Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

вать только тот народ, который говорит на своем языке и имеет 

свою литературу». А. Байтурсынов был обеспокоен тем, что «сов-

ременная  киргизская  интеллигенция,  получившая  образование  в 

русских школах и татарских медресе, уже начинает пренебрегать 

киргизским языком, разговаривать и переписываться между собой 


34

на русском и татарском языках. Это уже плохой признак. Если это 

будет продолжаться и в дальнейшем, …то нам придется навсегда 

проститься с киргизским языком, а вместе с тем и киргизским на-

родом, как с особой нацией. Если этого мы не хотим, то необходи-

мо разрешить этот вопрос в корне и отныне приступить к усовер-

шенствованию киргизского языка и литературы». От этой идеи он 

никогда не отступал ни на шаг.

Критические  замечания  Ахмета  Байтурсынова  возымели  по-

будительное действие. Об этом свидетельствует следующее упо-

минание  Мыржакыпа  Дулатова  в  одноименном  биографическом 

очерке, посвященном 50-летию Ахмета Байтурсынова: «Благодаря 

А. Байтурсынову, хотя бессознательно, но на самом деле поддав-

шаяся  обрусению  и  отатариванию  часть  киргизской  интеллиген-

ции, живо опомнилась и стала осознавать и исправлять свои ошиб-

ки.  Даже  бывали  такие  курьезные  случаи:  учащаяся  молодежь  в 

некоторых  русских  учебных  заведениях  в  целях  сохранения  чи-

стоты киргизского языка условилась разговаривать между собой 

обязательно  по-киргизски,  в  случае  нарушения  кем-либо  этого 

правила виновный за каждое случайно вылетевшее некиргизское 

слово платил 35 копеек штрафа в пользу ученических кружков».

Казахские интеллектуалы рубежа ХIХ-ХХ вв. были полиязыч-

ны.  По  словам  внука  Алимхана  Ермекова - Олега  Ермекова,  его 

дед знал пять языков. Мустафа Шокай свободно владел наряду с 

русским еще и английским, французским, немецким, польским и 

турецким языками. 

И  сегодня  востребованы  выдвигавшиеся  алашской  интелли-

генцией  по  отношению  к  кадрам  государственного  управления 

принципы чести и долга. Столь жизненны и поныне мысли Шокая 

о работнике аппарата, чиновнике: «Национальный кадр» для нас 

– это, прежде всего, слуга нации, выполняющий свой националь-

ный долг ни по чьим бы то ни было приказам, а по долгу совести». 

Одной  из  актуальных  задач  нынешней  казахстанской  государст-

венной  службы  является  утверждение  принципов  меритократии 



(системы  заслуг).  Как  не  вспомнить  сегодня  как  назидательный 

пример нынешним поколениям управленцев еще об одном факте 

из истории алашской интеллигенции.


35

В  уже  упоминавшемся  письме  Х.  Досмухамедова  Г.  Берди-

еву  отмечаются  сведения  о  социальной  несправедливости  и  без-

закониях,  царящих  в  Степном  крае.  Студент  Х.  Досмухамедов 

с  болью  в  сердце  писал  своему  другу  о  развивающихся  в  степи 

злоупотреблениях, грязных поступках обирателей, взяточников и 

аферистов разных мастей, нечистых на руку чиновниках, сеющих 

раздор  и  разногласия,  их  бесчеловечности,  бессердечном  и  без-

жалостном отношении к народу, произволе, чинимом ими всюду. 

Автор письма осуждал действия таких администраторов, которые 

«по приказу», «под видом благотворительности организовали для 

Красного Креста сбор с баев по 1 барану, с бедняков по 1 рублю 

и с поступившей суммы оставили начальству 100 рублей». Х. До-

смухамедов отмечал, что такая же картина наблюдается и на вы-

борах. Он советовался с другом по поводу кандидатур в волостные 

правители в родном для обоих округе, предлагая альтернативные 

кандидатуры вместо кандидатуры Жумакула, «проводника поли-

тики  ненавистной  народу  компании  Гадучева».  Жумакул  прихо-

дился родственником Халелу. Этот пример также убеждает, что и 

в студенческие годы Халел Досмухамедов проявлял зрелую гра-

жданскую позицию защитника прав и интересов простого народа, 

что никогда не поступался принципами правды и справедливости, 

невзирая на родство.

 О наличии в истории такого опыта истинного служения наро-

ду непрестанно следует говорить молодому поколению. Чем доль-

ше мы будем помнить об алашских деятелях, тем реже будем ис-

пытывать горечь разочарования в испытаниях на приверженность 

справедливости,  состраданию  и  милосердию,  способности  каж-

дого из нас проявлять личную ответственность за происходящее 

вокруг,  противостоять  лжи,  мздоимству,  не  поддаться  соблазну 

корыстного  и  алчного  обогащения  за  счет  окружающих.  Пости-

жение поучительной истории Алашского движения и его деятелей 

одухотворяет и переполняет нас самыми высокими, благородны-

ми чувствами.

Успешно  противостоять  новым  вызовам  времени,  в  услови-

ях внутренних и внешних угроз, кризиса ценностей цивилизации, 

отстоять  интересы  нации – обязанность  нынешних  поколений. 



36

Строительство сильного суверенного Казахстана невозможно без 

возрождения  интеллигенции,  потому  ныне  роль  интеллигенции 

еще более возрастает. Это вопрос о роли интеллектуального, со-

знательного фактора в ходе строительства демократического пра-

вового  государства,  о  развитии  духовности,  о  повы шении  соци-

альной активности и ответственности каждого человека. 

Таким образом, алашская идея, рожденная в начале ХХ в., про-

должает  служить  интересам  независимого  Казахстана.  Пройдет 

время, придут новые поколения, но и в последующие десятилетия 

и столетия достойное наследие общественной мысли и духовного 

опыта  Алашской  интеллигенции  будет  поддерживать  казахстан-

ский народ в потоке истории. 

Немеркнущий путь Алаша и светлые образы его деятелей на-

всегда останутся в памяти поколений…


37

Дукенбаева Зада Оразғалиқызы

Мемлекет тарихы институтының

деректану,тарихнама жəне Отан 

тарихы бөлімінің бас ғылыми   

қызметкері, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор

.

Талғатбек Манаш 

əл-Машанитегі

Əл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық университетінің 

3 курс студенті



XXI - ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ

Қазақстан Республикасының дамуы ұлттық, жалпыадамзаттық 

жəне демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік 

мұраттарға бағыт түзеп келеді. Тəуелсіздік жағдайында əлеуметтік-

экономикалық,  саяси-құқықтық  реформалардың  іске  асырылуы 

еліміздің  мəдени-рухани  өміріне  жаңа  сипат,  тың  мазмұн  беру-

де.  Осындай  реформалық  өзгерістер  отандық  тарих  ғылымының 


38

мазмұнымен, құрылымымен бірге, оның əлеуметтік қызметіне де, 

жаңартушылық  ықпал  жасады.  Осыған  байланысты,  Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 

«Тарих  дегеніміз  өткеннің  ғана  сабағы  емес,  ол  едəуір  дəрежеде 

болашақтың  да  көрінісі.  Қазақ  тарихы  фактілердің  өлі  қоймасы 

емес, бұл өзі орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш» [1] - 

деген  тұжырымы  теориялық  жəне  əдіснамалық  тұрғыда  тарихи 

сананың жаңару үдерісіндегі кешенді міндеттерімізді айқындайды.

Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  тікелей  тапсы-

руы  бойынша, 2009 жылы  Қазақстан  үкіметінің  қаулысымен 

егеменді  еліміздің  бір  топ  белгілі  тұлғаларының,  елеулі  мəдени-

тарихи оқиғалардың мерейтойлары аталып өткені белгілі. Соның 

бірі – Алашорда  үкіметінің 90 жылдық  мерейтойына  байланы-

сты  өткізілген  мемлекеттік  кешенді  іс-шаралар,  сонау XX ғасыр 

басындағы  айтулы  ғалым  Ахмет  Байтұрсыновтың: «Ұлым  деген 

ел  болмаса,  елім  деген  ұл  қайдан  тусын»  деген  даналық  сөзінің 

бір  жарқын  дəлеліндей  болды.  Бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстан  жаста-

рын отансүйгіштікке баулып, тəрбиелеуде мұндай мəдени-рухани 

шаралардың маңызы ерекше екені сөзсіз.



Кешегі  Алаш  идеясы – бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстан!  Ала-

шорда басшысы Əлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларының 

XX  ғасыр  басында  қазақ  автономиясын  құрмақ  болған  алғашқы 

ұмтылыстарын,  саяси  күресін,  жалпы  Алаш  қозғалысын  зерде-

леу,  тəуелсіздіктің  арқасында  ғана  жүзеге  асқаны  ақиқат!  Алаш 

қозғалысы – Отандық  тарихымыздың  негізгі  құрамдас  бөлігі 

ретінде  қайта  қаралып,  зерттелуде. [2] Қоғамдық  ғылымдардың 

мазмұны  тоталитарлық  жүйенің  идеологиялық  ықпалынан  ары-

лып, тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында 

түбірлі жұмыстар атқаруда. Мемлекеттік маңыз алған тəуелсіз та-

рихи сана қалыптастыру бағытында концептуалдық тұрғыда қайта 

қарауы тиіс мəселелер мен тақырыптар жеткілікті. Ұлт тарихы тек 

қана саяси, əлеуметтік-қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен 

қатар  ұрпақ  жалғастығынан,  өміршең  дəстүрлерден  құралатыны 

да белгілі. Сол игі дəстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, 

əлеумет, жеке адам күшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз 

жүріп  өткен  ұзақ  жолдың  шежірелі  күндеріне  көз  салсақ,  тарих 


39

ата  жадына  тоқыған  талай  тағылымды  істерді  көрер  едік.  Қазақ 

тарихының  ақтаңдақ  беттеріндегі  ұлттық  құндылықтарымызды 

жаңа  көзқарастар  тұрғысынан  зерделеу  бүгінгі  күн  талабы. 

Елбасымыздың  «Қазақстан-2050»  Стратегиялық  бағдарламасы 

бойынша  бірнеше  басым  бағыттарды  айқындап  берді.  Соның 

бірінде, бүгінгі таңда елімізге білімді, білікті азаматтар тəрбиелеу 

керектігі  айтылған.  Бүгінгі  ұрпақ – ертеңгі  ұлт  болашағы, 

сондықтан  даналардың  даналық  сөздерінен  ғибрат,  тағлым  алып 

өссе,  еліміздің  ертеңі  айқын  болары  даусыз.  Қазақ  тарихының 

осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ 

даласын  азаттық  идеясына  жұмылдырған  бұл  ұлы  қозғалыстың 

тарихы  мен  тағылымы  уақыт  өткен  сайын  айқындалып  ке-

леді.  Алаш  қайраткерлері  ұлтты  ұлт  ететін  талай-талай  шаруа-

ны  бастағаны,  жолға  салғаны  белгілі.  Сол  Алаштың  өткен  тари-

хын  халқына  қайтаратын  ақтаңдақ  оқиғалардың  айқындалатын 

уақыты  жетті.  Ұлттық-мемлекеттік  межелеуге  дейінгі  Алаш  та-

рихы Отан тарихында белгілі деңгейде зерттелгенімен концепту-

алды тұрғыда қарастыруды, ғылыми зерттеу бағыттары алдыңғы 

қатарға  шығарып  отырған  күрделі  тарихи  үдерістердің  себеп 

- салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшелік-

терін айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарында тың əдіснамалық 

тəсілдерді  қолданып,  жаңа  концептуалдық  бағыттарды  игеру-

ді  қажет  етеді. XX ғасыр  қойнауындағы  қазақ  интеллигенциясы 

тарихына қатысты кезеңінің деректік негізі бай. Алайда, бұл бай 

деректік  қазына  осы  уақытқа  дейін  ғылым  жолымен  игерілмей 

келеді. Оның үстіне, бертінгі заманның деректері салыстырмалы 

түрде  молырақ  болғанымен,  əрірек  уақыттың,  əсіресе  ғасырлар 

қойнауына енген сайын деректер тапшылығы айқын сезіледі. Осы 

орайда,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық  партиясының 

қолдауымен «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық 

байқауының да басты мақсаты «Алаш» қозғалысының мұраларына 

қатысты тың ойларды ортаға салып насихаттаулары өте құптарлық 

жағдай. 


Еліміз  тəуелсіздікке  қол  жеткізді,  оңы  мен  солын  таныды. 

Халықаралық  деңгейде  бай  тарихы  бар,  іргелі  мемлекет  ретін-

де  таныла  бастады  десек,  артық  айтпаған  болармыз.  Сондықтан, 


40

бүгінде еліміздің мемлекеттілігі туралы тарихын қозғау қажеттілік 

болып табылады. Бүгінгі егемендігіміздің, тəуелсіздігіміздің тари-

хында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан зор 

екендігі дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Олар келер ұрпаққа 

қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып 

кетті. Бүгінгі тəуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш ары-

стары: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жаһанша, Халел 

Досмұхамедовтер,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаевтың 

т.б.  Ақ  Тумен  көтерген  тегеурінге  бергісіз  батыл,  мемлекетшіл 

жəне  отандық  идеясы  болатын.  Алаш  қайраткерлері  атқарған 

тарихи  міндеттің  де  зор  маңыздылығы  осында.  Елдігіміздің 

тұғырын  көтеруде  Елбасымыздың  игілікті  мақсаттарымен  Алаш 

азаматтарының  ниеттері  арасында  үлкен  сабақтастық  жатыр. 

Мемлекет  Басшысы  өзінің  Жолдауында  «Бабаларымыз  тірі  болу 

үшін бір болса, біз əрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек» деп 

тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат ететінімізді жариялады. 

Жəне оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі, бүгінгі 

буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында 

сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз деуінің өзінде 

үлкен  астар  жатқандығын  байқаймыз.  Бұл  ретте  атқаруға  тиіс 

міндетіміз – жасампаз жəне өміршең ұлт қалыптастыру жолында 

еңбек ету, осы мұратқа жеткізетін заңдық негізі қуатты, қоғамдық 

тетіктер  (механизм)  жасау.  Соның  бірі - Алаш  қайраткерлерін 

ардақтаудың  деңгейін  биікке  көтеруді  бұдан  əрі  кешіктірмеу. 

Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін, бұған үкімет 

кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс.

Тарихқа  тағзым,  өткенге,  елге,  жерге,  Отанға  деген  құрмет 

болып  табылады.  Осы  мақсатта  Семейде,  Батыс  Қазақстандағы 

Жымпиты елді мекендерінде Алаш қозғалысының 90 жылдығына 

арналған  саябақ,  сонымен  қатар  Алаш  арыстарына  арналған 

ескерткіш-монументтің  ашылуы  ғасырлар  бойы  аңсаған 

тəуелсіздік  мұратына  қол  жеткізу  бақыты  біздің  ұрпақтың 

маңдайына  бұйырды.  Алашордалықтардың  ұлы  жолдағы 

арқалаған  аманат  жүгінің,  халқына  жасаған  қайырымды  ісінің 

жалғастырушысы  бүгінгі  елдің  азаматтары  мына – Сіздер  мен 

біздер.  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ə.  Назарбаев: «Алаштың»  басты 


41

мақсаты  қазақ  қоғамын  бірте-бірте  өзгертіп,  заманға  бейімдеу 

еді.  Бұл  біздің  жедел  жаңғыру,  яғни  модернизация  бағытымызға 

да сай келеді... Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп 

көтеруді табыстап кетті... [3]. Өткеннің мұрасына мұқият қарауды 

Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Ай-

мауытов, X. Досмұхамедов, сынды арыстар өсиет етіп қалдырды. 

Алаштың  асыл  аманаты  бізге  тарихи-мəдени  бірегейлігімізді, 

қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға 

міндеттейді. Алаш қайраткерлерінің асыл аманаты біздің ауызбір-

лігімізді  күшейтуге  шақырады», – десе,  бүгінде  біздер  тағдыр 

сыйлаған  тəуелсіздік  таңының  атқанына  жиырма  екі  жылдық 

қарсаңында  тұрмыз.  Өшкенімізді  жағып,  жоғалтқанымызды  та-

уып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп жатқан 

жаңару кезеңдерінде кешегі күні тіпті есімдерін еске алуға, атта-

рын атауға болмайтын Алаштың арыстары ортамызға оралып отыр. 

Тəуелсіздікті құрметтеу, тəуелсіз елдің азаматы бола білу – оның 

қасиеті  мен  қадірін  түсінудің  айқын  жолы  өз  халқының  жүріп-

өткенін білуге, құрметтеуге барып тірелетініне сөз жоқ. Қаншама 

бабаларымыз  бостандық  жолында  күреске  шығып, «ұлтшыл, 

халық жауы» атанды. ХХ ғасыр басындағы ұлтымыздың алыптар 

шоғыры қазақ əлеміне шоқ жұлдыздардай жарқырап шығуы – ел-

дегі  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жағдайлармен  тығыз  бай-

ланысты  болатын.  Олардың  көксеген  армандары  ХХ  ғасырдың 

басында  бой  көтерсе,  ғасырдың  аяғында  орындалды.  Еркіндікті, 

бостандықты  аңсаған  ата-бабаларымыз  «Алаш»  деп  бар  қазаққа 

ұран тастады. Сол тайғанақты тар жол, тайғақ кешуде өз өмірлерін, 

қасиетті жолда бастарын құрбандыққа шалды. Еліміздің болашағы 

жарқын,  келешегі  кемелді  болуы  үшін  Қазақстанның  «Ақ  жол» 

Демократиялық партиясының ұйтқы болуымен «XXI - ғасырдағы 

Алаштың  Ақ  жолы»  тақырыбында  Жалпыұлттық  байқауының 

өткізілуі  Алаш  зиялыларына  деген  үлкен  Азаматтық  парыздары 

мен тағзымдары деп түсінеміз. Болашаққа үлкен сеніммен қадам 

басу – өткенді саралап, сабақ алудан басталады. Тарих тағылымы 

–  дамуымыздың  басты  факторларының  бірі.  Дамуымыздың 

барысының  өзі  бізді  бабаларымыздың  өмірі  мен  ісіне  байыппен 

үңіліп,  олардың  жетістіктерін  бағалап,  жеңілістерінен  сабақ  алу, 


42

даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажеттігіне 

əкеліп тірейді. Еліміздің өткенінен сабақ ала отырып, біз бүгінгі 

жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. 

Еліміз  тəуелсіздік  алып,  жариялылық  самалы  ескеннен 

бері,  төл  тарихимызда  да  жабық  тақырыптарға  жол  ашылып, 

бұрынғы  тоталитарлық  жүйенің  кейде  айла-шарғысымен,  кей-

де  күштеп  таңуымен  мызғымастай  орнығып  келген  қатаң  та-

рихи  əдіснаманың  көбесі  сөгілді.  Қиғаш  пікір,  оғаш  ойлардың 

бұрыстығы  дəлелденіп,  бір  саусағын  ішіне  бүккен  зымиян 

саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихымыз үшін бір ауыз  сөз 

айту қиынға соққан бір дəуірдің тарихы қайта қаралып, бірте-бір-

те  ақтаңдақтардың  да  орны  толтырылуда.  Қазақ  зиялылары  ту-

ралы  алыс-жақын  шетелдік  ғалымдарының  зерттеулерінде  орын 

алуы, «Алаш»  қайраткерлері  мұрасының  өміршеңдігінде. 1992 

жылы Түркия ғалымы Фирьет-бей Тамыр Мағжан Жұмабаевтың 

шығармашылығы  жөнінен  докторлық  диссертация  қорғаса, /4/ 

1993 жылы жапон тарихшысы Уяма Томохиконың «XX ғасырдың 

басындағы  қазақ  интеллигенциясының  дүниетанымы.  Міржақып 

Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы туралы» атты диссертациясының 

пайда  болуы  үлкен  жаңалық  болды.  М.  Дулатовтың  мəдени 

жəне  қоғамдық-саяси  қызметін  саралау  арқылы XX ғасырдың 

басындағы  қазақ  қоғамында  интеллигенцияның  атқаратын  рөлін 

анықтауды мұрат тұтқан Уяма Томохиконың зерттеуі Жапония та-

рихнамасында қазақ тіліндегі деректер негізінде жазылған тұңғыш 

ғылыми жұмыс болды /5/. Біздіңше, бұл ғылыми диссертациялық 

зерттеу қазақ мəдениеті, тіпті жалпы Қазақстан тарихы туралы жа-

пондар жазған алғашқы ғылыми туындылардың бірі болып табы-

лады. Жапон тілінде жазылып, Токио университетінде қорғалған 

Уяма Томохиконың түйінді пікірі: «М. Дулатов орыс патшасының 

жауы  болды,  орыс  халқына  жаулық  еткен  жоқ.  Дулатов  орыс 

мəдениетінен  үйренуге  шақырғанда,  ол  мұны  орыс  мəдениетін 

жақсы көргендіктен жасаған жоқ, реалист жəне прагматик ретінде 

өз халқының адамзат өркениеті көшіне ілесуі үшін, орыс мəдениеті 

мен тілінің оң əсерінің қажеттігін айқын сезінді. М. Дулатов өнер 

мен білімнің, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануға өз 

жұртын үгіттей отырып, халықты алға тартуда интеллигенттердің 


43

рөлінің маңызын жете түсінген аса ірі мəдени қайраткер болды» - 

деп түйіндеді У. Томохико. [6] 

Алаш арыстарының ұлттық мемлекет құруды көздеп, елді бір-

лікке шақыруы, ең басты құндылық – егемендікке деген ұмтылыс 

болатын.  Халқының  азаттығы  мен  бақыты  жолында  жан  сала 

күрескен,  сол  жолда  құрбан  болған  Алаш  ардақтыларының  сан 

-  салалы  асыл  идеялары  бүгінгі  Тəуелсіз  Қазақстан  жағдайында 

бірте-бірте  жүзеге  асуда.  Кезінде,  Алаштың  арыстары  атанған 

ұлтымыздың  ұлы  перзенттерінің  халқына  жасаған  ұшан-теңіз 

еңбектері,  рухани  мұралары  қазақ  өз  елінің  иесі  болып  тұрғанда 

мəңгі  жасай  бермек.  Тарих  тағылымына  терең  бойлаған  сайын, 

бүгінгі тəуелсіз, бейбіт күннің қаншалықты ауырлықпен келгенін 

түсінеміз. Еліміздегі еркіндік пен сөз, ой, ар-ождан бостандығының 

қоғамдағы тыныштық пен ұлттар арасындағы ынтымақтастықтың, 

береке  мен  бірліктің  бағасына  жетіп  қоймай,  өскелең  ұрпақтың 

ойына  азық,  бойына  қазық  етіп  сіңдіру    қажет.  Тарихқа  тағзым, 

өткенге ғибадат – Отанға, туған жерге деген құрмет ел ертеңі жа-

старымызды  ұлтжандылыққа  тəрбиелейді.  Бұл  өмір  заңдылығы. 

Қазақстанның  Ресейге  бодан  болғаннан  бергі  тарихындағы  ХХ 

ғасырдың  алғашқы  ширегін  «Саяси  күрестермен  рухани  жаңару 

кезеңі» деп айтуға əбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына 

Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол 

кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің беталыс, бағдарларынан əбден 

хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген 

қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олар қазақ 

елінің  Еуропа  мемлекеттерімен  салыстырғанда,  экономикалық, 

саяси,  əлеуметтік,  мəдени  тұрғысынан  өте  артта  қалғандығы 

патша  үкіметінің  отарлық  саясатының  кесірінен  екенін  толық 

түсінді. Сондықтан, қазақ халқын өзге дамыған мемелекеттердің 

қатарына қосу үшін білім ала отырып, өзге мемлекеттердің саяси-

қоғамдық,  əлеуметтік-экономикалық  дамуына  ықылас  қойып, 

қазақ халқын бүгінгі деңгейге жеткізу үшін саяси-күрес аренасы-

на  шықты.  Олар  саяси  күрестің  бірінші  кезеңін  Еуропаша  білім 

алу  деп  түсінді.  Қазақ  халқының  ел  билігін  ұстаған  басшылары 

оқимын деген жастарды барынша оқуға жұмылдыра білді. Сырым 

батырдың шөбересі - Салық Омарұлы Өлеңті болысының управи-


44

телі болып тұрған кезінде, Жаһанша Досмұхамедовты оқытуға көп 

қаражат жұмсаған. Сондай-ақ, Қуанай Хазіреттің баласы - Ғабдол-

Ғалымның Бағдатта діни оқу орнын бітіруіне де көп көмегін тигіз-

ген. Тағы сол сияқты өлкеміздегі жастардың білім алуына көмек 

қолын созған, қаражатпен  қамтамасыз еткен озық ойлы адамдар 

көп болған. Ғасыр басындағы Алаш арыстарының ой-болжамдары 

мен мақсат-мүдделері бүгінгі XXI - ғасыр тоғысымен астарласып 

жатқандығын көруге болады. Алаштың бір тума азаматы М. Ду-

латов: «Қазағым менің, елім менің» деген мақаласында: Россияға 

тəуелді  қазақ  халқының  «ешқандай  правосының  жоқтығы  ыза 

мен кекті тудырады», ...олар біздің дінімізге, атадан мұра болып 

келе  жатқан  əдет-ғұрпымызға  ауыз  салуда, ...қазақтардың  суы 

мен  шұрайлы  жерлерін  тартып  алуда..., - деп  ашына  жазды. [7] 

Кейіннен  М.Дулатовтың  «Жастарға»  жəне  «Біздің  мақсатымыз» 

деген мақалалары жарық көрді. Қазақ зиялыларының басылымда-

ры  «Қазақстан», «Қазақ»  газеттері, «Айқап»  журналы  жəне  т.б. 

басылымдарда  дүниеге  келді. 1923 жылы  А.Байтұрсыновтың 50 

жылдық  тойына  арнап  жазған  мақаласында  М.Əуезов  былай  де-

ген: «1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас 

қосып,  кіндік  хүкіметке  қазақ  халқының  атынан  петиция  (арыз-

тілек)  жіберген.  Ол  петициядағы  аталған  үлкен  сөздер:  бірінші 

–  жер  мəселесі,  екінші – қазақ  жұртына  земство  беруді  сұраған, 

үшінші  –  отаршылардың  орыс  қылмақ  саясатынан  құтылу  үшін, 

барлық мұсылман жұртының қосылуын жəне қазақ жұртын муф-

тиге қаратуды сұраған. Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының іші-

нен  тілеулес  кісілер  көп  шыққан,  көпшіліктің  оянуына  себепші 

болған».[8] Ойымызды мақамдай келе, қазақ зиялылары I жəне II 

Мемлекеттік Думаның мəжілістерінде де көтерген ойларын ашық 

қоя білгендігін тарихтың өзі дəлелдеді. ХХ ғасырдың басында біздің 

өлкеміз сауда жолының негізгі торабына айналды. Патша үкіметі 

Жайық өзенінің бойында бірнеше əскери бекіністер орнатып, Ре-

сеймен аралықта темір жолдар салып, қазақ жерінің шикізаттарын 

өз елдеріне тасып, пайда тауып жатты. Орал қаласы жəне Батыс 

Қазақстанның  шекаралық  белдеулері  Ресей  мемлекетімен  сауда-

саттық байланыстарын орнатты. Бұл сауда-саттық қазақ халқына 

байлық қаражатын əкелмесе де, алдағы уақытта қазақ жастарының 



45

білім алуы қажеттігін көзі қарақты, озық ойлы адамдары түсіне ба-

стады. Қорғансыз елінің қамын ойлап, бастарын қауіп-қатерге тігіп, 

бес облыстан жиналған қазақтың зиялылары Əлихан Бөкейханов, 

Бақытжан Қаратаев, Жетісулық Барлыбек Сыртанұлы, Торғайлық 

Міржақып Дулатов 1905 жылы желтоқсанда Оралға келіп, саяси 

ұйым құруға байланысты мəселені талқылауға қатынасады. Осы-

лайша, Орал қаласында саяси ұйым құруға əрекет жасаған, «Қазақ 

конституциялық  демократиялық»  партиясын  құру  жөніндегі 

əрекеттері  мен  қажырлы  еңбектері  ізсіз  кеткен  жоқ.  Бұл 1917 

жылғы құрылған Алаш партиясының бастау көзінде тұрған оқиға 

болды. Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр - «тар жол, тайғақ кешулер-

ден», «соқтықпалы,  соқпақсыз  жерлерден»  тұратын  жəне 30-шы 

жылдардан басталып, 50-ші жылдарға дейін жалғасқан Сталиндік 

геноцид  ғасыры  болды.  Қаншама  қиындықты  бастан  өткерсе  де, 

еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тəуелсіздікке қол жет-

кізу болатын. Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз азаттыққа 

ХХ ғасырдың соңында ғана əрең қолын жеткізді. 

Тəуелсіздік  туралы  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаев:  «1991  жылдың 16 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет