, Амантай Шəріп, Сұлтанхан Аққұлы, Қайрат Сақ жəне
тағы басқа елімізге белгілі алаштанушы ғалым, зерттеушілерді
шақыратын боламыз.
Байқап отырсыздар, ұлт мүддесіне орай істеліп жатқан шаруа-
лар бар, бірақ, бұл бағытты біз бұдан да зор көлемде ұлғайтуымыз
керек. Өйткені, алда тарихи заманалық аса маңызы бар оқиға
ретінде бағалануы тиіс мерейтойлар жақындап келе жатыр.
Сондықтан ағымдағы жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында
Қазақстан көлемінде тұңғыш рет «Алаш апталығын» өткізіп,
оны дəстүрге айналдырмақпыз. Бұл шараның пилоттық жобасын
199
Семей жерінде ойдағыдай іске асырғанымызды атап та өттім.
Осындай шаралар арқылы Алаштың мəртебесін асқақтатсақ жəне
Алаш Орда ұлттық үкіметінің өмірге келген күні - 13 желтоқсанды
ұлттық мереке ретінде күнтізбеге кіргізуге ұмтылсақ, «Алаш күні
құтты болсын!» деп, бір-бірімізден сүйінші сұрайтын шаққа жет-
сек деген арман бар. Осы күні Əлихан Бөкейхан жəне басқа Алаш
көшбасшылары атындағы төсбелгілер табыс етіліп жатса, Алаш-
тану тарихнамасының зерттелу жағдайына да тың сүрлеу салынар
ма еді деп ойлаймыз. Біз де Алаш арыстарының құнын қайтаруға
жасалған алғашқы сəтті қадамдарымыздың бірі болса деген ниет
бар. Бұқаралық сипат алатын қоғамдық пікірді қалыптастырып,
халықты 2016-2017 жылдарға дейін рухани тұрғыда дайындай
берсек деген мақсатымыз бар.
Біз, қазіргі таңда дəстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «ХХ1
ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауының
2014 жылғы шығарылымымен жұмыс жасаудамыз. Жəне биылғы
кітабымызды байыта түсетін жаңа бір бөлім енгізбекпіз. Əзірге
шартты атауы - «Ақ жолдың» олжалары. Ол қандай олжалар? Ең
алдымен Алашорда өмірінен 1935 жылы жазыла бастап, 1936
Достарыңызбен бөлісу: |