Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж


желтоқсаны – Қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

желтоқсаны – Қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың 

жұл дызды  сəті.  Осы  сəттен  бастап  біздің  халқымыздың 

ғасырлар  бойы  аң саған  арманы  орындалды.  Қазақ  халқы 

өзінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінде өзінің тəуел-

сіздігін жариялап, оны барша əлемге жария етті» деп мəлімдеді. 

Бүгінгі  ұрпақ  қол  жеткізген  ұлы  жеңісті XX ғасыр  басындағы 

«Алаш»  арыстары  да  мақсат  тұтқан. «Алаш»  қозғалысының 

да  түпкі  мақсаты - біртұтас  қазақ  мемлекетін  құру  еді.  Бұған 

Х.Досмұхамедовтың  түрмедегі  тергеушіге  берген  мына  жауабы 

дəйек  бола  алады: «Қазақстан  жағырапиялық  жағынан  біртұтас 

мемлекет  ретінде  басқарылуы  тиіс.  Барлық  жоғарғы  лауазымдар 

сайланып  қойылуы  керек.  Егерде,  Кеңес  өкіметі  саяси  еркіндік 

жариялап, еркін партия құруға мүмкіндік берсе, оларға да осы та-

лапты қою керек. Бұл бағдарламаға М.Тынышбаев екеуміз қандай 

үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дəрежеде белсене 

қатысты» - делінген.[9] Алашорда үкіметінің құрылуына тікелей 



түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орын-

46

борда  өткен  Қазақ  мемлекеттілігі  туралы  мəселе  қаралған 

ІІ  Жалпықазақ – қырғыз  съезінің  ұйымдастырушылары: 

Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.  Дулатов  болған.  Съездге 

қазақ  сахарасының  əр  аймақтарынан,  Самарқан  облысы  мен 

Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан – 58 делегат, əр 

түрлі  қазақ  ұйымдарының  атынан – 8 делегат  жəне  арнайы 

шақырумен – 15 адам, ұйымдастыру комитеті съездге келген 

делегаттардың тізімінде барлық жиын-терісі 81 делегат тір-

келінген. Көп дауыс алған Ə.Бөкейханов Алаш автономиясының 

өкіметі – Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы 

баяндаманы  Ə.Бөкейханов  жасап,  ол  жөнінде: «Алашорда 

бүгіннен  бастап  қазақ – қырғыз  халқының  билігін  өз  қолына 

алады» - деп қаулы қабылдады.[10] 

Алаш  қозғалысы 1917-1919 жылдары  халықтың  ықыласына 

ие  болған,  қазақ  қоғамын  дүр  сілкіндірген,  Қазақ  автономиясы 

мəселесін  тұңғыш  көтеріп,  оны  іске  асырған.  Бүкіл  мағыналы 

өмірлерін  халқының  азаттық  алуына,  еркін  ел  болуына  арнаған 

аяулы  азаматтар  соңғы  демдері  біткенше  сол  мақсат  жолында 

күресті.  Кеңестік  үлгідегі  Казақ  автономиясы  құрылған  кезде, 

Əлихан Бөкейхановтың тікелей кеңесімен Əлімхан Ермеков Қазақ 

автономиясының  территориясы  туралы  баяндама  жасап,  онда  əр 

сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемле-

кеттік мағына мен астар берді. Əсіресе, қоныстанушылар қордалана 

орналасқан,  қара  топырақты  солтүстік  облыстардың  шекара-

сын анықтауға жəне оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға 

жанкешті  дəлелдер  іздестірілді.  Ал,  жер  жөнінде,  соның  ішінде 

солтүстік облыстардың жер, экономика, шаруашылық, этникалық 

құрамы мен мəдени шоғырлануына баға беруде сол кездегі кеңес 

өкіметі ғалымдарының ішінде Əлихан Бөкейхановпен теңдесетін 

маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Одақтас 

республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң 

мен  қаулы-қарар  қабылдар  алдында  Ə.Бөкейхановтың  пікіріне 

жүгініп  отырған.[11]  Баяндамашы  Əлімхан  Ермеков  Қазақ  рев-

комы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына 

сүйене  отырып:  Астрахань,  Урал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Сыр-

дария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын 



47

қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ 

республикасының құрамына  беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 

81%-ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, 

бұл бүкіл тұрғындардың 54% - екенін атап өтті. Сөйтіп, 10 тамыз 

күні  комиссия  төрағасы  А.З.Каменский  барлық  ескертулер  мен 

ұсыныстарды қорыта келе: «Қазақ республикасын құру - шешілген 

мəселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін 

республиканың  басқаруына  берудің  жолдарын  қарастырсын»,- 

деп жариялады. Бұл үлкен жеңіс еді. Алайда, бұл жеңісті тиянақты 

ету  үшін  автономияның  территориясы  мен  тұрғындары  туралы 

ұсыныстарды  Лениннің  алдында  қорғап  шығуы  тиіс  болды.  Ле-

нин мен Əлімхан Ермековтың көзбе-көз тілдесуінің нəтижесінде, 

бүгінгі  бүкіл  казақ  жері  Қазақстанның  құрамына  мəңгілікке 

қосылды. Автономия мен территория мəселесі 14, 16-17 тамызда 

талқыланып,  24 тамызда  тағы  да  Лениннің  қатысуымен  өткен 

ең  соңғы  шешуші  мəжілісте  түбегейлі  бекітілді.[12]  Қараңғыда 

қан  жылап,  айдауына  да,  абақтысына  да  шыдап,  ел  үшін  баста-

рын  құрбан  қылған  Алаш  азаматтарының  ұлтжанды  пікірлері, 

əрекеттері кейінгі буын жас ұрпақтарымызға үлгі өнеге. 

Міне,  қазақ  даласының  киелі  топырағы  асау  желмен  бір  ау-

нап,  үлкен  қозғалысқа  түскен  сияқты.  Дүбірмен  өткен  өмір  асу-

лары  арайлап  таңмен  таласып,  дүниені  дүр  сілкіндірді.  Ел  тілегі 

-  егемендік,  халық  арманының  салтанатты  шағы  туды.  Еліміздің 

тəуелсіздігі – ата-бабамыздың  асқақ  арманынан  туындаған, 

бүгінгі  ұрпақ  қол  жеткізген  ұлы  жеңіске  терең  бойлап,  тебірене 

толғансақ, халқымыздың бастан кешкен телегей – теңіз тарихын 

көз  алдыңнан  тізбектеп  өткізесің.  Əрбір  тізбектің  өзіндік  бір  та-

рихы, күресі бар. Тəуелсіздік үшін сан ұрпақ атқа мінді, айбалта 

ұстады, «аттан қазақ» деп жар салды. Ол жатса түсінен, тұрса есі-

нен бір сəт кетпеген, ғасырларға созылған ата-бабамыздың қанды 

жорығының  дабылды  да,  дауылды  күресінің  заңды  жалғасы  еді. 

Кеңес одағы кезеңінде ұлттық тарих мəселелерін зерттеуге шектеу 

қойылу  себебінен,  қазақ  тарихының  көптеген  тұстары,  шындық 

сыры  ашылмаған  күйінде  қалып  немесе  бұрмаланып  беріліп,  са-

яси  тұлғаларға,  батырларға,  жалпы  қоғамның  игі  жақсыларына 

арналған  зерттеулер  қатаң  цензурадан  өткізіліп,  іріктеліп  отыр-


48

ды. Қазақ тарихының ұлттық мəселелерін алаңсыз зерттеу, соның 

ішінде  айтылмай  немесе  бұрмаланып  келген  тарихи  оқиғаларды 

объективті түрде қайта қарастыру мүмкіндігі, тек 90-шы жылдар-

дан, Қазақстанның тəуелсіздік жолына бет бұрған уақытынан кей-

ін ғана туындады. 

Қазақтың  сан  ғасырлық  тарихының  ең  жарқын  беттерін 

жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретін-

де ұлтымыздың мəдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны 

сөзсіз.  Өйткені,  ол  қазақ  баласының  саясат,  мəдениет  сатысына 

көтерілгендігін  айғақтай  отырып,  ендігі  жерде  ұлт  ретінде  дер-

бес  өмір  сүруге,  өзге  елдермен  терезесі  тең  халық  ретінде  азат 

күн  кешуге  болатындығына  əлеуметті  сендіре  алған  жаңашыл 

қозғалыс  еді.  Қозғалыстың  қарқындылығы  мен  жаңашылдығы 

-  қазақ  қоғамы  үшін  қиын-қыстау  сол  бір  дүбірлі  шақта  азаттық 

ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік инсти-

туттар  қалыптаспаған  сахара  төсінде  дербес  мемлекет  идеясын 

құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, 

халқының  басын  қосып,  ертеңіне  сендірген  осындай  ұлы  топ 

бұған дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен 

қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, 

қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба 

білді. Алаш қозғалысы кеңес өкіметі тарапынан терістелгенімен, 

оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір 

сүріп келді. Оның жарқын əрі бұлтартпас мысалы - тəуелсіздіктің 

қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. 

Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» 

«Алаш мұрасы жəне осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың 

басында  ұлттық  бірлікті  нығайту  идеясын  алға  тартқан  рухани-

зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз 

мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарапынан шыққандар, əрі ең 

алдымен дəстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың 

басындағы  қазақ  қоғамында  зиялы  қауым  қалыптасуының 

ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» 

-  деп  көрсеткен  болатын [13]. Тəуелсіздік  алған  жылдардан  бері 

қазақ қоғамында ұлттық идея жөнінде əңгіме басталып, ол бір то-

ластар  емес.  Бұл  заңды  құбылыс  та.  Заңды  болатын  себебі,  ұзақ 


49

уақыт  отарлық  езгі  құрсауында  қамалған,  егемендігін  енді 

орнықтырған,  жаһанданудың  алдында  тұрған  халықтың  есті 

ұрпағына  ұлтын  ұйыстырар  идея  керек  болды.  Осы  қиын  да 



күрделі,  жолда  қазақ  халқының  талай  марқасқа  ұландары 

«елім»  деп  еңіреп,  басын  бəйгеге  тіккен  талай  арыстарымыз 

осы жолда опат болғаны тарихтан белгілі. Əрісін айтпағанда, 

сонау  ХХ  ғасырдың  басында  Алаш  көсемдерінің  басты 

мақсаты – туған халқын терезесі тең, тəуелсіз жұртқа айнал-

дыру болған. Бірақ, оның сəті түсе қоймады. Аузын айға білеп, 

əлемнің алтыдан бір бөлігін иемденген большевиктік империя 

адымын  аштырмай,  қан  құстырды.  Ес  жиып,  етек  жапқан 

бүгінгі  күнде  Алаштық  идея  саналы  қазақ  баласын,  елжанды 

казақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, 

Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты - ұлттық тəуелсіз мемлекет 

құру идеясымен сабақтасып жатқандығында. XX ғасырдың басын-

да ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен 

де  күреске  түскен  Алаш  қайраткерлерінің  пəрменді  еңбегі  Алаш 

баласының  есінен  еш  кетпек  емес.  Оның  дəлелі - тəуелсіз 

Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісінде-

гі,  ойындағы  Алашшылдық  сана.  Бұл  Алашшылдық  сана  уақыт 

жылжыған  сайын  қазіргі  қазақ  қоғамында  тереңдей  түссе, 

халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының 

қазақ  даласында  ұлттық  идеяның  ұйытқысы  болғандығын 

тарихтың  өзі  растайды.  Бұл  жөнінде  қазіргі  қоғамда  əрқилы 

көзқарастар өріс алып отырғаны мəлім. Осы орайда, бұл мəселеге 

қатысты  көрнекті  Алаштанушы  М.Қойгелдиев: «Бізге  бүгін 

жалпыұлттық  деңгейде  қорытындылап,  жалпыұлттық  деңгейде 

игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы мін-

детін  атқара  алатын  тарих  қажет.  Ал,  Алаш  қозғалысы  сол 

дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені, Алаш - халқымызды бес-

ігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат 

жəне сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас 

жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, 

жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау 

харакеті».[14]  Əлбетте,  Алаш  қозғалысы  кезеңі  мен  бүгінгі 

кезеңнің  өзіндік  ерекшеліктері  бар  екендігін  жақсы  түсінеміз. 



50

Айтпағымыз, Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, 

одан туындайтын қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мəдениетін 

қазақ  ұрпағының  бойына  сіңіру  сияқты  іргелі  мəселеде  Алаш 

зиялыларының  сан-салалы  мұрасынан,  олардың  ерен  іс-

қимылдарынан  алар  тағылым  мол.  Сондықтан  да,  Алаш 

қозғалысына  өткен  дəуірдің  тарихы  ретінде  ғана  қарамай,  оны 

бүгінгі  заманымызбен  үндес  өміршең  көзқарастар  жиынтығы 

ретінде бағалап, яғни бүгінгі тəуелсіздік мұраттарымен сабақтасып 

жатқандығына  мəн  беріп,  одан  өрісті  өнеге,  ғұмырлы  ғибрат 

алғанымыз лəзім. Еліміздің тəуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, 

рухани  болмысымызды  бүтіндеуге  кең  мүмкіндік  ашып  отырған 

қазіргі  кезеңде  ұлт  ретінде  қалыптасу  жолында  бедерлене 

байқалған  тарихи  белестердің  сыр-сипатын  зерделеу  барынша 

терең  ғылыми  ізденістерді  қажет  етуде.  Əлбетте,  бұл  Алаш 

қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек 

саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың 

өз дəуіріндегі тарихи мəні айқындалып келеді дей отырып, оның 

рухани жаңғырығының дəйектей түсер тұстары мол. Мəселен, оны 

аса ірі рухани-мəдени құбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, 

осы  құбылыстың  əлеуметке,  жеке  тұлғаға  ықпалын  анықтаудың 

концептуальды  жолдарын  қарастырғанымыз  абзал.  Ең  алдымен, 

Алаш  қозғалысының  қазақ  баласына,  адамға,  тұлғаға,  содан 

шығып,  əлеуметке  деген  көзқарасын  дəйектеуіміз  керек.  Алаш 

қайраткерлерінің,  еңбектерімен  танысқанда,  олардың  ой-пікір-

леріндегі  гуманистік  аңсарды  аңғармау  мүмкін  емес.  Əрбірден 

соң, қозғалыстың өзі - адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған 

гуманистік əрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын 

жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс - 

білімі кемел, ой-өрісі кең, мəдениеті жоғары, адам мен қоғамның 

мəселелерін  жетік  білетін  ұлтшыл  ғана  емес,  гуманист 

азаматтардың  белсенділігінен  туғанына  күмəн  келтірмесек,  онда 

бұл  тарихи-саяси  құбылыстың  діңгегі - елжандылық  пен  адам 

сүйгіштік екендігіне шүбə келтірмегеніміз жөн. Қандай да болма-

сын,  халықтың  ұзына  бойғы  тарихында  гуманизм  идеялары  бір 

кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дəуірін жасай-

ды. Бұл - батыстық ғылымда əлдеқашан дəйектелген, мойындалған 


51

құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта 

да,  əдебиет,  өнер,  мəдениет  тарихында  да  арнайы  тарау  ретінде 

зерттеудің  тұрақты  нысанына  айналған.  Қазақ  Ренессансының 

басы - ең данышпан қазақ Абайдан кейін, ұлы гуманистік аңсарды 

дамытқан,  нағыз  ренессанстық  деңгейге  жеткізген - Алаш 



қайраткерлері еді. Елі мен жерінің тəуелсіздігі жолында күресте 

шыңдала, іздене отырып, Алаш зиялылары өздерін де, өз заманда-

старын да, өздерінен кейінгілерді де қайраткерлік жəне қаламгерлік 

жағынан  дайындады,  жетілдірді  деуге  болады.  Алаштың 



ренессанстық сипаты Ұлы ұлтшылдық дəуір ғана туғыза алатын 

Əлихан,  Ахмет,  Міржақып,  Мұстафа,  Халел,  Мұхаметжан,  Жан-

ша,  Ғалел,  Əлімхан  т.б.  қайраткерлерді,  Жүсіпбек,  Мағжан, 

Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. 

Бұл  ұлтшылдық - адамсүйгіштік,  отансүйгіштік  сезімдерінен  ой 

мен  іске  айналған  табиғи  талпыныс  болатын.  Яғни,  Алаш 

қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз дəуірі туғызған, қазақ ұлтының 

алдына сол дəуірдің өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, əрекет 

барысында  да  берген  жауабы  еді.  Бұл  жөнінде  Мəннан 

Тұрғанбайұлы: «...Қазақ  қатарға  кіріп  жұрт  болсын  деген  кісі 

тəрбиенің  жолынан  айрылмасқа  керек,  əуелі  қазаққа  өзінің  кім 

екенін,  адамшылық  құқығын  білдіруге,  онан  соң  жақын  ағайын, 

туғандарын сүйгізіп, міндетсіз қызмет қылдыруға, онан соң Ота-

нын танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмысы, жұрт намысы деген 

сөзді тоқып көңіліне кіргізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам 

баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға ты-

рысу керек. Ұлтшылдықты, кісішілдікті айыра білмеген, бас пай-

дасынан басқаны ойына алмаған, дін хұқімі шариғатқа бас иіп іске 

асырмаған,  əдебиеттен  жырақ  жатқан  қазақ  секілді  жұртты 

салғаннан көпшіл қылам демей, əуелі ұлтшыл қылу керек» - деуін-

де де үлкен мағына бар. Алаш зиялыларының гуманизмі - олардың 

қайраткерлік əрекеттерінің де өзегі еді. Мұндай гуманизм болма-

са, олар ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік əрекеттерге де бар-

мас  еді.  Алаш  қозғалысының - қазақтың  «Жаңғыру  дəуірі» 

болғандығын, оның елім деген, жұртым деген азаматтардың басын 

қосқандығымен де дəлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы 

жаудың қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ, Кенесары, Махам-


52

бет, Абай дəуірінде «Бас-басына би болған» қазақ, Алаш тұсында 

бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді. Оның негізінде Ота-

нына,  ұрпағына  деген  ұлы  жанашырлық  жатты.  Бұл  нағыз 

Ренессанстың  тамыры  боларлық  гуманизм.  Алаш  қозғалысына, 

одан туындаған Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне баға бер-

генде патшалық Ресейдің 3 генерал-губернаторлығына, қазақтың 

үш жүзіне бөлініп өмір сүріп жатқан алып даланың оқыған азамат-

тары ұлт тарихында тұңғыш рет тізе қосып, бір жағадан бас, бір 

жеңнен қол шығарып, туған жұртының азаттығы үшін саяси жол-

да бас біріктірді. Батысы - Бөкей Ордасынан, шығысы - Жайсаңға 

дейінгі,  солтүстігі – Омбыдан,  оңтүстігі - Ташкенге  дейінгі 

аралықтағы  ұлтын  ерекше  сүйетін,  оған  шын  жаны  ашитын 

қазақтар  Алаш  ұранының  астынан  табылды.  Мұндай  саяси-

қоғамдық  мəндегі  ұлы  істе  ұйысу - ілгерідегі  ғасырларды 

қоспағанда, тіпті берідегі Шоқан мен Абай заманында да болған 

емес. Яғни, Алаш қозғалысы дəуірі - қазақтың ұлт ретінде бірігу, 

тұтасу, етене араласу дəуірі болды. Алаш қайраткерлері осы үлкен 

сынды абыроймен орындай алды. Елді бірлікке шақырды, халықты 

еркіндікке  сендіре  алды.  Бұл  нағыз  ұлттық  жаңғыруды  туғызған 

ұлы істер толқыны болатын. Алаш қозғалысының тарихы отандық 

ғылым  үшін  қазақпен  бірге  жасайтын  мəңгілік  тарих.  Ұлтының 

мəңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке 

татырлық еңбектерін бағалау – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін 

ең қымбатты құндылық. 

Дəстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тəрбие беру үдерісінде 

оларға  тарихи  білім  бе ру  не гіз  гі  міндет  болып  есептелді. «Жеті 

атасын білмеген жетесіз», деген қанатты сөз осы уа қытта ту са ке-

рек. Ұлтты ұлт ретінде қалыптастырушы маңызды факторлардың 

бірі  тарихи  сана  мен  таным  екені  сөзсіз.  Демек,  ұлттық  тари-

хымызды  санаға  сіңірмей,  дұрыс  көзқарас  қалыптаспайтыны 

белгілі.  Бұл  екі  егіз  ұғым  бірігіп,  тұтастай  бір  ұлттың  бойын-

да  адамгершілік,  отансүйгіштік  қасиеттерді  қалыптастыруға 

бағытталады.  Жаһандану  мен  əлемдік  бəсекелестік  ғылым  мен 

білім  саласының  сапасына  да  бұрын-соңды  болмаған  міндеттер 

қоюда. «Қазақстан қандай бағытта дамуда немесе біз қандай қоғам 

құрдық ??» - деген мəселелер күн тəртібінде тұр. Оны талқылауға 


53

экономистер,  саясаттанушылар,  əлеуметтанушылармен  қатар  та-

рихшылар  да  өз  үлестерін  қосуы  тиіс. 22 жыл  ішінде  көптеген 

мұрағат  қорлары  ашылды.  Халықаралық  байланыстар  нығайды. 

Қазақ  тарихнамасында  көптеген  істер  жүзеге  асты.  Дегенмен, 

зерттеушілердің  алдында  үлкен  міндеттер  тұр:  Бірінші  кезек-



те,  ұлт  тарихының  зерттелу  методологиясын  жетілдіру,  алдағы 

уақытта  өтетін  Алаш  қозғалысының 100 жылдық  мерейтойын 

мемлекеттік  жəне  жалпыұлттық  дəрежеде  аталып  өтуіне  тарих-

шылар  қауымы  белсенді  түрде  ат  салысу;  Келесі  іргелі  мəселе 

–  Қазақстанның  дербес  мемлекет  ретінде  қалыптасу  кезеңдерін 

дəйектеуде  жас  ұрпақты  Алаш  идеясымен  кең  ауқымда  жүйелі 

түрде таныстыру, отаншылдық рухта тəрбиелеу мақсатында Алаш 

қозғалысына,  Алаш  қайраткерлеріне  қатысты  құжаттар  Алаш-

танушы  ғалымдарымыздың  еңбектерінде  көрініс  тапса.  Кəсіби 

тарихшылар  қауымы  осы  деректер  негізінде  ортақ  тұжырым 

қалыптастыру бағытында еңбектенсе. Мұндай қадамның болашақ 

үшін маңызы өте зор болар еді. Үшінші өзекті мəселе – ұлттық та-

рихты оқытуда жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектеп-

терде еліміздің ертеңі жастарды отансүйгіштік рухта тəрбиелеуде 

Алаштану пəнінің рөлі зор болмақ. Бұған ғылыми потенциал да, 

материалдық мүмкіндіктер де жеткілікті. 

Ойымызды  қорытындылай  келе,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 

Демократиялық  партиясының  қолдауымен «XXI-ғасырдағы 

Алаштың  Ақ  жолы»  Жалпыұлттық  байқауын  өткізуі  өте  өзекті. 

Бұл  жалпы  қазақ  елінің  «бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас» 

шығара  қолдауға  тұрарлық  идеясы.  Алаштың  көкірегі  ояу,  көзі 

ашық  ұлдары  өз  өмірін  елінің  еркіндігі,  келер  ұрпақтың  жарқын 

болашағы үшін құрбан етті. Əр қазақ өзінің тарихын білуге мін-

детті, ал Алаштың 100 жылдығын тойлау - дегеніміз тарихқа терең 

үңілу, олай болса Ақжолдықтардың бұл бастамасын мемлекеттік 

деңгейде өткіздіртсе, нұр үстіне нұр болар еді. 



Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

1  Н.Ə. Назарбаев Ғасырлар тоғысында. Алматы, 2008. 256 б.

2.  Н.Ə. Назарбаев Тарих толқынында. Алматы, 1997. 435 б.

54

3.  Н.Ə.  Назарбаев.  Қазақстанның  болашағы  қоғамдық  идеялық  бір-

лігінде. Алматы: «Қазақстан», 1993. 

4.  Қазақстан республикасының констистетуциясы, 2005. 3-б.

5.  Ə.Бөкейхан Таңдамалы, Алматы, Қазақ энциклопедиясы,1995. 31-б. 

6.  Н. Əшкеев Ə.Бөкейхановтың ұлттық мемлекет құрудағы ұстанған 

негізгі принциптері // Ақиқат , 2002 , №3, 50 -55 б.

7.  Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, Санат, 1995. 23-28 б. 

8.  Нұрпейісов К. Алаш Һəм Алашорда. Алматы , Ататек, 1995. 156 б.

9.  Марат Ескендірұлы Əбдешев «Алаш Орда министрлері». Алматы, 

Раритет, 2008. 3-6 б.

10. Қозыбаев  М.Қ.  Ақтаңдақтар  ақиқаты.  Алматы,  Қазақ  Универси-

теті 1992. 68-71 б.

11. Т.Жұртбай Алаш идеясы. Астана. 2008. 65-70 б. 

12. Дүкенбаева  З.О.  Қазақтың  шығармашылық  интеллигенциясының 

тарихы. Алматы. 2003. 330 б.

13. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы: Санат, 1995. 366 б.

14. Алаш-Орда: Сборник документов. Алматы: Айқап, 1992. 191 с.

55

2-ші номинация:

«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ 

ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

КӨЗҚАРАСТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ» 

56

Қайымов Мұқағали 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет