Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Совет  Аяулым  Əділетқызы

Е.А.Бөкетов атындағы  

Қарағанды мемлекеттік 

университетінің 3 курс студенті



ҚЫР БАЛАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚАҢҒЫП ҚАЛМАСҚА 

ҚЫЛҒАН ҚЫРУАР ҚЫЗМЕТІ

«Жаз болса қыдыртып қымыз ішкен, көрші ауылдың түтінін 

түзеткен біздің қазақ жігіті. Бізге бұл жұрт тіршілігі мысал бола 

ма? 15 те отырып тамақ асырайтын болсаң, 15 –тен жер ал! 15 –

ке мал бақпақ болсаң, адасқаның, қаңғырғаның». Қыр баласының 

қазақ баласына ашыған жаны əр жазбасынан анық көрініп тұратын. 

 Қыр баласының қазаққа қылған қыруар қызметі «Қазақ» га-

зетінде тереңінен танылды. Ұлт өзегі жойылмас үшін барын салып 

бақты Алаштықтар. Берік бағдарламаның жолында ұстанған сын-

дарлы саясат пен қыруар қызметтің нəтижесі қазақты көзі ашық, 

көкірегі ояу ел дəрежесіне жеткізді. Жазықсыз жаланың құрбаны 

атанып, жандары үзілсе де жүректері «Алаш» деп соқты. 

 Исі қазақтың маңдайына біткен Алашшыл ұлдардың бірі жəне 

бірегейі-  Əлихан  Бөкейханов  болатын.  Бүтіндей  бір  ұлттың  тари-

хи сахнадан жоғалып, босып кетпесі үшін, тұңғыш реформатордың 

«Жер мəселесі» төңірегінде экономикалы-индустриялды мақсаттағы 

статистикаға құрылған еңбектері мол. Алаш ақтаңгерінің сол шақтағы 

салиқалы көзқарастары қазіргі таңға дейін маңызын жоймаған. Қазақ 

өлкесін жан-жақты зерттей келе, Шербина экспедициясы құрамында 

қызмет  қылған  «ормантанушы-ғалым,  статистик,  əмбе  этнограф» 

еді. Ел экономикасын ауыл-шаруашылық тұрғысынан дамытуда жер 

бағалаушы да бола білді. Экономикада шебер, статистикалық сандық 

мəліметті  сөзбен  ойната  білген  ғалым  «Қазақ  газетінің»  бетінде 


165

жарияланған мақалаларында «земство» мəселелерін ескере отырып, 

жергілікті басқару жүйесін енгізуді дұрыс көрген.

Жалпы, Алаш қозғалысының тууына бірден-бір себеп -қазақ эконо-

микасына Ресейшілдердің көз алартуы ғана емес, Еуропа елдерінің қазақ 

жеріне деген ашкөзділігінен де туған еді. Қазаққа өз арасындағы бай-

шонжардың қысымы аз болғандай, енді отаршылдардың озбырлығы, 

солақай  саясаттың  салдары  əсер  етпей  қоймады.  Жерін  тартып 

алып,  казачествоны  (орыс-казак  əскері)  орналастыру,  қоныстандыру 

жұмыстары ашық жүргізілді. Жер экономикасы тұралап, сол жылдары 

Ресейшілдер қазақтардың 45 млн десятина жеріне емін-еркін иелік етті. 

К.Нұрпейісов деректерінде, орыс ұлтынан қоныстанушылардың саны 

есеппен- 23,1% құраған  көрінеді.  Хрущевтің  тың  көтеру  бастамасы-

мен 25 миллион гектар жер басқаға кетті. 70 миллион гектар құнарлы 

жерден,  көп  бөлігін  шөл  жəне  шөлейт  аймақтар  құраған  аймақтарға 

қазақ  шаруалары  күшпен  ығыстырылды. «Топырағы  сор,  қызғылт, 

құмдау біздің қазақтың жерінің көбіндей жерде жүрген мұжық жер-

лерін жаман-жақсысына қарай 6-ға, 8-ге, 10-ға бөліп осы бөліктердің 

2,3,4, -і ғана егін астында болады. Біздің қазақ жақсы жерін 6 бөліп, 

4-іне егін салып, 2-сіне пішен шауып, мал бақса онысын көтерер жыл-

да  басқа  көзге  төпелеп,  жаңа  келген  хохолша  жыртса  қазақ  қаңғып 

қалар»  деген  қыр  баласы.  Қазақстанның  оңтүстік  аймақтары  егін 

шаруашылығына  бейім.  Жыл  сайын  астықты  өндіріп,  молынан  ала-

тыны  егін  егуді  жақсы  игерген  диқандардың  еңбегі.«Темірқазықта 

-Жайық һəм Тобыл, Күншығыста- Ертіс, Оңтүстікте -Түркістан таула-

ры, ең биігі -Хантəңірі, Күнбатыста -Амудария, 9 облыс, 1 губернияда 

260 миллион десятина шамасында жер, бұдан 10-20 жыл бұрын қазақ 

пайдасында еді. 1908 жылға дейін мұжыққа қазақтан алып берген жер 

4  миллион  десятина  артық  болатын. 1913 жылғы  есепте, 1910-1912 

жылдары  қазақтан  мұжыққа  алынған  жер – 6 миллион  десятинадан 

артық» болған. Жалпы, Еуропалықтардың өмірінен мысал келтірген-

де, жер көлемі жағынан Германия-120, Италия-121, Англия-109, Гол-

ландия-185, Белгия -254, Россия-25. Осындай тар жерде отырып бұл 

жұрттардың күн көргенін Əлекең адамның небір көрсеткен шеберлігі-

не теңейді. Мəдениеті неғұрлым жоғары дамыған жұрттарда қала саны 

көбейеді. Мал өсіруде жер жайлы болса, мал өсімді болады. Мұндай 

шаруа жақсы жылы бала да көп туылады. Елдің демократиялық өсімі 

ұлғайып,  қазақ  саны  артады.  Тарихта  демографиялық  өсім  мөлшері 

Тəуелсіздік жылдарында жоғары болған.


166

«Алаш» партиясын құрған Алаштықтардың реформасы ұлттың 

болашағы үшін жасалған жоба еді. «Жер мəселесі» бағдарламасы 

бүгінде маңызын жоймай, өміршеңдігін көрсетуде. 



-Сыбаға өлшеу –норма, жердің топырағы мен шаруашылық 

түріне қарай жасалуы. Сыбағадан артылған жер земство қолында 

болуы. Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп 

берілуі. Сол сияқты реформатордың есебінше, 1896 жылдары бір 

шаңыраққа 18-24 аралығында ірі-қара ұстауы қажет екенін, 5-8 де-

сятина жер қажет. Бір ауылға 192 десятина жер қажеттігін ашық 

айтты.  Бір  дəлелі,  болашақта  жақсы  ғұмыр  кешудің  айрықша 

үлгісін  құрған.  Алаш  Реформаторы  болашаққа  өсімнің  анық 

деңгейін  ұсынған.  Елімізде 2011 жылы  Қазақстанда  жан  басына 

шаққандағы жалпы ішкі өнім 11 300 АҚШ долларын құраған. 

-Жердің  кені,  астығы,  байлығы  қазынанікі  болып,  билігі 



земство  қолында  болу.  Аса  зор  ағаш,  зор  өзендер  мемлекет-

тікі болып, аз ағаш һəм көл байлықтары земство мүлкіне са-

лыну.  Қазірде  игерілген  алқапты  қоспағанда  жердің  көп  пайызы 

қазынада  сақталады.Экономиканың  негізгі  бағыты  отын-энерге-

тика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік).

Экспорттың 75% – минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, 

газ,  көмір,  уран  сияқты  пайдалы  қазбаларға  тиесілі.  Қалған 13% 

-  металлдар  жəне 3,4% - ауылшаруашылық  өнімдері  құрайды.

Мұның негізгісі бидай өнімі болып отыр.

-Салық  салғанда  мал-ауқат,  табысқа  қарай  байға-байша, 



кедейге-кедейше  ғаділ  жолмен  таратылса.  Қазірде  елімізде 

меншік  салығында:  кейде  бұл  салықтар  кедей  отбасылары  үшін 

ауыр  болады,  ал  жалпы  алғанда  бай,  табысы  жоғары  топтар-

дан  түсетін  салықтың  мөлшеріне  шаққанда  жағдайы  төмен  от-

басылардан  алынатын  салық  əлде  қайда  төмен  болады»  делін-

ген.  Сол  шақтағы  Алаштықтардың  реформасындағы  идеяның 

сарқыншақтары  қазірге  дейін  сақталған.  Өндіріс  ошақтары  кен-

желеп,  мал  шаруашылығын  өсіретін  адамдар 12-14 сағат  қызмет 

қылды  сол  шақта.  Жұмыскердің  ахуалының  нашарлығын  ескер-

сек,  өндірістің  дамуына  жол  ашар  деу  екіталай  еді.  Отарлық 

саясаттың басты нысанасы - Қазақстанды Азияға шығатын тікелей 

қақпа мен кілт етіп, тауар мен пайданың орталығына айналдырды. 

ХХ  ғасырдағы  Ресейдің  капиталистік  кезеңге  аяқ  басып,  ондағы 

индустриялды  ошақтың  көбеюі  Қазақстанға  жаңаша  өзгерістер 



167

əкелген  еді. 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліске  дейін,  Семей 

өңіріне қарасты қазақ шаруаларының меншігіндегі егіндік көлемі 

57600 десятинаға тең болса, 1916 жылы 111 мың десятина, 1917 

жылы 119 мың 858 десятинаға жеткен. Мұның өзі егінді өндіріске 

салып,  пайда  қылудың  жаңаша  жолы  еді. «Малым – жанымның 

садағасы,  жаным-арымның  садағасы»  деген  қазақ  нақылы. 1905-

1907 жылдары қазақ өзінің шұрайлы жерлерінен айырылды. 1913 

жылы  қазаққа  берілген  жердің  мөлшері 400 мың  десятина.  Осы 

орайда А.Байтұрсыновтың Айқаптағы «Қазақ жерінің қазыналық 

болғанына өкіну бекер. Қазыналық етемін десе көну қажет. Қазақтың 

жерге ие болып отырғаны қазынанікі болғандықтан» деген ұтымды 

пікір айтқан. Мұның баршасына «Қазақ һəм жер мəселесі», «Зем-

ство», «Қазақ ерін алу турасындағы низам» мақалалары куə. Ұлт 

берекесін сақтауда жердің көп бөлігін қазынада сақтау тиімді. Бұл 

орайда,  экономиканы  терең  зертеген  журналист  К.Смайловтың 

2003 жылғы жазбаларында «Шабындықпен жайылым көлемі 162 

милион болса, миллиард халқы бар Қытайда 234 миллион гектар 

екен.  Егіс  көлемі  жағынан  Қазақстан – Үндістан,  Ресей,  АҚШ, 

Қытай, Канададан соң алтыншы орында. Құнарлы жер 50 млн га, 

бір жылда 250 млн га астық алса,сонда жиналған астық бір милли-

ард қазақстандықты асырайды» деп зерделеген.

 Қазақ газетіндегі жазбаларда «Профессор Верпер: «Шұрайлы 

түйе,  жабағылы  қойдың  жері»  деген  баға  берді  қазақ  даласына. 

Тыңайған жерлерді игеру жұмыстары жүргенде, жердің көбі сор бо-

лып қалғанымен, қазақ даласында тұнып тұрған жер көп болатын. 

Қазіргі  мəлімет  бойынша, 272 млн  гектар  жерінің  орманды  дала 

жəне дала зоналарында 24% ауыл шаруашылығына қолайлы, 70% 

шөлейт жəне шөлді жерлер екені белгілі. Софы Сматаевтың “Елiм-

ай” романында «Астраханың — Хажытархан, Саратов — Сарытау, 

Челябинск — Селебе, Курган — Қорған, Тюмень — Төмен, Бар-

наул — Баранауыл, Усть-куть — Үстiқұт, Ачинск — Ащылы, Бай-

кал — Байкөл, Енисей — Енесай, Ангара — Аңғар емес пе едi?!» 

делінген.  Деректерге  сүйенсек,  жеріміздің  əлдеқайда  көп  бөлігі 

жаттың  қолында  кеткен.  Ə.  Бөкейханов  пен  А.Байтұрсыновтың 

тікелей  қатысуымен  Əлімхан  Ермековтің  жасаған  баяндамасын-

да  жаңадан  құрылатын  қазақ  автономиясының  территориясына 

Астрахань,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Сырдария,  Закаспий, 

Самарқанд, Ферғана облыстары жəне Алтай аймағы да кіруі тиіс 


168

деген. Аталған аумақтың жалпы территориялық көлемі 3 миллион 

467 мың 922 шаршы шақырым. Осы жердің 81 пайыз аумағында 5 

жарым миллион қазақ өмір сүрген. Т.Жұртбайдың айтуынша, ол - 

жалпы халықтың 54 пайызы еді дейді 

Ə.Бөкейханов жазбаларындағы жер жұмысы деп «Новая вре-

мя» газетінің 643 номерінде жазылады: «Біздің миссионерлердің 

шоқындыратындары  қазақтың  сорлылары,  жарлылары,  өз 

жұртының ішінде теңдікке қолы жетпей, жарық сəуле көрмегендер, 

жаңа дінге кіріп, жаңа қарындас тауып жақсылыққа қолымыз жетер 

ме деп дəмелі болатындар». Сол қоғамда айтылған пікірлер бүгінде 

қайталануда. Мұны ұлт зиялылары əріден сезген. Бір діннің жете-

гіне біраз қазақ енсе, ел қазынасына да қол салынады, экономика 

тегіс құлдырайды. Қазақ елі ұлттық экономикасының табиғи даму 

мүмкіндіктерін əлі толық игеру үшін ауыл шаруашылығы, егістік 

мəселелеріне терең көңіл бөлуі тиіс. Сонда, еліміздегі жері шұрайлы 

аудан  орталықтарын,  сол  төңіректегі  елді-мекен  тұрғындарының 

ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтеу үшін өндірген ауыл 

шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа 

шығара алатындай мүмкіндіктер туар еді.

2012  жылы  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі 27%-

ға  ұлғайды  жəне 2 трлн  теңгеден  асып  түсті.  Фермерлікті, 

ауылдардағы  шағын  жəне  орта  бизнесті,  ауыл  шаруашылығын, 

Қазақстанның  азық-түлік  өнімдерін  негізгі  экспорттық  өнімдер 

ретінде  сыртқа  шығаратындай  деңгейге  жеткізу  басты  назар-

да  ұсталды.  Бүкілəлемдік  экономикалық  форумның  жаһандық 

бəсекеге қабілеттілігінің бағамы бойынша, «Аграрлық саясаттың 

ауыртпалығы» көрсеткіші жөнінен 2011 жылы Қазақстан 13 пун-

ктке  көтеріліп, 49-шы  орын  алуға  мүмкіншілік  бар» -деген  еді 

мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Жерді  жат  елге  бұйымтайлап  əуреленбесек,  шіркін!  Ұлттың 

қамы  үшін  жазықсыз  жаланың  құрбаны  болған  арыстарымыз 

тəуелсіздіктен  соң,  қазіргі  таңда  біз  табан  тіреп  тік  тұрған  жер 

үшін күресіп бақты емес пе. Тарихи сахнадан жойылудың аз-ақ ал-

дында тұрған ұлт - қазірде іргесі нығайып, тəуелсіз елге айналды. 

Миллиард  доллар  ұсынар  шетелдік  инвесторлардың  қаражатына 

қызығып,  халықты  ұлттық  байлығынан  айырмайық!  Сайып 

келгенде,  АЛАШТЫҢ  АҚ  ЖОЛЫНА  ақ  ниетпен  жеткеніміз 

Алаштықтардың арқасы еді...


169

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 

МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН

МАРАПАТТАУ РƏСІМІ:

170

Қыдыралина Жанна Үркімбайқызы

Қайымов Мұқағали Джамбайұлы

171

Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы

Кенемолдин Мұратбек

172

Əнес Ғарифолла мен Төлеуішов Əбілхан Сейтімұлы

Талғатбек Манаш əл-Машанитегі

173

Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы

Əлімжанова Арайлым Мағашқызы

174

Базылбеков Маралбек Құрманғалиұлы

Елікбаев Көшкінбай Елікбайұлы

175

2013 

жылғы

 байқа

удан

 е

стелік

176

«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда 

«Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын жəне принцип-

тік көзқарастарын тарату.

Байқауға  қатысуға  Алаш  мұрасына  қызығушылық  танытып, 

осы  тақырыпта  ғылыми  зерттеулермен  жəне  публицистикамен 

айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық ізденушілер 

шақырылады. 

Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар:

1. «Алаш»  қозғалысы  идеяларының  мемлекет  құры-



лысындағы,  демократиялық  құндылықтардағы  жəне  қазір-

гі  Қазақстан  қоғамының  еуропалық  жолды  таңдаудағы 

сабақтастығы; 

2. «Алаш»  қозғалысы  көшбасшыларының  еңбектеріндегі 



экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды əлеуметтік 

жаңғыртудың  мəселелері  жəне  осы  идеяларды  қазіргі  заманғы 

Қазақстанда дамыту; 

3.  Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа 

есімдер;

Арнайы номинация:

4.  Жоғарыда  аталған  кез  келген  тақырыптар  бойынша  орыс 



тіліндегі  жəне  басқа  Қазақстан  этностарының  тілдеріндегі 

үздік зерттеу немесе жарияланымдар. 



Кезеңдер:

1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай 

іріктеу.  Байқау  жұмыстары  ағымдағы  жылдың 1-ші  қазанына 

дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен 

аспауы тиіс

Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың 

арнайы  қазылар  алқасы  екі  аптаның  ішінде  əрбір  номинация 


177

бойынша 10 үміткерден  іріктеп  алады,  олар  екінші,  бетпе-бет 

кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 

2  кезең: 1-інші  кезең  жеңімпаздарының  бетпе-бет  пікіртала-

стары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 1 (бір) 

айдың ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар бары-

сында үміткерлер əр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын 

қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамалар-

ды талқылауға қатысады. Пікірталастар əрбір номинация бойын-

ша бөлек өтеді.

Пікірталастар  қорытындылары  бойынша  əр  номинациядан 2 

үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін 

іріктеліп алынады.



3  кезең:  Алаш  Орданың («Алаш»  үкіметінің)  құрылуының 

жылдығы (13 желтоқсан) қарсаңында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың 

Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші 

кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді жəне сұрақтарға 

жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың 

басты  марапаттарының  иегерлерін  арнайы  қазылар  алқасы 

анықтайды.

 Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын бо-

лады.

Байқаудың  жүлделік  қоры 3 млн.  теңгені  құрайды.

Жалпыұлттық  пікірсайыстардың  жеңімпаздары  мен  лауреаттары 

үшін келесі сыйақылар белгіленеді:

- 1-ші кезеңнің лауреаттары (əр номинация бойынша 10 үздік 

жазбаша жұмыстар) – 25 мың теңгеден;

- 2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (əр номинация бойынша 2 

үздік үміткер) – 100 мың теңгеден;

- 3-ші кезеңнің əр номинация бойынша жеңімпаздары үшін – 



250 мың теңгеден.

Байқаудың  бетпе-бет  пікірсайыстар  кезеңдерінің (2; 3 

кезеңдер)  қатысушыларының  іссапар  шығындарын  «Ақ  жол» 

ҚДП төлейді. 

178

1-ші  кезеңге  қатысу  үшін  байқау  жұмыстары ««ХХ1 

ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, 

Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның 

Демократиялық  партиясы  Орталық  аппаратының  мекен-жайына 

немесе alash_akzhol@mail.ru; yranym-alash@mail.ru электрондық 

поштамен жіберілсін.


179

ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ КОНКУРС

«ХХI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

(Светлый путь Алаша в ХХI-ом веке).

Главная цель конкурса - популяризация творческого насле-

дия и принципиальных взглядов движения «Алаш» на модерниза-

цию казахстанского общества.

К участию в конкурсе приглашаются соискатели в возрасте от 



18 до 35 лет, проявляющие интерес к наследиям Алаша, занимаю-

щиеся научными исследованиями и публицистикой по указанной 

теме. 

Конкурс проводится по четырем номинациям в три этапа. 



Номинации:

1.  Преемственность идей движения «Алаш» в государствен-



ном строительстве, демократических ценностях и выборе евро-

пейского вектора в развития современного Казахстана;

2.  Актуальность  экономических  воззрений  и  проблем  со-

циальной модернизации общества в работах лидеров движения 

«Алаш» и развитие этих идей современном Казахстане; 



3.  Неизвестные события и новые имена в истории движе-

ния «Алаш»;



Cпециальная номинация: 

4.  За лучшее исследование или публикацию по любой из пе-

речисленных тем на русском языке и языках других этносов Ка-

захстана.



Этапы:

1 этап: заочный отбор письменных работ (эссе, сочинений). 

Конкурсные  работы  принимаются  до 1 октября  текущего  года. 

Объем представляемых работ – не более 12 стр.

После окончания срока приема работ, специальное жюри кон-

курса в течение двух недель отбирает по 10 претендентов в каждой 

номинации для участия во втором, очном этапе.



180

2 этап: очные дебаты победителей 1-го этапа. Проводится в 

течение одного месяца после подведения итогов 1-го этапа. В ходе 

очных дебатов, претенденты по каждой номинации выступают с 

защитой своей конкурсной работы, отвечают на вопросы, участву-

ют в обсуждении других докладов. Дебаты проходят раздельно по 

каждой номинации. 

По  итогам  дебатов  по  каждой  номинации  отбираются  по 2 

претендента для участия в финальной стадии – 3 этапе конкурса.



3  этап:  Проводится  накануне  годовщины  создания  «Алаш 

Орды» (правительства «Алаш») (13 декабря), в рамках Общенаци-

ональной  конференции  «ХХI-ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы». 

Победители 2 этапа  выступают  с  докладами  и  отвечают  на  во-

просы. По итогам обсуждения специальным жюри определяются 

обладатели главных наград конкурса. 

Материалы конкурса будут опубликованы отдельным изданием.

Призовой фонд конкурса составляет 3 млн. тенге. Для по-

бедителей и лауреатов Общенациональной конкурса устанавлива-

ются следующие премии:

- для лауреатов 1 этапа (10 лучших письменных работ по ка-

ждой номинации) – по 25 тысяч тенге; 

- для победителей 2 этапа (2 лучших претендента по каждой 

номинации) – по 100 тысяч тенге; 

для победителей 3 этапа по каждой номинации – по 250 ты-

сяч тенге.

Командировочные расходы участников очных этапов конкур-

са (2; 3 этапы) оплачиваются ДПК «Ак жол».

Конкурсные работы для участия в 1 этапе, с пометкой «ХХ1-

ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы»/ «Светлый  путь  Алаша  в  ХХ1 

веке» - направлять  по  адресу: 010000 г.  Астана,  ул.  Сарыайшык 

д.11,  офис  №5,  Центральный  аппарат  Демократической  партии 

Казахстана  «Ак  жол»  или  по  электронной  почте: alash_akzhol@

mail.ru; yranym-alash@mail.ru.


181

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ

XI СЪЕЗІНДЕГІ АЛАШ ТАҚЫРЫБЫ 

(13 желтоқсан 2013 жыл)

XI-ші съездің ашылу сəті

182

Қазақстан Республикасы

Астана қаласы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын     

тапсыру туралы 

ХАТТАМА

 

Астана қаласы                                           2013 жылғы 16 желтоқсан

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2012 жылғы 05 жел-

тоқсандағы № 444 Жарлығы бойынша  

Мен,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық  партиясының 

Төрағасы  А.Т.Перуашев  марапатталғандарға  Қазақстан  Респу-

бликасы  Президентінің  атынан  мемлекеттік  наградаларды  табыс 

еттім: 


«Құрмет» ордені

БАЙДАЛЫ Сəбит 

Жүнісбекұлы

- Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократия-

лық  партиясының  Хатшысы,  Астана 

қаласы


БАРЛЫБАЕВ Ерлан  

Хайланұлы

- Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократия-

лық  партиясы  Төрағасының  орын-

басары, Астана қаласы

СМАҒҰЛОВ Асқар

Сайлаубекұлы

- «Ақмола  вагон  жөндеу  зауыты»  АҚ 

қаржы директоры, Астана қаласы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

НҰҒМАНОВ Тимур

Ерсайынұлы 

- Қазақстанның 

«Ақ 

жол» 


Демо-

кратиялық  партиясының  заң  депар-

таментінің директоры, Астана қаласы

М.О.


                                                               ___________________________

                                                                  табыс етушінің қолы



183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет